400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Атлақ шайқасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық Тарих пәні мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан


Мектеп: №28

Мерзімі:

Мұғалімнің аты- жөні : Нысырбаева М.А.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Жоқ оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы: Атлах шайқасы «халықтар шайқасы» болды ма?

Сабақ түрі: жаңа білімді игеру; өткен сабақ бойынша білімдерін пысықтау және білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау

көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау

Сабақ мақсаттары

Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау

Бағалау критерийі


Білу мен түсіну

Атлах шайқасының мерзімі және шайқас орнын атайды

Қолдану

Атлах шайқасының орнын картадан көрсетеді

Сыни ойлау

Атлах шайқасының себептерін маңыздылығы топтастыра алады (мысалы, елді қалай өзгертті, немен есте қалды, уақыт өткеннен кейін не анықталды)

Синтез

Атлах шайқасының үштен кем емес тарихи маңызын анықтап қорытынды жасай алады


Тілдік мақсаттар


Атлах шайқасы туралы мәтінмен жұмыс (оқылым, жазылым)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шайқас, тарихи маңызы, шабуыл, әскер, көтеріліс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

... деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...

Бұл оқиға / маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Шайқастың тарихи маңызы...

Менің ойымша, ...

Құндылықтарды дарыту



топтық жұмыста бір- бірінің ойын құрметтеу, ортақ шешімге келу, ашықтыққа, кез-келген идеяны қабылдауға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Кескін картамен жұмыс кезінде география пәнінен алған білім және білік дағдыларын қолдана алады.

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім


Түркі мемлекеттеріндегі ел билеген қағандарды және мемлекеттердің ішкі- сыртқы саясаттарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

1-сабақ

сабақтың басы

Қызығушылықты ояту



М Шайқас, соғыс туралы суреттерді көрсету және олардың себептерін сұрау.Оқушылар соғыс немесе шайқастардың себептерін анықтайды. Мысалдар келтіреді. Нәтижесінде оқушылар шайқастың,соғыстың жер үшін, билік үшін, тәуелсіздік, т.б. болатындығы туралы тұжырым айтады (оларды тақтаға жазып қоюға болады).

М Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырылады(оқушыларды сабақ мақсатын құрастыруға қатыстыруға болады)

Суреттер

Презентация



Үлкен қағаз парағы



Сабақтың ортасы








Зерттеу

Б Атлах шайқасы туралы мәтін ұсынылады.

оқушылар «5 W» стратегиясы бойынша Кімдер? Не? Неге?Қашан? Қайда? сұрақтарға жауап жаза отырып, Атлах шайқасы туралы ақпарат алады.

Тапсырманың жауабы 2-3 оқушыдан тексеріліп, толықтырылады.


Б Кескін картамен жұмыс. Атлах шайқасының орнын, Тан империясының және арабтардың жаулап алу бағыттарын көрсетіп, кескін картаға түсіреді.

Атлах шайқасы туралы дерек

Жанайдар О. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 1 том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006.

Тақырыптық карта, кескін карта

Сабақтың соңы



Б Алған білімдеріне сүйене отырып,Атлах шайқасына қатысушы ретінде «сұхбат алу». Оқушылар бір- біріне сұрақтар қояды. Мысалы:Сіз не көрдіңіз?

Бұл қай жерде болды? Соғыс немен бітті? т.б.


2- сабақ

Сабақтың басы










Сабақтың ортасы
























































Сабақтың соңы









М Оқушылардан алдыңғы сабақтан есте қалған екі нәрсені сұрау.

-Не естеріңде қалды?

-Не таң қалдырды?Оқушылар жұпта бір-біріне пікірлерін айтады.Мұғалім қалауы бойынша бір жұптың жауабын тыңдайды.

М Оқушылардың бүгін топта жұмыс істейтінін айтады.Оқушылардың білімдерін топта бағалау критерийлерін ұсынады.Оқушылардан танысып, сұрақ болса қоюларын сұрайды.


Талдау

Т Атлах шайқасының маңыздылығы жайлы дерек

ұсынылады (Василий Бартольд зерттеулері бойынша)

Содан соң әр топқа Атлах шайқасы маңыздылығының әртүрлі себептері жазылған карточкалар беріледі, оқушылар оны топтастырып және оған ат қою керек. Оқушыларға қалай топтастырудың жолдары айтылмайды.

Атлах шайқасы туралы қытай тарихшылары оқиғаның қалай болғанын жазып алды.

Қазіргі кездегі түркі тілдес халықтар (мысалы қазақтар) Атлах шайқасын ұлы жеңістерінің бірі деп санайды.

Тан империясы 751 ж. Атлах шайқасынан кейін ұзақ уақыт шабуылдарын жалғастырды.

Атлах шайқасына қарамастан арабтар мен қытайлықтар бір – бірімен қарым – қатынасты жалғастырды.

Атлах шайқасында түркі әскері арабтарды қолдады.

Атлах шайқасы Орта Азияға ислам дінін таратуға бірден – бір жолы болды (Қазақстанды қоса алғанда) түркі халықтардың көбісі ислам дінін соңына дейін қабылдаған жоқ, өйткені арабтар Атлах шайқасында жеңіске жеткен еді.

Соңында Қытай Орта Азияны жаулап алуды тоқтатты.

Араб күші Атлах шайқасында қытайлықтардың қағаз жасаушыларын тұтқынға алып, бүкіл араб әлеміне тарата бастады.

Орта Азия халықтары Атлах шайқасынан бұрын қағазды пайдаланып келген еді.

Атлах шайқасы Орта Азия халықтарына түркі әскерінің күштілігін, шеберлігін көрсетуге ықпал етті.

Араб жазбалары Атлах шайқасына көп көңіл бөлмей жазды, өйткені сол сәтте бұл оқиғадан гөрі өзге маңыздырақ оқиғалар болған еді.

Араб тарихшылары Атлах шайқасы жайлы кейін жаза бастады, нақтырақ айтсақ, күштері, биліктері әлсіреген сәтте.

Т Топта талқылап болғаннан кейін маңыздылығына қарай қалай топтастырғандарын түсіндіреді. 3 топ бір топқа қонаққа барады. Егер басқа топта өзгешелік болса, олар өз өзгерістерімен бөліседі.Сұрақтар қояды.


Б Оқушылардан өмірлеріңдегі маңызды оқиға деген не деп сұрау. Мысалы: жанұяда, мемлекетте, қалада?

Бір-екі оқушыдан өз ойлары сұралады (өз өміріндегі әртүрлі маңызды оқиғаны айтуы мүмкін).


М Енді оқиғаның тарихи маңыздылығын ашу үшін тарихи маңыздылықтың дайын критериилері беріледі.

Ерекше? Мәнді? Есте қалатын? Жаңғырық? Нәтижелі?

Сыныпты 4 – 5 оқушы болатын топтарға

бөліп, әр топқа флипчарт таратып,оқушылар оны бес бағанға бөліп, жоғарыда айтылған критерийлерді тізіп жазу қажет.


Ерекше

Мәнді

Есте қалатын

Жаңғырық

Нәтижелі







Әр топта ең маңызды 1 немесе 2 критерий болуы мүмкін.Сосын олар маңыздылығының себептерін дәлелдейді.


М Мұғалім сабаққа қорытынды шығарып,бүгінгі сабақта Атлас шайқастың себебін оқушылармен анықтайды және оқушылардың назарын алдында тақта жазылған шайқастардың себептеріне аударады, сәйкестігін анықтайды және қорытынды шығарады.


Т Оқушылар топ жұмысын бағалайды және бағалауды талдайды. Мұғалім өз пікірін айтады (ең белсенді қатысқан оқушыға «тарихтың білгірі» деген атақ беріледі)


Оқушылар допты бір- біріне лақтыру арқылы сабақ туралы пікірлерін айтады (кері байланыс)

Мұғалім бастайды, оқушылар жалғастырады.

Үйге тапсырма: «Атлах шайқасы халықтар шайқасы болды ма? » тақырыбына шағын ой- толғау жазып келу (5-7 сөйлем).







Топтық жұмысты бағалу критерийлері



Атлах шайқасы маңыздылығының әртүрлі себептері жазылған карточкалар

Мұғалімге арналған ескертпелер

Тарихи концепт (фокус): дәлел

Бартольд зерттеулерінің мәтінін жазу тілі оқушыларға түсінікті болатындай етіп түрлендіріңіз.

Егер карточка критерийлердің бірнешеуіне сай келетін болса немесе мүлдем қатысы болмаса, оқушылар топ ішінде талқылап, бұл карточкаларды жеке қою керек.


Ф Топтар арасында сұрақ қоюды ұйымдастырыңыз, мысалы, неліктен сіз бұл карточканы таңдадыңыз? Қалай бұны дәлелдей аласыз? Бұл сәтте мұғалім барлығын мұқият бақылау қажет. Соңында барлық оқушылардан дауыс жинаңыз, Атлах шайқасының қандай маңыздылығы болды? Кейін оқушыларға 1–ден 5–ке дейін оқиғаның маңыздылығы деңгейі бойынша нөмірлерді көрсетіп, оқушылар оны таңдау қажет. Мысалы, егер 1 таңдаса, оқиғаның еш маңызы жоқ екендігі, ал 5 болса, онда оқиғаның маңызы зор екендігі көрінеді. Осылайша, ең жоғары дауысқа ие болған нөмір жеңіске жетеді.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілдік мақсатқа жету орыс сыныптарына түсініксіз сөздердің аудармасы беріледі.

Топтық талқылау немесе топтық жұмыс көбірек қолдау көрсетуді қажет ететін оқушылар үшін тиімді.

Мұғалім топтық жұмыс кезінде топтарға барып, оларға бағыт береді, жекелеген оқушыларға қолдау көрсетуге, жеке оқушының жауабын тыңдауға мүмкіндік алады.

1.«5 W» стратегиясы бойынша Кімдер? Не? Неге?Қашан? Қайда? тапсырмасы 2-3 оқушыдан тексеріледі.

2.Топтық жұмыс критерий арқылы бағаланады (критерийді өздері де құрастыра алады)

3.Мұғалім топтық жұмысты бағалауға оқушыларды қатыстырады.

4.Мұғалім ең белсенді қатысқан оқушыны марапаттайды.



Топтық жұмыс кезінде оқушылардың сынып бөлмесінде еркін қозғалуына жағдай жасалады.

Сынып бөлмесінің ауасы тазартылуына көңіл аударылады.

Сабаққа рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
2842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі