400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым

Мектеп: Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты – жөні: Елдесова Гульмира Жоламановна

Сынып: 7


Күні:

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.9 Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну

Сабақтың мақсаттары

1. Атмосфералық қысымның пайда болу себебін,  атмосфералық қысымның ашылу тарихын біледі.

2. Торричелли тәжірибесінің мәнін түсінеді, оны өлшейтін     құралмен  танысады.

3. Барометр- анероид пен альтиметрдпен альтиметрдің жұмыс істеу механизмі қалай жүзеге асатынын біледі.

Бағалау критерийі

Критериалды бағалау

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричелли тәжірибесін түсінеді. Өлшеу құралдарымен танысады.

Пәнге қатысты сөздіктер мен терминдер:

Атмосфера, қысым, барометр- анероид, альтиметр

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Атмосфера, қысым, Торричелли тәжірибесі, барометр- анероид

Талқылауға арналған сұрақтар:

Атмосфералық қысым деген не?

Атмосфералық қысымды кім ашты, қандай тәжірибе жасады?

Барометр- анероидтың құрылысы қандай?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Неге ауа қабаттары бір- біріне қысым түсіреді?

Биіктікке байланысты атмосфералық қысым қалай өзгереді?

Құндылықтарға баулу

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

Пәнаралық байланыс

География, математика

Жоспарланған уақыт


45 минут

Алдыңғы білім


Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін, оны есептеуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

І. Ұйымдастыру

Сабақ басында оқушылардың көңіл күйін сұрау. Сурет қиындылары бойынша 3- топқа бөлу (Сынапты барометр, барометр- анероид, альтиметр).

ІІ. Үй тапсырмасы

«Қар кесегі» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Үш топ оқушылары әр топқа бағыттап сұрақ жазып лақтырады.

БDrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 ағалау: Оқушыларды табыс критерийі бойынша бағалаймын.

«Серпілген сауал» тақырыпты түсіну деңгейін арттыруға, және талқылау дағдыларын дамытуға көз жеткізу үшін сыныптағы оқушылар арасына сұрақтарды лақтыру.

Біз немен тыныс аламыз?

Ауа қабаты деген не?

Атмосфераның негізгі қабаттар қандай?

Біз қандай қабатта өмір сүреміз?



Суреттер, бағалау парақтары, қағаздар,




Сабақтың ортасы

15 мин





























2 мин



5 мин









10 мин






































Эксперименттік тапсырмалар арқылы жаңа сабақты меңгерту. Әр топ тапсырманы орындап, себебін ізденіп, түсіндіреді.

1-ші топқа: Стаканға жартылай су құйып, бетін бір парақ қағазбен жабыңдар. Қағазды қолмен басып тұрып, стаканды төңкеріңдер. Егер қолды қағаздан тартып алсақ, стакандағы су төгілмейді. Неге?

2- ші топқа: Шыны ыдыстың аузына жұмыртқа қоямын. Жұмыртқа ішке түскен жоқ. Жұмыртқаны алып шыны ішіне қағазбен от жағып барып жұмыртқаны ауызына қоя саламыз. Бірте-бipтe тартылып барып түciп кеткенін бақылаймыз. Жұмыртқа неліктен шыны iшiнe түсіп кетті? Ceбeбi неде?

3- ші топқа: Баклажканы жанынан 3-4 жерден тесеміз. Тесікті жауып тұрып, үстіне су құйамыз. Аузын жауып, тесіктен аққан суды бақылаймыз. Енді аузын ашқанда, судың тез аға бастайды. Неліктен?

Бағалау: Бас бармақ әдісі

«Кинометафора» әдісі арқылы жаңа сабаққаарналған видео көрсету

Сергіту сәті (видео материал)

Атмосфералық қысымның өлшеу құралдарын SWOT талдау әдісі бойынша түсіну. Оқулықпен жұмыс.

Бағалау: Бағдаршам әдісі бойынша бағалау


Ж ұптық жұмыс. Есептер шығару

І-деңгей

1.Егер баған биіктігі 10 м., ал тығыздығы 800 кг/м3 болса, цистерна түбіндігі мұнайдың қысымын табыңыз?

2. Тереңдігі 11022 м. болатын Мариан қазан шұңқырындағы судың қысымын анықтаңыз. Судың тығыздығын 1030 кг/м3-ге тең деп есептейміз.

3. Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм.сын.бағанына, ал оның ұшар басындағы қысым 722 мм.сын.бағанына тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?


ІІ- деңгей

1.Ауданы 50 см2 цилиндр пішінді 2 л су құйылған ыдыстың түбіне түсіретін судың қысымы ( )

2. Барометр тау бөктерінде 98650 Па, ал тау шыңында 90300 Па қысымды көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?


ІІІ- деңгей

1.Егер ұшақтағы барометр 100641 Па, ал жер бетіндегі қысым қалыпты болса (105 Па), ұшақ қандай қашықтықта ұшып барады.

Бағалау: Оқушылар сағат тілінің бағытымен бірін- бірі бағалайды.


Критерий

Дескриптор

Ұпай

Деңгейлік есепттер

Есептің берілгені

Есептің формуласы

Есептің шешуі

1 б


2 б

3 б



Стакан, қағаз, шыны ыдыс, піскен жұмыртқа, баклажка, суы бар ыдыс, плакаттар,





























Видео- материал







Плакаттар, маркерлер









Деңгейлік есеп жазылған карточкалар





Сабақтың соңы

6 мин

Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы жаңа сабақтан білгенін, бір сөйлеммен айтып, қорытындылайды.


Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1. «Бес бармақ»- басты мәселе.

2. «Балалы үйрек»- бірлесу.

3. «Ортан терек»- ойлану

4. «Шылдыр шүмек»- шынайылық.

5, «Кішкентай бөбек»- көңіл- күй ахуалы.

Бағалау:

№

Оқушының аты- жөні

Үй тапсырмасы

Оқушының ізденісі

Топтық жұмыстағы белсенділігі

Жүптық жұмысты орындау

Қорытынды

1


3

3

3

3

12


Үй тапсырмасы: «Атмосфералық қысымның географиялық таралуы» тақырыбы бойынша мәлімет жинақтау.

Жіп, қағаздар, түрлі- түсті карандаштар

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушылардың жаңа сабақты толық меңгергенін тексеру мақсатында сұрақтар қою. Оқушыларға деңгейлік есептер берілді.

ТDrawObject5 DrawObject4 абыс критерийі бойынша

DrawObject6

Б ас бармақ әдісі


Бағдаршам әдісі



Сабақ барысында құралдармен жқмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін ұстану.

Сергіту сәті арқылы оқушыларды демалдыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Атмосфералық қысым туралы толық мағұлмат алды. Практика жүзінде орындай алды, есеп шығару дағдылары қалыптасты. Оқушылардың көпшілігі бағаланды. Өз ойларын еркін жеткізе алды. Сабақ жақсы өтті. Жоспарланған саралау іске асты себебі тапсырмалар арқылы қорытындыланды. Уақытты тиімді пайдаландым.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2. «Қар кесегі» әдісі кезінде оқушылар белсенді болады.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Сабақтың мақсаттарын басшылыққа ала отырып нәтижесіне көңіл бөле

2. Дарынды оқушылардың ерекшеліктеріне көңіл бөлу

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1. Сабақ соңында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екені білдім.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
1260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі