жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.
«№7 мектеп-лицейі»ММ
Күні: 18.09.18ж
Сыныбы: 7
Сабақтың
тақырыбы: Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.
Барометр
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік:
атмосфералық
қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері.Торричелли
тәжірбиесінің мәні, атмосфералық қысымның өлшем бірлігі туралы,
қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа
райына байланысты өзгеруі, атмосфералық қысымды өлшеуіш құрал
барометр туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:
оқушылардың өз
бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға
жетелеу.
3.Тәрбиелік:
жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу, оқушылардыңдүниетанымын
қалыптастыру.
Сабақтың түрі:
Жаңа білімді
игерту.
Оқыту әдісі:
Баяндау,
сұрақ-жауап
Технологиясы: СТО
Көрнекілігі:
слайд, шприц,
стакан, қағаз, су, жұмыртқа
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен
амандасу, түгелдеу
Оқу құралдарын
тексеру
Сабақтың
барысы:
І. Қызығушылықты
таныту
Оқушыларды топқа бөліп алу (капитан, палуба,
шлюбка, обед)
1. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1.Қысым дегеніміз не?
2.Қатынас ыдыстарға мысыл келтір.(Шәйнек, кофейник, су құбыры)
3. Су құбыры не үшін қолданылады?
4.Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.
(Ареометр)
5.F-күш дегеніміз не,өлшем бірлігі.
Fы=Fa=PgVg (H)
Бағалау 5 - «5»
4 – «4»
3 – «3»
Кубизм әдісі:
Кубикті лақтырып бетіне түскен формуланы оқып, өлшем бірлігін айту және қандай физикалық шама.
1. P = F/S Қысым
2. Fa = mg Ауырлық күші
3. ρ = m/V тығыздық
4. Fүйк = μN Үйкеліс күші
5. Ʋ = S/t Жылдамдық
6. F = kx серпімділік күші
II. Мағынаны
таныту. Жаңа сабақ.
1. Бұл ертедегі
үлкен тарихи мәдени орталық. Қазақстанның IX–XII ғасырлардағы
сәулет өнері. Ендеше бұл кесенеге кіріп аралау үшін жаңа тақырыпты
тыңдайық
■ Атмосфера – Жердің ауа
қабаты.
■ Атмосфераның
құрамы:
78%-азот,
21%-оттегі.
• Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық
денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп
аталады.
Атмосфера су бетінен төмен қарай бағытталған
қысыммен әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысым барлық
бағыттарға бірдей беріледі, міне суды поршеньмен ілестіре
көтеретіні осы атмосфералық қысым әсерінен
екен.
Ал енді 18 ғасырда итальяндық ғалым Торричелли жасаған тәжірбиені қарастырайық. Ол ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толыстырылады.
Содан кейін
түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа
батырады. Сонда сынаптың кішкене ғана бөлігі ыдысқа төгіледі. Ал
түтік ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны
қалады.
Торричелли алғаш рет сынап бағанының
атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйді. Кейін Торричелли
қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдалана
бастады.
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет
ететін күш 105 Па екені белгілі.Атмосфералық қысымның бірлігі-1
миллиметр сынап бағаны алынады. (1
мм.сын.бағ)
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал
барометр деп аталады. (барос-ауырлық, метрео-өлшеймін) Қазіргі
кезде барометр-анероид кеңінен
қолданылады.
Барометр анероидтың
құрылысы
1. Дөңгелек жұқа металл
қорапшадан
2 . Серіппе
3. Беріліс
тетігі
4. Көрсеткіш
5.
Шкала
Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен
байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да
болжауға болады екен.
2. Тәжірибелер демонстрациясы.
3 топқа тәжірибе беру
1 -
тәжірибе. Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық
ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға батырса су пипетка бойымен жоғары
көтеріледі.
2 - тәжірибе.
Су, шприц,
стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға
дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда
поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Міне суды
поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық
қысым.
3 - тәжірибе.«Төңкерілген стакан» Стаканға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таралады. Олай болса, қағаз тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.
ІІІ. Ой толғаныс (Рефлексия) Сабақты бекіту.
-
Эксперименттік тапсырма.
-
Су, тиын, стакан, қағаз, шірпі.
Жалпақ тарелкаға тиын салып оның беттік деңгейінен сәл ғана асатындай су құйылады. Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алу керек. Ол үшін қағазды жыртып жағып стакан ішіне саламыз, стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады. Мұның себебі неде?
Мұның себебі жану кезінде стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады. Іштегі ауа қысымын, атмосфералық қысым азайтады. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.
2. Ішкі қабырғаларына тығыз кептеліп тұратын жылжымалы поршені бар шыны түтік алынады. Оны ішінде суы бар ыдысқа батырып, поршеньді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршеньмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды.
Неліктен деп ойлайсың?
Мұның мәнісі мынада. Атмосфералық қысым су бетіне төмен қарай әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысымды түтікке төменнен жоғары қарай жеткізеді. Міне, суды поршеньмен ілестіре көтеретін осы атмосфералық қысым
2) Есептер шығарады. Карточка бойынша әр оқушы есеп шешеді.
1-есеп
Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын
есептеңдер.Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3
2-есеп
100 см2 ауданға 50 Н кш әрекет етеді. Қысымды анықтандар
3-есеп
Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэфиценті 0,3.
4-есеп
Болат серіппе 245 Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарды.Серіппенің қатаңдығын анықтандар.
3) Сөзжұмбақ.
1.Анероид қандай мағынаны
білдіреді?(Сұйықсыз)
2.Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)
3.Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр?(атмосфера)
4.Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды?(сынап)
5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған
құрылғы?(барометр)
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген