400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Атомдар мен молекулалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. 2018 жылы "Атамұра" баспасынан шыққан оқулық бойынша жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Сабақ тақырыбы: Атомдар мен молекулалалар

Бөлім

Атомдар. Молекулалар. Заттар

Педагогтың аты-жөні

Аубакирова Ардак Машановна

Күні


Сыныбы

7 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Атомдар мен молекулалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.1. Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын сипаттау;

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар:1) Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын сипаттайды;

2) Атом – заттың ең кіші бөлшегі;

  • Оқушылардың басым бөлігі: молекула заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екенін түсінеді;

  • Кейбір оқушылар: Заттар құрамына қарай жай және күрделі болатынын түсінеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жатттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

  1. ұйымдастыру шаралары

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

  1. Сергіту сәті: «Мен кішкентай бөлшекпін...»

Мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру және сыныпта жағымды ахуал тудыру;

Оқушыларға мынандай тапсырма беріледі:

а) судың молекуласы болыңдар;

ә) ауа болыңдар;

б) қатты затты бейнелеңдер.

(оқушылар заттың агрегаттық кү йіне байланысты іс-әрекет жасайды)

Түйін: «Мен кішкетай болсам да, үлкен мақсаттарым бар»

Әрбір оқушы өз мақсаттарын бір сөзбен айтып шығады.

  1. Оқушыларды топқа бөлу.

«Атомдар». Оқушылар «атом» сөзі айтылғанда үнемң қозғалыста болады, 3,4,5 атомды молекула түзіп, сол бойынша топқа бөлінеді.

Тапсырма №1

«Терминдер арқылы болжау» әдісі

Оқушылардың оқығалы отырған тақырыптарын болжауға бағытталған тәсіл.

Конвертке салынған атом және молекула сөзі бойынша жұмыс жүргізіледі.

Оқушылар мына сұрақтарға жауап береді:

  • Заттардың ең кіші бөлшектері туралы не білеміз?

  • Заттың құрамы мен қасиетіне әсері бар ма?

Осы тапсырма бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.


Сабақтың ортасы

25 минут

Тапсырма №2

«Аялдама» стратегиясы

Топ мүшелері тақырыпты оқып, келесі аялдамаға барып түсіндіріп береді.

1 топ «Атомдар»

2 топ «Молекулалар»

Постер жасау

Модель жасау

Тапсырма №3

«Позиция таңдар» стратегиясы

Қандай да бір тұжырым оқылып, қатысушылар «Иә, жоқ» деп жазып көрсетеді, өз пікірлерін ауызша дәлелдеп береді.

Тұжырымдар:

  1. Заттар ұсақ бөлшектерден тұратынын ең алғаш білген – ағылшындар (дұрыс емес)

Дұрыс жауабы: гректер

2) «атом – бөлінбейтін деген мағына береді » (дұрыс)

3) Молекула – химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек (дұрыс емес)

4)1860 жылы Карлсруэ қаласында съездте атом мен молекулаға нақты анықтама берілді (дұрыс)

Тапсырма № 4

Модель жасау

Конструкторлық шар өзекті құралдар беріледі де, оқушылар тапсымалар бойынша заттың құрылымын, құрылысын көрсетеді.

Мысалы: су, оттек, сутек,т.б.

Ватман, маркер, стикер



























Шарөзекті модельдер жасауға арналған жиынтық


Тапсырма №5

Суретпен жұмыс

Т кестесін толтыру арқылы газдарды салыстыруды жүргіземіз


Оттек

Сутек

Жануды қолдайды

Аr(О2)-16*2=32

Тіршілік үшін аса маңызды

Ауаның құрамында 21% болады.


Оттекте жанады, су түзеді.

Аr(Н2)-1*2=2

Ауадан жеңіл

Галактикада кездеседі.



Т кестесі, маркер


Сабақтың соңы

10 минут

Тапсырма 6

«Борт журналы»

Бұрыннан білетінім

Жаңадан білдім

Болжам

Тың ақпарат





Осы кестені оқушылар жеке толтырады.

Үйге тапсырма:

  1. Оқулық материалы бойынша екі сұрақ дайындап келу.

  2. Шығармашылық тапсырма:

Тақырып соңындағы тапсырманы орындап, тұжырым жасау.


«Борт журналы» кестесі, маркер



Тапсырмалар

1 тапсырма:

І топ: Қайсысы дұрыс?

а) ауа молекуласы

ә)сүт молекуласы

б) Гелий атомы

в)сутек молекуласы





2- тапсырма:

Тиісті сөздерді қой:

  1. Ауа-қоспа, оның құрамына .... оттек кіреді.

  2. Су...... сутек пен оттектің ..... түзілген.

  3. Йод...... ауаға таралуынан иісі білінеді.

Құрамында қант..... болуына байланысты тосаптың дәмі тәтті болады.

Дескриптор:

1.Атом мен молекуланың айырмашылығын сипаттай алады.

2. Атом химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек екенін түсінеді

3. Молекула атомдардан түзілетінін біледі.





Дескриптор:

  1. Атом мен молекула ерекшелігін түсінеді.

  2. Молекула мен атомдар заттың ең кіші бөлшектер екенін біледі.

  3. Молекула- заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек екенін түсінеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі