Атомдар мен молекулалар. Заттар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атомдар мен молекулалар. Заттар

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы




Пәні: Химия


Мектеп:

Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар. Заттар

Күні:

Мұғалім: А.А.Алдабергенова

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

7.1.2.1 -Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Атом мен молекула ұғымдарына анықтама береді және не екенін түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Атомдар мен молекуланың қасиеттерін оқи отырып айырмашылығын ажыратады

Кейбір оқушылар:

Айырмашылығын ажыратып, мысалдармен дәлелдейді

Бағалау критерий

Барлық оқушылар:

Атом мен молекула ұғымдарына анықтама бере алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Атом мен молекуланың қасиеттерін оқи отырып айырмашылығын ажырата алады

Кейбір оқушылар:

Айырмашылығын ажыратып, мысалдармен дәлелдей алады

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

1.Жаттығу жасайды.

2.Ғалымдардың ойларымен танысады.

3.Шарөзекті модель құрастырады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Атомдар, молекулалар, жай заттар және күрделі заттар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Атом дегеніміз________________________________________

Молекула дегеніміз ____________________________________

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Атомдар, молекулалар, заттар, бөлшектер, ұсақ бөлшектер, Атом­молекулалық ілім, химиялық реакциялар

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

1. Барлық заттар________ тұрады (молекуланы Ломоносов солай деп атаған)

2. _______элементтен тұрады (атомды Ломоносов солай деп атаған)

3. Бөлшектер_______ және_______ үнемі қозғалыста болады

4. Жай заттың молекулалары бірдей_______ , ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі _________ тұрады

Құндылықтарға баулу

Денсаулық, достық, қамқорлық құндылықтырын дамыту

Пəнаралық байланыс

жаратылыстану, физика

Алдыңғы оқу:

Атом мен молекулар (физика)

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар:

Сабақтың басы:


Сәлемдесу.Сынып оқушыларын «Атом мен молекула» әдісі арқылы топқа біріктіреміз.«Атом мен молекула» атом дегенде балалар жан-жаққа шашырайды, ал молекула 2,3,4 балалар жиналады . Оқушыларды екі топқа бөліп аламын. Оқушылардың зейінін шоғырландыру және үй тапсырмасын пысықтау мақсатында белсенді оқытудың бір тәсілі "Жедел" тест

Бұндай тестті мұғалімнің өзі немесе оқушылар дайындап әкелуге болады.Тест 5 сұрақтан құралады.Оқушылар бағалау өлшемімен танысады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушылар дәптерлеріне бағандап 1-ден 5-ке дейін сандар жазып қояды.Мұғалім әр тапсырманы оқып тұрғанда оқушылар сәйкес санның қасына бір ғана сөзбен жауабын жазады. Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырады. Тест жауабы тақтаға  жазылады. Оқушылар алдарындағы жұмысты бағалау өлшеміне сәйкес бағалайды.

Мысалы:   Оқушы дәптерінде:

1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? 1. Зат

2.Заттардың бір бірінен айырмашылыгын көрсететін белгілер? 2. Қасиеттері

3.Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа? 3. Біртекті

4. Шынының балкуы қай құбылысқа жатады? 4. Физикалық

5. Темірдің тат басуы қандай құбылысқа жатады 5. Химиялық

Әдістің тиімділігі:   Тек 5 сөз жазу арқылы барлық  оқушының үйден қаншалықты даярланғанын анықтап, бағалауға болады.Қажет жағдайда 1 қосымша сұрақ дайындап әкелуге болады.(Көп оқушы төмен баға алып қалған жағдайда)


Тақта, бор, кеспелер

Сабақтың ортасы:

25 минут

Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерімен меңгерулеріне жағдай жасау.


Жаңа ақпаратпен жұмыс. Жаңа ақпаратпен жұмыс дағдысын жетілдіру мақсатында «Болжау ағашы». Оқушыларды мəтіннің тақырыбымен немесе мəтінге байланысты суреттермен таныстырып алып, мəтін не жайында деп ойлайсыңдар деген сұрақ қойып, жауаптарын стикерге жаздырып ағашқа ілдіремін немесе осы мəтін не жайында деп ойлайсыңдар соған байланысты білгілерің келген мəселе бойынша сұрақ жазып ағашқа іліңдер деп тапсырма беріп,оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырып алуға болады.Соңынан мəтінді өз беттерімен оқыттырып, өздерінің ойларын яғни болжауларын дəлелдеп немесе басқа да ойларын ортаға салғызамын



Дескриптор

- атом мен молекуланың ұғымына анықтама береді

- атом мен молекуланың қасиеттерін көрсете алады

- мысалдармен дәлелдей алады


Слайдпен жұмыс



Ғаламтор , оқулық , жұмыс дәптері, интербелсенді тақта





Сабақтың соңы:

10 минут


Белсенді оқытудың тағы бір тәсілі. «Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. 
Мысалы,
 
“Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
 
“Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
 
“Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?” 


Дескриптор

  • жауап беріп , жауабы толық болса - 3 б

  • жауап беріп , жауабы толық болмаса - 2 б

  • жауап беріп , жауабы дұрыс болмаса - 2 б

. Кері байланыс түрлері 
« «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.







Қосымша ақпарат:

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

*Үлгерімі төмен оқушыларды үнемі назарда ұстап, мейлінше өзара оқытуға тарту керек, дарынды оқушыларға импровизация жасату.





*Топтар өзара бағалайды және көшбасшылар таңдау арқылы белгіленеді.

*Физика пәнімен байланыс орнатылған, интербелсенді тақтада тақырыпқа сай таныстырылым болады, ғаламтормен жұмыс жүргізіледі, әдіс-тәсілдер үндесіп, бір-бірін толықтырып отырады.

Рефлексия



Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?



Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаты тақырыпты толық меңгертуге нұсқау жасады.

Сыныпта оқушылар еркін сөйлеп, қате жауаптар үшін қорықпай, оларды өздері түсіне отырып түзетті.

Оқушылар өзара оқытуға тез тартылады және дарынды балалар өздерінің әртістік қабілеттерін аша білді.

Оқушылар тапсырмаларды мейлінше тез орындап, уақыт тапсырмалардың барлығына жеткілікті болды.

Жоспарда тек топтық жұмыс қарастырылды, келесі сабақ жоспарына топ ішіндегі жұптық жұмыстың жүргізілуін қамтуға тиіспін.

Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.Тақырыптың кілт сөздерін оқушылар өз беттерінше тапқаны.


2.Ғаламтормен жұмыс.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.Сабаққа арналған таныстырылым нақты тапсырмалардың ретін көрсетіп отырды.


2.Топтардың өзара бағалауы тиімді өтті.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабақтарға нақты дискрипторлар арқылы бағалауды нақтылай түсуім қажет және уақытты үнемдеу жағын қарастыруым керек.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі