Атомдар мен молекулалар. Заттар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атомдар мен молекулалар. Заттар

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі:

ПӘНІ

биология

КЛАСЫ

10

ТАҚЫРЫП

Жасушаның химиялық құрамы. Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлі.


МАҚСАТЫ

Жасушаның химиялық құрамы мен ондағы жеке эелементтерге тоқталу. Адам ағзасында кездесетін элементтердің қай мүшеге әсер ететінін баяндау. Су және басқа қосылыстардың пайдасы мен ерекшелігіне мән бере отырып сабақ жүргізу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Берілген тақырыптың өзектілігін таба алады;

Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;

Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

Ой бөлісі мен пікір алмасуға дағдыланады;

Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;

Адамгершілік, экологиялық тәрбие алады;


КЕЗЕҢДЕРІ

САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Сабақ амандасу, сынып оқушыларын түгендеуден басталады. Үй тапсырмасын «Жұптық әңгіме» жүргізу арқылы бекіту. Мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріліп отырады.

Оқушыларға деген сабақ тақырыбына қатысты ой тастау



Үш тілдік сөздік, биологиялық сөздік, жануарлар энциклопедиясы.


Қызығушылықты ояту

(3 минут)

Өзіндік зерттеу сәті.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін тақырыпты өз бетімен оқу ұсынылады, тірі ағзалардың химиялық құрамы мен олардың негізгі ретін бастама сұрақ арқылы оқушылардың өздеріне анықтату, сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне анықтату.










Жұптық бағалау

Биология 7-сынып оқулығы





Мағынаны тану

(10 минут)







(15 минут)



(5 минут)

«Бейорганикалық заттар» тірек-сызба құрастыру.

Сынып оқушыларына тақырыпқа қатысты мәтін беріледі. Мұғалім оқуды ұсынады, бағыт береді. Әр оқушыға оқу барысында талқылау жүргізуге бағыт береді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды.
Екінші топқа: ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор сияқты және т.б. элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы жалпы мөлшері 1%-ға жуық. Бұл элементтердің қысқаша жасушада ерекше қызметтер атқарады. Мысалы, кальций мен фосфор сүйек ұлпасының құрамына кіреді, оның беріктігін арттырады. Сонымен қатар кальций элементі қанның ұюына қатысады. Ал гемоглобин нәруызының құрамында темір болады, ол оттекті өкпеден ұлпаларға тасымалдайды. Өсімдік жасушасындағы хлорофилл пигментінің құрамындағы магний элементі фотосинтез процесін тездетеді. Үшінші топқа: жасушада өте аз мөлшерде кездесетін элементтер жатады. Олардың жасушадағы мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементтер деп аталады. Микроэлементтер өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында жүріп жатқан биохимиялық процестерге тікелей қатысады.
Топырақтың құрамындағы микроэлементтердің өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маңызы ерекше. Өсімдіктер мен жануарлар белгілі бір микроэлементтерді табиғаттан алып, өз жасушаларында жинақтайды. Мысалы, теңіз балдырлары судан йодты сіңірсе, ал кейбір өсімдіктер судағы кобальтты жинақтайды. Никель — ұйқы безінде, молибден — мидың ақ затында, қалайы — тілдің сілемейлі қабықшасында, кадмий — бүйректе, барий — көздің торлы қабығында, бор — май ұлпаларында, хром— гипофиз безінде және т.б. жинақталатындығы анықталған. Әйткенмен де, топырақтың құрамындағы микроэлементтердің мөлшерінің кемуі немесе артуы.

Мәтінді «Түртіп алу» әдісі бойынша құстардың құрылысы тұрғысынан ерекшеліктерді саралай оқиды. Оқушылар өзара зерттеушілік әңгіме жүргізеді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» және т.б. сөздерді қолданады.

«20 секунд» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.

Жекеленген оқушыларға көмек









Қызығушылығын оятуға бағыттау.










Жұптық бағалау







Оқулық, Интернет материалдары

Рефлексия

(15 минут)









Тақырыптағы сурет бойынша жұмыс жасау. Сабақты қорытындылауға мақсатында «Құстардың құрылысы, тіршілігі, көбеюі мен дамуы» тақырыбын оқушылардың қалай түсінгенін анықтайды, тиянақтайды.

1-топ- Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың қаңқасының айырмашылығы; 2-топ – Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың көбею ерекшелігі; 3-топ –Қыртөсті және қыртөссіз құстардың айырмашылығы; 4-топ – Қызылшақа және ширақ балапандардың айырмашылығын талдау.





Арнайы бейімділіктері бойынша қабілеттіліктерін дамыту




«Екі жұлдыз, бір тілек»



Үш шапалақ




Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру: Адам ағзасында су арқылы жүретін химиялық процесстерді жазу. Жаңа терминдермен жұмыс жүргізу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2019
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі