Атомдарда электрондардың таралуы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Атомдарда электрондардың таралуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Атомдарда электрондардың таралуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:

Таяуова Салтанат Жубаткановна

Пән/Сынып:

Химия, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1 тарау. Атомдағы электрондардың қозғалысы

Сабақтың тақырыбы:

Атомдарда электрондардың таралуы

Оқу мақсаты:

8.1.3.1 Бірінші 20 элементтің электрондар санын анықтау

8.1.3.2 Электрондардың қабаттарда орналасуының схемасын салу

8.1.3.3 Электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсіну.

Бағалау критериі:

  • Бірінші 20 элементтің электрондар санын анықтайды;

  • Электрондардың электрондық қабаттарда орналасуының схемасын сызады;

  • Электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсінеді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін «Атомдағы электрондардың қозғалысы» тарауын бастаймыз. Бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз: АТОМДА ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ

Бүгінгі сабақта білетініңіз:

  • Бірінші 20 элементтің электрондар санын анықтауды;

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • электрондардың қабаттарда орналасуының схемасын салуды

  • электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасуын.




Презентация Слайд 1-2










8 минут


03:00 – 11:00



























































11:00-14:00

Жаңа сабақ

Химия пәні дегенде ең жиі айтылатын сөз атом. Сондықтан Атом деген не екенін еске түсіру үшін келесі бейнематериалға назар аударайық (1-видео)

:

Атом - ядро және электроннан, ал ядро протон мен нейтроннан тұратын ең кіші бөлшек екен. Енді элементтердің, Мысалы, фтор атомының құрылысын қарастырып көрейік:

919F (9p; 10n) 9ē Фтордың реттік нөмірі 9, сәйкесінше 9 протон, 9 электрон бар. Ал нейтрон саны (массасынан азайтқандағы) 10ға тең.

Химияда электрондар маңызды рөл атқарады. Себебі, заттардың физикалық және химиялық қасиеттері осы бөлшектермен анықталады. Келесі бейнематериалдан атомдағы электрондар жайлы мәліметтерді қарап көрелік (2-видео):


Ғалымдардың зерттеулері бойынша атомда электрондар белгілі бір қабат – бұлт түзіп, тәртіппен орналасатыны дәлелденді. Атомдағы электрондардың энегиялары әртүрлі болады.

Электрондар ядроға қаншалықты жақын болса, соншалықты жақсы тартылады, алайда олардың энергия қоры аз болады. Атом ядросынан алыстаған сайын электронның ядроға тартылу күші азаяды, ал энергия қоры арта түседі. Энергия қорының мәні бір-біріне жуық электрондар бір электрондық қабатқа немесе энергетикалық деңгейге орналасатынын анықтайды. Энергетикалық деңгейлерді сандармен: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 немесе әріптермен: K, L, M, N, O, P, Q және т.б. белгілейді.

Келесі бейнематериалдан реттік нөмірі 20-ға тең болатын элемет атомының электрондарының атомда орналасуының схемасын келесі бейнематериалдан қарап көрейік (3-видео):


Нильс Бор электрондардың деңгейлерде таралып орналасуын келесі диаграмма көмегімен көрсетуді ұсынды.

Энергетикалық деңгей саны период нөміріне тең. Мысалы, сутек пен гелий 1ші периодта орналасқан, сондықтан бір энергетикалық деңгей бар, ал, екінші периодта орналасқан элементтерде екі, үшінші периодта орналасқан элементтерде үш энергетикалық деңгей т.с.с. болады.

Ал, электрондардың максимал сандары 1ші деңгейде 2, екінші деңгейде 8, 3ші деңгейде 18, 4ші деңгейде 32.

Деңгей нөмірі (n)

Электрондардың максимал саны

1 (K)

2

2 (L)

8

3 (M)

18

4 (N)

32


Күкірт атомындағы электронды Бор диаграммасы бойынша орналастырылуын келесі бейнематериалдан көруге болады (4-видео):

Жаңа тақырыпты меңгеру



Презентация

Слайд 3


1-видео (3:31мин)

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-atom







2-видео (2:44 мин)

https://twig-bilim.kz/kz/film/northern-lights






Слайд 4





3-видео (1:20мин)


https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12730/11.mp4

























Слайд 5





4-видео (00:29 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12730/36.mp4

9 минут


14:00-23:00



























Бекіту тапсырмасы


1-тапсырма. Бор диаграммасы бойынша сызбадағы берілген элемент атомдарының электрон сандарын анықтаңыз және элементтерді атаңыз.

а)

б)

Жауабы:

а) 12 электрон. Магний.

б) 14 электрон. Кремний.



2-тапсырма. Бор диаграммасы бойынша көміртек, азот және оттектің электрондарын энергетикалық деңгейлерге орналастырыңыз:


Жауабы:

Көміртекте бірінші қабатта 2, екінші қабатта 4 электрон бар

Азотта бірінші қабатта 2, екінші қабатта 5 электрон бар

Оттекте бірінші қабатта 2, екінші қабатта 6 электрон бар

Көміртек

Азот

Oттек



3-тапсырма. Гелий, күкірт, калий электрондары атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсіндіріңіз.




Жауабы:

Гелий электрондық конфигурациясы: 2

Күкірт электрондық конфигурациясы: 2, 8, 6

Калий электрондық конфигурациясы: 2, 8, 8, 1


Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған





















Электрондардың қабаттарда орналасуының сызбасын сызуға жаттықтыру



Дескриптор: Білім алушы

  • Электрон сандарын анықтайды.

  • Атомның құрамын анықтайды


























Дескриптор: Білім алушы

- электрондардың қабаттарда (энергетикалық деңгейде) орналасуының сызбасын салады











Дескриптор: Білім алушы

-гелий электрондары орбитальдарда орналасуын түсіндіреді;

-күкірт электрондары орбитальдарда орналасуын түсіндіреді;

-калий электрондары орбитальдарда орналасуын түсіндіреді;



Презентация Слайд 6-7

























Слайд 8









Слайд 9














Слайд 10






Cлайд

10-11





2 минут


23:00-25:00








Бүгінгі сабақта:

  • Элементтердің электрон сандарын анықтай аламын

  • Электрондардың электрондық қабаттарда орналасуының сызбасын сыза аламын

  • Электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсіндім

Тақырыпты меңгергенін анықтау



Презентация

Слайд 12












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.10.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі