400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. .

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп Таңбалытас ОМ

Күні : 28.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Лакбаева Г.Ж

Пәні:физика

Сыныбы: 10а

Қатысқан оқушылар саны Қатыспағаны

Сабақтың тақырыбы

Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері.

.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерін анықтау

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерін біледі.

Көпшілігі : Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерінің формулаларын біледі.

Кейбірі: Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерінің формулаларына мысалдар келтіріп есептер шығаруды біледі.

Бағалау критерийлері:

1. Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерін анықтай алады.

2 Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерінің формулаларын жаза алады.

3. Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерінің формулаларына мысалдар келтіріп есептер шығара алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың өз пікірін айтуға дағдыланадыру.Тілдік дағдыларын қалыптастыру.

Пән аралық байланыс

математика

Бастапқы білім

Тоқ күшінің өлшем бірлігі

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрі

Дерек көздері















































Ұйымдастыру кезеңі

. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Сәлемдесу; 
2. Оқушыларды түгендеу; 
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 


Тірек тапсырмалары арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру

1.Жылулық сәулелену немесе сәуле шығару дегенім не?

2.Абсолют қара дегеніміз қандай дене?

3.Квант дегеніміз не?

4.Жылулық сәулелену қандай энергияның есебінен орын алады?

5.Фотоэффект құбылысының басталу шарты қандай? Фотоэффектінің қызыл шекарасы деп нені атаймыз?

6.Рентген сәулелерінің табиғаты қандай?

7.Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген? Протонның, электронның зарядтары неге тең?

Жаңа сабақты түсіндіру

«Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. Бор постулаттары».

Денелердің шығаратын сәулесінің түрлі түске жіктеліп немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр деп деп атайды.

Спектрлер: 1.жолақ (тұтас) спектрді – тығыздығы өте үлкен денелер шығарады. 2.шығару сызықтық спектрін – тығыздығы өте аз қызған газдар немесе плазма береді. 3.жұтылу сызықтық спектрі – өте қызған денеден шыққан жарықты сирелген газ арқылы өткізген кездегі қара жолақтар.

Химиялық элемент қандай толқын ұзындығында сәуле шығарса, сондай толқын ұзындығында сәулені жұтады.

Заттың химиялық құрамын оның сызықтық спектрі арқылы анықтау әдісі спектрлік анализ деп аталады. Бұл әдісті 1859 жылы Г. Кирхгоф пен Бунзен экспериметтік зерттеулерге енгізді. Спектрлік анализдің көмегімен гелий, германий, және скандий элементтері ашылды.

1855 жылы И. Бальмер сутегі спектрін талдай отырып, оның көзге көрінетін толқын ұзындықтарын анықтайтын формуланы көрсетті: =λ0

Мұндағы  λ0=364,6 нм, n=3,4,5,6. Бұл формула Бальмер сериясы деп аталады. И. Ридберг 1890 жылы Бальмер сериясындағы спектр сызықтарының жиілігін анықтау формуласын ұсынды: v=R. Мұндағы, n=3.4.5.6. мұндағы R=3.288*1015 Гц – Ридберг тұрақтысы деп аталады.

Эксперимент жүзінде алынған жоғарыдағы нәтижелер мен формулаларды теориялардың бірде-біреуі түсіндіре алмады. Бұл тұйықтан шығудың жолын 1913 жылы Нильс Бор өзінің екі постулаты арқылы түсіндірді.

Бордың 1-ші постулаты. Атом ерекше стационарлық күйде бола алады. Ондай күйде атом электромагниттік толқын (сәуле) шығармайды әрі жұтпайды.

Бордың 2-ші постулаты. Атом энергиясы Еп стационарлық күйден энергиясы Ек стационарлық күйге ауысқанда: Һv = Еп— Ек шамасында тең болатын энергияны шығарады немесе жұтады.


Деңгейлік есептер шығару

I деңгей

1.Толқын ұзындығы 720нм қызыл сәуле толық жұтылған кездегі фотонның иммульсі неге тең: (h=6,62*10-34 Дж.с)

; ;

2.Толық жұтылған кездегі фотондардың иммульсі болатын ультракүлгін сәулесінің толқын ұзындығы қандай? (h = 6,63 *10-34 Дж.с)

II деңгей

1.Энергиясы тыныштық күйден 3,3В потенциалдар айырмасы арқылы үдетілген электронның кенетикалық энергиясына тең болатын фатонның толқын ұзындығын тап. (h=6,6*10-34 Дж.с; e=1,6*10-19 кл.)

E=M;

III деңгей

1.Потенциалы 600В өріс нүктесінен ұшып жыққан электронның жылдамдығы , ал бағыты өріс күш сызықтарымен бағыттас. Электрон келіп тоқтайтын нүктенің потенциалын анықтаңыз.

(e = 1,6 * 10-19кл; m = 9,1 * 10-31 кг)







Физикалық диктант:

1.Бір –біріне жайыла ұласқан спекторларды__________ ________деп атайды

2. _________ _________ жіктеліп, түрлі түсті жолақтар немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр дейді.

3. Денелер сәуле ________ қатар оларды ________ алады.

4. Заттың химиялық құрамын оның өзіне ғана тән _________ _______ арқылы анықтау әдісін спектрлік анализ деп атайды.

5. Тығыздығы өте аз қызған спектрлері кесінді сызық түрінде бір- бірінен алшақ орналасса, ______ ______ ______ деп атайды.




Жаңа тақырыпты бекіту.

1.Спектр дегеніміз не? Ол қандай түстерге жіктеледі? Оларды ата.

2.Қандай спектрлер тұтас немесе сызықтық деп аталады? Қандай жағдайда шығу және жұтылу сызықтық спектрлері байқалады?

3.Спектрлік анализ деген не?


Дескриптор:

1. Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерін анықтай алады.

2 Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерінің формулаларын жаза алады.

3.Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерінің формулаларына мысалдар келтіріп есептер шығара алады.

Үй жұмысы:40 есептер шығару.




Cаралау





Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Рефлекция


Төменде берілген бос орынды өз сабағынызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыныз.Сабағынызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болады?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктер? Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім? Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?

Барынша қолдауд қажет ететін

Оқушылардың өз ойын дұрыс тиянақтап жазуы үшін топтық жұмысты ұйымдастырдым

Төрт сөйлем тәсіл қолдандым




Орта деңгейде қолдауды қажет ететіндерге: мысалдар айттым,сұрақтар қою арқылы сөйлемдер айтқызу






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
932
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі