400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АТТАНАЙЫҚ БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА!!! атты қоштасу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АХМЕТОВА ГҮЛДЕН СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ

Бастауышпен қоштасу кешінің сценарийі

«АТТАНАЙЫҚ БАЛА ШАҚТАН - БОЛАШАҚҚА!!!»

Мақсаты:

  • Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 

  • Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.

  • Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахнаны талапқа сай безендіру

Музыка ойнап тұрады.

Фанфар: Жүргізушілер шығады

1.жүргізуші: Армысыздар құрметті ата аналар, ұстаздар, қымбатты қонақтар. «Аттанайық бала шақтан болашаққа!!!»атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Қадамдарыңызға нұр жаусын!

2.жүргізуші:

Ағайын жұрт ,ардақты, армысыздар,

Бәріңізде есен – сау бармысыздар

Көрермен куә болсын бастауышқа

Болашақ шәкірттердің жалғасы бар – дей отырып, ортаға бүгінгі күннің басты кейіпкерлерін қошеметтеп шақырайық. Алдарыңызда 2013 – 2017 жылдардағы 4 Б сынып түлектері және алғашқы ұстазымыз Гүлден апай (Вальспен шығады)

Мұғалім сөзі:

1.жүргізуші:

Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй – тәй басып аттаған бүлдіршіндер еді. Енді міне бойымызда, ойымызда өсіп, әріп таныған бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғары сыныпқа қадам басқалы отырмыз. «Алдыларыңнан ақ күн тусын! » деген тілекпен кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2.жүргізуші:

Күндіз – түні ойладының бала қамын

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын

Басқарып, директор боп осы ұжымды

Баршаны аялаған алақанын – дей келе алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Жанадилов Бақытбек Жақсылықұлына беріледі .

  1. жүргізуші:

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам -дей келе келесі сөз кезегін ата аналар атынан ______________________ береміз.

1 – жүргізуші

(Шашу шашылады)

2.жүргізуші:

Ұстаз сөзі күн нұрына пара пар

Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.

Ізгілік пен мейірімге толы ол

Шуақ болып жүректерге таралар - дей келе келесі кезекте шәкірттердің ұстаздарға деген жылы лебіз, ақ ниетпен арнаған өлеңдері.

(М. Аяжан Дамир Мейрамбек Назар )

2.жүргізуші:

Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат

Алдыңа түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат – дегендей мұны көруде бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4 – сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ, бүгін міне ес біліп, етек жинаған шәкіртпіз. Бұл күнге жайдан жай жете салмағанымызды ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәтер аз емес. «Шуағын төккен 4 жыл» атты слайдқа назар аударыңыздар. Бір сәт елестетер болсақ... (слайд кетеді муз.)

  1. жүргізуші:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені. Олай болса келесі кезекті әсемге әнге берсек

2.жүргізуші: Ән: Аяулы әнім мектебім

орындайтын : Кәдіржан Мейрамбек

  1. жүргізуші:

Баулыған мұғалім

Өзіңсің ағытқан білімнің бұлағын

Сен менің көктемім

Нұрыңмен көктедім

Сол үшін өзіңе алғысым көп менің

Мына біздей бірге жүрген құрдастар

Алдыменен әуелетіп жыр тастар

Оқулықтар қатарына сөз бердік

Білімдерін шертіп өтсін сырластар - деп кезекті оқулықтарға береміз

Қазақ тілі Рустам

Қазақ тілі пәнінен

Білім алды балалар.

Сөйлемді сөз таптарын

Етістіктің шақтарын

Жалғаулар мен жұрнақтар

Ережесін жаттадым.

Математика Нұрұзақ

Ойланып, есеп шығартып

Төрт таңбаны білдірген

Ғылымдардың патшасы

Математика данасы

Дүниетану Үміт

Ой жіберсең бәріне

Дүниетану пәніне

Өмір сырын үйретер

Пәннің жақсы біріде

Жер байлығы көп екен

Игеруді қалайды

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы.


Бастауыш - Ақжол

Баяндауыш - Айғаным

Анықтауыш - И.Аяжан

Толықтауыш - Меруерт

Пысықтауыш - Томерис

Нүкте - Үміт

Сұрау белгісі - Ақерке

Леп белгісі - Рустам

Қос сөз - Нұрұзақ

Біріккен сөз - Айгүл

1 – жүргізуші

Әлі есімде мектепке келгеніміз

Келгеніміз сыныпқа, енгеніміз

Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта

Өзің болдың ұзтазым сенгеніміз дей келе келесі кезекті мың бұрала билеген бишілерге берейік

2 – жүргізуші

Би: «Домбыра» қыздар тобының орындауында қабыл алыңыздар!

1 – жүргізуші

Баулыған мұғалім

Өзіңсің ағытқан білімнің бұлағын

Сен менің көктемім

Нұрыңмен көктедім

Сол үшін өзіңе алғысым көп менің

Келесі кезекте Хор: Ұстазым

2 - жүргізуші:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас ,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш калам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытып, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстаздарға арналған ән – жырларын айтпас бұрын ,ұстаз туралы не айтатын едін?

1 – жүргізуші «Ұстаз – дана»

2 - жүргізуші: «Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

1 – жүргізуші « Мұғалім - мектептің жүрегі”

Келесі кезекте би: Арива қабыл алыңыздар

(Томерис, Үміт, Ақерке, Алия, Ғалия, М.Аяжан, Айгүл

Ақжол, Нұрұзақ, Дамир, Рустам, Жігер, Назар, Мейрамбек)

1 – жүргізуші

Арманым боп аңсаған

Мәңгілік қалдым мекендеп

Өзіңе арнап жыр айтам

Ардақтап сізді өтем деп - оқушылардың ұстаздарға деген арнау өлеңдерін, жылы лебіздерін тыңдайық.

Ақжол Бақытбек ағайға:

Әкемдей мейрімді құшақ ашып

Тұрасыз Бақытбек ағай амандасып

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп

Барамын болашаққа қадам басып

Айғаным Гүлназ апайға:

Жұмыста ылғи қайсарды

Көрмейміз мұндай жайсанды

Ұжымның мықты ұстазы

Гүлназ апайды айтсаңшы

Үміт Бегзат апайға:

Білімділік тіршіліктің тірегі

Бегзат апай тереңнен түсіндіреді

Сөйлегенде мәдениетті тілменен

Барлық жанның елжіреген жүрегі

И.Аяжан Қанымгүл апайға:

Қанымкүл апай тәрбиелікке оқытқан

Санамызға қырын – сырын тоқытқан

Ізгілікпен ізеттікке жетелеп

Ақыл кенін болаттай қып қорытқан.

Ақерке Арман апайға:

Русскому языку от нас поклон

Кто из нас В вас не влюблен?

Вы душевный и добры ,

И при этом так умны

Знайте , не забудет вас

Выпускной четвертый класс.

Дамир Тұрған апайға:

«Good morning, teacher» деп бастаймыз оның әрбір сабағын,

Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын.

Тұрған апай сізге де алғыс айтып әрқашан,

Түскі ауысым арасынан өзіңізді табамын!

Нұрұзақ Мұрат ағайға:

Бояу сырын үйреткен

Шын көңілмен жүрекпен

Мұрат ағай керемет

Сабақ берген суреттен

Мейрамбек Сартбай ағайға:

Достарым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Үнемі айтады ғой Сартбай ағай

Меруерт, Мейрамбек Гүлден апайға:

Сөз сөйле жарқын –ақ

Күніміздей жарқылдап

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой сананы

Біздермен ойнап күледі

Сырымызды біледі

Қасымызда қашанда

Қамқор болып жүреді

Айгүл Барлық ұстаздарға:

Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін

Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр

Саған деген алғыстын шегіде жоқ

Әрбірінің азамат болған үшін

Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің

Әр балаға сен ана, әкедейсің

Болашақтың көктеген жас шыбығын

Бағбанындай аялап мәпелейсің

Хор: Ұлағатты ұстаздарға бас иеміз.

Хор: Әрқашан күн сөнбесін ( 3 тілде)

2 - жүргізуші:

Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақында, тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып тер төккен шаруада , көкті шарлаған ғарышкерде бәрі ұстаздан тәрбие алған.

1 - жүргізуші:

Ұлы өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін

Құрметтейік мәпелеп

Ұстаздардың есімін

Келешекке алтын бақ

Қосар таудың үлесін

Жасай берсін жарқылдап

Ұстаз атты ұлы есім – деп келесі кезекті мың бұрала билеген бишілерімізге берейік.

Би: Флешмоб: ұлдар (Дамир, Жігер, Нұрұзақ, Акжол)және қыздар(Меруерт, Айғаным, Айгүл, И.Аяжан).

2 - жүргізуші:

Білім алаған өзіңнен әрбір ұшқыш не ғалым,

Саған ыстық сезіммен қарайды жұрт мұғалім.

Менде өзіңді әрдайым қамқоршым деп ұғамын,

Күліп атқан таңдайын жарқынсың сен мұғалім

(Әлия, Ақерке , Ғалия Жігер)

1 - жүргізуші:

Аяулы да алтын нұрлы анашым

Жүрегімен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - дей келе келесі кезектегі ән екінші анамыздай болған ұстаз – аналарға арналады.

Айгүл мен Аяжанның орындауында «Анашым ана жаным» әнін қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өң бойымда тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салаған жолын ақылын

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады дей келе

Би: Көктем вальсі М.Аяжан – Рустам

Томерис - Мейрамбек

Ақерке - Нұрұзақ

Үміт - Дамир

Көрініс: «Науқас кітап»

(Айгүл Меруерт И. Аяжан Рустам Үміт Томерис)

1 - жүргізуші:

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың

Мен үшін армандайсың алаңдайсың

Ұстазымым сенен артық ақылшым жоқ

Адалдық пен парасаттан жаралғансын - дей отырып келесі кезекті әсем әнге береміз.

Ән: Ана Әке - Айғаным Меруерт, Томерис, Ақерке

2 - жүргізуші:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өң бойымда тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады

1 - жүргізуші:

Бастауышым бал бұлағым

Алдым сеннен балдың дәмін

Әріп танып білім алып

Рахметімді жаудырамын

Би: Аққу И. Аяжан

2 - жүргізуші:

Шәкірттердің тыңдап жауап, сұрағын,

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге,

Барша жанға құрметті жан мұғалім.

Ән: Айғанымның орындауында Құттықтаймын мама әнін қабыл алыңыздар

1 - жүргізуші:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға

Ұқсатып ек біз сізді анамызға

Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық

Жүргеніңді ұнаттық арамызда

Ұйғыр биі: Ақерке

2 - жүргізуші:

Ұлы өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін

Құрметтейік мәпелеп

Ұстаздардың есімін

Көрініс: Ғажайып түс (Үміт, Айғаным, Меруерт)

1 – жүргізуші

Аяулы да алтын нұрлы анашым

Жүрегімен мәңгі бірге боласың

Сен асқар сың, сен аспансың биіксің

Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың

Қара жорға (М. Аяжан , Ақерке, Алия, Ғалия.

Ақжол, Дамир, Нұрұзақ, Рустам)

1 - жүргізуші:

Мен әжемді өте жақсы көремін Мейрамбек, Ақерке, Меруерт

2 - жүргізуші:

Бітіруші түлектер

Жүктелер бар аманат

Айтылды ізгі тілектер

Болмасын еш жаманат

Алдыңда ұзақ жолың бар

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай

Аман есен болыңдар!

Ән: Мерекем Айгүлдің орындауында қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші:

 Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл - білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің дей келе қорытынды сөз кезегін оқу ісі жөніндегі орынбасар Құрманбекова Гүлназ апайға беріледі.

(Дипломдар табысталады)

2 - жүргізуші:

Бастауышым бал бұлағым

Алдым сеннен балдың дәмін

Әріп танып білім алып

Рахметімді жаудырамын

Хор: Қош, бастауыш сыныбым!!!

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі