Аттандық бала шақтан болашаққа

Тақырып бойынша 27 материал табылды

Аттандық бала шақтан болашаққа

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауышпен қоштасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін №25Б.Момышұлы атындағы орта мектеп












Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Аттанайық, бала шақтан болашаққа!»






Өткізген: Амантаева С.А.

4 «в» сынып









2024ж




Ән: «Тойға шашу» Исламбек

І – жүргізуші: Армысыздар, ақ сақалды аталар мен ақжаулықты әжелер, ата – аналар, ұстаздар мен оқушылар ! «Аттанайық, бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер! Біз, бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппені үйреткен сүйікті ұстазымызға,

білім нәрін берген мектебімізге, тарыдай болған кезімізде қолымыздан жетектеп

алтын ұя мектебімізге әкелген ата –анамызға ,ата-әжемізге рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер! Ал бүгінгі мерекеде сыныптастарымызға балалық шақтың

келесі бір белесіне қадам басып, білім баспалдағына өрлеген сапарларына сәттілік тілейміз!


ІІ – жүргізуші:

Осыдан 4 жыл бұрын 2020-2021оқу жылында еліміздегі карантин, бізге қатты әсер етті.Себебі сыныптың жарты оқушылары қашықтықтан үйден оқыды.Ол біздің денсаулығымыз үшін өте маңызды болды. Сол қиындыққа төзе білген сынып жетекшіміз Самал Амантайқызына алғысымыз шексіз!


І – жүргізуші:

Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін 4 жыл бойы білім беріп, ой сананы дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

Балалық шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!


ІІ – жүргізуші:

Армысыздар, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер,

Асқар таудай әкелер мен асыл жанды аналар

Жүздерінен мейірімімен нұр табар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты балалар!


І – жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр





ІІ – жүргізуші:

Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа,

Күміс күлкі сыймай тұр, аңғарына.

Ата-анадан бақытты барма екен жан,

Қол жеткізген аңсаған арманына


І– жүргізуші:

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.


ІІ– жүргізуші:

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық


Дамир

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.


Кәусар

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.


Мадияр

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Данияр

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім


Жантөре

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.


Жасмин

Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


ІІ – жүргізуші: Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті. Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз. Ол ҰСТАЗ!


І – жүргізуші: Қасым Аманжолов атамыз «Мектеп – кеме, білім - теңіз» деп тектен – текке айтпаған – ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.


ІІ – жүргізуші: Ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!

Муса Раяана

Есімде ұстаздардың қарсы алғаны, Ең алғаш алғанымда әліппені

Айқара есік ашып тастағаны. Қызығып қарай бердім әріптерді.

Бір мереке думан боп осы маңда, Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны Ұстазым оның кілтін алып берді.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты, Қағылды тұңғыш сабақ қоңырауы,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті? Сыныптан 25 бала орын алды.

Ұстаз ана жасады мына бізден Мөлдіреп отыр өңкей қаракөздер,

Ел таңғалар азамат бір – бір мықты. Келе алмай сыртта қымбат ойын қалды.

Алтын ұяң мектепке кір деп соққан

Әлі есімде сыңғыры қоңыраудың

4 жыл бұрын біз аттандық

Шыңына білім деген асқар таудың.


Ә.Ақниет

Мұғалім – бұл адамның ардақты – аты, Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.

Білімді бар биікке шығар саты. Ұстаз ана болмаса сен өмірдің

Ең алғаш басталады осы адамнан, Мәні менен мағынасын білмес ең.

Сүйеді сондықтан да жақын – жаты...

Бар ғалам, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін.

Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең сенің екі анаң бар.

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар,

Туған анаң болмаса ойнамас ең, күлмес ең,


Мақсат Алихан

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

«Қоссаңдар бірді екіге үш болады» Мектебімде жырланбаған жыр бар ма?

Деуші едің «Біліммен күш толады». Мектебімде алаулаған жас шағым

Алғыр бол, әдепті бол , сабырлы бол, Кетер мәңгі сізбен талай жылдарға

Ақылмен іс істесең іс болады. Мектеп үйім, ұстаздарым, ата – анам,

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ, Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Таласып алушы едік біздер жаттап. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Өзіңіз баға қойған күнделікті Тамырланып сан тарапқа тараған.

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.


І – жүргізуші:

Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.


ІІ – жүргізуші:

Аяулы да ардақты атам менің,
«Бақытты бол, ер жет» - деп бата бердің.
Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,
Әрдайым ортамызда жүре бергін

Олай болса, шырқалатын ән ата-әжемізге арналады.

Ән: «Ата – әже» орындайтын Қадыржан Әсем,Жұмабай Аниса.Ортаға шақырамыз.







І – жүргізуші:

Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.

Бізді еркелетіп жетектеп осы күнге дейін мектепке әкеліп, есік алдында күтіп алған әжелерімізге қалайша ән арнамасқа. Олай болса сыныбымыздың әнші қыздарын Қалыбай Іңкәр мен Ерболқызы Кәусарды ортаға шақырамыз.

Ән «Асыл әжем»

Қошеметпен ортаға шақырайық.


ІІ– жүргізуші:

Балам деп өбектегенің үшін
Жамандық үйретпегенің үшін
Рахмет әке
Ең жақсы адам болғаның үшін
Адамнан адал болғаның үшін
Рахмет әке
Әкем деп айтатын адам
Әкем айтатын анам
Барға да шүкір!!!

Келесі орындалатын жыр мен ән әкелерге арналады.

Ортаға сыныбымыздың көркем сөз оқудан сайыстарға қатысып, жүлделі орын алып жүрген Әжігерей Ақниетті ортаға шақырамыз.


Фариза Оңғарсынова «Әкеме»

Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.


ІІ – жүргізуші:

Саған қарап құлының өсіп келеді,

Әр сөзің мына маған қуат береді.

Таудан да биік болған әкешім менің,

Өзіңдей болғым келеді.

Ән: «Менің әкем» Орындайтын Нұрланұлы Исламбек пен Әжігерей Ақниет.


ІІ– жүргізуші:

Бар өмірі байланысқан баламенен,
Ана деген – бір бөлек ғажап әлем.
Кім бар сенің жаныңнан артық десе,
Ойланбастан, ол – менің Анам дер ем!

Мұқағали Мақатаев «Ана, сен бақыттысың!» Оқитын Қалыбай Іңкәр.


І– жүргізуші:

Ән: «Бозторғай ана» орындайтын қыздар.


І – жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымыз бізге ыстық. Сол ұстазымыз міне, біздің арамызда отыр.


Әсем

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған Қыран ана секілді күтіп баптап,

Апайым Самал Амантайқызы қымбат маған Ұшырған ұясынан балапанын

Сабырлы да салмақты қалпыменен Айтамыз, апай, сізге көп – көп алғыс,

Қажымай үйретуден бір танбаған. Қашанда қасыңыздан табыламыз

Көреміз көзіңізден мейірімді, «Бастауыш – бар білімнің негізі» деп

Сеземіз анамыздың алақанын Біз сізді әрқашанда сағынамыз.


ІІ – жүргізуші:

Ән: «Ал, сіз ОРИГИНАЛСЫЗ!» орындайтын сыныптың әнші қыздары.


І – жүргізуші:

Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.

Бұл не ?


ІІ – жүргізуші: Бұл кітап. Кітап – алтын қазына. Сыныбымызда «Оқуға құштарлық» атты кітап бұрышы бар. Біз қоңырау мезгілінде әр түрлі ертегі кітаптарды алып оқимыз. Ал, мектебімізде кітапхана бар.Кітапханашы Айнұр апай бізге қажетті кітаптың барлығын тауып береді.Сондықтан да біз кітапханаға жиі барамыз.


І – жүргізуші:

Бұл – қастерлі кітапхана,
Мұнда бары кітап қана.
Ғылым іздеп келгеннен соң,
Алаңдама, кітап қара.

Олай болса әнімізді кітапханаға арнаймыз.

Ән «Кел, достым кітапханаға!» орындайтын Русланұлы Исламбек, Құрал Дамир,

Сахи Шадияр.


ІІ – жүргізуші:

Мына біздей бірге жүрген құрдастар

Алдыменен әуелетіп жыр тастар.

Оқулықтар қатарына сөз бердік,

Білімдерін шертіп өтсін сырластар


Аниса (Қазақ тілі, математика)


«Әліппе» ұстап, «ана тілмен» таныстым, Әли

Байлығына достарыммен таң қалыстым.

Тілі екен бұл Абай, Жамбыл, Мұхтардың, Алғаш рет сандармен таныстым,

Қазақтағы әулие би, үш арыстың. Оларды санап жазу қиынға түсті тым.

Осылардың өлең- жырын оқып жаттадық, Қосып алуды да меңгердім,

Даналық сөзді қазақтан басқадан таппадық. Көбейту кестесін де үйрендім.

Мазмұндама, шығарма жазып үйрендік, Үйрендім есептің 4 амалын,

Әңгіме айтып, тәп – тәуір сөз саптадық, Шығарып есеп, теңдеу де құра аламын.

Білдім алғаш дыбыстың не екенін, Көп таңбалы сандардың да

Жуан ба, әлде жіңішке ме екенін. Бұза алатын болдым қамалын.

Әріпті де ойдағыдай меңгердім,

Ақтара алдым емін – еркін сөз кенін.


Аделя (Дүниетану) Сұлтанмахмуд

Сәлем жасқа, кәріге! Жан – жануар, құс, балық,

Сән қостыңдар әріме! Бәрінде бар құштарлық.

Табиғаттың бөлшегі- Жаратылыс көркіне

Жәмиғаттың бәрі де. Жасалмасын дұшпандық!

Жарқырап күн нұрланып, Бақ көп, тоғай, ормандар,

Жайнады тал бүр жарып Бақ боп соған орнаңдар.

Байқалып тұр бар даму, Таңғажайып көркейсін,

Жайқалып гүл ырғалып. Табиғатты қорғаңдар!


І – жүргізуші:

«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Ендеше ерекше әнімізді ұстазымызға арнаймыз.

Ән «Ұстазға арнау» Орындайтын Серікқали Сұлтанмахмуд.


ІІ – жүргізуші:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте....

Шыр етіп дүниеге келген сәби анасының ақ сүтімен бойына ана тілін дарытса, өсе келе өзге тілді орыс,шет тілін үйренеді екен.Бірақ біз ана тіліміз қазақ тілін әрқашанда биік ұстап,қадірлейміз.Олай болса келесі шырқалар ән «Лондон Таун» әнімен ортаға сыныптастарымызды шақырамыз.Қошеметпен қарсы алайық.


І – жүргізуші:

Табаны жерге тимейді

Біздің Данияр ғажап билейді,

Би сұлулық,әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік.Ақтөбе қаласында өнер көрсеткен Бақтияр Даниярды ортаға тау халқының лезгинка биімен шақырамыз.Қабыл алыңыздар.


ІІ – жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекте мың бұралған биші Жасминді өзбек биімен ортаға шақырамыз.


І – жүргізуші:

«Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.

Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз - ау

Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.

Ән: «Ұстазым бар!» орындайтын Даниярқызы Альбина,


ІІ – жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып

Шақырайық өлеңге түлектерді

Қоштасудың әуенін айтып тұрып----

Ән хор. «Бастауышпен қоштасатын кез келді»


І – жүргізуші:

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па!

Ойын деген жақсы ғой

Озып шығу бір басқа. Келесі кезекте ойынға береміз. Ойынның аты: «Дауысымнан таны» Ортаға әке- аналарымызды шақырамыз.

Ойын шарты: Бір қатарға оқушылар,Екінші қатарға аналар тұрады. Анасы мен баласы екі жаққа қарап тұрады. Баласы дыбыстайды. Сол кезде анасы баласының дауысын табуы қажет.

ІІ – жүргізуші: Оқушылармен ойын. Ұлдармен. Қыздармен.

Партаның үстінде тұрған пластмасса стақандарды. Шарды стақан ішіне үрлеп екі қолдың көмегінсіз тасуы керек.Көп стақанды әкелген топ жеңіске жетеді.


І – жүргізуші:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас – ау, қону қиын

Бастауыштың соңғы биін шырқап бүгін.

Бастауыштың билейміз соңғы биін – деп кезекті биге береміз.

Вальс. «Соңғы қоңырау»


ІІ – жүргізуші:

Өтті сенде қызық шағым,

Білім барда ақ шашың да даналы

Көрерменім аман – сау боп осымен

Ақ көгершін самғап ұшып барады.

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Ән: «Қимай тұрмын» орындайтын Жұмабай Аниса, Амандыққызы Ақниет.




І – жүргізуші:

Мынау өмір арнасымен ағады,

Білімді жан әркез жолын табады

Сіздерменен бастауыштар қоштасып,

Көгершіндей самғап қанат қағады.


ІІ – жүргізуші:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Бар білгеннің аямаған,
Өз гүліндей аялаған,
Мың рахмет ұстаздарға.
Төрт жыл бойы нұрын төккен,
Аттандырған ақ тілекпен.
Ұстаз үмітін ақтаймыз,
Серт береміз шын жүректен.


Сөз кезегін сүйікті біздің ұстазымыз Самал Амантайқызының бізге деген өзінің жүрек жарды тілегін білсек. Алғашқы ұстазымызды ортаға шақырамыз.


І– жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады, Халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырамыз ата-ананы. Сөз кезегі құрметті ата- аналарға ----- беріледі.


ІІ – жүргізуші:

Мектеп-сенсің адалдықты үйреткен

Мектеп-сенсің жамандықтан жиреткен

Мектеп-сенсің жақсылықты ұран ғып

Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы еткен-деп отыра,бастауыш мектебімізге,ұстазымызға, ата аналарымызға арналған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.12.2024
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі