Аттандық бала шақтан болашаққа!
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты:
-
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр
жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты
кешімізді ашық деп
жариялаймыз.
2 жүргіуші: Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді
ортаға шақырайық.
1 жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз
баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
)
Жүргізуші: Күндіз – түні ойладыныз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр бәрбір таңын
Басқарып, директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Контарбаева Гульайм Кунтасовнаға беріледі.
1-жүргізуші: Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Айдос: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Аина: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Алихайдар: Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Жансая: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Жүргізуші
: Олай болса алтын ұя
мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
Көрініс: (ортаға қария мен оқушы шығады)
Оқушы:
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
Қарт:
-
Дос табу оңай ма? - депті.
Оқушы:
-
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қарт:
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
Қарт:
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті.
Оқушы:
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті.
Қарт:
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың -қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
Қарт:
-
Өмір сүру үшін не қажет? - депті.
Оқушы:
-
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті.
Қарт:
-
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Қарт:
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті.
Оқушы:
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - деп сөзін аяқтапты қарт.
Жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
Жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.
Айдос: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны
Айқара есік ашып тасталғаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Аина: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Алихайдар: Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Жансая: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
2 жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Хор: Ұстазым.
1-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік дегендей жан – жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.
Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тірімісің өзі?
Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын. Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді ғой.
Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп – бүтін ғой?
Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығы боламын. Мен үшін қаншама адамдар еңбек етті. Кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрініңкі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді бердім.
Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о – ой өткен күнім есіме түссе, сай – сүйегім сырқырайды.
Қазақ тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым. Мен Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп табалдырығын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда қой демеді ғой, анау үлкен ағасы.
Математика: Енді бізді қайтер екен?
Қазақ тілі: Жинап – жинап, отқа тастайды.
Бәрі қосылып: Отқа тастар!!!
Математика: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.
Дүниетану: Иә, түптесе мына сені түптер, жалаңаш бізді қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір бұрышта отырған жоқпыз ба?
Математика: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар емханасы» бар емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып көрінейік.
Қазақ тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты оқушының қолына түсейік!
Дүниетану: оқулықтың қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе берсін!
Бәрі қосылып: Иә, жүріңдер!!!
І жүргізуші:
Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.
Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Ән
1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі ...............................................
..............................................................................................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық лебіздері)
І жүргізуші:
Мың бұрала
билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін деп ортаға бишілерімізді
шақырайық.
Би
1 жүргізуші:
Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1 класс оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.
Тақпақ
1.
2.
1 жүргізуші: Бүлдіршіндерге бастауыш кластың кілтін ұсынамыз
Алихайдар:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті сендер ақтаңдар
Мектепті үздік бітіріп,
Ұстаздың болшы мақтаны!
( Бір оқушы кілт тапсырады )
І оқушы: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.
ІІ оқушы: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?
3 оқушы: Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
4
оқушы: Бастауышым –
бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Жүргізуші: Өтті
сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
Қоштасу вальсі
2 жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.
Хормен: Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым !
І жүргізуші: Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Аттандық бала шақтан, болашаққа" сценарий

шағым қалдыра аласыз