Аттестация сұрақтары қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Аттестация сұрақтары қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестация сұрақтары қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қазақ әдебиетінен аттестацияда келген сұрақтар

1. Т.Әбдіковтың шығармалар жинағы: «Өліара»
2. «Бақытсыз Жамал» романындағы Байжан кім? Жұманның әкесі
3. «Еңлік-Кебектегі» тобықты руының арасындағы дау? Жер дауы
4. «Аяз би» ертегісіндегі шөптің жаманы мен құстың жаманы.Қара
қоға,сауысқан
5. «Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды» Аллитерация
6."Еңсегей бойлы ер Есім"толғауының авторы.Жиембет
7."Күлдір-күлдір кісінетіп... кімдікі? Ақтамберді
8. «Аяз би» ертегісіндегі уәзірлердің тапқан құстың жаманы. Қырғауыл
9. «Есіл де менің кеңесім
Ел білгеннен Есім хан
Қолыңа болдым сүйесін
Қолтығыңа болдым демесін» Сұрақ: троптың түрі? Ассонанс,аллитерация
10.М. Әуезов "Көксерек" әңгімесінің басталуы.Көксеректің ауылға келуі
11.Ахмет Яссауи ілімін қазақ поэзиясында жалғастырған ақындар.Абай,
Шәкәрім
12.М. Мөңкеұлының "Үш қиян" толғауында кездесетін жер-су
атаулары.Еділ, Жайық, Сағыз,Ойыл
13.Жеңгелері Момышқа қандай ат қойды? Молда бала
14.Мұнар да мұнар мұнар күн
Бұлттан шыққан шұбар күн... Айшықтау түрі? "Қайталау"
15.Шақан Шері эпилогындағы 3 оқиға.Сібірге жер аударылуы, атылуы,
қашып шығуы
16.С. Торайғыровтың Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейхановқа баға беретін
поэмасы: "Таныстыру"
17.Ақыл мен ғылымды тоздыратын ой кеселдері. Қай қарасөзде? 31
18. «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтардан ада, намыссыз
кейіпкер? Жақия
19. Д.Бабатайұлының өлең-жырларының басты тақырыбы Қазақ
даласындағы отаршылдыққа қарсы күрес
20. Өз туындыларын орыс тілінде жазған? Олжас Сүлейменов
21. Дулат Бабатайұлының шын есімі? Ғабді-әл-Ғабит
22.Б.Момышұлына бата берген кім? Имаш
23.«Өмірзая»шығармасындағы кейіпкерлер? Аяған Қуатов, Сыздық төре
Ақсақал
24. «Ғажайып планета» шығармасының авторы.Талап Сұлтанбеков
25. «Тел өскен ұл» шығармасындағы Қалиша кім? Сапардың әжесі
26. «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасында келген
қонақтар.Досы,қайынағасы
27.Қыз Жібекті Сансызбайға қосқан кім? Шеге

28.Үлкен араның түрі.Шербек
29. «Айдағы жасырынбақ» шығармасының жанры.Фантастикалық
30.Әндіген сөзінің мағынасын тап. Ыдыс түрі
31. «Тәмпіш қара» шығармасындағы суретші бала мен ақын бала
кім?Суретші бала-Ертай, тәмпіш қараның аты-Шаншатай
32. «Алғашқы ұстаз» шығармасының кейіпкерлері Алтынай мен Дүйсен
33. «Алғашқы ұстаз» кімнің шығармасы Ш.Айтматов
34. «Алғашқы ұстаз» шығармасындағы автор кімнің суретін салмақшы
болады? Дүйсеннің
35.-Балам,мен осы шаққа дейін сенімен тіл қатысып,жылы ұшырап көріскен
жоқ ем.Бірақ барлық көрген білгенім есімде.Жақсы ағаның зор дәмесін естіп
ақтайсың деп білермін деп Абайға батасын берген кім? Байсал айтты
36. Қажымұқан әңгімесінде: « Әдіссіз көп күш - каналсыз далаға аққан
қардың суы сияқты»,- деп айтқан кім? Мектеп басқарушы
37.Қазақ тіліндегі сөздердің соңында кездеспейтін дыбыстар.б, в, г, д, щ
38. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы.Дулат Бабатайұлы
39. Үндестік заңына бағынбайтын сөз қатары.Қайраткер
40. Ескі мата атауын тап? Дурия,патсайы,шайы
41. «Сізге қазақ баласын жібердім» Кімнің сөзі? Добрый Рабый
42. «Бақытсыз Жамал» романындағы Шолпан кімнің қызы?Жарас молда
43. Кеңес дәуіріндегі тарихи сөздер.Қызыл отау, пионер, колхоз, совхоз
44. «Күй аңызы» шығармасында кездесетін тау аты.Ипан тауы
45. Т.Ахтановтың ең алғашқы жарық көрген шығармасы. «Күй аңызы»
46. «Түніменен тарандық,
Таң атқанша тарандық,
Таң ағарып атқан соң,
Төңірекке қарандық»,- деген үзіндіде қандай көркемдік тәсіл
қолданылған? Аллитерация
47. «Жыршы бала», «ақын бала» атағына ие болған ақын-жазушы.С.Мұқанов
48. Ер Төстік қай жерлерде жеңіске жетеді? Борықты бұлақ жерінде
49. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің негізгі идеясы:Отбасылық
тәрбиенің маңызын таныту
50. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі рухани құндылықтар:Жеті
атаны білу
51. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі әжесі айтқан ертегі:
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр»
52. Б.Момышұлы туралы 1968 жылы жарыққа шыққан фильм: «Ел басына
күн туса»
53. Естемес,Оразымбет,Жаңыл деген кейіпкерлер кездесетін Т.Ахтановтың
еңбегі- « Күй аңызы»
54. «Әпке»пьесасындағы Назила кім? Сіңлісі
55. «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянның ағасынан қара қағаз қай кезде
келді?Жаз ортасы
56. «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян ағасы жайлы түсті қай кезде көрді?Таң
ата

57. Қазтуғанның қонысымен қоштасу жырында кездеспейтін жер-су
атауы.Қособа.
58. Төлегенге өз разылығын білдіріп,батасын берген анасының аты кім?
Қамқа
59.Қожаны түбінде адам болады деп айтқан кім? Майқанова
60.Б.Момышұлы әжесінің аты кім? Қызтумас
61. Күйші әңгімесіндегі күйдің аты? «Наридірген»
62. Дербісек Бұқаш жыры қай батырлар жырына ұқсайды? Алпамыс батыр
63. «Қонақтар» әңгімесіндегі әңгімелесіп отырған кейіпкерлер? Кемпір мен
шал
64.Ахмет Иассауи кітабы қандай ілімге жатады? Сопылық ілім
65. «Ұшқан ұя» шығармасындағы ұлттық құндылықтар? Ұрпақ тәрбиесі
66. Алып Ер Тұңғаның өз заманындағы мәртебесі.Түркі елінің билеушісі
67. Абайдың А.С. Пушкинді аудару арқылы тапқан ұйқас түрі.Шалыс ұйқас
68. «Кермек дәм», «Айшылық алыс жол» романдарының авторы. Марат
Қабанбаев.
69. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» шығармасының өзекті
мәселесі.Перзенттік махаббат. Отанға деген сүйіспеншілік
70. Сансызбай Сарғасқаевтың туған жері.Жамбыл облысы, Қордай ауданы
71. Т.Ахтановтың Ұлы Отан соғысына арнаған туындысы. «Шырағың
сөнбесін»
72. Ақан,Бүркіт, Акбар кездесетін І.Есенберлин шығармасы . «Қатерлі
өткел»
73. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір
құбылыстарының түйіні.
74. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз. Шортанбай, Дулат,
Мұрат.
75. Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз
құбылыс көрген ақындарды табыңыз. Зар заман ақындары
76. Күлдіргі ертегілер қатары.«Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек»,
«Ұр,тоқпақ», «Қаңбақ шал» т.б.
77. С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің ұйқас
түрі. «Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып...»Қара өлең ұйқасы
78. «Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкiсi бар, бала болып көп
ойнамайтын жасқаншақ едi. Бәрiмiзден гөрi ерекшелiгi, таңертеңнен кешке
дейiн бас алмай кiтап оқи беретiн». – деген үзіндіге сәйкес кейіпкер.Тортай
79. «Арқаға қарай көшермін ,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін», - жырдағы көркемдеу.Ассонанс
80. «Өз білгенің – өзіне, өз білгенім – өзіме», « Кісі ақылымен бай болғанша,
өз ақылыңмен жарлы бол»,- деген нақыл сөздер қамтылған Абайдың қарасөзі

Жетінші
81. «Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?» – деген С.Торайғыровтың үзіндісінен өлең
құрылысы.8 буын, шалыс ұйқас
82. І.Есенберлиннің «Адам-мәңгілік» поэмасының тақырыбы:Соғыс
83. Еділ, Ойыл, Жайық атты атақонысымен қоштаса жырлаған
жырау.Қазтуған
84. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы метафора.Аққу –
бала, өмір – дария
85. Ш.Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» шығарма желісіне арқау болған
халық.Қырғыз
86. Қорқыт бабаның тәрбиелік мәніндегі нақыл сөзі
Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас. Ұл атадан көрмейінше үгіт алмас.
87. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы тұтқын қыз.Қалмақ қызы
88. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің басталуы.
Бауыржанның бабасы Имаштың тоқсан жасқа келіп дүние салуы
89. Жұманның қорлығына шыдамаған Жамалдың қашып шыққаннан кейінгі
өмірі.Боранда адасып, қаза тапты
90. Қожа Ахмет Ясауидің еңбегі .«Диуани хикмет»
91. М.Мағауиннің «Шақан-Шері» романының шешімі.Шақанның қолға
түсуі
92. «Жастарға» өлеңінің авторы.Ш.Құдайбердіұлы
93. Ш.Айтматовтың шығармалары.«Алғашқы ұстаз».«Ақ кеме»,
«Жәмила», «Қош бол, Гүлсары»
94. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінде ақын жыр етті.тілек-мақсатын,
арманын, өз жайын
95. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның өтетін жері
мен ананы оқ атуға итерген күш, Тәуіп шал, Жетімкөл
96.Абай сүйіп оқыған шығыс ақыны? Фирдауси, Науаи, Физули
97. Қыпшақ Сейітқұл мекен еткен өзен? Қабырға өзені
98.М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидің ағасы кім? Манап
99. «Қыз Жібек». 1894 жылы Қазанда басылып шығарылған
100. Жібекті Сансызбайға қосқан кім? Төлегеннің өзі
101. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» шығармасындағы
қайыршының рөлінде кім? Антон
102.Шортанбайдың балалары? Алдаберген, Аязбай, Бәйіш
103.Ноғайлы дәуіріндегі ауыз әдебиет өкілдері? Кетбұға, Сыпыра,Асан
қайғы, Қазтуған, Доспамбет,Шалкиіз
104.М.Әуезов «Көксерек»әңгімесін жазуға себеп болған не нәрсе? Зайыбы
Валентина сатып әкелген күнтізбе
105.М.Мөңкеұлы шығармасы? «Үш қиян»
106. «Абай жолы»романында кейіпкерлер саны? Эпопеяда 953 кейіпкер, 91-і
Абай өмірбаянынан алынған

107. Ғазиза қай шығарма кейіпкері? «Қорғансыздың күні»
108.Ғазизаның інісінің аты кім? Мұқаш
109.Соңында Жамалға не болды? Ғалидің бейітінің басына барады.
Тағдырына нала болған қыз сүйгенінің бейітінің басында жылап жатып
көз жұмады
110. «Ер Тарғын»жырын басып шығарған? Ильминский,Радлов
111.Талап Сұлтанбеков кім? Қазақ әдебиеті тарихында фантастикалық
жанрында алғаш қалам тартқан жазушы
112. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінде жаң күйдің тууына себепші
болған түлік:Ботасынан айрлыған нар
113.Қазақ драматургиясына еңбегі сіңген қаламгер: Т.Ахтанов
114. Тыныс белгісінің принциптері.Интонациялық ,мағыналық,
синтаксистік
115. С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінің идеясын ашатын нұсқа:
Шаншатайдың балаларды еңбекке жұмылдыруы
116. С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесіндегі Шаншатай бейнесіне сәйкес
келмейтін нұсқа:Ерке тайлақ
117. С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесіндегі Шаншатай ауыл
балаларына үйреткен қасиеттер:Кітап оқу, газетке қызығушылығын
оятты
118. С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінде «Октябрь балалары» газетіне
шыққан суретші бала:Ертай
119. С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесіндегі өлең шығаратын
бала:Шаншатай
120. «Біз Қосарық деген жерде тұратынбыз. Қай шығармадан үзінді?
«Тәмпіш қара»
121. «Тағдыр» романының кейіпкері:Демежан
122. Көксеректің сипаты:Жетім, тасбауыр, түз тағысы, жыртқыш,
көкжал.
123. «Көксеректің» соңы қалай аяқталады? Құрмаштың өлімімен
124. «Көксеректің» шығармасының түйіні: Бөрі асырағанмен,ит болмас
124. «Абай жолы» романында Абай бейнесінің толыға түскен тұсы:Бөжейдің
асы
125. «Әй,шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...»деген Ұлжанның
сөзінен шығар қорытынды:Әкеге құрмет
126. «Абай жолы» романындағы Барлас айтқан жыр:Қобыланды батыр ;
Байкөкше айтқан жыр
127. . «Абай жолы» романындағы Байкөкше айтқан жыр:Қозы КөрпешБаян сұлу
128.«Абай жолы» романындағы Көтібақ ішіндегі Байсалдың жақын
туысқаны,Шоқанның баласы:Жиренше
129.«Абай жолы» романындағы кейіпкер:Байсал
130.«Абай жолы» романындағы теңсіздік тепкісіне қарсы шыққан кейіпкер:
Базаралы

131. Абайды Бөжей еліне не себепті жіберді?Кәмшаттың хал-жағдайын
білу үшін
132. М.Әуезовтің алғашқы жазған әңгімесі: «Қорғансыздың күні»
133.М.Мағауиннің «Шақан шері» романының шешімі:Шерінің қолға түсуі
134. М.Мағауиннің «Шақан шері» романының дамуы:Шақанның бақытты
отбасы
135. М.Мағауиннің «Шақан шері» романының шарықтау шегі:Шөнжік пен
Шақанның кездесуі.
136. М.Мағауиннің «Шақан шері» романындағы оқиғаның
басталуы:Тұтқындағы шері
137. Д.Исабековтің «Әпке» драмасының идеясы:Бауырға қамқор болу
138. Д.Исабековтің «Әпке» драмасындағы суреттелген отбасылық
мәселе:Әпкелерінің жұмысқа шығуына бауырларының қарсылығы
139. Д.Исабековтің «Әпке» драмасындағы Қамажайдың тұлғалық болмысы:
Бауырмал
140. Роза Мұқанованың «Мәңігілік бала бейне» шығармасының
кейіпкері:Ләйла
141. «Бамсы Байрақ» жыры қай жырға ұқсас: «Алпамыс батыр» жыры
142. «Жусан иісі» шығармасындағы Аян аяғын қай кезде шығарып
алды:Бұзау бағып жүргенде, бұзауға мінем деп шығарып алды.
143. «Өмірзая»романындағы құлдық сананың қолшоқпары:Мұса
144. «Ұлпан» романында Есенейдің атын баптайтын адам:Кенжетай
145.Бауыржан Момышұлының мемуарлық шығармасы: «Ұшқан ұя»
146. Алып Ер Тұңға басып алған жер:Иран елі
147. Д.Исабековтің 1980 жылы шыққан романы: «Қарғын»
148. Д. Исабековтің "Әпке" пьесасындағы Қамажайдың қызметі: Кондуктор
149. Д. Исабековтің бауырларының болашағы үшін өз басының бақытын
ойламаған қазақ қызының биік адамгершілік сезімін ту еткен туындысы:
"Әпке"
150.Қожаны «Тәмпіш неме» деп атайтын кім: Әжесі
152. "Қаһарлы күндер", "Боран", "Шырағың сөнбесін" романдарының
авторы:Тахауи Ахтанов, 1923-1994 ж.
153. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңіне сәйкес қатар
Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ
Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде
154. М.Мағауиннің «Шақан-Шері» романының шиеленісуі.
Кек қуған Шақан
155.«Бақытсыз Жамал» романында Жамал қайтыс болды.
жапан түзде, боранды түнде жантәсілім етті.
156. Баққожа Мұқай шығармалары .«Қош бол, менің ертегім, «Дүние
кезек», «Өмірзая»
157.Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесіндегі «Ойын бітті, Сартай!
Мен жеңілдім! Шыға бер!» - қай кейіпкердің сөзі?Мерген
158. «Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,

Жазаласа – екі жылда бір мінген....»
Өлең жолдарындағы көркемдегіш құрал .Эпифора
159. Кешкісін біз Аягөзден шығып, Аягөз өзеніне құятын Тумырзаның
ағысын бойлай отырып, өзеннің оң жағалауынмен құз-жартасты қырқаларды
басып, Қапал жолының бойындағы бірініші бекет – Көне Аягөзге келдік.
Үзінді Шоқанның .......... шығармасынан алынған. «Ыстықкөл күнделігі»
160. «Шағырмақ бұлт жай тастар
161. Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?
Үзіндінің авторы.Қожа Ахмет Яссауи
162. «Зар заман» дәуірі поэзиясыың өкілі М.Мөңкеұлының толғауы.
«Үш қиян», «Сарыарқа»
163. «Топ бастадық төрт адам.
Махамбеттің жақыны
Ықыласты үгіттеп,
Мақтап, қағып арқаға
Қосып алдық ортаға.
Бұл – түгелдей мына ұлыңның ақылы»
М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасындағы кімнің
сөзі?Баласының
164. Қорқыт баба «Байбөрі баласы – Бамсы Байрақ» жырында Бамсы
Байрақтың саудагерлердің сыйлығынан таңдаған нәрсесі
бір теңіз жылқысы, бір емен садақ, бір күрзі (шоқпар)
165. Қорқыт ата «Байбөрі баласы – Бамсы Байрақ» жырында Байбөрі Бектің
ұлына берген есімі. Бозайғырлы Бамсы Байрақ
166. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы тарихи оқиғаның
суреттелуі. ХVIII ғасырдағы тарихи оқиға
167. Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» туындысында көтерілетін мәселені
көрсетіңіз. Аштықтан қырылған қазақ халқының қасіреті.
168. М. Өтемісұлының Хиуа__хандығынан қол жинамақ болған сәтсіз
әрекеттерін суреттейтін өлеңін белгілеңіз.«Айныман»
169. «Қысқаша өмірбаянында»: «Оған шейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің
бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды» деп жазған тұлғаны
көрсетіңіз. І.Жансүгіров.
170. Шоқан «Қазақ халық поэзиясының__түрлері» атты мақаласында қазақ
өлеңдерін нешеге бөлгендігін көрсетіңіз.5
171. Ызғырық жел онан сайын суытып, қар ұшқындай бастады. Тұтасқан қапқара аспан тұншықтыра салардай боп ауыл үстін тұмшалап тұр. Асты
сызылған тіркеске сәйкес ұғым.Эпитет
172. Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесіндегі саудагер.
Иван Ногич
173. ....Өлеңі бар өнерлі інім, сізге,
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге

Өзге түгел өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге (А.Құнанбаев)
Өлеңнің негізгі идеясы .Өнер
174. «Аяз би» ертегісінде Мадан ханның құдасы.Ақша хан
175. «Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол» – өлең жолдарындағы көркемдеуіш құрал.
Анафора, эпифора
176. «Аяз би» ертегісінде Жаманның аяз би аталу себебі. Әділдігі
177. Ы.Алтынсариннің ұрлық, барымтаның түбір қорлық екенін дәлелдеген
туындысы.«Қыпшақ Сейітқұл»
178. «Құтты білік» дастанындағы бақыт бейнесі. Айтолды уәзір.
179. «Оғызнамадағы» хикаяттар саны нешеу. Қырықтан астам.
180. І. Жансүгіровтің «Сұрақ», «Жауап» деген бөлімнен тұратын өлеңін
көрсетіңіз.«Гималай»
181.Ежелгі көш жолдарының бұзылуы.Қайталап отырған жаугершілік
182. Д.Исабеков «Әпке» драмалық шығармасындағы Қамажайдың
інілері.Ермек,Тимур,Омар
183. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романына сәйкес қатарлар.
Ұлтын сүйген азаматтардың жинақты образдары жасалған.
Кеңес дәуіріндегі саясатты бейнелеген.
Желтоқсан оқиғасы ұлттық трагедия ретінде суреттелген.
184. Қайтқан қаздай, соқпа дерттей, тойымсыз жұттай тіркестеріне сәйкес
қатар.Теңеу
185. Көштің бұрынғы көштей салтанат құрмауының себебі
Елдер арасындағы соғыс салдары
186. Қазақ ұғымында көш.Көш-салтанат, көш-бірлік
187.Д.Бабатайұлы мұраларын алғаш жеткізгендердің бірі кім?Байділдә
188.Асан қайғы туралы аңыздардың ішіндегі ең таңдаулысы.Жерұйықты
іздеуі туралы аңыз
189.Қыз Жібектің неше нұсқасы бар?15
190."Ел айырылған", "Желмаяның жүрісі", Зар" кімнің күйлері Асан қайғы
191.1880 жылы Қазан қаласында Д.Бабатайұлының қандай шығармалар
жинағы басылып шықты?«Өсиетнама»
192.Заттың ,құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз қалай
аталады?Эпитет (сын есім: қызыл алма)
193.Көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші бір затпен ,құбылыспен
салыстырып бейнелеу не деп аталады?Теңеу
194.Алғаш рет тарихқа қатысты әңгімелерді, яғни, тарихи оқиғалар мен
тарихи қайраткерлер туралы аңызды жеке дар бөліп алып "тарихи аңыз" деп
атаған кім?Ш.Уалиханов
195."Менің атым Қожа" повесі қандай тілдерге аударылған?
Латыш, молдован, орыс,украин, литва, француз
196."Қобыланды батыр " жөніндегі аңыз әңгімені алғаш рет баспа бетіне
түсірген кім?В.Радлов

197.Суреттелген затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту тәсілі
қалай аталады ? Гипербола
198.Ноғайлы дәуіріндегі ауыз әдебиет өкілдері.Кетбұға,Сыпыра
Шалкиіз,Қазтуған,Доспамбет, Асан қайғы
199.Көркем шығармада төл сөз бен автор сөзінің қандай түрі
кездеседі?Көпқұрамды түрі
200. «Балам,мен осы шаққа дейін сенімен тіл қатысып,жылы ұшырап
көріскен жоқ ем.Бірақ барлық көрген білгенім есімде.Жақсы ағаның зор
дәмесін естіп ақтайсың деп білермін»- деп Абайға батасын берген
кім?Байсал
201.Қобыланды батыр жырының қанша нұсқасы анықталған?29
202. Ғазиза қай шығарма кейіпкері? «Қорғансыздың күні»
203.«Қонақтар» әңгімесіндегі әңгімелесіп отырған кейіпкерлер? кемпір мен
шал
204.Қыпшақ Сейітқұл мекен еткен өзен? Қабырға
205.Жиембет жырау қай ханға жырын арнаған?Есім ханға
206.Рубаиларды кім жазған? Омар Хаям
207.Дамыту дегеніміз не?Сөйлегенде алдыңғы ойдан соңғы ойды,
алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны күшейтіп айтуды дамыту дейді.
208. Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш шығармасы. «Тулаған толқында» (19827
жыл)
209.З.Қабдолов айшықтаудың неше түрін көрсетті? 7
210.Кейіптеу. Әртүрлі жан- жануарларды, табиғат құбылыстарын,
жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.
211.Ирония(кекесін) Адамға, зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға
берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп келекеге айналдыратын көркемдік
құрал
212. "Етектейін еріннен,
Екі елісі қалыпты, " - деген шумақта жыршы қолданған тәсіл: Литота
213. 1833 жылы А. С. Пушкиннің кіші жүз қазақтарынан жазып алған жыр:
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу"
214. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алып… сол тақырыпқа поэма
жазуды ойлаған орыс ақыны: А. С. Пушкин
215. В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған жыр: "Қозы Көрпеш –
Баян сұлу"
216."Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында басым суреттелетін кәсіп:Мал бағу
217. Түйемойнақ, Жылытау, Сауыр, Сойқал деген жер атаулары қай жырды
кездеседі? "Қозы Көрпеш-Баян сұлу"
218. "Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес,
Болатпын екі жүзді алмас кеспес," - деген жолдарындағы көркемдік тәсіл:
Метафора
219. Мына өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл:
"Ақ иық, мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес."Метафора
220. Төмендегі шумақ көркемдеудің қай түрі?

Көрінсін Біржан салға ай секілді:
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді. Ирония
221. "Қырандай желді күнге аспандаймын," - деген жолда қандай бейнелі сөз
бар?Теңеу
222. "Біржан Сара" айтысындағы Жиенқұл сипаттамасы көркемдік тәсілдің
қай түрі?
Кісі емес ел намыҫын ұққандай-ақ,
Ербиіп елсіз тауға шыққандай-ақ.
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,
Он мата арқасына тыққандай-ақ.Сарказм
223.«Ноғайлының жеріне Қызылбасты қондырып қою сүйекке таңба емес
пе?» деп елінен аттанып шығады»деген жолдар қай жырдан алынған?
Қобыланды
224.«Ғасырдан да ұзақ күн» роман түйіні.Қасиет пен қасиетсіздік,Өмірөлім,Найман ана бейіті туралы
225. Күн шағырмақ аяз. Жай сөйлемнің түрі – Атаулы сөйлем
226. Ахмет Иасауидің шәкірттерінің саны.90 мың
227.М. Жұмабаевтың еуропалық білім алуына себебін тигізген
қайраткерлер.А. Байтұрсынов, М. Дулатов
228.С.Торайғыров қызмет еткен журнал.«Айқап»
229.Фирдоусидің кітабы.«Шаһнама»
230.Ә.Найманбайұлының дастандары.« Үш жетім қыз», «Ағаш ат»,
«Нұғыман-Нағым», «Жәмсап», «Салиха-Сәмен», «Перизат», «МәлікДарай», «Кешубай»
231.С.Торайғыровтың әкесінің шын аты. Әубәкір
232.«Сөзден тәтті нәрсе жоқ
Сөзден ащы нәрсе жоқ
Сөзіңді тіліңе билетпе
Ақылыңа билет»,-деген сөздің авторы.Бөлтірік шешен
233. «Әдептіліктің басы – аузын бағу.
Тіліңді тарт, тісің сынбасын. Егер тілің шыға қалса, тісіңді мықтап
сындырады» деген үзіндінің авторы, дастанның атауы .Ахмет Иүгнеки
«Ақиқат сыйы"
234. Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы .Фольклор
235. «Адасқан өмір» поэмасы кімнің атынан баяндалады?Лирикалық
кейіпкер
236.Нысанбай жыраудың өмір сүрген жылдары: 1822-1883жж
237. Нысанбай жыраудың туған жері:Қызылорда облысы, Жалағаш
ауданы,Аққошқар елді мекені
238. Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай»дастаны ең алғаш қайда
жарияланды:1875 жылы орыс географиялық қоғамының журналында
жарияланды.

239. «Кенесары-Наурызбай»дастаны жеке кітап болып қай жылы басылып
шықты:Ж.Шайхысламұлы 1912 жылы Қазан қаласында жеке кітап етіп
бастырды.
240. «Шығамын тірі болсам адам болып» С.Торайғыровтың өлеңінің
идеясы.Білімге құштарлық
241.«Қолыма от сиялы қалам алдым» троп түрі:Эпитет
242.«Шақан Шері» романына сәйкес мақал- мәтел: Адам мен табиғаттың
тілдескені- өмірдің үндескені
243. Пушкинннің «Ескерткіш» өлеңінің идеясы.Тар замандағы еркіндік
244.«Баласын мақтар қас жаман,
Қатынын мақтар қас жаман ....» авторы.Үмбетей жырау
245.«Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет» авторы
А. Байтұрсынов «Адамдық диқаншысы»
246.«Жапандағы жалғыз үй» , «Аманай мен Заманай » «Ақан сері»
романдарының авторы кім? С. Жүнісов
247.Шақан шерінің әйелі мен баласыны аты кім?Әйелі – Ажар, баласы Сәмен
248.Жамалдың қайтыс болған жері.Жапан түзде
249.«Айқас »,«Ғашықтар », «Махаббат мейрамы» авторы.І. Есенберлин
250. «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасындағы ащы шындық:Үй иесіне
кіріптар болу.
251.Абай нәр алған арналар.Өз халқының мәдени мұрасы,
Шығыс әдебиеті,Батыс елдерінің рухани қазынасы
252.Шоқан өзінің сұлтан болудағы мақсаты:Халқына пайдлы қызметкер
болу, чиновниктер мен байлардың зорлығынан арашалау.
253.«Жастарға » өлеңінің авторы.Шәкәрім Құдайбердіұлы
254. «Қонақтар» шығармасында көтерілетін мәселе:Ата
255.Ғылыми стилде тұрған сөйлем.Алюминий тез балқиды
256.Анықтауыш сұрақ сөйлемі қатысқан қатар интонация арқылы жасалған
сұрақ. Сабынкөлдікі?
257.«Алпамыс батырды»қағазға түсірген.Ә.Диваев
258.«Ер Тарғынды»қағазға түсірген.Ильминский
259.«ҚызЖібекті » алғаш қағазға түсірген.Александров 1887 ж
260. М. Әуезовтің "Еңлік Кебек" пьесасында Кебек кімге келіп болашағына
бал аштырған: Нысан абыз
261.М. Әуезовтің "Еңлік-Кебек" трагедиясының кейіпкерлері: Абыз;Есен
262."Еңлік-Кебек" пьесасының кейіпкерлері: Кебек, Абыз
263.М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы Тобықтының биі. Көбей.
264. М. Мақатаевтың өлеңі: "Жаңбырда"
265.М. Мақатаевтың туған жеріне арнап жазған өлеңі:"Қайран,
Қарасазым-ай"
266. М. Мақатаевтың "Райымбек, Райымбек!" поэмасы неше бөлімнен
тұрады?3
267. М. Мақатаевтың "Райымбек, Райымбек!" поэмасындағы жыраудың есімі:
Қабай жырау

268. «Аққудай еді», «Жалған», «Намыс пен муза» атты бөлімдер М.
Мақатаевтың қай поэмасында кездеседі?«Дариға-жүрек»
269. М. Мақатаевтың соғыс жылдары жесір қалған келіншектің тағдырталайы арқылы заман сұмдығына, болмыс тұңғиығына бойлаған поэмасы:
«Дариға-жүрек»
270. М. Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда поэмасында анаға аққуларға оқ
аткызған күш: (Аналық махаббат)
271. "…, Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым
Жерді аңсаймын…
Жалғыз-ақ сол - арманым, " - деген жолдар жазылған поэманың бөлімі:
Эпилог, шығарманың соңы
272. "Мөлдіреген Жетімкөл, көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр. " (М. Мақатаев) Троптың түрі:
Кейіптеу
273.Ер Тарғынның жары.Ақжүніс
274.Қазақ драматургиясына еңбегі сіңген қаламгер.Т. Ахтанов
275.С. Торайғыровтың«Қамар сұлу» романындағы Қамардың өлеңі арналған:
«Ататай,болдым ғашық мұрныңа,
Көк бурыл иектегі құрымыңа .
Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,
Қосылар күн болар ма тұлыбыма?» Жорға Нұрым
276. «Қару-жарақ киініп,
Енді атына мінеді.
Денеге сауыт киеді ,
Беліне байлап болатты,
Қарына найза іледі...»-қай жыр? «Қобыланды батыр» жыры
278.С.Торайғыровтың өзін бай баласы Жақыппен салыстырып ,ескі өмірден
безінетін кейіпкері бар туындысы."Кедей"
279. «Ұшқан ұя» шығармасында кездесетін ұлттық құндылықты сипаттайтын
сөз:Үлкендерді көрген сәлем беруді ұмытпа деген әкемнің сөзі әлі есімде
280.Жүсіп Баласағұнның«Құтты білігі» неше тараудан тұрады? 85 тарау,
6500 аса бәйіттен
281. «Ақ қайың» өлеңінің авторы.Сырбай Мәуленов
282.«Алпамыс батыр» жырындағы «Осының айтқанын қылайын, өлсем
өлейін, өлмесем, жақсылығын көрейін»деген кейіпкер.Кейқуат
283. «Менің атым Қожа» повесінің бастапқыдағы аты.« Өзім туралы»
284.Ислам дәуір әдебиет өкілдері.Әл Фараби, Яссауи, Баласағұн
285.Ақан серінің «Жігіттер» өлеңі түйіні.Достық, қастық, таза жүрек,
Мансап , жамандық пен жақсылық
286.Орыс тілінен енген ағылшын сөзі.Капитал
287.Ең ежелгі жыр.«Атилла»
288.Батаның түрлері.Ақ бата, қара бата, серттесу батасы
289.О.Бөкейдің «Құлыным менің» пьесасының негізгі идеясы қандай?Өмір
шындығы, заман тынысы
290.С. Мұқановтын 3 болімнен тұратын шығармасы.«Ботагөз»

291. Сұраншы, Саурақ батырларды, намысын қайрап жауға қарсы шығуға
күш жігер берген кім? С.Аронұлы
292.Етістік мағынасы на қарай қалай бөлінеді?Салт, сабақты
292. «Сен алтынсың, мен пұлмын» Шалкиіз жырау кімге айтқан?Би Темірге
293. «О, Сарыарқа» өлеңінің авторы кім?Д.Бабатайұлы
294.М.Әуезов алғашқы еңбегі.«Еңлік-Кебек»
295.»Әмір- Темір» драмасының авторы кім? Қ. МЫРЗАЛИ
296.О Сүлейменов тарихи тақырыпта жазған шығармасы. «Аз и Я»
297.Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық өлеңінде» ұрыста қаза тапқан топ
басшысы.Жәнібек
298.Аққасқаның ашуының себебі:Бөтен кісілердің ортасында болуы
299.Адам жүрегімен сөйлескің келсе, музыканы үйрен, ұлттық аспапта
ойна.Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?Аралас құрмалас
300.Асан қайғының «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» толғауына өзек
болған хан: Жәнібек хан
301.А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал-өлеңінен шығатын
қорытынды.Бірлік, ынтымақ
302.Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіне еліктеп жазған Қ.Аманжоловтың
өлеңі.«Шықтым өмір шыңына»
303.Бұқар жырау өмір сүрген жылдар .1668-1781
304.Қыбырсыз қатып қалған ұшы-қиыры жоқ, жансыз әлдебір меңіреу дүние
мүгіліп тұрып кезігетін. Есімдіктің қай түріне жатады?Белгісіздік есімдігі
305. «Абай жолы» эпопеясындағы кедей халық өкілі.Базаралы, Қарабатыр,
Дәркембай.
306. «...Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып,
Көксеген азаттықтың соғысында».Берілген өлең жолдарының
авторы:Жамбыл Жабаев
307. «...Сен жер болдың, нөсер болып төгілсем.
Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем.
Мен- түн болсам, сен таң болдың жаңа атқан,
Мені – қола, сені – шойын жаратқан».Өлең үзіндісі фигураның қай түріне
жатады ?Антитеза
308.Берілген құрмалас сөйлемнің түрі –Ой, неғыласың, батыр, жаным райыс
тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі
салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - деді.Түсіндірмелі салалас
309.Абайдың «Ескендір» поэмасы жазылған жыл.1900
310.Д.Бабатайұлы Ақтанның өскенде кім болғанын қалады:Батыр
311. Қазақ әдебиетінде алғаш мысал жазған:Дулат Бабатайұлы
312.Ә.Найманбаевтың Пушкиннен аударған шығармасы.«Евгений Онегин»
313.Абай Құнанбайұлының танысып, кездесіп, пікірлес болған орыс достары:
Михаэлис, Леонтьев, Долгополов
314.Б,в,г,д дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша қалай
жалғанады?Қатаңнан басталып

315. «Шығамын тірі болсам адам болып» шығармасындағы басты
қаһарман(лирикалық кейіпкер):Автор
316. Шығамын тірі болсам адам болып» шығармасындағы үзіндідегі тірек
сөздер:күң,ел,тағдыр,білім
317. Зәуре, Сүлеймен, Мұқандар кездесетін С.Мұқановтың шығармасы:
«Саятшы Ораз»
318.Софистердің дәуірінде шешендік өнер қалай бағаланды? Барлық
ғылымның патшасы
319. «Күлтегін дырын кім жазды: Иолығ тегін
320.Тұлпарына «айналайын» деп тіл қатқан батыр: «Ер Тарғын»
321.Сейілдің ұлы Қараман кездесетін жыр.«Қобыланды батыр»
322.
323.Ханның құнын бір арба жібектің күліне теңеген шешен .Сырым
324.Мюнхаузеннің хикаяларын оқи отырып, қазақ халқының қандай
кейіпкеріне ұқсайды?Алдар көсе
325.Абайдың “Боярин Орша”, “Демон”, “Жалғыз жалау” деген аудармалары
қай ақыннан алынғанын анықтаңыз.М.Лермонтов.
326.«Қазақ» газеті, оның жаны болған А.Байтұрсынов жайлы құнды пікір
айтқан адамды көрсетіңіз.М.Әуезов
327.Шәкәрімнің анасының атын табыңыз.Дәметкен
328.Ескі ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын
шығарманы көрсетіңіз.М.Әуезов "Бәйбіше-тоқал".
329. «Қолыма от сиялы қалам алдым”,- дегенде көркемдеу тәсілініңқай түрі
бар екенін анықтаңыз.Эпитет
330.С.Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасындағы тұтқын қыздың еліне
қайтқанда мінген атын көрсетіңіз .Керкөжек
331.«Құлагер» поэмасындағы Батыраштың жүйрігін анықтаңыз. Көктұйғын
332.Мағжанның Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында
оқыған жылдары. 1923-1927 жж.
333.Ертегідегі “Шалқұйрық” атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі
ретінде суреттелгенін белгілеңіз. «Ер Төстік»
334.Абай Ділдаға үйленгенде бас құда болып барған адамды
белгіленіз.Ызғұтты
335. «Біздің жақта қыс ұзақ» шығармасы кімдікі екенін анықтаңыз
О.Бөкейұлы
336.Батыр әрі әнші Дәрмен тағдыры, Дәрмен-Бәтіш махаббат хикаясы
Ж.Аймауытовтың қай шығармасында суреттелетінін табыңыз.«Қартқожа»
337. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті екенін анықтаңыз. Қырғыз
338.«Неке қияр» пьесасында әйелдердің еріктілік алатындығын үлкен
сеніммен айтқан адамды көрсетіңіз. Милиция
339."Темір торлы тас сандықтың ішінде шынжырланып байлаулы қызыл
сұңқарлар жатты" деген үзіндінің кімнің шығармасынан алынғандығын
анықтаныз С.Сейфуллин
340. Ақын Қ.Аманжолов "Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім" деген
сөздерді кімге арнағанын белгілеңіз.Туған жеріне

341.А.Байтұрсынұлының " Егіннің бастары" мысалының түйіні.
Адамның кеудесін көтергені ақылының жоқтығы
342. «Әттең, жағдай келсе оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар
едім,Шынымды айтсам, кітап жазып,жазушы болғым келеді»- кімнің
сөзі?Тортай
343.Арнаудың неше түрі бар?3
344.С.Торайғыровтың арман тілегі, мақсат- мұраты көрінетін өлеңі.«Шәкірт
ойы»
345. Hысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастанындағы қырғыз
батыры: Кәрібоз
346.Аянның әжесі дүниеден қайтқан уақыт: Қыс, күн қызарып ұясына
таянған шақ
347.Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі"Аянның тобығының тайдырып
алуының себебі:Бұзау үйретемін деп жүріп, бұзауға мініп құлайды.
348.Шағын ғылыми еңбек қалай аталады?Трактат
349.Қазақ ертегілерін жианап зерттеген,жинақ бетіне басып шығаруға үлес
қосқан ғалымдар.Ш.Уалиханов,Радлов, Березин, Диваев
350.Әл- Фарабидің "Қашықтасың туған жер" өлеңі негізгі ойы .Туған жерге
сағыныш
351.Доспамбет жырау өз шығармаларын қалай таныстырып отырады?Ер
Доспамбет
352.Доспамбет жырларының негізіне арқау болған және атауы бірнеше мәрте
қайталанатын елді мекеннің бірі?Азау
353.Пушкиннің "Ескерткіш" өлеңінінде не сөз болады?Тар замандағы
еркіндік
354.Кімнің шығармалары 1893 жылы М.Османовтың "Ноғай уа құмық
шығырлары" атты жинағына енген?Доспамбет
355.Доспамбет жырау толғауындағы:
« Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен ...» - деген жолдарында қандай көркемдік тәсіл
колданылғандыгын табыңыз.Теңеу
356.Бауыржан Момышұлының 1968 жылы жарыққа шыққан фильмі.«Ел
басына күн туса»
357.Үмбетей қай толғауымен кең танылды?Бөгембай туралы
358. «Серке” газетіне “Арғын” деген бүркеншік атпен “Біздің мақсатымыз”
атты мақала жазған жазушыны анықтаңыз .М. Дулатов
359.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің негізгі кейіпкерін атаңыз.
Тортай
360.Батыр Баян қай ханның тұсында өмір сүрген? Абылай
361.Гротеск дегеніміз не? таңғажайып,өзгеше ,келбетті
362.Бұқар жырау толғауларындағы буын саны.7-8
363.Дулат Исабековтың шығармаларын табыңыз.«Шойынқұлақ»,
«Шалдар», «Ескерткіш», «Ақырамаштан наурызға дейін», «Қара
шаңырақ», «Кемпірлер»
364. «Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,

Қарайды шікірейіп өзге көпке»
Қай шығармадан алынған, қандай мағына береді.?«Егіннің
бастары»,Тәкәппарлық
365.Т.Ахтанов Күй аңызындағы күйші кім?Естеміс,Оразымбет
366.Зар заман өкілі Мұрат Мөңкеұлының шығармасы: «Үш қиян»,
«Сарыарқа»
367. «Шақан шері" романында кездесетін аңның түрі.Қабан. Жолбарыс
368.Доспамбеттің ұлдарының есімі.Есақай, Қосақай
369. "Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?"
Абайдың нешінші қара сөзінен алынғанын анықтаңыз.Он бірінші
370. «Сөз тұлғасын түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз,
қосымшалар»деп қарастырған ғалымды табыңыз.А.Байтұрсынов
371.Шер сөзінің мағынасы.Қайғы,мұң
372.Ғ.Мүсіреповтің «Тулаған толқынында» бейнеленетін бір оқиғаны
көрсетіңіз.1916 ж. дүрбелең кезіндегі ауыл тірлігі.
373. «Менің бақытсыздығым өз басымнан асып, кесапаты сағанда тие
бастады ақыры қайырлы болсын»,- деп Жамал кімге айтады?Ғалиға
374. «Қонақтар» әңгімесінде Сапабек ауылға келгенде не
әңгімелейді:Геология, геологияның болашағы туралы
375. «Қараңғы қазақ көгіне ,Өрмелеп шығып күн болам» кімнің өлеңі?
С. Торайғыров «Шәкірт ойы»
376. «Тәуелсізбін» өлеңінің авторы кім?Темірхан Медетбек
377. Ренессанс дегеніміз не?Мәдениеттің жанарып,жаңғырып отыруы
378. «Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат Құйрығын кесермін» өлең жолдарындағы көркемдегіш құралды
табыңыз.Ассонанс
379. «Тәуелсізбін,
Тәуелсізбін мен бүгін» қандай көркемдегіш құрал?Анафора
380.Біржанды қамшымен сабаған кім?Поштабай
381. «Ер Тарғын» жырын басып шығарған.Н.Ильминский
382. Ш.Құдайберді "Жастарға» өлеңінде кімнен үлгі алуға
шақырды?Абайдан.
383."Еділ болда Жайық бол
Ешкімменен ұрыспа " Кімнің өлеңі ?Асан қайғы
384."Еңлік- Кебек " шығармасындағы оқиғаның шиеленісі.Еңлік пен
Кебектің елден қашуы
385.М.Мақатаевқа алтын қалам сыйлаған адам кім?Ғ. Мүсірепов
386.Шәкәрімнің ұлының есімі қандай?Ахат
387. «Шақан шері» шығармасындағы шиленісін табыңыз.Кек қуған Шақан
388.Марат Қабанбаевтың шығармаларын табыңыз . «Бақбақ басы толған
күн», «Айшылық алыс жол», «Арыстан ,мен виолончель және
қасапхана»,«Қала және қыз бала»
389. Байбөрі баласы Бәмсі Байраққа сыйлыққа не алдырады?Боз
айғыр,садақ

390.Бамсы Байраққа сыйлыққа не береді?Бір емен садақ,Теңіз айғыры (су
жылқысы),Бір күрзі(шоқпар)
391."Бала кезімде географ болуды армандайтынмын. Ана
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
20.02.2024
1641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі