Материалдар / «Аты аңызға айналған, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға- Бауыржан Момышұлы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Аты аңызға айналған, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға- Бауыржан Момышұлы»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
777
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өтепбергенова Жеңіс Қылышқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміЖамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов ауданы Октябрь шаруа шағын орталықты орта мектебі

Сабақтың тақырыбы : «Аты аңызға айналған, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға- Бауыржан Момышұлы»Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың аты аңызға айналған даңқты қаһарманы,гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту, қанатты сөздерімен таныстыру, бала бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.Сабақтың әдіс –тәсілдері:Көрініс,топтастыру,Блиц –ринг ойыны, сұрақ –жауап, сергіту сәті, постермен жұмыс, қарлы кесек ойыны.Сабақтың түрі: Іскерлік,танымдық, шеберлік сабағыКөрнекілігі: Бауыржан Момышұлының портреті, кітап көрмесі, слайд, қанатты сөздер.Сабақтың жүру барысы:І.Ұйымдастыру (Психалогиялық тренинг) Мұғалім : Саламтсыздар ма құрметті қонақтар,құрметті оқушылар! Бүгінгі «Аты аңызға ,сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға- Бауыржан Момышұлы» туралы сабағымызға қош келдіңіздер!Сабағымызға жағымды көңіл күй тудыруға шақырамын. Ол үшін сендер мына сұрақтарға жауап беріңдерші:-Егер, сендердің қазіргі көңіл күйлерің жақсы болса, оң қолдарыңды көтеріңдер.-Егер, сендерге еліміздің болашақ тағдыры маңызды болса, сол қолдарыңды көтеріңдер.-Егер, өздеріңді өз Отанымның патриотымын деп есептесеңдер,екі қолдарыңды көтеріңдер-Енді осы көтерген екі қолдарыңды түсірмей тұрып, келген қонақтарға құрмет көрсетіп қол шапалақтауларыңды өтінемін.-Рахмет, келген қонақтарға қош келіпсіздер дей отырып сабағымызды бастаймыз.(Оқушыларды банкідегі жүрекшелермен топқа бөлемін)Кімге қай түстегі жүрекшелер ұнайды, соны алайық.Қызыл және сары жүрекшелерді алған оқушылар І топқа отырады.(Қызыл – адамгершілік, сары –адалдықты білдіреді)Көгілдір мен жасыл түсті жүрекшелерді алғандар ІІ топқа отырады. (Көгілдір- сүйіспеншілікті, жасыл- әдептілікті білдіреді.)

ІІ. Топқа бөліндік. «Қаһарман» және «Қаламгер» тобыІ ІІ бөлім. Көрініс «Бауыржан –майданда»Мұғалім: Міне балалар, мына көріністен біз кімді көріп тұрмыз?Оқушылар : Бауыржан Момышұлын көріп, таныдық. Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға –Бауыржан Момышұлы» туралы болмақБауыржан Момышұлы елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, қарымды қаламгер.«Мен де адаммын жаралған сүйек еттен,Арым бар ,намысым бар жан тербеткен.Қазақтың қарапайым бір ұлымынЖанымды арым үшін құрбан еткен...



Бізде ІІ топ сабаққа қатысып отыр «Қаһарман «тобы ізденуші, «Қаламгер»тобы зерттеуші. І І бөлім. Блиц- ринг ойыны арқылы Бауыржанның соғыс кезіндегі өміріне, нақыл сөздеріне, марапаттаулары мен шендеріне, әдебиетке қосқан үлесіне тоқтала кетейік. Тарихымыздан үлкен орын алған,қазақтың дара перзенттерінің бірі Бауыржан ата жайлы білу –ұрпақ парызы. Ендеше Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, отбасы жайлы деректерді тыңдап көрелік.Олай болса,І топ «Қаһарман» тобы Бауыржанның өмірі және білім алуы туралы не іздеп келдіңдер? ІІ топ «Қаламгер»тобы Бауыржан Момышұлы қаламгерлік жолға қалай келді? ІІІ бөлім. «Жеңістер мен жетістіктер»І топ, батырдың ерлік істері туралы не білеміз және батырдың бізге беймәлім қырлары туралы не айтасыңдар?ІІ топ, марапаттары туралы нені зерттеп, зерделеп келдіңдер?(Оқушылар топ бойынша жауап береді)ІҮ бөлім. «Қарлы кесек» ойыны арқылы қаламгердің нақыл сөздеріне кезек берсек (Қарлы кесекті лақтыру арқылы нақыл сөздерін айту)Мұғалім: Балалар мына кесекті сендерге кезекпен лақтырамын, сендер жауап бересіңдер)ҮІ. Сергіту сәті «Алға қазақ жігіттері» әнін бірге қосылып шырқайықҮІ І бөлімдері . Күй ойнап тұрады.«Поэзия минуты» 2 топтан бір- бір өлеңін мәнерлеп оқимыз. Мұғалім: Бауыржан атамыздың өміріне тоқталып өттіңдер, соғыста болған кезеңдерін айтып өттіңдер , енді қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?«Туған жер» және «Ескертпе»ҮІІІ бөлімі. « Ой тұғыр» батырдың естеліктеріне кезек береміз.(Оқушылар батырдың естеліктерінен үзінді оқиды)І топ және ІІ топ ІХ бөлім. Жазушы жастарды неден жирендіріп, неге шақырған (Постер қорғау арқылы жауап береді)

Рефлекция «Ақылдың алты қалпағы» бүгінгі сабақ бойынша қалпақтарды ала отырып, оқушылар өз ойын айтып, қорытады.Мұғалім: Қорыта келе,аты аңызға айналған әйгілі батыр ,есімі ел жадында мәңгі жатталып қалған даңқты қолбасшы, халқымыздың қыран мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес биік тұлға, жастардың ұлағатты ұстазы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының өзіне ғана тән көп қырлы қайталанбас асыл бейнесі ұрпақтан ұрпаққа жетіп, асқарлана, ажарлана түспек.«Алтын да, алмас та емес жарқылдаған,Бір сый бар, аға, саған тартылмаған.Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрерСыйдан да он есе артық даңқың маған- деп сабағымызды аяқтаймын.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!