15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Атуды үйрену
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ТАРАЗ-ҒАСЫР» КОЛЛЕДЖІ
«БЕКІТЕМІН»
директордың оқу және жаңа
технология жөніндегі орынбасары
________________ Ш.Б.Аширова
«___» ___________ 2017ж
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: АК-74 қаруынан және кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.
Оқытушы: Ү. А.Маханов
Пәні: Алғашқы әскери дайындық
Тобы: Мд-1-17
Мамандық: 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Жоспар кафедра отырысында қарастырылып, ұсынылады.
Хаттама № ___ ____ _______________________ 2017ж
Кафедра меңгерушісі _________________З.Ә. Матаева
Тараз 2017ж
Сабақтың тақырыбы: АК-74 қаруынан және кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.
Сабақтың білімділік мақсаты: Алғашқы әскери дайындық сабағында студенттерді қолды тіреп жатып,АК-74 қаруынан және кіші калибрлі винтовкадан дәл ату әдістерімен таныстыру. Студенттердің бойында ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау дагдысын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:Студенттердің бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа өздігінен іздене білуге, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың оқу әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау, түсіндіру.
Сабақтың зерттеу әдісі: Оқытушының студентке шығармашылық тапсырма беру, білімгерлер тапсырманы өз беттерімен шешіп, орындау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сүрақтар:
1. Автоматтан ату бойынша алғашқы жаттығуды орындау.
2. Тірекпен жатып автоматтан атуға дайындау.
3. Қозғалмайтын нысана бойынша ату кезіндегі көздеу нүкгесін
анықтау.
Жаңа технолгоия: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекіліктері: Плактаттар, АК-74 қаруы, КЯ-83 жәшігі т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызу. Оқытушыға рапорт беру, амандасу, түгендеу.
2. Білімгерлердің сырт көрінісін тексеру.
3. Білімгерлердің назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Миға шабуыл» сұрақ-жауап
1.
Жарықшақты қол гранаттары неге арналған?
2. ҚР ҚК - де және қарулануында қол
гранаттарының қандай түрлері бар?
3. Ф-1,РГД - 5,РГ-42,РГК- жарықшақты қол
гранаттарының ұрыстық қасиеттерін атап
беріңдер.
4. Ұрыс
гранаталарын лақтыру кезінде келесі
қауіпсіздік шараларды түсіндір.
5. «Кім жылдам» Автоматты бөлшектеу және жинақтау.
Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа тақырыпқа көшу
Оқу орны
№ 1 оқу нүктесі.
АК-74 қаруынан 4-дайындық
жаттығуын орындау.
орындау.
№ 3
оқу нүктесі.
АК-74 қаруының құрылысымен
таныстыру және оны оқтау тәртібін
үйрету.
№ 2
оқу нүктесі.
Қозғалмайтын
нысанаға АК-74 қаруынан
(пневматикалық
қару) қолды тіреп жатып атуға жаттығу.
Жаңа сабақ
Тақырып бойынша қарастырылатын сүрақтар
1. Автоматтан ату бойынша алғашқы жаттығуды орындау.
2. Тірекпен жатып автоматтан атуға дайындау.
3. Қозғалмайтын нысана бойынша ату кезіндегі көздеу нүкгесін
анықтау.
Әдіс. Автоматтан атуға жаттығу.
Сабақтың материалдыц жабдътқалуы. Автомат (пнев- матикалық винтовка), оқу оқтары, №4-8 нысана, жалаушалар.
№1 оқу орнында оқытушы-үйымдастырушының басқарауымен, студенттер автоматтан (пневматикалық автоматтан) алғашқы оқ ату тәсілдерін орындайды;
№2 оқу орнында взвод командирі автоматтан тіреп жатып атуды жаттықтырады; №3 оқу орнында бөлімше командирі студенттердің автоматтан оқ атуды орындау тәртібімен қауіпсіздік шаралары тексеріледі. 20-25 минуттан соң оқу-жаттығу орындарын ауыстырады.
1-оқу сұрғы. Оқу орнында өткізіледі. Нысана болып 75x75см тақтаға (№4 нысана) адамның кеуде бейнесіндегі сурет орнатылады. Қолды тіреп жагып жалғыз оқпен кеуде бейнесіне ату шарттары. Жүгіріп бара жатқан бейнені автоматты кезекпен ату ережелері. Автоматтан алғаш рет ату әскерде және әскери мектептерде қабылданған әдістемеге сәйкес жүргізіледі.
Оқытушы-үйымдастырушы автоматтан ату кезіндегі әрекеггерді өзі көрсетеді. Содан кейін ататын орынға бірінші бөлімшені алып келеді. Ал қалған студенттерді қауіпсіздік шараларымен таныстыруға тылға жібереді. Содан кейін автоматты оқтауга бүйрық беріп, оқушылардың ол әрекеттерді дүрыс орындауларын қадағалайды. Керек жерлерінде ескерту жасайды. Егер бір оқушыға бірнеше ескерту жасалса, ол атуға жіберілмейді.
2-оқу сұрағы. Оқу-үйрену орнында өткізіледі. Взвод командирі студенттердің автоматтан атуға дайындығын тексереді. Оның бұйрығымен студенттер тіреп жатып атуға дайындалады. Взвод командирі қажет болган жағдайда түзетулер мен ескертулер жасайды.
3-оқу сұрағы. Оқу-жаттығу орнында өткізіледі. Студенттерді көздеу нүктесін табуға тәрбиелейді. Автоматтан алғашқы жаттығуды орындау шарты және тэртібі түсіндіріледі. Екі нысанаға да тигізіп, 25 ұпай алса «өте жақсы», 20 алса «жақсы», 15 алса «қанағаттанарлық» бағалары қойылады. Алғашқы жаттығудан 15 ұпайдан төмен алғандар, жүгіріп келе жатқан бейне нысананы атуға жіберілмейді.
Атыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Қауіпсіздік шараларын меңгермеген жеке құрам атысқа және атысқа қызмет көрсетуге жіберілмейді.
Әрбір әскери қызметші атыс кезінде белгіленген кауіпсіздік шараларын нақты және бұлжытпай орындауы тиіс.
Бөлімше мен бөлімдер командирлері өзіне бағынышты жеке құрамның белгіленген қауіпсіздік шараларын нақты орындауына толық жауап береді.
Атыс алдында нысана алаңын қарап шығу қажет және оның аумағында адамдар, малдар мен көліктер болмауы керек.
Атыс орындарында қозғалу оқу орталығының бастығымен көрсетілген жолдарда және аудандарда рұқсат етіледі.
Атыс орындарында атуға атыстың аға жетекшісі рұқсат береді. Оқу орталығы түгелдей қоршауға алынған жағдайда атыстың басталуы туралы рұқсатты оқу орталығының бастығы береді. Атыс жүргізу орындарында атыс жүргізу командалық пунктте қызыл жалау көтерілгеннен кейін рұқсат етіледі.
Атыс жүргізуді атушылар келесі жағдайларда өздігімен немесе жетекші пәрменімен дереу тоқтатуы тиіс:
- нысаналық алаңда адамдар, машиналар және жануарлар, атыс ауданы үстінде төмен ұшып бара жатқан ұшақ пен тік ұшақтар пайда болғанда;
- гранат қауіпсіздік аймағынан тыс немесе адамдар орналасқан блиндажға жақын түскенде, және блиндажбен байланыс үзілгенде;
- командалық пункт немесе блиндажда ақ жалау көтерілгенде
- атысты тоқтату жөнінде басқа белгіленген белгілерде (жарылғыш-пакет, шашка, ракета және т.б.);
- қоршауға алу бекетінен атыс жүргізудің қауіпсіздігі туралы баяндалғанда немесе белгіленген белгі берілгенде;
- нысаналық алаңда өрт пайда болғанда;
- атушы бағдар жоғалтқанда;
Атуды тоқтату үшін «Тоқтат» белгісі беріліп, қызыл жалаудың орнына ақ жалау көтеріледі, сонымен бірге «Тоқта, атуды тоқтат» пәрмені беріледі.
«Тоқтат» белгісінен «Ат» белгісіне дейін кімде кімнің атыс позициясында болуға және сол жерде қалдырылған қаруға жақындауға тыйым салынады.
Қатаң тыйым салынады:
- «Ат» белгісіне дейін (жетекші, командир пәрмендері) қаруды ұрыстық, бос патрондармен, сондай-ақ ұрыстық және инертті гранаталармен оқтауға;
- қаруды адамға қарай кезеуге, жан-жаққа және атыс орны тылына бағыттауға, оқталған оқталмағанына қарамастан;
- ақаулы қарудан, ақаулы оқ-дәрілермен, атыстың қауіпті бағыттарында, командалық пункттер мен жасырынған жерлерде (блиндаждарда) ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;
- оқталған қаруды қай жерде болмасын қалдыруға немесе атыс жетекші сының пәрменінсіз жеке қаруды басқа адамдарға беруге, атыс орнында қалдыруға;
Көздеу. Дәл көздеу мерген атуда өте маңызды. Осы сұрақ бойынша үйренуде нақты дағдылану үшін жауынгерлерді жарақтау мен жарақсыздандыруға үйретумен қатар бастап, олармен ату жаттығуларын жүргізу қажет.
Көздеуге үйретудің шамалап алғандағы реттілігі:
- жетекші көзді анықтау;
- тегіс қарауылға алуға үйрену;
- қаруды станоктан нысанаға алуға үйрену;
- көздеу дұрыстығын тексерумен жатып көздеуге үйрену (отоскоп және өзге оқу аспаптары арқылы).
Көздеу, әдетте, бір көзбен көзделеді. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: қай көзбен көздеу керек? Әдетте оң көзбен көздеуге үйретеді. Бірақ көздейтін көзді таңдау жетекші көзді анықтау жолымен шешіледі.
Жетекші көзді анықтағаннан кейін бір көзді жұмып (жетекші емес) көздеуге жаттығуларына мүмкіндік беру қажет. Қандай да бір студент қандай да бір себептермен көзді (жетекші емес) жұмып көздей алмайтын жағдай-ларда, оған екі көзін ашып көздеуге рұқсат етуге болады.
Көздеу рет ретімен орындалатын екі әрекеттен тұрады – тегіс қарауылға алу және оны көздеу нүктесімен дәлденеді.
Бастапқыда жетекші көрнекі қарауылдың қандай бөлігі қарудың көздеу құрылғысының қандай бөлігін білдіретінін түсіндіреді және көрсетеді. Түсінікті түрде түсіндіргеніне көз жеткізіп, жетекші көрсеткіш қарауылда тегіс қарауылға қойып, көздеу тақташасының ойығына қарағанда қарауыл қандай қалыпта болатынын әр студентке кезекпен көрсетеді. Барлық үйренушілер тегіс қарауылға алуды көргеннен кейін, жетекші түсіндіреді (мысалдап): «Сіздер қарауылдың көздеу тақташасының ойығымен дәл келгенін, ал қарауыл төбесі ойықтың жоғары шетінде тұрғанын көрдіңіздер. Сіздер тегіс қарауылға алуға үйренесіздер».
Осындай көрсетуді ол станокта бекітілген қарудан да көрсетеді. Содан кейін жетекші көрнекі қарауылдарды үш-төрт студентке бір-бірден таратады және әр топтағы студенттердің біреуіне тегіс қарауылға алуды көрсетуді бұйырады; қателері болса, мұндай қателіктің неге әкеп соғатынын түсіндіреді.
Қаруды бағыттау кезінде тұрақты жағдайға келтіру үшін көздеу станоктарын қолданған жөн. Диафрагмасы белгіленген автоматты жетекші станоктан 10-15 метр алшақта қойылған нысанаға (диаметрі 3-5 см қара дөңгелек) көздейді. Содан соң студенттерге бұл кезде көздеу тақташасының ойығына қарағанда емес, көздеу нүктесіне қарағандағы қарауылдың дұрыс жағдайын қарап, есте сақтауды бұйырады. Келтіруді бұзып, жетекші үйренушілерге кезекпен қаруды нысанаға келтіруді бұйырады. Келтіру диафрагма көмегімен дұрыс келтірілгеніне көз жеткізгеннен кейін ол ашық көздеумен қысқа қашықтықта станоктан келтіруге үйретуге көшеді. Диафрагма тек бақылау үшін қолданылады, жетекші диафрагма арқылы тегіс қа-рауылға қойып, қайырма тақтайшаны көтеріп, үйренушіге қаруды нысанаға келтіруді және оны станогта бекітуді бұйырады. Жетекші содан кейін қайырма тақтайшаны бұрынғы жағдайға қойып, келтірудің дұрыстығын тексереді.
Студенттерді қысқа қашықтықта станогтан келтіруге үйреткеннен кейін жетекші ақиқат қашықтықта келтіруге үйретуге кіріседі. Оқыту әдістемесі бұл кезде алдыңғыға ұқсас болады.
Кейінде қаруды нысанаға келтіру біркелкі көздеуге дағдылануда қолданылады. Жетекші қаруды көздеу станогына бекітуді, ал одан 10 метр (20 метр) жерде таза қағаз беті бар қайырмалы экранды орнатуды бұйырады. Қару және қайырмалы экран жармасында ақиқат қашықтықта нысана қойылады. Экранда қаламды көрсеткішпен және өткір ұшталған қарындашпен студент белгіленеді. Жетекші экран терезесі арқылы қаруды нысанаға келтіреді, қаруды келтіруді бұзбай, көрсеткіш арқылы экранда келтіру нүктесін белгілеуді бұйырады. Осылай үш белгі жасалады. Осы белгілер бойынша жетекші бақылау нүктесін анықтайды, және келтіруді бұзып, үйренушіге нысанаға үш рет көздеуді ұсынады. Әр көздеу нәтижесі экранда белгіленеді. Алынған нүктелер бойынша жетекші келтіру нәтижелерін бағалайды. Экранды 10 метр алшақтықта орнату кезінде көздеудің біркелкілігі, егер барлық үш белгі диаметрі 3 мм шеңберге сыйса, «үздік» деп бағаланады; «жақсы» - диаметрі 5 мм шеңберге; «қанағаттанарлық» - диаметрі 10 мм шеңберге; «қанағаттанарлықсыз» - келтіру белгілері диаметрі 10 мм шеңберге сыймаса.
Мұндай дайындықтан кейін жетекші атуға дайындық және орнығуды үйлестіре отырып, студенттерді көздеуге үйретуге кіріседі. Жатып қолмен атуға дайындалып, жетекші біріншіден орныққаннан кейін олардың қару бағытталған, көздеу сызығына қарауға тиіс екендерін көрсетеді және түсіндіреді. Егер ол нысанадан басқа жаққа бағытталған болса, онда нысанаға келтіру үшін шынтақтарды қозғамай, барлық денені өзгерту қажет. Көрсетуді аяқтап, жетекші «Жатып – оқта» пәрменін береді және қаруды нысанаға келтіруді бұйырады. Біріншіден үйренушілер тегіс қарауылға алынған қаруды, биіктігіне қарай дәлдікті назарға алусыз, дене корпусын оңға немесе солға ауыстыру жолымен жанға қарай нысанаға келтіреді. Содан кейін жетекші биіктік бойынша келтіруге үйретеді. Барлық үйренушілер қысқа қашықтықта дұрыс көздегендеріне көз жеткізіп, жетекші ақиқат қашықтықта үйретуге кіріседі, онда ол бақылау үшін оптикалық әмбебап ортоскопты пайдаланады. Жетекші үйренушілердің дұрыс көздегеніне көз жеткізсе, ол студенттерді шүріппені ағытуға үйретуге кіріседі.
Жатып ату жағдайында атысқа дайындалуды үйрету
АК-74-тен бастапқы жаттығу келесі тәртіпте орындалады:
- жетекші үйренушілерге тактикалық жағдайға кіріспе беріп, олардың алдына тапсырма қояды;
- бастапқы қалыпта атыс жетекшісі оқ-дәрілер таратушыға ауысымға үш патрондардан беруді бұйырады, атушыларға нысананы, оған дейінгі қашықтықты, қарауылды және көздеу нүктесін қоюды, ату орны мен жағдайын көрсетеді;
- «Бәрің тыңдаңдар» белгісінен кейін атушылардың ату орнына қозғалуды және тіреуге (топырақ, жер салынған қаптардан және т.б.) дайындалу пәрменін береді, мысалы: «ауысым, атуға тірелуге дайындал – алға»;
- үйренушілердің тіреуге дайындалуы мен атыс жағдайына орналасу дұрыстығын тексергеннен кейін жетекші «Ат» белгісі бойынша «Ұрысқа» пәрменін береді;
- атушылар қаруды оқтап, былай деп баяндайды: «Курсант Әбіламан ұрысқа дайын»;
- атушылардан баяндама алғаннан кейін, жетекші оқ атуға пәрмен береді, мысалы: «Ауысым – ат»;
- «Ат» пәрменінің алдында жетекші үйренушілердің қарауылды дұрыс қойғандарын тексеруі мүмкін;
- атыс аяқталған соң үйренушілер былай деп баяндайды: «Курсант Әбіламан атысты аяқтады»;
- атушылар атысты аяқтағаннан және атысты аяқтау туралы баяндама жасағаннан кейін, жетекші қаруды қарап, атушы ауысымды бастапқы қалыпқа қайтарады;
Ағытқыш ілмекті басу. Көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде қозғалмауы керек. Егер ату кезінде еркін демалса, онда қару тербеледі: демалғанда ұңғы төменге, ал дем шығарғанда – жоғарыға ауытқиды.
Үйренушілер көздеу кезінде дем алмау қажеттілігіне көрнекі түрде көз жеткізуі үшін, жетекші оларға жатып атуға дайындалып, қандай да бір нүктені көздеп, бірнеше терең демалуға және демалмауға, оған қоса ұңғының ауыз жағының көздеу нүктесіне қарағанда қозғалысын бақылауды бұйырады.
Ату кезінде ағытқыш ілмекті басу бірден бір маңызды және жауапты сәттердің бірі болып табылады. Ағытқыш ілмекті басу кезіндегі бастысы – ағытқыш ілмекті жайлап баса білу. Басу қарудың көздеуге келтіру жағдайы бұзылмайтында етіп жай баппен басу қажет. Ағытқыш ілмекті аса абайлық-пен, сондай-ақ айтарлықтай сенімсіз басу ату дәлдігін төмендетеді. Ағытқыш ілмекке басу кезінде қару жағдайы өзгермес үшін, тегіс қарауылға алып, демді ішке тартып, оны көздеу нүктесіне дәлдеу қажет, осымен бір мезетте, шүріппе ұрыстық қайтармадан байқатпай ағытылғанша (өздігімен сияқты), яғни атыс болғанша, ағытқыш ілмек жай және біркелкі басылады. Үйрету кезінде біріншіден, ағытқыш ілмекке сұқ саусақтың бірінші буыны қойыла-тынын және ілмекке жай және тіке артқа басу керектігі көрсетіледі және түсіндіріледі. Егер ағытқыш ілмекке сұқ саусақтың екінші буынын қойса, онда солға артқа басылатын болады, соның салдарынан қару да солға ығысады.
Ағытқыш ілмекке жай басуды жетекші былайша көрсете алады. Кезекті үйренушіге сұқ саусақты ағытқыш ілмекке дұрыс қоюды бұйырып, жетекші өз саусағын үйренушінің саусағының үстіне қойып, ағытқыш ілмекті шүріппе ұрыстық қайырмадан ағытылғанша жай басады. Мұндай көрсетуді жетекші студент басу күші мен жай басуды сезінгенінше бірнеше рет қайталанады.
Бұдан кейін ағытқыш ілмекке басуды үйрену көздеу және демді ішке тартумен бірге жалғастырылады. Жетекші, егер студенттер бұған дейін атудың жекелеген тәсілдерін (көздеу, демді ішке тарту және ағытқыш ілмекті басу) орындаған болса, онда оларды осы барлық тәсілдерді бір уақытта орындауға үйрету керектігін есте сақтауы қажет.
Басында студенттерді демді ішке тартып, көздеу нүктесін белгілеусіз тегіс қарауылды ұстап тұрумен бірге ағытқыш ілмекке жай басуға үйретіп, содан кейін ағытқыш ілмекті басуға және көздеудің белгіленген нүктесінде тегіс қарауылды ұстауды үйретуге көшкен жөн. Үйретуді оқу-жаттығулық нысаналар бойынша қысқа қашықтықта бастаған жөн.
Студенттердің осы тәсілдерді дұрыс орындағандарына көз жеткізіп, жетекші осындай әрекеттермен, бірақ нысаналарға ақиқат қашықтықтарда көздеуге үйретуге кіріседі.
Көздеу, демді ішке тарту және ағытқыш ілмекті басуды бір уақытта тексеру мүмкін еместігін назардан тыс қалдырмау қажет. Сондықтан қандай да бір тәсілді тексерген жөн. Бұл кезде студент аталмыш сәтте қандай тәсіл тексерілетінін білмеуі қажет.
Жатып ату кезінде мерген автоматты ұңғы жабуынан оң қолмен ұстап, дүмді жерге босатып, ұңғы бөлігін сол қолдың білегіне қою керек. Оқпанадан ату кезінде автоматты оғы алынған соң, оқпананың топырақ қалқасына қайта оқтау тұтқасын төмен қарата қоюға болады. Егер дереу оқ ату көлделмесе, онда бленданы орнына қойып, объективке қалпақ, көздеуішке қап кигізу керек немесе оптикалық көздеуішті автоматтан алып, сөмкеге салу қажет.
Автоматтан оғын алу үшін:
- оқжатарды бөлу;
- автоматты тежегіштен алу;
- бекітпе жақтауын қайта оқтау тұтқасынан жайлап кері шегіндіріп, оқтытқан патрондарды алып, бекітпе жақтауын түсіру;
- ағытқыш ілмекті басу;
- автоматты тежегішке қойып, автоматты бауынан ұстау, ал атыс жатып немесе тізерлей жүргізілген болса, жерге қою керек.
- оқжатардан патрондарды алып, оны автоматқа қосу;
- оқтықтан алынған патрондары іріктеу керек.
Патрондарды оқжатардан шығару үшін, патрондарды жоғары қаратып, оқтарын өзінен сыртқа қаратып оқжаттарды сол қол ұстау керек, оң қолмен оқсауыттың көмегімен патрондарды біртіндеп өзінен сыртқа қарай оқжатардан итеру керек.
Жатып жағдайында атыстан кейін тұру үшін екі қолды кеуде тұсына тартып, автоматты оң қолмен ұңғы жабуынан ұстап тұру керек. Содан кейін екі аяқты бір-біріне қосып қолды дереу түзетіп, кеудені жерден көтереміз де, оң аяқты алға қарай шығарып дереу тұрып, керек болса, қозғалысты бастау қажет.
Автоматтың оғын алғаннан кейін егер керек болса, командир: “Қаруды тексеруге!”пәрменін береді.
Бұл пәрмен бойынша орындалатындар:
- жату жағдайында:оқтарды бөлектеу және оны автоматтың жанына оқ берушіні өзіне қаратып қою, автоматты тежегіштен түсіріп, бекітпе рамасын артқа жылжыту, автоматты біршама солға қарай бұру; жетекші оқтық пен оқжатарды тексерген соң бекітпе рамасын алға босатамыз, шүріппені қайырмадан түсіріп, винтовканы тежегішке қоямыз, оқжатарды автоматқа біріктіреміз;
В) Қорытынды
бөлім
Сұрақтар
мен тапсырмалар:
- Атыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
- АК-74-тен бастапқы жаттығуды орындау тәртібі;
- Көздеудің шамалап алғандағы реттілігі:
ІІІ. Үйге тапсырма
- Қандай
жерлерде ату үшін орын жабдықталады?
-
Қандай жерлерде ату үшін орын таңдау
қажет?
-
Ұрыста автоматшы (пулеметші) қандай
жылжу тәсілдерін пайдаланады?
-
Автомат (пулемет) ұрыста қозғалу кезінде
қандай жағдайда ұсталынып тұрады?
-
Автоматшының жатып ату үшін қолданылатын
жағдайы туралы айтыңдар.
-
Автоматшының тұрып ату үшін қолданылатын
жағдайы туралы айтыңдар.
Білімгерлерді
бағалау, үйге тапсырма беру.
ІҮ. Бағалау.
Студенттерді біліміне қарай бағалау.
Әдебиеттер:
1. Алғашқы әскери дайындық Аманжолов А.А 2006 ж
2. Оқу процесі мен ішкі тәртіпке жалпы әскери жарғылар
талаптарын енгізу жөніндегі жұмыс әдістемесі Алматы 2000ж
3. Каргин С.Т., Дошаков С.Х. Бастапқы әскери дайындық негіздері. – Қарағанды, 2002.
4. Проведение занятий по начальной военной подготовке. П.М.Брысин, М.П.Калинин
5. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы 2007 ж
6. Азаматтарды әскери қызметтке шақыруды ұйымдастыру және өткеру ережесін бекіту туралы 2006 ж
7. Аманжолов А.А Алғашқы әскери дайындық 2003 ж
8. Жақсыгельдинов М.Т. Бастапқы әскери дайындық 2003ж
9. Қазақстан Республикасы даму стратегиялық бағдарламасы «Қазақстан-2030»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген