жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Атырау қалам
Бекітемін
Лицей директоры
_____ Ф.Г. Шангереева
«____»_____ 2018 жыл
Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейдегі Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін
«Ардақты өлкем – Атырау» атты жас таланттар сайысы
Жауапты: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Өтетін күні: 26.01.2018
Өтетін жері: АКТ залы
Барысы:
Жүргізуші-1: Атырау –өлке бабалар кескен кіндігін
Аналар ашқан ак отаудың түндігін.
Арғы да бергі тарихын оның паш етіп,
Атағын айдан асыратындай күн бүгін.
Жүргізуші-2: В честь 80-летия основания Атырауской области приветствуем вас на конкурсе «Молодые таланты!»
Жүргізуші-1:Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін «Ардақты өлкем – Атырау» атты жас таланттар сайысына қош келдіңіздер!
Жайығында балығы тулаған, мұнайы қайнаған, небір дана кісілер, ақындар, дарындылар дүниеге келген киелі жер. Махамбет, Исатай, Фаризадай және де т.б. бір туарларымызды мақтан етеміз. Атырауым жылдан жылға көркейіп, адам танымастай өзгерді. Халқында қазақы иісі бар, қонақжайлығы, тілі-діні бойына дарыған қазақтарды осы Атыраудан көруге болады.
Жүргізуші-2:Атырауская область образована 15 января 1938 года. Расположена на западе республики, к Северу и Северо-Востоку от Каспийского моря. Территория – 118 тыс. кв.километров. Центр области – город Атырау основан в 1649 году, назывался Яицкий городок. В 1734 году городу присвоено наименование Гурьев. 21 февраля 1992 года город Гурьев и область перименованы историческим названием Атырау.
Жүргізуші-1:Өте жақсы мәліметтер екен, олай болса, сен айтқан мәліметтерді толықтыру үшін экранға көз жүгіртейік
ВИДЕОРОЛИК (Атырау туралы)
Жүргізуші-1: Атаулы мерекемен құттықтау үшін ортаға лицей басшысы Шангереева Фаруза Ғарифоллақызын шақырамыз
Жүргізуші-1:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар.
Әнді сүйсен менше сүй
9 А сынып Жас Ұландары Нұрсая мен Гүлім «Мерекем» әнімен
Жүргізуші-1:
Атырау –өлке алыптай еркін кесілген,
Еңбектің ерен ерлерін талай өсірген.
Батысы-Нарын құйқалы қоныс, ен жайлау,
Шығысы-Жылыой төсінде Жемі есілген.
Жүргізуші-2:
Расцветаешь на глазах,
Я тебя люблю мой город, ясный свет на небесах.
Ты теперь похож на солнце, ярким лучиком светя.
Раскрываешь ты просторы добрым словом
говоря...
Жүргізуші-1:
«Ардақты өлкем – Атырау» жас таланттар сайысының қатысушыларымен таныстырып өтейік
-
Каримова Азиза – 9 А сыныбы
-
Сабит Гүлім – 9 А сыныбы
-
Абуова Назерке – 9 Б сыныбы
-
Джанаев Абат – 9 В сыныбы
-
Төлен Абылайхан – 10 А сыныбы
-
Енсепова Айзада – 10 Б сыныбы
-
Орманова Альбина – 10 В сыныбы
-
Қайратова Жансая – 10 Г сыныбы
Жүргізуші-2:
Для начала мы хотим ознакомить вас с условиями конкурса
В нашем конкурсе два тура
1 тур написать стихотворение посвященное юбилею Атырауской области
2 тур стихотворение на свободную тему
Жүргізуші-1:
Жас таланттардың өнерін бағалап, әділ шешім шығаратын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
-
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Масакаева Нұргүл Нысанбаева
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базарғалиева Ирина Базарғалиқызы
-
Интернат меңгерушісі Тасболатова Нұрсұлу Қайратқызы
Жүргізуші-1:
Олай болса, бірінші турды ашық деп жариялаймыз. Қатысушыларға орындарына жайғасуға рұқсат.
Сайысымызды бастайтын 9 А сынып оқушысы Каримова Азиза.
-
Сабит Гүлім – 9 А сыныбы
-
Абуова Назерке – 9 Б сыныбы
-
Джанаев Абат – 9 В сыныбы
-
Төлен Абылайхан – 10 А сыныбы
-
Енсепова Айзада – 10 Б сыныбы
-
Орманова Альбина – 10 В сыныбы
-
Қайратова Жансая – 10 Г сыныбы
Жүргізуші-2:
Первый тур подошел к концу. До начала второго тура мы бы хотели предоставить вашему вниманию песню в исполнении Дильназ
« Сәлем саған туған ел»
Жүргізуші-1:
Жазба ақындар жиналды, міне көрдің,
Бәрінің ойға алғаны жарқын сенім.
«Жаныма жақын жырларым» бөлімінде
Ал, көпшілік!
Қабылдаңыз жас ақын өлеңдерін.
Сайыскерлер өзінің еркін тақырыпта жазған жырын мәнерлеп жатқа
оқиды.
Жүргізуші-1:
Атырау — өлке тағдырдан сағы сынбаған,
Өнердің талай наркескендерін шыңдаған.
Әбу мен Хамит, Жұмекенұрпағы сыр шертсе
Кәрісі – жасы демдерін алмай тыңдаған.
8 А сынып Жас Ұланы Фарида «Қазақстан» әнімен
10 Б сыныбының Жас Ұланы Бекжан- «Атырау-қалам» әнімен
Жүргізуші-1:
«Әркімнің туған жері –Мысыр шаһары»- деп бекер айтылмаса керек.Қасиетті де киелі, қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата-бабамның мекені.
Жүргізуші-2:
К своему почтенному возрасту Атырау подошел с новыми победами, высокими достижениями. Мы, жители нефтяной столицы, радуемся, гордимся. Каждый день любимого города ознаменован яркими событиями, радостными новостями.
А наш конкурс подходит в концу. Членов жюри просим подвести итоги.
Жүргізуші-1:
Ол үшін сахна төріне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Масақаева Нұргүл Нысанбайқызын шақырамыз.
(МАРАПАТТАУ)
Жүргізуші-2:
Достижения сегодняшнего Атырау – это задел большого будущего. Перспективы областного центра четкие, возможности реальные и ресурсы огромные. Сегодня все теплые слова, прекрасные пожелания посвящены тебе, красивый город над седым Уралом!
Жүргізуші-1:
Ер еңбегі шалқып,
тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен
сұлу, неткен көркем,
Осы
менің туған өлкем!
Бүгінгі Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін «Ардақты өлкем – Атырау» атты жас таланттар сайысы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген