Атыс
жүргізу
көздеуішін қою және
винтовканы қою.
Тақырыбы:
Атыс
жүргізу көздеуішін қою және винтовканы
қою.
Сабақтың
барысы
Винтовкадан
атыс пәрмен бойынша немесе алға қойылған
міндеттер мен жағдайға орай өз бетінше
жүргізіледі.
Атыс
жүргізуге берілетін пәрменде: мергеннің
аты-жөні, нысана, көздеуіш, бүйірлік
түзеткіші мен көздеу нүктесі атап
айтылады: “Мерген
Әлімов, пулемет бойынша – бес, солғ –
бір, нысанаға – ат!”
Көздеуіш,
бүйірілік түзеткіші
мен көздеу нүктесі мергенге атап
көрсетілмеуі де мүмкін, мысалы: “Мерген
Мұратов, атыс ойығы бойынша – ат!”Бұл
кезде мерген өз бетінше анықталған
қондарғылар ьойынша атыс жүргізеді.
Атыс
жүрзізуге:
көздеуішті қою, бүйірілік түзеткішті
енгізу, дүмді, көздеуішті қалыпқа
келтіріп, ұрыстық қайырмадағы шүріппені
ағыту кіреді.
Көздеуішті
қою мен оптикалық көздеуіштің бүйірлік
түзеткішін енгізу үшін винтовканы
өзіне, жақындатады: жоғары бұраманы
айналдыра отырып, көрсеткішке қарсы,
қарсы бүйірлік түзеткіш шкаласының
талап етілген бөлінісіне қояды.
Бүйірлік
түзеткішті енгізерде: оңға бұру үшін
ортанғы нүктеге қою кезінде қара санды
шкаланы, оны солға бұру үшін қызыл санды
шкаланы қолданады.
Ашық
көздеуішті қою кезінде винтовканы өзіне
жақындатып, басбармақ және сұқ саусақпен
қамыт ілгешегін қысып, оны көздеуыш
тақтайшасы бойымен алға, оның алдыңғы
шеті көздеуіш тақтайшасының керекті
бөлінісіне жеткенше жылжытады.
Винтовканы
қою үшін оны
тежегіштен ағытып тастау керек, ол үшін
сол қолмен ұңғы жабуынан немесе
оқжатардан, ал оң қолмен дүмді ұстап,
нысананы көз алдынан жоғалтпай,
винтовканың дүмін артқы ныққа толық
тіреу керек; басты алға иіп, мойынға көп
күш түсірмей, оң бетті дүм жағына тигізу
қажет; оң қолдың сұқ саусағын шүріппеге
салу қажет.
Шынтақты
қою төмендегідей жүргізіледі:
· жатып
ату, оқпанадан ату, тізерлеп және
тұрып ату кезінде шынтақ ыңғайлы жағдайда
иық кеңдігіне мөлшерлеп, жерге қойылады;
· тізерлеп
оқпадан тыс ату кезінде
сол қол шынтағы сол аяқ тізесінің етті
жеріне немесе одан біраз жылжытылып
қойылады. Ал оң қол шынтағы иық биіктігіне
мөлшерлеп қойылады.
· тұрып
оқпадан тыс ату кезінде
оң қол шынтағы иық биіктігіне мөлшерлеп
көтеру керек;
· отырып
ату кезінде екі қол шынтақтары
тізеге тіреліп немесе мергенге ыңғайлы
болса, тізеден төмен түсіре қойып атуға
болады;
Егер
винтовканы иық ұстап тұру үшін атыс
кезінде бау қолданылатын болса, бауды
сол қол саусақтарының астына, ұңғы
жабуына қысылап тұратындай етіп
орналастырылған жөн.
Оптикалық
көздеуіштің көмегімен
көздеу үшін оң көзді көздеуіштің
оптикалық осінің бойымен көз қалқанында
ұстау керек, ал сол көзді қысуға болады;
шынтақты ауыстыра отырып, егер қажет
болса, дене мен аяқты көздеу нүктесіндегі
тор бұрышының ұшына келтіру керек, дәл
осы сәтте, оң қолдың сұқ саусағының
алғашқы буынымен ағытқыш ілмекті түзету
шкаласына көлденең орналасу және мерген
көздеуіш маңындағы бәрін көруі қажет.
Егер
мергеннің көзі оптикалық осьтен жоғары
не төмен жаққа ауысқан болса, көз
бағытталған көздеуіштің көру алаңында
ай тәрізді көлеңке пайда болады. Ай
тәрізді көлеңке болған жағдайда оқ
көленкеге қарсы жаққа ауытқиды.
Ашық
көздеуіштің көмегімен көздеу кезінде
сол көзді қысып, оң көзбен көздеуіш
тақтайшасының ойығы арқылы қарауылдың
төбесіне қарай отырып, қарауыл көздеуіш
ойығының ортасында, ал оның ұшы көздеуіш
тақтайшасындағы белгілердің үстінгі
шетімен бірдей болатындай етіп келтіру
қажет, яғни “тегіс қарауылға ” алу
керек; “тегіс қарауылды ” көздеуі
нүктесіне келтіріп, онымен бір мезгілде
ағытқыш шүріппені басу керек. Көздеу
кезінде көздеуіш тақтайшасыкөлденеңжағдайда
тұруын бақылау керек.
Шүріппені
ағыту үшін демді ушке
тартып, мерген елеусіз ұрыстық қайырмадан
шүріппе шығып кеткенше, яғни атыс
болмайынша, ағытқыш шүріппені жайлап
баса беруі қажет.
Егер
көздеу кезінде тор бұрышы “тегіс қарауыл
” көздеу нүктесінен едәуір ауытқыған
болса немесе көз алдында ай тәрізді
көлеңке пайда болса, онда ағытқыш
шүріппені басуды тоқтатпастан, көздеуді
нақтылай түсіп, атыс болмайынша, ағаытқыш
шүріппеген түсетін қысымды күшейте
түсу қажет.
Шүріппені
ағыту кезінде тор бұрышының жеңіл
тербелісіне мән бермеу керек.Тор бұрышы
көздеу нүктесіне дәл келген сәтте
шүріппені басып қалуға, ұмтылу, әдетте,
шүріппені қозғап жіберіп, атыстың дәл
болмауына әкеп соғады. Егер мерген,
шүріппені басқанда, дем алмау мүмкіндігін
сезсе, онда ол шүріппені басуды
күшейтпестен де, бәсеңдетпестен де, дем
алуды қалпына келтіріп, содан кейін
демді шығармастан, көздуін нақтылап
алып, шүріппені басуды жалғастырғаны
жөн
Бағалау: Үй
тапсырмасына және сабаққа белсенді
қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге
тапсырма: Атыс
жүргізу көздеуішін қою және винтовканы
қою тақырыбын оқып келу.