400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Атыс негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ алғашқы әскери даярлық пәнінің пән мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы: Атыс негіздері.

Мақсаты: Оқушыларға атыс негіздері туралы түсіндіру.

Сабақ әдісі: Көрнекілік.

Сабақтың материалдық жабдықталуы: Пневматикалық мылтық, плакаттар: «Пневматикалық мылтықтың ату схемасы», «Мылтықтың кері тебу күшінің әрекеті», «Оқтың ұшу траекториясы», «Орта тию нуктесін табу», «Алысқа түскен ойықты анықтау».

Сабақ барысы.

І. Кіріспе-3 мин Сапқа тұру, сәлемдесу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру - 5 мин

ІІІ. Жаңа сабақ – 25 мин Қамтылатын сұрақтар: 1. Атыс. 2. Мылтықтың кері тебуі.

3. Оқтың ұшу траекториясы.

4. Оқтың шашырауы.

5. Оқтың орта тию нүктесін анықтау.

 

Атудың теориялық негіздері

 Пневматикалық мылтықпен ату. Пневматикалық мылтықты ату үшін сығылған ауа энергиясы пайдаланылады. Ол алдын-ала сығылған ұрыстық серіппенің әсерімен поршеннің жылдам қозғалуы нәтижесінде ұңғы қорабындағы ауа камерасында пайда болады. Ұрыстық серіппе ұңғының ұшын рычаг секілді қайырғанда сығылады. Ауа қысымы ауа өткізгіш арқылы ұңғы арнасындағы оққа әсер етеді. Оқ ұңғы арнасымен 200 м/с2 үдеумен қозғалады. Оқ ұңғы арнасынан шыққан кезде ұңғы арнасындағы ауа қысымы шұғыл төмендейді және ауа толқыны – атыс дыбысы пайда болады. Оқтың ұңғы арнасын шығу сәтіндегі жылдамдығы оқтың бастапқы жылдамдығы деп аталады. Оқтың бастапқы жылдамдығы неғұрлым үлкен болса соғұрлым оқ ұзақ әрі дәл ұшады. Қысым әсері алға және артқа бірдей, сондықтан оқ алға, мылтық артқа орын ауыстырады. Бірақ, оқ пен мылтықтың массалары әртүрлі болғандықтан олар әртүрлі жылдамдық алады. Қозғалыс жылдамдықтары массаларға кері пропорционал: мылтықтың қозғалыс жылдамдығы / оқтың жылдамдығы = оқтың массасы / мылтықтың массасы. Оқтың массасы 0,5 г, ал ИЖ-38 мылтығының массасы 2800 г, сәйкесінше олардың салмақтарының қарым-қатынасы мынаған тең: 2800 : 0,5 = 5600. Демек, мылтықтың артқа қозғалу жылдамдығы оқтың жылдамдығынан 5600 есе кіші, яғни өте елеусіз (0,01 м/с). Мылтықтың кері тебуі – ату кезіндегі ұрыстық серіппенің қысымының, содан соң ұңғы қорабының ауа камерасындағы сығылған ауаның әсерімен мылтықтың артқа қозғалуы. Мылтың кері тебу күші оқ ұңғы арнасынан шыққанша әсер етеді. Атқыш кері тебу күшін мылтықтың дүмбісі тақалған иықпен қабылдайды. Кері тебу бағыты мен иықтың итеру күші бірдей емес. Сондықтан, қаруды тік жазықта айналмалы қозғалысқа келтіретін жұптасқан күш пайда болады. Ату кезінде ұңғы жоғары көтеріледі. Кері тебу кезіндегі мылтықтың бұрылу бұрышы оның конструкциясына, массасына, ұстау тәсіліне, оқтың бастапқы жылдамдығына және басқа да факторларға байланысты.

 

Оқтың ұшу траекториясы

 Сыртқы баллистика дегеніміз оққа оқ-дәрі газы немесе сығылған ауа әсері тоқтағаннан кейінгі оқтың қозғалысын зерттейтін ғылым. Ұңғы арнасынан ұшып шыққаннан кейін оқ инерциямен қозғалады. Траектория дегеніміз ұшу кезіндегі оқтың ауырлық орталығын сипаттайтын қисық сызық. Ұшу кезінде оқ ауырлық күші мен ауа кедергісі күшіне тап болады. Ауырлық күші оқтың төмендеуіна, ал ауа кедергісінің күші оның жылдамдығының азаюына әкеліп соғады. Ұшу нүктесі дегеніміз ұңғының ауыз бөлігінің ортасы. Ол траекторияның бастамасы болып табылады. Көтерілу нүктесі дегеніміз бағытталған қарудың ұңғы арнасы осінің жалғасы болып табылатынтүзу сызық. Көздеу нүктесі дегеніміз көздеу сызығы бағытталған нүкте. Ауаның кедергі күші орасан зор. Ауа кедергісінің күштілігі ауаның тығыздығына, оқтың ұшу жылдамдығына, оның түрі мен калибріне, сондай-ақ оның сыртының жай-күйіне байланысты. Ауа кедергісінің күші оқтың ұшу кезіндегі жылдамдығын азайтып қана қоймай, оны аударуға күш салады. Бұндай жағдайда оқтың ұшу жылдамдығы едәуір азаяды. Оқтың ұшу кезіндегі ауа кедергісі күшінің әсерін азайту үшін ұңғы арнасындағы тіліктер күшімен оқтың өз осімен тез айналуын қамтамасыз ету арқылы оқтың ұшуын тұрақтандырады.

 

 Атудың дәлдігі мен біркелкілігін мұқият сақтай отырып, бір ғана мылтықпен ату кезінде де түрлі себептерге байланысты оқ басқа оқ іздерімен сәйкес келмейтін басқалардан бөлек өз траекториясымен ұшады. Бұл құбылыс оқтың табиғи шашырауы деп аталады. Оқтың шашырауының негізгі себептері мыналар: дәл жасалмағандықтан олардың массасы мен формасының бірдей болмауы; тасымалдау кезіндегі деформация; ұңғы арнасы күйінің өзгеруі (тозу, қорғасындану, ылғалдылық) ; ұңғыдағы ауа қысымының әр түрлілігі; мылтықты көздеу кезіндегі әр түрлілік; барлық ату кезіндегі мылтықты ұстау күшінің әр түрлілігі; ағытқыш ілмекті басу кезіндегі әр түрлілік. Оқтың шашырауы – бұл бір ғана мылтықпен іс жүзінде бірдей жағдайда ату кезінде нысанадағы ойықтардың шашырауы. Шашырау аумағы шеңбер түрінде болады да, оның ортасы шашырау ортасы деп аталады. Оқ ұшуының орта траекториясы ретінде барлық траекториялардың ортасынан өтетін траектория қабылданады. Орта тию нүктесі немесе шашырау ортасы – бұл оқтың орта траекториясының нысанамен қиылысуы. Шашырау осі – бұл оқтың шашырау ортасы арқылы жүргізілген өзара перпендикуляр сызықтар – көлденең және тік осьтер. Ойық ортасынан шашырау осіне дейінгі ең қысқа қашықтықты ойықтардың өзгеруі деп деп атайды. Оқтың орта тию нүктесін анықтау Ойықтар санының аз жағдайында (5-ке дейін) оқтың орта тию нүктесі кесіндіні ретімен бөлу тәсілімен анықталады. Бұл тәсіл төмендегіше орындалады: кез-келген жақын екі ойықты түзу сызықпен қосамыз; алынған нүктені үшінші жақын жатқан ойықпен қосамыз да жаңа кесіндіні тең үш бөлікке бөлеміз; үш ойықтың орта тию нүктесі алғашқы екі ойыққа жақын бөлу нүктесінде болады; табылған үш оқтың орта тию нүктесін жақын жатқан төртінші ойықпен түзу сызықпен қосамыз да бұлардың арасындағы ара қашықтықты төрт тең бөліктерге бөлеміз; алдыңғы үш ойыққа жақын орналасқан бөлу нүктесі төрт ойықтың орта тию нүктесі деп аталады. Бірақ, мынаны қаперге алу қажет: кейде кездейсоқ атыс нәтижесінде басқа барлық ойықтардан алыс орналасқан ойық пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол ойық орта тию нүктесі есебіне алынбайды. Үш оқтың орта нүктесінен үш ойық арқылы өтетін шеңбер диаметрі ұзындығынан асатын қашықтықта орналасқан мұндай ойық орта тию нүктесі есебіне қабылданбайды.


 ІҮ. Жаңа сабақты бекіту –8 мин Сұрақ-жауап.

Ү. Қорытынды – 4 мин Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма, орындауға нұсқау беру.

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі