жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Атыс негіздері.
Конспект – жоспары
10 сынып оқушыларымен
Алғашқы әскери дайындық сабағы бойынша: Атыс дайындығы
Сабақтың тақырыбы: Атыс негіздері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атыс құбылыстары мен оқтың ауада ұшу заңдылығын ұғындыру.
Уақыты: 45 мин.
Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
-
постыға шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-әрекеттерін айтып беріңдер.
-
сақшы қаруды ескертусіз қай кезде қолдана алады?
б) Негізгі бөлім – 24мин.
Атыс негіздері.
в) Қорытынды бөлім – 9 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Атыстың қандай кезеңдері бар, олардың сипаттамалары қандай?
-
Оқ қозғалысының бастапқы жылдамдығы неліктен қарудың маңызды ұрыстық сипаттамасының бірі боп саналады?
-
Атыс серіппесі дегеніміз не және ол атыс нәтижесіне қалай әсер етеді?
-
Оқ ауаға ұшқанда оған қандай күштер әсер етеді?
-
Нысана орны, көздеу және көтерілу бұрыштарының арасында қандай байланыс бар?
-
Лақтыру, көтерілу және ұшу бұрыштарының арасында қандай байланыс бар?
-
Түзу атудың практикалық мәні туралы айтыңдар?
АД. Т. 1. Атыс негіздері.
Атыс құбылыстары. Ату – дәрілі зарядтың жануы негізінде пайда болған газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың шығуы.
Ату өте аз уақыт ішінде жүзеге асады (0,001-0,06с). Патрон капсюлінің күш түсетін құрамына соққыдан дәрілі зарядты тұтандыратын жалын пайда болады. Дәрілі заряд жанған кезде ұңғы арнасында жоғары қысым тудыратын қатты қызған газдың көп көлемі пайда болады. Газдың қысымымен оқ орнынан қозғалады да, кертікке соғылады, бірте-бірте үздіксіз артқан жылдамдықпен ұңғы арнасынан қозғалады да, ұңғы арнасының осі бойымен сыртқа шығарылады. Оқ соңынан ұңғы арнасынан қызған газ шығады, ауаға кезіккенде ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын және күшті толқын жасайды.
Ұңғы ішіндегі кертік бұранда сияқты орындалатындықтан, оқ ұңғымен келе жатқанда айналмалы қозғалыста болады.
Атыс кезеңдерін 4 түрге бөлуге болады.
Бастапқы кезең дәрілі зарядтың жана бастауынан оқ қабының ұңғы кертігіне толық енуіне дейін созылады. Бұл кезеңде ұңғы арнасында оқты орнынан қозғайтындай және оны ұңғы кертігінде оның қабығының кедергі жасауын болдырмайтындай 250-500кгс/см квадрат қысым пайда болады.
Бірінші немесе негізгі кезең оқтың қозғала бастауынан дәрілі зарядтың толық жануына дейін созылады. Бұл кезеңнің басында, оқтың 4-6 см жолдан өткен кезінде оның артындағы кеңістік көлеміне қарағанда, газдар саны жылдамырақ өседі, газ қысымы тез ұлғайып, едәуір мөлшерге көтеріледі (2800кгс/см квадрат).
Екінші кезең – дәрілі зарядтың толық жануы сәтінен ұңғы арнасынан шығу сәтіне дейін созылады. Газдың келуі тоқтаса да, қатты қысылған және қызған газ кеңейіп, оқты қысып, оның жылдамдығын тездетеді. Қысым тез төмендеп, ұңғы аузында ол 300-900 кгс/см квадратқа жетеді.
Үшінші кезең немесе газ әсерінен кейінгі кезең – ұңғы арнасынан оқтың шығуы сәтінен оқ жылдамдығы өсуінің тоқтау сәтіне дейін созылады.
Оқтың бастапқы жылдамдығы – оқ ұңғы арнасынан шыққаннан кейінгі оқтың ұшу нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы болып табылады.
Оқтың бастапқы жылдамдығы қарудың маңызды ұрыстық қасиетінің бірі болып табылады. Бастапқы жылдамдығының артуы оқтың алысқа ұшу қашықтығын арттырады, сыртқы жағдайлардың оның ұшуына кедергі жасауын төмендетеді.
Оқтың бастапқы жылдамдығының шамасы ұңғының ұзындығына, оқтың салмағына, дәрілі зарядтыңсалмағы мен басқа факторларына байланысты. Ұңғы ұзын болған сайын дәрілі газ оққа ұзағырақ әсер етеді және оның бастапқы жылдамдығы да тезірек болады, оқ салмағы аз болған сайын, бастапқы жылдамдық тезірек артады.
Қарудың серпуі (кері соғуы). Ұңғы арнасында газ қысымы барлық жаққа бірдей әсер ететіндіктен, ату кезінде ол оқты алға жылжытып қана қоймай, қаруды артқа да жібереді. Ату кезінде қарудың артқа қозғалуы – серпу деп аталады.
Оқ серпуді тудыратын дәрілі газдың қысым күші мен серпу кедергісінің күші бір тік осьте орналаспаған және қарама-қарсы жақтарға бағытталған. Олар қарудың ауыз бөлігінің жоғары жаққа ауытқуының әсер ететін күштер жұбын түзеді. Ауытқу көбірек болған сайын күштер жұбының иыққа тебуі де үлкен болады. Атуға дейінгі ұңғы арнасы осі бағытында және ұңғы арнасынан оқтың ұшу сәтіндегі бағыты бойынша түзелген бұрыш – ұшу бұрышы деп аталады. Ұшу бұрышын тұрақты көлемде сақтау үшін, атқыш даярланудың барлық элементтерін түгел орындау керек.
Оқтың ауадағы ұшуы. Бұрандалы кертігі бар ұңғы арнасынан атқан кезде дәрілі газдар оққа тек қана ұшу қозғалысын емес, айналдыру қозғалысын да береді. Мұнда оған екі күш әсер етеді: ауырлық күші және ауаның қарсылық күші. Ауырлық күші оқты лақтыру сызығынан бірте-бірте көбірек ауытқыта береді. Ауаның қарсылық күші оқ қозғалысын бәсеңдетіп, оны бағытынан тайдыруға тырысып, оқты айналу бағытына қарай ауытқытады. Осы екі күштің әсерінен оқ ауада ұңғы арнасынан лақтырған кездегі тік бағыт бойынша емес, лақтыру сызығынан төмен орналасқан қисық сызық бойымен ұшады.
Ауада ұшу кезіндегі оқ ауырлығының орталығын сипаттайтын көлбеу сызық – траектория деп аталады. Ұшу кезіндегі оқтың лақтыру сызығы арқылы өтіп, оның айналу жағына қарай ауытқуы – деривация деп аталады.
Траектория элементтері:
-
ұшу нүктесі дегеніміз – ұңғының ауыз бөлігінің ортасы. Ол траектарияның бастамасы болып табылады;
-
кездесу нүктесі дегеніміз – траектарияның нысана бетімен қиылысу нүктесі;
-
түсу нүктесі дегеніміз - траектарияның қару белдеуімен қиылысуы;
-
көтерілу нүктесі дегеніміз – бағытталған қарудың ұңғы арнасы осінің жалғасы болып табылатын түзу сызық;
-
ату жазықтығы дегеніміз – көтерілу сызығы арқылы өтетін тік жазықтық;
-
көтерілу бұрышы дегеніміз – көтерілу сызығы мен қару белдеуінің арасында орналасқан бұрыш;
-
лақтыру сызығы дегеніміз – оқтың ұшу сәтіндегі ұңғы арнасының осі болып табылатын сызық;
-
лақтыру бұрышы дегеніміз – лақтыру сызығы мен қару белдеуінің арасындағы бұрыш;
-
ұшу бұрышы дегеніміз – лақтыру бұрышы мен көтерілу сызығының арасындағы бұрыш;
-
түсу бұрышы дегеніміз – түсу нүктесіндегі траектарияға қатысты және қару белдеуінің арасындағы бұрыш;
-
траектарияның төмен түсу бұтағы дегеніміз – траектария шыңынан түсу нүктесіне дейінгі траектория бөлігі;
-
көздеу нүктесі дегеніміз – қару бағытталған нысананың не одан тыс нүктесі;
-
көздеу сызығы дегеніміз – атқыш көзінен көздеуіш ойығының ортасынан және қарауыл ұшынан көздеу нүктесіне дейінгі өтетін түзу сызық;
-
көздеу бұрышы дегеніміз – көтерілу сызығы мен көздеу сызығының арасынан өтетін сызық;
-
көздеу қашықтығы дегеніміз – ұшу нүктесінен траекторияның көздеу сызығымен қиылысқанға дейінгі қашықтық;
-
көздеу сызығынан траекторияның асып түсуі дегеніміз – траекторияның кез келген нүктесінен көздеу сызығына дейінгі қысқа қашықтық.
Түзу ату дегеніміз оқтың ұшу траекториясы өзінің бар ұзына бойында нысанадан жоғары көздеу сызығынан көтерілмейтін атыс.
Түзу атудың практикалық мәні – ұрыстың шиеленісті жағдайында атыс көздеуішті қоймай-ақ жүргізілуі мүмкін. Бұл нысананы жоюды жеделдетіп, қарсыластың жауап атысының алдын алуға мүмкіндік береді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген