400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Авагадро заңы. Молярлық көлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Авагадро заңы. Молярлық көлем
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарлау үлгісі


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.2.В. Стехиометриялық есептеулер


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдарбаева Ж

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Авагадро заңы. Молярлық көлем




Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану

Сабақтың мақсаты

1.Авогадро заңының анықтамасын тұжырымдайды;

2.Молярлық көлемді қалыпты және стандарты жағдайдағы газ көлемін есептеуге қолданады;

3. Авогадро заңы бойынша химиялық шамалар арасындағы қатынастарға сүйеніп есептер құрастырады

Бағалау критерийі

1.Авогадро заңын сипаттайды.

2. Қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолданады

Оқу дағдыларының деңгейі

Білу. Түсіну. Қолдану

Тілдік мақсаттар


1.Авогадро заңын тұжырымдайды;

Молярлық көлемді пайдаланып , шығарған есептерін алгоритміне сәйкес жазады (Айтылым, Тыңдалым, Жазылым)

2. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Молярлық көлем; л/моль, массалық үлес, химиялық элемент, қалыпты жағдай;

3. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы :

Қалыпты жағдайда кез келген газдың бір молі……….

Газдардың мольдік көлемі ......... тең

Газдың бір молінде ......... молекула бар, ол ........ тең

Құндылықтарға баулу




Еңбек және шығармашылық, белсенді оқу әдістері,топтық, жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру, білім алу


Пәнаралықбайланыс


математика, физика


Алдыңғы білім


7.3.1.1 – ауа құрамын білу



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


  1. Психологиялық ахуал тудыру, оқушы назарын сабаққа аударамын. Топқа «Молекула ыдырайды, атомдар бірігеді »

әдісі бойынша бөлінеді.

  1. Столдың үстінде бос ыдыс тұрады. Оқушыларға сұрақ қойылады.

А) Қалай ойлайсыздар, ыдыстың ішінде не бар? ( ауа)

Б) Ауа таза зат па, қоспа ма, қалай ойлайсыздар?( қоспа)

В) Қандай газдардан тұрады?(азот, оттек, көмірқышқыл газы, кездейсоқ газдар)

Г) Басқа қандай газ тәрізді заттарды білесіңдер?

Д)Бұл газдардың арасында ұқсастық бар ма, қалай ойлайсыздар?

Сұрақтарға жауап алған соң оқушылармен оқу мақсатын талдаймыз.



«Молекула ыдырайды, атомдар бірігеді» әдісі









Бос құты

Сабақтың ортасы


Оқушылар «Авогадро заңы. Молярлық көлем» тақырыбын оқиды. «Жұптасқан дәріс» әдісі бойынша оқушылар жұптық жұмыс жасау арқылы меңгереді. Тақырып мәтініне сәйкес бір-біріне сұрақ қояды.

Тапсырмалармен жұмыс жасайды. Әр оқушыға тапсырма беріледі

Тапсырма1: «Химиялық диктант» Бос орындарға қалдырылып кеткен сөздерді жаз. (Жеке жұмыс)

......... жағдайда әр түрлі газдардың ......... көлемінде ......... саны бірдей болады.

Дескриптор: - Авогадро заңын сипаттайды



Тапсырма 2: Есептеңдер. «Джигсо» әдісін қолданамын. Оқушылар топта шығарған есептерін келесі топта талқылап түсіндіреді. Әр топтың жұмысын бақылау үшін сарапшы топ құрылады.

1топ: 1,5 моль көмірқышқыл газының көлемі неше?:

2топ: 224 л оттекте неше моль болады?

3топ: 5,6л су буындағы құрылым бөлшектердің саны неше?

4топ: 88 г көмірқышқыл газының көлемі қанша?

Дескриптор:

  • есепті шығару алгоритміне сай дұрыс шығарады;

ҚБ: «Отшашу» әдісі Сарапшылардың критерийлер арқылы қорытындысы бойынша әр топтағы белсенді оқушыларды «Отшашу» әдісімен бағалаймын ( шапалақпен қолдау көрсетеді)

Критерийлер:

  1. жылдам есеп шығарады

  2. есеп алгоритмін дұрыс құрастырады

  3. топтарда түсіндірме жұмыстарын сапалы, белсенді жүргізеді

Тапсырма 3: Кестедегі шамаларды пайдаланып есеп құрастырыңдар

Газдар

m (грамм)

V (л)

v (моль)

N

Озон



0,5 моль


Сутек


8,96л



Азот

140г




Аргон




3.01*1023

Дескриптор:

-масса бойынша есеп құрастырады

- көлем бойынша есеп құрастырады

-зат мөлшері бойынша есеп құрастырады

-құрылымдық бөлшектер бойынша есеп құрастырады

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды («қызыл» түсінбедім, «сары» сұрағым бар, «жасыл» барлығы түсінікті)

«Жұптасқан дәріс» әдісі

























«Джигсо» әдісі



























«Отшашу» әдісі





















кесте





















Бағдаршам әдісі

Сабақтың соңы


Рефлексия « 3:2:1 RIQ»

R – remember I - interesting Q- question

Оқушы 3 есте қалған, 2 қызықты болған мағлұматтарды және 1 сұрақ өтілген материал бойынша бағалау парақшасына толтырады.

«Ия, жоқ» әдісі Оқушының қай деңгейде екенін білу үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды

Бағалау критерийлері

тапсырмалар

дескриптор

ия

жоқ

Авогадро заңын сипаттайды

Химия

лық диктант

- Авогадро заңын тұжырымдайды


Қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолданады

Есептең

дер









Есеп құрасты

рыңдар

есепті шығару алгоритміне сай дұрыс шығарады;

-молярлық көлемді пайдаланып есептер шығарады

- масса бойынша есеп құрастырады

- көлем бойынша есеп құрастырады

-зат млшері бойынша есеп құрастырады

- құрылымдық бөлшектер бойынша есептер құрастырады





« 3:2:1 RIQ»













«Ия,жоқ» кестесі

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті

Оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Топтық жұмыс кезінде топта оқушылар бірлескен оқу ортасын қалыптастырады және диалогқа түсу арқылы саралау жүреді. Топта оқушылар бір-бірінің тұжырымдарын тыңдап, талқылап, ортақ шешімге келу арқылы қарым-қатынасын реттейді. Диалогқа түсу арқылы ойларын саралап, ортақ шешімге келеді. «Джигсо» әдісі саралау тәсілінің жіктеу түріне жатады. Тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасап қолданылады.


«Бағдаршам»,«Отшашу», «Ия, жоқ » әдістері бойынша өзін-өзі, өзара бағалау жүргіземін. Оқушылар бағалау әдістерін бір-бірінің жауаптарын талдау, қорытынды шығару үшін қолданады. Өзінің тақырыпты қаншалықты меңгергенін, оқу деңгейінің қай сатысында тұрғанын біледі.

Топтық, жұптық жұмыс кезінде, химия кабинетінде жұмыс жасау ережелері негізінде және САНПИИН нормалары сақталып, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіледі.



Сабақбойыншарефлексия


Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:




2:





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі