жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Австарлия құрлығы
Тақырыбы:Австралияның географиялық -физикалық орны.
Сабақтың мақсаты:Австралияның географиялық орнын, зерттелуін, жер бедері мен пайдалы қазбаларының даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып ,тереңдете меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.
І. Қызығушылықты ояту
Ертеде ренжіп мен аралдарға
Кетіп ем жылжып өзге жағалауға
Оңтүстік жарты шарды мекен еттім
Талайлар көшіп келді паналауға
Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ
Ойпат көп, шығысымда жоталар көп
Шағыл мен құм бадасады баурайымды
Сөнбеген өзгелердей жанартау жоқ
Тұрсамда ортасында мұхиттардың
Суына жауын-шашын қанықпадым
Оңтүстік тропигі кесіп өтіп,
Шудаларын бұлттардың кептірмей жүр
Менде бар жануарлар өзгеде жоқ
Қалталы аю, қалталы кенгуру көп
Мен өзім кіп-кішкентай болғанменен
Материктің сыры мен жұмбағы көп
III Жаңа сабақ.
Мемлекеттік құрылымы
Аустралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес Аустралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Аустралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде.
Аустралияда өкіметтің үш тарауы әрекет етуде:
заңшығарушы тарау: Аустралия Парламенті;
атқарушы тарау: Федералдық Атқарушы Кеңес;
соттық тарау: Аустралияның Жоғарғы Соты.
Парламенті
Аустралия Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғысы - Сенат, төменгісі - Өкілдер Палатасы. Сенатта - 76 сенатор ал Өкілдер палатасында - 150 депутат бар. Өкілдер палатасына депутаттар бірмандаттық округтар арқылы 3 жылға сайланады. Парламентте әр штаттың кемінде 5 депутат өкілдері болуы тиіс. Сенаторлар партиялық тизім бойынша 6 жылға сайланады. Әр штаттың 12 сенатор және әр территорияның 2 сенатор өкілдері бар.
Әкімшілік-территориялық құрылымы
Аустралияның картасы. 1 — Аустралияның астаналық территориясы, 2 — Жаңа Оңтүстік Уэльс, 3 — Виктория (Аустралия), 4 — Квинсленд, 5 — Оңтүстік Аустралия, 6 — Батыс Аустралия, 7 — Тасмания, 8 — Солтүстік территориясы
Аустралия алты штатқа, екі материктік және көптеген басқа да кішкентай территорияларға бөлінеді.
Штаттар:
Виктория штаты - жер аумағы: 237 629 км² (Аустралия штаттары мен территориялары бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын), астанасы: Мельбурн қаласы;
Батыс Аустралия штаты - жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы: 2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Пертқаласы;
Квинсленд штаты - жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000 (3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;
Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты - жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын), халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сидней қаласы;
Тасмания штаты - жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;
Оңтүстік Аустралия штаты - жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын), халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаида қаласы;
Материктік территориялар:
Солтүстік территориясы - жер аумағы: 1 420 968 км² (3-ші орын), халқы: 202 500 (8-ші орын), әкімшілік орталығы: Дарвин қаласы;
Аустралияның астаналық территориясы - жер аумағы: 2 358 км² (8-ші орын), халқы: 339 900 (7-ші орын), әкімшілік орталығы: Канберра қаласы.
Әр штаттың және материктік территорияның өз заңшығарушы органдары (Парламент) бар. Солтүстік территориясыда, Аустралияның астаналық территориясында және Квинсленд штатында бірпалаталық ал қалған штаттарында екіпалаталық Парламенттері бар. Төменгі палата - Заңшығарушы Ассамблеясы (Оңтүстік Аустралия және Тасмания штаттарында - Заңшығарушы жиын) деп ал жоғарғы палата - Заңшығарушы Кеңес деп аталады. Штат басшылары - Премьер ал территория басшылары - Бас министр деген атақтарына ие.
Штат пен территория статустарының бас айырмашылығы - федералдық Парламент, территория Парламенттерінің кез келген шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға құқы бар. Ал штат Парламенттерінің шешімдерін тек қана мемлекет Конституциясының 51 тармағына сәйкес келсе ғана өзгерте алады. Қалған жағдайларда штат Парламенттерінің қабылданған шешімдері өз күштерінде қала береді.
Халқы
2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Аустралия халқының саны 20 001 546 адам болған. Аустралияның негізгі халқы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағылшын тілділер, оларды аустралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне тән құндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан. XX ғасырдың 70-жылдары демографиялық дағдарыс және экономиканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пайдалануды талап етті. Аустралияға ағылып арабтар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап – Конституцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәселелеріне байланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Аустралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орындарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді.
Тарихы
Бірінші адамдар Аустралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Аустралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Аустралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;
1606 жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Аустралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Аустралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.
1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Аустралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (ағылш. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.
Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Аустралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде пайдалана бастайды. Аустралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.
1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Аустралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) [[Вестминстерлік статусқа сәйкес Аустралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Аустралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады.
Экономикасы
Аустралия индустриялы-аграрлы ел.АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған.Пайдалы қазбаларға бай.Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі.Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған.Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полигр., ағаш кесу және жиһаз өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан.Аустралия шаруашылығының маңызды саласы - қой шаруашылығы.Ол Аустралия шаруашылығының 60-70%-ін құрайды.А.ш. дақылдарынан бидай, арпа және сұлы өсіріледі.Жер көлемінің 90%-ін жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр.А-ның ұлттық табыс көлемі 228,1 млрд.Американ доллары, жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді(1995 ж.).Экспортқа жылына 65 млн долларлық өнім шығарылып, 12 млн долларлық импорттық өнім әкелінеді.А-ның дүн. жүзі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі - 1,1%.
Географиясы
Аустралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Аустралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк.
Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып, Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр.
КлиматыАустралия жерлері көбіне тропиктік (18-30° оңтүстік ендік), солтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 30° оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік.
Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж/сm³; сондықтан Аустралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Аустралия түгелімен дерлік 20-28° С жазғы және 12-20° қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Аустралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы - қаңтар мен қыстың ең суық айы - шілде температурасының айырмашылығы шамалы.
Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Қаңтардың температурасы 40° С-тан жорғары болатын ең ыстық аудан солтүстік-батыста. Температураның абсолютті максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,1°С, абсолютті минимумы -4°, -6° С-қа дейін. Тұрақты аяз (-22°С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Аустралия Альпісінде болады.
Аустралияның жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, Үлкен Суайырық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды желге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді[5][6].
Аутсралияның жерінің 38 %-нда жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан, Аустралияда ұзаққа созылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтан солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашынның мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Аустралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері - Кэрнс қаласының маңы (2243 мм-дей). Үлкен Суайырық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері құрт азайып, батыс жағалауда 250 мм шамасында ғана болады.
Гидрология, табиғаты
Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген