Автобиография
Мен, Жұмабекова Гүлден
Гарифуллақызы 1990 жылы сәуір айының 1 жұлдызында Павлодар облысы,
Шарбақты ауданы, Галкино ауылында дүниеге келдім. Бала кезімнен
кішкентай сәбилерге жақын болдым, мектепте оқып жүргенімде, анам
мені «бұл бала бағбаны тәрбиеші болатын шығар» деп айтатын-ды.
Өйткені ауылда ауладағы көршілердің сәбилерін өте жақсы көретінмін.
Анам «оқу бітірген соң мекткепке дейінгі мамандыққа түс- деп ақылын
айтатын, мен анамды тыңдағаныма еш өкінбеймін. Ер жетіп мектепті
үздік тәмамдап, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық
колледжіне мектепке дейінгі мамандықты таңдап, құжаттарымды
тапсырып, сол жерде үш жыл жақсы деген бағаға оқып шықтым. 2010
жылы колледж түлегі лентасын киіп, дипломмен ауылға оралдым. Сол
жылдан бастап педагогикалық қызметімді алғаш рет мектеп жанындағы
шағын-орталықтан бастадым. Еңбек жолымда қиындықтар болмады десем,
өтірік айтқаным болар, қиын сәттерде ата-анам демеу беріп
жігерлендіріп отыратын.
Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық
ол - ұстаздық.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға» деп ұлы Абай
атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 10 жыл
болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек
жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып,
алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиеленушінің бойынан
жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік
мақсаттарға жетелеу. Мен жас өспірімдерге арнаған осы уақыттарды
өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
Балалардың менен күтетіндері өте көп...
Әр бір оқу іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш
жадымнан шығарған емеспін. Шынайы оқу іс-әрекеті – бұл бала мен
тәрбиешінің арасындағы бірлескен ізденіс нәтижесі, тәрбиешінің
шығармашылық жұмысының жемісі. Осы бір еңбек жолымда авторлық
бағдарлама , көптеген мақала жазып, конференцияларда тәжірибеммен
бөлісіп, сан түрлі конкурстарға қатысып, оқу іс-әрекеттердің
жоспарын қағаз бетіне түсіріп жариялаған едім. Атап айтсақ, С.
Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде
халықаралық «Қ. Сәтбаев оқулары» конференциясына қатысып мақалам
«Академик Қ.И. Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған ХІХ Сәтбаев
оқулары» халықаралық ғылыми конференциясының материалдары атты 14
том кітабына басылды. Бұл жетістіктерім мені әрі қарай биіктен
көрінуге жігерлендіреді.Ұлттық би билеу, актерлік шеберлік, монолог
оқу, сурет салу, ұлттық нақыштағы қолөнер (сәукеле жасау және
қырқынан шығаруға арналған наборлар, тойбастар) жасау сияқты
қызығушылықтарым бар.
Бала бойындағы табиғи
қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, балабақшада,
мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. Еліміздің
егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде
балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау - бізге жүктелген
міндет. Сондықтан өз тәрбиенушілерімді спорт, ғылым, шығармашылық
жағынан дамытып, олармен де көптеген Республикалық олимпиада,
«Бүлдіршін» сияқты облыстық сайыстарға қатысып, қашықтықтан да
кокурстарға жұмыстарымызды жіберіп жүлделі орындар алған жайымыз
бар, әлі де өз біліміді әрі қарай шыңдап, балаларды тәрбиелеп,
білім беріп оларды жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта
алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, он қолынан
өнері тамған өнерлі болуына септігімді тигіземін деп
ойлаймын..
Менің ойымша әрбір жас толқын
қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып
қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды
ғана болып қоймай, ибалы болуы керек. Келешекте осы бүлдіршіндерге
арналған онлайн видеосабақтар шығарамын деген мақсаттарым
бар.
Жеке өмірде үш баланың
анасымын, тұңғыш қызым мектепте 2сыныпта үздік оқиды, ұлым
бала-бақша тәрбиеленішусі, кіші қызым 1
жаста.
Балалаларды сүйетін және
өзінің ісіне берілген маман ғана жеке тұлғаның қалыптасуына көмек
көрсетуге қабілетті. Жемісті тәрбиенің сыры-бөбектерге құрметпен
қарауда.
Бөбектердің бағбаны болу мен
үшін үлкен бақыт. Тәрбиеші-мен сүйген
мамандық!