Автокөліктің
трансмиссиясы. Ілініс.
Автокөлік
трансмиссиясы
Автомобиль
трансмиссиясының негізгі қызметі
қозғалтқыштың иінді білігіндегі
айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге
көбейтіп жеткізу болып табылады. Себебі
иінді біліктен алынған айналдыру
моментінің шамасы жетекші дөңгелекті
айналдыруға жетпейді. Сондықтан иінді
білік моментін көбейтуге тура келеді,
ал оны көбейткенде айналыс жылдамдығы
азаяды. Себебі энергияның сақтау заңы
бойынша күштен ұтсақ, жылдамдықтан
ұтыламыз немесе керісінше.
Автомобильдің
жетекші дөңгелегі біреу ғана болмайды,
кем дегенде екеу немесе одан да көп
болуы мүмкін. Трансмиссия сол жетекші
дөңгелектерге айналдыру моментін
таратып бөліп беруге тиіс. Осыларға
қосымша, автомобиль орнында тұрғанда
оталып тұрған қозғалтқыштан трансмиссия
ажырап, дөңгелектерге қозғалыс бермеуге
тиіс, яғни трасмиссия қозғалтқышқа
тұрақты жалғанып тұрмай, оны ажыратып
тастайтын мүмкіндігі болуы қажет.
Сонымен
автомобиль трансмиссиясы иінді біліктен
алынған айналдыру моментін жетекші
дөңгелектерге көбейтіп, бөліп таратып
берумен қатар, жұмыс кезінде берілетін
моменттің мәнін өзгертіп отырады. Әрі
трансмиссияны қозғалтқышқа баптап қосу
мен ажырату қызметін атқарады.
Ілініс
Реттеуші дөңгелек
өшіру
рычагы
күпшек
Беру
қорабының басты білігі
Басты
диск
Тасығыш
диск
Қайтымды
серіппе
Білік
Іліністің
қызметімен жұмыс істеу принципі
Ілініс
автокөліктің орынынан қозғалуы мен
берілісті қайта қосу кезінде олардың
бір қалыпты қосылуы мен қозғалтқыштың
трансмиссиядан уақытша кетуі мен
қозғалтқыштан айналым сәтін беру
қызметін атқарады.
Ілініс
механизімінің жұмысы үйкеліс күшін
пайдалануға негізделген. Басты диск
реттеуші дөңгелекпен қосылған, ал
таратқышы беріліс қорабының білігіне
орнатылған. Дискілер серіппемен қысылады,
нәтижесінде олардың арасында үйкеліс
күші пайда болып, айналым сәті қозғалтқыштан
беріліс қорабының басты білігіне
беріледі.
ЗИЛ-130
автокөлігінің ілінісі
ЗИЛ-130
автокөлігінің ілінісі беріліс қорабының
басты білігінің шлицті шетіне орнатылған
бір тасығыш дискіден, рететуші дөңгелекке
болттармен бекітілген ілініс құндағынан,
құндаққа серіппелі пластиннің төрт
жұбымен бекітілген тасығыш дискілерден,
құндаққа тіректі вилкалармен бекітілген
қосудың төрт рычагынан тұрады. Рычактың
сыртқы шеттері тасығыш дискінің
көмпимелерімен байланысқан. Қосылыс
рычактары тіректік вилкалармен құндаққа,
басты диск сұққысының көмпимелерімен
инелі подшипниктерге бекітіледі.
Құндақтағы тіректік вилка сфералық
бетті гайкамен бекіткен.
Құндақ
Алдыңғы
диск
өшіру
вилкасы
Тасығыш
дискілер
Айналымды
тербелістерді өшіргіш сегіз радиалды
саңылау мен тіректік пластинкалы сегіз
серіппеге ие екі дискіден тұрады. Тасығыш
дискіге тасығыш дискіде де қималарға
сай келетін сегіз қималы айналым
тербелістерін өшіргіштің сақинасы
бекітілген. Өшіргіштің болатты дискілері
тасығыш дискінің күпшегіне бекітілген.
өшіргіш дискісі мен тасығыш дискінің
саңылауларына тіректік пластинді
серіппелер орнатылған. Өшіргіш сыртқы
жағынан май көрсететін шайбалармен
жабылған. Айналымды тербелістер
өшіргіштің болатты дискілерінің
арасындағы үйкеліс пен оның серіппелерінің
серпімділігінің есебінен өшеді.
Іліністі
өшіру механизімі пневматикалық
күшейткішті механикалық немесе
гидравликалық өткізгіштерге ие. ЗИЛ-130
автокөлігінде іліністі өшіру механизімі
педальдан, кері серіппеден, рычакты
валиктан, күштен, іліністі өшіру
вилкасының рычагынан, вилкадан, төзімді
шарикті подшипникті муфтадан, тартпалы
серіппеден тұрады. Күш пен валиктің
көмегімен ілініс педалына басқан кезде
серпімді муфта серпімді подшипникпен
бірге қозғалады. Серпімді подшипник
өшіру рычагының ішкі шеттерін қысып,
басты диск шегеріледі, тасығыш дискіні
босаты отырып, ілініс өшіріледі.
К
Педальдің
рычагы
Тартқыш
серіппе
амаз автокөлігінің ілінісі
К
Кері
серіппе
Вилка
рычагы
Шар
тәрізді гайка
Іліністі
өшіру күші
Байқағыш
піспек
итергіш
амАЗ автокөлігінде гидравликалық
өткізгішті және пневмокүшейткішті
іліністі өшіру механизімі. Өткізгіш
ілініс педалынан, тартпалы серіппеден,
басты цилиндрден, пневматикалық
күшейткіштен, құбыр өткізгіш пен
шлангіден және іліністі өшіру вилкасының
білігінің рычагынан тұрады. Басты
цилиндрге манжетті және серіппелі
піспек орналасады. Іліністі өшіру
өткізгішінің пневматикалық күшейткіші
өшіру кезінде ілініс педалына түсетін
күшті төмендету қызметін атқарады.
Күшейткіш арасында келесі құрылғының
диафрагмасы қысылған екі тұлғадан
тұрады.