жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Автомобиль мен қозғалтқыштың жалпы құрылысы
Автомобильдің жалпы құрылысы.
Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады: шанақ, шасси және қозғалтқыш. Шанақ жүргізушіні, жолаушылар мен жүкті орналастыруға арналған. Автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанағы деп жүргізуші мен жолаушылары бар салонды айтады. Жүк автомо- бильдерінде шанақ жүргізушінің жұмыс орны болып саналатын кабинадан, жүктерді және жолаушыларды (борттық платфор- ма болған жағдайда) тасымалдауға арналған платформалардан тұрады. Шасси үш механизмнен тұрады: трансмиссия, қозғалыс бөлігі және басқару механизмі (В1 сурет). Трансмиссия қозғалтқыштың иінді білігінен автомобильдің жетекші доңғалағына дейін айналу кезін жібереді. Оның құрамы- на ілінісу муфтасы 3, беріліс қорабы 4, карданды беріліс 5, басты беріліс 6, дифференциал 7, доңғалақтың жетекті біліктері кіреді. Автомобильдің қозғалыс бөлігіне рама 10, аспалар 2 және 8, амортизаторлар, 1 және 9 доңғалақтары, алдыңғы білік және артқы белдік қаптамасы кіреді. Автомобильдің басқару механизміне тежеуіш пен тізгінді басқа- ру 11 жатады. Тежеуіш автомобильдің қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуге әрі толық тоқтатуға арналған. Тізгінді басқару автомо- бильдің қозғалу бағытын өзгерту үшін қажет. Қозғалтқыш 12 — жылу энергиясын мехникалық жұмысқа ай- налдыратын күш қондырғысы.
Қозғалтқыштар туралы жалпы мәліметтер.
Автомобильдерде іштен жанатын қозғалтқыш деп аталатын піспекті қозғал- тқыштар қолданылады. Мұндай қозғалтқыштарда жанармай жанғанда бөлінетін жылу механикалық жұмысқа түрленеді. Іштен жанатын автомобиль қозғалтқыштары келесі қасиеттер бойынша бөлінеді:
• міндеті бойынша — көліктік және стационарлық. Көліктік қозғалтқыштар автомобильдерге, сондай-ақ, өздігінен жүретін ма- шиналарда орнатылады. Стационарлық қозғалтқыштар стационарлық күш қондырғыларында жұмыс істеуге арналған;
• жұмыс кезеңін жүзеге асыру әдісі бойынша — төрт тактілі және екі тактілі. Барлық заманауи автомобильдерде төрт тактілі қозғалтқыштар орнатылады. Екі тактілі қозғалтқыштарды әдетте қуаты төмен көлік құралдарында (мотоцикл мен мотоарбашаларда) қолданылады;
• қоспаның түзілу әдісі бойынша — ішкі (карбюраторлық) және сыртқы (дизельдер) қоспа түзілуі бар. Карбюраторлық қозғал- тқыштарда жанармай қоспасы карбюратор деп аталатын арнайы құралда бензин буы немесе жанармай газдары және ауадан пайда болады, дайын күйінде қозғалтқыш цилиндріне жіберіледі. Дизельде сұйық жанармай үлкен қысыммен цилиндрге бүркіп, ол жерде бүрку, булану мен тұтану болады;
• жұмыс қоспасының тұтану әдісі бойынша — электр ұшқыннан тұтану (карбюраторлық және газ) және ауаны (дизельді) қатты сығу кезінде пайда болатын жоғары температура әсерінен тұтану;
• қолданылатын жанармай түрлеріне байланысты қозғал- тқыштарды екі негізгі топқа бөледі: сұйық жанармаймен және сығылған әрі сұйытылған газбен жұмыс жасайтындар. Бұдан бөлек, бірінші топта сұйық отынның жеңіл сұрыппен (бензин, бензол, керосин, лигроин және спирт) және сұйық отынның ауыр сұрыптарымен (дизельді отын) жұмыс істейтін қозғалтқыштарды атап өтуге болады;
• цилиндр саны бойынша;
• цилиндрлердің орналасуы бойынша: бір қатарлы — цилиндр- лердің тік орналасуымен; V-тәрізді — цилиндрлердің 90° бұрышта орналасуымен; оппозитті — цилиндрлердің 180° бұрышта орнала- суымен;
• цилиндрлерді жаңа зарядпен толтыру әдісі бойынша: үрле- мелі және үрлемесіз қозғалтқыштар;
• салқындату әдісі бойынша — артық жылуды бұру салқын- датқыш сұйық көмегімен немесе цилиндрді ауамен үрлеу әдісімен жүзеге асады. Қозғалтқыштың жалпы құрылысы. Іштен жанатын піспекті қозғалтқыштардың құрамында екі механизм бар: қос иінді-шатунды және газ тарататын, сондай-ақ салқындату, қуат көзі, оталдыру, қосу және майлау жүйелері. Қос иінді-шатунды механизм газ жарылысының күшін алуға және піспектің тура сызықты қайтарымды-берілісті қозғалысының иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналуға арналған. Қос иінді- шатунды механизмнің негізгі бөлшектері болып ци- линдр блогы, цилиндр блогының бастиегі, картер, картер тұғы- рығы, иінді білік, шатундар, піспектер, піспекті сақиналар, пі- спекті сұққылар мен сермер саналады. Газ таратушы механизм цилиндрге жанармай қоспасының уақытында жіберілуіне және пайдаланылған газды шығаруға жауапты. Газ тарататын механизмге тарататын білік, итергіштер, штангалар, рокер өзегі, рокер, клапандар, клапан өзегінде бекіту- ге арналған тетіктері бар клапандар серіппесі жатады. Қозғалтқыштың салқындату жүйесі артық жылуды бұруға және 80 ...95 °С аралығында температуралық режимді сақтап тұруға арналған. Қозғалтқыштың салқындату жүйесінің екі түрі бар: қоршаған ортаға жылуды сұйықпен бұратын және артық жылуды қозғалтқыш цилиндрлерінен ауамен үрлейтін. Салқындатудың сұйық жүйесінде радиатор, сорғы, термостат, цилиндрлерді салқындату рубашкасы және радиатор жалюзилері бар. Қозғалтқыштың майлау жүйесі қозғалатын тетіктерге майды беру үшін, үйкелісетін беттерден үйкелісу заттарын жою үшін және үйкелісетін тетіктерді салқындату үшін керек. Жүйенің негізгі құралдары май қабылдағышы бар май сорғысы, майды тазалау сүзгілері, май радиаторлары, қозғалтқыш картерінің вентиляция жүйесінің бөлшектері, магистралдер мен құбырлар болып табылады. Карбюраторлық қозғалтқыштардың қуат көзі жүйесі қозғалтқыш цилиндрлаерінен бөлек жанармай қоспасын дайындау үшін және оны цилиндрге жіберу үшін қажет. Жүйенің негізгі құралдары болып жанармай багы, карбюратор, күрделі және ақтап тазарту сүзгілері, жанармай сорғысы, ауа сүзгісі, кіріс және шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш саналады. Дизельдің қуат көзі жүйесіне отын багы, күрделі және ақтап тазартудың жанармай сүзгілері, төмен қысымды басқылайтын сорғы, жоғары қысымды жанармай сорғысы, бүріккіштер, ауа сүзгісі, шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш құбыры мен бәсеңдеткіш. Оталдыру жүйесі қозғалтқыш цилиндрлерінде жұмыс қоспасының тұтануына арналған. Дизельдерде оталдыру жүйесі болмайды, себебі жанармай қоспасының тұтануы қатты сығылу салдарынан ауаның жоғары температурасы әсерінен болады. Қосу жүйесіне қозғалтқыштың қосуын жеңілдететін құралдар кіреді. Қозғалтқыштың негізгі параметрлері.
Қозғалтқыштың негізгі параметрлеріне мыналар жатады:
• өлі нүктелер — қозғалтқыш цилиндріндегі піспектің шеткі қалпы, бұл қалыпта піспек өз қозғалысы бағытын өзгертеді. Жоғарғы өлі нүкте (ЖӨН) мен төменгі өлі нүкте (ТӨН) болады;
• піспек жүрісі — піспектің бір өлі нүктеден екіншіге дейін жүріп өткен жолы; • қозғалтқыштың жұмыс кезеңі — жылу энергиясы механикалық энергияға түрленетін үдерістердің жиынтығы;
• такт — піспектің бір жүрісі ішінде болатын жұмыс кезеңінің бөлігі;
• жану камерасының көлемі немесе сығылу көлемі — піспектің жоғарғы өлі нүктеде болғандағы піспектің үстіндегі кеңістік;
• цилиндрдік жұмыс көлемі — піспектің жоғарғы өлі нүктеден төменгіге қозғалу кезінде босап қалатын кеңісітік;
• цилиндрдің толық көлемі — жану камерасының көлемі мен цилиндрдің жұмыс көлемінің қосындысы;
• қозғалтқыштың жұмыс көлемі — литр түрінде көрсетілген барлық цилиндрлердің жұмыс көлемдерінің қосындысы; сығылу деңгейі — цилиндрдің толық көлемінің жану камерасының көлеміне қатынасы. Сығылу деңгейі қозғалтқыш цилиндрінде жұмыс қоспасы қанша рет сығылатынын көрсетеді;
• жылу энергиясы механикалық жұмысқа түрленетін такт саны. Қозғалтқыштар төрт тактілі және екі тактілі болады. Төрт тактілі деп жұмыс үдерісі піспектің төрт жүрісі (немесе иінді біліктің екі айналымы) ішінде болатын қозғалтқышты айтамыз. Екі тактілі деп жұмыс үдерісі піспектің екі жүрісі (немесе иінді біліктің бір айналымы) ішінде болатын қозғалтқышты айтамыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген