Авторлық бағдарлама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал География пәнінің мұғалімдеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Атамекен» арнаулы курсы

Құрастырған: У
марбаева А. А. бірінші санатты география пәні мұғалімі

201
9-2020 оқу жылы
Түсінік хат
«
Атамекен» арнаулы курсы жалпы орта білім беретін мектептердің 8-сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып құрылды. Сонымен қатар «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды. Курстың мақсаты: Атамекен арнаулы курстың материалдарын оқыту арқылы мектеп оқушыларына өлкеміздің жерін таныстырып, меңгерту. Туып-өскен жері туралы мәліметті игерту. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарастарын қалыптастыру. «Атамекен» арнаулы курсының тәрбиелік мақсаты ретінде Отанына деген патриоттық, ұлтжандылық, азаматтық сезімді тәрбиелеу. Туған жерінің белгілі тарихи қайраткерлерінің өмірлерін оқып-тану. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі туралы құжаттарды, мәліметтерді жинастырып, мектеп мұражайындағы жәдігерлер қатарын толықтыру. Өлкемізде тұратын ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері туралы оқып-біліп, танысады. Оқушылар туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді. Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтына қалыптастыруды көздейді. Өлкеміздің тарихы туралы материалдарды жинақтай отырып, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған
арнаулы курс  жеті бөлімнен тұрады. Арнаулы курс оқу үдерісі бойынша жобаны зерттеу жұмысына бағытталған. «Атамекен» арнаулы курсының оқу жүктемесі аптасына 1сағат, жылына 34 сағат.



Арнаулы курсының міндеттері:

  • Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • география, Қазақстан тарихы, биология пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;

  • Маңғыстаудың тарихи ескерткіштерін сақтау жолдарын қарастыра отырып шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын қамтамасыз ету;

  • еңбек, өнер адамдардың жұмыстарын бағалай білуге үйрету;

  • білім алушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық және географиялық қызығушылықтарын арттыру;

  • Атамекеннің табиғи байлықтарын, яғни минералды ресурстарды, тарихи ескерткіштері туралы білімдерін молайту;

  • жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру, қызығушылығын арттыру.



  • Атамекенін сүйетін, оның тарихын, әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді;

  • білім алушының бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады;

  • оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті істерге қатысу қабілеті дамиды;

  • туған өлкесіндегі ұлттардың салт-дәстүрін біледі және құрметпен қабылдайды;

  • туған өлке тарихының тірі куәгерлерін саралау категорияларын білу: Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, еңбегі сіңген педагогтар мен дәрігерлер және т.б.;

  • туған жерінің өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін біліп, ажырата алады;

  • Атамекен туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын түрлі форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлейді;

  • Атамекеннің тарихына жаңа беттер қосылады.




Р/С

Тақырыбы

Оқыту түрі

Сағат саны

Мерзімі


І бөлім.

Туған өлкем-қандай көркем!




1.

Кіріспе.

Атамекен арнаулы курсының маңызы.

Дәріс сабағы

1


2.

Маңғыстау облысының географиялық орны, жер көлемі.

Өзіндік зерттеу

1


3.

Әкімшілік-территориялық бөлінуі

Дәріс сабағы

1



ІІ бөлім. Халқы




4.

Маңғыстау облысының ұлттық құрамы.

Дәріс сабағы

1


5.

Қала және ауыл халқы.

Зерттеу сабағы

1



ІІІ бөлім. Маңғыстаудың жер бедері мен жеке өңірлері




6.

Маңғыстау облысының геоморфологиялық аудандары

Дәріс сабағы

1


7.

Геологиясы мен тектоникалық құрылымы.

Зерттеу сабағы

1


8.

Маңғыстау облысының үңгірлері

Саяхат сабақ

1



ІV бөлім.

Маңғыстау табиғаты




9.

Маңғыстау облысы топырағының негізгі түрлері, олардың сипаты және маңызы.

Дәріс сабағы

1


10.

Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі мен флорасының ерекшелігі.

Дөңгелек үстел

1


11.

Маңғыстау облысының жануарлар дүниесі.

Зерттеу сабағы

1


12.

Каспий теңізіндегі омыртқасыздардың жалпы сипаттамасы.

Дөңгелек үстел

1







13.

Табиғат және адам өміріндегі омыртқасыздардың маңызы.

Жоба қорғау

1


14.

Өсімдіктер халық шаруашылығында.

Зертеу сабағы

1


15.

Маңғыстау эксперименталды ботаникалық бақ

Саяхат сабағы

1


16.

Аридті аймақтарды көгалдандыру

Жоба қорғау

1


17.

Маңғыстау облысының қорықтары мен қорықшалары. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Дөңгелек үстел

1



V бөлім.

Өлкенің мәдени мұрасы.




18.

Маңғыстаудың мәдени мұрасында еңбек еткен адамдары, өнер адамдары туралы деректер жинау.

Кездесу кеші

1


19

Тарихи археологиялық ескерткіштеріне сипаттама, ерте және орта ғасырлардағы жәдігерлер.

Зертттеу сабағы

1


20.

Ашық аспан астындағы мұражай-Маңғыстауым!

Жоба қорғау

1


21-22

Әбіш Кекілбаев мұражайына саяхат.

Саяхат сабағы

2


23-24.

Мектеп мұражайларындағы материалдармен танысу.

Саяхат сабағы

2


25-27.

Аудан, облыс көлемінде мұражайларымен танысу

Саяхат сабағы

3



VІ бөлім.

Маңғыстау облысының өнеркәсібі мен мал шаруашылығы




28.

Өлкенің өнеркәсібі

Зерттеу сабағы

1


29.

Ауыл шаруашылығы

Дәріс сабағы

1



VІІ бөлім.

Маңғыстау облысының проблемалары мен экологиясы.




30.

Өлке экологиясы, оны игеру қиыншылықтары

Дөңгелек үстел

1


31.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Зерттеу сабағы

1


32.

Аймақтық ауру ошақтарының мәселесі.

Жоба қорғау

1


33.

Сумен қамтамасыз ету және қорғау.

Зерттеу сабағы

1


34.

Қорытынды сабақ.

Дөңглек үстел

1






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2020
2096
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі