Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
«Математикалық сауаттылық» таңдау пәні 6 - 9 сынып оқушыларының математикалық білімдерін тереңдете отырып, оны өмірде қолдана білу, яғни функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

«ТАРҒАП АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



Ш.Б Камалова

«Математикалық сауаттылық»

авторлық бағдарламасы

(6-9 сыныптар үшін)









2021жыл

Құрастырушы: Камалова Ш.Б., жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі





Математикалық сауаттылық: Әдістемелік құрал/


Әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектепте қолданылатын математика бағдарламасына сәйкес құрастырылған. «Математикалық сауаттылық» атты таңдау пәніне әдістемелік құрал ретінде жазылған. Әдістемелік құрал 6-9 сынып оқушыларына таңдау пәнін жүргізуге арналған. Сонымен қатар талапкерлерге ҰБТ –ға дайындалуда қолдануға өте ыңғайлы.

Құралда қолданылатын материалдар тақырыптар бойынша берілген. Керекті формулалар түсіндіріліп, есептер шығалылып көрсетілген. Оқушылардың өз бетімен шығаруға арналған есептер берілген.

Әдістемелік құрал оқушылардың «Математикалық сауаттылық» таңдау пәнін меңгеруге, сол сияқты есептерді шығаруда, уақытты үнемдеу үшін дұрыс жауапты тез таба білуде тигізер пайдасы үлкен.







Пікір білдірушілер:

Жанасбаева Ұ.Б. физика-математика ғылымдарының кандидаты,

доцент, ЖК «Санжар» , Алматы.

Касенова Т.Е. – Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының математика пәнінің мұғалімі

ТҮСІНІК ХАТ


«Математикалық сауаттылық» таңдау пәнінің бағдарламасы оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, функционалдық сауаттылықтарын жетілдіруге, сыни тұрғыдан ойлай білу икемділіктерін дамытуға бағытталған. Функционалдық сауаттылық дегеніміз –математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру. Математика пәнінің оқу бағдарламалары негізінде математиканы түрлі контекстерде тұжырымдауға ,қолдануға және түсіндіруге бағытталған.

«Математикалық сауаттылық» таңдау пәні 6 - 9 сынып оқушыларының математикалық білімдерін тереңдете отырып, оны өмірде қолдана білу, яғни функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған. Ұсынылып отырған бағдарламада білім саласының жаңаша міндеттері айқын көрініс тауып, атап айтқанда, мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйретуге бағытталады. Қазіргі кезде математика пәнін окытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор. «Математикалық сауаттылық» таңдау курсы оқушылардың математикалық білімдерін тереңдете отырып, функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілген. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы - қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. Құралда қолданылатын материалдар 3- бөлімге (теориялық, практикалық, өз бетімен шығаруға арналған есептер ) жүйеленіп көрсетілген.





Мақсаты:

Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой - өрісін, танымын кеңейту, алған білімдерін өмірде тиімді пайдалану дағдыларын шыңдау.

Жалпы логикалық – ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • математикалық білімге қызығушылығын арттыру;

  • өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту;

  • математиканың өмірмен байланысын көрсету.

Күтілетін нәтиже:

  • логикалық есептерді шығару;

  • тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;

  • оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;

  • ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;

  • математикалық ой - өрісін, танымын кеңейтеді;

  • математикалық білімін толықтырады.

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: сағат саны 34, аптасына 1 сағат

Пәнаралық байланыс: математика, алгебра, геометрия

Сабақты өткізудің формалары, ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен. Практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.

Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс - шара өткізу, шығармашылық сабақтар, тест өткізу, математикалық олимпиадаларға қатысу.







«Математикалық сауаттылық» таңдау пәнінің жоспары

(34 сағат) 6 – 9 сынып

Реті,

Тақырып атаулары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І

Сандар және пайыз

9



1

Сандар мен оның цифрларының өз ара байланысы

1



2

Сан қатарларының заңдылығын анықтау

1



3

Санның соңғы цифрын анықтау

1



4

Бөлінгіштік белгілерін қолдану

1



5

Санның пайызын табу

1



6

Пайызы бойынша санды табу

1



7

Пайызға байланысты қиынырақ есептер

1



8

Аптаның күндерін, жылдың айларын анықтауға берілген есептер

1



9

Адамның жасын анықтауға берілген есептер.

1



ІІ

Мәселе және геометриялық есептер

15



10

Түзу бойымен бір қалыпты қозғалысқа есептер

1



11

Өзен ағысына байланысты есептер

1



12

Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер

1



13

Қоспаларға берілген есептер

2



14

Теңдеулер жүйесін құруға берлген есептер

2



15

Жазық фигуралардың ауданын табу

2



16

Бұрыштардың градустық өлшемдері

1



17

Сағаттың минуттық және сағаттық тілдеріне байланысына есептер

2



18

Диаграмма және кестелермен берілген есептер

1



19

Әртүрлі тақырыпқа берілген геометриялық мағынадағы есептер

2



ІІІ

Логикалық және ықтималдыққа есептер

10



20

Аралас логикалық есептерді шешу

2



21

Енгізу және шығару формуласына берілген есептер

1



22

Жаңа логикалық амалдар

1



23

Кітап беттерінің санын табу

1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2021
890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12