400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

5 сынып оқушыларын «Өлкетану» таңдау курсын дайындау барысында оларға өз өлкелерінің тарихының қалыптасуы жайында жүйелі түрде түсіндіру. Өлкетану дегеніміз – туған өлкені жан-жақты зерттеп білу. Өлкетанудың басты міндеттері – өздерің туған, өскен өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамқорлыққа алу, олардың сақталуын қадағалау. Сол жердің тарихын зерттеумен айналысатын археолог, этнограф, тарихшы т.б. мамандарға көмек көрсету. Бұл сендердің болашақтарың үшін, Отанымыз үшін зор үлес болып есептеледі.

Халық арасынан шыққан өлкетанушылар туған өлкелерінің тамаша білімпазы болған. Олар өздерінің тарихи-географиялық білімдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Ерте замандардан бері өлкетанушылар өз халқының мәдениетін, тарихын сақтап, өсіп келе жатқан ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке жетелеген. Қазақ халқы жер-су атаулары мен олардың қасиеттерін, ата-бабалардың ескілікті қорымдары мен зираттарын қадірлеген. Көне жырлар мен нақыл сөздерді білетін адамдарды аса құрметтеген.

Тарихи өлкетану XVIII ғасырдан бастап жеке ғылым ретінде қалыптасқан. Орыс патшасы I Петр 1713 жылы қаулы шығарып, қандай да болмасын тарихи құндылығы бар заттарды мемлекетке тапсыру керек деп шешкен. Сонымен қатар олардың қай жерде, қандай жағдайда табылғандығын жазып алу міндеттелген. Осылайша Ресейде алғашқы мұражай «Кунсткамера» ашылды.

Өлкетану – археология, ономастика, мүрағаттану сияқты тарих ғылымының салаларымен тығыз байланысты. Жер, адам есімдері, ру атаулары т.б. жайдан-жай қойыла салмайды, олардың әрқайсысының өз тарихы, өз мәні бар.

«Өлкетану» таңдау курсының жүргізілуі оқушыларға өз өлкесінің тарихын оқытуға үйретеді. Өлкесінде туып-өскен батырлармен, танымал қайраткерлермен танысып, өзінің ата-бабаларының тарихымен танысады.



Оқытудың мақсаты:

- Оқушыларға кешегісіз бүгіннің жоқ екенін, ал бүгінсіз ертеңнің жоқ екенін тарих пәні арқылы түсіндіру. Осы пәнді оқытудың мақсаты – жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, өз өлкесінің өткен тарихының жетістіктерімен таныстыру, тарихқа сын көзімен қарай отырып келешекті бағдарлайтын шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.

Міндеттері:

- Іскерлік пен мәдени дағдыны қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.

- Өз беттерінше ізденіп, зерттеп, талдай білу қабілетін дамыту, жүйелі ойлауды қалыптастыру.

- Тұлғаның жеке мүддесін ескере отырып, халық тағдырын баян етер тарих пен мәдениетті оқытып үйрету.



Күтілетін нәтиже:

- Оқушының дүниетанымы артады;

- Сабаққа деген қызығушылығы оянады;

- Өз өлкесін қорғауға, аялауға үйренеді;

- Оқушылардың білімге деген ынталығын арттырады;

- Өлкесінің тарихын іздену арқылы өлкесін мақтан етеді.







Оқушылардың білім және біліктілік деңгейлеріне қойылатын талаптар:

1. Конспект, баяндама жасау, дебат сабақтар өткізу, өз пікірлерін дәлелдеу;

2. Өз өлкесінің даму тарихы туралы мәселелерін талдап, сөз жарыстар өткізу;

3. Оқушыларға рефераттар жаздырып, өзіндік жұмыстар орындату т.б.



Пән аралық байланыс:

1. Қазақстан тарихы;

2. География;

3. Қазақ әдебиеті





Оқу курсының мазмұны:



1. Өлкетану әлемі ( 9 сағ.)

Таңдау курсына кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері. Өлкетанудың өлке тарихын зерттеуі. Деректер – тарих негізі. Өлкеміздің картасы. Тараз – көне қалалардың бірі. Жамбыл облысының халқы, табиғаты мен экономикасы. Жамбыл облыстарының аудандарымен таныстыру.

2. Өлкеміздің тарихы ( 13сағ.)

Ақыртас кешені. Орта ғасырлық Бектөбе қаласы. Ботамойнақ үңгірі. Қамыстыбұлақ құпиясы. Ақбұлым көне жәдігерлерге бай.Ақкөл – Айнакөл. Өлкедегі мәдениеттің дамуы және Ұлы Жібек жолы. М.Қашқари, Ж.Баласағұн. Ұлы жүздің биі – Төле. Елдің атын шығарған ерлері бар. Қойгелді батыр.

3. Таңғажайыптар әлемі ( 12 сағ.)

Айша бибі кесенесі. Қарахан кесенесі. Тектұрмас кесенесі. Атаулар осылай туған. Ы.Дүкенұлы – дәлескер күйші. Наным – сенімдер. Б.Момышұлы. Көшелер тарихы. Қайталау.





























«Өлкетану» таңдау курсының оқу- тақырыптық жұмысының күнтізбелік жоспары

5 – сынып

Жылдық сағат – 34

Апталық сағат – 1


Рет №

Сабақ №

Сабақ тақырыбы

сағат

мерзімі

Әдебиеттер,

әдістемелік құралдар



І Өлкетану әлемі

9





І тоқсан 9сағат




1

1

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті

1



2

2

Өлкетанудың өлке тарихын зерттеуі

1



3

3

Деректер – тарих негізі

1



4

4

Өлкеміздің картасы

1



5

5

Тараз – көне қалалардың бірі

1



6

6

Жамбыл облысының халқы, табиғаты мен экономикасы

1



7

7

Жамбыл облысының халқы, табиғаты мен экономикасы

1



8

8

Жамбыл облыстарының аудандарымен таныстыру

1



9

9

Қайталау

1





ІІ Өлкеміздің тарихы

13





ІІ тоқсан 7 сағат




10

1

Ақыртас кешені

1



11

2

Орта ғасырлық Бектөбе қаласы

1



12

3

Ботамойнақ үңгірі

1



13

4

Қамыстыбұлақ құпиясы

1



14

5

Ақбұлым көне жәдігерлерге бай

1



15

6

Ақкөл - Айнакөл

1



16

7

Қайталау






ІІІтоқсан 10сағат




17

1

Өлкедегі мәдениеттің дамуы және Ұлы Жібек жолы

1



18

2

Өлкедегі мәдениеттің дамуы және Ұлы Жібек жолы

1



19

3

М.Қашқари, Ж.Баласағұн

1



20

4

Ұлы жүздің биі - Төле

1



21

5

Елдің атын шығарған ерлері бар

1



22

6

Қойгелді батыр

1





ІІІ Таңғажайыптар әлемі

12



23

7

Айша бибі кесенесі

1



24

8

Қарахан кесенесі

1



25

9

Тектұрмас

1



26

10

Атаулар осылай туған

1





ІVтоқсан 8сағат




27

1

Атаулар осылай туған

1



28

2

Ы.Дүкенұлы – дәлескер күйші, қобызшы

1



29

3

Наным - сенімдер

1



30

4

Б.Момышұлы

1



31

5

Көшелер тарихы

1



32

6

Көшелер тарихы

1



33

7

Қайталау

1



34

8

Қорытындылау

1



























Тәжірибелік бөлім:

1. Топпен жұмыс;

2. Пікір сайыс;

3. Ізденіс зерттеу;

4. Конференция.







Оқытудың бағалау жүйесі:



1. Реферат;

2. Тест;

3. Сөз жұмбақ;

4. Ребус.







Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Тарихи таным. Б.Қожабекұлы Алматы, Атамекен баспасы 1994

2. Қазақ мәдениеті энциклопедиялық-анықтамалық Алматы, Аруна баспасы 2005ж

3. Түрік әлемі Қ.Салғараұлы Астана, Елорда 2000ж

4. Түркі халықтарының тарихы 3-кітап. К.Аманжолов Алматы, Білім баспасы 1999

5. Жамбылская область К.Рыспаев Тараз, Сенім баспасы 2006

6. Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамасы Р.Сырғабаева Тараз қаласы 2007

7. Өркені өскен өлке Жамбыл ауданы. – Алматы, 2008

8. Өрені өскелең Байзақ өңірі. – Алматы: Мектеп баспасы, 2007

Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:



1. Қазақстан тарихы. 1-ші том. «Атамұра» баспасы 1996ж. Алматы

2. Нығымет Мыңжан Қазақтың қысқаша тарихы. «Жалын» баспасы, 1994ж. Алматы

3. Көкіш Рысбаев. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы. «Санат» баспасы 1999ж.

4. М.Мырзахметұлы. «Қазақ топонимдері мен антропонимдері»

5. Ж.Дәдебаев. «Талас аңыздары». Алматы. 2002ж.

6. А.Досымбаева. «Меркі – Жетісу түркілерінің киелі жері», «Сенім», Тараз 2000ж.

7. Н.Мұхаметханұлы – Тарихи зерттеулер. Алматы. «Жалын» баспасы 1994ж.

8. «Ұлы Жібек жолы және Тараз» К.Байпақов, К.Байбосынов

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
30 ұстаз жүктеп алған
20.12.2018
1538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі