400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Авторлық бағдарлама 6-7 сынып Қазақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама 6-7 сыныпқа лайықталынып жасалынған. Тарауды пысықтауға, қорытуға негізделген. Өзіндік жұмыс түрлері, оқушы үлгеріміне қарай тапсырмаларды түрлендіруге болады. Мұғалімнің ізденісі байқалады. Әдістер тиімді қолданылған. Сондықтан тарихи бағдарлама сәтті жоспарланып дайындалған. Бұл жинақта «Қазақ» атымен Қазақ хандығы, қазақ халқы тарих сахнасына шығып, әлемге аян бола бастағаны туралы айтып, түрлі әдістер мен технологияларды қолдану тәжірибесінен сабақ үлгілері ұсынылған. Жинақ тарих пәні мұғалімдеріне Қазақ хандығының құрылу тарихын оқытуға арналған тиімді әдістемелік көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Социализм негізгі орта білім беретін мектебі











Shape1


/Авторлық бағдарлама/
















2019 жыл









Құрастырушы: Мұқашева Айнұр Ғарифоллақызы

Теректі ауданы Социализм негізгі орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің І санатты мұғалімі


Пікір жазушы: Қоғамдық-гуманитарлық пәндерінің ӘБ жетекшісі С.Б.Мұқашева


Авторлық бағдарлама 6-7 сыныпқа лайықталынып жасалынған. Тарауды пысықтауға, қорытуға негізделген. Өзіндік жұмыс түрлері, оқушы үлгеріміне қарай тапсырмаларды түрлендіруге болады. Мұғалімнің ізденісі байқалады. Әдістер тиімді қолданылған. Сондықтан тарихи бағдарлама сәтті жоспарланып дайындалған.


Бұл жинақта «Қазақ» атымен Қазақ хандығы, қазақ халқы тарих сахнасына шығып, әлемге аян бола бастағаны туралы айтып, түрлі әдістер мен технологияларды қолдану тәжірибесінен сабақ үлгілері ұсынылған. Жинақ тарих пәні мұғалімдеріне Қазақ хандығының құрылу тарихын оқытуға арналған тиімді әдістемелік көмекші құрал.



























Түсінік хат

Ортағасырлық Қазақстан тарихында ХVғ.ортасы мен ХVI ғ.аяғына дейінгі аралық ерекше орын алады. Өйткені бір жарым ғасырға созылған осы бір тарихи кезең ішінде Қазақстан территориясында саяси-этникалық маңызы зор күрделі өзгерістер болып өтті. Бұл өзгерістердің ішінде саяси маңызы жағынан ең негізгісі, әрине, ХVғ.ортасында Қазақ хандығының өмірге келуі еді, ал этникалық өзгерістер тұрғысынан алғанда ерте заманда үзіліссіз жүріп келе жатқан этникалық процестердің жаңа сапаға көтерілуі, яғни қазақ халқының тарих сахнасына шығуы болып табылады.

Бұл жинақта әртүрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихындағы ХVI-XVIII ғасырлар аралығындағы ерекше кезеңдері туралы оқушының ой-өрісін дамыта отырып, ғылыми тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Өйткені осы кезеңде қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының іргетасы-Қазақ хандығы тарих сахнасына шығып, қазақ халқы халық болып қалыптасқан ғасырлар еді. Қазақ хандығының құрылуы мен күшеюі, оның көрші елдермен қарым-қатынасы, алғашқы қазақ хандары, Қазақ хандығының құрылған жылы, «қазақ» сөзінің мәні туралы және т.б. көптеген құнды мәліметтер арқылы оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын түрлі тапсырмалар беру арқылы ашып көрсетіледі.

6 - сынып  (аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

7- сынып  (аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

Бұл жинақ жалпы орта білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалануға негізделген.

Мақсаты: Қазақ хандығының негізін қалаған, қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеті:

–         Оқушының өзінің атамекені туралы білім деңгейін арттыру;

–         Оқушының өз бетінше алғашқы хандар жайлы мәліметтерді жинақтау;

–         Туған өлкені зерттеушілердің еңбектерімен таныстыру;

–         Атамекеннің тарихымен таныстыру;

–         Өлкедегі археологиялық ескерткіштермен таныстыру;

–         Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдері арқылы, туған жердің қадір-қасиетін түсінуі.

Өзінің ой-өрісін дамыта отырып, ғылыми тұрғыдан ойлау қабілеттерінің жоғарлауы.

Туған өлкенің тарихын зерттей отырып, тарихи деректер жинау іскерлігін дамыту.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары нәтижесінде өз білімін көтеруді ұйымдастыру.

“Қазақ хандығы” бағдарламасының жылдық күнтізбелік жоспары

№

Тақырыптар мазмұны

Негізгі мәселелер мен ұғымдар

Сағат

саны

Қолдан. көрнекілік

1

Кіріспе

Кіріспе. Мақсаты, міндеті және жылдық жоспарымен таныстыру.

1


2

6-сынып тарихын қайталау

Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.(сұрақ-жауап)

1


3

Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

Өлкемізді мекендеген сақ, үйсін, сармат т.б тайпаларын қайталау.

2

слайд көрсету, сызба-нұсқа

4

Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы туралы түсіндіру.

2

карта мен жұмыс

5

«Қазақ» атауының шығуы

«Қазақ» сөзінің шығу төркіні туралы алуан түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар.

2

сызба-нұсқа

6

«Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы

«Алаша хан» аңызы

2

слайд көрсету

7

Қайталау жұмысы

Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.(тест)

2


8

Қазақ хандығының құрылу жүйесі

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылу жүйесі жеті сатыдан қаланды.

2

сызба-нұсқа, кесте

9

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

Ұлттық мемлекеттің құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның саяси жағдайы.

2

слайд көрсету,

карта мен жұмыс

10

Қайталау жұмысы

Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.(топшама)

2

Өзіндік ізденіс сабағы

11

Қазақ хандығының құрылуы

Хандықтың негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей.

2

картамен жұмыс, суреттер

12

Қазақ хандығының аумағы

Хандықтың алғашқы құрылған кездегі аумағы.

2

карта мен жұмыс

13

Халқының этникалық құрамы

Қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына, оның ұлттық-этникалық құрамына үлес қосқан тайпалар.

2

карта мен жұмыс, сызба-нұсқа

14

Көрші елдермен қарым-қатынасы

Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі көрші елдермен қарым-қатынасы.

2

карта мен жұмыс

15

Қайталау жұмысы

Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.(сұрақтар)

2


16

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы

Қазақ халқының тарихында қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.

2

карта мен жұмыс, сызба-нұсқа

17

ХVI-XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы

Тақырыптар бойынша қайталау сабағы. Оқушылардың жыл бойы алған білімдерін тексеру.

2

слайд көрсету

18

Қорытынды жұмыс

Әр тақырыптар бойынша жалпы қорытынды жұмыс.

2
























































Үлгілік сабақ жоспары

№11 сабақ

Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:XV ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы қазақ хандары туралы айту. Қазақ жеріндегі алғашқы дербес, тәуелсіз мемлекеттің халықтың арман-тілегі мен өзара тұтастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

Дамытушылық:оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып-үйренуге қорытынды жасау арқылы ойлау қабілетін дамыту, алған білімін одан әрі тереңдету.

Тәрбиелік: Қазақ хандығының негізін қалаған, қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.


Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, схема-сызбалар.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру;

  2. Жаңа сабақ түсіндіру;

  3. Жаңа сабақты пысықтау;

Жаңа сабақ

Халық өміріндегі дағдарыс

Әбілхайыр хандығының саяси жағдайдың


Shape2 Shape3

Қазақ бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының



Shape5 Shape4 Shape6

Халыққа алым-салықтың көбеюі

Қазақ хандығының құрылу себептері





Shape8 Shape9 Shape7

Әбілхайыр хандығында хан ұрпақтарының таққа таласуы

Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруды мақсат етуі




Керей мен Жәнібектің Моғолстан ханымен келісім жасауы




Қазақ хандығының құрылуы

Әбілхайыр хандығы

XVғ. 40-50 ж.ж.

Есен-бұға хан




Керей мен Жәнібек Моғолстан

сұлтандар


1465-1466ж.ж.

Талас өзені Шу өзені



Shape10

Shape11

Қазақ хандығы





Shape12


Shape14



«Алтын қақпа» ойыны

«Тас қақпаның» сұрақтары:

  1. «Қазақ» сөзінің мағынасы қандай түсінікті береді?

  2. «Ұшыр» сөзі білдіреді?

  3. Ұлы жүз тайпаларының тараған аймағы?

«Күміс қақпаның» сұрақтары:

  1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлкеттер құрылды?

  2. «Сойырғал» сөзінің мағынасы?

  3. «Ханталапай» сөзінің мағынасы?

«Алтын қақпа» сұрақтары:

  1. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері туралы жазған ортағасырлық тарихшы?

  2. Керей ханның тұрған мекені қалай аталады?

  3. Хан болу үшін қандай талаптар қойылған?

«Алтын сандық» сұрақтары:

  1. Этника сөзінің мән-мағынасы қандай?

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Керей мен Жәнібектің Жетісу жеріне көшудегі мақсаттары не болды?

  2. Хандықтың этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан болды?

  3. Алғашқы хандардың көрші елдермен қарым-қатынас қалай жүрді?

  4. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы, басқару жүйесі қалай құрылды?

Қорытынды:





















№5 сабақ

«Қазақ» атауының шығуы

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:оқушыларды қазақ, халқының қалыптасу тарихы мен таныстыру;

Дамытушылық: «Қазақ атауларының, қазақ жүздерiнiң пайда болуы туралы аныздарды, дepeктepдi салыстыра отырып, оқушылардың өз бетiнше қорытынды жасауға дағдыланды­ру, танымдық, қабiлетiн дамытып, iзденiске баулу;

Тәрбиелік:оқушылардың өз елiнiң тарихын құрметтеуге, ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі: карта, сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару


Жаңа сабақ:

Деректер

араб,парсы,византия,орыс,монғол, қытай, түркі тіліндегі жазбалар



Shape16 Shape15


Формада

аса, қаса,хаса,хайсақ, қасақ, көсек, гәсуә, гасаг, хасақ, т.б.


Shape17



«Еркін кезбелер»

«мықты»

«берік», «алып»



Shape18

Shape19

Ежелгі араб-қыпшақ сөздігінде


Ежелгі Сібір тайпалары


Shape20


«Қаз»-Күс

«Ақ»-Түсі

«Қазақ» «аққу»

төтем

Еркін адамдар

Shape21

Shape22

«Қазақ»


Shape23

Shape24


Орыс ғалымдары

Shape25

Монғол шежіресінде

Shape26 Shape28 Shape27

Ш.Уалиханов

Shape30 Shape29

Қас (Каспий)сақ, тайпа атаулары қосындысы «қассақ»



Ер, күшті, мықты, шабытты

«алыптар күймесі»




Қорытынды:

  1. «Қазақ» атауының шығу тарихын әңгімелеп беріңдер.

  2. «Қазақ» атауы ХІІІ ғасырға дейін қандай мағынада қолданылып келеді?


Білімді қорыту

Тест тапсырмасы:

  1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?

а) Есім мен Тұрсын

в) Қасым мен Тұрсын
с) Жәнібек пен Керей
д) Жәнібек пен Жолбарыс
е) Әбілқайыр мен Әбілмәмбет

  1. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы?

а) Есен-бұға хан

в) Есім хан
с) Әбілқайыр хан
д) Орыс хан
е) Мұстафа хан

  1. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының ұлттық туын тікті:

а) Құндызша

в) Қозыбасы
с) Айғыржар
д) Шыңғыстау
е) Ұлытау деген жер

  1. Қазақ хандығының құрылуы жайында жазған тарихшы?

а) Ахмет Йассауи

в) Әл-Фараби
с) Жүсіп Баласағұни
д) Әл-Марвази
е) Мұхаммед Хайдар Дулати

  1. Қазақ хандығының алғашқы территориясы:

а) Іле өзені

в) Жайық өзені
с) Шу мен Талас өзендері маңы
д) Дешті Қыпшақ жері
е) Сарыарқа

  1. Қазақ хандығы алғаш қарым-қатынас жасаған мемлекет:

а) Өзбек хандығы

в) Моғолстан
с) Әбілқайыр хандығы
д) Ноғай Ордасы
е) Сібір хандығы

  1. Керей мен Жәнібек хандардың маңына көшіп келген халықтың саны:

а) 350 мың

в) 370 мың
с)
400 мың
д)
200 мың
е)
150 мың

  1. ХVғ. 70-жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері:

а) Моғолстан

в) Астрахан жері

с) Сібір хандығы
д) Қазақ хандығы
е) Сырдария мен Қаратау өңірі

  1. Билік жолында қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілқайыр немересі:

а) Хайдар ханы

в) Мұса сұлтан

с) Убайдоллах Шайбани
д) Сүйіндік Шайбани
е) Мұхаммед Шайбани

  1. Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар:

а) Сыр бойындағы

в) Жетісу аймағындағы

с) Шу өзені бойындағы
д) Іле аймағындағы
е) Талас өзені бойындағы























Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. /Әбілғазы. Түрік шежіресі/

  2. /Ежелгі Қазақстан балалар энциклопедиясы/

  3. /Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып/

  4. /Қазақ тарихынан /

  5. /Бизақов С. Түркі әлемі А./

  6. /Қазақстан тарихы 9 сынып 82 бет/

7. /«Қазақстан» энциклопедиясы Ж. Хисымов 6 том 417 бет/
8./ Ғабдол Сланов Шығармалар жинағы 6 том 194 бет/

9. /Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы/


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
1282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі