Материалдар / Авторлық бағдарлама "Әлемдегі ең ерекше жануарлар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Әлемдегі ең ерекше жануарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әлемдегі ең ерекше жануарлар" атты авторлық бағдарлама 6-7 сынып оқушыларына арналған. авторлық бағдарламада ерекше жануарлар туралы қамтылған. Жануарлардың қоректену ерекшелігі, құрылысының ерекшелігі т.б қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
735
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызылорда облысы білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі «№50 Абай атындағы орта мектебі» КММ








С.Б.Молшаева







«ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЕРЕКШЕ ЖАНУАРЛАР»

6-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

ТАҢДАУ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ










Авторлық бағдарлама













Алматы

«Қазақ университеті»

2021

АННОТАЦИЯ



«Әлемдегі ең ерекше жануарлар» 6-7 сынып оқушыларына арналған курс бағдарламасы мектеп бағдарламасы негізінде құрастырылған. Бағдарламада зерттеу әдісін қолдана отырып,мектеп оқушыларын әлемдегі ең ерекше жануарлар туралы ашып көрсетілген. Автор әлемдегі ерекше жануарлар туралы, атап айтсақ арктика жануарлары, түнгі жануарлар, жабайы жануарлар, жынысын өзгертетін жануарлар, әйнекті жануарлардың түрлерімен, олардың қоректену ерекшелігін, мекен ету ортасын т.б қамтыған. Авторлық бағдарлама 6-7 сынып оқушыларын жануарлар туралы кеңірек мағлұмат алу үшін курс ретінде оқытылу үшін құрастырылған.



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I.Түсінік хат

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Авторлық бағдарламаның тақырыптық жоспары

2.2.Авторлық бағдарламаның тәжірибелік бөлімі

III.ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Түсінік хат.

Біз бүкіл әлем бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.

Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін

бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет.

Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Жалпы білім беретін негізгі мектепте биология пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор. Сонымен бірге қазіргі кезде білім беру жүйесінің алдында тұрған міндет білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда оқушылардың іздеу, зерттеу дағдыларын жетілдіру жұмыстары қазіргі заман талабына сай болуы мәлім. Яғни, одан әрі дамуы үздіксіз білім беру жүйесінің тиімді ұйымдастыруымен тығыз байланыс арқылы жүзеге асырылады. Курстың компонент мазмұнын ашуда бейінді дайырлық жұмысыны жүргізуде, болашақта биолог, эколог, зоолог мамандығына баулуда «Әлемдегі ең ерекше жануарлар» бағдарламасы жасалды. Авторлық бағдарлама Биология пәні бойынша тееориялық және айғақтық материалдардан тұрады. Оқушылардың биологиядан алған білімдерін тереңдету мақсатында бағыт-бағдар беру арқылы толықтыру. Курс негізінен биологиялық білім негіздерінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрылды. Бағдарлама 6-7 сынып оқушыларына арналған.

Білімділік мақсаты: оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ескере отырып, биология пәні бойынша ең ерекше жануарлар туралы білімдерін тереңдетіп, жануарлар әлемі туралы таным-түсінігін кеңейтіп, жануарлардың құрылымдық, қоректену, қоныс ауыстыру, қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделу ерекшеліктері мен қоршаған ортаны түзу мен қорғаудағы рөлі, табиғи тепе-теңдікті сақтау туралы білімдерін кеңейтеді.

Негізгі идеясы: «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру

Концепциясы: Туған еліндегі және жалпы әлемдегі жануарларды зерделеу, жануарларға деген сүйіспеншілігі мен танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Оқытудың логикалық негізі: Мектеп бағдарламасына «Биология» пәніне қосымша құрал.

Пәнаралық байланыс: География, Музыка, Информатика, География, Дүниежүзі тарихы.

Оқушы теориялық біліммен қатар Биология пәнінен әртүрлі олимпиадаларға, блиц-турнирлерге, т,б білім сайыстарына қатысып, берілген тапсырмаларды орындайды, алған білімдерін тек мектеп қабырғасында және болашақ өмірлерінде қолданады.



Кіріспе.

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі,

ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» делінген. Яғни, жаңа заман иелері бәсекеге қабілетті жеке тұлға болуы тиіс. «Жеке тұлға» алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылатын, белгілі бір шешімге келе алатын, ойын жетік, түсінікті жеткізе білетін, маманданған адам.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгереді.Оқушылардың білім алу барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуі арқылы танылады. Ендеше жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда «Әлемдегі ең ерекше жануарлар » курсы бойынша бағдарламасының маңызы зор.

Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі. Жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі. Жер бетінде жануарлар прокариоттар, балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Зерттеулерге қарағанда, олардың жасы 0,8 млрд жылдан аспайды. Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Осындай жануарлардың ішінде ерекше ақылды жануарлар да жетерлік.  Жануарларды күнделікті өмірде ұшырату қиын емес. Дүниежүзінің түпкір-түпкірінде, үлкен-үлкен қалаларда, елді мекендерде, апандар мен ағаш басында, шатырларда, әйтеуір айналаңа қарасаң-жануарлардың түр-түрін көресің. Жануарлар-эукариотты тіршілік иелдері. Жасушасында ядросы бар тіршілік иесін «эукариотты» дейді. Сонымен бірге жануарлар-гетеретрофты организмдердің қатарын құрайды, яғни жануарлар, негізінен дайын органикалық заттармен қоректенеді. Дүниежүзінде жануарлардың 1,6 милиондай түрі, 17 типі бар. Бұл дегеніміз-барлық тірі организмдер мен өсімдіктерді, саңырауқұлақтарды, мүк-қыналарды бактерияларды қоса алғаннан да көп. Жануарлар әлемі-табиғи ортаның маңызды құрам бөлігі. Жануарлар туралы, олардың әр түрлілігі, құрылысы, мінез-қылығы, көбеюі, шығу тегінің дамуы, таралуы және қоршаған ортамен қарым-қатынасы, сондай-ақ жануарлардың табиғаттағы және адамзат тіршілігіндегі мәні туралы осы курста толық мәлімет алуға болады. Жануарлар әлемі әрдайым таңғажайып. Олардың кейбір әрекеттеріне қарап, таңғаласыз, сонымен бірге демалып та қаласыз. Оларды қолға үйретуіміздің себебі де осы болар. Жануарлар жөнінде түрлі кітаптар оқу-қызғылықты әрі тартымды. Себебі жер бетінде сипаты мен тұрпаты сан алуан жануарлар өте көп. Сонымен, мен Жер шарын мекендейтін ерекше жануарлар жөніндегі Әлемдегі ең ерекше жануарлар деп аталатын 6-7 сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарламамамды ұсынып отырмын. Бұл курсты меңгеруге арналған білім стандарты жоқ болғандықтан, оқу бағдарламасы «Жануартану» пәнін меңгеру негізінде жасалды. Курс жануарлардың мінез- құлқын жүйелі түрде зерттеуді мақсат етеді. Бағдарламаны игеру барысында оқушылар қосымша әдебиеттермен, интернет мәліметтерімен, т.б ақпарат құралдарымен танысады және олардың бағдарламаны игерудегі белсенділігі олардың ізденуінен, викториналық сұрақтарға, олимпиадаларға , әртүрлі конкурстарға қатысуынан көрінеді.

«Әлемдегі ең ерекше жануарлар» авторлық бағдарламасының жоспары орта буынның сынып оқушыларына төменгі сыныптарда өтілген материалдарды қайталап ғана қоймай, терең танымдық білім меңгертуге бағытталған, теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыру көзделген. Оқушылар берілген жұмыстарды орындай отырып сабақтан бөлек қызықты деректер жинау, іздестіру, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Олимпиадалық сайыстарға дайындауда қолдануға ыңғайлы, жаратылыстану пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттырып мамандық таңдауға да септігі мол.


Бағдарламамның негізгі мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жануарлар дүниесі бойынша планетамыздағы ерекше жануарларды зерттеуге қызықтыру


Міндеттері:

    • Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету;

    • Жануарлар әлемін тұтас құрылым ретінде зерттеу;

    • Жануарлар әлемін зерттеу барысында бақылаулар мен эксперименттерге сүйену;

    • Жануарлардың мінез –құлқын анықтау;

    • Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу;

    • Биология кабинетіндегі оқу құралдарымен (жарық микроскоп, микро-препараттар) компьютермен (пезентация жасау) және сарамандық жұмыстарды орындау кезіндегі іскерлігін дамыту;

    • Оқушылардың экологиялық көзқарасының қалыптасуын дамыту.


Күтілетін нәтиже:

Оқушылар курс соңында

    • әлемдегі ең ерекше жануарларды сипаттай алады;

    • жануарлар әлемін жүйелей алады;

    • жануарлардың тіршілік формасын анықтай алады;

    • жануарлар организмінің құрылысын сипаттай алады;

    • жануарлардың маңызын, оларды қорғау шараларын зерттейді;

    • өз бетінше шығармашылық жұмыстарды орындайды;

    • көптеген ақпараттық көздермен жұмыс істей біледі;

    • алған ақпараттарды анализдеп қорытынды шығарады;

    • апсырма орындауда шығармашылық әрекет етеді;

    • зияткерлік байқауларға қатысып, өздерінің білімдерін көрсетеді, жоғары нәтижеге жетеді.





































Тақырыптық жоспар мазмұны


Рет саны

Сабақтың тақырыптары


Сағат саны

Негізгі ұғымдар

1 тоқсан-9 сағат

1

Кіріспе

Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі


1

Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы, жануарлар әлемін қорғау. Курс туралы түсінік және мақсат-міндеттерімен таныстыру


І

Омыртқасыздар-4сағат


2

Омыртқасыздар.


1

Омыртқасыз-жануарларының алуантүрлілігі мен ұқсастықтары және олардың қимыл-қозғалысына сай құрылымы. Жануарлар өміріндегі маусымдық және күндік өзгерістер. Желайдарлар агрегациясы

3

Омыртқасыздардың тарихы.

1

Омыртқасыздардың тарихы. Пайда болған жылы,мекен ету ортасы, тіршілігі. Кілем желайдар

4

Омыртқасыздардың өзін-өзі қорғауы.

1

Омыртқасыздардың өзін-өзі қорғауы мен шабуыл жасауы және пайдасы. Ең ерекше медузалардың түрлерінің ерекшелігі. Хопкин раушаны. Қанды қарын медузалар. Тереңдегі офиулардың тіршілігі

5

Теңіз омыртқасыздары.

1

Теңіз омыртқасыздары туралы жалпы түсінік. Ішекқуысты маржан. Актиния. Теңіз лимондары. Аурелия омыртқасыздарының ерекшеліктері, мекен ету ортасы, қоректенуі.

ІІ

Су жануарлары-4 сағат

6

Су жануарлары.


1

Су жануарларының типтері. Су жануарларының әртүрлілігі. Мұхит ай балығы. Майшабақ каролі,Су кірпісі тікендерін балықтары туралы түсінік


7

Су жануарларының анатомиясы.

1

Ламантиндер, теңіз құрты, дюганьдар, арыстанның жалы медузасы, криль су жануарлары

8

Су жануарларының мекен ету ортасы, қоректенуі

1

Ерінді балық, семсер балық, миксина, сары зебрасома, химер балық, кілем акуласы, пикша балығы, баракуда балығы, жолбарыс акулалары.

9

Қылжақбас балықтар,

қылжақбас балықтардың мекен ету ортасы

1

Қылжақбас балықтардың ерекшелігі, түрлері, мекен ету ортасы. Тамақтану типтері. Үш жолақты қылжақбас балық, кларк қылжақбас балығы, барьерлік риф қылжақбас балығы, оцелярис қылжақбас балығы

ІІ тоқсан-7 сағат

ІІІ

Арктика жануарлары-3 сағат

10

Арктика жануарларының ең ерекше түрлері

1

Арктика жануарларының ең ерекше түрлеріне сипаттама. Карибу бұғысы. Нарвалдар. Сойдақ тісті жануарлардың ерекшеліктері.

11

Арктика жануарларының қоректенуі

1

Арктика жануарларының қоректену ерекшеліктері.Ақбасты суыр. Арктика бізтұмсық шағала.Қар байғызы лемминг жануарлары.

12

Арктика құстары

1

Арктика құстарының түрлері. Қайра. Маеовка.Сабина шағала құстары.

ІҮ

Әйнекті жануарлар-4 сағат

13

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!