жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама. Анықтамалық Құрал. Қазақстан тарихы 1914-2012
Алғысөз
«Қазақстан тарихы (1914-2012 ж.ж.) анықтамалық көмекші құралы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үстіндегі жоғарғы сынып оқушыларына және талапкерлерге арналып отыр.
ҰБТ-ға кіретін міндетті Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі ретінде өз пәнімді оқушыға жеңіл және түсінікті, қызықты жеткізуді, ҰБТ-ға 11 сыныпқа дейін-ақ бейімдік дайындықты бастау керектігін ұғындыруды мақсат етіп қойып, өз жобамды ұсынып отырмын. Мектеп оқушысының білімдік деңгейін анықтайтын жүйе ретінде ҰБТ енгізілуі ата-анада алаңдаушылық, балада және ұстаздарда жауапкершілік пен күмән туғызып отырғандығы рас. Әрбір ата-ана баласының жоғарғы оқу орнына түскенін қаласа, ұстаздар оқушысының ҰБТ-да жоғары балл алуы үшін тер төгіп жататындығы өмір шындығына айналды. Аталмыш әдістемелік құралды әзірлей отырып, ҰБТ тапсыруға ниеттенген жоғарғы сынып оқушыларын бейімді түрде дайындауға үлес қосамын деген ойдамын.
Қазақстан тарихы пәнінің қазіргі заман кезеңі Қазақстан тарихының төртінші кезеңі болып табылады. Хронологиялық шеңбері – 1914 жылдан қазіргі күнге дейін. Бұл құралда мезгілдік сипатына байланысты Қазақстан тарихының қазіргі заман кезеңін жүйелі түрде кезеңдеу әлі шешілмеген. Бұның себебі аталмыш уақытты кәсіби түрде зерттеп, жалпылама шолу жасаушылар аз. Дегенімен ғылыми ортада қадамдар бар. Соның негізінде тарихи оқиғаларды дәуірлік сипатына қарай топтастырдық.
Бұл әдістемелік-көмекші құралда Қазақстан тарихының қазіргі заман кезеңінің ең маңызды оқиғаларының барысы хронологиялық тізбек арқылы әр кезең тақырыптарына қарай бірыңғайластырып, елді мекен атаулары және тұлғалар есімдері мезгілдік тұрғыда жүйелі түрде берілген. Әдістемелік құралды пайдалана отырып тест тапсырмаларын шешудің жолдары көрсетілген.
Әдістемелік-көмекші құралдың мазмұндық құрылымы жоғарғы сынып оқушыларының, мектеп бітіруші түлектердің өз бетімен дайындалуына мүмкіндік береді.
Жүйелеу
І. Қысқа түрде
1. Империялық Отаршылдық қысымның соңғы кезеңі 1900-1917 жж.
2. Бірінші дүниежүзілі соғыс 1914-1918 жж.
3. 1917 ж. Ақпан және Қазан төңкерісі.
4. 1918-1920 жж Азамат соғысы.
5. 1920/25-1936 жж. Қазақ АКСР
6. 1936-1991 жж. Қазақ КСР
7. Тәуелсіз Қазақстан
ІІ. Күрделі түрде
1. Аграрлық отарлаудың соңы (Столыпиндік реакция жылдары).
2. Ұлт-азаттық күрестің жандануы (Алаш қозғалысы).
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жж.
4. Ақпан төңкерісі (Уақытша үкіметтің құрылуы).
5. Ұлттық үкіметтердің құрылуы (Алашорда және Түркістан автономиялары).
6. Азамат соғысы 1918-1920 жж.
7. Кеңес өкіметінің орнауы.
8. Қазақ даласының кеңестік үлгіде бірігу үрдісі.
9. 1920-1930 жж. әлеуметтік-саяси өзгерістер.
10. 1930 ж. шаруалар толқуы.
11. «Сталинизм» зардабы.
12. Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж.
13. «Хрущев жылымығы».
14. «Тоқырау жылдары».
15. «Қайта құру» қадамы.
16. КСРО-ның ыдырауы.
17. Тәуелсіздік қадамдары –депте бөлсеңізде болады.
Тұлғалар:
1. Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс» деген мақаласы басылды. Онда автор соғыстың әділетсіз екендігін дәлелдеді. Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?» - деп жазды.
2. Т. Рысқұлов: «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды», - деп жазды.
3. А. Байтұрсынұлы: сонау 1913 жылдың өзінде: «қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп жазды.
4. М. Дулатұлы: «Жұрт сендей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»,- деп айтты.
5. Нұрлан Қияшев – Шерубай-Нұра болысында хан болып жарияланды.
6. Оспан Шоңов – Қарашақ болысында хан болып жарияланды.
7. Бекболат Әшекеев – Верный уезінің Жайымтал болысында хан болып жарияланды.
8. А. Байтұрсынұлы: «қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»,-деп жазды.
9. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: «Бірі – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – бармай қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді...», - деп.
10. Бекболат Әшекеев пен Тоқаш Бокин – Верный уезіндегі көтерілісті ұйымдастырушылар.
11. Жәмеңке Мәмбетов пен Ұзақ Саурықов – Қарқарадағы көтерілісті ұйымдастырушылар.
12. Әлихан Бөкейханов: «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірды... Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды»,- деп жазды.
13. Әбілғафар Жанбосынов – Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары өздеріне хан етіп сайлаған тұлға (Орта жүздегі ықпалды биі Нияздың немересі).
14. Амангелді – Торғай өңіріндегі көтерілісшілердің сардарбегі (Иман батырдың немересі).
15. Кейкі батыр – Амангелдінің серігі, атақты мерген.
16. А. Ф. Керенский – IV Мемлекеттік Дума мінберінен жазалаушыларды әшкерелеп, патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшіл саясатын сынға алушы.
17. С. Ужгин - «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазын шығарушы Қостанай социал-демократиялық ұйымдарын құрушылардың бірі, публицист.
18. Никита Кротов – Торғайдағы көтерілісшілерді соғыс өнеріне үйретіп, өзі жазалаушылардың бірінде қаза тапқан.
19. Е. Е. Курев – Қозғалыстың Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі.
20. Софья Вербицкая – Көтерілісшілер жағында соғысушы кәсіпкердің қызы.
21. Бекболат Әшекеев - Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған, Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі.
22. Жәмеңке Мәмбетов – абақтыға қамалып, басқа да 12 басшысымен азаптап өлтірген Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі.
23. Ә. Бөкейханов: «қазақ-қырғыз осы көтеріліске көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды», - деп жазды.
24. Ә. Бөкейханов Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы болып жүргенде Минскіде: «Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін – басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіңдер», - деп үндеу тастады.
25. Әлихан Бөкейханов – қазақ халқының ұлттық санасын оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші.
26. Т. Рысқұлов – Әулиеата мен Меркеде «қазақ жастарының революциялық одағын»-атты саяси ұйымды құрушы.
27. С. Сейфуллин - Ақмолада «Жас қазақ» саяси ұйымын құрушы.
28. М. Шоқай Ресей мен Түркістандағы саяси жағдайды сипаттай келіп: «Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр болды»-деді.
29. М. Шоқай 1917ж. 22 қарашада Ферғана хандығының бұрыңғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезін ашушы.
30. М. Тынышпаев – Түркістан үкіметі-Уақытша Кеңесінің тұңғыш премьер-министрімен ішкі министрі.
31. М. Шоқай – М.Тынышпаевтан кейінгі Қоқан автономиясының басшысы.
32. М. Шоқай – 1917 ж. желтоқсанында Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде Түркістан автономиясының басшысы ретінде: «Қоқан оқиғасын ұлт-азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұнды мойындамау, басқаша ойлағандарды қатаң жазалау, идеологиялық төзімсіздік пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік», - деп айтты.
33. Ә. Бөкейханов – Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүшелері арасынан балама негізде өткен сайлауда төраға болып сайланды.
34. А. Дутов – Орынбор өлкесі казактарының атаманы.
35. Ә. Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер Кеңес өкіметіне қарсы бірікті.
36. А. Розыбақиев – қазақ, ұйғыр және орыс еңбекшілері арасындағы қатынастарды жақсартуға ұлт істері жөніндегі облыстық комиссардың орынбасары.
37. атаман А.Дутов 1918 жылғы маусымда Орынборды алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастады.
38. Ә. Жангелдин – әскер бөлімдерін құру істерімен Дала өлкесінің төтенше комиссары.
39. А. Иманов – Торғай уезінің әскери комиссары.
40. Б. Қаратаев – қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі.
41. М. Г. Летунов – Қостанай уезінде астыртын жұмысты ұйымдастырушы Мәскеудегі Қазан қарулы төңкерісіне қатысушы.
42. Г. И. Муляр – Қара теңіз әскери флотының бұрыңғы матросы.
43. А. И. Миронов – Қысқы Сарайға шабуыл жасауға қатысқан.
44. К. М. Иноземцев – Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі, үш революцияға қатысушы.
45. И. Эльбе – Қостанай төтенше комиссияның төрағасы.
46. Өтеп Ыбыраев – Кеңерал болысында астыртын жұмысты 1916 жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі.
47. Кәкімжан Саркин – Ой болысында көтеріліс басшысы.
48. М. В. Фрунзе – Оңтүстік топтың әскербасшысы.
49. М. Н. Тухачевский – Шығыс майданның 5-армиясының қолбасшысы.
50. Яков Ушанов – Өскемен уездік Кеңесінің тұңғыш төрағасы.
51. В. И. Ленин - КСРО тұңғыш ХКК төрағасы (РКФСР ХКК төрағасы).
52. С. Пестковский – қазақ ревкомының басшысы.
53. С. Мендешев – Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы.
54. В. Радус-Зенкович – Қазақ АКСР ХКК төрағасы.
55. Ғ. Мұратбаев (1902-1924) Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушы, Түкістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы.
56. А. Оразбаева, Н. Арықова, Н. Құлжанова, С. Есова, Ш. Иманбаева – әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері.
57. Ф. И. Голощекин 1925-1933 жылдар арасында Қазақстанды басқарды.
58. Филипп Исаевич Голощекин ауыл Қазан төңкерісінің лебін сезінген жоқ деп есептеді.
59. И. В. Сталин Голощекиннің ұсынысы «бірден-бір дұрыс саясат» деп қысқа әрі айқын жауап қайтарды.
60. Н. С. Курнаков басшылық жасаған геологтар мен геофизиктердің үлкен тобы Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Бұл топ өз зерттеулерінің нәтижесінде Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металлогендік аймағы болып табылады» деген тұжырым жасады.
61. И. М. Губкин – Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеумен айналысып, бұл кен орнын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі деп есептеді.
62. Қ. И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.
63. Д. Омаров – қатардағы жұмысшыдан Түрксіб теміржолының бастығына дейін көтерілді.
64. Т. Қазыбеков – қатардағы жұмысшыдан «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің бастығына дейін көтерілген Социалистік Еңбек Ері.
65. Н. Тимофеев: «Құрылысшылар зор кедергілерден өтіп отырды. Болат жол ұшы-қиыры жоқ дала, тау жоталары, өзендер мен терең сайлар арқылы салынды. Жазда – ыстық, аптап, қыста – үскірік аяз, қарлы боран титықтатты. Бірақ кеңес адамын ешқандай қиындық тоқтата алмады», - деп еске алды.
66. С. Сәдуақасов күйінішпен: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды...» - деп айтты.
67. Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады.
68. С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтар «ұлтшыл» деп айыпталды.
69. Т. Рысқұлов наразылық білдірген соң БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырып алынды.
70. И. Сталиннің нұсқауымен астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етілді.
71. Г. Рошаль – 1930 жылғы 9 наурызынан бастап, үштік хаттамаларына қол қойып отырды.
72. Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев – БК(б)П өлкелік комиетінің хатшысы Ф. Голощекинге ашық хат жазды.
73. Т. Рысқұловтың 1933 жылғы наурызда И.В.Сталинге жазған хаты да сол жылдардың сұмдығын айқын ашып беретін тарихи айғақ болып табылады.
74. Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов және Алаш партиясының басқа да көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады.
75. Қазақ-кеңес әдебиетінің көрнекті тұлғалары – С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы жазаға ұшырады.
76. А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін салушы.
77. Қ. Жұбанов - көрнекті тілтанушы ғалым, профессор.
78. С. Асфандияров – қазақтың тарихи білімінің негізін салушы.
79. М. Төлепов – КСРО Ғылым академиясы қазақ филиалы басшыларының бірі.
80. А. Л. Чижевский – Э. Циалковскийдің серігі әрі досы, салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі бірегей еңбектің авторы (Карлаг тұтқыны).
81. В. С. Пустовойт – селекционер, академик, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (Карлаг тұтқыны).
82. Н. В. Тимофеев-Ресовский – радиациялық генетиканың негізін салушы.
83. В. Л. Пржелцлавский – жылу техникасы жөніндегі ірі маман (С. П. Королевтің серігі).
84. Т. М. Людвиг – Сәулет академиясының корреспондент мүшесі.
85. С. Сейфуллиннің әйелі – АЛЖИР лагерінде отырды.
86. Т. Рысқұлов әйелі мен қызы – АЛЖИР лагерінде отырды.
87. Т. Жүргеновтің әйелі – АЛЖИР лагерінде отырды.
88. С. Қожановтың әйелі – АЛЖИР лагерінде отырды.
89. Т. Күзембаев - 1937 жылғы КСРО Жоғарғы кеңесіне сайланған Қазақстандық шахтер.
90. С. Зұрбаев - 1937 жылғы КСРО Жоғарғы кеңесіне сайланған Қазақстандық мұнайшы.
91. И. Логвиенко - 1937 жылғы КСРО Жоғарғы кеңесіне сайланған Қазақстандық комбайншы.
92. С. Оңғарбаев - 1937 жылғы КСРО Жоғарғы кеңесіне сайланған Қазақстандық сауыншы.
93. Л. Березняк - КСРО Жоғарғы кеңесіне сайланған Қазақстандық паровоз машинисі.
94. П. Н. Ангелина қыздар мен әйел адамдарды трактор меңгеруге шақырушы.
95. А. Наганов, В. Фурсов, Қ. Тұрдиев, Ш. Шолтыров Брест қамалын қорғаған қазақстандықтар.
96. Е. П. Рыков – Дивизия командирі, Оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі. 1941 жылы 20 қыркүйекте неміс-фашист басқыншыларымен шайқасқа түскен.
97. И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясының басшысы, генерал-майор (Кеңес Одағының батыры).
98. И. В. Карпов Мәскеу үшін шайқаста атқыштар полкіне қолбасшылық еткен.
99. Б. Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста батольон басқарған.
100. М. Ғабдуллин – жау танкілерін жойып, өз бөлімшесін қоршаудан алып шыққан ротаның саяси жетекшісі. Кеңес одағының батыры.
101. Төлеген Тоқтаров – Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған кеңес одағының батыры.
102. Б. Момышұлы: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің рейхді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік»-деп айтты.
103. Н. Гастелло – жау тобына ұшағын бағыттаған адам, авиация капитаны.
104. А. Маслов – жау тобына ұшағын бағыттаған экипаж ұшағының жетекшісі.
105. Б. Бейсекбаев – жау тобына ұшағын бағыттаған қазақ. Ресейдің батыры, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың өкімімен Халық Қаһарманы атағы берілді.
106. Д. Шыныбеков – Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені.
107. С. Баймағамбетов – Ленинград үшін шайқаста жау дзотын кеудесімен жапқан.
108. Жамбыл – блокадалық Лениградтықтарға «Ленинградтық өренім» жырын арнады.
109. Ғ. Сафиуллин (полковник) басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудын 120 танкісі мен 800 автомашиасын жойды.
110. Н. Әбдіров – қарағандылық ұшқыш.1942 ж.19 желтоқсанда Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында ұшағын жау танкілер шоғырына құлатқан.
111. Т. Мырзаев – «Павлов үйін» қорғаған Оңтүстік Қазақстандық жауынгер.
112. Қ. Сыпатаев – Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде өшпес ерлік көрсеткен минометші.
113. Т. С. Позолотин – Дон мен Еділ жағасындағы жау топтарын қоршауға алу операциясына қатысқан қазақстандық подполковник (17-гвардиялық танк полк қолбасшысы).
114. І. Айтықов – сталинград қорғанысының батыры, екі мәрте Даңқ орденінің иегері (Кеңес Одағының батыры).
115. Қ. Аухадиев – жаудың 5 танкісі мен өздігінен жүретін «Фердинанд» машинасын жоюшы (Кеңес Одағының батыры).
116. Қ. Қайсенов – Украинадағы партизандар қозғалысының жетекші.
117. Ж. Ағаділов – партизан.
118. Е. Воробьев – партизан.
119. П. Семенова – партизан.
120. А. С. Егоров (Кеңес Одағының батыры) пен З.У. Құсайынов (Кеңес Одағының батыры) шетелдегі қарсыласу қозғалысының жетекшісі.
121. Т. Бигельдинов – ұшқыш (Екі мәрте Кеңес Одағының батыры).
122. Л. Беда – ұшқыш (Екі мәрте Кеңес Одағының батыры).
123. И. Павлов – ұшқыш (Екі мәрте Кеңес Одағының батыры).
124. С. Луганский – ұшқыш (өзі жалғыз жаудың 37 ұшағын, топтасып жүріп 6 ұшағын атып түсірген). Екі мәрте Кеңес Одағының батыры.
125. М. Мәметова – 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі (Кеңес Одағының батыры).
126. Ә. Молдағұлова – 54-атқыштар бригадасының мергені (Кеңес Одағының батыры).
127. С. Нұрмағамбетов – Кеңес Одағының батыры (Берлин операциясына қатысқан).
128. И. Я. Съянов, Х. Қайдауов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигельдинов, А. Еремеев, Н. Шелихов – Берлинге шабуыл жасауға қатысқандар.
129. Р. Қошқарбаев, Г. Булатов – Рейхстагқа ту тіккен қазақстандықтар.
130. Қ. Мәденов пен Р. Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасына тіккендер.
131. С. Көбеев, Л. И. Добранская, Н. В. Волков, С. Ақышев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев ж/е т.б – «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілді.
132. С. Асфандияров – «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының» бірінші бөлімінің авторы.
133. Ж. Жұмабаев – «Шолпан» (1913ж), «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан» поэмаларының авторы.
134. С. Сейфуллин – «Көкшетау» поэмасының авторы.
135. С. Мұқанов – «Сұлушаш», «Жұмбақ жалау».
136. І. Жансүгіров – «Құлагер» поэмасының авторы.
137. И. Байзақов – «Құралай сұлу» поэмасының авторы.
138. Б. Майлин – «Азамат Азаматыч» романының авторы.
139. Ж. Аймауытов – «Қартқожа» романының авторы.
140. С. Ерубаев – «Менің құрдастарым».
141. Ғ. Мұстафин – «Өмір мен өлім» романының авторы.
142. М. Әуезов – «Айман-Шолпан», «Түңгі сарын».
143. Б. Майлин – «Жалбыр» пьесасының авторы.
144. Ғ. Мүсірепов – «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесаларының авторы (драмалық).
145. Ж. Аймауытов – «Мансапқорлар», «Ел қорғаны».
146. И. П. Шухов – «Ащы өзек», «Өшпенділік» романдарының авторы.
147. Ә. Бөкейханов – «Интернационалды» қазақ тіліне аударды.
148. А. В. Затаевич (этнограф, сазгер) – «Қырғыз(қазақ) халқының 1000 әні», «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» еңбектерінің авторы.
149. Б. В. Асафьев (музыкатанушы) – «Қазақтың 1000 әні» еңбегінің авторы.
150. Ж. Шанин – қазақ ұлттық театрын басқарушы.
151. А. Қ. Жұбанов – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрушы.
152. К. Бәйсейітоваға – 1936 жылы КСРО халық әртісі берілді.
153. Ә. Қастеев – П.Г.Хлудовтың талантты шәкірті.
154. Қ. И. Сәтбаев – Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының бірінші президенті.
155. М. Әуезов – «Абай» эпопеясының авторы.
156. С. Мұқанов – «Өмір мектебі» трилогиясының авторы.
157. Ғ. Мүсірепов – «Қазақ солдаты» романының авторы.
158. Ғ. Мұстафин – «Шығанақ» (прозалық шығармасының) романының авторы.
159. Ә. Әбішеев – «Жас түлектер» повесінің авторы.
160. А. Толстой – «Иван Грозный дилогиясының» авторы.
161. Ж. Шаяхметов – Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
162. Е. Бекмаханов – «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» еңбегінің авторы, «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі.
163. Ә. Марғұланның көзқарасы жат деп танылды.
164. Қ. Сәтбаев – Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.
165. Ю. Домбровский(жазушы) – Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.
166. П. К. Пономаренко – Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
167. Л. И. Брежнев – Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
168. Л. И. Брежнев – Қазақстан КП Орталық Комитетінің екінші хатшысы.
169. Л. И. Брежнев – КСРО КОКП бас хатшысы.
170. Ы. Жақаев – Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының күріштен рекордты өнім жинаушы звено жетекшісі.
171. Ә. Марғұлан - көшпелілердің қола дәуірдегі тарихы мен мәдениетін зерттеді.
172. М. Әуезов – «Абай жолы» эпопеясының авторы.
173. Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» романы 1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі саналды.
174. С. Мұқанов «Сырдария» романында замандастарының өмірін, еңбегін, арман-мақсаттарын бейнеледі.
175. С. Мұқанов «Өмір мектебі» трилогиясында жазушы ауызекі әңгіме, өмірбаяндық сыр-шерту дәстүрін жалғастыра отырып, туған халқының тарихи жолына өз түсінігінше шолу жасайды.
176. Ғ. Мұстафин – «Миллионер» прозалық шығармасының авторы.
177. Ғ. Мұстафин – «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарының авторы.
178. Ә. Тәжібаев – «Шайтан» (сатирикалық), «Портреттер»(философиялық) поэмаларының авторы.
179. Х. Ерғалиев – «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы» поэмаларының авторы.
180. Т. Жароков – «Жапанды орман жаңғыртты» поэмасының авторы.
181. Қ. Бекқожин – «Мариям Жагорқызы» поэмасының авторы.
182. Ж. Молдағалиев – «Жыр туралы жыр» поэмасының авторы.
183. И. Шухов – «Тың игерушілер» очеркінің авторы.
184. Х. Абдуллин – «Гүлстан» повесінің авторы.
185. К. Хасанов ұйғыр драмматургиясын жасауда көп еңбек етті.
186. С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров есімдері ХХ съезден соң ақталды.
187. Ә. Әбішев – «Достық пен махаббат» пьесасының авторы.
188. Ш. Хұсайынов – «Кеше мен бүгін» пьесасының авторы.
189. Ә. Тәжібаев – «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасының авторы.
190. Я. С. Штейн басқарған жылдары Орыс драма театры қазіргі заман тақырыптарын игеруге бетбұрыс жасады.
191. В. Б. Харламов өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО Халық артисі атағын алды.
192. Н. Сац басқарған Жасөспірімдер театры үлкен шығармашылық өрлеу үстінде болды.
193. Сазгер Е. Брусиловский «Дударай», М. Төлебаевпен бірігіп «Амангелді» операларын жазды.
194. Қ. Қожамияров тұңғыш ұйғыр операсы «Назугумды» жазды.
195. Қ. Телжанов (картинасы) – «Жамал», «Атамекен».
196. С. Мәмбетов (картинасы) – «Тауда», «Киіз үй қасында».
197. М. Кенбаев (картинасы) – «Шопан әні», «Сұхбат».
198. А. Степанов пен А. Ғалымбаева салған порттреттерінде адамның алуан түрлі көңіл күйі мен толғаныстарын шынайы бейнеледі.
199. Н. Нұрмұхамедов, М. Лизогуб, К. Шаяхметов, А. Черкасский, Н. Таңсықбаев, Ә. Қастеев сияқты қылқалам шеберлері тарихи-революциялық тақырыпқа, индустриялық пейзаждарға бой ұрды.
200. Д. А. Қонаев – Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
201. М. Әуезов «Жас тұлпар» ұйымын құрды.
202. А. Коркин – Қазақстан аумағынде ұйымдастырылуы тиіс болған неміс автономиясы жөніндегі комитет басшысы.
203. А. Коркин – Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы.
204. Д. В. Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білді.
205. У. М. Ахметсафин республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еті.
206. М. А. Айтхожин – информосомаларды ашты.
207. А. И. Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасау бағытында зерттеулер жүргізді.
208. Ғ. Мүсірепов - Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген жазушы.
209. Ә. Нүрпейісов – «Қан мен тер» трилогиясының авторы.
210. І. Есенберлиннің романдары бұқара арасында кең танымал болып, қолдан-қолға өтіп жүрді.
211. Ә. Әлімжанов – «Ұстаздың оралуы» романының авторы.
212. Б. Момышұлының соғыс тақырыбына жазған шығармалары оқырман көңілінен шықты.
213. О. Сүлейменов – «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы.
214. Ш. Айтматов – «Құс жолы» повесінің авторы.
215. Ш. Аймановтың «Атаманның ақыры», С.Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмдері халық арасында ілтипатпен қабылданған шын мәніндегі көркем таспалар болатын.
216. М. Горбачев – КСРО КОКП Бас хатшысы.
217. Г. Колбин – Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы.
218. Г. Колбин – Грузия КП ОК екінші хатшысы.
219. Қ. Рысқұлбеков – Желтоқсан оқиғасына қатысушы.
220. Қ. Рысқұлбековтың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды.
221. Қ. Рысқұлбековке «жасақшы» С. Савицкийді өлтірді деген айып тағылды.
222. М. С. Соломенцевтің нұсқауы бойынша, КСРО-ның барлық бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді.
223. Н. Ә. Назарбаев – Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
224. Ш. Құдайбердіұлы (1858-1931) ақын, философ.
225. Ж. Аймауытов (1889-1931) жазушы әрі ғалым.
226. М. Дулатов (1885-1935) жазушы, педагог.
227. А. Байтұрсынов (1873-1937) тіл, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған.
228. М. Жұмабаев (1893-1938) атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог.
229. О. Сүлейменов – «Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысын құрушы.
230. Н. Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
231. Н. Назарбаев КСРО-ның келешегі туралы айтыстар жүріп жатқан кезде жаңарған федерация ұстанымдары негізінде одақты сақтап қалу үшін белсенді күрес жүргізді.
232. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады.
233. С. Әбділдин 1993 жылдың 13 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің таратылғандығын ресми түрде жариялады.
234. Ә. Нүрпейісов – «Соңғы парыз» романының авторы.
235. М. Мағауин – «Мен» атты философиялық толғауы жарыққа шығарды.
236. Қ. Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы «Дарабоз» дилогиясын оқырмандар назарына ұсынды.
237. О. Сүлейменовтың көпжылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылатын, дүниежүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған көлемді еңбегі – «Жазу тілі» кітабы жарық көрді.
238. Р. Әбдіров – «Сталинге сыйлық» фильмінің режиссері.
239. Р. Ибрагимов пен Т. Теменов (режиссерлер) – «Көшпенділер» фильмін (шетелдерде «Номад» фильмі) түсірді.
240. А. Әмірқұлов – «Қош бол, Гүлсары» фильмінің режиссері.
241. С. Нарымбетов «Мұстафа Шоқай» фильмінің режиссері.
242. С. Дворцевой - «Тюльпан» фильмінің режиссері.
Елді мекен мен жер-су атаулары:
1. Қостанай уезі Меңдіқара болысындағы батырақ-шаруалары: «Кедейлердің ауру балалары жұмысқа жарамды деп танылды, ал бай балалары дені сау және тепсе темір үзетін болса да, әскери алқалардың төрағасы мен мүшелеріне көп пара бергендіктен, үйлеріне қайтарылды»-деп жазды.
2. Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің 9 өкілі хан көтерілді.
3. Ақмола облысының Ерексай және Әйелді болыстарында хан және 4 қазы сайланды.
4. Шерубай-Нұра болысында – Нұрлан Қияшев хан көтерілді.
5. Қарашақ болысында Оспан Шоңов хан болып сайланды.
6. Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып Бекболат Әшекеев сайланды.
7. Жетісудың генерал-губернаторы М.А.Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін казак станицаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді.
8. Тоқмақты 10 мыңнан астам көтерілісші қырғыз-қазақтар қоршады.
9. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснояр, Новокиев қоныстарын басып алды.
10. Ұзынағашқа жақын тауларда Жайымтал болысының көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтың жазалау отрядының арасында күші тең емес шайқастар жүрді.
11. Лепсі уезінде жазалау отрядтары мен Жетісу көтерілісшілерінің қарулы қақтығысы болды.
12. Мерке, Әулиеата көтерілісшілері Мойынқұмда табан тірескен шайқас жүрді.
13. Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды.
14. Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды.
15. Верныйда Қытаймен шекараға дейінгі аралықта ауылдар мен қыстақтар қираған үйінділерге айналды.Қалған бөлігі - осы орасан үлкен аймақтағы қазақтар құнарсыз таулы аудандарға немесе балқаш маңайындағы шөл далаға қуылды.
16. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбдіғафар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлады.
17. Доғал-Үрпек түбіндегі ұрыс жеңіліспен аяқталды.
18. Жетісу өңірінде қоныстанушылардың 94 елді мекені көтерілісшілердің шабуылына ұшырады.
19. Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды.
20. Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі Жәмеңке Мәмбетов абақтыға қамалып, басқа да 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.
21. Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылды.
22. Сергиопольде (Аягөз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» ұйымдастырылды.
23. Петропавлда «Жас арбакештер одағы» құрылды.
24. Семейде Кеңес және гарнизон комитеттерінің бірлескен мәжілісі өкімет билігі Кеңес қолына көшкені туралы қарар қабылдады.
25. Темір, Қостанай, Петропавл уездерінің, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері болды.
26. Перовскіде солдатқа алынғандардың әйелдерінің жаппай манифестациясы, Павлодарда, Петропавлда, Верныйда, Әулиеатада және басқа қалаларда еңбекші әйелдердің бой көрсетулері болып өтті.
27. Верный уезінің жекелеген болыстарында қазақ кедейлері болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап әкетті.
28. Қарақаралы және Павлодар уездерінде, Бөкей ордасы мен басқа да жерлерде қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды. Қоныс аударып келгендер де жер мен астық жолындағы күреске көтерілді.
29. Жұмысшы депутаттарының Кеңестерінің бастамасы бойынша Петропавлдың, Семейдің, Оралдың, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында және мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарында 8-сағаттық жұмыс күні еңгізілді.
30. Жетісу губерниясында Алаш партиясының блогы сайлаушылар дауысының 57,5%-ын алса. Семей уезінде (85,6%), Торғай, Орал губернияларында (75%) дауысын жинады.
31. Сібірге, Ақмола, Семей облыстары мен Қостанай уезіне жұмысшылардан жасақталған азық-түлік отрядтары жіберілді.
32. Қостанай уезінде астыртын жұмысты Мәскеудегі қазан қарулы төңкерісіне қатысушы М. Г. Летунов, Қара теңіз флотының бұрыңғы матросы Г. И. Муляр, Қысқы Сарайға шабуыл жасауға қатысқан А. И. Миронов, Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К. М. Иноземцев, үш революцияға қатысушы, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы И. Эльбе, әскерден қайтқан А. Жиляев және басқалар ұйымдастырды.
33. Кеңарал болысындағы астыртын қозғалыс жетекшіслерінің бірі Өтеп Ыбыраев.
34. Ой болысындағы қозғалыс жетекшісі Кәкімжан Саркин.
35. Орынбор қаласы ҚазАКСР-нің тұңғыш астанасы. /Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның/.
36. Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін Кеңес үкіметі атына жолдаған жазбасында А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дәлелдеп берді.
37. Қоянды мен Баянауыл жәрмеңкелері – Семей губерниясында.
38. Ойыл мен Темірдегі жәрмеңке – Ақтөбеде.
39. Орда жәрмеңкесі – Бөкей ордасында.
40. Ақмола округінде сотталғандардың үй ішімен қоса 24 сағат ішінде жер аудару фактісі орын алды.
41. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір ауылдарда қара бойкот жарияланып, онда терезелерде тақтай қағылып тасталды, пешке от жағу рұқсат етілмеді. Тұтас қоныстарға бойкот жасалған жағдайларда да кездесті.
42. Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою орын алды, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілмеді.
43. Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды.
44. Қазақ өлкелік комитеті «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағалаған Торғай шаруаларының Бетпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті.
45. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналасқан 8-дивизия басып тастады.
46. Созақ ауданындағы көтеріліс табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді.
47. Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан жерін тастап, Түрікменстан, Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран және Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды.
48. Алматы және Семей округтерінің бүлік шығарған ауылдарының едәуір бөлігі Қытай жеріне ауып кетті.
49. Қызылорда және Алматы облыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды.
50. Қарағанды облысының аумағында, негізінен алғанда, Осакаров ауданында, 1931 жылы, шамамен 25 қоныс-обсервация құрылды.
51. Шымкентте қорғасын зауыты салынды.
52. Балқашта мыс қорыту зауыты іске қосылды.
53. Риддер, Зырьян полиметалл зауыттарының мыс балқыту комбинаттары іске қосылды.
54. Ащысай, Қоңырат кеніштерінің салынуы түсті металлургияны Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналдырды.
55. Ақтөбеде ферроқорытпа зауыты салынды.
56. Текелі, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының құрылысы ойдағыдай жүріп жатты.
57. Шымкенттің «СЧСЗ» таңбалы қорғасыны одақтағы таңдаулы қорғасын деп танылды.
58. Батыс Қазақстанда Жайық-Көшім каналы пайдалануға берілді.
59. Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел жүрді.
60. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын, Алматыдағы машина жөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск машина жасау зауытының цехтарын алды.
61. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар, негізінен, Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Петропавл қалаларына орналастырылды.
62. Мәскеу түбінде генерал-майор И. В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.
63. Мәскеу түбінде шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В.Панфиловтың есімімен аталатын болды.
64. Қазақстанда құрылған әскер бөлімшелерінің үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.
65. Балтық флотындағы қызыл тулы «Киров» крейсерінде ғана 156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды.
66. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатқан еді.
67. Батысқазақстандықтар Сайхын мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды.
68. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды.
69. Жапондарға қарсы шайқастарда Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды.
70. Мәскеу түбінде ауыр шайқастар жүріп жатқан кездің өзінде-ақ Шымкент теміржол торабының комсомолдары «Қазақстан комсомолы» танк колоннасына қаржы жинап берді.
71. Қазақстан комсомолы Сталинград трактор зауыты мен «Красный Октябрь» зауытын қамқорлыққа алды.
72. Қазақстан тұрғындары фашистік отаршылдықтың ауыртпалығын бастан көшірген 12 қала мен 45 ауданды қамқорлыққа алды.
73. Ембі кәсіпшіліктерінде, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендер мен ингуштар еңбек етті.
74. Петропавл және Көкшетау, Орал және Орда қалаларында Қоғамдық бөлімшелер ашылды. Қазақ тілі мен әдебиеті саласында қыруар жұмыс істеді.
75. Соғыс басталған соң КСРО Ғылым академиясының Орал, Батыс Сібір және Қазақстан байлықтарын қорғаныс мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссия құрылды.
76. Соғыс кезінде Алматыда мемлекеттік шеттілдер педагогика институты, Шымкент технология институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, қазақ мемлекеттік қыздар институты, Дене шынықтыру институты ашылды.
77. Қазақстанның өнер қызметкерлерінен құрылған 2 концерт бригадасы Калинин, Солтүстік-Батыс, Сталинград, Оңтүстік-Батыс, Беларусь майдандарының, Ерекше Қиыр Шығыс әскери округінің және Тынық мұхит флотының шығыс әскери бөлімдерінде көптеген концерт қойып, жауынгерлердің рухын көтеріп, жеңіске жігерлендірді.
78. Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», Ленинградта «Ленинград ісі» деп аталған саяси күйретулер жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» қолға алынды.
79. Мәскеу мен Ленинградтағы кейбір ірі ғалымдардың араласуымен Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып шықты.
80. Теміртауда Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қуаты ұлғайтылды.
81. Сазтөбеде, Қарағандыда, Өскеменде, Семейде, Шымкентте цемент зауыттары бой көтерді.
82. Талдықорғанда, Өскеменде, Қызылжарда, Қостанайда кірпіш зауыттары салынып, бұл бұйымдарды шығаратын Алматы мен Шымкенттегі кәсіпорындар кеңейтілді.
83. Жамбылда, Семейде, Петропавлда, Павлодарда тері илейтін, былғары жасайтын кәсіпорындар салынды.
84. Алматы мен Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды.
85. Қарағандыда аяқкиім тігу мен шұлық шығаратын кісіпорындар салынды.
86. Жезқазғанда, Семейде, Ақтөбеде тоқыма фабрикалары жұмыс істей бастады.
87. Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда ет комбинаттары, ондаған сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды.
88. Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді.
89. Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты «Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс» деп жарияланды.
90. Сарыарқа бүкіл Қазақстанның символы екендігі, Көкшетау өңірі қазақ халқының әйгілі қоғам қайраткерлерінің – хандары мен батырларының, алымдары мен ақындарының мекені болғаны туралы ауызға алынбады.
91. Экологиялық жағдайдың шиеленісуі ірі кәсіпорындар шоғырланған Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртау тәріздес қалаларда да көрініс берді.
92. Новочеркасскідегі, Грузиядағы, Балтық республикаларындағы оқиғаларға қатысқандар қатал жазаланды және көпшілік назарынан тыс ұсталды.
93. Қарағандыда - "Жас қазақ" ұйымы құрылды.
94. Семейде – «Тайшұбар» ұйымы құрылды.
95. Неміс автономиясының орталығы етіп Ақмола облысындағы Ерейментау қаласын белгілеуге ұйғарым жасалды.
96. Неміс автономиясының құрамына Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше іргелес аудандары еңгізілмек болды.
97. Батыс Қазақстандағы Капустин Ярде атом полигоны жұмыс істеп тұрды.
98. Семей өңірінің және онымен іргелес жатқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстарының тұрғындары арасында қатерлі ісік, қан ауруларымен ауыратындар көбейіп кетті.
99. Экологиялық жағдайдың шиеленісуі ірі кәсіпорындар шоғырланған Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртау тәрізді қалаларда көрініс берді.
100. Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Күрті аудандарында кеңшар директоры болып істеген И. Худенко басқарудың жаңа түрлерін еңгізуге тырысты.
101. Өз елдерінің тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін, алдымен Балтық жағалауындағы республикалар – Латвияның, Литваның, Эстонияның, кейінірек Украинаның, Қырғызстанның, Ресейдің парламенттері мемлекеттік егемендік туралы декларациялар қабылдады.
102. Алматыдағы кездесудің нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді.
103. Өзін-өзі таратқан алғашқы кеңес Алматы қаласындағы халық депутаттарының Алатау аудандық кеңесі болды.
104. Ақтөбедеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды.
105. Қысқа мерзімде Түркияның белсенді қатысуымен Алматыда «Анкара» қонақ үйі салынды.
106. Алматыда, Жезқазған қалаларында Қ. И. Сәтбаевқа еңселі ескерткіш қойылды.
107. Шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері Алматыны, Шымкентті, Түркістанды және республиканың басқа облыстары мен қалаларын аралап халықтың тұрмысымен таныстырды.
Хронологиялық тізбек:
1. 1914-1918 жж. Бірінші дүниежүзілік соғыс.
2. 1907-1912 жылдардың өзінде Ресейден 2 млн 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды.
3. 1917 жылға қарай Қазақстанда қоныстанатын жерлерге, помещиктік жер иелеріне, монастрьларға, қалалар мен теміржолдар үшін бөлінген өңірлерге ең жақсы егістік жер мен жайылымдардың 45 млн-нан астам десятина жері тартып алынды.
4. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жерлер тартып алуды ойластырды.
5. 1916жылы Қазақстан ұлт-азаттық қозғалыс болды.
6. 1916 жылғы 25 мусымдағы патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болды.
7. 1916 жылғы 23 тамызда генерал-губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемлеріндегі есепшілер; үкімет мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата-бабаларынан, сондай-ақ жеке бас құрметті азамат құқықтарын пайданылатын жергілікті ұлт өкілдері.
8. 1916 жылғы қозғалыс Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды.
9. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды.
10. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалған генерал А.Куропаткин қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға, лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалануға рұқсат берді.
11. 1916 жылғы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісші жазалау отрядын талқандап, Қарқара жәрмеңкесін басып алды.
12. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай облысында орын алды.
13. 1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті.
14. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы сипатта болды.
15. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты миллионға жуық кеміді.
16. 1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды.
17. 1917 жылғы наурыз, сәуір айларында әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.
18. 1917 жылғы 20 наурызда Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына немесе қай ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жойды.
19. 1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттары – бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.
20. 1905 жылы бой көрсеткен алаш қозғалысы Ақпан революциясынан кейін қайта жанданды.
21. 1917 жылғы сәуір, мамыр айларында Алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті.
22. 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі азықпен жабдықтау, жергілікті өзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім және ағарту мәселелерін қарады.
23. 1917 жылғы көктеміндегі Семей облыстық съезіне қатысушылар Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды.
24. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.
25. 1917 жылғы сәуір айында Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті.
26. 1917 жылғы мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болып өтті
27. 1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы – Түркістан федералистер партиясы құрылды.
28. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылды.
29. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті.
30. 1917 жылдың көктемінде эсер ұйымдары пайда болды.
31. 1917 жылғы маусымда шаруа және қазақ депутаттарының біріккен Қостанай уездік Кеңесі, Өскеменде шаруа, казак және қазақ депутаттарының уездік Кеңесі құрылды.
32. 1917 жылдың мамыр айында Семей облысының Даубай кенішінің қазақ жұмысшылары ереуіл жасады.
33. 1917 жылы 29 тамызда Перовск Кеңесі кәсіподақтармен және солдаттармен бірлескен мәжіліс өткізіп, онда бүкіл өкімет билігін кеңестерге беру туралы қарар қабылдады.
34. 1917 жылдың 22 қарашасында Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезі ашылды.
35. 1917 жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың орасан зор манифестациясы болды.
36. 1918 жылғы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болды.
37. 1918 жылдың 5 ақпанында Қоқан қаласы шабуылмен алынды.
38. 1917 жылдың желтоқсанында Орынборда өткен Жалпықазақ съезі Түркістан автономиясының басшысы М.Шоқайдың баяндамасын тыңдап, «Қоқан оқиғасын ұлт-азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұнды мойындамау, басқаша ойлағандарды қатаң жазалау, идеологиялық төзімсіздік, пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік» деп бағалады.
39. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі Алаш партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті.
40. 1917 жылы 15-22 қарашасында Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет – Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі орнағанын атап көрсетті.
41. 1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді.
42. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды.
43. 1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядтарының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын.
44. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңестер өкіметін онату туралы шешім қабылдады.
45. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
46. 1918 жылдың қаңтарында Павлодарда кеңес өкіметі орнады.
47. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуына қамтамасыз етті.
48. 1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды.
49. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің облыстық съезі болып, онда Орал облысында өкімет билігінің облыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казактардың әскери үкіметі мен Алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылдады.
50. 1918 жылғы наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні Верныйда контреволюциялық күштер төңкеріс жасады.
51. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнінде Верныйда жұмысшылар, майдангер солдаттар және екінші Жетісу казак полкінің революциялық пиғылдағы жауынгерлері төңкеріс жасады.
52. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады.
53. 1918 жылғы наурыз, сәуірде Орынборда Кеңестердің облыстық І съезі болды.
54. 1918 жылғы наурызда Ақмола уездік қазақ депутаттарының съезі өтті.
55. 1918 жылғы сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезі өтті.
56. 1918 жылдың көктемінде Екібастұз, Қарағанды, Риддер кеніштерін, Ембі кәсіпшіліктерін, Спасск мыс балқыту зауытын, теміржолдарды, Ертіс пен Арал кеме қатынасын, балық, тұз кәсіпшіліктерін, банктер мен қазынашыларды, Зингер компаниясының кәсіпорындарын, былғары зауыттарын, диірменді, баспаханаларды мемлекет қарамағына алу туралы декреттер шығарылды.
57. 1918 жылдың көктемінде Семей, Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері Азық-түлік комитетіне берілді.
58. 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды, маусымда Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Қостанайды ақ легионерлер басып алды.
59. 1918 жылғы наурызда Орал облыстық кеңесін талқандаған ақ казактар қаланы басып алды.
60. 1918 жылы қараша айында «Сібір армиясының» Екінші жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын және басқа да әскер бөлімдерін жіберді.
61. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықтың әскерге тұңғыш рет күштеп жинау көрініс берді.
62. 1920 жылдың соңына қарай Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасында, Орал және Торғай облыстарында 37 әскер бөлімі мен бөлімшесін құрды.
63. 1919 жылғы қаңтар айында Қызыл Армия Орынбор мен Оралды алды.
64. 1918 жыл маусым – 1919 жыл қазаны - Черкасск қорғанысы.
65. 1919 жылдың маусымында М. В. Фрунзе басқарған Оңтүстік топтың әскерлері Уфаны азат етті.
66. 1919 жылдың жазында Шығыс майдан әскерлері Колчак қолын Оралдан асыра қуып тастады.
67. 1919 жылғы қыркүйекте Орынбор – Ташкент теміржолының Мұғалжар станциясында 1-армия Ақтөбе майданының бөлімдерімен түйісті.
68. 1920 жылғы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауда алды. Орал майданы жойылды.
69. 1919 жылдың күзінде Шығыс майданның 5-армиясы (қолбасшысы М.Н.Тухачевский) Солтүстік, содан соң Шығыс Қазақстанда азат ете бастады
70. 1920 жылғы наурыздың соңына таман Семей облысының солтүстігі ақ гвадияшылардан азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.
71. 1919 жылғы желтоқсанда Кеңес үкіметі Александров-Гай – Ембі теміржол желісін салуға шешім қабылдады.
72. 1919 жылы қаңтарда астық дайындау мен бөлу монополиясына азық салғырты қосылды.
73. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағандыда көмір өндіру 5 есе қысқарды.
74. 1921 жылдың ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряд Петропавл қаласында Кеңес өкіметі органдарының үйін қыйратты.
75. 1921 жылдың наурыз айында Орал губерниясында Сапожков отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті.
76. 1927 жылы Семейде Б. Анненковқа қарсы сот процесі болды.
77. 1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин Қырғыз(Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды.
78. 1920 жылы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алаш-орданы тарату туралы шешім қабылданды.
79. 1920 жылы 26 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалиалистік Республикасын құру туралы»Декрет шығарды.
80. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазАКСР) Кеңестерінің Құрылтай съезі болды.
81. 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-іне берілді.
82. 1924 жылы Қазақстанның астанасы (Ақмешітке) Қызылордаға көшірілді.
83. 1929 жылы Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілді.
84. 1925 жылы өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздарды алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады.
85. 1925 жылы ақпан айында Қырғыз облыстық партия ұйымы өлкелік партия ұйымы деп өзгертілді.
86. 1921 жылғы шілдеде Орынборда қазақстан комсомолының І съезі болып өтті.
87. 1923 жылғы 22 қарашада Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» Декрет қабылдады.
88. 1921 жылдың жазында республиканың едәуір бөлігін қуаңшылық жайлады.
89. Республика халқының 1/3 бөлігін аштық жайлады, ашыққандар 1921 жылдың қарашасында 1 млн 508 мың, 1922 жылдың наурыз айында 2 млн 303 200 адам болды, мамыр-маусым айларында бұл мөлшерлер кеми бастады.
90. 1922 жылы егіс көлемінің 60%-ына жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді.
91. 1921 жылы 14 маусымда еңгізілген «Нақты ет салығы туралы» декрет бойынша көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды.
92. 1921-1922 жылдардағы аштықтың салдарынан республиканың көшпелі және жартылай көшпелі аудандарындағы демографиялық жағдай одан сайын асқына түсті.
93. 1922 жылы Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауыл халқының саны аштыққа дейінгі санының 1/3-іне азайып кетті.
94. 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді. Қазақ, қырғыз және ұйғыр еңбекшілеріне олардан 1916 жылғы көтерілісті басу кезінде тартып алынған жері қайтарылды.
95. 1921-1922 жылдардағы жер реформасы патша үкіметінің аграрлық қатынастар саласындағы отаршылдық саясатына соққы берді.
96. 1921 жылғы наурызда азық салғыртын азық салығымен алмастыру, әскери коммунизмен жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.
97. 1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың тек ақшалай түрі еңгізілді.
98. 1930 жылдан бастап «Қосшы одағы» - «Кедей одағы» деп аталды.
99. 1924-1925 жылдардан бастап республикаға тракторлар әкеліне бастады.
100. Қазақ АКСР-інің егіс көлемі 1928 жылы 1913 жылғы деңгейіне жетті (4, 4 млн га).
101. Мал саны 1924-1928 жылдары 24,8 млн-нан 40,5 млн-ға жетті.
102. 1920 жылы Шымкентте сантонин (дермене) зауыты пайдалануға берілді.
103. 1927 жылдан бастап Қарсақбай комбинатында мыс өндіріле басталды.
104. 1927 жылы республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, олардың сауда айналымы 30 млн сом болды.
105. 1928-1932 жж. КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы.
106. 1925-1933 жж. Қазақстан басшылығында Ф. И. Голощекин.
107. 1927 жылы Түркістан – Сібір теміржол магистралі салына бастады.
108. 1930 жылғы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелері Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды, ал 1931 жылғы қаңтар айында тұрақты пайдалануға берілді.
109. 1939 жылы қалаларда 375 мың қазақ тұрды.
110. 1928 жылы Қазақ ОАК мен ХКК «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды.
111. 1927 жылы Компартияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.
112. Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды, негізінен, 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтауды белгіледі.
113. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел жүргізілді. Алғашқы машина-трактор станциялары (МТС-тер) құрылды.
114. 1932 жылдың ақпанында, Шу ауданында аумағы 150 шақырым жерден жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселке» болып құрылды.
115. 1929-1933 жылдар аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. Солардың ішінде 3386 адамға ең ауыр жаза – ату, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамау жөнінде үкім шығарылды.
116. 1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 %-ы қырылды.
117. 1931-1933 жылдары республиканың 6,2 млн тұрғының 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Оның ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4 млн адам.
118. 1933 жылғы 1 қаңтарында 40,5 млн малдың 4,5 млн-ы ғана қалды.
119. 1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ.Қуанышев аштық және оның себептері туралы БК(б) П Өлкелік комитетіне, тікелей Ф. Голощекинге ашық хат жазды. Бұл тарихта «Бесеудің хаты» деп аталды.
120. 1933 жылы Т. Рысқұлов И. В. Сталинге хат жазды.
121. 1929-1931 жылдары Қазақстанда қарулы қарсылықтар толқыны болып өтті.
122. 1931 жылдың көктемінде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар түгел дерліктей қырылып тасталды.
123. 1932 жылы қыркүйекте Компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады.
124. 1938 жылы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлт (Посьет) ауданынан Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді.
125. 1936 жылы Елде сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюррократиялық орталықтандыру орнықты.
126. 1930 жылғы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды.
127. 1928 жылы Қазақстанда «қызыл астананы» салушыларыдң қаскүнемдігі ашылды. РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы дарынды сәулетшілер, инженерлер мен ғалымдар тобын (П. Т. Буддаси, С. Б. Голдгор, С. А. Баграков, М. Тынышпаев және басқаларды) сотқа тартып, тергеу жұмыстарын жүргізді.
128. 1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды.
129. 1930-1940 жылдары және 1950 жылдарда контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын сот емес, БМСБ алқасы, «үштіктер» ерекше кеңестер қарағаны анықталды.
130. 1936 жылы 5 желтоқсанында КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа Негізгі Заңын – КСРО Конституциясын қабылдады
131. 1937 жылы наурызда Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезі одақтас мемлекет – қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдады.
132. 1938 жылдың маусым айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтіп, оған 300 депутат сайланды. Оның 152-сі қазақ еді.
133. 1937 жылдың желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Оған республикадан 44 депутат сайланды.
134. 1940 жылы ұзындығы 806 шақырым болатын Ақмола – Қарталы күре жолы халықтық екпінді құрылыс ретінде салынды.
135. 1940 жылы Қазақ КСР-інде жалпы одақта өндірілетін қорғасынның 87-%-ы, мыстың 21%-ы балқытылды.
136. 1940 жылы республикада 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеді.
137. 1942 жылы қазақ КСР-нің егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейіп, жалпы КСРО бойынша артқан егіс көлемінің 30%-ын құрады.
138. 1942 жылдың күзінде Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар жүріп жатты.
139. 1942 жылдың күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы еңгізілді.
140. 1945 жылдың 16 сәуір - 2 мамыр – Берлин операциясы.
141. 1942 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданының жауынгерлеріне табыс етілді.
142. 1943 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Қазақстанның ауыл жастары «Қазақстан комсомолы» сүңгуір қайығын жасаттыру бастамасын көтерді.
143. 1943 жылғы желтоқсанда Алматы қалалық активі С. Луганскиймен кездесуге арналған жиналыста атақты жерлесіне жаңа ұшақ жасап беруге шешім қабылдады.
144. 1943 жылы республикадан зауыттарды қалпына келтіру жұмыстарына 1439 комсомол жіберілді.
145. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандың саны 2 млн 464 мыңға жуық адам болғанын айғақтайды.
146. 1924 жылы «Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды.
147. 1931 жылғы желтоқсанда республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдеі міндетті сауат ашу еңгізілді.
148. 1926 жылы мамырда республиканың Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады.
149. 1930 / 31 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінен бастап көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру еңгізілді.
150. 1920 жылдардың орта шенінде республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеп,оларда оқу өз ана тілінде жүргізілді.
151. 1932 жылдың күзінде балалар үйлеріне 68 мың бала орналастырылды.
152. 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғарғы оқу орны – педагогикалық институт ашылды.
153. 1931-1932 жылдары Оралда және Қызылордада педагогикалық институттар ашылды.
154. 1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік, ауыл шаруашылығы және медициналық жоғарғы оқу орындары ашылды.
155. 1934 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.
156. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық жастар білім алды.
157. 1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі болды.
158. 1926 жылы М.Е.Массон ежелгі Тараз қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізді.
159. 1926-1927 жылдар КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы бүкіл Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
160. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандағы филиалын құру жағдайы жасалды. Бастапқыда құрамында зоология және ботаника секторы мен Алматыдағы Ботаника бағы болған еді.
161. 1935 жылы Геология және тарих секторлары құрылды.
162. 1935 жылы профессор С. Асфандияров жазған «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының» бірінші бөлімі жарық көрді.
163. 1920-1930 жылдардағы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану мәселелері жөнінде С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов жинақталған еңбек жазды.
164. 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына дарынды жастар Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев, Ж. Сыздықов, Ж. Саин, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, А. Жұмағалиев, Д. Әбілев, Қ. Бекқожин келіп қосылды.
165. 1930 жылдардағы сталиндік жазалаулар қазақ әдебиетінің даму барысына аса зор зиянын тигізді.
166. 1932 жылы А. В. Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді.
167. 1922 жылы Қарқаралыда халық жыршыларының бәйгесі өткізілді.
168. 1925 жылы КСРО халықтары шығармашылығының Парижде өткен дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесінің және 1927 жылы Германияның Майндағы Франфурт қаласында өткен дүниежүзілік музыка көрмесінің концерттеріне қатысқан қазақтың үздік әншісі Әміре Қашаубаев өзінің таңғажайып дарынымен Еуропаның талғампаз көрермендерін тәнті етті.
169. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды.
170. 1937 жылы қазақ ұлттық театрына Қазақ академиялық драма театры атағы берілді.
171. 1933 жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры ұйымдастырылды.
172. 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
173. 1930 жылдардан бастап Қазақстан кино өнері бастау алды.
174. 1934 жылы хроникалық фильмдер студиясы ұйымдастырылды.
175. 1938 жылы «Ленфильм» қазақтың бірінші фильмі – «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды.
176. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.
177. 1934 жылы сазгер А. Қ. Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды.
178. 1936 жылы Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы ашылды.
179. 1936 жылғы мамыр айында Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өтті.
180. 1930 жылы республикада 290 бұқаралық кітапхана болса, 1939 жылы олардың саны 3304-ке жетті.
181. 1939 жылы А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы (қазіргі Ұлттық кітапхан) ашылды.
182. 1946 жылы 1 маусымда Қазақ Ғылым академиясы ашылды.
183. 1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан 22 делегация келіп қайтты
184. 1950 жылы республикада коммунистердің саны 58920 адам болды.
185. 1960 жылы республикада коммунистердің саны 345115 адам болды.
186. 1957 жылы КОКП ОК-нің «Еңбекшілер депутаттарын Кеңесінің қызметін жақсарту және олардың бұқарамен байланысын күшейту туралы» қаулысы шықты.
187. 1947 жылғы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрамында 300 депутат болды.
188. 1955 жылғы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің) төртінші сайлауында 450 депутат болды.
189. 1940 жылдардың соңында Қазақстан кәсіпшілер одақтары 1 млн-нан астам еңбекшілерді біріктірді.
190. 1948 жылы Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті. Онда кәсіподақтардың Қазақ республикалық кеңесі құрылды.
191. 1963 жылы Қазақстан кәсіподақ мүшелерінің саны 3 млн 281 мың адамға жетті. Бұл жұмыс істейтіндердің 89 пайызы болды.
192. 1951 жылдан 1960 жылға дейінгі аралықта республикадағы комсомол мүшелерінің саны екі есе артып, 760 мың жасты біріктірді.
193. КСРО Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы мамыр айындағы қаулысы бойынша одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тәртібі өзгертілді.
194. 1954-1956 жылдарда одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті.
195. 1956-1958 жылдардан бастап одақтас республикалар әділет органдарына басшылық жасау, сот қүрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекіту істерімен айналыса алатын болды.
196. 1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына лауазым бойынша одақтас республикалар Министрліктер Кеңестерінің төрағалары, ал КСРО Жоғарғы Сотының құрамына одақтас республикалар Жоғарғы Соттарының төрағалары енгізілді.
197. 1946 жылы БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулылары шығып, бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің қуғынға ұшырауы Қазақстандағы ұлт зиялыларын қуғындаудың жаңа толқынына жол ашты.
198. Қазақстан К(б) П Орталық Комитетінің 1947 жылы шыққан «Қазақ КСР Ғылым акдемиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысымен қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі, әсіресе ХХ ғасыр басындағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге шек қойылды.
199. 1946 жылы Е.Бекмахановтың КСРО Ғылым академиясында қорғаған докторлық диссертациясы негізінде жазылып, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген атпен жарияланған монографиясы сынға алынды.
200. 1950 жылдың желтоқсанында «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаланың жариялануы Е. Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болды.
201. 1954 жылы Е. Бекмаханов ақталып шықты.
202. 1940 және 1950 жылдардың басында әділетсіз саяси айыптауға ұшырамаған қазақ зиялылары аз болды. Олардың қатарында республикаға белгілі қоғамтанушы ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткері – А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменнов, Е. Ысмайылов, І. Кеңесбаев, С. Мұқанов, тағы басқалар болды.
203. 1950 жылдарданн бастап жазалау әдістері біраз өзгерді: бұл кезде партия қатарынан шығарып, қызметтен қуу, оған бой бермегендерді психиатриялық ауруханаларға тығу етек ала бастады.
204. 1950 жылдар қарсаңында көмір шабу, қопару және оны вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды.
205. 1950 жылы республика бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгіден 6,5 есе артып, 17,4 млн тоннаға жетті.
206. 1950 жылдарды екінші жартысында электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады.
207. 1945 жылы республикада 1,15 млрд кВт сағ электр қуаты өндірілсе, 1960 жылы оның жылдық көлемі 10,6 млрд кВт сағ-қа жетті.
208. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді.
209. 1950 жылдардың алғашқы жартысында өнеркәсіп үлесіне республикаға бөлінген қаржының 40,4 %-ы тиді.
210. 1950 жылдардың екінші жартысында республикада Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен тау-кен машиналары жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын-мырыш комбинаты, Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Ақтөбе хром қоспалары салынды.
211. 1960 жылдардың ортасында республикада Қаратау кен-химия комбинаты, Жамбыл суперфосфат, Қостанайда жасанды талшықтар зауыты іске қосылды.
212. 1960 жылдардың басында біздің республикамызда КСРО-дағы күміс қорының ¾-і, қорғасынның, мыстың, мырыштың жартысынан астамы бар деп есептелінді.
213. 1965 жылы республика одақта өндірілетін шойынның 25%-ын, темір кенінің 9,2 %-ын, көмірдің 7,9 %-ын, болаттың 12 %-ын берді.
214. 1945 жылы республика теміржолдарының ұзындығы 8212 шақырым болса, 1950 жылы оның қолданылатын желілерінің ұзындығы 12419 шақырымға жетті.
215. 1940 жылы 634 мың жұмысшы, 912 мың шаруа(ұжымшар мүшелері) болды.
216. 1945 жылы халықшаруашылығында істеп жүрген жұмысшылар мен қызметшілердің саны 1044 мың, оның ішінде өнеркәсіпте істейтіндері 304 мың адам болды.
217. 1960 жылы жұмысшылардың саны 2,2 млн-нан асып, шаруалардың саны 611 мың адам шамасында болды.
218. 1950 жылдары өнеркәсіпте, құрылыста, жол қатынасы мен байланыс жүйесінде істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің саны едәуір артты.
219. 1950 жылдардың екінші жартысында өндіріс техникасы мен технологиясын дамытуға көңіл бөлінді.
220. 1956-1960 жылдар арасында 767,2 мың жұмысшы (барлық жұмысшылардың 85,5 %-ы) мамандығын жетілдірді.
221. 1947 жылдың соңында еңбекшілерге өнеркәсіп және азық өнімдерін карточкамен өлшеп беру жойылды.
222. 1947 жылы ақша реформасы жүргізілді.
223. Жұмысшылар мен қызметшілердің айлық табысы 1940 жылғы 29,8 сомнан 1950 жылы 62 сомға, 1965 жылы 97,4 сомға дейін өсті.
224. 1948 жылы баға 1940 жылғымен салыстырғанда үш есе жоғарылады.
225. 1958 жылдан бастап кейбір қалаларда пәтерлерге газ беріле бастады.
226. 1950-1965 жылдар ішінде аурухана саны 2,4 есе, олардағы төсек саны 3,5 есе, дәрігерлер саны 3,5 есе артты.
227. 1956 жылдан бастап жұмысшы және қызметші әйелдерге босануға байланысты берілетін ақылы демалыс 112 күнге дейін ұзартылды.
228. 1965 жылы республикада 79 санаторий мен 23 демалыс үйі жұмыс істеп тұрды.
229. 60-жылдардың басында жыл сайын 200 мыңға жуық бала пионер лагерьлерінде дем алды.
230. Еңбекшілердің жинақ кассаларына ақша салынуының орташа мөлшері 1950 жылы жан басына 88 сомнан келсе, 1965 жылы 298 сомға жетті.
231. 1949 жылы мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды.
232. 1946-1950 жылдары егістік жердің әр гектарынан алынған өнім орта есеппен 5-6 ц ғана болды.
233. 1954 жылдың көктемінде Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды.
234. 1954 жылдан бастап егіске жарамды жерді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
235. 1956 жылы республикада 16 млн т астық жиналды.
236. 1956-1958 жылдары республикада 4,8 млн га жер игеріліп, егіс аумағы 23, 2 млн га өсті.
237. 1940-1950 жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды.
238. 1956-1960 жж. Алтыншы бесжылдық.
239. 1959-1965 жж. Жетіжылдық жоспар.
240. 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам қоныс аударды.
241. 1959 жылы республика тұрғындары 9 млн 295 мың адамға жетті.
242. 1959 жылғы санақ бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мың.
243. 1960 жылдардың басына дейін Қытайда тұратын қазақтардың 200 мыңы Қазақстанға оралды.
244. 1965 жылы мал саны 39 млн-ға жетті.
245. 1950 жылдары мал шаруашылығының материалдық-техникалық жабдықталуы өте төмен деңгейде қала берді.
246. Тарихшылар 1957-1959 жылдары «Қазақ КСР тарихының» екі томдығын жариялады.
247. 1958 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Философия және құқық институты құрылды.
248. 1961 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Тіл білімі, әдебиет және өнер институты құрылды.
249. 1947 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» романының екі кітабын жазып бітірді.
250. 1955 жылы «Абай жолы» эпопеясы дүниеге келді.
251. 1949 жылы Мәскеуде Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігі өтті.
252. 1950 жылдарда қазақ поэзиясы неғұрлым байып, алуан түрлі сипат ала бастады.
253. 1952 жылы В. Голубович Қазақ драма театрында М.Әуезовтың «Абай» драмасын қойды.
254. 1946 жылы «Біржан-Сара» операсының қойылуы республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болды.
255. 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзім тоқырай жылдары деген атпен қалған.
256. 1977 жылы КСРО-ның Конституциясы қабылданды.
257. 1961 жылы КОКП-ның ХХІІ съезі болып өтті.
258. 1978 жылы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын бүкілхалықтық талқылауға ұсынды.
259. 1978 жылдың 20 сәуірінде Қазақ КСР Конституциясы Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті.
260. 1975 жылы әйгілі қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді.
261. 1979 жылдың көктемінде КОКП ОК Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру жөнінде шешім қабылдады.
262. 1979 жылғы маусымның 16-сы күні қазақ жастарының үлкен бір тобы Целиноград қаласының орталығындағы Ленин атындағы алаңға жинала бастады.
263. 1979 жылғы 19 маусымда болған шеруде облыс басшылары Ақмола жерінде ешқандай автономия құрылмайтынын мәлімдеді.
264. 1964 жылдың қазан айында болған пленумында КОКП Орталық Комитеті шаруашылық мәселелерін шешудегі субъективтілікті, валюнтаристікті және өктемдікке әуестікті айыптады.
265. 1967 жылдың соңына таман республиканың барлық өнеркәсіп орындарының 10%-ын құрайтын 193 кәсіпорын жаңаша жұмыс істей бастады
266. 1970 жылға қараған мерзімде республика кәсіпорындарының 80%-ы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшті.
267. 1960-1980 жылдары республиканың отын-энергетика кешені бірсыдырғы жоғары қарқынмен дамыды.
268. 1960 жылдардың екінші жартысында Жамбыл электр станциясы салынды.
269. 1972 жылы Қапшағай электр станциясы салынды.
270. 1970 жылы Республикада 34,7 млрд вВт/сағ электр қуаты өндірілді.
271. 1970 жылдар ішінде Қазақстанда көмір өндіру айтарлықтай өркендеді.
272. 1984 жылы Қазақстанда шығарылатын көмірдің көлемі 1970 жылмен салыстырғанда екі еседен астам артты, жылдық өнімі 125,5 млн тоннаға жетіп, Одақ бойынша өндірілетін көлемнің 17,6%-ын құрады.
273. 1960 жылдардың екінші жартысында Маңғыстау түбегінде мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастады.
274. 1965 жылы Жаңаөзеннен алғашқы мұнай алынды.
275. 1970 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстанда мұнай өнеркәсібін дамытуға бөлінген қаржы бұдан бұрынғы бесжылдықтағыдан екі есе артты.
276. 1960 жылдар ішінде Лениногор мырыш зауыты, Өскеменде титан-магний комбинаты салынды.
277. 1970-1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты салынды. Жезқазғанда(№2), Жезкентте, Қашарда, Қарағандыда жаңа кен байыту комбинаттары, Павлодар алюминий зауыты іске қосылды.
278. 1984 жылы темір өндірудің жылдық өнімі 24 млн тоннаға жетті.
279. 1960 жылдардың екінші жартысында Ертіс химия-металлургия, Атырау мұнай-химия зауыттары салынды.
280. 1970 жылдарда республика сары фосфор өндіруден Одақта жетекші орынға шықты, минералды тыңайтқыштар шығару ұлғайды. Ақтөбе мен Жамбылда суперфосфат зауыттарының қуаттылығы ұлғайтылды.
281. 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде құралған трактор зауыты, Ақмоладағы «Қазауылмаш» Семейде арматура машина жасау саласының басты кәсіпорындары болды.
282. 1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды.
283. 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде Семей полигонында ауада қуатты әр түрлі жарылыс жасалған.
284. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған.
285. 1965 жылдың соңында Қазақстандағы кеңшарлардың саны 1521-ге жетіп, олар ауыл шаруашылығы өнімдерінің 57%-ын өндірді.
286. 1970 жылға дейінгі кезеңде ғылыми-зерттеу институтарының жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар және 104 мал бордақылау кеңшарлар құрылды.
287. 1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді.
288. 1970 жылдардың ішінде Қазақстан орта есеппен Одақ көлемінде өндірілетін бидайдың 23,9%-ын, күріштің 24,6%-ын өндірді.
289. 1970 жылдары ауыл шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық-техникалық базасын нығайту, дамыту қарқынын арттыру, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді.
290. 1971-1975 жылдары ауыл шаруашылығының өнімін өндіру 13%-ға төмендеді.
291. 1975 жылдың соңына қарай елдің мал шаруашылығында 34,6 млн қой мен ешкі болды.
292. 1960 жылдардың соңына қарай республика бойынша қой өсірумен айналысатын 1285 шаруашылықтың 587-сі осы салаға арнайы мамандандырылған болды.
293. 1971 жылы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырды.
294. 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда славян текті жұрт өкілдерін қалаларға, жергілікті халықты ауылда шоғырландыру ахуалы қалыптасты.
295. 1979 жылғы санақ бойынша Алматы қаласында 11% ғана қазақтар тұрды.
296. 1959 жылы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 29%-ға өсті.
297. 1971 жылы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 32,6%-ға өсті.
298. 1979 жылы орыс ұлты өкілдерінің үлесі 40,8% болды.
299. 1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі кезеңдегі қазақстандықтардың тұрмысы өзге кеңестік республикалардағыдай, әркелкі және қайшылықты болды.
300. Республика жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа айлық табысы 1971-1989 жылдар арасында 89%-ға, 123,7 сомнан 233,7 сомға дейін, өнеркәсіп жұмысшыларының табысы 93,6%-ға, 133,9 сомнан 259,3 сомға өсті. Кеңшар жұмысшыларының жалақысы 247 сомға, ұжымшар мүшелерінің кепілді жалақысы 210 сомға жетті. Жасына байланысты төленетін айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға дейін көтерілді.
301. 1985 жылы өнеркәсіптік таза өнімдегі жалақының үлесі төмендеп 36%-ды ғана құрады.
302. 1985 жылғы 1 сом 1960 жылдардың ортасындағы 54 тиынға тең болды.
303. 1980 жылдардың ортасына таман медициналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік салаларда артта қалушылдық жыл өткен сайын айқын көрініс бере бастады.
304. 1949 жылы Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру қайта қолға алынды.
305. 1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі 200 мың бала болды.
306. 1955 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі бала саны 16 мыңға түсті.
307. 1950 жылдар ішінде мектептерде политехникалық білім беру, оқушыларды өндірістік еңбекке араластыруға, мектептің өмірімен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілді.
308. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірімен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша, 1962-1963 оқу жылынан бастап, жалпыға бірдей міндетті 98 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді.
309. 1946-1956 жылдар аралығында республиканың кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман жұмысшылар дайындалды.
310. 1954 жылдан бастап ашыла бастаған, негізінен, орта білімі бар жастар қабылданған техникалық училищеде фразерлер, машина жүргізушілер, краншылар, экскаваторшылар, т.б. мамандар дайындалды.
311. 1965-1966 оқу жылында 39 жоғарғы оқу орындарында 144,7 мың студент оқыды.
312. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11 есеге жуық өсті.
313. 1965 жылы республика халық шаруашылығында 0,5 млн-нан астам дипломды маман жұмыс істеп жатты.
314. 1970 жылдар ішінде жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды.
315. 1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды.
316. 1984 жылы кезекті мектеп реформасы басталды.
317. 1970 жылдар ішінде ірі агрокешендер құрылып, «болашағы жоқ» елді мекендер қараусыз қалғанда олардағы жүздеген мектептер жабыла бастады.
318. 1950-1970 жылдар ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мектептердің саны 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептерінің саны кеміп, 3891-ден 2577-ге жетті.
319. 1980 жылдардың ортасында республикадағы ЖОО-ның саны 55-ке жетті.
320. 1980 жылдардың ортасында республикадағы орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті.
321. 1980 жылдардың ортасында республиканың жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандықтар алып шықты.
322. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды.
323. 1970 жылдар ішінде құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болды.
324. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан біздің заманымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларда өмір сүрген сақ жауынгерлерінің киімімен қару-жарағы табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды.
325. 1960 жылдары жергілікті ұлт өкілдері қоныстанған ауылдарда ғана қазақша тілдік орта сақталып қалған еді.
326. 1961 жылдың сәуірі ақын Олжас Сүлейменовтің шын мәніндегі шығармашылық жолға бетбұрыс алған күндері болды.
327. 1981 жылы «Қазақкітап» бірлестігі бойынша республика баспаларынан қазақ тілінде шыққан кітаптар 6 млн 051 мың сомға сатылды.
328. 1985 жылы сатылған кітаптар ішінде қазақ тіліндегісі 2 млн 171 мың сомға түсіп, орыс тіліндегі кітаптардың сатылу сомасы 13 млн 599 мың сомға жетті.
329. Республика баспаларынан шығып жатқан кітаптар ішінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі 1981 жылғы 37,95%-дан 1985 жылы 13,7%-ға дейін құлдыраған, ал орыс тіліндегі кітаптардың үлесі осы мерзім ішінде 61,4%-дан 85,4%-ға дейін артқан.
330. 1960-1970 жылдарда республикада телеберілімдер бағдарламалық орталықтары мен телестудиялар торабы кеңейді.
331. 1980 жылдарға таман республика тұрғындарының 75%-ы теледидар көре алатын болды. 4 республикалық, 19 облыстық бағдарламалар халыққа телехабарлар таратты.
332. 1978 жылы 12 томдық «Қазақ совет энциклопедиясын» шығару аяқталды.
333. 1978 жылы республикада 19 мыңнан астам кітапхана болды. Республиканың бірыңғай кітап қорында 160 млн-нан астам кітап жинақталды.
334. 1970 жылдары Қазақстанда Шығыстың аса ұлы ойшылы Әбунасыр әл-Фарабидың туғанына 1100 жыл толуы, жалпы және қолданбалы химия жөніндегі ІІ Менделеев съезі, Азия және Африка жазушыларының V мәслихаты өтті.
335. 1970 жылдардың екінші жартысында Польшада, Қытайда түбегейлі реформалар басталды.
336. 1962-1963 жылдан бастап, міндетті 8 жылдық, 1970 жылдары міндетті жалпы орта білім беру жүйесі енгізілді.
337. 1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына Михаил Сергеевич Горбачев бастаған, жаңаша ойлап, жаңа әрекет ететін топ келді.
338. 1985 жылдың сәуір айында өткен пленумда КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды.
339. 1986 жылдың ақпан айында КОКП-ның XXVII съезі өтті.
340. 1987 жылы Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үдерісіне қадам жасалды.
341. 1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде республикада қоғамдық-саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған реформалар бола қойған жоқ.
342. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП ОК-нің хатшысы Г. Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д. Қонаевтың орнына Орталықтың шешімі бойынша Г. Колбинді сайлау.
343. 1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі.
344. 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н. Назарбаев келді.
345. 1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты.
346. 1989 жылы қыркүйекте республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңын» қабылдады.
347. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейінгі бір жылдың ішінде республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін 482 балабақша, қазақ тілінде беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище, жоғарғы оқу орындарында факультеттер, бөлімдер ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды.
348. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының тобы ақталды.
349. 1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы және жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті.
350. 1990 жылдарға аяқ басар шақта партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады.
351. 1980 жылдардың соңында Қазақстанда да жоғарыдағылардың бұйрығынсыз, компартияның рұқсатынсыз, халықтың қайнаған ортасынан шыққан саяси белсенді адамдардың ұйымдастыруымен түрлі қозғалыстар мен саяси бірлестіктер пайда бола бастады.
352. 1989 жылдың 28 ақпанында Алматыда «Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысының ұйымдастыру және идеялық жетекшісі – белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды.
353. 1990 жылдың жазында «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды.
354. 1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саяси-қоғамдық бірлестіктердің саны жүзден асып кетті.
355. 1991 жылдың маусымында «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды.
356. 1989 жылы шілдеде Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағанды көмір бассейнінде істейтін жұмысшылардың бас көтеруіне ықпал етті.
357. 1989 жылдың маусым айында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды.
358. 1988 жылы республикадан сыртқа 6,7 млрд сомның өнімі шығарылғанда, 13,8 млрд сомның өнімі сырттан әкелінген еді.
359. 1991 жылы республикаға келісім бойынша жеткізілмеген бұйымдардың мөлшері ай сайын екі есеге жуық артып отырды.
360. 1991 жылы республика кәсіпорындарының 11%-ын құрайтын 533 зауыт пен фабрика шығынмен шықты.
361. 1990 жылдың ішінде сауданың дамуы 1,5 есе артты.
362. 1990 жылдың қарашасында Сауд Арабиясымен біріккен «әл-Баракабанк-Қазақстан» банкі құрылды. Корея республикасының «Самсунг» корпорациясымен байланыс орнады.
363. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен 35 біріккен кәсіпорын ресми тіркелді.
364. 1987 жылдан бастап кадрларды жиі ауысыру орын алды.
365. 1988 жылдан бастап, алдымен, Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады.
366. 1989 жылғы маусымда сайланған халық депутатарының І съезінде кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін талдауға талпыныс жасалды.
367. 1990 жылдың күзінде бұрынғы КСРО құрамындағы республикалар бірінен соң бірі өз егемендіктерін жариялай бастады.
368. 1989 жылы КСРО-ны тұрақты одақ ұстанымдары негізінде қайта құру мүмкіндері болған еді.
369. 1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды.
370. 1990 жылдың қазан айында қоғамдық бірлестіктер айрықша белсенділік көрсетті.
371. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.
372. 1990 жылғы 25 қазан – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды.
373. 1991 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комиетінің кеңейтілген IV пленумы болды.
374. 1991 жылдың 19 тамызында Мәскеуде орын алған саяси оқиғаларға байланысты Президент Н. Назарбаев республикалық теледидар арқылы Қазақстан халқына арнап сөз сөйледі.
375. 1991 жылдың 21 тамызында ТЖМК толық жеңіліс тапты.
376. 1990 соңына қарай Қазақстан Компартиясының қатарында 800 мыңдай коммунист болды.
377. 1991 жылы тамыздың 23-інде Н. Ә. Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді.
378. 1991 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Компартиясы таратылды (Қазақстан Социалистік партиясы дүниеге келді).
379. 1991 жылғы 13 желтоқсан күні Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері бас қосты.
380. 1991 жылдың желтоқсанына дейін бұрынғы КСРО-ның қарамағында болған республикалардың бәрі мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған болатын.
381. 1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп аталатын болды.
382. 1991 жыл 1 желтоқсан – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
383. 1991 жыл 8 желтоқсан – Минскідегі славян республикалары басшыларының кездесуі болып өтті. КСРО-ны таратып, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды.
384. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты.
385. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіздік күні.
386. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
387. 1991 жыл 21 желтоқсан – Алматы кеңесі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудың толық аяқталуы.
388. 1990 жылдың басында сайланған Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылымның құрамы бұрынғыдай жылына екі рет мәжілістерін өткізіп, тарап кетіп отырмай, шын мәніндегі парламенттің атқаратын төл ісімен – заң шығарумен тұрақты айналыса бастады.
389. 1992 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының ішкі істері әскерлері туралы» заңдары қабылданды.
390. 1992 желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» заң қабылданды.
391. 1992 жылы 2 шілдеде «Қазақстан Республиксының Конституциялық сотын сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы жарыққа шықты.
392. 1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды.
393. 1992 жылдың желтоқсан айында Әнұранның жаңа мәтіні бекітілді (Тәуелсіз Қазақстанның тұңыш әнұраны/гимні/).
394. 1992 жылдың тамызында шыққан «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» қазақстан Республикасының заңы жекешелендіру үдерісіне қатысы бар бұрын шыққан заңдарды толықтырып, нарықтық экономиканың бағытын одан әрі нықтай түсті.
395. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституциясы 1993 жылы қаңтардың 28-күні қабылданды. Бұл күн Қазақстан Республикасының мерекелі күні болып жарияланды.
396. 1993 жылғы Конституция өтпелі кезеңнің ахуалын сипаттайтын құжат ретінде, жүріп жатқан реформаларға байланысты міндеттерді, әлеуметтік-экономикалық жаңа саяси мәселелерді шешуге бағытталды.
397. 1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады.
398. 1993 жылғы қарашаның соңына дейін түрлі деңгейдегі 100-ге жуық кеңестер өзін-өзі тарататындығын жариялады.
399. Президент 1993 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды.
400. Жаңа кодекс бойынша, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне және мәслихат деп атала бастаған жергілікті билік органдарына сайлау өткізу 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.
401. 1992-1993 жылдар ішінде ҚРП аса ауыр дағдарыс жағдайын басынан кешірді.
402. 1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағы (ҚХБО) дүниеге келді.
403. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген үш саяси партия – Социалистік партия, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиялары жұмыс істеді.
404. 1994 жылы сәуірдің 19-ында жаңа парламент өз жұмысын бастады.
405. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған парламент Конституциялық соттың шешімімен осы сайлау барысында кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде таратылды.
406. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуіне және республика Президентінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығына сәйкес референдум өткізілді.
407. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
408. 1995 жылғы Конституцияның негізіне, алдымен адам мен азаматтың құқықтары алынды.
409. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұрады.
410. 1995 жылы күзде республика парламентінің жаңа сайлауы өтті.
411. 1996 жылдың 30 қаңтарында Алматыда тұрақты жұмыс істейтін және екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент өз жұмысын бастады.
412. 1992 жылы 7 мамырда Республика Президентінің жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-лейтенант С.Нұрмағамбетов тағайындалды.
413. 1997 жылдың қарашасынан бастап Республика Қарулы Күштері жалпы міндеттерді орындайтын, әуе кеңестігі мен мемлекеттік шекараны қорғайтын үш бөліністен тұратын құрылымға көше бастады.
414. 1990-1991 жылдар ішінде-ақ кооперативтер, шағын кәсіпорындар, саудамен айналысатын фирмалар құрыла бастады.
415. 1992 жылдың басынан Ресейде бағаның босатылуы республикадағы жағдайды қиындата түсті.
416. Республика Президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімімен 1992 жылдың 6 қаңтарынан бастап бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шығарды.
417. 1992 жылы бұрынғы Одақтың күйреуінен басталған өндірістің құлдырауы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды. Өнеркәсіпте ауыр жағдай қалыптасты. Өнім шығару 1991 жылмен салыстырған 14,8%-ға, ұлттық табыстың көлемі 14,2%-ға кеміп кетті.
418. 1992 жылы республика диқандары астықтан рекордты түсім – 33 млн т өнім жинауға қол жеткізді.
419. 1993-1994 жылы қыстың қытымырлығынан мал шығыны айтарлықтай көп болды.
420. КСРО ыдырап кеткеннен кейін Қазақстанның өзіндік құны жоғары астығына да сұраныс азайды. Осы жағдай 1994 жылы егіс алаңын 6 млн гектарға дейін қысқартуға мәжбүр етті.
421. Республиканың жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн т мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында оның өндіру көлемі 27 млн т-ға жетті.
422. 1993 жылдың күзіне дейін Қазақстан Үкіметі Достастық елдеріндегі өзара тиімді ынтымақтастық жағдайындағы экономикалық интеграция бағытын ұстанып келді.
423. 1993 жылдың қыркүйек айында жаңа деңгейдегі рубль аймағын құру жөніндегі шаралар туралы алты жақты және Ресей мен Қазақстанның ақша жүйесін біріктіру туралы екі жақты келісімге қол жеткізілген болатын.
424. 1993 жылы 12 қарашада Президент Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттігіне сәйкес, 15 қараша күні сағат 8-ден бастап елімізде ұлттық валюта – теңгені айналысқа енгізу туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
425. 1993 жылдың соңына қарай Республика Үкіметінің бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды.
426. 1993 жылдың қазан айында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив, 15 мыңнан астам шағын кәсіпорын және 11 мың жеке кәсіпорын жұмыс істеді. Ауылдарда 15 мыңға жуық фермерлік және шаруа қожалықтары құрылды. Коммерциялық банктердің саны 160-қа, түрлі биржалар саны 37-ге жетті. 7000 кәсіпорын жекешелендірілді. Олардың 5000-ға жуығы сауда және қызметкөрсету салаларынікі болды. Ауыл шаруашылығындағы жеке сектордың үлесі жалпы өнімнің 35%-ын құрады
427. 1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталды. Бұл жолы тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды.
428. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы шеберінде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында болғандығы көрсетілді. Аталған есептің көрсетулері бойынша, 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған; білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған; ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіші бойынша 129-орынға сырғыған.
429. 1997 жылдың соңына қарай ресми органдар сарапшыларының берген бағаларына қарағанда, республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте күн кешті.
430. 1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел дерліктей өтеуге мүмкіндік алды.
431. 1995-1998 жылдар Қазақстанда маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.
432. 1998 жылдың соңында ел экономикасының 90%-ы жеке секторлардың қолында болып, 500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері – кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды.
433. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді.
434. 1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші-қон (миграция) үдерістері басталды.
435. 1997 жылдың 1 шілдесіне қараған шақта республика тұрғындарының ішіндегі жергілікті халықтың үлесі 50%-дық межеден асты.
436. 1999 жылғы ақпан, наурыз айларында Қазақстанда әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Санақ қорытындысы бойынша, Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам анықталды.
437. 2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өтті. Бұл санақтың ресми түрде жарияланған алғашқы мәліметтері бойынша Қазақстандағы халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Соның ішінде, жергілікті халық – қазақтар біршама көбейіп, жалпы тұрғындар арасындағы үлесі 67%-дан асқан.
438. 2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, онда өрлеу нышандары байқала бастады.
439. 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады, орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті.
440. 2005-2007 жж. 160 мың отбасы немесе жарты миллионнан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды.
441. 1991 жылдың соңына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін 18 ел таныды. Олардың ішінде алғашқылары Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан мемлекеттері болды.
442. 1992 жылдың 25 мамырында Мәскеуде Ресеймен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды.
443. 1991 жылы желтоқсанның 21-інде Алматыда қабылданған декларацияда ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар жүргізу келісілді.
444. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхай қаласында шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекет – Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы басшыларының алғашқы кездесуі болып өтті.
445. 1997 жылы ШЫҰ мүше елдердің Мәскеу кездесуі болды.
446. 1998 жылы ШЫҰ мүше елдердің Алматы кездесуі болды.
447. 1999 жылы ШЫҰ мүше елдердің Бішкек кездесуі болды.
448. 1996 жылғы ШЫҰ-ның алғашқы кездесуінде ортақ шекараларға байланысты әскери саладағы сенім мәселелері талқыланды.
449. 1998 жылы Алматы саммитінде ШЫҰ елдерінің өзара қатынастарындағы басым бағыттар айқындалып, осы елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды теңдік және өзара тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды.
450. 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қытай халық Республикасының Төрағасы Цзян Цзэминмен кездесу барысында екі ер арасындағы қатынас жақсы дамып келе жатқандығын атап өтті.
451. 2003 жыл Дінбасылардың дүниежүзілік съезі.
452. 2006 жыл Дінбасылардың дүниежүзілік съезі.
453. Қазақстанның 2010 жылы Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
454. 1997 жыл «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы».
455. 1998 жыл «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы».
456. 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».
457. 1995 жылы Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады.
458. 1998 жылдан бастап Ұлттық Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Отан тарихы» атты жаңа журнал шығара бастады.
459. Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі Н. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес деп бағаланды.
460. 1995 жылы өткізілген қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, гуманист Абайдың мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды.
461. 1996 жыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп жарияланды.
462. 1997 жылы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.
463. 1999 жылы республиканымыздың рухани өмірін байты түскен оқиға – ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзі бойынша атап өтілген Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және оның бірінші президенті, әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы болды.
464. Қазақстан Үкіметі 1998 жылдың сәуір айында «Қ. И. Сәтбаевтың есімін мәңгі сақтау туралы» арнайы қаулы қабылдады.
465. 1998 жылдың 25 қарашасында Павлодар қаласында Қ. Сәтбаевтың 100 жылдығына дайындықтың барысы жөнінде мәжіліс өтті.
466. 1999 жылғы сәуірдің 13-і мен 23-і аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Қ. И. Сәтбаевқа арналған «Қазақстан ғылымы – кешегіден бүгінге» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
467. 1997 жылдан бастап қаражат тапшылығына байланысты мемлекетті мекемелерді оңтайландыру (оптимизация) саясаты жүргізілді.
468. 1997-1998 жылдары көптеген мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, кітапханалар, шалғай ауылдардағы медициналық объектілер жабылып қалды.
469. 2004 жылы Президенттің бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
470. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2004-2006 жылдар) ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 35 сәулет өнері жөндеуден өтті және қалпына келтірілді.
471. 1999 жылы республика парламенті «Білім туралы заңның» өзгерген редакциясын қабылдады.
472. 2007-2008 оқу жылы республика мектептері 1-11-сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарымен және оқу-әдістемелік кешенімен толық қамтамасыз етілді.
473. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды.
474. 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті.
475. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті. Онда «Қазақтар: кеше, бүгін және ертең» атты тақырыппен ашылған ғылыми конференция болды.
476. 1997 жылдың соңында Президент Н. Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды.
477. Республика президентінің 1995 жылғы қыркүйектегі Жарлығы бойынша, ел астанасының Ақмолаға көшетіндігі хабарланды.
478. 1998 жылғы маусымда салтанатты жағдайда жаңа астананың тұсаукесер рәсімі өтті. Елдің жаңа ордасы Ақмола енді Астана болып аталатын болды.
479. 1999 жылы ЮНЕСКО Астананы «бейбітшілік қаласы» деп атады.
480. 1999 жылы қаңтардың 10-ында Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізілді.
481. 1995 жылғы референдумның нәтижесі бойынша Н. Назарбаевтың президенттік қызметі 2000 жылға дейін созылды.
482. 1998 жылы Конституцияға Парламенттің шешімімен өзгерістер енгізілді.
483. 1998 жылдың қазанынан 1999 жылдың қаңтарының басына дейін созылған сайлау алдындағы науқан ел өміріндегі ірі саяси оқиға болды.
484. 2000 ж. – Мәдениет жылы.
485. 2001 жылы Қазақстанның саяси көкжиегінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық қозғалысы пайда болды.
486. 2002 ж. – Денсаулық жылы.
487. 2003 – 2005 жж. – Ауылды көркейту жылдары.
488. 2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында қоғамның саяси өмірінде белсенділік байқалды.
489. 2005 жылы Президент сайлауы болды. Н. Назарбаев сайлаушылардың 91% дауысын жинады.
490. 2007 жылы Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келесі заңды қабылдады. Өзгертулер елді одан ары демократияландыруға және саяси жаңғыруға, партиялардың ықпалымен парламенттің рөлін арттыруға, оның үкіметке әсер етуіне және оның қызметіне бақылау жүргізуіне, адам құқығын қорғау кепілдігін нығайтуға бағытталды. Өзгертілген Конституция бойынша президент бес жылға сайланатын болды.
491. 2007 жылы 8 тамыздағы кезектен тыс сайлаудың қорытындылары бойынша «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы сайлауға қатысқандардың 88%-ын жеңіп алып парламентті құрды.
492. 2008 жыл Астананың 10 жылдық мерейтойы.
Тест
№1 нұсқа
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Жетісудағы қозғалыс басшылары:
А). Н.Қияшев.
В). А.Иманов.
С). Б.Әшекеев.
D). Ә.Жанбосынов.
Е). К.Көкімбайұлы.
2. 1917 жылы шілде айында Орынборда болған Жалпықазақ съезінде Алаш партия қойған талап:
А). Интернационалдық билік орнату.
В). Ресейдің құрамына толығымен кіру.
С). Қазақтардың ұлттық автономия алуы.
D). Монархиялық билікті қалпына келтіру.
Е). Социалистік революция өткізуге дайындық.
3. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды:
А). Жалдама еңбек жүйесі.
В). Еңбек міндеткерлігі.
С). Несие жүйесі.
D). Тұтыну кооперациясы.
Е). Жерді жалға беру.
4. 1960-жылдардың ішіннде тоқыма фабрикалары салынған қалалар:
А). Палодар, Екібастұз, Ақсу.
В). Рудный, Риддер, Зайсан.
С). Жезқазған, Семей, Ақтөбе.
D). Шалқар, Жаңаөзен, Қапшағай.
Е). Теміртау, Ақтау, Саран.
5. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы жарияланды:
А). 1997 жылдың соңында.
В). 1998 жылдың басында.
С). 1994 жылдың соңында.
D). 1995 жылдың соңында.
Е). 1996 жылдың соңында.
6. Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40 %-ын берген өнеркәсіп:
А). Риддер қорғасын зауыты.
В). Қарсақпай қорғасын зауыты.
С). Балқаш қорғасын зауыты.
D). Өскемен қорғасын зауыты.
Е). Шымкент қорғасын зауыты.
7. Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і болып өзгертілген мерзім:
А). 1925 жылы.
В). 1924 жылы.
С). 1939 жылы.
D). 1936 жылы.
Е). 1920 жылы.
8. Шайқаста көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін «Сталинградтық» деген құрметті атақ алған гвардиялық дивизия
А). 72-ші.
В). 152-ші.
С). 316-ші.
D). 8-ші.
Е). 73-ші.
9. Қазақстан К(б) П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы қателіктер туралы» қаулысы бойынша зерттеуге шек қойылды:
А). Қазақ халқының ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы рухани мұрасы.
В). Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы рухани мұрасы.
С). Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мұраларын.
D). Махамбет Өтемісұлы ақынның шығармаларын.
Е). Қазақ халқының ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы рухани мұрасын.
10. 1990 жылы сәуірде енгізілген билік лауазымы:
А). Қазақ КСР-нің Парламент төрағасы.
В). Қазақстан Ассамблеясының төрағасы.
С). Қазақ КСР-нің Бас прокуроры.
D). Қазақ КСР-нің Президенті.
Е). Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрі.
11. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этносаралық жанжал даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды» - деп жазды:
А). А.Байтұрсынов.
В). Ә.Бөкейханов.
С). М.Жұмабаев.
D). Т.Рысқұлов.
Е). М.Дулатов.
12. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы:
А). Ә.Бөкейханов.
В). Т.Рысқұлов.
С). М.Шоқай.
D). С.Сейфуллин.
Е). А.Байтұрсынов.
13. Германияның КСРО-ға қарсы қауырт соғыс жоспары аталды:
А). «Арбайтегемайншафт Түркістан».
В). «Шлиффен».
С). «Остланд».
D). «Барбаросса».
Е). «Үлкен Түркістан».
14. ХХ ғасырдың басында «Алаш» партиясының ресми басылымына айналған газет:
А). «Серке».
В). «Ульфат».
С). «Степная газета».
D). «Қазақ».
Е). «Степной край».
15. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті шыққан жыл:
А). 1925 ж.
В). 1926 ж.
С). 1928 ж.
D). 1929 ж.
Е). 1927 ж.
16. ХХ ғасырдың 50-жылдарында әлеуметтік жағдайға байланысты жұмысшылар наразылығы өтті:
А). Ақтауда.
В). Теміртауда.
С). Екібастұзда.
D). Риддерде.
Е). Аягөзде.
17. 1988 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған, есімдері халқына қайтарылған:
А). С.Сейфуллин, Б.Майлин.
В). І.Жансүгіров, О.Исаев.
С). О.Жандасов, С.Асфандияров.
D). Ж.Аймауытов, М.Дулатұлы.
Е). М.Масанчи, Н.Нұрмақов.
18. 1964 жылдан 1989 жылдың қазанына дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жарылыстар саны:
А). 110.
В). 343.
С). 325.
D). 333.
Е). 113.
19. 1991 жылы Тамыз бүлігін ұйымдастырушылардың алдарына қойған мақсаты:
А). Одақтық шартты қолдау.
В). Жаңа одақтық шарттың жасалуына кедергі жасау.
С). Республикаларға тәуелсіздік беру.
D). КСРО-ны тарату.
Е). Компартия билігін жою.
20. Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезімін ұялата білген жазушы:
А). Ғали Орманов.
В). Қадыр Мырзалиев.
С). Жұбан Молдағалиев.
D). Қасым Аманжолов.
Е). Әнуар Әлімжанов.
21. Ұлы Отан соғысы жылдары Ақтөбеде салынып жатқан ферроқорытпа зауытын аяқтау үшін құрал-жабдықтары пайдаланылды:
А). Алматы зауытының.
В). Челябі зауытының.
С). Луганск зауытының.
D). Запорожье зауытының.
Е). Омбы зауытының.
22. 1921 жылғы қуаңшылық кезінде республика халқының аштыққа ұшыраған бөлігі:
А). 1/3.
В). 1/2.
С). 1/5.
D). 2/5.
Е). 1/4.
23. 1930 жылдардың соңында Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінгендер:
А). Татарлар.
В). Немістер.
С). Шешендер.
D). Дүнгендер.
Е). Корейлер.
24. 1917 ж. қарашаның 22-сінде М.Шоқай ашқан Бүкілтүркістандық төтенше IV съезд өтті:
А). Минскіде.
В). Ташкентте.
С). Түркістанда.
D). Верныйда.
Е). Қоқанда.
25. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партия:
А). «Қазақстан Халық Конгресі».
В). «Азат».
С). «Невада-Семей».
D). «Қазақстан халық бірлігі одағы».
Е). «Нағыз Ақжол».
№2 нұсқа
1. 1916 жылғы 20 шілдеде А.Куропаткин генерал-губернатор болып тағайындалған өлке:
А). Торғай.
В). Жетісу.
С). Түркістан.
D). Ақмола.
Е). Семей.
2. Түркістан федералистер партиясы құрылды:
А). 1922 ж.
В). 1918 ж.
С). 1920 ж.
D). 1921 ж.
Е). 1917ж.
3. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылды:
А). 1936 ж.
В). 1938 ж.
С). 1933 ж.
D). 1937 ж.
Е). 1934 ж.
4. Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры:
А). Т.Бигельдинов.
В). И.Павлов.
С). И.Кожедуб.
D). С.Луганский.
Е). Л.Беда.
5. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы:
А). Е.Бекмаханов.
В). М.Әуезов.
С). Қ.Сәтбаев.
D). А.Жұбанов.
Е). Ә.Марғұлан.
6. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезі қабылдаған шешім:
А). КСРО-ны тарату.
В). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру.
С). Қазақстан Компартиясын тарату.
D). Қазақстанның егеменді ел болуы.
Е). БҰҰ мүше болу.
7. Азамат соғысы жылдарында қаза тапқан адамдар саны:
А). 8 млн.
В). 9 млн.
С). 10 млн.
D). 11 млн.
Е). 12 млн.
8. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысып даңқын шығарған, Кеңес Одағының Батыр атанған қазақстандықтар:
А). И.Павлов, С.Луганский.
В). Г.Жұмабаев, А.Ерелиев.
С). А.Егоров, З.Хұсайынов.
D). Р.Қошқарбаев, Д.Болатов.
Е). Қ.Сыпатаев, Л.Беда.
9. Теміртаудың металлургия комбинатының бас көтерулері болып өтті:
А). 1953 ж.
В). 1958 ж.
С). 1957 ж.
D). 1960 ж.
Е). 1955 ж.
10. 1988 жылы республикадан сыртқа шығарылған өнімнің бағасы:
А). 6, 7 млрд сом.
В). 13, 8 млрд сом.
С). 17, 7 млрд сом.
D). 7, 7 млрд сом.
Е). 25, 7 млрд сом.
11. 1936 жылы 5 желтоқсанда болған оқиға:
А). Л.Мирзоян биліктен кетті.
В). КСРО құрылды.
С). ҚазАКСР құрылды.
D). ҚазАКСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы болып өтті.
Е). КСРО Конституиясы қабылданды.
12. Басқарудың жаңа түрлерін енгізуге тырысқан Алматы облысындағы кеңшар директоры:
А). Н.Алдабергенов.
В). И.Худенко.
С). Ж.Қуанышбаев.
D). Ж.Демеев.
Е). Ы.Жақаев.
13. Соғыстан кейінгі жылдарда ақша реформасы жүргізілді:
А). 1953 ж.
В). 1946 ж.
С). 1954 ж.
D). 1943 ж.
Е). 1947 ж.
14. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздік алуына қарсы болған саяси күштердің бір идеясы:
А). Ислам республикасы.
В). Орыс автономиясын құру.
С). Түркістан автономиясы.
D). Қазақ автономиясы.
Е). Алашорда құру.
15. Республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады:
А). 1926 ж.
В). 1937 ж.
С). 1931 ж.
D). 1927 ж.
Е). 1936 ж.
16. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ ұшқышы:
А). Қарсыбай Сыпатаев.
В). Сұлтан Баймағамбетов.
С). Төлеген Тоқтаров.
D). Нүркен Әбдіров.
Е). Талғат Бигелдинов.
17. 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан Қазақстанның алған орны:
А). Жетінші.
В). Бесінші.
С). Үшінші.
D). Бірінші.
Е). Екінші.
18. 1992 жылы 2 наурызда:
А). Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
В). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды.
С). Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
D). Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
Е). Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып атала бастады.
19. Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт:
А). Қарағанды педагогикалық институты.
В). Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі, әдебиет және өнер институты.
С). Қазақ КСР Ғылым Академиясының Философия және құқық институты.
D). Қазақ Мемлекеттік институты.
Е). Алматы педагогикалық институты.
20. 1933 жылы Алматы қаласында ашылған аз ұлттар театры:
А). Ұйғыр музыкалық-драма театры.
В). Неміс театры.
С). Өзбек театры.
D). Орыс музыкалық-драма театры.
Е). Корей театры.
21. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық саяси бірлестіктердің саны:
А). 100-ден астам.
В). 200-ден астам.
С). 700-ден астам.
Д). 500-ден астам.
Е). 300-ден астам.
22. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциялары қабылданған жылдар:
А). 1991, 1992 жж.
В). 1993, 1995 жж.
С). 1996, 1998 жж.
D). 1994, 1996 жж.
Е). 1992, 1994 жж.
23. Ф.Голощекиннің саясатына қарсы өз пікірін білдірген қоғам қайраткері:
А). І.Құрамысов.
В). Ж.Мыңбаев.
С). А.Андреев.
D). К.Тоғысов.
Е). М.Айтпенов.
24. КСРО кезіндегі Батыс Қазақстандағы атом полигоны:
А). Семей.
В). Чернобыль.
С). Балқаш.
D). Капустин Яр.
Е). Арал.
25. 1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі:
А). М.Әуезов.
В). Е.Бекмаханов.
С). Қ.Сәтбаев.
D). А.Жұбанов.
Е). Ә.Марғұлан.
№3 нұсқа
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Қарқара ошағының басшысы:
А). А.Иманов.
В). Ә.Жанбосынов.
С). Ұ.Саурықов.
D). К.Көкімбайұлы.
Е). С.Ужгин.
2. Азамат соғыс жалдарында Ө.Ыбыраев астыртын жұмысты ұйымдастырушы:
А). Сырдария болысында.
В). Түркістан болысында.
С). Орал облысында.
D). Кеңарал болысында.
Е). Жетісуда.
3. Ұлы Отан соғысында жау отын өз кеудесімен жапқан қазақ батыры:
А). Талғат Бигелдинов.
В). Рахымжан Қошқарбаев.
С). Нүркен Әбдіров.
D). Сұлтан Баймағамбетов.
Е). Сағадат Нұрмағанбетов.
4. Ұлы Отан соғысынан кейін салынған теміржол желісі:
А). Ақтау-Ақтөбе.
В). Балқаш-Аягөз.
С). Қарағанды-Қызылжар.
D). Түрксіб.
Е). Мойыншы-Шу.
5. 1917ж. «Қара жұмысқа» алған жұмысшыларды елге қайтару туралы шешімді қабылдады:
А). Кеңес өкіметі.
В). Революциялық Кеңестер.
С). Патша үкіметі.
D). Уақытша үкімет.
Е). Алаш үкіметі.
6. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы:
А). Гидрофизика мен гидрогеология.
В). Қазақстан тарихы.
С). Математика.
D). Ғарышты игеру.
Е). Генетика.
7. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында білім алған қазақстандық жастар саны:
А). 40 мыңдай.
В). 30 мыңдай.
С). 15 мыңдай.
D). 25 мыңдай.
Е). 20 мыңдай.
8. Генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты
А). Брест қамалы үшін шайқасты.
В). Сталинград үшін шайқаста.
С). Мәскеу үшін шайқаста.
D). Курск үшін шайқаста.
Е). Ленинград үшін шайқаста.
9. Жетісу майданы жойылды:
А). 1919 жылы сәуірде.
В). 1919 жылы ақпанда.
С). 1920 жылы наурызда.
D). 1918 жылы шілдеде.
Е). 1918 жылы маусымда.
10. 1999 жылы сәуірдің 13-і мен 23-і аралығында Парижде өткен «Қазақстан ғылымы-кешегіден бүгінге» деген көрме арналды:
А). Ш.Құдайбердіұлы.
В). Х.Досмұхамедұлы.
С). О.Сүлейменов.
D). Қ.Сәтбаев.
Е). М.Шаханов
11. ХХғ. 50-жылдары Отанынан тыс жерге кетуге мәжбүр болған:
А). Ә.Нүрпейісов.
В). М.Әуезов.
С). Т.Ахтанов.
D). Ә.Тәжібаев.
Е). Ғ.Мұстафин.
12. Ұлы Отан соғысы болған жылдар:
А). 1939-1943 жж.
В). 1940-1944 жж.
С). 1943-1947 жж.
D). 1942-1946 жж.
Е). 1941-1945 жж.
13. 1929-1933 жылдар аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (БМСБ) өкілдігінің үштігі ату жазасына кескен адамдар саны:
А). 21 000.
В). 4 247.
С). 3 386.
D). 750.
Е). 2 193.
14. Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі құрылды:
А). Қазан төңкерісі нәтижесінде.
В). Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін.
С). Батыс Сібір ревкомының шешімімен.
D). Уақытша үкімет және казактар округінің шешімімен.
Е). Азамат соғысынан кейін.
15. 1917 жылы кадет партиясының мүшесі болған, алаш қозғалысының қайраткері:
А). Ә.Бөкейханов.
В). М.Шоқай.
С). Ж.Досмұхамедов.
D). М.Тынышпаев.
Е). А.Байтұрсынов.
16. ЖЭС кезінде нарықтық қатынастардың нығаюына қарай салық төлеудің заттай және ақшалай аралас түрлері тек ақшалай түрге ауыстырылған мерзім:
А). 1921 жыл, 21 қаңтар.
В). 1921 жыл, 1 қаңтар.
С). 1923 жыл, 1 қаңтар.
D). 1924 жыл, 21 қаңтар.
Е). 1924 жыл, 1 қаңтар.
17. ҚР Президентінің жарлығымен «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» деп аталған жыл:
А). 1994 ж.
В). 1996 ж.
С). 1997 ж.
D). 1998 ж.
Е). 1999ж.
18. 1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының алғашқы басшылары:
А). Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов.
В). Х.Досмұхамедов, М.Сералин.
С). Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков.
D). М.Дулатов, К.Тоғысов.
Е). М.Тынышбаев, М.Шоқай.
19. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы:
А). М.Әуезов.
В). С.Мұқанов.
С). Ғ.Мұстафин.
D). Ж.Шанин.
Е). Ғ.Мүсірепов.
20. 1992 жылы шетелдерде тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны:
А). 1 млн 500 мың.
В). 1 млн 900 мың.
С). 2 млн 100 мың.
D). 3 млн 200 мың.
Е). 2 млн 500 мың.
21. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды:
А). 1965 жылы.
В). 1952 жылы.
С). 1956 жылы.
D). 1960 жылы.
Е). 1949 жылы.
22. 1917 жылы «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді:
А). Семейде.
В). Ақмолада.
С). Сергипольде.
D). Верныйда.
Е). Петропавлда.
23. 1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы поэзияға серпін берген ақын-жазушы:
А). С.Сейфуллин.
В). Ж.Молдағалиев.
С). Қ.Қайсенов.
D). Ж.Шанин.
Е). Ғ.Мүсірепов.
24. Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды:
А). 1918 жылы.
В). 1937 жылы.
С). 1941 жылы.
D). 1924 жылы.
Е). 1927 жылы.
25. 2004 жылы Президент бастамасымен қабылданған мемлекеттік бағдарлама
А). «Мәдени мұра».
В). «Дағдарыстан дамуға».
С). «Балапан».
D). «Ауылды дамыту».
Е). «Дарын».
№4 нұсқа
1. 1920 жылы сайланған ҚазАКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы:
А). Ә.Жангелдин.
В). С.Пестковский.
С). Б.Қаратаев.
D). В.Радус-Зенкович.
Е). С.Мендешев.
2. 1954 жылға дейін Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы:
А). Л.Брежнев.
В). Н.Оңдасынов.
С). Ж.Шаяхметов.
D). П.Пономаренко.
Е). Д.Қонаев.
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған:
А). Оспан Шоңов.
В). Сәкен Сейфуллин.
С). Бекболат Әшекеев.
D). Тұрар Рысқұлов.
Е). Нұрлан Қияшев.
4. 1960-жылдары Павлодар машина жасау зауытының негізінде құрылды:
А). Экскаватор зауыты.
В). Автомобиль зауыты.
С). Кабель зауыты.
D). Электротехника зауыты.
Е). Трактор зауыты.
5. Қазақстан мен Түркістан комсомол ұйымының тұңғыш төрағасы:
А). Ғ.Мұратбаев.
В). О.Жандосов.
С). Т.Рысқұлов.
D). С.Сейфуллин.
Е). Б.Қаратаев.
6. «Қазақ КСР тарихының» екі томдығы жарияланды:
А). 1943-1945 жылдары.
В). 1957-1959 жылдары.
С). 1950-1955 жылдары.
D). 1965-1967 жылдары.
Е). 1945-1947 жылдары.
7. Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың: дилологиясы
А). «Дара тұлға».
В). «Соңғы парыз».
С). «Қызыл жебе».
D). «Дарабоз».
Е). «Көне түркілер».
8. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның солтүстік батыс облыстарындағы кадеттер ұйымы Семейде шығарған газеті:
А). «Қазақ».
В). «Ұшқын».
С). «Дала уәлаяты».
D). «Туркестанкий вестник».
Е). «Свободная речь».
9. Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар арасында бірінші болып жанған ұшағын жау тобына бағыттаған:
А). С.Луганский.
В). Т.Бигелдинов.
С). Л.Беда.
D). И.Павлов.
Е). Б.Бейсекбаев.
10. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:
А). 1980 ж.
В). 1979 ж.
С). 1960 ж.
D). 1978 ж.
Е). 1977 ж.
11. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик:
А). И.Губкин.
В). В.Перовский.
С). Н.Курнаков.
D). М.Сперанский.
Е). Г.Батенков.
12. БК(Б) П Орталық Комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы жарық көрді:
А). 1945 жылы.
В). 1954 жылы.
С). 1946 жылы.
D). 1947 жылы.
Е). 1949 жылы.
13. 1917 ж. «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» құрылған қала:
А). Верный.
В). Павлодар.
С). Петропавл.
D). Қостанай.
Е). Сергиополь.
14. Қазақ АКСР-і Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикас деп аталды:
А). 1936 жылы наурызда.
В). 1936 жылы желтоқсанда.
С). 1936 жылы шілдеде.
D). 1936 жылы қарашада.
Е). 1936 жылы қыркүйекте.
15. 1954-1956 жж. Одақтық органдардың қарауынан республика қарауына өткен кәсіпорындар саны:
А). 246.
В). 322.
С). 164.
D). 144.
Е). 122.
16. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға ең жақын майдан:
А). ІІ Белорус.
В). Сталинград.
С). Балтық.
D). Украин.
Е). Курск.
17. Адамның тұңғыш ғарышқа ұшуына байланысты шығарған
О. Сүлейменовтың поэмасы:
А). «Аз и Я».
В). «Жазу тілі».
С). «Адамға табын, Жер енді».
D). «Өркениеттің адасуы».
Е). «Ғарышты бағындыру».
18. КСРО ыдырады:
А). 1991 жылы.
В). 1998 жылы.
С). 1993 жылы.
D). 1995 жылы.
Е). 1990 жылы.
19. 1930 жылдар КСРО-да орнаған саяси жүйе:
А). Кемелденген социализм.
В). Тоталитаризм, казармалық социализм.
С). Шынайы демократиялық социализм.
D). Радикалдық демократия.
Е). Коммунизм.
20. 1960 жылдары мақта-мата комбинаты салынған қала:
А). Екібастұз.
В). Рудный.
С). Арқалық.
D). Ақтау.
Е). Алматы.
21. Е.Рахмадиевтің жанр табысы деп танылған операсы:
А). «Әбілқайыр хан».
В). «Қобыланды батыр».
С). «Қасым хан».
D). «Кенесары хан».
Е). «Абылай хан».
22. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары тері илеу кәсіпорындары салынған қалалар:
А). Өскемен, Талдықорған.
В). Алматы, Шымкент.
С). Ақтөбе, Шымкент.
D). Жамбыл, Павлодар.
Е). Қарағанды, Жезқазған.
23. 1991 жылы желтоқсандағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы:
А). Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды.
В). ТМД тарауы.
С). КСРО құрылды.
D). Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.
Е). БҰҰ құрылды.
24. Ресейде монархиялық жүйені құлатты:
А). 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы.
В). 1905-1907 жж. бірінші буржуазиялық-демократиялық революция.
С). 1917 ж. Қазан төңкерісі.
D). 1918 ж. Азамат соғысы.
Е). Шетел интервенциясы барысында.
25. 1917 ж. «Жас арбакештер одағы» құрылған қала:
А). Верный.
В). Сергиополь.
С). Павлодар.
D). Қостанай.
Е). Петропавл.
Қосымша №1.
ҚАЗАҚСТАН КОМПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫЛАРЫ
Пестковский Станислав Станиславович (1882-1943) – 1920 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында РК (б) П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросының жауапты хатшысы (төрағасы).
Акулов Иван Алексеевич (1888-1938) – 1920 жылдың қыркүйегінен 1921 жылдың қаңтары аралығында РК(б) П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросының жауапты хатшысы (саяси хатшы).
Мырзағалиев Мұхамед Кафи (1887-1938) – 1921 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында РК (б) П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы мен облыстық комитетінің жауапты хатшысы.
Костеловская Мария Михайловна (1878-1964) – 1921 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында РК (б) П Қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің жауапты хатшысы.
Коростелев Георгий Алексеевич (1885-1932) – 1921 жылдың қыркүйегінен 1924 жылдың қазаны аралығында РК (б) П Қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің жауапты хатшысы. 1922 жылдың тамызынан 1924 жылдың қазаны аралығында РК (б) П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы Орталық Комитетінің хатшысы.
Нанейшвили Виктор Иванович (1878-1940) – 1924 жылдың қыркүйегінен 1925 жылдың маусымы аралығында РК(б) П Қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің – Қазақ өлкелік комитетінің жауапты хатшысы.
Голощекин Филипп Исаевич (1876-1941) – 1925 жылдың шілдесінен 1933 жылғы қаңтар аралығында РК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің 1-хатшысы.
Мирзоян Левон Исаевич (1897-1937) – 1933 жылдың қаңтарынан 1938 жылдың соңына дейін Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Скворцев Николай Александрович (1899-1974) – 1938-1945 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Борков Геннадий Андреевич (1905 жылы туған) – 1945 жылдың мамырынан 1946 жылдың маусымы аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Шаяхметов Жұмабай (1902-1966) – 1946-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Пономаренко Пантелеймон Кондратьевич (1902-1984) – 1954-1955 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Брежнев Леонид Ильич (1906-1982) – 1955 жылдың тамызынан 1956 жылдың наурызы аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Яковлев Иван Дмитриевич (1910 жылы туған) – 1956жылдың наурызынан 1956 жылдың желтоқсан аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Беляев Николай Ильич (1903-1966) – 1957 жылдың желтоқсанынан 1960 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Қонаев Дінмұхамет Ахметұлы (1912-1993) – 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Юсупов Ысмайыл (1914 жылы туған) – 1962 жылдың желтоқсанынан 1964 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Компартиясы ОК 1-хатшысы.
Колбин Геннадий Васильевич (1927-1997) – 1986 жылдың желтоқсанынан 1989 жылғы маусым аралығында Қазақстан Компартиясы ОК 1-хатшысы.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940 жылы туған) – 1989 жылдың маусымынан 1991 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының президенттігіне сайлады. Қазір – Қазақстан Республикасының Президенті.
[2, 362б].
Қосымша №2.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ:
1. Түсіп Күзембаев.
2. Шығанақ Берсиев.
3. Ғабит Мүсірепов.
4. Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев.
5. Нұрмолда Алдабергенов.
6. Кәмшат Дөненбаева.
7. Ыбырай Жақаев.
8. Жазылбек Қуанышбаев.
9. Яков Германович Геринг.
10. Бәйкен Әшімов.
11. Михаил Довжик.
12. Уфа Мендібайұлы Ахметсафин.
13. Ким Ман Сам.
14. Дмитрий Владимирович Сокольский
15. Николай Никитич Головацкий және т.б.
Қосымша №3.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ:
1. Сағадат Нұрмағамбетов.
2. Рақымжан Қошқарбаев.
3. Хиуаз Доспанова.
4. Бақтыораз Бейсекбаев.
5. Қасым Қайсенов.
6. Бауыржан Момышұлы.
7. Тоқтар Әубәкіров.
8. Талғат Мұсабаев.
9. Қайрат Рысқұлбеков.
10. Ләззат Асанова және т.б.
Қосымша №4.
1). І Мемлекеттік Дума 1906 жыл сәуір – маусым.
Қазақ (*Қырғыз облыстарынан) жерінен 9 депутат сайланды. Соның 4-еуі қазақ: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов.
2). ІІ Мемлекеттік Дума 1907 жыл ақпан – маусым.
Қазақ жерінен (*Қырғыз облыстарынан) 14 депутат сайланды. Соның 6-ы қазақ болды, олар: молда Ш. Қосшығұлов – Ақмола облысынан, би
Х. Нүрекенов – Семей облысынан, адвокат Б. Қаратаев – Орал облысынан, сот тергеушісі А. Бірімжанов – Торғай облысынан, Т. Алдабергенов – Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М. Тынышпаев – Жетісу облысынан.
3). ІІІ Мемлекеттік Дума 1907-1912 жж.
Қазақ (* Қырғыз облыстарынан) жерінен депутаттар сайланбады.
4). IV Мемлекеттік Дума 1912-1917 жж.
Қазақ (* Қырғыз облыстарынан) жерінен депутаттар сайланбады.
Аталмыш уақытта Қазақ халқын қырғыз, ал қазақ облыстарын қырғыз
Қосымша №5.
Бес жылдықтар:
1. 1928-1932 жж.
2. 1933-1937 жж.
3. 1938-1941 жж.
4. 1946-1951 жж.
5. 1951-1955 жж.
6
.
1956-1960
жж. Алты жылдық жоспар. 1959-1965 жж.
7. 1961-1965 жж.
8
.
1966-1970
жж.
9. 1971-1975 жж.
10. 1976-1980 жж.
11. 1981-1985 жж.
12. 1986-1990 жж.
Қосымша №6
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы.
1. 1992 жылдың 28 қыркүйегінен 4 қазанға дейін Алматыда Қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы өтті. Оған дүниежүзінің 13 елінен өкілдер қатысты, реми құрылтай қонақтары 800-дей болды.
2. 2002 жылдың 23-24 қазан күндері Түркістан қаласында Қазақтардың ІІ Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.
3. 2005 жылғы қыркүйек айының соңында Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласында Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы болып, оған алыс және жақын шетелдерден 300-ден астам өкіл қатысты.
4. 2011 жылы Астанада өз жұмысын бастады. 35 мемлекеттен делегаттар қатысты.
Қосымша №7
Саяси партиялар:
І. 1917ж.
1. «Алаш» қазақ ұлттық либерал-демократиялық партиясы
(1917 ж. 21-26 шілде).
2. «Үш жүз» қазақ социалистік партиясы
(1917 ж 17 қараша).
3. Түркістан федералистер партиясы
(1917 жыл қыркүйек).
4
.
«Шура-и улем» «Шура-и ислам»
партиясы (1917 жыл 17 наурыз).
5
.
«Шура-и ислам»
6. Иттифоки муслимин (1917 жыл 17-20 қыркүйек).
ІІ. 1960 ж.
ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) 1960 жылдар.
ІІІ. 1990-1991 жж.
1
.Қазақстанның
Республикалық партиясы
«Азат» қозғалысы +
«Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы
(1991 жыл 4 қыркүйек).
3. Қазақстан Халықтық Конгресс партиясы (1991 жыл 5 қазан).
4. Қазақстанның Социалистік партиясы (1991 жыл 7 қыркүйек).
5. Қазақстанның коммунистік партиясы (1991 жыл қазан айы).
6. қазақстанның демократиялық прогресс партиясы (1991 жыл қараша)
IV. 1993-1995 жж.
1. Қазақстанның халық бірлігі одағы (1993 жыл ақпан айы).
2. Қазақстанның халқтық-кооперативтік партиясы (1994 жыл желтоқсан).
3. Қазақстанның өрлеу партиясы (1995 жыл қаңтар).
4. Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 жылдың жаз айы)
V. 1998-1999 жж.
1. «Отан» республикалық саяси партиясы (1999 жыл 19 қазан).
2. Қазақстанның Республикалық халық партиясы (1998 жыл 17 желтоқсан).
3. «Азамат» демократиялық партиясы (1999 жыл 27 наурыз).
4. Қазақстан әйелдерінің Демократиялық партиясы (1999 жыл 21 маусым).
5. Қазақстанның Ұлттық партиясы – «Алаш» партиясы (1999 жыл 29 мамыр).
6. «Қазақстанның аграрлық партиясы» (1999 жылы 6 қаңтар).
7. Қазақстанның демократиялық партиясы (1999 жылы 27 наурыз).
VI. 2000-2004 жж.
1.«Ауыл» шаруа социал-демократиялық партиясы (2000 жыл 30 қаңтар).
2. Қазақстаның патриоттары партиясы (2000 жылы 1 шілде).
3. Қазақстанның демократиялық партиясы (2001 жылғы қараша).
4. Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы (2002 жыл 3 сәуір).
5. «Руханият» партиясы (2003 ж 6 қазан).
6. Республикалық «Асар» партиясы (2003 жыл қазан айы).
7. «Әділет» Демократиялық партиясы (2004 жыл 14 маусым)
8. Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясы (2004 жыл 21 маусым).
VII. 2006 ж.
1.«Отан» партиясының кезектен тыс Х съезінде жаңа саяси партия – «Нұр-Отан» Халықтық демократиялық партиясы құрылып, оның құрамына «Қазақстанның азаматтық партиясы», «Қазақстанның аграрлық партиясы» және «Асар» партиясы кірді (2006 жыл 22 желтоқсан).
2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының әртүрлі саяси
көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді: Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Азат», Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Ақ жол», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы – «Ауыл», «Әділет» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстанның патриоттары партиясы, «Руханият» партиясы.
Қосымша №7.
Ядролық сынақ алаңдары:
1.Капустин Яр полигоны: (РКФСР кейін РФ, Астрахан облысы.)
Батыс Қазақстан және Атырау облысының 3 млн гектар аумағы.
2. Семей полигоны: (Орналасқан жері – Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері. Жалпы аумағы – 8, 372 шаршы шақырым) 1949-1991жж.
1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада әр түрлі 113 жарылыс
жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 тоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған.
3. Азғыр полигоны:
(Атырау облысы, Құрмаңғазы ауданына қарасты «Балқұдық»
кеңшарының ауданы). 1966-1979 жж. 17 рет жер асты жарылысы болды.
Қосымша №8
Тұлғалар:
1. Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы – сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады [2, 13б].
2. Көтерілісшілермен күрес жүргізу үшін Самарадан генерал Макаровтың жаңа жазалаушы экспедициясы шығып, оған Орынбордан әскери бөлімдер келіп қосылды [2, 14б].
3. Жанбосынов Әбдіғапар (1870-1919) – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі [2, 22б].
4. Иманов Амангелді (1873-1919) – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі және 1917-1919 жылдары Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске қатысушы [2, 22б].
5. Жангелдин Әліби (1884-1953) – қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, Азамат соғысының ардагері [2, 23б].
6. Ақбаев Жақып (1876-1934) – Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі, Қазақстанның қоғам қайраткері, құқық магистрі [2, 23б].
7. Әшекеұлы Бекболат (Әшекеев Бекболат) (1848 жылы, кейбір деректер бойынша – 1848-1916) – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басшыларының бірі [2, 24б].
8. Міржақып Дулатов 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарлықты «қанқұйлы» деп жариялады [2, 25б].
9. Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов кез келген қарсылықтың орасан адам шығындарына әкеп соғатынын түсініп, 11 тамызда қазақ халқына үндеу жариялады. Онда тыл жұмыстарына адамдар жіберу майдан мұқтажына шақырылғандардың отбасы мен шаруашылықтарын толық күйзелу мен жазалаушылардың жойып жіберуінен сақтайтыны айтылды [2, 25б].
10. Бақытжан Қаратаев патша үкіметіне қара жұмысқа адам алуды тоқтату мен Қазақстаннан жазалаушы әскерлерді қайтару жөнінде тілек айтты [2, 25б].
11. Бөкейханов Әлихан (1886-1937) – ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, аудармашы [2, 29б].
12. Ә. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкіметінің ұлттық автономияны сақтау жөніндегі декларациялық уәдесіне байланысты басқа алашордашылармен бірге белсенді саяси және мемлекеттік қызметтен уақытша бас тартуға мәжбүр болды [2, 30б].
13. Ә. Бөкейхановтың басты мақсаты қазақтардың дербес мемлекетін құру еді [2, 30б].
14. Ә. Бөкейханов Петербургте шыққан «Ресей. Біздің өлкенің толық географиялық сипаты» («Россия. Полное географическое описание нашего края») атты жинақтың 18-томында «Қырғыз (Қазақ) өлкесі халқының аумақ бойынша таралып қоныстануы, оның этнографиялық құрамы, тұрмысы мен мәдениеті» («Распределение населения Киргизского (Казахского) края по территорий, его этнографический состав, быт и культура» тарауын жазған). «Дала ұлы» деген бүркеніш атпен «Дума партиялары», «Дума мен қазақтар», «Август Бебель» т.б. мақалаларын жариялады [2, 30б].
15. Байтұрсынов Ахмет (1873-1938) – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі [2, 30б].
16. А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы басшыларының бірі болды, Қырғыз (Қазақ) өлкесі Әскери-революциялық Комитетінің мүшесі болды [2, 30б].
17. Дулатов Міржақып (1885-1935) – Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері [2, 31б].
18. Қаратаев Бақытжан (1860-1934) – көрнекті заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері [2, 31б].
19. «Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты т.б. буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді [2, 35б].
20. «Алаш» партиясы қатарына ғылыми және шығармашылық зиялылар өкілдері: М. Тынышпаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев т.б. кірді [2, 35б].
21. Шоқай Мұстафа (1890-1941) – аса көрнекті саяси, қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ [2, 41б].
22. Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі әрі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналып, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін тамаша меңгерді [2, 41б].
23. А. Шульгин ол (Мұстафа Шоқай) жөнінде : «бұл түркістандық сонымен бірге жоғары білімді Еуропалық болды, «жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазды [2, 42б].
24. Тынышпаев Мұхаметжан (1879-1938) – ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, тұңғыш кәсіби маман, тарихшы-ғалым [2, 42б].
25. Ленин (Ульянов) Владимир Ильич (1870-1924) – ресейлік саяси қайраткер. Дворяндық тегі бар халық училищелері инспекторының отбасында дүниеге келген [2, 42б].
26. К. Маркс пен Ф. Энгельс идеяларын жақтаушы, ұстанушы ретінде В. И. Ленин Ресейдің қоғамдық даму проблемаларын шешуде оларды догмалық түрінде қолдануға тырысты [2, 43б].
27. «Алаш» партиясын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов және буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері ұйымдастырды [2, 44б].
28. А. Байтұрсынов 1919 жылы В. И. Ленинмен кездесуден соң төтенше өлкелік орган – Қырғыз Әскери-Революциялық Комитеттің құрамына енгізілді [2, 46б].
29. Құдайбердиев Шәкәрім (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, композитор, аудармашы [2, 52б].
30. Шәкәрім шығармашылығындағы тұрақты күрделі тақырып жазушы мен қоғамның өзара қарым-қатынасы мәселесіне айналды [2, 53б].
31. Жұмабаев Мағжан (1893-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, аудармашы, педагог [2, 53б].
32. М. Жұмабаев Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды [2, 53б].
33. М. Жұмабаев Қазақстан педагогикалық ғылымының бастауында тұрды [2, 53б].
34. Үкімет міндетін атқару В. И. Ульянов (Ленин) басқарған Халық Комиссарлары Кеңесіне берілді [2, 55б].
35. Халық Комиссарлар Кеңесінде В. И. Ленин төрағалыққа сайланып, оның өзіне жақын серіктері Л. Троцкий, Г. Зиновьев, Л. Каменев, Я. Свердлов, Ф. Дзержинский т.б. маңызды басшылық қызметтерді иеленді [2, 56б].
36. М. Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады [2, 67б].
37. Тұрар Рысқұлов өзінің «Даладағы аштық» атты мақаласында бұл жылдары аштықтың әрбір адамды қамтығаныны, қазақтарға үнемі қырылып қалу қаупі төнгенін көрсетті [2, 74б].
38. Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – партия және мемлекет қайраткері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатысушылардың бірі [2, 78б].
39. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударудан бастады [2, 80б].
40. Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығына табынып, ақынның шығармашылық жолын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды [2, 81б].
41. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы – «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды [2, 81б].
42. Қазақ әдебиетінің діни-философиялық бағытының көрнекті өкілі Жүсіп Көпеев болып табылды. 1907 жылы Қазан қаласында оның бірден үш кітабы («Хал-ахуал», «Сарыарқа», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз») жарық көрді [2, 82б].
43. Діни философияның тағы да бір өкілі Мұхаммед Сәлім Кәшімов болды. «Әдеп», «Үгіт», «Ақыл кітабы», «Насихат қазақия» сияқты шығармаларында ол педагогикалық ақыл-кеңес, тәлім, өзінің философиялық және әлеуметтік-саяси көзқарастары жөнінде баяндайды [2, 82б].
44. М. Жұмабаев қазақ ағартушылық ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарының бірі болды [2, 84б].
45. М. Жұмабаев тұтқындалып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді [2, 84б].
46. Аймауытов Жүсіпбек (1985-1930/31) – аса көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы және педагог.
47. Ж. Аймауытов шығармаларының негізгі сюжеттік желісіне әйелдердің тең құқықтығы, адамгершілік, өткеннің қалдықтарымен күрес, жеткіншек ұрпақ өкілдерін қайырымдылық пен азаматтыққа тәрбиелеу мәселелері алынған [2, 87б].
48. Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) – ақын, әлеуметтік әділеттілік пен халық ағарту ісінің жалынды жаршысы [2, 87б].
49. Диваев Әубәкір Ахметжанұлы (1856-1932) – фольклоршы, этнограф [2, 88б].
50. Болат Сарыбаев қазақтың көне музыкалық аспаптарының жиырмадан астам түрін жинастырды [2, 90б].
51. Затаевич Александр Викторович (1869-1936) – музыка сыншысы, этнограф, композитор [2, 95б].
52. А. В. Затаевич 2300-ден аса қазақ әндері мен күйлерін жазып алып, солардың негізінде «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 ж. Орынбор, 1963 ж. Мәскеу) және «Қазақтың 500 әні мен күйлері» (1931 ж. Алматы) атты қазақ халқының музыка өнерінің тарихы мен теориясының мәселелері зерттелген жинақтар құрастырылды [2, 95б].
53. Қашаубаев Әміре (1888-1934) – шет елдерде концерт берген (1925 жылы Парижде, 1927 жылы майндағы Франкфуртта) тұңғыш қазақ әншісі [2, 96б].
54. Пестковский Станислав Станиславич (1882-1943) – қоғам және мемлекет қайраткері, Ресейдегі революциялық қозғалысқа қатысушы [2, 110б].
55. Розыбакиев Абдулла Ахметұлы (1897-1938) – қоғамдық қайраткер, журналист [2, 110б].
56. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісін жүргізді [2, 113б].
57. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – геолог, қоғам қайраткері, геолог-минерология ғалымдарының докторы (1942), профессор (1950) [2, 122б].
58. Қ. Сәтбаев – кен геологисы саласындағы көрнекті маман, Кеңес Одағында металлогения ғылымын дамытушылардың белгілі өкілі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы [2, 122б].
59. Сәдуақасов Смағұл (1900-1933) – көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы [2, 123б].
60. Қожанов Сұлтанбек (1894-1938) – көрнекті мемлекет қайраткері [2, 123б].
61. Досмұхамедов Халел (1883-1939) – Алаш-орда көсемдерінің бірі, дәрігер, ғалым, публицист [2, 124б].
62. Меңдешев Сейтқали (1882-1937) – мемлекет қайраткері [2, 124б].
63. С. Мендешев аштықпен күрес жөніндегі Төтенше комиссияны басқарды [2, 125б].
64. О. Исаев өз хатында Ф. И. Голощекинді орнынан босатуды ұсынды [2, 130б].
65. ... Т. Рысқұлов 1932 жылы Сталинге жазған хатында да қазақ халқының мүшкіл жағдайын көрсетіп, жаздың соңына дейін қоныс аударушылардың арасында аштық пен жұқпалы аурулардың қауіпті дәрежеге дейін көтерілетінін ескертті [2, 130б].
66. Т. Рысқұлов қазақ халқын қырылудан құтқарудан нақты шараларын, мал шаруашылығын қазақтарға малды жеке меншікке таратып беру жолымен шұғыл көтеруді ұсынды [2, 130б].
67. Голощекин Филипп Исаевич (1876-1941) – кеңестік мемлекеттік және партия қайраткері [2, 135б].
68. Ф. И. Голощекин саясаттағы күштеу мен адамгершілікке қарсы әдістердің жақтаушысы болды [2, 136б].
69. Мирзоян Левон Исаевич (1897-1939) – кеңестік мемлекеттік және партия қайраткері [2, 136б].
70. Мыңбаев Жалау (1892-1929) – партия және кеңес қайраткері [2, 145б].
71. Қуанышбаев Қадыр (1906-1938) – партия және қоғам қайраткері [2, 145б].
72. Ғатаулин Мансұр (1903-1937) – партия және қоғам қайраткері [2, 145б].
73. М. Ғатаулин Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекиннің әрекетіне өз наразылығын ашық білдірді, ұжымдастыру жылдарындағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық жағдайлары жөнінде хабарлады, сол үшін қуғын-сүргінге ұшырады [2, 146б].
74. Жандосов Ораз (1889-1937) – мемлекет және қоғам қайраткері [2, 158б].
75. Асфандияров Санжар (1889-1938) – мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тарихшы-ғалым [2, 158б].
76. Сталин Иосиф Виссарионович (Джугашвили) (1878-1953) – Кеңес мемлекеті мен Коммунистік партиясының басшы қайраткерлерінің бірі [2, 159б].
77. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады [2, 160б].
78. ақын В. Лебедев-Кумач пен композитор А. Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ әнұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды [2, 160б].
79. Бигельдинов Талғат Жақыпбекұлы (1922-2014) – екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1944, 1945), әскери-ұшқыш, авиация генерал-майоры (1993) [2, 178 б].
80. Луганский Сергей Данилович (1918-1977) – екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1943, 1944), авиция генерал майоры (1957) [2, 179 б].
81. Момышұлы (1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры (12. 12. 1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995) [2, 179 б].
82. Қажымұқан, Мұқан Мұңайтпасұлы (1883, кейбір деректерде 1871-1948) – фрацузша және еркін күрестерден көптеген халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы; әлемдік спорт аренасына шығып, шет елдердегі жарыстарда атақ-даңққа бөленген тұңғыш қазақ [2, 180 б].
83. Бейсекбаев Бақтыораз (1920-1941) – Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының батыры [2, 180 б].
84. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды: А. Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В. Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты [2, 187 б].
85. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д. Әбілов, Ж. Саин, Қ. Әбдіқадыровтар болды [2, 187 б].
86. Соғыс жылдары әдебиетке келген дарынды жастар Ж. Молдағалиев, Ә. Нүрпейісов, С. Мәуленов, Б. Момышұлы оған жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді [2, 187 б].
87. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, М. Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті [2, 187 б].
88. Қастеев Әбілхан (1904-1973) – Қазақстандағы тұңғыш кәсіби суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, живописші, график [2, 190 б].
89. Хамиди Латиф Абдулхайұлы (1906-1983) – композитор, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР халық артисі [2, 191 б].
90. Төлебаев Мұқан (1913-1960) – белгілі композитор, КСРО халық артисі, Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңген қайраткер [2, 191 б].
91. Жабаев Жамбыл (1946-1945) – қазақтың халық поэзиясының алыбы [2, 192 б].
92. Мүсірепов Ғабит (1902-1985) – көрнекті жазушы, қазақ кеңестік әдебиетінің негізін салушылардың бірі
93. Мұстафин Ғабиден (1902-1985) – жазушы, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі [2, 193 б].
94. Мұқанов Сәбит (1900-1973) – жазушы, қоғам қайраткері, қазақ кеңес әдебиеті негізін салушылардың бірі [2, 193 б].
95. Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі КСРО Ішкі істер халкомы (министрі), КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметінің жолын кесу болды [2, 201б].
96. И. В. Сталиннің өлімі және Л. П. Берияның биліктен тайдырылуымен КСРо-да өмір сүрген қатаң тәртіптің қара түнек кезеі аяқталды [2, 201б].
97. КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке басқа табынушылықтың пайда болу себептерін, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды [2, 201 б].
98. Шаяхметов Жұмабай (1906-1966) – партия және мемлекет қайраткері [2, 211 б].
99. Хрущев Никита Сергеевич (1894-1971) – Кеңес мемлекеті мен партия қайраткері [2, 211 б].
100. Құрманғалиев Ғарифолла (1909-1993) – әнші, Қазақстан халық артисі, 1934 жылы халық шығармашылығының бірінші бүкілқазақтық слетіне қатысты [2, 212 б].
101. Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) – әнші, Қазақ КСР халық артисі [2, 212 б].
102. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды [2, 221 б].
103. Ресей зерттеушісі А. Тюринаның пікірі бойынша, «... 50-жылдардың аяғы – 60-жылдардың басында әлі де экономикасы нығаймаған колхоздарға ауыр да әділетсіз шарттармен таратылған МТС-тердің техникасын сату ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуіне әкеп соқты Бұл елдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965) белгіленген жалпы өнімі 70%-ға өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды» [2, 223 б].
104. Ыбырай Жақаев, Кәмшат Дөненбаева, Н. Головацкий, Я. Геринг және т.б. ауыл еңбекшілері Социалистік Еңбек ері атақтарын алды.
105. И. Н. Худенконың тиімді әрі болашағы зор әдісінің тамырына балта шабылды [2, 235 б].
106. Гагарин Юрий Алексеевич (1934-1968) – адамзаттан ғарышқа ұшқан тұңғыш ғарышкер [2, 238 б].
107. Өкімет орындарының саясатына өз наразылығын ашық білдіргендердің бірі – композитор Хасен Қожахметов болды [2, 245 б].
108. Батыс тарихшысы Н. Верт атап өткеніндей, 1976 жылы кеңестік өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының артта кетуінің күнделікті процестері барысында «жағымсыз бетбұрыс орнықты» [2, 250 б].
109. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым [2, 254 б].
110. Брежнев Леонид Ильич (1906-1982) – КСРО мемлекет қайраткері [2, 255 б].
111. Сахаров Андрей Дмитриевич (1921-1989) – орыс физигі және адам құқықтарыны жолындағы күрескер [2, 256 б].
112. Бірақ сол кезде («жылымық» кезінде) қазақ зиялыларының Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев сияқты жарқын өкілдері ақталмай қалды
113. Әдебиетшілер Х. Махмұтов, Н. Ровенский, А. Жовтис, Т. Нұртазиндердің, М. Жұмабаевтың шығармаларын ақтау жөніндегі әрекеттеріне тыйым салынды [2, 262 б].
114. Мұқан Төлебаевтың («Біржан - Сара» операсы), Евгений Брусиловскийдің, Құддыс Қожамияровтың («Назугум») шығармаларында ұлттық фольклор жаңа қырларынан танылды [2, 263 б].
115. Шәмші Қалдаяқовтың, Нұрғиса Тілендиевтің, Ілия Жақановтың әндерін халық жатқа айтты [2, 263 б].
116. Бекмаханов Ермұқан Бекмаханұлы (1915-1966) – көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946), Қазақ КСР ҒА-ның кореспондент мүшесі 1962) [2, 266 б].
117. Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – қазақтың заңғар жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер [2, 267 б].
118. Горбачев Михаил Серггевич – 1931 жылы туған, 1985-1991 жылдары КОКП ОК-нің Бас хатшысы, 1990-1991 жылдары КСРО-ның бірінші президенті [2, 276 б].
119. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы – Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына белсенді қатысушы [2, 277 б].
120. Итальяндық тарихшы және саясаттанушы Джузеппе Боффа КСРО-ны анық жіктелген «қоғамдық иерархиялық құрылымы» бар мемлекет ретінде сипаттады [2, 278 б].
121. Өз уақытында жоғарғы партиялық қызметте болған бұрынғы кеңес азаматы, эмигрант Әбдірахман Авторханов «КСРО-да Кеңес өкіметі болған жоқ, дәстүр бойынша өзін «кеңес өкіметі» деп атаған, бір-бірімен берік байланысқан және жақсы ұйымдасқан, қоғам мүшелерінен тыс, халықтың қалың бұқарасы алдында есеп бермейтін үш күштің: КОКП, КГБ мен Қарулы күштердің диктатурасы болды» деп жазды [2, 278 б].
122. Кеңестік саяси жүйені сипаттауда алғаш рет «әмәршәл-әкімшіл жүйе» терминін қолданған Г. Поповтың, экономистер Шаталов пен Г. Явлинскийдің экономика мен саяси қондырғының арасындағы тікелей байланысты көрсеткен мақалалары жарық көрді [2, 278 б].
123. Мұхтар Шахановтың бастамасымен Арал теңізі маңайындағы тұрғындарға көмек беру мақсатымен Балқаш пен Арал проблемалары бойынша комитет ұйымдастырылды [2, 281 б].
124. М. С. Горбачев пен оның айналасындағылар КСРО-ның сыртқы саясатының қағидаларын батыл түрде қайта қарастыра бастады [2, 284 б].
125. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы А. Лукьянов қол қойған «Кеңес халқына үндеу» мәлімдемесі басылды, онда ол халықты төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитетті қолдауға шақырды [2, 300 б].
126. КСРО Президенті қызметін атқарушы Г. И. Янаев мемлекеттер мен үкімет басшыларына және БҰҰ Бас хатшысына үндеу жолдап, төтенше жағдайдың 6 айға енгізілетіні туралы мәлімдеді және «халықтар мен үкіметтерді, БҰҰ тарапынан тиісті түсінікпен қарауға» шақырды [2, 300 б].
127. ТЖМК-ға қарсылық тобын Ресей Президенті Б. Ельцин, вице-президент А. Руцкой, РКФСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы міндетін атқарушы Р. И. Хасбулатов, Ленинград мэрі А. Собчактар басқарды [2, 301 б].
128. АҚШ президенті Джордж Буш ресми мәлімдеме жасап, онда КСРО-дағы конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б. Ельциннің әрекеттерін толығымен қолдайтынын айрықша атап өтті [2, 302 б].
129. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (6. 7. 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туған) - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті [2, 307 б].
130. М. С. Горбачевтің сіңірген еңбегі оның әміршіл-әкімшіл жүйені қиратуды бастауға батылының жетуінде еді, ал одан арғы процестер өздерінің объектистік заңдары бойынша жүре бастады [2, 310 б].
131. Шыңғыс Айтматов М. С. Горбачев жөнінде баяндай отырып, «Ол тоталитарлық догматизм мен экономикалық дағдарыс жағдайларында партияға төніп келе жатқан апат қаупі мен қоғамның жылдам асқынып келе жатқан ауруын көре білді», - деп атап көрсетті [2, 310 б].
132. «... республиканың халық депутаты С. С. Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді» [2, 317 б].
133. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды [2, 334 б].
134. Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985) – белгілі ғұлама ғалым [2, 343 б].
Елді мекен мен жер-су атаулары
1. Соғыстың үші жылының ішінде Түркістан өлкесінен 70 мың жылқы, 12,7 мың түйе, 13 мыңнан астам киіз үй әкетілді [2, 8 б].
2. Жетісу өлкесінен 34 млн сомның малы мен мал шаруашылығы өнімдері жиналды [2, 8 б].
3. Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері, көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтар пайда болды [2, 12 б].
4. Торғай облысының әкімшіліг метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз, бұлжытпай орындау жөнінде шешім қабылдады [2, 12 б].
5. Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды [2, 13 б].
6. Торғай көтерілісшілеріне көрші облыстардың қазақтары қосылды [2, 13 б].
7. Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады [2, 16 б].
8. ... Жаркент уезінің бастығы: «Мыңға тарта қазақтардың тобы біздің еркімізге бағынбай, жұмысқа адам бермейтіндерін, соңғы адамдары қалғанша шайқасатындарын мәлімдеді... Соңынан кеңселерге шабуыл жасап, шақырылғандардың тізімін жойды» деп баяндады [2, 16 б].
9. Верныйдан әскербасы Фольбаум өзіне бағыныштыларға телеграфпен: «Қазақтардың аза адам болып шоғырлануын бүлік деп санаңдар, ондайды басып-жаныштаңдар, болыстыққа үрей таратып, бүлікшілерді тұтқындандар, далалық сотқа беріңдер, бірден дарға асыңдар... Күдікті деп есептелгендерден кез келгені ұсталса, басқаларға үлгі болу үшін дереу дарға асыңдар» деп нұсқау берді [2, 16 б].
10. Далада өсіп келе жатқан толқулар мен Ресей империясының тұрақты әскерінің тарапынан болатын қырып-жоюға алаңдаған зиялылар өкілдерінің бір бөлігі – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сейітқазым Қадырбаев, Мұхаметжан Тұнғаншин т.б. Торғай және Ырғыз уездерінің халқын қарулы көтеріліске қатысудан бас тартуға шақырды [2, 25 б].
11. Торғай облысынан генерал Лаврентьевтің жазалаушы экспедициясы кейін шақырылып, 1917 жылы 7 наурызда көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды [2, 33 б].
12. Кеңес өкіметі бәрінен бұрын Сырдария облысының маңызды орталықтарының бірі Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) орнады. Мұнда Қазан төңкерісіне дейін жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі негізінен теміржолшылардан тұратын өздерінің қарулы отрядын ұйымдастырған еді [2, 59 б].
13. Қазақстанда 300-ден астам ірі өнеркәсіп орындары мемлекет қарамағына алынды (Азаматы соғысы кезінде)
14. Қазақстанда ескі магистральдармен қатар жаңадан салынған Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар тармақтары мен Омбы темір жолының Семей бөлігі толыққанды пайдалануға беріді (ЖЭС жылдары).
15. Түркістанның құрамыа кірген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезеңінде-ақ пайда болған-ды [2, 102 б].
16. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне бұрынғы Түркістан, Хорезм және Хиуа республикаларының 1,5 млн-дай адам тұратын 40% аумағы берілді [2, 102 б].
17. Орта Азиядағы ұлттық мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды [2, 103 б].
18. Ақмола округі бойынша жоспардағы 46 шаруашылықтың орнына 200-ден аса, Петропавл уезінде 34 шаруашылықтың орнына 102 шаруашылықтың малы тәркіленіп, иелері жер аударылды [2, 128 б].
19. ОГПУ-дің деректері бойынша қазақтар Батыс Сібір, Орта Поволжье, Қалмақстан, Тәжікстан, Солтүстік өлкеге және басқа аймақтарға қоныс аударған [2, 130 б].
20. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды [2, 139 б].
21. Қарақұмға Ә. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынандай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз тәркіленген алды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілердің істеріне өкіметтің араласпауы; тәркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың саңына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмға ерекше аудан құру [2, 140 б].
22. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды [2, 162 б].
23. Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында (толық емес деректер бойынша) 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты [2, 167 б].
24. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты [2, 167 б].
25. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында әрекет еткен 1500-ден аса қазақстандық болды [2, 167 б].
26. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі – Қазақстан аумағында түзеу мекемелерінің тұтас жүйесін – Степлаг, Карлаг (Қарағанды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды [2, 199 б].
27. Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинат екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды, 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Келесі жылы бұған тағы 70 мың адам қосылды. Жаңадан келгендерге арналып үйлер салынды, бірақ олар жетіспегендіктен жұмысшылар палаткаларға(шатырларға) орналастыруға тура келді. Ауа райына бейімделудегі қиындықтар, ауыз су жетіспеушілігі, нашар ұйымдастырылған тамақтандыру адамдардың заңды наразылығын туғызды.
Теміртаудағы толқулардың басталуы үшін сылтау 1 тамыздағы жастар тобының қоғамдық тамақтану нысандарына шабуыл жасауы болды. Алғашқы заңсыз әрекеттер біртіндеп тәртіпсіздіктерге ұласты. Өкінішке қарай жұмысшылардың наразылығын қылмыстық элементтер пайдаланып кетті. Тобыр дүкендерді, базарды, әмбебап дүкенді, асханаларды тонады, қалалық милиция бөлімін қоршады. Тәрітпсіздіктер үш күн жалғасты. Шектен шығудың алдын алу үшін әскер әкелініп, қару қолданылды. Тәртіпсіздікке қатысқандардың ішінде қаза тапқандар, әскери қызметшілер мен милицияның арасында жараланғандар болды. Тәртіпсіздікке мұрындық болғандар сотталды [2, 206 б].
Хронологиялық тізбек
1.1917 жылы күзде «Үш жүз» тобы жікке бөлінген соң, осы ағымның мүшелері ұйымдық жағынан қалыптасып, «Үш жүз» социалистік партиясын құрды [2, 25б].
2. 1916 жылдың екінші жартысында Германиямен соғыс майданындағы тыл жұмыстарына «реквизициялануға» жатқызылған Шығыс халықтарының көпшілігі патша өкіметіне қарсы көтерілді [2, 27б]
3. 1916 жылғы көтерілістің тарихтағы маңызы орасан зор, өйткені ол Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық сана-сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды [2, 27б].
4. 1917 жылы 7 наурызда көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды [2, 33б].
5. 1917 жылы 24 сәуірде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды [2, 33б].
6. 1917 жылы мамырдан бастап Уақытша үкіметтің жергілікті органдары ауылдар мен селоларда құрыла бастады [2, 33б].
7. 1917 жылдың наурыз айының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда, әсіресе қалалар мен темір жол станцияларында социал-демократтар мен эсерлер үлкен рөл атқарған жұмысшылар мен солдаттар кеңестері құрыла бастады [2, 34б].
8. 1921 жылы күзде «бұрынғы алашордашылардың контрреволюциялық ұйымының анықталғаны» жайлы хабарлар жайылды [2, 46б].
9. 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте Шура-ислами (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») партиясы құрылды [2, 47б].
10. 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлар кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура-ислами» партиясын Кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді [2, 48б].
11. 1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың маңызды нысандарын басып алды. 25 қазан (7 қараша) күні таңертең қарулы төңкеріс жасалып, Әскери-революциялық Комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын жариялады [2, 55б].
12. 1917 жылы 2 қарашада «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» жарияланып, онда ашық мәтінмен «Ресей халықтарының бөлініп, дербес мемлекет құруына дейінгі ерікті өзін-өзі билеу құқығы» танылатыны жазылды [2, 56б].
13. 1918 жылдың 25 мамырында Чехословак корпусының бүлігі болды [2, 66б].
14. 1918 жылы көктемде Кеңес республикасы аумағында шетелдік соғыс интервенциясының өрті тұтанды [2, 66б].
15. 1917 жылы қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мұсылман съезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады [2, 67б].
16. 1918 жылы 30 сәуірде құрамына Қазақстанның оңтүстік аймақтары енген Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды [2, 67б].
17. 1918 жылы көктемде Түркістан АКСР-інде өнеркәсіптің жетекші салалаары (мақта тазалау, май, тау-кен т.б.), банкілер, темір жолдар национализацияланды [2, 68б].
18. 1920 жылдың соңында Азамат соғысы аяқталды [2, 69б].
19. 1920 жылы жазға қарай Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Өскемен уездеріндегі, Жетісу мен Ертіс жағалауларындағы хал-ахуал шиеленісе түсті [2, 75б].
20. 1921 жылдың бас кезінде Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады [2, 97б].
21. 1921 жылы көктемде БОАК жергілікті тауар айырбасына, жеке саудаға, жеке меншік кәсіпорындар құруға рұқсат беру жөніндегі декреттер қабылдады [2, 99б].
22. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді [2, 100б].
23. 1921 жылғы қаңтарда қазақ және қырғыз кедейлерінің съезінде Қазақстанның оңтүстігінде жер-су реформасын жүргізу жөнінде мәселелерді шешуге тиіс «Қосшы» одағын құру жөнінде шешім қабылдады [2,100б].
24. 1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді [2,111б].
25. 1930 жылы 25 сәуірде Түрксіб магистралі бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі үлкен оқиға болды, оны Қазақстанның бірінші машинисі – бұрын бақташы болған Көшкінбай жүргізді [2,113б].
26. 1927 жылы Петропавл – Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды [2,113б].
27. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола – Қарағанды, Илецк - Орал, Рубцовск – Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды – Жезқазған жолдары салынды [2, 13б].
28. 1931-1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді [2,114б].
29. 1934 жылы Ащысай полиметалл комбинатының кен байыту фабрикасы, Семей ет және Гурьев балық-консерві комбинаттары, Мерке мен Талдықорған қант зауыттары іске қосылды [2,115б].
30. 1930 жылдың соңына қарай КСРО адамзат қол жеткізген өнеркәсіп өнімінің кез келген түрін өндіре алатын аз елдердің қатарында болды [2,115б].
31. 1926 жылдың өзінде С. Сәдуақасов және С. Қожановқа «ұлтшыл-уклон» деген кінә тағылды [2,116б].
32. 1926-1927 жылдары жыртылатын жерлер және жайылымдар қайта бөлінді [2,116б].
33. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасына кесілді [2,118б].
34. 1927-1928 жылдары астық дайындаудағы дағдарыс жаңа басталған индустрияландыруды одан әрі жүргізуге кедергі жасады [2,126б].
35. 1928 жыл «жаппай колхоз қозғалысы» жылы болып жарияланып, ұжымдастыруға бағыт алынды [2,126б].
36. 1930 жылы 5 қаңтарда БК (б) П ОК «Ұжымдастырудың қарқыны мен колхоздық құрылысқа көмек көрсету шаралары туралы» қаулы қабылдады [2,127б].
37. 1930 жылы қыста қосымша жүн дайындау жөнінде бұйрық түсіп, ол көп қойдың суықтан қырылуына ұрындырды [2,127б].
38. 1922-1933 жылдар аралығында өкіметке қарсылық көрсеткен және астық пен етті өткізуден жасырғаны үшін 33 мыңнан астам адам сотталды [2,129б].
39. 1929-1930 жылдың қысында жұт болды [2,129б].
40. 1931 жылы көктемде бұл кезде астанға айналған Алматыға жер-жерден аштық жөніндегі мәліметтер келіп түсе бастады [2,129б].
41. 1926-1928 жылдары үкімет мекемелерінде қызмет ететін ауыл шаруашылық мамандары, қазақ зиялылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б.) қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы экономикасы дала жағдайларына неғұрлым жақын екендігін, мал шаруашылығын егіншілікке бағындырудың кез келген әрекетінің даланың экономикалық өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғатынын дәлелдеуді жалғастыра берді [2,130б].
42. 1932 жылы жазда Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышевтар Сталинге қазақ даласындағы мүшкіл ахуал жөнінде хат жазып, Голощекинді партияның ұжымдастыруды жүргізу жолындағы басты бағытын бұрмалауы, халықтың мал шаруашылығын дамытуға деген ынталануын тұншықтырып, мал шаруашылығымен айналысудан жеріткені үшін айыптады [2,130б].
43. 1928-1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру – іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Мұның негізгі салдары – аман қалған 1,5 млн-дай қазақтардың Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударуы болды [2,131б].
44. 1937 жылдың ортасында Қазақстан Компартиясы ОК-нің құрамында 121 адам болса, осы жылдың соңында олардың 68-і ғана қалды [2,131б].
45. 1929-1931 жылдардағы халықтық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады [2,137б].
46. 1929 жылы 27 қыркүйекте өздерінің басшысы етіп Тәліп Мұсабаевты сайлаған Некем ауылының тұрғындары көтеріліске шықты [2,137б] / Сырдария округі, Бостандық ауданы/.
47. 1929 жылы күзде Қостанай округінде көтеріліс бұрқ ете түсті [2,137б].
48. 1930 жылдың көктемінде Созақ ауданы ірі бой көрсету болып өтті [2,138б].
49. 1930 жылы 27 наурызда 200 көтерілісші Абакумовканы басып алды [2,138б].
50. 1930 жылы 20 ақпанда Өскемен мен Зыряновск аудандарының бес селосының шаруалары көтерілді [2,140б].
51. 1931-1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардан тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияға кетті [2,141б].
52. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды [2,147б].
53. 1928 жылдың соңында «буржуазиялық ұлтшылдар» атанған – «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің 44 адам тұтқындалды [2,148б].
54. 1937 жылы БК (б) П ОК-нің И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Қоғамдық сананы басқа бағытқа бұрудың нәтижесінде бүкіл елде (оның ішінде Қазақстанда да) өткен бұқаралық митингілерде халық сотталғандардың орындығына отырған Н. И. Бухарин, А. И. Рыков т.б.-ды өлім жазасына кесуді талап ете бастады [2,149б].
55. 1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзу, аяққа таптау болды [2,149б].
56. 1940 жылы жасалған «Барборосса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде (6-8 апта) Архангельск – Еділ – Астрахан шебіне шығуды көздеді [2,160б].
57. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 8 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды [2,160б].
58. 1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды [2,162б].
59. 1943 жылы Қазақ (Қарағанды) металлургиялық зауыты алғашқы 0,2 мың тонна көлеміндегі жоғары сапалы болат қорытып шығарды, бұл көрсеткіш 1945 жылы 4,6 мың тоннаға жеткізілді [2,162б].
60. 1942-1943 жылдары Мақат – Орск, Ақмола – Магнитогорск желісінің құрылысы аяқталды [2,163б].
61. 1941 жылы күзде БЛКЖО (Бүкілодақтық Коммунистік Жастар Одағы) атындағы танк колоннасын құруға қаржы жинау басталды [2,163б].
62. 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды [2,163б].
63. 1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды [2,163б].
64. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды [2,163б].
65. 1943 жылдың басында республиканың жеңіл өнеркәсібі өнім өндіру көлемі жағынан бұрынғы КСРО-да Ресейден кейінгі екінші орынға шықты [2,163б].
66. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру – 11,3 есе; мақта-мата – 7,4 есе, тоқыма бұйымдары – 4 есе, жүн мата – 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті [2,163б].
67. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар етке 169,4 мың бас ірі қара мал (1941 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп), 878,1 мың қой (1941 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік көп) тапсырды [3,164б].
68. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру 1,8 есе, консерві – 1,7 есе, кондитерлік өнімдер – 1,5 есе, макаорн өнімдері – 1,3 есе өсті [2,164б].
69. 1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) т.б. қалалардағы әскери училищелердің курсанттарының 39-жеке атқыштар бригадасы құрылып, 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы тәрізді жауды Мәскеу түбінде талқандап, неміс-фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етті [2,166б].
70. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары атанды [2,166б].
71. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО-ның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды [2,166б].
72. 1941 жылы Б. Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты [2,168б].
73. 1945 жылы 8 мамырда Потсдамда гилерлік Германияның сөзсіз тізе бүгу актісіне қол қойылды [2,170б].
74. 1927 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің Президиумы Қ. Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» атағын берді [2,180б].
75. 1919 жылы Халық комиссарлар кеңесі (ХКК) сауатсыздықты жою туралы декретке қол қойды [2,181б].
76. 1920-1921 оқу жылдарында Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пунктерінде 70 мыңдай адам оқыды [2,181б].
77. 1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» және «Тіл құралы» оқулықтар басылып шықты [2,181б].
78. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді [2,181б].
79. 1924 жылы А. Байтұрсынов араб жазуын жетілдірді [2,181б].
80. 1929 жылы араб әрпінен латын әрпіне көшу туралы жарлық шықты, бұл жағдай білім беру жүйесі үшін қатты соққы болды [2,181б].
81. 1920-1930 жылдары білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігін ересектер арасында сауатсыздықты жою туралы Орталық Төтенше комиссия (Казграмчека) құрып, ол ересектерді әліппеге үйрету пункттерін ұйымдасытуымен айналысты [2,181б].
82. 1935 жылы қарай Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды, бірақ олардың үштен бір бөлігі ғана жетіжылдық және орта мектептерде оқыды [2,181б].
83. 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының 76,3%-ы сауатты болды [2,182б].
84. 1940 жылға қарай еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі негізінен аяқталды [2,138б].
85. 1918 жылы Ташкентте Түркістан шығыс институты, 1919 жылы қазақ әскери комиссариаты штабы жанынан тарихи-статистикалық бөлім құрылды [2,182б].
86. 1943 жылы Шет тілдері педагогикалық институты, Шымкент құрылыс материалдары технологиялық, 1944 жылы Алматы Консерватория және Қыздар педагогикалық институты ашылды [2,183б].
87. 1940 жылы Қазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды, соғыс жылдарында фабрика-зауыт училищелерінде жыл сайын 26 мыңнан астам оқыды [2,183б].
88. 1938 жылы ҚазМУ жанынан Қазақстанда алғаш рет аспирантура ашылды [2,183б].
89. 1936 жылы ҚазМУ-дегі 42 оқытушының 8-і қазақ еді [2,184б].
90. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға», 1944 А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» опералары қойылды [2,187б].
91. 1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды [2,188б].
92. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет өз өнерін көрсетті [2,188б].
93. 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды [2,188б].
94. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты [2, 188б].
95. 1948 жылы С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ. Мүсіреовтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді [2,188б].
96. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді [2,188б].
97. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды [2,188б].
98. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроникасы ұйымдастырылып, тұңғыш қазақ дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» түсірілді [2,188б].
99. 1941 жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясына бірігіп көптеген фильмдер түсірді [2,189б].
100. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін түсірді [2,189б].
101. 1950 жылдың басында КСРО-дағы түрмелерде 5,5 млн-дай тұтқындар босатылды [2, 201б].
102. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды [2, 205б]
103. 1951 жылы 12 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі соғысты насихаттауды адамзатқа қарсы ең ауыр қылмыс деп жариялаған бейбітшілікті қорғау жөніндегі заң қабылдады. Ішінде 4 млн қазақстандық болған 118 млн кеңес азаматтары ұлы державалар арасындағы Бейбітшілік пактісі жөніндегі Үндеуге қол қойды [2, 206б].
104. 1959 жылы күзде екі держава – КСРО мен АҚШ үкіметтері басшыларының арасында келіссіөз болып өтті [2, 206б].
105. 1955 жылы Қазақстанда 185 делегация, ал 1957 жылы дүние жүзінің 23 елінен 500-дей делегация болып қайтты [2, 206б].
106. 1955 жылы бірқатар социалистік мемлекеттер өздерінің әскери-саяси одағы – Варшава Шартын құрды [2, 207б].
107. 1946 жылға қарай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, 7 500 өнеркәсіп орындары іске қосылды [2, 213б].
108. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясын қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллиондаған жауынгерлер бейбіт тіршілікке оралды [2, 213б].
109. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды [2, 214б].
110. 1949 жылы КСРО Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (СЭВ) мүшесі болды [2, 214б].
111. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш-жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің арқасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды [2, 214б].
112. 1950 жылы мұнай өндіруді соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға арттыруға мүмкіндік туды [2, 214б].
113. 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлер саны 1044 мың адам (оның ішінде 304 мыңы - өнеркәсіпте) болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш тиісінше 1403,3 және 366 мыңға жетті [2, 215б].
114. 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтары салынып, іске қосылды [2, 215б].
115. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті [2, 216б].
116. 1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен салыстырғанда (8, 2 мың км) 11,7 мың км-ге жетті [2, 216б].
117. 1958 жылы республика аумағында Қазақ темір жолының (қазіргі «Қазақстан Темір жолы») құрылуымен қатынас қиындықтары жойылды [2, 216б].
118. 1951-1955 жылдары Қазақстандағы пайданылатын темір жол ұзындығы 8 407 км-ден 9 973 км-ге дейін (яғни 1566 км-ге артық) ұзарды [2, 216б].
119. 1962 жылы Қазақстандағы халық шаруашылығы кеңестерін ірілендіру әрекеті жүргізілді [2, 217б].
120. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды [2, 219б].
121. 1954 жылы ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П. К. Понамеренко сайланды [2, 220б].
122. 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды [2, 221б].
123. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам тың көтеруші келді [2, 221б].
124. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті [2, 221б].
125. 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар жіберілді [2, 221б].
126. 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды [2, 222б].
127. 1951-1952 жылдары республикада мал басының шығыны көп болды [2, 224б].
128. 1954 жылдың басына қарай мал басы саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда мардымсыз ғана өсті [2, 224б].
129. 1957-1958 жылдары колхоз, совхоздардағы мал басын көбейту мақсатымен ауыл тұрғындарынан ірі қара мал алына бастады [2, 225б].
130. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады [2, 227б].
131. 1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешу ынталандырды [2, 229б].
132. 1966 жылы Қазақстан жоспарлаудың жаңа тәртібіне 11 өнеркәсіп орны, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т.б. көшті [2, 230б].
133. 1967 жылдың соңында онымен 193 кәсіпорын, яғни республикадағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің үштен біріне дерлігін өндірді [2, 230б].
134. 1970 жылға қарай кәсіпорындардың 80%-нан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді [2, 230б].
135. 1970 жылға қарай КСРО халық шаруашылығында көмір және темір кен өндіру, болат балқыту мен қара металдарды прокаттаудың меншікті үлесі өсті [2, 230б].
136. 1959-1964 жылдары Қазақстанға жылына орта есеппен 64 мың адам келген болса, 1965-1975 жылдары Қазақ КСР халық шаруашылығына басқа республикалардан 115 мың адам келіп қосылды [2, 230б].
137. 1970 жылы Қазақстандағы қатты төсенішті автомобильд жолдарының жалпы ұзындығы 40 мың шақырымға жетті [2, 231б].
138. 1965 жылдан кейін ауыл-селолардың мұқтаждықтарына бөлінген қаржы көлемі ұлғайды [2, 232б].
139. 1967 жылы сәуірде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы» қаулы қабылдады [2, 232б].
140. 1970-1980 жылдар ел басшылығында ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, интенсивтендіру, мамандандыру мен өндірісті шоғырландыруды қарастырған кең көлемді шешімдер қабылдауымен ерекшеленді [2, 233б].
141. 1971-1980 жылдары республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд сомнан астам қаржы жұмсалды. Жер суландыру мен химияландыруға орасан көп қаржы жұмсалды [2, 233б].
142. 1976 жылы республика ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болды. Егін далаларындағы егін бітік шықты [2, 233б].
143. 1965-1985 жылдар арасында ірі қара мал басы 4,2 млн-ға, қой мен ешкі 55 млн-ға, шошқа 5,1 млн-ға дейін кеміді [2, 233б].
144. 1962-1963 жылдары 7 жылдық мектептен 8 жылдық мектепке көшу аяқталды [2, 234б].
145. 1976 жылы Петропавл жылу-электр орталығының іске қосылуымен Солтүстік Қазақстан республикадағы толық электрленген өлкелердің біріне айналды [2, 235б].
146. 1970 жылдан 1975 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақтас шағын ауылында 8 жылдық мектеп үйі, клуб, медицина пункті, монша, оннан астам тұрғын үйлер салынып, іске қосылды [2, 235б].
147. 1971 жылдан 1985 жылға дейін Қазақ КСР-і жыл сайын одақтық қорға бір килограмы 2 сомнан аспайтын 300 мың тонна ет өткізіп отырды [2, 235б].
148. 70-жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге тырысты [2, 235б].
149. 1982 жылы қабылданған Азық-түлік бағдарламасы және ауыл шаруашылық өндірісінің апатты кері кетуін тоқтату жөніндегі жаңа әрекеттер елеулі нәтижелер бермеді [2, 235б].
150. 80-жылдардың ортасында елде халыққа азық-түлік өнімдерін шектеулі қамтамасыз ету енгізілді [2, 235б].
151. 1957 жылы маусымда «сталиншілдер» тобы – В. Молотов, Г. Маленков және басқалары Н. С. Хрущевті орнынан алу әрекетін жасады. Бірақ қаскүнемдік әрекеті ашылып, «партияға қарсы топтың» мүшелері қызметтерінен қуылды [2, 239б].
152. 1964 жылы 14 қазанда КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущевті өзінің серіктерінің бір тобы орнынан алды [2, 239б].
153. 1960 жылы 19 қаңтарда Н. И. Беляев орнына бұған дейін республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды [2, 239б].
154. 1964 жылғы қазандағы КСРО-ның саяси басшылығының алмасуы көп ұзамай мәдениеттің жағдайынан да біліне бастады. Сталиннің жеке басына табынушылық кезеңінің соңындағы саяси «жылымықтан» біртіндеп алшақтау байқала бастады [2, 239б].
155. 70-жылдары партия өнер қайраткерлерін «өндірістік тақырыптарға» арналған шығармалар жасауға жоспарлы түрде бағыттады [2, 243б].
156. 1970 жылға қарай ақыл-ой еңбегімен айналысатын қызметкерлердің әлеуметтік құрамындағы қазақтардың үлесі 30%-ға дейін өсті [2, 244б].
157. 60-70 жылдары қазақтың ұлттық интелигенциясының қалыптасу процесі аяқталды [2, 244б].
158. 80-жылдары КОКП-нің ресми идеялық доктриналарына ашық түрде күдік келтіріп, КОКП ұстанған бағытқа балама бағыт ұсынып, КОКП аппаратымен, Кеңес өкіметі органдарымен қақтығысқа барғандардың қатарында Махмет Құлмағамбетов, Хасен Қожахметов т.б. болды [2, 245б].
159. 1983 жылы М. Құлмағамбетов КСРО-ның ір түрлі құрылыстарында сотталғандардың еріксіз еңбегін пайдалану мәселелері бойынша жүргізілген халықаралық істе куәгерлік жасады [2, 245б].
160. 1982 жылы қарашада қайтыс болған Л. Брежневті КГБ-нің бұрынғы төрағасы ауыр науқасты Юрий Андропов алмастырды [2, 248б].
161. 1984 жылы ақпанда Ю. Андропов қайтыс болғаннан кейін, ел басшылығы мемлекет басшысына тән қасиеттері кеміс, ауыр науқасты Константин Черненкоға өтті [2, 248б].
162. 1976 жылы жасуша ішіндегі бөлшектердің жаңа класы – инофорумдарды ашу мен оны зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін авторлық ұжымның ішінде жас ғалым Мұрат Айтқожин жоғары атаққа ие болды [2, 248б].
163. 1989 жылы Сарыөзек кенті ауданында орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жүзеге асырылды [2, 251б].
164. 1992 жылы 13 қарашада Алматыда «Халықаралық Қонаев қоры» құрылды [2, 255б].
165. 2002 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында Қонаевтың мұражай-үйі ашылды [2, 255б].
166. 1950 жылға қарай республикада жалпы білім беретін 9088 мектептер жұмыс істеп, оларда 1 млн 439 мың оқушы білім алды [2, 257б].
167. 1948 жылдан бастап «Шығыстағы реакцияшыл мәдениетінің алдында бас июді түп тамырымен жоюдың» жаңа науқаны басталды, соңынан «космополиттерге» қарсы күрес етек алды (олардың қатарына қайтыс болғаннан кейін академик В. В. Бартольд та жатқызылды. Оған араб, иран, қытай мәдениеті алдында басиюшіліктің негізін қалады деген айыптар тағылды) [2, 260б].
168. 1957 жылы ақпанда 1944-1945 жылдары күштеп көшірілген халықтар: балқарлар, чешендер, ингуштар мен қалмақтар ақталды. Алайда қырым татарлары, немістер, корейлер отандарына қайтып оралу мүмкіндігіне ие бола алмады, өйткені олардың мекендеріне орыстар мен украиндар орналастырылған еді [2, 262б].
169. 70-жылдары партия комиттері халықтың рухани өміріне бақылау жүргізуді күшейтті [2, 263б].
170. 80-жылдардың бас кезінде Кеңестер Одағының барлық республикаларында аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты [2, 267б].
171. 1985 жылы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғанан кейін КОКП ОК Бас хатшысының қызметіне М. С. Горбачев сайланды [2, 268].
172. 1986 жылы ақпан-наурыз айларында Қазақстан Компартиясының XVI cъезі болды [2, 269б].
173. 1986 жылы 16 желтоқсан күні таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібіде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі қойылды [2, 270б].
174. 1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады [2, 271б]
175. 1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшыл сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ [2, 271б].
176. 1990 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысында бейбіт және аз санды наразылық шеруінің жаппай тәртіпсіздіктерге ұласуы республика басшыларының саяси дәрменсіздігінен, олардың шиеленіскен жағдайдан бейбіт жолмен шыға алмағандығынан және олардың ақыл-ой мен ізгі ниетке емес, күшке арқа сүйеуінен болғандығы атап көрсетілді [2, 271б].
177. 1987 жылы шілдеде КОКП ОК қабылдаған «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернациналдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулыда 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланды [2, 272б].
178. 70-жылдары Кеңестік құрылысты барынша сынағандардың ішінде Югославия коммунистерінің бұрынғы басшыларының бірі талантты философ Милован Джилос болды [2, 277б].
179. 1990 жылдың шілдесінен 1991 жылдың маусым айының аралығында қазақ тіліндегі балабақшалар 482-ге көбейіп, олардың бүкіл республикадағы саны 1677-ге жетті [2, 281б].
180. 1992 жылдан бастап «Заман - Қазақстан» атты біріккен-түрік газеті шығарыла бастады [2, 281б].
181. 90-жылдары әдебиет пен өнер идеологиялық тыйым салулардан арыла бастады [2, 281б].
182. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы дүниеге келді. Алғашқы кезде қозғалыс өз қатарына әр түрлі саяси партиялардың өкілдерін біріктірді. «Азат» өзінің басты мақсаты етіп Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алуын қойды [2, 282б].
183. 1991 жылы азаматтық қозғалыс өзінің саяси партиясын құрды. Осы кезеңде Алматыда жаңа қоғамдық-саяси ұйым – Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) құрылды. Жастардың шағын тобынан «Алаш» партиясы қалыптаса бастады [2, 282б].
184. 1990 жылы тамызда «Единство» ұлтаралық қозғалысы дүниеге келді [2, 282б].
185. 1990 жылғы қараша айының басына дейін Қазақстанда 100-ден астам саясиландырылған қоғамдық құрылымдар болса, оның 40-қа жуығы республика астанасында болды [2, 282б].
186. 1989 жылы сәуірде гуманистік, адамгершілік қағидаларын, заңсыздыққа жол бермеуді, кемсітушілік, адам мен халықтар құқықтарының бұзылуына қарсылықты, жазықсыз сотталған адамдарды ақтауды, адамдарда азаматтық сана қалыптастыруға ұмтылуды, қоғамдық проблемалар мен әлеуметтік қақтығыстарды шешудегі күш қолдану мен асыра сілтеушілікті айыптауды жақтайтын қазақстандық ерікті тарихи-ағартушылық «Әділет» қоғамы құрылды [2, 282-283б].
187. 1990 жылы республикалық партия ұйымдарындағы коммунистердің саны 49 мыңға кеміді [2, 283б].
188. 1990 жылы КОКП-нің қатарынан 35 мың адам өз еркімен шықты, бұл бүкіл республика коммунистерінің 4,2%-ын құрады [2, 283б].
189. 1991 жылдың бас кезінде партия қатарынан өз еркімен шығу бұрынғыдан да күшейе түсті [2, 283б].
190. 1971-1985 жылдары Қазақстан халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің саны 28-ден 162-ге дейін өсті,...
191. 70-жылдардың басында – Павлодар – Екібастұз, Қаратау – Жамбыл, Шымкент – Кентау тәрізді ірі аумақтық-өндірістік кешендер (АӨК) тұрғызылды [2, 290б].
192. 1981-1985 жылдар аралығында әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарларына 300-ден астам рет түзетулер енгізілді 2, 290
193. 1975 жылы республикада 1770 ауруханалар мен емханалар болса, 1980 бір жылдың ішінде 570, ал 1985 жылы – 322 аурухана салынып, іске қосылды [2, 291б].
194. 1985 жылы 10 мың адамға 37 дәрігерден келді [2, 291б].
195. 1976 жылы желтоқсанда өндірістік емес салалар қызметкерлерінің жалақылары өсірілді [2, 291б].
196. 1970-1985 жылдары ондаған мың жаңа асханалар ашылды [2, 291б].
197. 1970 жылдан 1985 жылға дейін 3 млн адам қоныстандырылған 887,7 мың пәтер салынды [2, 291б].
198. 1987 жылы басталған құлыдрау келесі жылдары да тоқтамады [2, 292б].
199. 1989 жылы шілдеде Донбасс пен Кузбасс кеншілерінен кейін іле шала Қарағанды көмір алабының кеншілері де ереуілге шықты [2, 293б].
200. 1990 жылы қарашада Сауд Арабиясымен бірге шетелдіктер қатысуымен тұңғыш «әл-Барака-Банк Қазақстан» банкі құрылды [2, 294б].
201. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен 35 бірлескен кәсіпорын тіркелді [2, 294б].
202. 1991 жылды халық шаруашылығы 600 млн сом зиянмен аяқтады [2, 295б].
203. 1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депуттарының І съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды [2, 298б].
204. 1989 жылдың өзінде КСРО-ны конфедерация принциптері негізінде өзгертудің нақты көріністері байқалды [2, 299б].
205. 1991 жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО XVIII кезектен тыс съезінде Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағы атауын Қазақстан жастар одағы деп өзгертуге шешім қабылдады [2, 304б].
206. 1989-1992 жылдары Гурьев қаласы – Атырау, Целиноград – Ақмола, Шевщенко – Ақтау, Голощекин ауылы – Приуралье болып өзгертілді. Республика картасында «Коммунистік», «Социалистік», «Октябрь» деген сөздер жоғала бастады [2, 311б].
207. 1990 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев «30-40-жылдар аралығында және 50-жылдардың басында заңсыз қуғын-сүргіннен зардап шегіп, кейіннен ақталған азаматтарға жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы» Жарлық шығарды [2, 311б].
208. 1991 жылы 12 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаев «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылғани азаматтарға ақтау жөнінде» Жарлық шығарды [2, 312б].
209. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қазақстан ядролық қарусыз аумаққа айналатыны жөнінде мәлімдеді [2, 312б].
210. 1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстанда қайталауға мәжбүр болды [2, 326б].
211. 1995 жылғы 1 қазанда жалақы бойынша қарыз 25 100, 8 млн теңгеге, ішкі жалпы өнім көлемінің 23,97-ына жетті [2, 329б].
212. 1995 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметтері 153 мың жұмыссызды ресми тіркеді, бұл 1994 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп еді [2, 329б].
213. 1995 жылдың басында 30168 әр түрлі агроқұрылымдар, соның ішінде 2496 совхоздар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындар, 1082 ұжымдық кәсіпорын, 295 акционерлік қоғам, 434 колхоз, 487 ауыл шаруашылық кооперативтері, 22401 шаруа қожалығы, 150 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 592 ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеді [2, 330б].
214. 1995 жылдың бірінші жарты жылдығында 1671 совхоз шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес нысанына айналдырылды, бұл 1992 жылдың 1 қаңтарындағы барлық шаруашылықтың 78,8-ын құрады [2, 330б].
215. 1995 жылы ғана барлық түрдегі меншік иелерінен астық өткізуге мемлекеттік тапсырыс алынып тасталды [2, 330б].
216. 1993 жылы агроқұрылымдардың жалпы есебіндегі пайдасыз мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары 54,7-ды құрады, бұл процесс алда да күшейе түсті [2, 331б].
217. 1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды [2, 334б].
218. 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы болып жарияланды [2, 338б].
219. 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланды [2, 338б].
220. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстан және Ресеймен шекара мәселесі шешілді [2, 338б].
221. 1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді [2, 338б].
222. 2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті [2, 338б].
223. 2001 жылы 22 қыркүйекте Рим папасы Иоан Павел ІІ Қазақстанда болып қайтты [2, 338б].
224. 2001 жылы 12 шілдеде «Ғылым туралы» Заң қабылданды [2, 341]
225. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына сәйкес қайта құрылды [2, 341б].
226. 2005 жылы сәуірде астана тұрғындары араб елдері көмегімен салынған Астанадағы Орталық мешітінің ашылуының куәсі болды [2, 341б].
227. 1996 жылы Алматыда Тәуелсіздік монументі және Астанада Кенесары Қасымов, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Алматыда Ж. Жабаев ескерткішлері салтанатты түрде ашылды [2, 342б].
228. 2003-2005 жылдарда қазақ-американ киноматографистері (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенідлер» кинофильмін түсірді [2, 342б].
229. 2003 жылдан бастап Қазақстан футболшылары Еуропа кубогы үшін жарыстарға қатысады, шағын футболдан дарыс тұрақты өткізіліп тұрады [2, 342б].
230. 1991 жылдан бастап жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта оқу орындары: лицейлер, гимназиялар, кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер ашылды [2, 345б].
231. 1999 жылғы маусымда қабылданған «Білім туралы» Заң жалпы білім беретін мектептердегі оқытуды үш сатылық етіп бөлді: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар), орта (10-11 сыныптар) [3, 345б].
232. 1996 жылдың соңында шетелдердегі отандастарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары белгіленді [2, 345б].
233. 2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, олардың 2016-сы қалалық 6144-і ауылдық жерде орналасты. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі оқушылар саны – 1 млн 684 мың бала болса, орыс тілінде – 1 млн 300 мың бала, өзбек тілінде – 87 мың 300 бала, ұйғыр тілінде – 21 мың 500 бала болды [2, 346б].
234. 2003 жылдың басына қарай республикада 127 жоғарғы оқу орны болып, оларда 257 мың студент оқыды [2, 346б].
235. 1999 жылдан бастап арнайы гранттар мен несиелер беріле бастады [2, 346б].
236. 2004 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық тестілеу енгізілді [2, 346б].
237. 2002 жылы ғана емдеу-сауықтыру жүйесі өз қалпына келе бастады, ықтимал эпидемиялық ауруларға қарсы жаппай егу орталықтары жер-жерде көптеп ашылды [2, 346б].
238. 1989-1994 жылдар аралығында Әділет министрлігінде 500-дей қоғамдық бірлестіктер тіркелді. 1998 жылы олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың соңында 1700 қоғамдық бірлестіктер ресми тіркеуден өтті [2, 347б].
239. 2003 жылы желтоқсанда «Асар» партиясы құрылып, Қазақстанның демократиялық партиясы «Ақ жол», Қазақстанның азаматтық партиясы, Аграрлық партия, «Отан» саяси партиясы, «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік партиясы, Патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы қайта тіркеуден өтті [2, 347б].
240. 1998 жылдан Қазақстан зейнеткерлік жүйені, мемлекеттік қызметті, сот, білім беру, денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жоспарлауды бастады [2, 352б].
Қосымша №9.
І. Тұлғалар:
1. Ә. Бөкейханов: «Бұл жердегі орыс шенеуніктері білім цензі жағынан да, жергілікті жағдайларды меңгеру жағынан да асып тұрған жоқ. Кәдімгі орыстандыру саясатының белгілері – басыну, дөрекілік, жергілікті тұрғындардың қастерлейтіндерін елемеу далалық облыстарда ушығып бара жатыр, олар жергілікті халықтың тілін де білмейді, сауаты кемшін аудармашылар арқылы сөйлеседі, - деп жазды» [3, 6б].
2. Б. Қаратаев Мемлекеттік Дума мінберінен: «Жерсіз қалған шаруалардың мүдделерін қанағаттандыруды көздеп, жеке иелік орнатып алған жерлерді конфискациялауды қолдайтын ресейліктердің ке келген оппазициялық күштерін қазақтар қолдайды» деп мәлімдеді [3, 9б].
3. Исмаил Гаспралы (Измайл бек Гаспринский) 1883 жылы түрік және орыс тілінде «Тәржімән» газетін шығарды [3, 8 - 9б].
4. Мұстафа Шоқай «Біртұтас Түркістан» мемлекетін құру үшін күресті [3,9б]
5. Жүсіп Ақшора (Ю. Акчурин) 1904 жылы «Och Tarzi Seyaset» («Үш түрлі саясат») атты мақаласында жалпытүркілік идеяны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп берді [3, 9б].
6. И. Гаспралы барлық түркі тілдерін бірізділікке түсірумен де айналысты [3, 9б].
7. Саяси және діни қайраткер Абдурашид Ибрагимов Петербургте «Үлфат» газетін шығарды [3, 9б].
8. Мемлекеттік Думаның депутаты Б.Қаратаев қазақтың жерін тартып алуға қарсы шығып, «Біздің мемлекетімізде шиеленіскен аграрлық мәселені шаруаларды өлкеге – Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына қоныс аударумен шешуге тырысуға болмайды»-деді [3, 35-36бб].
9. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» деген мақаласында: «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясын жариялау қазақтардың ұлт мәселесін мұқият қарауының басталуы деп санауға болады. Колчак өкіметінен Кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз деп мен шын жүректен айта аламын және өз жолдастарымның көңілін орнына түсіре аламын. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) 1919 жылғы 4 сәуірдегі қаулысында «Кеңес өкіметіне қарсы Азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық Алаш-орда үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиісті деп көрсетілген», - деп жазды. [3, 52 - 53бб].
10. Қ. Сәтбаев - алгебра оқулығын жазды [3, 104б].
11. А. Байтұрсынұлы - «Сөз теориясы» оқу құралын жазды [3, 104б].
12. Ж. Аймауытов - «Мектепте қызмет істейтіндер үшін педагогикалық нұсқаулық» оқу құралын жазды [3, 104б].
13. М. Дулатұлы «Хрестоматия» оқу құралын жазды [3, 104б].
14. Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегінде адам өмірінің мәні мен мұраты оның жанымен тығыз байланысты сипатталады [3, 106б].
15. Ж. Аймауытовтың драмалық шығармаларының бірі «Шернияз»
С. Торайғыровтың өміріне арналады [3, 107б].
16. Иван Шуховтың алғашқы романдары «Горькая линия», «Ненависть» 30-жылдардың басында дүниеге келді [3, 109б].
17. Президент Н.Назарбаев әр азаматтың өз Отанының бай тарихын мақтаныш етуі керек екенін айта келіп былай деді: «Біздің халқымыз еркіндік рухын терең, жан жүрегімен сезеді. Тәуелсіздік біз үшін – ең жоғарғы құндылық. Бұл айғақты сезіну патриотизмнің, мемлекеттіліктің нығаюына селбеседі» [3, 239б].
18. Президент Н.Назарбаев: «Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол – бірінші түркі елі, ол – тарихи тұрғыдан өркениетті ислам кеңістігіне жататын ел, соңында, ол – бірінші азиялық ел. Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз», - деді [3, 260б].
ІІ. Елді мекен мен жер-су атаулары:
1. Қоянды жәрмеңкесінің сауда айналымы 1869 – 1910 жылдар арасында 500 мыңнан 5 млн рубльге дейін, демек 10 есе өсті [3,6б].
2. Орынбор өлкесінде казак әскерінің саны 533 мың [3,7б].
3. Оралда казак әскерінің саны 235 мың [3,7б].
4. Сібірде казак әскерінің саны 164 мың [3,7б].
5. Жетісуда казак әскерінің саны 59 мың [3,7б].
6. Перовскіде, Қостанайда, Ақтөбеде және басқа қалаларда социал-демократтар ұйымдары пайда болды [3,8б].
7. Тұран деп Ираннан Сібірге, Кавказдан Саян тауларына дейінгі ұланғайыр өлкені атайды. Бұл түркітілдес халықтардың – Орал-Алтай тіл тобына жататын этностардың тегі жайлаған жерлер деп саналады [3,10б].
8. Каирде 1902 жылдан бастап «Түрік» журналы шыға бастады [3,11б].
9. Омбыда «Оқушы жастардың демократиялық одағы» құрылды [3,32б].
10. Спасск зауытында «Жас жүрек» ұйымы құрылды [3,32б].
11. Семейде «Жанар» ұйымы құрылды [3,32б].
12. Ембі мен Ақтөбе мұнай кәсіпшіліктері 1943 жылы өздері жұмыс істей бастаған кезеңдегі ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді [3,125б].
13. Құлсары мен Искинде бензин мен дизель отынын ажырататын құрылым қойылды [3,125б].
ІІІ. Хронологиялық тізбек:
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан толығымен Ресей империясыныңі отарына айналды [3, 5б].
2. ХХ ғасыр басында қазақ өлкесі патшалық Ресей экономикасының шикізат базасына, қымбат тауар өткізу объектісіне және бүкілресейлік шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігіне айналдырылды [3, 5б].
3. ХХ ғасырдың басында Қазақстан жағдайы отарлау саясатының, езгінің күшеюімен, ұлт мәселесінің ширығуымен сипатталады [3, 5б].
4. 1900 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы саудадан орыс көпестері 9 млн рубль, арада 10 жыл өткенде 15,3 млн рубль түсім түсіріп тұрды [3,6б].
5. ХХ ғасырдың басында шетел капиталының Қазақстанға ағылуы күшейді. Ағылшын және француз өнеркәсіпшілері «Спасск мыс кеніші акционерлік қоғамының» иесіне айналды. 1913 жылы олар небәрі 14 мың рубльге Қарсақпай сайын жалға алып, зауыт салуға кірісті. Бұл қоғамдарға Спасск-Воскресенск кеніші және мыс балқыту зауытымен қоса Успенск кеніші, Саран-Қарағанды тас-көмір кәсіпшіліктері тиесілі болды [3, 6б].
6. 1913 жылы Қазақстан аумағындағы (Сырдария және Жетісу облыстарын қоспағанда) кәсіпорындар Ресей империясындағы кәсіпорындардың 3,76 %-ын құрады. Олардағы жұмысшылардың үлесі 1,78% болды. Бұл кәсіпорындар империяның ценздік өнеркәсібі өндіретін өнімдерінің 0,96%-ын ғана беріп тұрды [3, 6б].
7. 1893 жылдан кейінгі кезеңде Сібір теміржолы құрылысының аяқталуына байланысты Қазақстанға адамдардың ағылуы жаңа қарқын алды [3,7б].
8. 1905-1910 жылдары Петропавл уезінің 41 ауылында (45,5%) қазақтар жайылым мен шабындықты орыс казачествосы мен орыс қоныс аударғандардан жалға алатын болды [3, 7б].
9. 1895 – 1905 жж. Ішкі Ресейден далалық облыстарға 294 296 жан қоныс аударса, келесі 1906 – 1910 жылдарда олардың саны 770 000 адамға жетті 3
10. 1905 – 1916 жылдар аралығында Дала өлкесіндегі шаруалардың саны 47 мыңнан 1221 мың адамға дейін немесе 1,8 есе артып, өлке халқының 34%-ын құрады [3, 7б].
11. 1913-1916 жылдары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында жүргізілген тексеру 184 мың шаруа қожалықтарының 20,5 мыңы ештеңе егілмейтін жерлерде екенін, 19,5 мыңында сиыр болғанын, 12,2 мыңында ешқандай түлік болмағанын көрсетті [3, 7б].
12. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде тұратын орыстар 20% болса, 1917 жылы 42%-ға дейін өсті. Осы уақыт ішінде қазақ ауылдарының тұрғындары 17,6%-ға дейін өскенде, орыс шаруалары мен казактары 4,5 есе артқан [3, 8б].
13. 1905 жылдың жазында Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстарында аграрлық толқулар көрініс берді[3, 8б].
14. 1905 жылы маусымда Семей әскери губернаторы Далалық генерал-губернаторға былай баяндады: «Дала тынышсызданып кетті, қырғыздар Ресейде болып жатқан оқиғалардың бәрін қадағалап отыр. Далаға көршілес облыстардан, тіпті Бөкей Ордасынан адамдар келіп жатыр»[3, 8б].
15. 1905 жылдың мамыр, маусым айларында Перовск теміржолшылары, Жусалы, Қармақшы стансыларының, Өскемен уезіндегі Вознесенск кенішінің жұмысшылары толқыды [3, 8б].
16. 1905 жылғы 6 тамыз Манифесі бойынша қазақтарға Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттар сайлау құқығы берілген болатын [3, 9б].
17. 1907 жылғы 3 маусымда сайлау туралы заңға сәйкес өзгеріс енгізілді. Ол өзгерістер бойынша бұдан былай Орталық Азия мен Сібір халықтары арасынан Думаға депутат сайланбайтын болды [3, 10б].
18. 1905 – 1906 жылдары Ресей мұсылман қайраткерлері бас қосып, үш съезд өткізді. «Мұсылман партиясы қоғамы» құрылды [3, 11б].
19. 1902 жылдан бастап үкіметке қарсы исламдық рухтағы прокламациялар тарала бастады [3, 11б].
20. 1905 жылы Төменгі Новгородта жариясыз негізде «Иттифак әл-Мүслимин» («Мұсылмандар одағы») ұйым құрылды
21. 1906 жылдың қаңтар айында «Иттифак әл-Мүслимин» («Мұсылмандар одағы») одағының ІІ съезі өтті
22. 1906 жылдың тамыз айында «Иттифак әл-Мүслимин»(«Мұсылманда одағы») одағының ІІІ съезі өтті
23. 1917 жылдың қаңтарында 1914 жылдың мамырындағымен салыстырғанда Верныйда ұнның бағасы 218%-ға, ет 225%-ға қымбаттады [3, 13б].
24. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды [3, 30б].
25. 1917 жылы Мәскеуде «Мұсылмандар одағының» V съезі өтті. Онда «Ислам кеңесі» («Шура-и-ислам») құрылды [3, 31б].
26. 1905 жылдың желтоқсанында Оралда өткен бес облыстың өкілдері бас қосқан съезде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылданған болатын [3, 35б].
27. 1918 жылдың алғашқы жартысында Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді[3, 37б].
28. 1911 – 1915 жылдар аралығында «Айқап» журналы үздіксіз шығып тұрды [3, 37б].
29. 1913 -1918 жылдары «Қазақ» газеті шығып тұрды [3, 38б].
30. 1922 жылдың наурыз айында ашықққандар саны 2 млн 303 200 адам болды.
31. 1939 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылардың үлесі 1926 жылғы 10,7%-дан 33,8%-ға жетті [3, 69б].
32. 1921 жылдың шілдесінде біртұтас партия ұйымы құрылды. 1925 жылы ақпанда ол өлкелік ұйым болып, 1937 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы болып ұйымдасты [3,70б].
33. 1926 жылдың 1 қаңтарына қараған шақта Қазақстан кәсіподақтары 125 мың адамды біріктірді [3,70б].
34. 1921 жылы республикалық Коммунистік жастар одағы құрылды [3,70б].
35. 1937 жылы комсомолдың құрамында 21 мың мүше болды [3,70б].
36. Халық шаруашылығы есептеу басқармасының (ХШЕБ) келтіруі бойынша 1930 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 5873 мың болғанда, 1934 жылы 2681,9 мың адамды құрады [3, 80б].
37. 1931 жылы қазақтар арасында сауаттылық 37%-ға жетті [3, 96б].
38. 1932 жылы бүкіл Қазақстан халқының арасындағы сауаттылық көрсеткіші 42% болып тұрды [3, 96б].
39. 1935 жылдың соңына қараған шақта білім берудің ретті жүйесін құру аяқталды [3, 98б].
40. 1934 жылы жеті жылдық мектептерге мұғалім дайындайтын екі жылдық мұғалімдер институты ашылды [3, 99б].
41. 20-жылдардың ортасынан бастап шаруа жастарының мектептері (ШЖМ) бүкіл елде көптеп пайда бола бастады [3, 100б].
42. ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Азғана тарихи уақыт кемерінде 200-ге жуық кітап жарық көрді[3,105б].
43. 1910 жылы жарық көрген «Бақытсыз Жамал» қазақ тілінде жазылған алғашқы роман болып табылады [3, 107б].
44. «Қартқожа» (1926) – қазақ тілінде жазылған ірі прозалық шығармаларының алғашқыларының бірі [3, 107б].
45. 1933 жылы қыркүйекте Республикалық орыс драма театры бой көтерді [3, 111б].
46. 1939 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 6,2 млн болып тұрғаны белгілі. Соғысып жатқан әскердің 1 195 164 адам аттанды [3, 115б].
47. 1942 жылы Шығыс Қоңырат молибден кеніші іске қосылды [3, 124б].
48. 1941 – 1945 жылдары барлығы 25 кеніштер, шахталар, карьерлер, 11 байыту фабрикалары іске қосылды [3, 124б].
49. 1941 жылдың соңына қараған шақта көшіріліп әкелінгендердің саны 386492 адамға жетті. Олардың 136,5 мыңы бала болды[3, 128б].
50. 1942 жылы Ресейдің түрлі облыстарынан республикаға 109807 адам әкелінді [3, 128б].
51. 1942 жылдың соңында Қазақстанға еріксіз көшіріліп әкелінгендердің саны 532,5 мың адамды құрады [3, 128б].
52. 1941 жылдың тамызынан бастап немістерді еріксіз көшіру басталды. Ол үдеріс 1948 жылға дейін жалғасты [3, 128б].
53. 1941 жылдың күзінде әкімшілік пәрменмен Поволжьеден Қазақстанға 360 мың неміс көшіріліп әкелінді. Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатты [3, 128б].
54. 1942 жылдың қарашасында Саратов облысынан Қазақстанға 2014 поляк еріксіз көшіріліп әкелінді [3, 128б].
55. 1941-1942 жылдары Қазақстандағы неміс диаспорасы 444005 адамды құрады [3, 128б].
56. 1944 жылы мамырда Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қырым түбегінен барлық қырымдық татарларды басқа жаққа көшіру туралы қаулы шығарды [3, 128б].
57. 1943 жылдың желтоқсанында Қалмақ АКСР-і жойылды. Жергілікті тұрғындар КСРО-ның өзге аудандарына таратылды [3, 128б].
58. 1944 жылы Шешен-Ингуш АКСР-і таратылды [3, 128б].
59. 1943 – 1944 жылдары Қазақстанға қалмақтар, шешендер, ингуштар, қарашайлықтар, балқарлар, қырым татарлары, болгарлар, гректер, армяндар, месхеттік түріктер, күрдтер, хемшидтер, әзірбайжандар келіп қоныстанды [3, 128-129бб].
60. 1943 – 1944 жылдары күштеп көшірумен Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілі әкелінді [3,129б].
61. 1944 жылдың қарашасында Орта Азия республикалары мен Қазақстанға Грузиядан месхеттік түрік көшірілді [3,129б].
62. Тұтастай, соғыс жылдарында Қазақстан 1,5 млн адамды қабылдады [3, 129б].
63. 1963 жылы Қазақстан кәсіподақ мүшелері 3 млн 281 мың адамға жетті
64. 2011 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты бірауыздан қолдап, Конституцияға референдум өткізуді қуаттайтын өзгеріс енгізді [3, 238б].
65. 2011 жылдың 3 сәуірінде Президент сайлауы болды. Н.Назарбаев дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 95,55%-ы қолдап шықты.
66. 2011 жылы 8 сәуірде Астанада Тәуелсіздік сарайында ұлықтау рәсімі өтті [3, 238б].
67. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің арнайы өкімімен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жарияланды.
68. 2011 жылы 11 қарашада бір топ Мәжіліс депутаттары БАҚ өкілдеріне өздерінің IV шақырылған Мәжілісті және жергілікті мәслихаттарды таратуға өкім шығаруды сұрап, Елбасына өтініш жасағандарын хабарлады [3, 239б].
69. 2012 жылдың 15 қаңтарында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті.
70. 2012 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан халық Ассамблеясының сайлауы болды.
71. 2009 жылы жүргізілген тұрғындар санағы қорытындылары бойынша Қазақстанда тұратын адамдардың саны 16 млн-нан асты [3, 248б].
72. Тәуелсіздік жылдары (1991 - 2011) 860 мың этникалық қазақтар тарихи отанына оралды [3,248б].
73. 2003 жылы қабылданған 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриялы-инновациялық даму стратегиясы бойынша ел экономикасы диверсивакиялау бағытына бет бұрды [3,249б].
74. 2010 жылы серпінді инновациялы индустриялау басталды [3, 249б].
75. 90-жылдардың басында өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,2 млрд теңгені құраған еді, 2011 жылы бұл көрсеткіш 12 трлн теңгеге жетті [3, 249б].
76. 2012 жылдың ортасына қараған шақта Қазақстанда еңбек ететін азаматардың орташа жалақысы айына 100 000 теңгеден асты [3, 250б].
77. 2011 жылы 9 желтоқсанда Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен ауқымды телекөпір өткізілді [3, 250б].
78. 2011 жылы астықтың өнімі мол болып, 26 млн т-ға жетті [3, 251б].
79. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есеп айыру көрсеткіші 1618 теңге болып бекітілді [3, 251б].
80. 2010 жылы шілдеде Кедендік кодекс Одақ елдерінің аумағында өз күшіне енді [3, 252б].
81. 2011 жылғы шілдеде бастап Беларусь, Қазақстан және Ресей шекараларындағы кедендік бақылау алынып тасталды [3, 252-253бб].
82. 2011 жылы қазанда Санкт-Петербургте ЕурАзЭО басшыларының мәжілісінде Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы талқыланды [3, 253б].
83. 2009 жылы дінбасылардың ІІІ съезі.
84. 2012 жылы дінбасылардың IVсъезі.
85. 2010 жылдың желтоқсанында Астанада аса ауқымды халықаралық кеңес – Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының (ЕҚЫҰ) саммиты өтті [3, 261б].
86. 2009 жылы Мәскеуде ҰҚШҰ-ның жетекшілері оперативті реакция ұжымдық күшін құруды мақұлдады [3, 261б].
87. 2011 жылы 30 қаңтарда Астанада жабық футбол стадионында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 7-Азия ойындарының ресми ашылуын салтанатты түрде жариялады [3, 273б].
88. 2012 жылы Лондонда болған ХХХ жазғы олимпиадада Қазақстан спортшылары үлкен табысқа жетті [3, 273б].
89. 2017 жылы өтетін 38-Дүниежүзілік қыстық универсиаданың астанасы болып Алматы қаласы ресми жарияланды.
90. 2012 жылы қарашада Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясының Париждегі Штаб-пәтерінде өткен 152-сессиясында ұйымның делегаттары Астананы (Қазақстан) 2017 жылғы жоспарланған ЭКСПО халықаралық көрмесінің ресми өткізушісі ретінде таңдап алды
[3, 276б].
91. 2012 жылдың соңына қараған шақта «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі мақсаттары уақытынан бұрын толығымен орындалды [3, 278б].
92. 2012 жылы Дүниежүзілік банктің рейтингісі бойынша бизнес жүргізу көрсеткішінен Қазақстан ТМД елдерінің бәрін артқа қалдырып, 47-орынға шықты [3, 280б].
93. 2012 жылы ішкі жиынтық өнім жан басына шаққанда 11,3 мың АҚШ долларын құрады [3, 280].
94. 2025 жылға дейін қазақ тілі елде жетекшілік межеге шығады. Соған қоса, аталған мерзім ішінде қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді [3, 282б].
95. 2012 ж., желтоқсан – «Қазақстан-2050» стратегиясы жарияланды [3, 289б].
Қосымша №10.
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ басылымдары:
1. «Серке» газеті 1907ж. (небәрі 3-4 нөмері шығарылды).
1907 жылдың 28 наурызында ІІ Мемлекеттік Дума депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың қолдауымен шықты.
2. «Қазақстан» газеті 1911-1913 жж.
1911 жылдың 16 наурызында Орал қаласында шықты. Редакторы Елеусін Бұйрин.
3. «Айқап» журналы. 1911-1915 жж.
1911 жылдың 10 қаңтарында Тройцк қаласында М. Сералинің бастамасымен шықты.
4. «Ешім даласы» 1913ж.
1913 жылы қыркүйектен – желтоқсанға дейін Петропавлда шығып тұрды.
5. «Алаш» газеті. 1916ж
1916 жылдың қарашасында Ташкентте К. Тоғысов шығарды.
6. «Қазақ» газеті. 1913 -1918 жж.
1913 жылдың ақпан айында Орынбор қаласында А. Байтұрсыновтың бастамасымен шықты.
7. «Садақ» журналы. 1916ж.
1916 жылы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастары шығарды. Редакторлары: Б. Майлин мен Ж. Тілепбергенов.
8. «Абай» журналы. 1918ж.
1918 жылдың ақпан – қараша айларында шығып тұрды ( небәрі11 нөмірі жарық көрді).
Редакторы – Ж. Аймауытов.
9. «Бірлік туы» газеті. 1917 ж.
1917 жылы Ташкент қаласында М. Шоқай шығарған.
10. «Сарыарқа» газеті. 1917ж.
1917 жылдың ақпан – қазан айларында Семей қаласында шығып тұрды.
Редакторлары: Р. Мәрсеков, Х. Ғаббасов.
11. «Үш жүз» газеті. 1917ж.
Петропавл қаласында шығып тұрған, «Үш жүз» қазақ социалистік партиясының ресми басылымы.
Редакторы: Ш. Әлжанов.
12. «Еңбек туы» 1920 ж.
1920 жылдың 13 қарашасында Орынборда Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен РК (б) П-ның ұйымдастыру бюросының органы «Еңбек туы» газеті жарық көрді.
13. «Еңбекшіл қазақ» газеті.
«Еңбек туы» газеті 1921 жылғы 7 қарашадан бастап «Еңбекшіл қазақ» газеті деген атпен шықты.
14. «Өртең» газеті.
ҚазАКСР-індегі жастардың тұңғыш газеті 1922 жылы Орынборда жарық көрді. Оның шығарушы жазушылары – А. Байтұрсынұлы, С. Сәдуақасовтар.
15. «Жас қазақ» журналы.
Қазақстанның аймақтық жастар комитеті 1923 жылы қазаннан «Жас қазақ» журналын шығарды. Оның алғашқы шығарушылары – Е. Алдоңғаров, А. Оразбаева, А. Сегізбаевтар. Журналы 1925 жылға дейін өмір сүріп, 13 нөмірі жарық көрді.
16. «Лениншіл жас» газеті.
1924 жылдың 8 ақпанынан бастап шыға бастады.
Қосымша №11.
Ұйымдар:
1.Бірлік»
1912-1915 жж. Омбыдағы қазақ жастарының ұйымы.
2. «Ізгілік».
Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде оқыған қазақ жастарының ұйымы.
3. «Еркін дала».
1917 жылы Орынбор қаласында құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы
4. «Жанар».
1917 жылы Семей қаласында құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы. Ол
5. «Оқытушылар»
1917 жылы Семей қаласында құрылған қазақтардың ағартушылық мақсатдағы ұйымы.
6. «Талап».
1917 жылы Семей қаласында құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы.
7. «Ұйым».
1917 жылы Екібастұзда құрылған қазақ жастарының ұйымы.
8. «Қазақ жастарының революциялық одағы».
1917 жылы Меркеде құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы.
9. «Ағартушылар».
1917 жылы Көкшетеуда құрылған қазақ зиялы қауымының мәдени-саяси ағартушылық мақсатындағы ұйымы.
10. «Жас қазақ».
1917 жылы Ақмолада құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы
11. «Жас тілек».
1917 жылы Ақтөбе құрылған қазақ жастарының ұйымы.
12. «Еңбекші жастар».
1918 жылы Орынбор қаласында құрылған социалистік бағыттағы жастар ұйымы.
13. «Тілек».
1918 жылы Омбы қаласында құрылған қазақ жастарының ұйымы.
14. «Балапан».
1918 жылы Омбы қаласында қазақ жастарының ұйымы.
15. «Ақниет».
1919 жылы Оралда құрылған қазақ жастарының ұйымы.
16. «Ақжол».
1919 жылы Оралда құрылған қазақ жастарының ұйымы.
17. «Түркістан ұлттық бірлігі».
1921 жылы Ташкентте құрылған жалпытүркістандық ұйым.
18. «Қазақ халқын қорғаушылар одағы».
1940-1941 жж. Орал өңірінде құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы.
19. «Жас тұлпар».
1963 жылы Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының мәдени-ағартушылық мақсаттағы құрған ұйымы.
20. «Жас қазақ».
1960 жылдары Қарағанды қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.
21. «Тайшұбар».
1960 жылдары Семей қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.
Тесттік талдаулар:
1. Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і болып өзгертілген мерзім:
А).
1924
жылы – жалған жауап
(сұраққа сәйкес келмейді).
В).
1939
жылы – жалған жауап
(сұраққа сәйкес келмейді).
С). 1936 жылы – Қазақ АКСР - і Қазақ КСР-і атанған уақыт.
D). 1920 жылы – Қазақ халқы қоныстанған аумақ кеңестік негіздегі автономиялық бірлестікке біріккен уақыт. Осы жылы Қырғыз АКСР-і құрылды.
Е). 1925 жылы – Қырғыз АКСР-і Қазақ Қазақ АКСР-і атанды.
Тірек сөздер: (1)Қырғыз АКСР, (2)Қазақ АКСР, (3)өзертілген мерзім.
Қырғыз (Қазақ) АКСР(уақыт мерзімі) 1920-1925 жж.
Қазақ АКСР(уақыт мерзімі)1925-1936 жж.
ХІХ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін қазақ
халқы орыс деректерінде қырғыз, ал қырғыздар буруттар немесе тау қырғыздары деп аталды*.
Қазақстан 1920-1925жж. Қырғыз(Қазақ) Автономиялық
Республикасы (РКФСР құрамында) - деп аталды.
Қырғызстан 1920-1925 жж. Қара-қырғыз Автономиялық облысы
(РКФСР құрамында) – деп аталды.
1925 жылы өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз
халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар аталсын» деген қаулы қабылдады. Осы жылғы 15 маусымдағы Бүкілодақтық Орталық комитетінің қаулысымен Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп аталатын болды [1; 45 - 46бб].
2. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті:
А). 1993 жылы.
В). 1997 жылы.
C). 1996 жылы.
D). 1995 жылы.
Е). 1999 жылы.
Тірек сөздер: (1) Абай Құнанбаев, (2)150 жылдығы.
Абай Құнанбаев 1845-1904 жж. өмір сүрді.
1845+150=1995
1995 жылы өткізілген қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, гуманист Абайдың
мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды [1; 217б].
Логикалық сұрақ.
3. 1936 жылдан бергі Қазақстан мемлекетінің астаналары болған қалалар:
А). Семей, Алматы.
В). Астана, Қызылорда.
С). Орынбор, Алматы.
D). Қызылорда, Орынбор.
Е). Алматы, Астана.
Тірек сөздері: (1)1936 ж, (2)Қазақстан, (3)астаналар.
А). Семей – Алашорда үкіметінің әкімшілік-саяси орталығы (1917-1919жж).
Алматы – Қазақ АКСР-ы астанасы (1929-1936 жж).
Алматы – Қазақ КСР-ы астанасы (1936-1991жж.)
Алматы – Қазақстан Республикасының астанасы (1991-1998 жж.)
В). Астана – Қазақстан Республикасының астанасы (1998 -,..)
Қызылорда – Қазақ АКСР-ы астанасы (1924-1929 жж.)
С). Орынбор – Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы астанасы (1920-1924 жж.)
Алматы - Қазақ АКСР-ы астанасы (1929-1936жж.)
Алматы – Қазақ КСР-ы астанасы (1936-199 жж.)
Алматы – Қазақстан Республикасының астанасы (1991-1998 жж.)
D). Қызылорда – Қазақ АКСР-ы астанасы (1924-1929 жж.)
Орынбор – Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы астанасы (1920-1924 жж.)
Е). Алматы – Қазақ АКСР-ы астанасы (1929-1936 жж.)
Алматы – Қазақ КСР-ы астанасы (1929-1991 жж.)
Алматы – Қазақстан Республикасының астанасы (1991-1998 жж.)
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы (1998-,..)
Дұрыс жауабы: Е нұсқасы (Алматы қ. - 1936-1991жж. Қазақ КСР-і
астанасы, ал 1991-1998 жж. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы. Астана қ. – 1998-,.. Қазақстан Республикасының астанасы).
Логикалық сұрақ.
4. 1936 жылы 5 желтоқсанда болған оқиға:
А). Л. Мирзоян биліктен кетті.
В). КСРО құрылды.
С). Қаз АКСР құрылды.
D). Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы болып өтті.
Е). КСРО Конституциясы қабылданды.
Тірек сөздер: (1)1936 ж, (2)5 желтоқсан, (3)болған оқиға.
Л. Мирзоян биліктен 1938 жылы кетті.
КСРО 1922 жылы құрылды.
Қаз АКСР 1920/1925 жж. құрылды*.
Қазақ Жоғарғы Кеңесінің сайлауы 1938 жылы өткізілді.
КСРО Конституциясы(лары).
1922 жылы 30 желтоқсан.
1936 жылы 5 желтоқсан.
1977 жылы 7 қазан.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі
Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі Заңын – КСРО Конституциясын қабылдады [1; 68б].
5. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезі қабылдаған шешім:
А). КСРО-ның ыдырауы.
В). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру.
С). Қазақстан компартиясын тарату.
D). Қазақстанның егеменді ел болуы.
Е). БҰҰ мүше болуы.
Тірек сөздер: (1)1991 жыл қыркүйек, (2) Қазақстан Компартиясы, (3)төтенше съезд.
КСРО 1991 жылы 21 желтоқсанда ресми ыдырады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылы 21 желтоқсанда
құрылды.
Қазақстан компартиясы 1991 жылы 7 қыркүйекте таратылды.
Қазақстанның егемендігі 1990 жылы 25 қазанда жарияланды.
Қазақстан БҰҰ-на 1992 жылдың 2 наурызында мүше болып
қабылданды.
Пленум Қазақстан Компартиясының төтенше съезін шақыруды
ұйғарды. Төтенше съезд 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болды. Ұзаққа созылған тартыстан соң съезд Қазақстан Компартиясын тарату, оның орнына жаңа партия құру туралы шешім қабылдады [1; 180б].
6. 1988 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған, есімдері халқына қайтарылған қайраткерлер:
А). С. Сейфуллин, Б. Майлин.
В). І. Жансүгіров, О. Исаев.
С). О. Жандосов, С. Асфандияров.
D). Ж. Аймауытов, М. Дулатұлы.
Е). М. Масанчи, Н. Нұрмақов.
Тірек сөздер: (1)1988 жыл, (2)Қазақстан КП Орталық Комитеті, (3)қаулы, (4)ақталған есімдер.
С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, О. Исаев, О. Жандосов,
С. Асфандияров, М. Масанчи, Н. Нұрмақов ХХ съезден соң «Жылымық кезеңінде» ақталды [1; 103, 123бб].
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен
1930 - 1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды. Олар – көрнекті ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885 - 1935), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) [1; 162б].
7. 1916 жылы Торғайды 15 мың көтерілісшісімен қоршаған сардарбек:
А). А. Байтұрсынов.
В). А. Иманов.
С). С. Мендешев.
D). Т. Рысқұлов.
Е). Ә. Бөкейханов.
Тірек сөздер: (1)1916 жыл, (2)Торғай, (3)көтеріліс, (4)сардарбек
А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейханов 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан жоқ.
С. Мендешев 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ошағын Бөкей ордасындағы ұйымдастырушысы.
Т. Рысқұлов 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ошағын Әулиеата мен Меркедегі ұйымдастырушы.
А. Иманов 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ошағын Торғай облысындағы ұйымдастырушысы.
(1, 3). 1916 жылы қазақ даласын отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтеріліс орын алды.
(1, 2, 3). 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің екі ірі ошағы болды. Торғай және Жетісу облысы.
(2, 4). Торғай өңіріндегі көтерілісшілердің әскери қолбасшысы – сардарбек деп аталды.
Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта
жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбдіғафар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлады. Атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбегі етіп тағайындады [1;16 12-13бб].
Қазан айының соңында Амангелді Иманов бастаған көтерілісшілер
Торғай қаласын қоршады [1;13б]. ( §2. Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы. Торғайдағы көтеріліс орталығы).
8. 1917 жылы «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді:
А). Семейде.
В). Ақмолада.
С). Сергиопольде.
D). Верныйда.
Е). Петропавлда.
Тірек сөздер: 1917 жыл, «Жас қазақ» ұйымы, «жұмыс істеді».
Реттік негізде: (1)1917 жыл, (2)«Жас қазақ» ұйымы.
Топтық негізде: (1)1917 жыл, (2)жұмыс істеген. (3) «Жас
қазақ»,(3)ұйым.
Семейде – «Жанар» ұйымы құрылды.
Ақмолада – «Жас қазақ» ұйымы құрылды.
«Жас қазақ» ұйымы:
1917 ж. Ақмолада құрылды.
1960 жж. Қарағандыда құрылды.
Сергиопольде – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» құрылды.
Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» құрылды.
Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.
1917 жылы Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл
одағы» құрылды. Ақмолада нақ сондай «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді [1; 21б].
9. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның солтүстік батыс облыстарындағы кадеттер ұйымы Семейде шығарған газеті:
А). «Қазақ».
В). «Ұшқын».
С). «Дала уәлаяты».
D). «Туркестанский вестник».
Е). «Свободная речь».
Тірек сөздер: (1)1917 жыл, (2) Ақпан төңкерісі, (3) кадеттер басылымы (газеті), (4) Семей.
«Қазақ» газетін алаш қозғалысының көсемдерінің бірі Ахметі
Байтұрсынов 1913 жылы Орынборда шығарды. Аталмыш газет 1918 жылдың сәуіріне дейін Орынбор қаласында шығып тұрды. «Қазақ» газеті Алашорда үкіметінің ресми басылымы саналды.
«Ұшқын» газетін 1919 жылдан шығарыла бастаған Казревком-ның
ресми басылымы.
«Дала уәлаяты» (1888-1902). Омбы қаласында шығып тұрған Дала
генерал-губернаторлығының ресми басылымы.
«Туркестанский вестник» (1870.28.04-1917.12.12). Ташкент қаласында
шығып тұрған Түркістан генерал-губернаторлығының ресми басылымы.
«Свободная речь» - Семей өңіріндегі кадет ұйымдарының газеті.
(1). 1917 ж.
- Ақпан айында Ресейде Буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды.
- Ақпан-наурыз айларында Қос өкімет орнады (Уақытша Үкімет және Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі).
- Қазан айында большевиктер билікті басып алды (Уақытша Үкімет құлады).
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік
облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандырды. Семейде ол «Свободная речь» деген өз газетін шығарып тұрды [1; 21б].
10. 1960 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:
А). Ж. Шаяхметов.
В). Л. И. Брежнев.
С). П. Пономаренко.
D). Н. И. Беляев.
Е). Д. А. Қонаев.
Тірек сөздер:
Реттік негізде: (1)1960 жыл, (2) Қазақстан КП Орталық Комитеті,
(3)бірінші хатшы.
Топтық негізде: (1) Қазақстан КП Орталық Комитеті, (2) Бірінші
хатшы, (3) 1960 жыл, (4) сайланды
Ж. Шаяметов 1946-1954жж. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы.
Л. И. Брежнев 1955-1956 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы.
П. Пономаренко 1954-1955жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы.
Н. И. Беляев 1957-1960жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы.
Д. А. Қонаев 1960-1962/1964-1986 жж. Қазақстан КП Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы.
Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1960 жылы қаңтарда болған
пленумында республика партия ұйымының бірінші хатшысы болып Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев сайланды [1; 129б].
11. 1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының алғашқы басшылары:
А). Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов.
В). Х. Досмұхамедов, М. Сералин.
С). Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков.
Д). М. Дулатов, К. Тоғысов
Е). М. Тынышпаев, М. Шоқай.
Тірек сөздер: (1)1917 жыл, (2) Түркістан автономиясы, (3) басшылар.
Ә. Байтұрсынов (Алаш орда үкметінің төрағасы /1917-1920 жж./),
А. Байтұрсынов («Қазақ» газетінің редакторы /1913-1918 жж./),
Х. Досмұхамедов (Батыс Алаш орда бөлігінің басшысы /1917-1920 жж./),
Ж. Ақбаев (Алаш орда үкіметінің мүшесі /1917-1920 жж./), М. Дулатов (Алаш орда үкіметінің мүшесі /1917-1920 жж/.), Ә. Ермеков (Алаш қозғалысының мүшесі 1917 ж.) – Алаш қозғалысының мүшелері болып табылады.
М. Сералин – «Айқап» журналының бас редакторы.
К. Тоғысов – «Үш жүз» қазақ социалистік партиясының жетекшісі
(1917-1919 жж.).
М. Тынышпаев, М. Шоқай – Түркістан автономиясының басшылары
(1917-1918 жж.).
Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңеске Премьер-министр және ішкі
істер министрі болып М. Тынышпаев сайланды. Кейін оны М. Шоқай алмастырды [1, 24б].
12. 1930 жылдардың соңында Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінгендер:
А). Татарлар
В). Немістер
С). Шешендер
Д). Дүнгендер
Е). Корейлер
Тірек сөздер: (1)1930 жылдар, (2) Қиыр Шығыс, (3) Қазақстанға, (4) көшіріліп әкелінгендер.
1941 жылдың күзінде әкімшілік пәрменмен Поволжьеден Қазақстанға
360 мың неміс көшіріліп әкелінді. Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатты.
1944 ж. Шешен-ингуш АКСР таратылып, Кавказды қоныстанған
шешендер мен ингуштар Қазақстанға депортацияланды.
1881-1884 жж. Петербург келісіміне сәйкес Батыс Қытайда көтеріліске
шыққан Дүнгендер мен ұйғырлардың біраз бөлігі өз еркімен Жетісу мен Солтүстік Қырғызстан аумағына қоныстанды.
Татар халқы депортацияланған жоқ.
1938 жылғы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлт (Посьет) ауданынан
Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді [1,64б].
13. 1916 жылғы 20 шілдеде А. Куропаткин генерал-губернатор болып тағайындалған өлке:
А). Торғай
В). Жетісу
С). Түркістан
Д). Ақмола
Е). Семей
Тірек сөздер: (1) 1916 жыл, (2) генерал-губернатор, (3) өлке,
(4) А. Куропаткин.
І. Торғай, Жетісу, Ақмола, Семей – облыстар.
Торғай, Ақмола, Семей – Дала өлкесіне қарасты облыстар.
Жетісу – Түркістан өлкесіне қарасты облыс.
ІІ. Өлкені – генерал-губернатор басқарды.
Облысты – әскери губернатор басқарды.
1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы
болып тағайындалған генерал А. Куропаткин қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға, лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалы араздығын пайдалануға нұсқау берді [1,11 б].
Логикалық сұрақ.
14. 1920 жылы 9 наурызда қабылданған шешім:
А). «Алаш» партиясын құру туралы.
В). Алашорданы тарату туралы.
С). «Жас қазақ» ұйымын құру туралы.
Д). Алашорданы құру туралы
Е). «Жас тұлпар» ұйымын құру.
Тірек сөздер: (1)1920 жыл, (2) 9 наурыз, (3) шешім.
«Алаш» партиясы 1917 жылы бірінші жалпықазақ съезінде құрылды.
«Жас қазақ» ұйымы 1917 жылы Ақмолада құрылды.
Алашорда үкіметі 1917 жылы екінші жалпықазақ съезінде құрылды.
«Жас тұлпар» ұйымы 1960 жылы құрылды.
Алашорданы тарату туралы.
1. 1920 жылы Қазақ халқының ұлттық үкіметі саналған Алашорда таратылды.
2. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР құрылды (4 қазан).
1920 жылы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алаш-
орданы тарату туралы шешім қабылданды [1,41б].
Тест жауаптарының кілттері:
№1 нұсқа.
1. [С; 1, 15б ] 11. [D; 1,7б] 21. [D; 1,74б]
2. [С; 1, 19б] 12. [А; 1, 26б] 22. [А; 1,48б]
3. [В; 1, 50б] 13. [D; 1, 73бб] 23. [Е; 1,64б]
4. [С; 1, 107б] 14. [D; 1, 26б] 24. [Е; 1,24б]
5. [А; 1, 225б] 15. [С; 1,58б] 25. [А; 1,194б]
6. [А; 1, 51б ] 16. [В; 1,117б]
7. [А; 1, 45-46бб] 17. [D; 1,162б]
8. [Е, 1, 78б] 18. [В; 1,137б]
9. [А; 1, 101б] 19. [В; 1,178б]
10. [D; 1, 175б] 20. [Е; 1,151б]
№2 нұсқа.
1. [С; 1, 11 б.]. 11. [Е; 1, 68 б.]. 21. [Е; 1,194б.].
2. [Е; 1, 20 б.]. 12. [В; 1, 141б.]. 22. [В; 1,190,196бб.].
3. [А; 1, 91 б.]. 13. [Е; 1, 110 б.]. 23. [В; 1, 54б.].
4. [D; 1, 80 б.]. 14. [В; 1, 182 б.]. 24. [D; 1,137б.].
5. [В; 1, 130-131бб.]. 15. [А; 1, 85 б.]. 25. [В; 1,101б.].
6. [С; 1, 180 б.]. 16. [Е; 1, 80 б. (сурет).].
7. [А; 1, 38 б.]. 17. [Е; 1, 141 б].
8. [С; 1, 79 б.]. 18. [D; 1, 186 б].
9. [В; 1, 117 б.]. 19. [В; 1, 120 б.].
10. [А; 1, 170 б.]. 20. [А; 1, 91 б.].
№3 нұсқа.
1. [С; 1, 12б. ]. 11. [В; 1, 102 б.]. 21. [Е; 1, 154 б.].
2. [D; 1, 36б.]. 12. [Е; 1, 73 б.]. 22. [ В; 1, 21 б.].
3. [D; 1, 77б.]. 13. [С; 1, 61 б.]. 23. [А; 1, 88 б.].
4. [Е; 1, 107б.]. 14. [В; 1, 17 б.]. 24. [С; 1, 77 б.].
5. [D; 1, 18б.]. 15 .[А; 1, 21 б.]. 25. [ А; 1, 220б.].
6. [В; 1, 149б.]. 16. [Е; 1, 50 б.].
7. [Е; 1, 86б.]. 17. [D; 1, 216 б.].
8. [С; 1, 76б.]. 18. [Е; 1, 24 б.].
9. [С; 1, 37б.]. 19. [С; 1, 122 б. ].
10. [С; 1, 218б.]. 20. [Д; 1, 223 б.].
№4 нұсқа.
1. [D; 1, 42 б.]. 11. [С; 1, 54 б.]. 21. [Е; 1, 221 б.].
2. [С; 1, 96 б.]. 12. [С; 1, 100 б.]. 22. [D; 1,107 б.].
3. [Е; 1, 9 б.]. 13. [Е; 1, 18 б.]. 23. [D; 1, 187 б.].
4. [Е; 1, 136 б.]. 14. [В; 1, 68 б.]. 24. [А; 1, 16 б.].
5. [А; 1, 46 б.]. 15. [D; 1, 99 б.]. 25. [Е; 1, 18 б.].
6. [В; 1, 120 б.]. 16. [B; 1, 77 б.].
7. [D; 1, 221 б.]. 17. [С; 1, 151 б.].
8. [Е; 1, 21 б.]. 18. [А; 1, 184 б.].
9. [Е; 1, 76-77 бб.]. 19. [В; 1, 65 б.].
10. [D; 1, 129 б.]. 20. [Е; 1, 107 б.].
Түсініктер:
1. Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке дара (әдетте, мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару түрі, сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет. Конституциялық монархия – монархтың билігі парламентпен шектелген билік.
2. Империя – 1) император басқаратын монархиялы мемлекет; бір орталықтан басқарылатын билік, экономикалық, саяси дербестігінен айырылған аумақтардан құралған мемлекет. 2) басқа мағынада: өнеркәсіптің тұтас бір саласына, қандай да бір қайраткерлікке бақылауды жүзеге асыратын ірі монополия.
3. Антанта (франц. Entente - келісім) – құрамына Ұлыбритания, Франция мен Ресей енген әскери одақ (блок). 1904-1907 жылдары қалыптасты. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия бастаған Үштік одаққа қарсы соғысты.
4. Дүниежүзілік соғыс – капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік жолындағы қарама-қайшылықтарының шиеленісу нәтижесі.
5. Бірінші дүниежүзілік соғыс – 1914 -1918 жылдар аралығында Австрия-Венгрия блогы мен Англия, Франция және Ресей коалициясының арасындағы, сонымен бірге Қиыр және Таяу Шығыстың, Африканың т.б. көптеген елдері қатынасқан соғыс. Соғыстың басталуына 1914 жылы 5 маусымда Сараево қаласында Австрия-Венгрия тағы мұрагерінің өлтірілуі сылтау болды.
6. Сепараттық бітім – бір мемлекеттің қарсыласымен өз одақтастарының келісімінсіз жасалған бітім.
7. Самодержавия – революцияға дейінгі Ресей патшаның шектеусіз жоғарғы билігі мен осындай билікке негізделген басқару жүйесі.
8. Шовинизм – ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
9. Аграрлық мәселе (лат. agrarius) – 1) жер иелену, жерді пайдалануға байланысты мәселе; 2) өнеркәсіптен гөрі ауыл шаруашылық өндірісінің басымдығын сипаттайтын мәселе.
10. Реквизиция (лат. reguisitio – талап ету) – мүлікті мемлекеттік меншікке немесе уақытша пайдалану үшін еріксіз талап ету.
11. Метрополия (грек. metrypolis; «meter» - ана, «polis» - қала деген сөз) – отарлары бар мемлекет. Ондай мемлекет отарлары үшін метрополия болып есептеледі.
12. Мобилизация – 1) мемлекеттің қарулы күштерінің, азаматтық қорғанысы мен халық шаруашылығының немесе қарулы күштерінің бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; 2) запастағы әскери міндеттілерді армияға шақыру.
13. Элита – қоғамның қандай да бір бөлігінің, топтарының неғұрлым көрнекті өкілдері.
14. Социал - демократия – дүниежүзілік демократиялық жұмысшы қозғалысындағы ықпалды күш, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең көлемді демократиялық қайта құруларды жүргізіп, революциялық жолмен социализмге жетуге ұмтылатын жұмысшы тобының партиясы.
15. Большевиктер – Ресей социал - демократиялық жұмысшы партиясының (РСДЖП) фракциясы.
16. Большевизм – В. И. Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903ж.) басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауыс ие болып, большевиктер аталды.
17. Буржуазиялық революция – негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.
18. Қосөкімет – Ақпан революциясынан соң (1-2 наурыз – 5 шілде, 1917 ж.) Ресейдегі екі өкімет билігінің өзіндік қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке-дара билік үшін күрес кезеңі. Уақытша үкімет – буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік. Бұл үкімет парламенттік монархияны орнатқысы келді. Жұмысшы мен солдат депутаттарының кеңестері – өз мақсатын жұмысшы табы мен демократиялық республика орнату деп жариялаған өкімет.
19. Пролетариат диктатурасы – маркстік теорияда жұмысшы табының шаруалар мен еңбекшілердің басқа да топтарымен одағындағы саяси билік.
20. Революция – 1) табиғаттың, қоғам мен сананың диалектикалық дамуының маңызды заңдылығының жүзеге асу көрінісі, бір сапалық жағдайдан басқа сапалық жағдайға шұғыл секіріс арқылы өтетін түбірлі төңкеріс; 2) (лат. – төңкеріс, бетбұрыс) – қоғамда, экономикада, дүниеге деген көзқарастарда, ғылымда, мәдениетте т.б терең, сапалық өзгерістердің жүзеге асуы.
21. Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан, сонымен қатар бір немесе мемлекеттердің халықаралық саясат мәселелері бойынша жарияланатын саяси мәлімдеме, құжат.
22. БОАК – Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті, РКФСР-дің мемлекеттік өкіметінін 1917-1938 жылдардағы жоғарғы заңдық, бөлу және бақылау органы.
23. Декрет (лат. қаулы) – мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде қабылдады.
24. Пролетариат – каптиалистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал - жабдықтарын меншіктеу құқығынан айырылған жалдамалы жұмысшылардың табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзінің жұмыс күшін меншік иелеріне (капиталистерге) сату болып табылады.
25. Интервенция (лат. араласу) – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күш қолдану арқылы араласуы, оның егемендігін бұзуы. Әскери (агрессия) экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық интервенция болуы мүмкін. Интервенцияға халықаралық құқықпен тыйым салынған.
26. Азамат соғысы – бір мемлекеттің ішіндегі әлеуметтік күрестің неғұрлым өткір формасы, бір - бірімен жауласушы жақтардың (азаматтардың) өкімет билігі үшін күресі.
27. Әскери коммунизм – Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920) жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік элементтерді күшпен ығыстырып шығару жолындағы социалистік қоғамды құру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнеледі.
28. Азық - түлік салғырты – «әскери коммунизм» (1918 - 1920) кезеңіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі, азық-түлік диктатурасы орнаған соң еңгізілді. Шаруалардың күн көрісі мен шаруашылық мұқтаждықтарына ақжет азық-түлік, астық пен басқа да өнімдердің артық бөлігін нақты бағамен мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Азық - түлік салғырты ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болды.
29. Контрреволюция – әлеуметтік революцияның нәтижесінде құлатылған таптың немесе басқа да әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контррреволюцияның формалары мен әдістері әр түрлі: бүліктер, қастандықтар, Азамат соғысы, саботаж, диверсиялар, шетелдік интервенция, блокада.
30. Азық - түлік салығы – азық - түлік салғыртының орнына 1921 жылы енгізілген, жаңа экономикалық саясаттың (НЭП) негізін қалаған салық. Мөлшері көктемгі егін себуге дейін шаруашылықтың әл-қуатына байланысты белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағұрлым аз болып, артық өнімдерді сатуға рұқсат етілді. Бұл шаруаларда өнім көлемін арттыруға ынталық тудырды. 1923 жылға дейін қолданылды.
31. Ұлтшылдық – ұлтты қоғамның ең жоғарғы құндылығы мен формасы деп есептейтін, ұлттық артықшылықты уағыздайтын идеология мен саясат.
21. Кооперация (лат. ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік.
33. Жаңа экономикалық саясат (НЭП) – Кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б) П Х съезінен кейін енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.
34. Экспроприация – меншікті күшпен тартып алу.
35. Коммунизм – XVIII-XIX ғасырлардағы утопистердің доктринасы, К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формация жөніндегі ілімі. Бұл формация өндіріс құрал-жабдықтарына деген қоғамдық меншікке негізделіп, қоғамның барлық мүшелерінің толық әлеуметтік теңдігі болатын тапсыз қоғам орнатуды, «әркімнен қабілетіне қарай, әркімге қажетіне қарай» қағидасын жүзеге асыруды мақсат етті.
36. Индустрияландыру - 1) ірі, техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен елдің халық шаруашылығындағы жетекші саланың негізі ретінде құрал-жабдықтарын өндіретін салаларды құру; 2) (лат. күш салу) – өнеркәсіптегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы өндірістік күштерді ұлғайту және экономиканы көтеру мақсатына бағытталған ірі машина жасау өндірісін құру процесі.
37. Геноцид – халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай қырып жою.
38. Ұжымдастыру – 1) қоғамдастыру. Социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық артельдері т.б. етіп қайта құру; 2) КСРО-дағы 20-жылдардың соңы – 30 жылдардың басындағы ауыл шаруашылығын өкіметтің қысым жасауымен жаппай ұжымдық шаруашылықтар (колхоздар) етіп құру.
39. Тәркілеу (конфискация) – қандай да бір дүние - мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз-пұлсыз тартып алу.
40. Репрессия – мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.
41. Жеке басқа табыну (культ личности) – КСРО-дағы И.В.Сталинге табыну ретінде қалыптасқан, тоталитарлық тәртіптің жеке билігі. Бір адамның рөлін дәріптеу, оған көзінің тірісінде тарихи дамудың барысына шешуші ықпал жасауды телу, жеке адамның елді алқалы басқаруды ауыстырып, демократияны жойып, диктаторлық тәртіп орнатуы.
42. Эвакуация (лат. тысқары жіберу) – қандай да бір қауіп төнген орындардан, шаруашылық аудандарынан адамдарды, кәсіпорындар мен мекемелерді, әскерді, әскери дүние - мүлікті алып кету.
43. Контрибуция – жеңімпаз мемлекеттің пайдасына жеңілген мемлекеттің соғыс шығындарын өтеуі; басып алынған жерлерде жаудың жергілікті халықтан материалдық құндылықтарды күшпен жинауы.
44. «Барбаросса жоспары» - фашистік Германияның КСРО-ға қарсы басқыншылық соғысы жоспарының құпия атауы.
45. Рабфак – 1919-1940 жылдары кеңестік елдегі жұмысшы, шаруа жастарын жоғарғы мектепте оқу үшін даярлайтын жұмысшы факультеті.
46. Коммуна – мүлік және еңбек бөлісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы.
47. Интернат – оқушылар оқитын және жататын, жартылай мемлекеттік қамқорлықтағы мектеп; оқу мекемесі жанындағы оқушыларға арналған мектеп.
48. Полигон – құрлықта немесе теңізде қарудың, әскери техниканың әрқилы түрлерін сынау, әскери жаттығулар жүргізуге арналған үлкен, арнайы жабдықталған жер учаскесі; ғылыми және басқа да сынақтар, тәжірибелер жүргізілетін орын.
49. Роман – күрделі және дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кесек тұлғалы эпикалық әдеби шығарма.
50. Репатриация – соғыс барысында Отанынан тыс жерлерде қалып қойған әскери тұтқындар мен бейбіт азаматтардың, эмигранттардың өз Отанына оралуы. Репатрианттар – репатриация бойынша Отанына оралғандар.
51. Милитарландыру – (экономиканы, өнеркәсіпті) соғыс мақсатына бағындыру.
52. Волюнтаризм (лат. valuntas - ерік) – 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратын философиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет.
53. Түсті металлургия – өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.
54. Қара металлургия – руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдар кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат,темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.
55. Жоспарлау – экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешенін әзірлеу. КСРО-да және бірқатар басқа мемлекеттерде жүргізілген директивалы, орталықтанған жоспарлаудың («бесжылдықтар») тарихи тәжірибесі тапсырыстардың, алдын ала бөлудің, ресурстарды қаржыландырудың және т.с.с. қатал жүйесі өндірушіні дербестіктен, бастамашылдықтан, дамуға ынталандырудан айыратынын, экономикалық өсудің қарқындарын бәсеңдетуге, ақыры халық шаруашылығындағы пропорционалды емес және т.с.с дағдарысты құбылыстарға әкеліп соғатынын көрсетті.
56. Экстенсивті – сан жағынан көбею, кеңею, таралу, даму. Экстенсивті егіншілік техникалық прогрестің есебінен емес, қосымша материалдық және адам ресурстарын пайдаланудың арқасында дамиды.
57. Қаракөл – туғанына 1-3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынатын елтірі. Қаракөл әр түрлі пішін мен мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшелінеді.
58. Совхоз (советское хозяйство – кеңес шаруашылығы. кеңшар) – мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы алғашқы совхоздар 1918 жылы құрылды. Олардың дүние - мүлкі мемлекеттік меншік болып саналып, ол совхоздарға шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілді.
59. Бюрократия (кеңсенің үстемдігі, франц. bureau – бюро, кеңсе) – бастапқыда үкімет аппаратындағы шенеуніктер мен бастамашылдардың билігі мен ықпалы; одан кейін – қоғамның әр түрлі салаларында пайда болған ірі ұйымдардағы қызметшілер тобының атауы. Бюрократияға ұйымның көпшілік мүшелерінен артықшылықтары бар топқа айналу тенденциясы тән. Бұл формализм мен шектен шығудың, авторитаризм мен конфорфизмнің өсуімен, ұйым қызметінің ережелері мен міндеттерін оны нығайту мен сақтауға бағындырумен қатар жүреді. Бұл авторитарлық жүйелерде ерекше көрініс табады; артықшылықтары бар шенеунік - әкімшілік шағын тобы.
60. Стагнация (лат.stagno – қозғалмайтын етемін) – экономикадағы кері кету, өнідірістегі, саудадағы тоқырау, т.б. Өсудің нөлдік немесе мардымсыз қарқынынан, экономиканың өзгеріссіз құрылымынан, оның жаңа өнертабыстарға, ғылыми-техникалық прогреске бейімсіздігінен көрінеді. Стагнация жағдайы АҚШ-тың 1930 жылдардағы экономикасына, кеңес экономикасына, кеңес экономикасы үшін – 1970 жылдардың ортасы - 1980 жылдардың соңы тән.
61. Миграция (лат. migratio, migro – өтемін, көшемін) – орын ауыстыру, көшу, қоныс аудару.
62. Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толтыру; integer - бүтін) – жекелеген әрқилы бөлімдер мен атқаратын міндеттер жүйесінің біртұтас болып байланысу жағдайын, сонымен бірге сондай жағдайға әкелетін процесті (мысалы, ғылымдағы интеграция, экономикалық интеграция) сипаттайтын ұғым.
63. Диссидент – басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өзшығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті немесе осылай істеуге мәжбүр болды.
64. Идеология – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін идеялар мен көзқарастар жүйесі.
65. Ғылыми - техникалық революция (ҒТР) – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету.
66. ЮНЕСКО – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі, үкіметаралық ұйым. Өз қызметін 1946 жылы бастады.
67. Демократия (грек. «демос» - халық) – халықты биліктің қайнар көзі ретінде танитын, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымының формасы. Демократияның негізгі қағидалары: көпшіліктің билігі, азаматтардың тең құқылығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, заңның үстемдігі, биліктердің бөлінуі,өкілетті органдардың, мемлекет басшысының сайланып қойылуы.
68. Саяси бюро (КОКП ОК Саяси бюросы) – КОКП-нің жоғарғы басшылық органы. Алғаш 1917 жылы Петроградтағы қарулы көтеріліске басшылық жасау үшін құрылған. 1919-1991 жылдары қызмет етті. Елдің ішкі және сыртқы саясатының барлық маңызды мәселелерін қарастырып, шешімдер қабылдады.
69. Президиум (лат. praesidum, сөзбе - сөз – қорғаныс; ауыспалы мағынасында - төрағалық) – жиналысты, мәжілісті алқалы түрде жүргізу үшін сайланған адамдардың тобы; бірқатар саяси, қоғамдық т.б ұйымдардың басшылық органы.
70. Пленум (лат. plenum - толық) – 1) қандай да бір ұйымның сайланып қойылған басшылық орган мүшелерінің толық құрамында өткізетін жиналысы; 2) жоғарғы сот органының барлық мүшелерінің мәжілісі.
71. Мораторий (лат. morotorium – кейінге қалдыру, соза тұру) – мемлекеттің өз іс-әрекетінің, халықаралық міндеттемелерінің, шарттарының орындалуын тоқтата тұруы.
72. Ұлы державалық шовинизм – үстемдік етуші ұлт өкілдері ұлтшылдығының асқынған формасы, көп ұлтты мемлекеттерде үстем ұлттың басқа халықтарды езіп, жаныштауынан, нәсілшілдіктен көрінеді.
73. Номенклатура (лат. nomenklatura – тізім, есімдердің жазылуы) – номенклатуралық кадрлар тағайындалып қойылатын басшылық қызметтердің партиялық органдар бекіткен тізімі (КСРО-да және бірқатар басқа мемлекеттерде); қоғам өмірінің барлық салаларында қалыптасқан үстемдік етуші, тағайындалып қойылатын жоғары қызметтерді атқарушылардан құрылған әлеуметтік топ.
74. Инфляция – айналысқа қағаз ақшалардың көп шығарылуынан оның құнсыздануы. Инфляцияның нәтижесінде қағаз ақшалар шетелдік валютамен салыстырғанда құнсыздануы.
75. Каптитал – бастапқыда кез келген мүлік, кейінірек кіріс (пайда) әкелетін қаржылық және материалдық құралдар.
76. Догматизм – догмаларға сүйенген сын көзімен қарамайтын ойлау.
77. Экспорт – шетелдерге тауар шығару, импортқа қарама-қарсы.
78. Легализация – (лат. legalis - заңды) – 1) қандай да бір ұйымның қызметіне рұқсат беру, оны заңдастыру, қандай да бір іске, әрекетке күш беру; 2) құжаттарға қойылған қолдардың растығын қуаттау.
79. Стабилизация (лат. stabilis - берік) – нығайту, тұрақты, берік жағдайға келтіру немесе осы жағдайда ұстап тұру, берік жағдай, тұрақтылық.
80. Конфедерация (кейінгі лат. confederatio – одақ, бірлестік) – 1) әрқайсысы өз тәуелсіздігін сақтайтын өзінің мемлекеттік өкімет және басқару органдары бар егеменді мемлекеттер бірлестігінің формасы. Конфедерация мүшелері белгілі бір салаларда барлық мемлекеттердің мүддесіне сай мәселелер мен әрекеттерді үйлестіру мен талқылау үшін арнайы органдар құрады; 2) қандай да бір қоғамдық немесе басқалай ұйымдардың атауы.
81. Диаспора (грек. diaspora - шашылу) – ұлттың бір бөлігінің өз Отанынан тыс мемлекеттің аумағында тұрақты өмір сүруі (ерікті немесе амалсыздан).
82. Унитарлы мемлекет – федерациядан өзгеше, өз құрамында федерациялық бірліктер (штаттар, жерлер, автономиялар, автономиялық республикалар мен округтар) болмайтын, тек әкімшілік - аумақтық бірліктерге (аудан, облыс т. б) бөлінетін мемлекеттік құрылымның формасы.
83. Инфляция (лат. inflatio - желбуаз) – ақшаның құнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы.
84. Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі.
85. Экологиялық дағдарыс – өндірістің бүкіл қайшылықтарының аяқ астынан пайда болуын сипаттайтын экологиялық цикл фазасы. Сұраныс қабілетінің аздығына қарамай тауардың артық өндірілуі, өндірістің шұғыл қысқаруы және өндірістік аппараттың толық пайдаланылмауының күшеюі, өндіргіш күштердің бүлінуі, бағаның құнсыздануы, жұмыссыздықтың өсуі, жұмысшылардың нақты жалақысының және еңбекші шаруаның табыстарының төмендеуі, ұсақ өндірушілердің жаппай күйзеліске ұшырауы.
86. Бюджет (лат. budget - қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құрылу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория; ақшалай кіріс пен шығыс.
87. Құнсыздану – ұлттық валюта курсының қандай да бір шетел валютасына, алтынға қарағанда құнсыздануы.
88. Реформа (лат. reforma – қайта жасап отырмын) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылым негіздерін жоймай, қоғамдық өмірдің (қалыптасқан тәртіптердің, институттардың, мекемелердің) кейбір жағын қайта өзгерту, құру.
89. Геосаясат – мемлекеттердің немесе мемлекет блоктарының аумақтық-кеңістік ерекше жағдайларының жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлемдік халықаралық процестердің орны мен нақты-тарихи ықпалын түсіндіретін теория.
90. Инвестициялық банк – құнды қағаздарды шығаруды ұйымдастыруға маманданушы, оларды орналастыру мен сатуға кепілдік беруші банк.
91. Капиталды әкету – қосымша құн өндіру үшін және саяси мақсатпен де капиталды басқа елге әкету.
92. Фракция – парламенттегі өз партиясы белгілеген бағытты жүзеге асыру мақсатымен құрылған депутаттар тобы.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан тарихы (1914-2009 жж.): Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Қ. Жүкешев. Өнд., толықт. 2-бас. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009. -–240 бет, суретті.
2. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. – Алматы: Атамұра, 2005. – 384 бет.
3. Қазақстан тарихы (ХХ ғасырдың басы – бүгінгі күнге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / М. Қозыбаев, К. Нүрпейіс, Қ. Жүкешев. – Өңд., толық. 3-бас. – Алматы: Мектеп, 2013. – 296 бет, сурет
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том, - Алматы: Атамұра, 2010, 752 бет, суретті, карталы.
5. Қазақстан тарихы: Тест тапсырмалары. Жоғарғы сынып оқушылары мен талапкерлерге, мұғалімдер мен репетиторларға арналған құрал / С. Наумов, Б. Жангуттин, И. Антонова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 144 бет.
6. Қазақстан тарихы: Хрестоматия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы / Құраст.: Қ. Адамбосынов, Р. Ахмедова. – 2 бас. – Алматы: Мектеп, 2011. – 192 бет.
7. Қазақстан тарихы (Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері). Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/ М. Қойгелдиев, Ж. Қасымбаев, Ә. Төлеубаев, т.б. – Өңд., толық. 3-бас. – Алматы: Мектеп, 2015. – 424 б., сур.
Тест тапсырмалары 2012-2015 жылдары шыққан тест кітапшаларынан алынды
МАЗМҰНЫ
Алғысөз..................................................................................................................3
Жүйелеу.................................................................................................................4
Тұлғалар:................................................................................................................5
Елді мекен мен жер-су атаулары:.......................................................................14
Хронологиялық тізбек:.........................................................................................20
Тест:........................................................................................................................46
Қосымша(лар)........................................................................................................61
Тесттік талдаулар:...............................................................................................101
Тест жауаптарының кілттері:.............................................................................108
Түсініктер:............................................................................................................110
Пайданылған әдебиеттер:...................................................................................118

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген