жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама "Білімқұмарлар" үйірмесі
БАББ «Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Авторлық бағдарлама
«Білімқұмарлар»
үйірмесі
4-сынып оқушыларына арналған
Дайындаған: Қалқанбаева Назира Науқанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақкөл ауылы
Түсініктеме хат
Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді, сауатты, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күнде оқу процесі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені технология, ақпараттық құралдармен жұмыс жасау қарқынды дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек. Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмауы мүмкін. Білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді. Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет.
Бұл үйірме бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдістер, функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сол себепті мен оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу мақсатында осы бағдарламаны қолға алдым. Бала бойындағы шығармашылық қабілетті ашып, білімдерін толықтырып, өздері ізденіп талдау жүргізулерін мақсат тұттым. Негізгі пәндерді кіріктіре отырып, (математика, дүниетану, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі) «Білімқұмарлар» үйірмесінің бағдарламасын 4-сынып оқушыларына арнап құрастыруды жөн деп білдім.
«Білімқұмарлар» үйірмесінің мақсаты:
Интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ізденіске баулу.
Міндеттері:
1.Оқушыларға интербелсенді әдістерді үйрету;
2. Арнайы тапсырмаларды орындата отырып, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
3.Білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай туғызу;
4.Зияткерлік, танымдық қабілеттерін өрістету;
5.Ғылыми жобалар жасауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1.Оқушылар интербелсенді әдістерді үйренеді;
2.Білімге деген қызығушылығы артады;
4. Шығармашылықпен жұмыс жасауды үйренеді;
5.Ғылыми жобалар жасауға үйренеді.
«Білімқұмарлар» үйірме жұмысының оқу‑тақырыптық жоспары
(34 сағат)
№ |
Функционалдық тапсырмалар |
Сағат саны |
Қолданылатын интербелсенді әдіс |
Интеллектуалдық сайыс |
|
|
|
І-бөлім. «Білімқұмар математиктер» 10 сағат
|
|
|
|
|
|||
1- 2 |
Логикалық тапсырмаларды шешу жолдары |
2 |
Он сұрақ!» |
«Кенгуру» |
|
|
|
3-4 |
Қызықты есептер құрастыру |
2 |
Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою |
«Кенгуру» |
|
|
|
5-6 |
Шимен құрастырмақтар шешу |
2 |
Ойлан, жұптас, пікірлес |
«Кенгуру» |
|
|
|
7-8 |
Құрылымы күрделі есептер құрастыру, шешу |
2 |
«Серпілген сауал» |
«Ақбота» |
|
|
|
9 |
Шығармашылық тапсырмалар орындау |
1 |
Ролдік /іскерлік/ ойын |
«Ақбота» |
|
|
|
10 |
Интеллектуалдық сайыстарға қатысу |
1 |
|
«Кенгуру» «Ақбота» |
|
|
|
ІІ-бөлім. «Ғылым іздеушілер» 6 сағат
|
|
|
|
«Ақбота» |
|||
1 |
«Қызыл кітап» жайлы мағлұмат жинау |
1 |
“3 таяқша” әдісі |
«Пони» |
|
|
|
2 |
Қызыл кітапқа енген Балқаш ауданында бар өсімдік, жануарлар туралы мағлұматтар іздеу |
1 |
Өзіңізді тексеріңіз |
Ғылыми жобаға дайындық |
|
|
|
3 |
Туған жерім - байлық кенім |
1 |
9 ромб |
Ғылыми жобаға дайындық |
|
|
|
4 |
Емдік өсімдіктер |
1 |
Броундық қозғалыс |
«Человек и природа» |
|
|
|
5 |
Герой Жолтайұлы жайлы мағлұмат жинау |
1 |
«Жеке тұлғаны анықтау» |
Ғылыми жобаға дайындық |
|
|
|
6 |
«Зерде» ғылыми жобасына қатысу |
1 |
«Жеке тұлғаны анықтау» |
Ғылыми жобаға дайындық |
|
|
|
ІІІ-бөлім. «Жас тілшілер» 18 сағат
|
|
|
|
||||
1-2 |
Тест жұмыстарын орындау |
2 |
Алма ағашы» |
«Ақбота» |
|
|
|
3-4 |
Көлемді шығарма жазуды үйрену |
2 |
Детальдарын қосу. Еркін жазу |
|
|
|
|
5-6 |
Эссе жазуды үйрену |
2 |
“Автор орындығы» |
|
|
|
|
7-8 |
Өлең шумақтарын құрастыруды үйрену |
2 |
Серпілген сауал» |
|
|
|
|
9-10 |
Тапсырмаларды орындау |
2 |
«Бинго» ойыны |
«Ақбота» |
|
|
|
11-12 |
«Өз ойым бар» Сурет, видеоларды талдау |
2 |
«Өз позицияңды ұстан» |
|
|
|
|
13-14 |
«Әрі оқу, әрі ойын» құрастыру |
2 |
«Бірге ойлаймыз» |
«Алтын тері» |
|
|
|
15-16 |
Ережелер құрастыру |
2 |
Жұптасып жұмыс істеу. |
«Ақбота» |
|
|
|
17 |
Кітапшалар шығару. |
1 |
|
|
|
|
|
18 |
Интеллектуалдық сайыстар қорытындысы. Марапаттау.
|
1 |
|
|
|
|
|
Мазмұнын сағаттарға бөле отырып, жазып шығыңыз.
Бағдарламаның мазмұндық бөлімі.
Бірінші бөлім. «Білімқұмар математиктер» (10 сағат). Бұл бөлімде балалар математика пәні бойынша «Кенгуру» интеллектуалдық марафонының тапсырмаларын интербелсенді әдістер арқылы орындап, талқылайды.
1-2-сабақ. Логикалық тапсырмаларды шешу жолдары. Әдістері мен тәсілдері үйретіліп, өз бетімен жұмыс жасау тапсырмалары беріледі.
3-4-сабақ. Қызықты есептер құрастыру тапсырмалары беріледі. Балалар үлгіге қарап өз есептерін құрастырады.
5-6 сабақ.Шимен құрастырмақтар шешу. Оқушылар «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі бойынша ақылдаса отырып, шимен құрастырмақтар шешеді.
7-8-сабақ. Құрылымы күрделі есептер құрастыру, шешу. Балалар «Ақбота» интеллектуалдық марафонында берілген құрылымы күрделі есептерді шешеді.
9- сабақ. Шығармашылық тапсырмалар орындау. Оқушылар интернет олимпиаданың (ТИО,НИО) шығармашылық тапсырмаларын орындайды.
10-сабақ. Интеллектуалдық сайыстарға қатысу. Оқушылар «Кенгуру», «Ақбота» сайыстарына қатысып, тапсырмаларын орындайды.
Екінші бөлім. «Ғылым іздеушілер» (6 сағат)
Бұл бөлімде балалар дүниетану, жартылыстану пәндері негізінде ізденіс жұмысымен айналыса отырып, ғылыми жоба байқауларына дайындалады. «Пони», «Адам және табиғат» марафонының тапсырмаларын орындайды, талқылайды.
1- сабақ. «Қызыл кітап» жайлы мағлұмат жинау. Оқушылар ғаламтордан, кітапханадан мағлұматтар жинақтап, дайындайды.
2-сабақ. Қызыл кітапқа енген Балқаш ауданында бар өсімдік, жануарлар туралы мағлұматтар іздеу. Балалар энциклопедиядан мағлұматтар дайындайды.
3-сабақ. Туған жерім - байлық кенім. Оқушылар Балқаш ауданының байлықтары жайлы мағлұмат жинастырады.
4-сабақ. Емдік өсімдіктер. Өз жерімізде өсетін емдік өсімдіктер жайлы үлкендерден сұрастырып, реферат дайындайды.
5-сабақ. Герой Жолтайұлы жайлы мағлұмат жинау. Оқушылар Герой Жолтайұлы атындағы кабинет тақталарынан, кітапханадан, ғаламтордан мәлімет жинастырады.
6-сабақ. «Зерде» ғылыми жобасына қатысу. Балаларды ғылыми жобаға тақырып таңдатып, дайындау.
Үшінші бөлім. «Жас тілшілер» (18 сағат)
Бұл бөлімде оқушылар тіл сабақтарынан «Алтын тері», «Ақбота», «Орыс қонжығы» интеллектуалдық сайыстарының тапсырмаларын орындай отырып, шығармашылық жұмыстар жинақтайды.
1-2- сабақ. Тест жұмыстарын орындау. Оқушылар «Ақбота» байқауының тесттерімен жұмыс жасайды.
3-4-сабақ.Көлемді шығарма жазуды үйрену. Балалар еркін тақырыпта шығарма жазғызады. Шығарма талаптарымен танысады.
5-6-сабақ.Эссе жазуды үйрену. Оқушылар шығарма мен эссенің айырмашылығын түсініп, эссе жазуды үйренеді.
7-8-сабақ.Өлең шумақтарын құрастыруды үйрену. Оқушыларға ұйқас түрлеріне қарай тапсырмалар беріліп, өздері өлең шумақтарын құрастырады.
9-10-сабақ. Тапсырмаларды орындау. Оқушылар «Ақбота» байқауының тапсырмаларымен жұмыс жасайды.
11-12- сабақ. «Өз ойым бар» Сурет, видеоларды талдау. Оқушылар өздерін қызықтыратын тақырыпта сурет, видеолар жинастырып, өз ойларын қорғайды.
13-14- сабақ. «Әрі оқу, әрі ойын» құрастыру. Балалар орысша-қазақша ұйқас сөздіктер құрастырады.Мысалы: луна-ай,масло-май,т.с.с
15-16-сабақ. Ережелер құрастыру. Оқушылар «Ақбота» байқауының тапсырмаларын орындай отырып, сәйкес ережелерді құрастырады.
17-сабақ. Кітапшалар шығару. Оқушылардың жыл бойы жинақтаған мағлұматтарынан, тапсырмаларынан кітапша жасап шығару.
18-сабақ. Интеллектуалдық сайыстар қорытындысы. Марапаттау.
Жыл бойы жасалған жұмыстардың, қатысқан сайыстардың қорытындысы шығарыла отырып, оқушылар марапатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (бастауыш сыныптар). Әдістемелік құрал (Астана 2013 жыл)
2. Н.Назарбаев «Инновациялармен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» .- Егемен Қазақстан 2006 ж, мамыр
3. «Интербелсенді әдістер» сайты
4.А.Қ.Әлімов. Б.М.Қосанов. Р.Ж.Базарбекова. Бастауыш сынып мұғалімдеріне интербелсенді әдістеме.-Алматы, 2010
5. А.Әлімов. Интербелсенді әдістеме. 2013жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген