жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама "Бөлме өсімдіктері"
Өскемен қаласы әкімдігінің №45 бейімделген орта мектебі
Өскемен қаласы әкімдігінің №46 қазақ орта мектебі
«Бөлме өсімдіктері» факультатив сабақ бойынша бағдарлама
6-сыныпқа арналған
Барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат
Құрастырғандар: Кенжебаева А.Т № 45 бейімделген орта мектебінің биология пәні мұғалімі, Өскемен қалалық білім бөлімінің методисі;
Дабинова А.Т № 46 орта мектебінің биология пәні мұғалімі.
Өскемен қаласы, 2018-2019 оқу жылы
Түсініктеме
Жаңа ХХI ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім беру саласына тың көзқарас,жаңа үлгідегі ізденіс қажет.Өскелең ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, ой тұжырымдатып,таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пен пән мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор.Заман талабына сай құрылған және ең алдынғы техникалармен жабдықталған мектептер қатар саны артып келеді және жаңа мақсаттар міндеттейді. Жаңартылған білім беру мазмұны барысында 6 сыныптарда ботаника сағаттарының орнына жаратылыстану енгізілгендіктен , оқушылар ботаника курсын толық меңгеруден шектетілді. Мектепте биология сабақтарының тек теориялық білімді ғана берумен шектелмейуі керек. Ал жалпы орта мектептер үшін осы олқылықты бейімді курстар арқылы толықтыруға болады деп санаймын.
Мұғалімнің жетекшілігімен оқушының өз ынта еркімен,әрі олардың қалауы бойынша орындалатын дербес жұмыс-бейімді курс болып табылады.
Сыныптан тыс сабақтың міндеттері ішінен педагогикалық маңызы бар.
1.Оқушылардың сабақ барысында алған теориялық білімін толықтырып, тереңдету.
2.Көпшілік оқушылардың биология пәніне деген қызығуын,ынтасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
3.Бейімдімді курс оқушылардың болашақ мамандық тандауларына әзірлік болып табылады.
4.Мұғалімнің оқушыларға білім беруде ізденісінің, шеберлік тәжірибесін нығайтады.
Оқушылардың өз еркімен қатысу нәтижесінде жүргізілетін бейімді курс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда аталған міндеттерді толық орындауға болады.
Биология ғылымын игеруде оқушыларға оқу пәнінің жекелеген тақырыптары бойынша терең білім беріп, шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтуде-сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.
Өзектілігі: 6 сыныптарды бағдарлама бойынша осы курсты өткізу керек деп санаймын . Себебі жаратылыстану сабағында оқушыларға көбірек практикалық жұмыстарды орындату арқылы осы қызығушылықтарын сөндірмей керісінше ары қарай дамытуға тиіспіз. Оны осындай курстарды дұрыс жолға қоя білген мұғалімнің қолынан келетініне күмән болмауы тиіс.Сыныпты екі топқа бөліп сабақты өткізгенде әр оқушы жеке жұмыс жасауларына мүмкіндік алады.Бұл жалпы орта мектептерде сыныптағы оқушы саны 28-30 болғандықтан мұғалім әр оқушының тапсырманы орындау барысын қарағалауға үнемі мүмкіндіктер бола бермейтіндіктен, үлкен жетістік.Белгілі тарауды аяқтаған соң оқушылардан осы тарау бойынша бақылау жұмысын немесе тесті орындауы және міндетті түрде практикалық жұмысты жасауы арқылы ортақ баға алады бұл оқушының білім және біліктілігі дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына ,биологиялық түсініктердің қалыптасуына, зерттеушілік ынтасының пайда болуына, тәжірибе жасап үйренуге дағдыландыру.
Міндеттері:
1.Мектеп ішін және айналасын жасылдандырумен оны қорғау
2. Тәрбиелік іс-шараларды насихаттау
3.Басқа ұйымдармен тығыз байланыста болу.
Мамандыққа бағдарлау: медицина, биотехнология, гендік инженерия, фармакология, селекция, агрономия, педагогика.
Ұйымдастыру формалары: Ауызша түсіндіру,лекция,семинар сабақтар,сарамандық жұмыстар.топсеруен,ғылыми жобалар дайындау.
Нысаны:Бөлме өсімдіктері
Мазмұны: Білімнің жаңа элементтерін меңгеруге септігін тигізетін жартылыстану пәнінен 6-сынып оқушыларына арналып жасалған курс бағдарламасы оқу-тәрбие жұмысын табысты іске асыруға көмек көрсетуді көздейді. Білім негізін меңгерумен қатар,оқушылардың көп қырлы дүниеден өз жолын табуға қызығушылығын арттырып, ізденушілігін дамытуға арналады.Өсімдіктердің құрылысы,тіршілігі салыстырылып,адам және табиғатта маңызын оқып және тәжірибе жасауға машықтанады.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2050 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылықпен шешетін,кәсіби қызметінің қоғамдық маңызын түсініп,оның нәтижелеріне жауап беретін бәсекеге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны қалыптастыратын білім берудің тиімді жүйесі құрылады»,- делінген.Осы орайда жаңа формация мұғалімі пәндік бағыттылығын, жалпы мәдениетін,әдістемесін пайдалана отырып, болашақтың құзырлы азаматын тәрбиелеуге өз мүмкіндігіме сүйене отырып ұмтыламын.
Тақырыптық жоспар
№ |
Сабақтын тақырыбы |
Сағат саны |
Мазмұны,әдісі |
Көрнекіліктермен қолданылған әдебиеттер |
|
Теориялық сабақ |
Тәжірибелік сабақ |
||||
1 |
Кіріспе сабақ |
1 |
- |
Ұйымдастыру сұрақтары шешіледі.Үйірме мүшелерінің үйірме жұмысының жоспарымен, көгалдандыруға байланысты жұмыстың түрлерімен танысуы. «Гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында әңгімелесу. |
|
2 |
Бөлме өсімдіктерінің эстетикалық маңызы |
1 |
1 |
Бөлме өсімдіктерін өсіру мәдениеті.Ғасырлар бойы ұлттық дәстүрге айналған ерекшеліктер,эстетикалық талғамға,өнерге айналғандығы жөнінде түсінік.Жасыл өсімдіктердің адам өміріне пайдасы мен маңызы. |
Ботаника бағына , саябаққа, гүл шаруашылығы мекемелеріне топсеруен |
3 |
Бөлме өсімдіктері мүшелерінің құрылысы және олардың атқаратын қызметтері |
1 |
1 |
Бөлмеде өсірілетін өсімдіктердің тамыры, сабағы,жапырағы,гүлінің құрылысы.Өсімдіжәне генеративті мүшелердің негізгіқызметтері:қоректену,тынысалу,өсіп-өну,көбею. Тәжірибе жұмысы:Гүлдеп тұрған өсімдіктің құрылысымен: түсі,хош иісі,ірілігі, гүлдеп тұруымен танысу.Көрнекті құралдар дайындау, кеппешөп жасау,тұқымдардың жинақтамасын жасау. |
|
4 |
Бөлме өсімдіктерінің түрлері, биологиялық ерекшеліктері |
1 |
1 |
Бөлме өсімдіктерінің түрлерімен танысу.Бөлме өсімдіктерінің маңызы, олардың топқа бөлу,биологиялық ерекшеліктеріне тоқталу. Тәжірибе жұмысы: Бөлме өсімдіктеріне паспорт жасау.Өсімдіктерге арналған анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасау.Бөлме өсімдіктерін ажырата білуге арналған сауалғы өткізу. |
|
5 |
Бөлме өсімдіктерін күту |
1 |
1 |
Бөлме өсімдіктеріне жылудың ,жарықтын,ауаның, топырақтын ылғалдығының қажеттілігі. Жылдың мезгілдеріне байланысты өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне қарай күтудің әдіс-тәсілдері. Тәжірибе жұмысы:Бөлме өсімдіктеріне жарық,жылуды талап етуіне байланысты орналастыру.Суару, су бүрку, топырақты қопсыту, топырақты ауыстыру,жапырақты жуу. Өсуін бақылау, түрлі агротехникалық шаралардың қажеттігін анықтау үшін тәжірибе жасау, өсімдіктерді түрлі топырақ қоспаларында өсіру. |
|
6 |
Бақ топырағы. Гүл өсіретін ыдыстар |
1 |
1 |
Жеке өсімдік табиғатының ерекшелігіне байланысты,тамыр жүйесінің түрлеріне қарай топырақтын түрлері.Бақ топырағының түрлері:негізгі және қосымша топырақтар.Шым топырақ,шірінді топырақ,қорда топырақ,Өсімдіктің тіршілігі үшін ыдыстың түрлері,неден жасалғандығы және көлемінің маңызы. Тәжірибе жұмысы.Гүл өсіруге арналған ыдыстардың түрлерімен танысу.Ыдыстарды тұқым егуге және өсімдік отырғызуға дайындау.Өсімдікті көшіріп отырғызу әдістері.Тұқым себу және көшетті көшіріп отырғызу.
|
|
7 |
Бөлме өсімдіктерін өсіріп көбейту(қалемшелеу,жуашық арқылы көбейту,түпті бөлу ) |
1 |
1 |
Қалемше арқылы көбейтуге болатын өсімдік түрлері.Қалемше арқылы көбейтудің маңызы.Қалемшелеудің ережесі.Қалемшені тамырлатуға қажетті жағдайлар.Тамыр қалемшесі,көген тамыр арқылы көбейту,атпа тамырлары ажырату,түпті,тамырларды бөлу.Тұқымнан өсіру. Тәжірибе жұмысы: Қалемшені өсіретін өсіретін ыдыстардайындау.Қалемшенің тамырлануын, өсуін бақылау,бөлменің ылғалдығын, температурасын қадағалау.Бөлме өсімдіктерін көбейтуге арналған көрнекі құралдарды дайындау. |
|
8 |
Бөлме өсімдіктерін көшіріп және аударып отырғызу. |
1 |
1 |
Бөлме өсімдіктерін көшіріп отырғызудың себептері.Әр түрлі бөлме өсімдіктерін көшіріп отырғызудың мерзімдері.Көшіріп отырғызудың әдістері.Бұрынғы ыдыстан алу және ыдысқа отырғызу.Көшіріп және аударылып отырғызылған өсімдік күтімі. Тәжірибе жұмысы. Бөлме өсімдіктерін көшіріп және аударып отырғызу.Көшіріп отырғызудың әр түрлі әдістерін қолдану.Көшіріп және аударып отырғызылған өсімдіктерді күтіп, баптау. |
|
9 |
Бөлме өсімдіктерін үстеп қоректендіру |
1 |
1 |
Бөлме өсімдіктерін қосымша қоректендірудегі тыңайтқыш түрлері.Тыңайтқыштарға сипаттама.Минералды тұздардың(азот, фосфор,калий) маңызы.Тыңайтқыштарды әзірлеу тәсілдері.Тыңайтқыштарды қолдану ережелері.Құс саңғырығы-бағалы тыңайтқыш.Саңғырық ерітіндісін әзірлеу тәсілі.Ірі қара малы көңінің тыңайтқышы, оны қолдану тәсілі. |
|
10 |
Бөлме өсімдіктерінің зиянкестерімен аурулары |
1 |
1 |
Бөлме өсімдіктерінің негізгі зиянкестері:өрмекші, кене,шашаққанат көбелек,біте,қалқанша,аяқ-құйрықтылар,шыртылдақ қоңыздармен зақымданған өсімдіктерді тазалау тәсілдері,күрес шаралары. Бөлме өсімдіктерінің аурулары:тат саңырауқұлағы,хлороз,т,б.Өсімдіктердің ауруға шалдығу себептері,аурудың белгілері, емдеу шаралары. Тәжірибе жұмысы. Бөлме өсімдіктерінің зиянкестерімен танысу.Оларды басқа бунақденелілерден ажырата білу.Зақымданған өсімдіктерді тазалау тәсілдері, ерітінділерді әзірлеу және пайдалану.
|
|
11 |
Өсімдіктердің пішінін түзету. |
1 |
1 |
Өсімдіктердіңбұтақтарын, сабақтарын кесуге арналған құралдармен танысу, Тәжірибе жұмысы Әртүрлі бөлме өсімдіктерінің пішінін түзеу.Өсімдікті қазыққа байлау, бекіту |
|
12 |
Өсімдік тазалығын сақтау |
1 |
1 |
Бөлме өсімдіктерінің тазалығын сақтаудың түрлері,жуудың түрлері,әдіс-тәсілдері.Бөлме ауасының тазалығының маңызы. Тәжірибе жұмысы. Жуғыш ерітінділер(жасыл сабын, темекі) ерітіндісін әзірлеу және оны қолдану.Бөлме өсімдіктері жапырақтаын жуудың әдіс-тәсілдерін қолдану.Жапырақты шүберекпен , мақтамен және губкамен сүрту.Өсімдікті су сеңгелінің астында немесе жаңбырға жуу.Өсімдіктің солған гүлін, сарғайған жапырағын, қураған бұтағын кесу. |
|
13 |
Бөлме өсімдіктерін орналастыр |
1 |
1 |
Бөлмеде өсімдіктерді орналастыру үшін бөлме ауасы, ылғалдылығы, температурасы ,жарығы, күн сәулесінің маңызы. Жарық және көлеңке бөлмеде өсімдікті орналастыру.Өсімдіктерді терезе алдына және тұғырларға, баспалдақты сымға, жіпке ілу. Тәжірибе жұмысы Тұғырларды таңдау,әсем де сыпайы болуына көңіл бөлу.Батареядан шыққан жылудан өсімдікті қалқалау.кактус өсімдіктерін орналастыруға таушықтарды жасау.Бөлмені өсімдіктермен безендіру.Бөлмедегі жиһаздардың түсіне қарай гүлді өсімдіктерді таңдау. |
|
14 |
Гүл түсінің сыры мол |
1 |
1 |
Түстер тағылымы. Гүл түстеріне сипаттама |
|
15 |
Гүл шоғыры |
1 |
1 |
Гүл шоғырын құрастырудың ережелері.Гүл шоғының пішіні мен өлшемін анықтау.Гүл түсін есепке алу, ұйқастыру.Вазаға гүлдерді орналастыру әдістері.Кесілген гүлдердің тіршілігін ұзартудың тәсілдері. Тәжірибе жұмысы Гүл шоқтарын құрастыру.Гүлдерді вазаға орналастырып және әсем қағаздарға орап үйрену.Жаңа кесілген гүлдердің тіршілік ұзақтығын сақтау үшін қоректік ерітінділердің рецепіне кесте жасау және тәжірибе жүзінде бақылау. |
|
16 |
Гүл мерекесін өткізу |
1 |
|
Көрме ұйымдастыру.Кептірілген гүлдерден икебаналар жасау.Гүл шоғын жасау.Кеш-«Гүлдер мерекесі» |
|
17 |
Қорытынды сабақ |
1 |
|
Жасалған жұмыстарға есеп беру. Бағалау. |
|
Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп баптауға болады.
Гиппеаструм немесе сері жұлдызы
Қыстың ортасында гиппеаструм атпаларын шашады.Бұл ұйқыдағы уақыт аяқталды, жақында гүлдеу басталады деген белгі..Осы мезеттен бастап өсімдікті ең жарық жерге орналастыру керек.Суғаруға асықпаңыз, атпа кем дегенде 5см-ге жетсін әйтпесе тек жапырақтары ғана өседі.Осы кезеңде топырақтың беткі қабатын жаңа топырақпен ауыстырып жаңартқан пайдалы.Содан кейін өсімдікті суғарып үстеме қоректендіріңіз.Жақын арада гүл тұғырында бірден алтыға дейін гүл өсіп шығады.Гүлдерді солып қалған сәттен бастап гүл тұғырын тура жуашықтын үстінен кесіп тастамаса тұқым өніп кетеді, бұл өсімдіктің әлсіреуіне әкеледі.Содан бастап гипеаструмды үздіксіз кешенді тыңайтқышпен қоректендіру керек.
Шегігүл неге гүлдемейді
Бөлме немесе узамбар шегіргүлі жыл бойы гүлдемейді, ал егер гүлішықпаса не істеу керек.
Бірінші себеп, жарықтын түсуі аз.Қыста күн қысқа ,ал гүлдеу үшін өсімдік жарықта күніне 10-11 сағат болу керек.Сондықтан гүлі бар ыдысты күн жақсы түсетін терезенің алдына немесе жарық жанып тұрған жазу үстеліне қою керек.Тағы бір нұсқа оны айнаның қасына қойса,айнамен шағылысқан жарық екі еселенеді.
Екінші –өсімдіктің орналасқан жері суық.Шегіргүл желден қорқады,сондықтан ол тұрған терезені ашпау керек.Санылаудан жел соқпауын қадағалаңыз.Терезенің алдына ағаш тақта қою арқылы оны жылылап содан кейін ғана гүлді орналастырыңыз.Терезе шынысына гүлдің жапырақтары жабысып қалмауын да тексеріңіз.
Егер сабағы жалаңаштанып қалса не істеу керек.Жылдар өте шегіргүлдің төменгі жапырақтары өледі, ал жас жапырақтары тек үшында ғана өсіп шығады.Егер сабағы айқын көріне бастаса, өсімдікті басқа ыдысқа жаңадан отырғызу керек.Жапырағын қиып алып арнайы шегіргүлге арналған субстрактқа орналастыру керек.
Үшінші-тыңайтқышы шамадан тыс көп.Табиғатта узамбар фиалкасы өте кедей топырақта өсеп,сонымен қоймай керемет гүлдейді.Сондықтан бөлме гүлдерін тыңайтуға кіріскенде, шегіргүлге тыңайтқыш бермесе де болады.Болмаса нұсқаулықта көрсетілгеннен екі есеге азайып беру керек.
Төртінші- шамадан тыс суғару.Шегіргүл ылғалдың жетімсіздігіне мойынсынғанмен,шамадан тыс ылғал тек гүлдеуді тежеп қана қоймай топырақта бунақденелілердің пайда болуына әкеледі.Топырақты құрғату үшін 0,5 -1 см қалыңдықта құрғақ жер салып, суғаруды тоқтату керек.
Гүл өсірудің арасында узамбар шегіргүлінің латынша атауы-сенполия деп аталады.Бұл бөлме өсімдіктерінің арасындағы ең кең тараған өсімдіктің бірі болып табылады.
Көлеңкеге төзімді өсімдік-аспиристра.
Суғару-көктемнен күзге дейін қалыпты,қыста баяу.
Қоректендіру:жазда бір рет минералды тыңайтқышпен қоректендіру
Көбейту:Наурыздан мамырға қарағанда тамырын бөледі,әр бөлігінде 2-3 жапырақ болу керек.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдік-Цереус
Суғару.Көктемненкүзге дейін қалыпты ,қыста өте баяу
Қоректендіру:қажетінше.
Көбейту:тұқымнан, қалемшемен.
Тез өсетін –традесканция
Суғару. Жыл бойында үздіксіз, молынан
Қоректендіру: бойлап өсу кезінде кекелген тыңайтқышпен үстемелеп қоректендіру.
Көбейту:көктемнен күзге дейін қалемшелермен.
Төзімді –хлорофитум
Суғару: көктемнен күзге дейінен молынан, қыста қалыпты.
Қоректендіру:жазда аптасына бір рет сұйық тыңайтқышпен
Көбейту:гүл өскіндерінен пайда болатын тұқымдармен,атпаларынан.
Қыста қандай бөлме өсімдігі гүлдейді.
Амаралис тұқымдасының өкілдері қыста лалагүлге ұқсайтын ашық түсті гүлдерімен өткізеді.
Кливия немесе кафр лалагүлі.Кливияның жаппай гүлдеуі үшін, оның пиязшығы қарашадан қаңтарға дейін міндетті түрде тыныштық күйінен өтуі керек.Осы уақытта гүлді ыдысымен температурасы 8-15 градус болатын салқын жерде ұстап, суғармай, топырағын аздап қана ылдау керек.Кливия өскен ыдысты жарық түскен орнынан мүмкіндігінше қозғамау керек.Жарық түскен жақты шатастырмау үшін ыдысқы «жарық белгісін» жасап қою керек.Ақпаннан қазанға дейін апта сайын бөлме өсімдігінің тыңайтқышымен үстемелеп қоректендіру керек.Жас кливияны жыл сайын, ал ересектерін 2-3 жыл сайын ауыстыру керек.Кливия мазалағанды ұнатпайды, ересектерін тек тамыры ыдыстан асып көрінген кезде ғана ауыстырып отырғызу керек.
Амаралис тұқымдасына жедел жәрдем
-егержаңа жапырақтары бозғылт және әлсіз бола бастап, өсімдік гүлдемей қалса тұрған орны тым ыстық болғаны, сондықтан ыдысын салқын жерге орналастыру керек.
-Егер жапырақтардың бойлап өсуі баяуласа, онда өсімдікке тұрған жері суық болғаны ,сондықтан температураны жоғарылату керек.
-Егер жапырақтары бозарып,гүлдері аз болса, онда тыңайтуды ойластыру керек.
-Егер жапырақтары түбінен шіри бастаса,өсімдік ылғалды көп қабылдап тұрғаны,топырақты құрғатып суғаруды азайтыңыз, әсіресе қыста.
«Гүл шоғырылары»
1.Қызығуды ояту кезеңі.Бұл кезеңде оқушылар жұмбақтарды шеше отырып сабақтын тақырыбын табады.
Қар астында қыстайды,
Ақпен бүркіп тыстайды (бәйшешек)
Өзіне шап-шақ
«киген»қалпағы аппақ,
Балалар түр қаптап (бақбақ)
2.Ой шақыру кезеңі.Оқушылар гүлдер жайлы ойларын дәптерге жазады.
3.Мәтінмен жұмыс. «Гүл шоғырлары» тақырыбын өткенде интерактивті тақтаны пайдаландым.
Жаңа материалдан соң кестеге өз ойларын жазады.
білемін |
Мен үшін жаңалық |
Таңқалдырды. |
|
|
|
Оқушылар гүлдер жайлы ақындар өлеңдеріненүзінділер,қызықты деректер, ғылыми жаңалықтар, шығармашылық жұмыстарын көрсетеді.
Гүлдер туралы мақал-мәтелдер
1.Ер елінде 2.Гүлсіз болса- жер мұңды
Гүл жерінде күлкісіз болса-ел мұңды
3.Бұлбұлмен гүл егіз Қасқыр мен ұры аңдиды
Екеуіде күнді аңдиды Екеуіде түнді аңдиды.
1.Гүлдердің-қоршаған ортаның ауасын тазартып, адамның көңіл-күйінің көтеріңкі болуына тигізер септігі мол.
2. Ғалымдардың пікірінше бөлме өсімдіктері адамға әртүрлі әсер етеді.Оның ішінде қазтабан, лалагүл ауаны ластанудан сақтаса, ал фикус адамдардың жағымсыз қасиеттерін өз бойларына сіңіріп, оларға энергия береді.
3. Хризантеме отбасынадағы,жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың орнауына оң әсерін тигізеді
4.Гүлдердің кез келген түрі өзіндік ерекшелігімен бағаланады.Мысалы, бөлмедегі жалпақ жапырақты гүлдер үйіңізге ақша, табыс шақырады.
4.Үйге тапсырма. «Гүлдер мерекесіне дайындық»
1. Гүл сыйлау мәдениетін оқып біліп келу
2.Экибано дайындап келу.
Жаратылыстану пәндері апталығында
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың бірі-пән апталықтары.Химия,биология апталығында оқушылардың танымдық білімін кеңейту мақсатында «Гүлдер мерекесі» тақырыбында апталықты қорытындылауға болады.Әсіресе апталықтын өту уақыты күз мезгілінде болса.
Мақсаты:
1.Оқушыларға гүлдер,олардың көптүрлілігі туралы,олардың тіршілігімен
пайдасы туралы түсінік беру
2.Өсімдіктерді қорғауға,қамқоршы болуға табиғатты сүюге тәрбиелеу
3. Оқушылардың белсенділігін, әдептілікке ,әдемілікке адамдармен қарым-
қатынас жасай білуге үйрету
Көрнекілік:
«Гүлдер мерекесі» тақырып, Әр сыныптан дайындап әкелген экибанолары,
Плакатқа жазылған нақыл сөздер, акт залын шарлармен гүлдермен
безендірілген.
Барысы: Музыка ойнап 15 қыз бала гүл болыпкиінген әдемі әуенмен «гүлдер» биін биледі
Музыка тоқтаған соң жүргізушілер сахнаға шығады
Қымбатты кеш қонақтары, ұстаздар мен оқушылар! Гүл мерекесіне арналған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүкіл халықымыздың тойлайтын ұлы мерекелерімен қатар әр адамның өміріндегі ерекше есте қалатын сәттерді алғаш рет мектеп есігін ашу, мамандық иесі болып дипломалу, үйлену, туған күн тойлары тағы басқа салтанатты кештерді гүлсіз атап өту мүмкін емес. Гүл сыйлау арқылы бір-бірімізге деген ыстық сезімімізді шынайы достығымызды, асқақ мақсаттар мен асулы белестердің биігінен көрінсе деген тілегімізді білдіреміз.
Бүгін Мектебімізде алғаш рет өткелі тұрған «Гүлдер мерекесі »сайыс түрінде өтілетіндіктен сіздерді әділ-қазылар алқсымен таныстырып өтейін
Сахнаға сайыскерлерді, яғни 7-10 сынып оқушыларын шақырамыз. Музыка ойнап сахнаға әр сыныптан 3 оқушыдан шығады.
Табиғаттың өзіндей
Ерке нәзік сезімдей
Үлбіреген гүл ару
Күзетейік көз ілмей
Нәзік гүлдер-әніміз
Жайнап өссін –бауымыз
Енсесі биіктеп барады
Гүлге оранған тауымыз дей келе сайысымызды бастайық
Үй тапсырмасы экибанолар жасап келу берілген және оны қорғау
Әр сынып кезекпен тапсырмаларын орындайды.
Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнап кезім келді деп
Қанаттарын желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға
Сайысымыздың келесі түрі «Гүл сыйлай білесің бе?»
Әр сынып оқушылары белгілі мерекелерде қандай гүлді кімге сыйлауға болатынын айтады.
Гүл сыйлау әдебі
-Гүл сыйлау арқылы - кез келген адамның ішкі сезімін оятуға болады. Гүлді балаға да, қартқа да тарту ете аласыз. Бүгінгі гүл беру әдебіне келер болсақ, гүлпаздар жігіттерге: «Сүйіктілеріңе арнап 1 дана алқызыл раушан гүлін сыйлау - жүрегіңдегі сезімді паш ету» деп кеңес айтар едім. Дегенмен гүлді тек жүрегіңдегі сезімді жеткізу үшін ғана емес, кез келген мерейтой не қуаныш иесіне оған деген құрметінің белгісі ретінде сыйға тартады. Қандай қымбат сыйлықтың қасында да гүлдің орны ерекше. Гүлдерді жылдың кез келген мерекесінде тарту етуге мүмкіндік зор. Бүгінде гүлдердің барлық түрін жылдың мезгіліне қарамастан сыйлауға болады. Мысалы, қызғалдақ гүлі көктемде ғана гүлдейтін болса да, оны жаңа жыл қарсаңында гүл дүкендерінен көруге болады. Сол секілді сыйлық ретіндегі гүлдердің арасында раушан гүлінің салмағы басым. Оның өзіндік себебі бар. Грек аңыздарының бірінде Афродита Адонисқа жан-тәнімен ғашық болғаны жайлы айтылады. Кейін Адонис ажал құшып, жыртқыш аңнан қаза тапқан екен. Сүйіктісін ұмыта алмаған Афродита қатты қайғырып, өмірге махаббатының ізін қалдыру үшін Адонистің қабірінің басына әдемі гүл болып шыққан екен. Содан бері бұл гүлді әлемнің көптеген тілінде бір ғана атаумен «Роза» деп атап келеді. Осы аңыздан соң халық арасында раушан гүлі - махаббат символы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі ретінде қалыптасқан. Ал үйленген жұбайларға раушан гүлінің күлтесін шашу себебі де сол, «махаббаттарың Адонис пен Афродитанікіндей берік және адал болсын» деген ізгі тілектен болса керек. Раушанның гүлі ғана әдемі емес, оның жұпар иісі де адам жанында ұзақ сақталады. Гүл сыйлауда кейбір ережелерді есте сақтаған дұрыс. Барлық адамға бірдей гүл сыйлауға болмайды. Гүлдерді адамның жасына, жынысына, бойындағы қасиеттеріне қарап, бағалап барып тарту етеді. Сол үшін де алдымен гүл сыйлағыңыз келген адам қандай түсті ұнататынын біліп алғаныңыз жөн
Тұрмыс құрмаған жас қыздарға - гүлі әлі толық ашылмаған, жұпар иісі бар, сары немесе күлгін түсті раушан, меруертгүл, ақ түсті бақытгүлін сыйлайды.
Жас келіншектерге - гүлі толығымен ашылған, алқызыл түсті раушан, баршынгүл, қызғалдақ, ашық түсті қалампыр, бақытгүлі не нарғызгүл тарту етеді.
Қызбен алғашқы кездесуде - бойжеткенге бір түстен құралған бір түрлі гүл апарған дұрыс. Алғашқы кездесу үшін гүлкекіре, дәстүргүл, түймедағы және мол гүлдеген шегіргүлдер өте жарасымды.
Мерейтой мен жаңа бір кәсіпорынның ашылу салтанатына - оншақты данасы буылған ақ түсті баршынгүлді сыйлайды.
Неке қию салтанатына - ақшыл сары түсті раушан, ақ немесе күлгін түсті қалампыр, ашық түсті гербераларды тарту етеді.
Қалыңдықтың шешесіне - 8-наурыз, туған күн немесе басқа да мерекелік күндерде күйеу жігіт - гүлдері тік орналасқан лалагүл, аққанат, бақытгүлін сыйлайды.
Аналар мен әжелерімізге - алқызыл раушан, түсі сары бақытгүлі немесе ашық түсті қызғалдақ тарту еткен жөн.
Нәресте туған жас анасына - күлгін немесе қызыл түстегі раушангүлі, қалампыр, фрезияны тарту етеді. Егер егіз бала туылса анасына бір-біріне қатты ұқсайтын екі гүлшоғырын сыйлаған абзал.
Кез келген гүлді сыйлағанда сырт көзбен оның түсіне, сабағының ұзындығына гүлдерінің пішініне қарау керек. Ақ түсті гүлдер - адамның көңіл күйін көтереді, сары түсті гүл - жылу мен жарықтың белгісі, күлгін түс - кеңдік пен сенімділікті, ал қызыл түс - мерекелік көңіл күйді сипаттайды
Қазақ халқы гүлдерге теңеп, осы гүлдей жайнап өссін деп балаларына ат қойған
Қойған жетінші ғасырда
Қызының атын Гулбаршын
Мықты ғой қазақ расында
Өзгелер одан улгі алсын
Қорқыт бабам жырлаған
Алпамыстың ол аруы
Өзгеріссіз жеткен бір маған
Ат мәні сол қалпында
Білдірер баршын молшылық
Гулбаршын емес ол тіпті
Деп ешкім айтпас қарсылық
Сайысымыздың келесі туры «Кім жылдам?»
1.Гүлдің атымен аталған қыз баланың есімдерін атау.7-сыныптар үшін
2. Өсімдіктер туралы мақал –мәтелдер айту 10-сыныптар
3.Теңеу сөздермен, нақыл сөздер 9-сыныптар
4. «гүлден» басталатын және «гүлден» аяқталатын есімдерді атау 8 сыныптар
Бұтаға сый боп тиіпті ,
Мәлім боп елге ерте бұл
Шыңғысханның сүйікті
Жарының аты Бөртегүл
Гүлдің атын қызына
Ертеден қазақ көп қойған
Гүлге ұқсаса қызыға
Қарайды жігіт деп қойған
Бөртегүлдің түс-өңі
Өзіне сәйкес келеді.
Мамыр көзге түседі
Маңына жұпар себеді
Сайысымыздың келесі туры «Өнерлі өрге жүзеді» әр сынып өз өнерлерін көрсетеді: өлең мәнерлеп оқу,би, ән, көрініс көрсету тақырыбы гүлдер.
-Табиғат жер-ана
Саялар панамыз
Құлпырған тірлікпен
Жер құтты гүл біткен деп айта келе гүл мерекесіне арналған сайысымыз осымен аяқталды. Ендігі сөз Әділ-қазылар алқасына беріледі.
Әділ-қазылар қорытындыларын жасап аяқтағанша «Желтые тюлпаны» әнін тыңдаңыздар.
Әділ-қазылар алқасы өздерінің қорытынды сөздерін айтып, гүл мерекесіне қатысушыларға сыйлықтармен марапаттауларын табыс етеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген