Материалдар / Авторлық бағдарлама. Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама. Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт

Материал туралы қысқаша түсінік
«Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» тақырыбы бойынша жазылған авторлық бағдарлама Мектепті басқару жүйесін цифрландыру және оқу пәндері бойынша цифрлық білім беруді қолданудағы әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, Білім беруде цифрлық білім беруді қолдану бойынша ұсынымдар берілген. Қазіргі мектепті тиімді басқару негізінде мұғалімдердің инновациялық технологиялармен қарулануының маңызы туралы түсінік береді. Авторлық бағдарлама мектеп мұғалімдері мен мектеп басшыларына арналған. Жинақ ғылыми-әдістемелік орталығының кеңесімен баспаға ұсынылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Тамыз 2022
947
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОТЫРАР АУДАНЫ

«ЕРГӨБЕК» НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ








АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА



ЦИФРЛАНДЫРУ - БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА НЕГІЗГІ БАҒЫТ


Құрастырушы–

«Ергөбек» негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры: Әлшериева Мадина Ермекқызы



















2021 жыл

ӘОЖ 37.04

КБЖ 368 ҚАЗ

Ц 12

Рeцeнзeнттeр:

A. Қ. Кaлиeвa - пeдaгoгикaлық шeбeрлiк oртaлығының бaс мaмaны Г.Б.Турeбeкoвa - пeдaгoгикaлық шeбeрлiк oртaлығының aғa мeнeджeрi


Әлшериева М. Е.

Ц 12 «Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» авторлық бағдарламасы// Әлшериева Мадина Ермекқызы// Алматы: ҒӘОБ

«Зияткер», 2021 ж. – 36 бет


ISBN 978-2-50000-582-2


«Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» тақырыбы бойынша жазылған авторлық бағдарлама Мектепті басқару жүйесін цифрландыру және оқу пәндері бойынша цифрлық білім беруді қолданудағы әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, Білім беруде цифрлық білім беруді қолдану бойынша ұсынымдар берілген. Қазіргі мектепті тиімді басқару негізінде мұғалімдердің инновациялық технологиялармен қарулануының маңызы туралы түсінік береді.

Авторлық бағдарлама мектеп мұғалімдері мен мектеп басшыларына арналған.

Жинақ ғылыми-әдістемелік орталығының кеңесімен баспаға ұсынылған.

ӘОЖ 37.04

КБЖ 368 ҚАЗ


Қaзaқстaн Рeспубликaсының жaлпы oртa, тeхникaлық жәнe кәсiптiк бiлiм бeру мұғaлiмдeрi үшiн oқу-әдiстeмeлiк oртaлығы кoмиссиясының шeшiмiмeн бaспaғa ұсынылды, жұмыс рeспубликa мұғaлiмдeрiнe тaрaтуғa ұсынылды. 2021 жылғы 15 шілде №22 хaттaмa.



© Әлшериева М. Е., 2021 ж.

© «Зияткер». 2021 ж.

ӘОЖ 37.04

КБЖ 368 ҚАЗ

Ц 12


Әлшериева М. Е.

Ц 12 «Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» авторлық бағдарламасы// Әлшериева Мадина Ермекқызы// Алматы: ҒӘОБ «Зияткер», 2021 ж. – 36 бет


ISBN 978-2-50000-582-2


Оқушылардың қолданбалы өнер жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.

Халық қолөнерін игеру арқылы, халықтың тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Бастаған жұмысын тыңғылықты аяқтап шығуға дағдыландыру. Іскерлігін, белсенділігі мен ой еңбегін және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндеті негізінен қолөнер бұйымдарын жасау барысында жүзеге асыру.

Жинақ ғылыми-әдістемелік орталығының кеңесімен баспаға ұсынылған.







© Әлшериева М. Е., 2021 ж.

© «Зияткер». 2021 ж.

Мазмұны

HYPERLINK "" \l "_bookmark0"Түсінік хат 5 

Ақпараттық анықтама 8

Бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі 8

ІІ. Тұрақтылау (мазмұндық бөлім) 9

ІІІ. Нормативтік бөлім 15

Қорытынды 18

ІҮ. Ақпараттық-әдістемелік бөлім 19

Мектептің объективті жағдайларын анықтауға арналған сауалнама 20

«Бұлтты технологиялар қызметтерін көрсету» тақырыбында мектепішілік

конференциясын өткізу ережесі 23

Адами капиталдың дамуы үшін білім беруде сандық интерактивті

технологиялық әдіс-тәсілдер арқылы оқыту 26

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде

ақпараттық технологияларды қолдану 30

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде цифрлық білім беру қолдану 32

Глоссарий 35

Пайдаланылған әдебиеттер 36

Түсінік хат

Қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы баяндамасында «Бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда мұғалімдермен, Президент жанындағы Ұлттық кеңестің өкілдерімен, сарапшылармен және Парламент депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық зерттеудің нәтижелері бізге негізгі проблемаларды анықтауға және олардың шешімдерін табуға мүмкіндік берді. Жалпы, жаңа Мемлекеттік бағдарлама жобасында 2 мақсат, 11 міндет, 8 индикатор, 39 көрсеткіш қарастырылған, – деді.

Жаңа мемлекеттік бағдарламаға сәйкес негізгі міндеттер айқындалды: қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру; жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту; ғылымның ел экономикасына қосар үлесінің артуы. Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет. Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда, инфрақұрылымы дамуда.

Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр.

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен

байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын цифрлық платформа құру мақсаты Цифрлік Қазақстан -2020 Елбасымен ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.

ХХІ ғасырдың икемділігі мен құзыреттілігіне келсек, олар бастауыш мектептен бастап барлық білім беру қызметінде қалыптастырылуы керек. Білім беруді цифрландырудың, атап айтқанда жалпы білім беру жүйесінің іске асуының кейбір аспектілеріне тоқталайық.Соңғы уақытта жеке тапсырмалардан бастап тағайындалған құзыреттерді қалыптастыру үшін толық курстар мен модульдерге дейін ашық жалпы білім беру, жалпы дамудың онлайн-ресурстарын құру және пайдалану үдерісі белсенді түрде жүргізілуде. Онлайн курстардың бірыңғай платформасы баршаға ақпараттық ағындарға жылдам бейімделуге, ақпаратты бағалауға, ерекше жағдайларда шешімдер қабылдауға, бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасырдағы дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Халық өмірінің әлеуметтік парадигмасын қайта цифрландыру, ол адамдардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа білім алу мүмкіндігін ашады. Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі - желілік қызмет, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шалғай шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер. Желілік технологияларды қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері - бұл икемділік, ұтқырлық, өндіріс қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа ағындарды қабылдауға бағдарлау.

«Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» тақырыбы бойынша жазылған авторлық бағдарлама Мектепті басқару жүйесін цифрландыру және оқу пәндері бойынша цифрлық білім беруді қолданудағы әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, Білім беруде цифрлық білім беруді қолдану бойынша ұсынымдар берілген. Қазіргі мектепті тиімді басқару негізінде мұғалімдердің инновациялық технологиялармен қарулануының маңызы туралы түсінік береді.

Авторлық бағдарлама мектеп мұғалімдері мен мектеп басшыларына арналған.

Тақырыптың өзектілігі:


Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым- қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық технология- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет.


Бағдарламаның мақсаты:


  • Білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.

  • Бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту.

  • Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

  • Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болу

  • Ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіру


Бағдарламаның міндеттері:


  • Білім беру сапасын арттыру,

  • Білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру

  • Білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіру

  • Оқу үрдісін дербестендіру

  • Жан жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:


  1. Тиімді басқару арқылы инновациялық технологияларды меңгеріп, әр сабақта пайдалануға бағытталады.

  2. Педагогика саласындағы әлемдік экономикалық ғылым жетістіктерін негізге ала отырып, оны білім мекемелерін басқару ерекшеліктеріне орай пайдалану дағдыларын меңгереді.

  3. Бағдарлама теориялық білімдерді практикалық тапсырмалармен бекітуге және басқару әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.


Ақпараттық анықтама


Бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі

(жыл)

2021-2024

Оқыту мерзімі

40 минут

Жас ерекшіліктері

Ересектер тобы

Мұғалімдер


Апта жүктемесі

1

Жылдық сағат саны

34


Бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі


2021 -2024 оқу жылдары "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған бағдарлама білім салаларының технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.

ІІ. Тұрақтылау (мазмұндық бөлім)


1. Кіріспе. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы - озық білім мен құзіреттіліктің бастамасы 1-сағат

Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды

дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру


І бөлім. Білім берудегі цифрландырудың жаһандық үрдістері (7- сағат)


  1. Цифрлық Қазақстандағы білім беру жүйесі – 1-сағат

Цифрлы Қазақстан бағдарламасындағы мектеп мұғалімдерінің рөлі, атқарар міндеті мен жауапкершілігі өте ауқымды. Білім беру саласы – бәрі- міз үшін өте маңызды тақырып. Ұлттың болашағы білім-ғылыммен қаруланған келешек ұрпақтың қолында.

  1. Білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың орны мен қолданылуы – 1-сағат

Бұл бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласын жаңа сапаға көтеруді мақсат етеді; қағаз жүзіндегі жұмыстар электронды нұсқаға көшірілуімен ерекшеленеді.

  1. Бұлтты технологияларды білім жүйесінде пайдалану – 1-сағат

«Бұлтты технология» дербес оқу, интерактивті сабақтар мен ұжымдық оқыту үшін тамаша мүмкіндік жасай отырып, дәстүрлі оқудың орнына жаңашыл баламаны ұсынады. Сонымен қоса желілік бұлт оқушыларға өзара әсер етуге және орналасу жеріне байланыссыз ата-аналарымен, құрбыларымен бірлесіп жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

  1. Бұлтты технологиялар қызметтерін көрсету – 1-сағат

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім беруді басқару жүйесі білім алушылардың есебі мен қозғалысын, ресурстардың республикалық есебін автоматтандыруды, кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырыс бюджетін талдау мен жоспарлауды, білім беру ұйымдарын ресурстармен қамтамасыз етуді, білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жоспарлау мен жүргізуді көздейді. Білім алушылардың, оқытушылар мен әкімшілік құрамның, мектепке дейінгі, орта білім беру саласындағы білім беру ұйымдарының өмірлік циклін басқару және мониторинг жүргізу.

  1. «КАБИС» жүйесі негізінде мектеп кітапханасы қызметін автоматизациялау – 1-сағат

Co-working орталығын ұйымдастыру арқылы мектеп кітапханасының оқу ресурстарын пайдалану мҥмкіндіктерін талапқа сай жұмыс жүргізу.

«КАБИС» жҥйесі кітапхана жҧмысының барлық процестерін: кітап қорын

ҿңдеу, толықтыру, электрондық каталог ҧйымдастыру, оқырмандарды тіркеу, қызмет кҿрсету т.с.с толық автоматтандыруға арналған.

  1. Педагогтердің ақпараттық – коммуникациялық дағдыларын

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы негізінде дамыту 1-сағат

Цифрлық сауаттылық - бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлық сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық жҽне жаратылыстану сауаттылығымен тең дҽрежеде назар аударылуы керек.

  1. Мұғалімнің кәсіби дамуындағы ақпараттық технологиялық орта

  • білім сапасын арттыру негізі – 1-сағат

Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндер түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Бұл оқулықтарды пайдалануда оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электрондық оқулықтағы өзін-өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысты алмастырады.


ІІ бөлім. Адами капиталдың дамуы үшін білім берудегі сандық технологиялар (17-сағат)


  1. Бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт – 1-сағат

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту өзектілігі әлеуметтік функциясының маңыздылығы – білімді өндіру және түрлендірумен негізделеді, олар қазіргі қоғамдағы еңбек бөлінісінде шешуші рөлді атқарады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады.

  1. 1Білім берудегі сандық технологиялар – 1-сағат

2.2. Сандық тұтыну 1-сағат

23. Сандық құзіреттілік – 1-сағат

“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасының ажырамас құрамдас бөлігі – білім беру саласындағы цифрландыру процесі. Сандық технологиялар, биотехнологиялар, коммуникациялық желілерді дамыту білім беру кеңістігін ұйымдастыру және тұлғаны дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Сандық білім беру ресурсы – бұл заманауи оқудың мақсат-міндеттерін жҥзеге асыруға бағытталған графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет жҽне басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзі.

  1. Бастауыш сыныптарда жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын дамыту негіздері – 1-сағат

Ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып

оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлау ы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізеді.

  1. Коммуникативті дағды мен цифрлық білім беру байланысы – 1-

сағат

Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде,

негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі жҽне жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!