400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама дүниетану 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жинақ бастауыш ұстаздарымен 3 сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынып отыр. Әрбір тақырып тарау бойынша қамтылған. Бұл жинақта 3 сынып материалдары толық қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 сынып Дүниетану

















ББК 74.262.4

Б-83







Б-83 Дүниетану: 3сынып/ құраст.: А.Ө. Құрманбаева, М.Т.Есперова,

ISBN 9965-744-08-4



Бұл жинақ бастауыш ұстаздарымен 3 сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынып отыр. Әрбір тақырып тарау бойынша қамтылған. Бұл жинақта 3 сынып материалдары толық қамтылған.





ББ



ISBN 9965-744-08-4

ББК 74.262.4

© А.ӨҚұрманбаева,

2017ж

« » баспасы , 2017













Түсінік хат

Қазақстан Республикасының бастауыш білім беруге арналған Мемлекеттік жаңа білім стандартында көрсетілгендей , бастауыш білім мазмұнының жаңа бағдарламалары оқушылардың білім , білік, дағдаларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі:

  1. Оқу материалдарының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (яғни міндетті деңгейі).

  2. Оқу материалдарының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе мүмкіндік деңгейі.



Жоғарыда аталған деңгейлердің арасында әлі де бірнеше деңгей болуы мүмкін. Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.

Міне осы аталған деңгейлер көлемінде сапалы білім бере отырып оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, интелектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдістің – тесттік тапсырмалар. Осыған байланысты бүгінгі күні оқу үрдісінде тесттік тапсырмаларды қолдану қажеттілігі пайда болды.

Тест (ағылшын тілінен аударғанда байқау, сынақ, бақылау) – орындалуы белгілі бір білім, білік, дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған стандартты нысандағы тапсырма. Тест түрлері барлық пән бойынша оқу бағдарламасындағы жүйенің қатаң сақталуымен беріліп, іс –жүзінде екі деңгейдегі білім мазмұнынын сапасын анықтауға арналған дидактикалық құрал.

Тесттік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.

Тест тапсырмаларының сапасын арттыру үшін әр мұғалі оқушылардың білім дәрежесін , жас ерекшеліктерін ескере отырып тестті өзі әзірлегені тиімді.

Тест жұмыстарының дұрыс құрылуы , бала жасы мен шамасының лайықтылығы нәтижесінің талданылуы білім сапасының арттыруға мүмкіндік тудырады.

Бұл жинақта 3 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қортындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен елінің тарихы, мал шаруашылығы , өсімдіктері мен жануарларын тест сұрақтарынан кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған тест жинағы оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенеміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев табиғат байлығы туралы былай деген: «Жердің де судың да иесі сендерсіңдер жас ұлан!» жас ұрпақты қоршаған ортаға ерекше құрметпен қарап сүйе білуіне ықпал ете білуіміз керек.

Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту , алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін,ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Әдістемелік жинақтың білімділік, тәрбиелік

мәндерінің жоғары болуымен қоса пәнаралық байланыс жағы қарастырылды. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды.

Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды.







Күтілетін нәтиже



Дүниетану тест жұмыстары 3 сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр.Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамытып , шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа , адамгершілікке , инабаттылыққа, тәрбиелейді.

Сонымен бірге жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін жан-жақты білуіне , құрметтеуіне ықпал етеді. Тест жинағы әртүрлі жұмыс түрлерімен толықтырылған. Атап айтсақ сәйкестендіру , бақылау , білімін тексеру , ашық тест ,жабық тест түрлерінің қамтылуымен ерекшеленеді.

Бұл ерекшелік сөз жоқ оқушыларды жан-жақты дамуға , өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын , табиғатқа деген сүйіспеншілігін , туған жердің ерекшеліктерімен жете танысуға ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.

Әдістемелік құралдан күтетін негізгі нәтижелеріміз төмендегідей:

  • Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;

  • Денелер,нәрселер,құбылыстар,олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;

  • Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;

  • Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;

  • Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;

  • Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі;















П І К І Р

Оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастырып интеллектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдістің бірі тестілік тапсырмаларды қолдану қажеттілігін жете түсінген жаңашыл жас ұстаздар ............................... «Дүниетену тест жұмыстары» 3 сыныпқа арналған оқу әдістемелік құралының ерекшелігі оқушыларды қоршаған ортаның әртүрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыру үшін аймақтық компонентті кеңінен пайдалануды ескерген. Оқушыларға туған өлкесінен алынған таныс материалдармен түсіндіріп оқушы санасына, ұғымына жақын, тілі жеңіл тәрбиелік мәні зор тапсырмалар қарастырылған.

Тест тапсырмаларының тағы бір ерекшеліктері оқулықтағы тараулармен тығыз байланысты, жүйелі сәйкестендіріліп құрылған. Тест орындалуы белгілі бір білім, білік дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған.

Жас ұстаздар оқушыларды жалықтырып алмау мақсатында тестілердің әртүрлі әдістерін кіргізген. Тестілік тапсырмалардың әртүрлі нысанда дайындалуы, білікті құрастырылған тестің сипаттық ерекшелігі екендігін ескерсек жас, жаңашыл ұстаздардың жаңа технологияларды әр сабақтарында тереңнен пайдаланып, өз жұмыстарына шығармашылықпен қарайтынын аңғартады.

Әрбір тарауға байланысты берілген тапсырмалар оқушыларды ойландыруға ой қорытуға ұғымдарын жүйелей білуге жетелейді. Кейбір сұрақтарға жауап алу оқушылардың өмір тәжірибесінен табиғатты бақылауына да байланысты. Яғни, оқушыларды зерттеу жұмысына да жұмылдыру көзі болып табылады. Осының нәтижесінде оқушылардың теориялық білімні тереңдетуге байқағыштықтарын дамытуға, сөз қорларын молайтуға, айналадағы дүниеге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік тудырады.

Тапсырма орындау барысында оқушыларға берер тәрбиелік мәні де зор. Оқушыларды ұйымшылдыққа, қайсарлыққа, ізеттілікке, адамгершілікке, елі, жері туралы терең білім алып оны сүйуге тәрбиелейді. Сондықтан оқушылардың сауаттылығын арттырып, есте сақтау қабілетін дамытуда баланың дүниетанымын кеңейтіп Егеменді еліміздің жан-жақты мәдениетті болашағын тәрбиелеуге көмегі болар деген ойдамын.

Бастауыш пән мұғалімі,

жоғарғы санаттағы ұстаз:







Сабақ тақырыбы: Адам – табиғат перзенті

Күні: _________________________________________

Рисунок 5 Shape1

Shape2 Shape3

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Өзін-өзі бағалау:

Shape4 Shape5

Тест №1

1.Адам табиғаттың қандай бөлігі?

А)негізгі бөлігі Ә)тірі табиғат

Б)арнайы бөлігі В)өлі табиғат



2.Адам басқа тіршілік иесімен несімен ерекшеленеді?

А)саналылығымен Ә)қоректенуімен

Б)сезімталдығымен В)дене мүшесімен



3.Адам денесі қандай бөліктерге бөлінеді?

А)бас, мойын, кеуде,қол, аяқ Ә)бас, кеуде, қол, аяқ
Б)бас, қол, аяқ, дене В)бас, мойын, дене, қол, аяқ



4.Денені не қаптап тұрады?

А)май Ә)түк Б)тері В)бұлшық ет



5.Адам денесінің құрамына жатпайтын бөлікті тап:

А)бұлшық ет Ә)қан айналысы Б)ж

А)тірек Ә)қорганыш Б)ас қорыту В) қан айналу



7.Адамда неше жұп қабырга бар?

А)16 Ә)20 Б)12 В)18



8. Сау адамды сипаттау үшін сөздерді таңда: сымбатты, бүкір, күшті, мықты, толық, жүдеу, епсіз, арық, алқызыл бетті, шымыр

_______________________________________________________________



9. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, шектер, бауыр - бұлар ___________________________________ мүшелері.



10.Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

А)30-33 Ә)33-34 Б)23-24 В)43-44



11.Қол мен аяқ сүйектері бір-бірімен қалай жалғасады?

А)буын арқылы Ә)шеміршекпен Б)жұлын арқылы В)омыртқамен



12. Бұлшық ет қандай қызмет атқарады?

А)қозғалыс Ә)қорғаныш Б)тірек В)тыныс алу



13. Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады?

А)қозғалыс Ә)қорғаныш Б)ас қорыту В)тірек



Сабақ тақырыбы: Ағза мүшелері және оның қызметі

Күні: _________________________________________

үйке жүйесі В)желбезек

6.Адам терісі қандай қызымет атқарады?

Shape6

Shape7 Shape8

Shape9

Shape10 Shape11 Shape12 Shape13

















Тері-ағзаның қорғаныс мүшесі және оның атқаратын қызметі

Сөйлемді аяқта:

Денің сау болсын десең әрдайым ............................................шұғылданған дұрыс.

Ағзаны ойдағыдай дамыту үшін.........................................................................қажет.

Денені шынықтырумен бірге...............................................................дамыту қажет.

Ежелгі адамдар өзінің.....................................................................................дамытқан.



Тест тапсырмалары

1.Тері үсіген кезде:

А)сылайды Ә)жылы суға салады Б)тілімен жалайды

В)ақ дәкемен орайды Г)алақанмен ысқылайды

2.Соғып жарақаттанғанда:

А)жылы суға салынған дәкімен орайды Ә)қыздыратын затты басады

Б)медициналық жапсырманы жапсырады

В)суық суға малынған дәкемен орайды

3.Егер жарақат үлкен болса: А)қатты айқайлайды

Ә)ұйықтауға тырысады Б)дәрігерге көрінеді В)білетін адамдарға көрсетеді



Өзін-өзі бағалау:

Барлығын түсіндім “жасыл”, енді түсініп келемін “сары”, мүлдем түсінбедім “қызыл түске боя Shape14

















Қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту мүшелері

Тест№2

1.Жүрек кеуде қуысының қай бөлігінде орналасқан?

А)оң Ә)сол Б)жоғары В)төменгі



2.Қанның ағзада қозғалуын қалай атайды?

А)қан ағу Ә)қан таралу

Б)қан айналысы В)қан қызметі



3. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады?

А) 60-90 Ә)60-70 Б)50-60 В)60-80



4.Өкпе қандай бөліктерден тұрады?
А) Оң, сол Ә)төменгі, жоғарғы

Б)дара, косарлы В)негізгі, көмекші



5.Тыныс алудың қандай маңызы бар?

А)таза ауа өкпеден шығарылады Ә)кеуде тарылады

Б)Таза ауа өкпеге енеді В)өкпе сығады



б.Тыныс шығарудың қандай маңызы бар?

А)көмірқышқыл газы өкпеден шығарылады Ә)өкпеден таза ауа шығарылады

Б)қабырғалар жоғары көтеріледі В)өкпе кеңиді



7. Дұрыс жауабын тап:

1. Жүректен шығатын ең ірі тамыры 1. Қылтамырлар

2. Жүректен барлық мүшелер 2. Көктамырлар

мен жасушаларға қан апаратын тамыр.

3. Жүрекке қан баратын тамыр 3. Қолқа

4. Ең кішкентай қан тамырлары 4. Сала тамыр

8.Төмендегі мүшелердің қайсысы ас қорыту мүшесіне жатпайды?
А)ауыз Ә)өңеш Б)асқазан В)өкпе



9. Ас қорыту мүшесіне жататын безді тап
А)ұйқы безі Ә)сілекей безі

Б)жұтқыншақ безі В)тері асты безі



10.Қорытылып еріген тағам денеге қалай тарайды?
А)сөл арқылы Ә)қан тамырымен

Б)шек арқылы В)асқазан арқылы



11. Тіске зақым келтірмеу үшін не керек?

А)конфет жеу Ә)сүйек кеміру Б)тазалап отыру В)жаңгақ шағу

Тест №3

Жүйке жүйесі, сезім мүшелері

1. Жүйке жүйесі неден тұрады?

А) ми мен тамырдан Ә) ми мен жұлыннан

Б) жұлын мен еттен В) тамыр мен мидан



2.Айналадағы ортадан қабылданған ақпарат не арқылы миға кетеді?

А) сүйек арқылы Ә) тері арқылы

Б) сезім мүшелері арқылы В) жүек арқылы



З.Жұлын адам денесінің қай бөлігінде орналасқан?

А) баста Ә) омыртқада Б) бұлшық етте В) қолда



4.Сырттан қабылданған ақпарат дененің қай мүшесінде талданады?

А) мида Ә)жүректе Б) бұлшық етте В) сүйекте



5.Жүйке жүйесі шаршауын болдырмас үшін қандай әрекет ету керек
А) барынша жұмыс істеу керек.
Ә) дене еңбегі мен ой еңбегін кезектестіру керек
Б) көп ұйықтау керек
В) көп ойлану керек



6. Байланыстар:

1. Көру мүшесі 1. Тері

2. Сипап сезу мүшесі 2. Құлақ

3. Иіс сезу мүшесі 3. Көз

4. Дәм сезу мүшесі 4. Мұрын

5. Есту мүшесі 5. Тіл



8.Дәптер мен көздің ара-қашықтығын көрсет

А) 10-15 см Ә) 20-25 см Б) 30-35 см В) 40-45 см



9.Көзге пайдалы түсті көрсет

А) сары Ә) қоңыр Б) көк В) жасыл



10.Құлақгың ең жұқа бөлігі

А) дабыл жарғағы Ә) төс Б) мембрана В)балғашық



11.Шылым шегу арқылы қай сезім мүшесіне зақым келеді?
А) дәм сезу Ә) есту Б) көру В) иіс сезу



12. Заттардың сапалық қасиеттерін қай мүше арқылы аныктаймыз

А) тері Ә) иіс сезу Б) көру В) есту



Қаңқа және бұлшық ет

Сызбаны сәйкестендір

Қаңқа сүйектері

Қызметі

Бас сүйек

қозғалыс мүшелері

Омыртқа

аяқтың тірегі

Көкірек қуысы

өкпе мен жүректі қорғайды

Жамбас сүйек

жұлынды қорғайды

Қол-аяқ сүйектері

миды қорғайды



Қайсысы дұрыс. Ойыңды дәлелде

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өзін-өзі бағалау Барлығын түсіндім “жасыл”, енді түсініп келемін “сары”, мүлдем түсінбедім “қызыл түске бояShape15

Жүрек-қан тамырлары. Қанның қызметі

«Жүрек» сөзіне қатысты сөздерді жаз.

Shape16

Ағзадағы қанның қызметін мәтінді пайдалана отырып

тапсырманы орында



Жүректен бүкіл мүшелерге қан тасымалдайтын тамырдың атауы


Жүрекке бүкіл мүшелерден қан тасымалдайтын тамырдың атауы















Өзін-өзі бағалау Барлығын түсіндім “жасыл”, енді түсініп келемін “сары”, мүлдем түсінбедім “қызыл түске боя Shape17

Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі. Тамақтану гигиенасы

Біз асты қалай қорытамыз?

Picture 1

Тамақтану гигиенасының  қандай ережелері бар деп ойлайсыңдар?

Shape18

Өзің қай ережені үнемі қолданып жүрсің?

Shape19













Өзін-өзі бағалау:

Денелер. Заттар. Табиғаттағы құбылыстар

Суреттегі жасанды денелерді анықтап, теріп жаз

Тест №4

Табиғатты адам қалай зерделейді? Денелер.

Заттар. Құбылыстар

1.Табиғат заттары мен құбылыстарын көріп ұстап, тыңдап
зерделеу жолдарын қандай әдіс дейді?

А) есту Ә) көру Б) зерттеу В) бақылау



2 Тәжірибе әдісін басқаша қалай атайды?

А) эксперимент Ә) бақылау Б) зерделеу В) жоспарлау



3. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?

А) термометр Ә) градусник Б) монометр В) метр



4Адамды жан-жағынан қоршаган нэрселер не деп аталады?

А) құбылыс Ә) зат Б) табиғат В) дене



5. Табиғи денелер қатарын тап

А) күң, ай, бұлт, ауа Ә) күң, ай, кітап, үй Б) күң, ай, су, ау В) күқ ай, жел, қар



6.Қоректену, өсу, өну, ескіру сияқты қасиеттер қандай денелерге тән?

А) өлі Ә) тірі Б) жасавды В) заттарға



7. Сені қоршап тұрған қатты, сұйық, газтәріздес заттарды жаз:

Қатты ________________________ сұйық _________________________

газтәріздес_____________________________________



8. Кез-келген дене неден тұрады?

А) заттан Ә) ауадан Б) кұбылыстан В) судан



9.Адам қолдан жасайтын денелер қандай денеге жатады?
А) тірі Ә) өлі Б) зат В) құбылыс



10. Табиғаттағы өзгерістер қалай аталады?

А) табиғат құбылыстары Ә) табиғат заттары
В) табиғат бөліктері В) табиғат дүниелері



12.Жер бетінің қағазға өте кішірейтіп салынған бейнесі қандай
карта деп аталады?

А) физикалық Ә) саяси-әкмшілік Б) географиялық Г) атлас



13. Картада қаланы қандай шартты белгімен белгілейді?

А)дөңгелек Ә) үшбұрыш Б) сызық В) шаршы







Тест №5 Ауа



1.Жер шарын жан-жағынан қоршап тұратын біртұтас қабат қалай аталады?

А) ауа қабаты Ә) жер қабаты Б) су қабаты В) топырақ қабаты



2.Ауаның түсі каңдай?

А) ақ Ә) мөлдір, түссіз Б) көгілдір В) ақшыл



3.Жылу ауаға қалай таралады?

А) жер бетінен Ә) күннен Б) судан В) желден



4. Бүгін жылы, суық, ыстық дегенде________________________________

_______________________________________________________ ескереді.



5Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай

атайды?

А) су Ә) жауын Б) қар В) жел



6. Желдің күші мен бағытын бақылайтын құрал қалай аталады?
А) термометр Ә) градусник Б) флюгер В) монометр



7.Ұсақ су тамшыларының шоғырлануынан жер бетінде пайда болатын құбылыс?

А) тұман Ә) жауын Б) бұлт В) бұршақ



8. Жер деңгейіндегі бұлт- __________________________________________



9.Бұлттың түріне жатпайтын жауапты тап
А) будақ Ә) шарбы Б) қабат В) аралас



10.Метереологиялық станцияларда нені бақылайды?

А) ауа райын Ә) табиғатты Б) аспанды В) жерді



11. Жер бетіне түсетін жауын-шашын қандай өлшеммен өлшенеді?
А) метр Ә)сантиметр Б) дециметр В) милиметр



12. Қандай жерде лас ауа көп болады?

А) орманда Ә) өндірісті қалада Б) тауда В) өзен-көл жағасында

Табиғаттағы су. Бұлт және тұман

Су дегеніміз не? _________________________________________

Shape20

Shape21 Shape22 Shape23

Өзін-өзі бағалау

Shape24 Shape25 Shape26



Тест№6

Су

1.Жер бетіндегі ең көп таралған зат:

А) су Ә) топырақ Б) пайдалы казба В) өсімдік



2.Табиғатта судың неше күйі болады? А)2 Ә)1 Б)3 В)4



3.Су өткізбейтін тау жынысын ата:

А) құм Ә)саз Б)малта тас В)қиыршық тас



4.Өэеннің бөлігіне жатпайтын жауапты тап:

А)сағасы Ә)саласы Б)бастауы В)санасы



5.Тұз қандай көлден өндіріледі?

А)тұзды Ә)жасанды Б)тұщы В)құмды



7. Үшбиік аймағындағы жасанды көлде өсетін балық түрлерін жаз_________

__________________________________________________________________



8.Судың сұйық күйден қатты күйге айналгандағы түрін қалай атайды?

А)өзен Ә)мұз

Б)теңіз В)бу



9.Құрғақшылық жерлерде қолдан жасалатын көл қалай

аталады?

А)тұщы Ә)тұзды Б)балықгы В)жасанды көл



10.Әрбір адам тәулігіне тамаққа және ішуге қанша литр су

жұмсайды?

А)2-3л Ә)2-4л Б)1-2л В)5-6 л



11.Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекеттер жасауы керек?
А)ластау керек Ә)үнемді пайдалану керек

Б)қолданбау керек В)ешқандай

Тау жыныстары

Жер қыртысын толтырып жатқан денелер ...................................... деп аталады.

Кестені толтыр



Жыныстың аты


Құрамы


Қайда қолданылады ?
















Тест №7

Тау жыныстары

1 .Жер қыртысын толтырып жатқан денелер калай аталады?

А)тау жыныстары Ә)су

Б)топырақ В)ауа



2.Тау жыныстарының қасиетіне жатшйтын жауапгы тап:

А) қатты Ә) сұйық Б) газ В) бу



3.Тығыз тау жынысына жатпайтынын көрсет:

А)мәрмәр Ә)гранит Б)тас көмір В)саз



4.«Гранит» сөзі қазақша қандай ұғымды білдіреді?
А) ұсақ Ә) түйіршікті Б) қатты В) кесек



5.Төменде берілген тау жыныстарының қайсысы майда
тау жыныстарына жатады?

А) құм, әктас Ә) құм, гранит

Б) құм, саз В) құм, көмір



б.Қандай тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті бар?
А) құм Ә) саз Б) мұнай В) газ



7.Пайдалы қазба шоғырланған жер қалай аталады?

А) жер қыртысы Ә) шахта Б) құдық В) кен орны



8.Тас көмір, мұнай, газ қандай пайдалы қазбаға жатады?
А) кен пайдалы қазбасы Ә) кенге жатпайтын

Б) жанғыш В) жанбайтын



9.Тас көмірдің аса ірі кен орны қай калада орналасқан?
А) Жезқазған Ә) Қараганды

Б) Қаратау В) Маңғыстау



10.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаны көрсет

А) фосфорит Ә) әктас

Б) мәрмәр В) мұнай



Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері

Shape27 Топырақтың құрамы

Shape28 Shape29 Shape30 Shape31 Топырақ құрамы туралы жұбыңмен әңгімелес, өз ойыңды жаз

Shape32

Тест №8

Топырақ

1. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы кабаты қалай аталады?
А) кұм Ә) топырақ Б) саз В) батпақ



2. Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәңдіктердің қалдығы қалай аталады?

А)қарашірік Ә) шымтезек Б)тыңайтқыш В) көң



3.Топырақгың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?
А) тұздылығында Ә) су өткізгіштігінде

Б) құнарсыздығында В) кұнарлылығында



4. Құм, саз, қарашіріктен басқа топырақта _______________________________және ________________________________________бар.



5.Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі?
А) сор топырақта Ә) тұзды топырақта

Б) қара топырақта В) сары топырақта



6.Сор топырақ Қазақстанның қай өңірінде көп таралған?
А) Оңтүстігінде Ә) солтүстігінде Б) шығысында

В)батысында



7.Топырақгың құнарлылығын арттыру үшін оған не қосады?
А) тұз Ә) тыңайтқыш Б) құм В) су



8. Әрбір өсімдіктің тіршілігі немен байланысты?

_____________________________________________________________________



9.Қандай топырақта өсімдік сирек өседі?

А) қара Ә) сары Б) сор В) қоңыр



10 .Топырақты шайылудан не жақсы сақтайды?
А)орман Ә)тас Б)арық В) өзен



11.Қара топырақ біздің еліміздің қай жағында көбірек таралған
А) оңгүстігінде Ә) солтүстігінде

Б) шығысында В) отбасында



12.Топырақтың құрамына жатпайтын затты тап
А) су Ә) шірінді Б)тас В)ауа



Өсімдіктердің көптүрлілігі

Сабағы-______________________________________________________________________________________________________________________________________Жапырағы________________________________________________________________________________________________________________________



Тест №9.

Өсімдікгердің көп түрлілігі

1.Өсімдіктің тіршілік етуі үшін өте қажетті жағдайларды тап
А) ауа, су, көлеңке Ә) ауа, корек, ылғал, жарық, жылу

Б) жарық, су, құм, саз В) топырақ, су, тұз



2.Жалбыз бен жоңышқа қандай жерде өседі?

А) құрғақ Ә) тастақ Б) ылғалды В) көлеңке



3.Жантақ тамырының ұзындығы неше метр?

А)15-20м Ә)30-40м Б) 10-12 м В) 20-25



4.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің қатарын көрсет
А) күреңот, жоңышқа Ә) суттіген, жантақ

Б) мақта, жүгері В) жалбыз, күріш



5Shape34 . Тамыр қайсы, тамыр сабақ қайсы, тамыр жеміс қайсы (суреттер) екенін жаз.









6.Жылу сүйгіш өсімдіктерді тап

А) күреңот, жоңышқа Ә) сүттіген, жантақ

Б) жалбыз, күреңот В) жүгері, күріш, қияр



7.Суыққа төзімді өсімдіктерді тап

А) жоңышқа, жалбыз Ә) сүттіген, жантақ
Б) қоға, құрақ В) бидай, сұлы, арпа



8.Суыққа төзімді өсімдіктердің тұқымын қай мезгілде себеді?
А) ерте көктемде Ә) жазға таман Б) күзде В) қыста



9.Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата

А) жалбыз, күріш Ә) мақта, өгейшөп, қоңыраубас

Б) бетеге, көде В) қойбүлдірген, қазтабан



10.Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тап

А) бидай, күріш Ә) егейшөп, қоңыраубас

Б) қырлышөп, қарғакөз В) күреңот, жоңышқа



11.Қайың қанша жыл тіршілік етеді?

А)160ж Ә)140ж Б)150ж В)130 ж



12. Сен білетін біздің жердегі дәрілік өсімдіктерді жаз.

__________________________________________________________



Мына жануарды боя, сипатта. (Қасқыр)

Picture 1 Shape35

Тест№10

Жануарлардың көп түрлілігі

1.Жануарлар тобы қандай табиғатқа жатады?

А)тірі Ә)өлі Б)жасанды В)жауапгың бәрі дұрыс



3.Көбелектің дернәсілі қалай аталады?

А)шыбын Ә)уылдырық Б) жұлдызқұрт В)жұмыртқа



4.Қоңыз, көбелек, бал арасы қандай топқа жатады?
А) қосмекенділер Ә)сүтқоректілер
Б)бауырымен жорғалаушылар В)бунақденелі



5. Жануарлар тіршілігінің бір бөлігін суда, бір бөлігін құрлықта өткізеді – бұл ___________________________________________________________



6.Денесі жұмсақ, қауіпті сезсе денесін жиырып, қуыршақка

тығылатын бунақденеліні тап?

А)өрмекші Ә)ұлу Б)баларасы В)шұбалшаң



7.Улы жәндіктер қатарын белгіле:
А)көбелек, шыбын Ә)бүйі, қарақұрт, кене
Б)қарақұрт, ұлу В)бүйі, шұбалшаң



8.Жаңбыр жауғанда жер бетіне шығатын, денесінің сырты ылғалданып тұратын жәндікті тап:

А)жұлдызқұрт Ә)қанқызы Б)қарақұрт В)шұбалшаң



9. Ара шаруашылығынан адам не алады? А)дәрі-дәрмек Ә)бал Б)қант В)тосап



10.Суды тазартуға үлес қосатын жануарлар қатарын көрсет:
А)бақа Ә)балықтар,су ұлулары

Б) сазқұндыз, камшат В) тасбақа, шаян



11. Құрып кету қаупі бар жан-жануарлардың аты қандай кітапқа жазылады?

А) жасыл Ә) қызыл Б)көк В)қоңыр



Дарынды балаларға арналған тест.



І-нұсқа



1.Адам денесінде қанша сүйек бар?

А)204 Ә)199 Ә)200



2.Шеміршектің сүйектенуі неше жаста аяқталады?

А)33 Ә)25 Б)27



3.Жаңа туған бала 1 минутта қанша тыныс алады?

А) 50рет Ә)65рет Б)60рет



4.Дәрумендер сөзі грек тілінде қандай мағынаны білдіреді?

А)Өмірді жалғастырушы Ә)Пайдалы Б)Қажетті



ІІ-нұсқа



1.Адамға бір тәулікте неше грамм май қажет?

А)40-50г Ә)50-60г Б)55-60г



2.Мақал-мәтелдің жалғасын тап?

Шомылған бойын сергітеді, _________________________.

А) Оқыған ойын сергітеді

Ә)Оқыған білімін жетілдіреді

Б)Оқыған жан-жақты болады



3.Ауа райын болжайтын жәндіктерді ата?

А)Құмырсқа, қоңыз

Ә)Шыбын, шегіртке, бал арасы

Б)Құмырсқа, шыбын, қоңыз



4.Ит сусыз қанша күн шыдай алады?

А) 5-7 Ә)8-9 Б)3-4



ІІІ-нұсқа



1.Өсімдіктерді қандай бунақ денелілер тозаңдандырады?

А)Ара, сона, көбелектер, монарх көбелегі

Ә)Балық, ара, шұбалшын, сона

Б)Көбелек, монарх көбелегі, ара



2.Бақылдақ бақаның аяғының ұзындығы неше см?

А)20 Ә)25 Б)15



3.Қазіргі кезде инеліктін неше түрі бар?

А)3600 Ә)4500 Б)4600



IV-нұсқа



1.Тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісін ата?

А)Панцирь Ә)Репцелия Б)Камбала



2.Жетісу бақа тісінің ұзындығы неше см?

А)14-15 Ә)20-22 Б)15-20



3.Гранитті бүлінуден қалай қорғаймыз?

А)Жылтыратады, тегістейді, жөндейді

Ә)Сүртеді, тегістейді

Б)Жөндейді, тазалайды, тегістейді



3-сынып



Тест№1 1.Ә2.АЗ.А4.Б5:В6.Ә7.Б8.Ә. 9А 10.А 11.В

Тест№2 І.Ә 2.Б З.В 4.А 5.Б 6.А 7.В 8.А 9.Ә 10.Б

Тест№31.Ә 2.Б З.Ә 4. А 5.Ә 6.Б 7.В 8. А 9.В 10. А

Тест№4 1.В2.АЗ.Б4.В 5.А6.Б7.А8.Ә 9.А 10.Б 11.Б 12.А

Тест№51.А 2.Ә З.А 4.В 5.Б 6.А 7.В 8.А 9В 10.Ә

Тест№61.А2.БЗ.Ә4.В5.А6.Ә7.Ә8.В 9А 10.В

Тест№7 1.А2.ВЗ.В4.Ә5.Б6.Ә7.В8.Б9.Ә10.В

Тест№81.Ә 2. А З.В 4.Б 5.А6.Ә 7.Б 8. А 9.Б 10.

Тест№9 І.Ә 2.Б 3. А4.Ә 5.В 6.В 7.А 8.Ә 9.Б 10.Б

Тест№10 1.А2.ӘЗ.Б4.В5.Ә6.Ә7.В8.Ә9.Б 10.Ә



3-сынып

Дарынды балаларға арналған тест:



Тест№1 1.Б 2.Ә 3.Б 4.А

Тест№2 1.Ә 2.А 3.Ә 4.Б

Тест№3 1.А 2.Ә 3.Ә

Тест№4 1.А 2.Б 3.А

Пайдаланылған әдебиеттер.





1.»Қазыналы Қалба» Қайыртай Керейбаев .Алматы.2003ж



2. Ол кім? Бұл не? Қазақ Совет энциклопедиясы. І том. Алматы 1985



  1. Ол кім? Бұл не? Қазақ Совет энциклопедиясы. ІІ том. Алматы 1986ж



  1. «Құпиялы өлкенің ғажайыбы» Өскемен 2001ж



  1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. Алматы 1998



  1. 1 сынып. Дүниетану. К.Жүнісова., Қ.Аймағамбетова.,Н.Нұрахметов. Алматы. « Атамұра», 1997ж



  1. 2 сынып. Дүниетану. К.Жүнісова., Қ.Аймағамбетова.,З.Ф.Олейник. Алматы. « Атамұра», 2002ж





  1. 3 сынып. Дүниетану. К.Жүнісова., Ә.Бірмағамбетов., Қ.Аймағамбетова. Алматы. « Атамұра», 2003ж



  1. 4 сынып. Дүниетану. К.Жүнісова., Ә.Бірмағамбетов., Қ.Аймағамбетова.,И.Нұғманова.,Қ.Жүкешов. Алматы. « Атамұра», 2003ж







Түсінік хат



Күтілетін нәтиже



3-сынып.

Адам-табиғат перэенті

Қан айналысы. Тыныс алу, асқорту мүшелері.

Жүйке жүйесі, сезім мүшелері.

Табиғатты адам калай зерделейді?

Ауа

Су

Тау жыныстары

Топырақ

Өсімдікгердің көп түрлілігі.
Жануарлардың көп түрлілігі






















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
2682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі