400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама Информатика әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама информатика пәнінің мұғалімдеріне факультатив пән ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназия











Авторлық бағдарлама





Тақырыбы: Информатика әлемі



Информатика пәнінің мұғалімі: Сагымбаева Гульвира Еркиновна



ТҮСІНІК ХАТ

«Информатика» қоршаған ортаны талдаудың жүйелік-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.

Оқу пәнінің жалпы мақсаты – оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу.

«Информатика әлемі» авторлық бағдарламасының негізгі міндеттері:

– информатика саласы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;

– информатика саласы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

– ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.

Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек. Курс мазмұнының жүйе құраушы ұғымы «ақпараттық процесс», ал іргелі ұғымы – «ақпарат» болып табылады. Құрылымдауға бірегей әдісті қолдану курстың мазмұнын нормативтік құжаттардағыдай жеке-жеке дидактикалық бірліктер жиыны емес, жалпы мәдени сипатта дамушы, әрібір тұтас іргелі пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейінің жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Ұсынылып отырған бағдарламаның негiзгi идеясы оқушылардың ойлау қабiлетiн компьютерлiк дамытушы ойындар арқылы дамыту мен өзiндiк танымдық iс-әрекеттерiн ақпараттық ортада қалыптастыруға бағытталған.

Информатика пәнiн оқыту арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттiң негiзi болып саналатын коммуникация мен түсiнiктердiң, ойлаудың математикалық негiздерiн меңгередi. Пәннің кейбір тақырыптары оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін пайдалануды қажет етеді. Солар арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асырылып, оқу процесіндегі жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етіледі.

Сонымен, ұсынылып отырған оқу бағдарламасының мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамның негiзгi талаптарын қанағаттандыратындай деңгейге жеткiзу болып табылады.




Күнтізбелік тақырыптық жоспар


Р\с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

1

2

Ақпарат және ақпараттық үрдістер

1

3

Ақпараттың қасиеттері

1

4

Ақпаратты қорғау .Вирусқа қарсы программалар

1

5

Ақпаратты сығу . Мұрағаттау программалары

1

6

Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны

1

7

ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

1

8

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағұлмат .Программаның интерфейсі

1

9

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

1

10

Абзацтар ,шегіністер және интервалдар

1

11

Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

1

12

Бағандар


13

Беттің өлшемдері,ернеулері. Құжатты басып шығару

1

14

Кестелер .Кестелерді құру ерді түзету

1

15

Кестелерді түзету

1

16

Кестелерді пішімдеу

1

17

Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру

1

18

Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу

1

19

Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер

1

20

Тұсаукесерді безендіру

1

21

Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру

1

22

Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі

1

23

Microsoft Excel кестелік процессоры.

1

24

Деректерді енгізу, редакциялау, пішімдеу, ұяшықтармен жұмыс

1

25-26

Деректермен жүргізілетін командалар

2

27

Excel-де есептеулер жүргізу. Функцияларды қолданумен танысу

1

28

Автоматты толтыру. Жаңа тізімдер құру

1

29

MS Excel кестелік процессорында деректер базасын сұрыптау

1

30

Кесте ішіндегі есептеулер

1

31

Диаграммаларды құру

1

32

Деректерді кестелік түрде ұсыну. Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу

1

33

Деректерді өңдеу формулалары

1

34

Қортынды сабақ

1






Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Сабақтың тақырыбы

№2. АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР

Әлемнің ақпараттық көрінісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Адам өмірінде ақпараттың рөлі

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Адам өмірінде ақпарат қандай рөл атқарылуын қалыптастырады.

Басым бөлігі: Ақпараттық үдерістің түрлерін және талаптар мен ережелерді меңгереді.

Кейбір оқушылар : Адам ақпаратты шынайы өмірде пайдалана алады.

Бағалау критерийі

1.Ақпарат дегеніміз не және ақпараттың түрлерін ажыратып ережесін айта алады.

2.Ақпараттық үдеріс түрлерін жасай алады.

3.Ақпараттың жасалу жолдарын біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ақпараттың түрлерін және үдерістерін ажыратып бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Compitor-есептеуіш машина

  • Принтер-баспа

Құндылықтарға баулу

Қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілікті сезіну, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Математика ,ағылшын тілі , орыс тілі.

Алдыңғы білім

Техникалық қауіпсіздік ережесі туралы не білесіңдер ?

Аппатық қауіпсіздік ережелері туралы не білесіңдер ?

Қандай көз жаттығуларын білесіңдер?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы



2 мин

5 мин

Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
Оқушыларды топтастыру
мегаәлем, макроәлем, микроәлем суреттері арқылы үш топқа бөлу.

Психологиялық тренинг. “Жағымды психологиялық ахуал тудыру»

Бірін- бірі бағалауға нұсқау беру.

Үй тапсырмасын ширату:

(Жж) «Білім шыңы» әдісі

  1. Копьютер кабинетінде қандай ережелерді қатаң ұстау қажет?

  2. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қаупсіздік ережелерін атаңдар?

  3. Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерінатаңдар?

  4. Арнайы көзге арналған жаттығулар қандай?

  5. Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелері?

«Білу» әдісі бойынша үш топқа оқулықтан бүгінгі тақырыпты оқуды ұсынамын.

І-ші Мегаәлем тобына: мегаәлем дегеніміз не деген сұраққа жауап іздеу.

ІІ-ші Макроәлем тобына: Мегаәлем мен макроәлемнің айырмашылығы не дедеген сұраққа жауап іздеу.

ІІІ-ші Микроәлемнің басқалардан өзгешелігі неде? Үш топта ойларын тұжырымдап, постерге түсіріп қорғайды.


Стикер қағаз Қағаз сұрақ парақшалары


Сабақтың ортасы





5мин



10мин









3мин



5мин






7мин




«Түсіну» әдісі бойынша (Мұғалімнің түсіндіруі.)

  1. Неге Адам өмірінде ақпарат қандай рөл атқарады?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Адам ақпаратты қалай қабылдайды?

Неліктен? Деген сұрақтарға өзім мағлұмат беріп оқушыларға түсіндіріп өтемін?

«Талдау»

«Венн диаграммасы» әдісі.

Ақпараттық үдерістердің ортақ белгілерін табыңдар және талдаңдар

«Жинақтау» әдісі

«Сәйкестендіру кестесі»

Жұптық жұмыс.

Берілген кестеге сәйкес анықтамаларын жазу.

№

Атауы

Анықтамасы

1

Ақпараттық үдеріс

Қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс-әрекет

2

Ақпарат дегеніміз не?

Ақпарат әртүрлі байланыс желілері арқылы берілед

3

Ақпараттық үдеріс түрлерін атаңдар?

Сақтау, өңдеу, қабылдау(беру)

4

Ақпараттық үдерістің ортақ белгілері

Ақпараттық үдерістер тірі табиғатта ,адамдар қоғамында,техникада орын алады


«Қолдану»

«Миға шабуыл» әдісі.

І-тапсырма: Өздерің қалаған ақпаратты алып сол алған ақпараттарыңа анықтама беріңдер.

ІІ-тапсырма. Кез келген ақпаратты толықтырып, компьютерде теріңдер және алынған ақпаратқа анықтама беріп өтіңдер.Не үшін? Неліктен? Неге ? деген сұрақтарға жауап беріңдер (диктант).

Қорытындылау.
Оқушыларға қорытынды сұрақтар қойып сабақты бекітемін және толықтырып түсіндіріп өтемін.

  1. Сендер қалай ойлайсыңдар, өздеріңнің алғашқы ақпараттарыңды аласыңдарма?

  2. Ақпарат адамға қажет па?

Болашақта қолданасыңдарма? Ой бөлісіңдер.

Қалыптастырушы бағалау

«Ой қозғау» әдісі арқылы тесттер жинағын беремін

Дискрептор

  • Адам өмірінде ақпарат қандай рөл атқарылуын қалыптастырады.

  • Ақпараттық үдерістің түрлерін және талаптар мен ережелерді меңгереді.

  • Адам ақпаратты шынайы өмірде пайдалана алады.

Компьютер

Оқулық,

жұмыс дәптерлері

Оқу құралдары






Интерактивті тақта





Компьютер

Оқулық,

Жұмыс дәптерлері






Сабақтың соңы

5мин

С абақ соныңда оқушылар рефлексия жүргізеді:




Үйге тапсырма: Оқулықтағыбақылау сұрақтарына жауаптар жазып келу .

Оқулық 5 – сынып информатика








Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік текникасын сақтау. «Эмоция аралдары»


Оқушыларды қолдау мақсатында «Жарайсың» , «Өте жақсы» деген сөздерді марапаттау сөздерін қолданамын.

Дарынды оқушыларға: қосымша тапсырмалар дайындаймын.

Қабілеті орта оқушылар: Денгейлік тапсырмалар беріп отырдым.

Қабілеті төмен оқушыға: қажет жағдайда үлгеруші оқушыны көмек көрсетуге ұсынамын.

Денгейлеріне қарап деңгейлік тапсырмалар беремін

Деңгейлік сұрақтар;

Мұғалімнің қолдауы;

-Әр тапсырмадан кейін бағалау критерййлерін;

-Топтық жұмыстан кейін смайликтер арқылы бағалаттым;

-өзара- бірін-бірі бағалау;

- “Екі жұлдыз, бір тілек” арқылы кері байланыс орнаттым.

Аты -жөні

Білім шыңы

Пос тер қорғау

Тал дау

Сәй кес тен діру

Қорытынды сұрақ тар



























- Сергіту жаттығуларын орындау;

- Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

-Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау;



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттарышынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1:

2:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
15.09.2019
1287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі