400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама "Жас шеберлер" 5-сыныптарға арнаалған

Материал туралы қысқаша түсінік
Техника мен технология саласында білім алушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Picture 264







Shape1









Shape2

















Shape3






«Жас шеберелер»

факультативтік курс бағдарламасы


Авторы: План Тилек













Бұл факультативтік курс бағдарламасы көркем еңбек пәнінен ер балалар мен қыз балаларды бірге оқуту мақсатында құрылып отыр. Бұл авторлық бағдарламаны көркем еңбек пәнінен қосымша құрал ретінде қолдануға өте тиімді.


























Түсінік хат

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы.  Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға  қол созады. Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективті жағдай біздің еліміздегі эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік факторы болып табылады.  Біздің елімізде эстетикалық тәрбиеге деген ықылас жылдан жылға артып келеді. Ересектер мен балалар  эстетикалық құбылыстармен үнемі бетпе-бет кездеседі. Адамның рухани өмірінде, күнделікті еңбегінде, көркемөнермен қарым-қатынастарда барлығында әдемілік елеулі рөл атқарады.

Ұсынылып отырған факультатив жұмысының жоспары 5-6 сыныптарға, сондай-ақ ер балалар мен қыз балаларды бірге оқыту бағдарын негізге ала отырып Көркем еңбек пәнінен алған білімдерін пайдалана отырып білімдерін тереңдетіп, қолмен жасай отырып, өмірде пайдалана білуге арналған.

Бағдарлама мақсаты:

Техника мен технология саласында білім алушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.

Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сондықтан білім алушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.

Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

Оқушылардың әр түрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем-эстетикалық біліктілігін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету.

Көркемдік материалды, техниканы таңдап алынған құралдардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдалану, тәжірибеде қолдану.

Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану. Түрлі тапсырмалар орындау барысында салыстыру, талдау қорытынды жасау, өз пікірлерін дәлелдеуге дағдыландыру.

Міндеттері:

  • қабілет-қарымын дамытып, өздігінен ықыластылық, талпыныс қызығушылық танытуға дағдыландыру;

  • оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулу;

  • өз жұмысындағы шығармашылық шешімдерге сипаттама беруді;

  • шеберлердің туындыларына талдау жасауға үйрету;

  • орындалған жұмыстың сапасы мен қасиетін сыни тұрғыда анализдеуді (коммуникативтік дағды) біледі;

  • шығармашылық идеяларын дамыту үшін түрлі ақпарат көздерін қолдана білулерін;

  • техника қауіпсіздік ережесін және санитарлық – гигиена нормаларын орындау.

Күтілетін нәтиже:

  • материалды тиянақты меңгеріп, ой өрістері кеңейтіледі;

  • шығармашылық қабілеттерін, креативті және ерекше шешімдерін көрсетеді;

  • өзінің және басқа оқушылардың жұмыстарын қарастыру барысында бағалау дағдыларын дамытады;

  • алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып, қол еңбегі жұмыстары барысында қолданылған құрал-саймандарымен жұмыс жасау қабілеттерін арттырады;

  • өздерінің жеке жұмыстарын жасай алады;

  • шешімінің өзгешелігін, ой сонылығын, шығармашылық қабілетін көрсетеді;

  • өз жұмысы мен оқушылардың жұмысын талдай алады.

Курсты жүзеге асыру формалары:

Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді. Көркемдік материалды, техниканы таңдап алынған құралдардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады, тәжірибеде қолданады. Қызықты сөзжұмбақтар, бейнематериалдар, презентациялар арқылы игерілген материал, алған білімдері дағдыланып бекітіледі.

Оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер:

Миға шабуыл. Сөзді табыңдар. Он сөзді ата. Ойталқы. Құпия зат. Кластер (жүзім шоғы). БББ. Сұрақ- жауап. Жұмбақ сөздер. Ыстық орындық. Стоп кадр- бейнеролик.

Бағалау формалары:

Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Өздерінің шығармашылығын дамыта білу дағдыларын бағалау. Идеяларын өздігінен зерттеу және оларды дамыту үшін түрлі дерек көздерін қолдана білулерін, өздерінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама беру, шығармашылық ұсыныстарын еркін жеткізе білу дағдыларын бағалау.







ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыт көлемі жылға 34 сағат, аптасына 1 сағат.

І Кіріспе (1 сағат).

«Жас шеберлер» факультативінің мақсаты мен міндеттері. ТҚ ережелері.

ІІ Визуалды өнер (5 сағат).

Классикалық өнердің үздік туындылары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Графика. Мүсін. Сәулет өнері. Фото өнер. Анимация

ІІІ Сәндік қолданбалы өнер (11 сағат).

Сәндік- қолданбалы өнерінің түрлері және ерекшеліктері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Идеяларын талдау және дамыту мақсатында әртүрлі материалдардан сәндік бұйымдар жасау. Калейдоскоп жасау. Сылдырмақ жасау. «Тұмар» картинасын жобалау. Өру (тоқу өнері). Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Қамшы өру. Қамшы өру. Табиғи материалдардың түрлері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Фотосуретке арналған жақтау (рамка) жасау. Қазақ халқының зергерлік өнері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Сақина жасау

ІV Дизайн және технология (10 сағат).

Дизайн және технология негіздері. Құрылыс материалдардың түрлері. Материалдардың қасиеттерін зерттеу. Құрал- саймандары және жабдықтарымен танысу. Түрлі материалдардан музыкалық аспаптарды жобалау (дабыл, дауылпаз, тамбурин, асатаяқ). Сымнан әртүрлі бұйым жасау (шынжыр, басқатырма). Сымнан әртүрлі бұйым жасау (шынжыр, басқатырма). Роботтардың түрлері. Тарихы. Робот құрастыру бойынша эксперимент жүргізу. Көлік түрлері. Көлік моделін жасау

V Тамақтану мәдениеті (2 сағат).

Дұрыс тамақтанудың негіздері. Үйде, қоғамда өзін- өзі ұстау ережелері

VI Үй мәдениеті (5 сағат).

Электр энергиясы көздері туралы жалпы мәліметтер. Материал және құрал- жабдықтар. ҚЕ. Қарапайым электр тізбегін құрастыру. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Көрме ұйымдастыру








« Жас шеберлер» факультатив жұмысының

күнтізбелік - тақырыптық жоспары 5-6 сынып


Р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі


Теориялық

Тәжірибелік


Кіріспе 1 сағат


1

Мақсаты мен міндеттері. ТҚ ережелері

1




Визуалды өнер 5 сағат


2

Классикалық өнердің үздік туындылары

1




3

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары


1



4

Графика. Мүсін. Сәулет өнері


1



5

Фото өнер


1



6

Анимация

1




Сәндік- қолданбалы өнер 11 сағат


7

Сәндік- қолданбалы өнерінің түрлері және ерекшеліктері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ

1




8

Идеяларын талдау және дамыту мақсатында әртүрлі материалдардан сәндік бұйымдар жасау

1




9

Калейдоскоп жасау


1



10

Сылдырмақ жасау


1



11

«Тұмар» картинасын жобалау


1



12

Өру (тоқу өнері). Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ

1




13

Қамшы өру


1



14

Табиғи материалдардың түрлері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ

1




15

Фотосуретке арналған жақтау (рамка) жасау


1



16

Қазақ халқының зергерлік өнері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ

1




17

Сақина жасау


1



Дизайн және технология 10 сағат


18

Дизайн және технология негіздері

1




19

Құрылыс материалдардың түрлері

1




20

Материалдардың қасиеттерін зерттеу


1



21

Құрал- саймандары және жабдықтарымен танысу

1




22

Түрлі материалдардан музыкалық аспаптарды жобалау (дабыл, дауылпаз, тамбурин, асатаяқ)


1



23

Сымнан әртүрлі бұйым жасау (шынжыр, басқатырма)


1



24

Роботтардың түрлері. Тарихы

1




25

Робот құрастыру бойынша эксперимент жүргізу


1



26

Көлік түрлері

1




27

Көлік моделін жасау


1



Тамақтану мәдениеті 2 сағат


28

Дұрыс тамақтанудың негіздері


1


29

Үйде, қоғамда өзін- өзі ұстау ережелері

1



Үй мәдениеті 5 сағат


30

Электр энергиясы көздері туралы жалпы мәліметтер. Материал және құрал- жабдықтар. ҚЕ

1





31

Қарапайым электр тізбегін құрастыру


1




32

Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары


1




33

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары


1




34

Көрме ұйымдастыру


1




Барлығы: 34 15 19


1 -сабақ

Мұғалім:




Ай-күні: Сынып:




Сабақтың тақырыбы

Кіріспе сабақ. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру




Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысып, ТҚ ережелерімен таныстыру




Сабақтың барысы




Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік! 
Күлкіменен түлейік! 
Күлкі- көңіл ажары ! 
Күліп өмір сүрейік!

  1. Еңбекке баулу (технология) сабақтарында қандай ережелерді ұстану керек.

ҚБ: «Комплимент» әдісі арқылы бағалау




Сабақтың ортасы

« Ойлан- жұптас – бөліс » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Жұмыс нұсқаулары кезінде оқушылар шеберханадағы тәртіп ережелерімен танысады, жарақат туғызатын негізгі себептердің, жабдықтардың, құрал - саймандардың, әсіресе электр жүйелерінің ақауларын және т. б. жұмыс істеудің теріс әдістерін естіп біледі. Жұмыс орнында нұсқауды мұғалім жүргізеді, ол жұмыстың қауіпсіз әдістерін, техникасын түсіндіреді, электр қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұстау тәртібі, оқу механизмдерінің құрылысын, жұмысқа қосу ережелерін, туралы мағлұмат алып, талдап, қауіпсіздік ережелерімен танысады.

ҚБ: «Пайыздық» әдісі арқылы графикалық түрде бағалау




Сабақтың соңы

«Ойлан!»

Қандайда бір, жағдайлар туандаған кезде алғашқы медициналық көмек және алғашқы қауіпсіздік ережелерін ұсыныңдар.

Кері байланыс

« Смайлик» әдісі арқылы кері байланыс жасау








2 -сабақ

Мұғалім:




Ай-күні: Сынып:




Сабақтың тақырыбы

Классикалық өнердің үздік туындылары




Сабақтың мақсаты

Дүниежүзілік және қазақ классиканың туындыларымен танысады.





Сабақтың барысы




Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Қол ұстасып, дөңгеленіп,

Тұра қалдық екеуміз.

Өзіміз де дөңгелек

Күнге ұқсайды екенбіз.

Оқушыларға Атақты өнер туындыларын қарауды сұрау

."Джоконда" деген Леонарда да Винчи

"Давид" Микеланджело

"Турксиб" Кастеев А.

-Неге осыларды өнер туындылары деп атайды.?

-Өнердің туындылары қайда сақталады?

-Қазақстанда қандай ірі мұражай бар?

ҚБ: « Белгілер сөйлейді » әдісі арқылы бағалау




Сабақтың ортасы

« Ғажайып үштік » әдісі арқылы оқушылар үштік жұмыс жасайды.

нықта-. Алдымен мұғалім алдын –ала әлем және қазақстан классикалық өнер туындыларының жиынтығын жасап алу қажет. Сыныпта 3-6 оқушыға топтастыру қажет,әр топқа бір-бір пакет суреттер жиынтығын беру оның ішінде әр түрлі суретшілердің түрлі жанрдағы шығармалары болу қажет.

Бұл суреттерге қарап жанрлар түрлеріне қарай жіктеу қажет. Бір оқушыны топта жауаты ету қажет.

суреттер

натюрморт

пейзажи

тарихи

тұрмыстық. т.б

Оқушылардан сұрау қандай ерекшеліктеріне қарап,топтастырдыңдар?

Өнердің жанрларын бөлу.

Мұғалім оқушыларға жанрлар түрлеріне қарай кішігірім топтасуын сұранады.

Мысалы.:

1-топ портрет

2-натюрморт

3-пейзажи

4-тарихи

5-тұрмыстық.т.б

Оқушылар топтасқаннан кейін,сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.

неге жанрды олай атаймыз? /натюрморт, пейзаж, тарихи, тұрмыстық.т.б/

Қандай бейнелеуші өзгешеліктер айтылмыш жанрды сипаттайды?

Қандай суретшінің жұмыстарымен сендер таныстыңдар?

ҚБ: « Бағдаршам» әдісі арқылы графикалық түрде бағалау




Сабақтың соңы

Әр топ өз жұмыстарында қазақстан суретшілерінің жұмыстарын іріктеп алсын

  • Қандай ерекшеліктерге қарап қазақстан суретшілері екенін байқауға болады.

  • Қандай суретшілерді білесіздер?

  • Суретшілер жайлы қандай мәлімет бере аласыздар?

Зерттеулер жүргізу.

Оқушыларға АКТ-ның көмегімен өнердің жанрларымен танысу.Оқушылар өздеріне қысқаша жазбалар орындай алу және таблицаны толтыру.

Жанрлар түрлері

Визуалды ерекшеліктеріне нобай

мемлекет

Жанр ерекшелігі

Өнер бағыты

Портрет





натюрморт





пейзаж





тарихи





тұрмыстық





Зеттеген мәліметтері бойынша оқушы жауап беру.берілген критериилерге байланысты оқушылар жауатарын береді.

-топтардың ерекше қорғауы

-Өнердің жанрларға байланысты нақты мәліметтердің болуы.

-визуалды айқындылығын анықтай білу.

) бейнелеу өнерінің түрлері.

Оқушылар анықтай алады

Жанр не екенін біледі, сондықтан өнердің түрлеріне қарай классификациялай алады.

Әр-жанрдағы Топтар натюрмортқа, поттретке классификация жүргізу,мысалы

  • түсті сурет, бояулармен салынған

  • ақ-қара бейне

  • жұмыстар орындалған балшық, пластилина, металлдармен

Кері байланыс

«Нысана » әдісі арқылы кері байланыс жасау








3 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанры

Сабақтың мақсаты

Бейнелау өнерінің түрлері мен жанрын анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Ән саламыз бәріміз,

Досымызды табамыз

Сәлемет пе?! Міне мен!

Доспын енді сені мен

Сабақтың ортасы

« Буклет » әдісі арқылы оқушылар үштік жұмыс жасайды.

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанры.

Бейнелеу өнерінің түрлері.

Бейнелеу өнерінің әрбір түрі өмірдің сан белесін көрсете отырып дамытады. Бейнелеу өнерінің түрлері шындықты қабылдаумен, көркемдік міндеттермен, сонымен қатар бейнені сомдағанда қолданатын материалдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оның әрқайсысы әр кезеңде дамып, өзіндік сипат ала бастады. Алдымен сәулет өнері және жанды бейне бейнелеу өнерінің басты үш түрі болып есептеледі. Содан кейін өнердің бір түрі графика қызыметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және дербес түріне айналады. Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер түрі де ерекше сипатта бағыт алады. Соңғы жылдары өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бенесін тапты.

-1.Графика

-2.Композиция

-3.Дизайн

-4.Кескіндеме – (живопись)

-5.Мүсін өнері – (скульптура)

-6.Сәулет өнері – (архитектура)

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Бейнелеу өнері д/з – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнері түрі. Бейнелеу өнері бірнеше түрге бөлінеді. Олар: кескіндеме,графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.

Кескіндеме – жазық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма. Кескіндеме орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді. Олар: натюрморт, пейзаж, портрет.

-1)Натюрморт д/з – заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген көркем шығарма. «Натюрморт» француз сөзі «өлі табиғат» дегенді білдіреді.

-2)Пейзаж д/з – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Пейзаж әр алуан кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, кейбіреуі суретшінің қиалынан туады.

-3)Портрет д/з – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма.

Бейнелеу жанрлары да бірнеше түрге бөлінеді. Тарихи, баталдық, маринист, анималистік. Тарихи жанр д/з – белгілі бір оқиғалармен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. Баталдық жанрда – соғыс оқиғалары мен бейнеленеді. Маринист – теңіз, көл сияқты табиғат көріністерін бейнелейтін шығарма.

Графика д/з – қағаз немесе картон бетіне карандаш, қылқалам немесе басқада құралдармен орындалатын сурет. «Графика» атауы гректің «жазамын, сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Кескіндеме д/з – әр түрлерімен жазықтық бетінде ороындалатын көркем шығарма. Кескіндеме суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке т.б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуащь, майлы бояу, пастель, сангина және т.б. Кескіндеме монументтік, станокты болып екіге бөлінеді.

ҚБ: « Бағдаршам» әдісі арқылы графикалық түрде бағалау

Сабақтың соңы

1.Бейнелеу өнерінің түрлері нешеге бөлінеді?

2.Оларды ата?

3. Бейнелеу өнері д/з не?

4. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?

5. Кескіндеме д/з не?

6. Натюрморт д/з не?

7. Пейзаж д/з не?

8. Портрет д/з не?

9. Бейнелеу жанрлары неше түрге бөлінеді?

10. Оларды ата?

11. Тарихи жанр д/з не?

12. Баталдық жанр д/з не?

13. Графика д/з не?

Кері байланыс

« Жемістер » әдісі арқылы кері байланыс жасау












4 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Графика. Мүсін. Сәулет өнері

Сабақтың мақсаты

Мүсін өнерінің түрлерімен танысып, мүсіншілердің көркем шығармаларын талдап, мүсін сомдау материялдарының технологиялық тәсілдерімен таныстырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.

Сабақтың ортасы

2.« Зерттеушілер конференциясы» әдісі арқылы оқушылар үштік жұмыс жасайды.

Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы-барлық көлемін ,пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.

Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф. Монментті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельевті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.

Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавальер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жумыстары: «Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші, «Ш .Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, «Ж.Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтың «Барыс» мүсіндері, бұлар да сәндік монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардын бірі,біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған «Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевский» мүсіндері . Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан «Абай» ескерткіші.

Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында ,тыйнның бетынде.

Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материял бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы-саз балшық пен пластелин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мусін жасағанда қолданылатын басты қаолданылатын құралдар: тақтайша,қарқаз, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы кйім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасыбылғанбауы тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті пластелинді қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтаскөруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен пластелин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап ,қалған пластелин немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.

ҚБ: « Пайыз » әдісі арқылы графикалық түрде бағалау


Сабақтың соңы

« Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы сабақты бекіту

  1. Мүсін өнерінің түрлері қандай?

  2. Астана қаласындағы “Барыс” ескерткішінің авторы кім?

  3. Мүсін сомдаудағы негізгі материял?

  4. Мүсінмен айналысқанда қандай құралдар қолданылады?

Кері байланыс

« Жемістер » әдісі арқылы кері байланыс жасау






5 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Фото өнері

Сабақтың мақсаты


Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.


Сабақтың ортасы

2.« Кейс-стади » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Кәсіби фотосуреттер Оқушыларды әр түрлі пішінде кәсіби көркемдік ерекшелігі бар шығармаларды қарастыру/композициясына, көркемдік заңдылықтарына/ мәнерлі құралдарына идеясына назар аудару.

-Фотосуретті портрет ретінде қарастыруға болады ма?

-Неліктен?

-Суретшілер мен портреттер арасындағы айырмашылық ҚЖ- қол қою

Таратпа Фотоальбом қандай?

-Фотосуреттер қандай жарықта орындалған?

-Суретке түсіру кезінде қандай композициялық ережелерді сақтау керек? –

фотосуреттің орындалу техникасына байланысты материалды жіктей білу. Сабақ мақсаты

2.Әртүрлі бұрыштардан портретке жарықтық түсіру арқылы жұмыс атқару.

ҚБ: « Айна » әдісі арқылы графикалық түрде бағалау

Сабақтың соңы

Талқылауға арналған сұрақтар

1-композиция дегеніміз не? 2-композицияның қанда түрлері, жұмыс атқаруға көмектеседі?

3- Фотосуреттің сапасына бұрыштарды таңдау қалай әсер етеді?

4- Қай бұрышты таңдайсыз?

5- Қай жағынан? Жоғарыдан? Қашықтықта? Жақындық? Бұрышта?

Тәжірибе жасау:

Түрлі бұрыштан,әртүлі көріністе түсірілген кемінде 5-портрет фотосуреттерін жасайды.


Кері байланыс

« Ақ желкен » әдісі арқылы кері байланыс жасау



















6 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Анимация

Сабақтың мақсаты

Анимация өнерімен танысады

Қазақ мультипликация өнерінің қалыптасу тарихын қарастырады

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге,

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз.

1.Портрет дегініміз не?

2. Портреттің қандай түрлері бар?

3. Қазақстан суретшілерінің қандай шығармалары бар?

4.Графика қай елдің сөзі?

5. Порттреттегі қандай түс қолданылады?

6. Портрет не туралы сыр шертеді?

ҚБ: Мадақтау

Сабақтың ортасы

2.« Әлемді шарлау» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Анимациялық фильм «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» реж.Әмен Хайдаров

Осы бейнежазбаны бойынша оқушыларға түрткі сұрақтар

1.Қандай мультфильмді ұнатасыңдар

2.Мульфильм қалай жасалады ?

3.Мультфильм мен бейнелеу өнерінің байланысы бар деп санайсыздар ма?Неге?

4.Мульфильмді түсіру үшін қанша уақыт қажет

5.Әлемде пайда болған ең алғашқы мультфильмді білесіңдер ме?

Қ.Б . Мадақтау

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Анимация. Қозғалатын элементтер

Анимациясөзі латын тілінен шыққан «anima» — жан , демек»анимация» сөзі «жан беру» «не тірілту» дегенді білдіреді. Көбінесе анимацияны «мультипликация» деп атайды

Топтық жұмыс

«Қазақ анимациясы» бейне жазбасын бойынша оқушыларға

І топ.Анимцияның бала тәрбиесіне қандай әсері бар?

ІІ топ

2 топ: Қазақстандық мультипликацияның пайда болу тарихын қарастырады(тұңғыш отандық анимациялық фильм «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» реж.Әмен Хайдаров

Тапсырманың дискрипторлары

Қ.Б «Смайликтер»

«Сергіту сәті»

Оқушылар бір –бірімен амандасу түрлерін орындайды.

Қазақ —қол алысады

Италяндық-құшақтасады

Бразиялық- иық қағысады

Зимбаба- арқасымен

Македония— шынтақпен

Австралия— шапалақпен

Оқушыларға Электрондық оқулық «Көркем еңбек» 6 сынып көрсетіледі

Тауматроп-( грек тілінен аударғанда — ғажайып және — айналдыру) — ойыншық негізделген оптикалық иллюзия кезінде тез айналуы үйірме екі суреттермен жазылған түрлі тараптар

Флипбук-Flipbook(Ағылшын тілінен парақтап ашу ) Суреттері бар шағын кітаптың парақшаларын тез ашу арқылы, қозғалысыеың қозғалыс илюзиясын көруге болатын кітапша

Жұптық жұмыс

Қозғалатын қандай элементтер түрлері бар?

Қ.Б «Басбармақ»

Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру

Бейнежазбадан

І топ: Ермексаздан бейнелер жасау

ІІ топ: Тауматроптан бейне құрастыру

Тапсырмалар

Кейіпкеріңмен кішігірім оқиға құрастыр.

Қимыл-қозғалыстың әсерін жаса.

Тауматроп қозғалыс келтіру үшін қандай материал қолдданылды

Ермексазбен жұмыс кезінде нені ескеру керек


ҚБ: « Сандар » әдісі арқылы графикалық түрде бағалау

Сабақтың соңы

«Топтастыру» әдісі

Анимация сөзін қалай түсінеміз?

Анимация қандай түрлері бар?

Қ.Б. Мадақтау


Кері байланыс

« Бүгін... » әдісі арқылы кері байланыс жасау
























7 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Сәндік- қолданбалы өнерінің түрлері және ерекшеліктері. Материал және құрал- жабдықтары.

Сабақтың мақсаты

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Достарымның барлығын,

Сыйлап, жақсы көремін.

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін.


Сабақтың ортасы

2.« Әлемді шарлау» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қазақтың осы күнгі ою - өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.

Біріншісі - қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.

Екіншісі - басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою - өрнектер.

Қазақтың ұлттық ою - өрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою - өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.

Өнер (орысша - искусство) – өмір құбылыстарын, қоғамдық болмыс сана нәтижелерін, адамның іс - әрекеті мен көңіл - күйін, сезімі мен рухани дүниесінің образды көркем тіл арқылы бейнелейтін пішін мен мән қатынасы.

Ою - өрнек – бейнелеу өнерінің жоғарғы тегі, халық мәдениетінің, дәуірінің өзіндік қолтаңбасы.

Өрнек (орысша – узор) – бір нәрсенің бетіне түсірілген әр түрлі үлгідегі әуенді нақыш бедер.

Ою - өрнек – өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Ою - өрнектің ұзақ тарихы бар. Атап айтсақ, Орхон - Енисей жазуларының таңбаларынан құстарға, басқа да жан - жануарлардың бейнесі мен ізіне ұқсаған ою - өрнектерді табуға болады.

Қазақ халқының ою - өрнектері ерекшеліктеріне қарай сегіз топқа бөлінеді:

1. Аңдарың дене бітіміне байланысты өрнектер.

2. Құстарға байланысты өрнектер.

3. Жер - суға байланысты өрнектер.

4. Аспан әлеміне байланысты өрнектер.

5. Түрлі жәндіктерге байланысты өрнектер.

6. Адам қаңқасына байланысты өрнектер.

7. Қару - жарақтарға байланысты өрнектер.

8. Геометриялық өрнектер.

Ою - өрнек салумен қатар оларға бояу түстерін қолданудың да өзіндік түрлі мағыналары бар. Мысалы: ақ түс – әділеттіліктің, шындықтың, тазалықтың; қара түс – жердің, берекенің; жасыл түс – көктемнің, жастықтың; қызыл түс – күннің, оттың; сары түс – даналықтың, білімділіктің; көк түс – судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.

Сөзжұмбақ «Ою - өрнек»

1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)

2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)

3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)

4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)

5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )

6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)

7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)


ҚБ: « Смайликтер » әдісі арқылы графикалық түрде бағалау

Сабақтың соңы

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.















Кері байланыс

« Бутерброд » әдісі арқылы кері байланыс жасау














8 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Идеяларын талдау және дамыту мақсатында әртүрлі материалдардан сәндік бұйымдар жасау

Сабақтың мақсаты

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындайды

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбер

Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

«Сұрақтар легі» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді

1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)

2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)

3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)

4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)

5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.

(Дизайн )

6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)

7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)

ҚБ: Мадақтау әдісі

Сабақтың ортасы

2.« ДЖИКСО » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Оқушылар тақырып бойынша негізгі материалдарды интернет көздерінен және басқада ақпарат көздерінен іздеп, ортаға салып талдап, бір-біріне түсіндіреді.

ҚБ: « Пайыз » әдісі арқылы графикалық түрде бағалау

Сабақтың соңы

Бекіту сұрақтары

1. Ұлдардың бас киімі (тақия) 2. Жабайы және үй жануарларының терісінен жасалатын сыртқы киім (тон) 3. Сәндік өнеріміз ұрпақтан ұрпақа не арқылы жетет (қолөнер) 4. Жігітке жеті ................. де аз. (өнер ) 5. Көркем туындылар ою сомдау немесе құю арқылы жасалатын пластикалық өнер түрі (мүсін)

6. Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам (шебер).

7. Былғарыдан жасалған қымыз сақтауға арналған қазақы ыдыс (торсық)

Кері байланыс

« Үштік » әдісі арқылы кері байланыс жасау






















9 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Калейдоскоп жасау

Сабақтың мақсаты

Сөйлеу кезінде сөз тіркестерін саналы түрде пайдалу дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері.

Көңілденіп күленіп,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын,

Мен ақылды баламын.

Сабақтың ортасы

2.« Желпуіш » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Калейдоскоп - тамаша ойыншық! Оған қарап, сіз өзіңізді сиқырлы жарқын әлемде таба аласыз. Сонымен қатар, ерекше симметрия көзілдірікте болу сезімін тудырады. Объектінің құрылысы өте қиын, бірақ шын мәнінде калейдоскоп өзіңіз жасаған оңай. Мақалада калейдоскопты қалай жасау керектігін айтатын боламыз.

Калейдоскопты жасау үшін мастер-класс

  • Сізге қажет:

  • металл өлшеуіш;

  • жұқа акрил айнасы;

  • кеңсе фрезеры;

  • жабысқақ таспа;

  • диаметрі 3,5 см-ге жуық қағаз сүлгілері бар түтік;

  • тамақ пластиктен жасалған контейнер;

  • жарқын түсті моншақтар, ринстондар немесе мөлдір тастар;

  • текстуралық фильм;

  • әмбебап желім.

Өз қолыңызбен калейдоскопты қалай жасауға болады?

Айналар үшін 8 см x 12 см өлшемі бар айна акрилінің бір бөлігі қажет, қысқа жағынан, тікбұрышты 3 тең жолаққа бөлу керек.

Жабысқақ таспаның арқасында айналарымызды бір-бірімен байланыстырамыз, олардың арасында шағын аралықты қалдырады. Біз айнадан призманы қойдық.

Біз қорғаныс түтікшесінде (12 см) және басқа 2,5 см-дегі айналардың ұзындығын өлшейміз.Калидидоскоп үшін түтіктің жалпы ұзындығы 14,5-15 см құрайды, біз түтіктің бір бөлігін сызғыш кескішті пайдаланып кесеміз.

Біз түтікті текстуралық қағазға айналдырып, диаметрі шамамен 2,5 см қосамыз. Алынған шеңберді кесіңіз. Дөңгелек орталығында тесік жасаңыз. Біз негізгі шеңберге сәуле түрінде кесектерді жасаймыз. Түтіктің бүйір бетіне шеңберді саламыз, түтіктің негізгі бетіне «сәулелерін» бекітеміз.

Түтікті пластмассадан (тамақ контейнерінен) төңкеріп, диаметрі 1,3 см қосамыз. Біз оқшауланған кесектерді жасаймыз, жасалынған шоқтар бойымен бүгеміз. Түтік ішіндегі алынған линзаны бөлікті төмен қарай итеріп салыңыз. Ұқсас мәліметтер тубаның басқа жағына дайындалады (біз калейдоскопты «қазыналармен» толтырған кезде).

Түтіктің ұзындығы бойынша түтікті толығымен айналдыру үшін текстуралық пленканы кесеміз. Өнімнің бетіндегі текстуралық пленканы желімдейміз.

Призманы түтікке салып, ішіндегі қоқыстарды құйыңыз.

Біз түтікшенің артқы жағынан пластмасса бөлігін мұқият жабыстырамыз. Біз оны жабысқақ таспамен тығыздаймыз (сіз тырнақты жылтыратумен пайдалануға болады)

Калейдоскоп дайын!

Өз қолдарыңызбен, сіз басқа балалар ойыншықтарын, мысалы, ұштауға арналған ойыншықтарды жасай аласыз.

ҚБ: « Мадақтау » әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы


Кері байланыс

« Нысана » әдісі арқылы кері байланыс жасау


















10 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Сылдырмақ жасау

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға сылдырмақтың түрлері және оны көркемдеу технологиясы туралы жүйелі түсінік беру

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері.

Аспанымыз ашық болсын
Түніміз тыныш болсын
Ауамыз таза болсын
Суымыз мөлдір болсын
Аман сау болайық

Сұрақтар

1.Балалар қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?

2.Ал, музыкалық аспаптар үшке бөлінеді,қандай-қандай болып?

3.Ал енді тақтаға қарап тақтадағы плакаттағы музыкалық аспаптардың атын кім дұрыс атап береді?


Сабақтың ортасы

2.« Ойлан-жұптас-бөліс » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Ұлттық музыкалық аспаптар және оның ішінде сылдырмақтың шығу тарихы туралы кең көлемде жүйелі түсінік беру.

Музыкалық аспаптардың жасалу технологиясы туралы түсінік беру

Сылдырмақтың түрлері және оның әшекейлеу технологиясы тақтадағы плакаттарды пайдалана отырып түсінік беру.

Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және жасалу технологиялық картасымен таныстыру.

Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және оның жасалу технологиялық картасымен таныстыру.

Техника қауіпсіздік ережесі:

Ал, балалар, сабағымыздың практикалық бөліміне көшейік. Алдарыңдағы ағаш тақтайшаға ең бірінші тақтадағы технологиялық картадағы кезеңдер бойынша рет-ретімен жұмыс бастаймыз.

1.Сылдырмақтың 3 түрлі эскизін ақ параққа саламыз. (Мұғалімге тексертеміз)

2.Эскиздердің ішінен біреуін таңдап ағаш тақтайша бетіне алкендерді түсіреміз.

3.Алдарыңдағы қаңылтыр,банканын қақпағынан берілген өлшем бойынша дөңгелек кескіндер кесіп алып дайындаймыз.

ҚБ: « Пайыз » әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Кері байланыс

« Алма ағашы » әдісі арқылы кері байланыс жасау




















11-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

«Тұмар» картинасын жобалау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, алған білімін өз бетінше қолдана білуін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық белсенділігін дамыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

Сабақтың ортасы

2.« Көршіммен » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Қазақтың тұмаршасымен таныстыру. Бұл зат «Қазақтың зергерлік әшекейлері» альбомынан тұмаршаның қалай әшекейлегенін көрсетеді. Балаларға үшбұрыш қатырмақағазды таратып беріп, тұзды қамырмен оюлап әшекейлеул\ді ұсынады.

Қосымша материалдар: табиғи материалдар немесе мата қиындылары, ұсақ моншақтарды беруге болады. Асыл тастармен әшекейленген тұмаршаны тақса, ол адамға бақыт әкеледі деген ұғым бар екенін айтады.

ҚБ: « Сандық » әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

3.Ребустарды шешіңдер


































Кері байланыс

« Ауа райы » әдісі арқылы кері байланыс жасау















12 -сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Өру (тоқу өнері). Материал және құрал- жабдықтары.

Сабақтың мақсаты

Заманауи және дәстүрлі емес материалдардың бірқатарын тану, олардың қасиеттері мен тағайындалуын анықтау.

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

1.Шаттық шеңбері

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.

Иллюстрациялық материалдары: бисерден, макраме және т.б. орындалған бұйымдар, СҚӨ заттары.

http://shedevrs.ru/materiali/257-dpi.html - сәндік-қолданбалы өнер.

http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – баумен кестелеу және т.б. қолөнер шеберлік сағаттары бойынша видео сабақтары.

Қосымша 2 – түйін түрлері

http://www.fitopark.eu/macrame/1-macrame-uroki.htm макраме жаңадан үйренушілерге арналған

https://www.youtube.com/watch?v=tREEIghcJ3U

http://www.noi.md/ru/news_id/7702

халық шебері Элеоноры Волощуктің жүгері собықтарының қабын қолданып орындалған өру техникасы

Макраме үшін:

Макраме тоқуға арналған жіптер, түйрегіштер, қайшылар, сантиметрлік бау, тығыз нығыздалған жастықша.

http://www.fitopark.eu/macrame/2-uzli-macrame.php – макраме түйіндері

http://www.livemaster.ru/masterclasses/pletenie/makrame - макраме

http://pleteniebiserom.ru/ - бисермен тоқу бойынша шеберлік сабақтары

Сабақтың ортасы

2.« Сөйлейтін қабырға » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

өру түрлерімен таныстыру: макраме, ағаш шыбықтарынан, газет түтікшелерінен, шілтер, бисер тоқу және т.б. Сонымен қатар, өруге арналған материалдар түрлерімен, олардың табиғи және жасанды болып бөлінуін: әр түрлі фактуралы және жуандықтағы жіптер, жүгері собықтарының қабығы, былғары баулар, дәстүрлі емес материалдар (пластик ыдыстардан, полиэтиленді пакеттерден жасалған жіптер, газеттен жасалған түтікшелер) жайлы мәлімет беру.

 Өру схемаларындағы шартты белгілер мен оларды оқу негіздерімен таныстыру.

Практикалық тапсырма № 1. Қарапайым өру үлгілерін жасау. Өру және сұлбаны оқу бойынша бірнеше жаттығулар орындау.

Өрілген бұйым жасауға қажетті негізгі материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау.

Оқушылар өру түріне байланысты материал таңдайды, мысалы макраме, шілтер өруге арналған жіптер т.б.

Дәстүрлі емес материалдарды да қолдануға болатынын түсіндіру. Оқушылар әсерлерімен, сезімдерімен бөлісіп,өруге арналған әртүрлі материалдар түрімен жұмыс жасау бойынша өз ойларын айтады.

Бұйымды өруге арналған сұлба мен нобай жасайды. Оқушы жұмыс барысында материалын, түсін, өру техникасын өздігімен таңдайды. Өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасына байланысты материалды, құрал-жабдықтарын дайындайды.

Оқушы материалды және өру сұлбасын орындағаннан кейін, бұйымды орындау кезеңдерін жоспарлайды.

Сұлбалармен жұмыс жасау барысында оқушылар түрлі түстермен өру түйіндер мен кейбір орындарын белгілей отырып, қажетті өрілім түрлеріне назарын аударып отырады.

Жұмыс соңында өз туындыларын сыныпқа ұсынып, бірге талқылайды, өзінің және сыныптастарының жұмыстарына бағалау жүргізеді және мүғалім дұрыс орындалғанын тексереді.

ҚБ: « Алма» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Кері байланыс

« Арал » әдісі арқылы кері байланыс жасау







13 –сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Қамшы өру

Сабақтың мақсаты

Халқымыздың өнерін,салт-дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа жетелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері.

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге,

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз.


Сабақтың ортасы

2.« Конверттегі тапсырма » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше.Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ержігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал дей салуға болмайды.Бұл қолөнер туындысы, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Ата-бабаларымыз қамшысы арқылы өз көз қарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген, біз мұны қамшыға байланысты ой орамдармен тарқатып, түсіндірсек:

1.Қамшысының ұшын да бермеді. Бұл «болыспады», «жәрдемдеспеді», «жамандық, опасыздық істеді», -деген мағынаны білдіреді.

2.Басына (төбесіне) қамшы үйірді (ойнатты). Мағынасы: Қорқытты, сабауға ыңғайланды, қорлық,зорлық көрсетті, басынды.

3.Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты. Бұл сөз «даудың себебі әр қилы, бірақта шешімі не «ақ», не «қара» болады» деген ойды меңзейді

4.Қамшысын білемдеді. Қамшысының сабы мен өрімін қосып, екі бүктеп ұстауды бейнелейді. Мағынасы: қыр көрсетті, жұдырық көрсетті,қоқаңдады, кіжінді.

5.Қамшы түтеді. «Қамшы жауып кетті», «Соққылаған қамшы жауды» деген мағынаны білдіреді.

Халқымызда «қамшықайтару» деген салт бар.Дәстүр бойынша қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі,не болмаса сол келушілердің басшысы т.б) қыз үйінің төріне іліп кеткен. Егер қыз әкесі келісімін бермесе,көп ұзамай қамшыны иесіне қайтарып беріп жғберген.

«Қамшы ойыны» болған онда төрт жағынан керілген өгіз терісін қамшыменен бір тартқанда тіліп түсіру.Бұл білек күшімен қамшының мықтылығын білдіреді.

Қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, мағанасы бар.

1.Сүндет қамшы. 5.Неке қамшысы. 9.Баптау қамшы.

2.Бәйге қамшы. 6.Соп қамшы. 10.Аңшы қамшы.

3.Көкпар қамшы. 7.Үйір қамшы. 11.Барымта қамшы.

4.Дойыр қамшы 8.Ноғай қамшы 12.Бәсіре қамшы.

Өрім түрлеріне келсек: Үш өрімнен бастап қырық өрімге дейін өрілген.

1.Үш не төрт өрім.Ол қайыстан өрілген, бәйге қамшыға қолайлысы.

2.Алты өрім.Осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан түс!» деп өрімшілер көп айтатын.

3.Сегіз өрім, төрт қырлы. Бұл мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған.

4.Он екі өрім. Сәндікке лайықты қамшыда пайдаланылады.

5.Қырық өрім.Оған тарамыс қолданылады.Өрімшілер арасында қайыс таспадан қырық өрімді де жасағандар болған.

  Өрім технологияасы. Иленген теріні үш елі етіп кеседі,ұзындығын оның саласына қарай сыдырғыдан өткізеді,жалпақтығын,енін,қалыңдығын реттейді. Осындағы сыдырғыны үш тұтам тобылғыдан жасап алады.Өрім әбден дайын болғанда оған алақан жасайды,ол тобылғы сапты,қамшыға бауырмен өрілуге тиісті.Бауырын тобылғыға орап ұстатқан қамшының атауы—«Қазақтың ала қамшысы».Онда алақанның екі –үш түрі болады,және түзу де жылан бас етіп жасалады.

 Қамшының негізгі бөлігі. Ол үлкен екі бөліктен тұрады: өрімі және сабы.Қамшы сабы көбінесе 4-7 тұтам тобылғыдан,еліктің сирағынан,киіктің мүйізінен жасалып,барынша әсемделеді.Оның терімен қапталған қолға ұстайтын бөлігі—тұтамы (тұтқасы),оған тесіліп өткізген қайыс таспа—бүлдіргісі деп аталады.Шеберлер қамшы сабына ерекше көңіл бөліп, оны жез бауырлап ,мойнақтап,металмен,былғарымен,қайыспен орап тастайды.Қамшы өрімі алақанынан саптық мойынға бүркеншік арқылы жез,мыс шегелермен тойтарып бекітіледі немесе таспа арқылы мойнаққа бүркемелеу арқылы жалғайды.Кейбір өрімшілер алақанның сап жағын әдейі ұзын етіп қалдырып,оны сапқа ұзына бойы «бауырлақ» етіп,сыртынан таспаны орайды.Өрім мен алақанның қосылған жері—шемежей.Оның үстінен түйнектеп қайыс шашақ тағып қояды.Елік,киік сирағынан металл, терімен мойнақтап,орам салып, шашақталған қамшы өте сәнді де бағалы.

ҚБ: « Көңіл-күй таразысы» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Практикалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталаймын.

Практикалық жұмысты өзім айтып көрсете отырып оқушылармен бірге орындаймын. Алдымен қолымыздағы былғарының тұйық жағын қыспаққа кысып бекітеміз.Сонан соң төрт таспаны екі-екіден қайшылап айқастырамызда кейін қалған таспаны астынан үстіне қарай өткізіп алып қарсы бағытқа тартамыз.Ослайша әрі қарай өру жалғаса береді.Өруді меңгерген меңгермегенін қарап қадағалаймын, кемшіліктері болса түзетемін, ослайша төрт өрім өруді меңгертемін.

 Қамшы бөліктерінің атауын еске түсіре отырып сабақты қортындылаймын.

–Қамшы ата-бабамыздың бізге қалдырған несі?

–Өрім саны қанша болады?

–Бүгін біз неше өрімді меңгердік?

Кері байланыс

« Бас бармақ » әдісі арқылы кері байланыс жасау














14-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Табиғи материалдардың түрлері. Материал және құрал- жабдықтары.

Сабақтың мақсаты

Қоршаған орта нысандарының композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік сипаттамаларын түсіну . Табиғи, және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық, механикалық қасиеттерін және олардың қолдану аясын анықтау.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

1. Қай айда жапырақтар өте көп түседі?

2.Күзгі жұмыстарға қандай құралдарды пайдаланады?


Сабақтың ортасы

2.« Кейс стади » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

- Табиғи материял дегенді қалай түсінесің? -Табиғи материалдарға нелер жатады? -Қандай табиғи материал түрлерін білесің? -Түр, түсі, қасиеті? Оқушылар жұппен немесе шағын топпен табиғи материялды санамалайды, олардың сипаттары мен ерекшеліктерін, құрамын біліп таниды. Мысалы; табиғи материалдарға талдың қабығы,бұтақтар, тал түбірі, құм ,жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, құс қауырсындары, мүйіз, сүйек, тері және тағы басқа заттар жатады. Мағынаны тану. Оқушылар әсем бұйымдар жасау үшін табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде белгілі бір білім керек ететіндіктен шағын тәжірибелік жұмыстар жасап көреді. Мысалы;әр түрлі ағаш бұтақтары – иілгіш. Қоға үлпілдегі -жұмсақ,кесуге қолайлы. Жер жаңғағы -тесуге,кесуге оңай жеңіл, әр түрлі ойыншықтар,жәндіктер жасауға болады. Грек жаңғағы- тең екі бөлікке бөлінеді, аққу, тасбақа,қоңыз,балапан жасауға болады. Әр түрлі орман жаңғақтары - қатты, түстері әртүрлі, ойыншық басының бейнесін жасауға келеді Шырша мен қарағай бүрлері - жақсы желімденеді, адамның, жануарлардың кеудесіне келеді. Қайың қабығы - мықты, иілгіш, тығыз, ойыншықтар жасауға жарамды. Ағаш қабығы - қалың, қатты, тұғыр үшін пайдалануға Қажетті материалдар: Альбом, қарындаш, талдың қабығы,бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, құс қауырсындары, мүйіз, сүйек, тері және тағы басқа заттар Ақмола облысының суретшісінің ағаштан айырыкша жұмыстарын дайындауы

келеді. Мүк - тез желімделеді, аңдардың әр түрлі түктеріне келеді. Жапырақтар - өте әсем,әр түрлі көбелек, құстар, балық жасау үшін қажет. Құс қауырсыны - жұмсақ мамық, құс бейнесін, бетперде т.б. жақсы жасалады.

ҚБ: « Бағдаршам » әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Оқушылар зерттеу жұмыстарын таныстырады.

Төмендегі сұрақтарды қамтыйды: Табиғи материалдар қайдан алынады? Қандай түрлерін білеміз?

Кері байланыс

« Блоб ағашы » әдісі арқылы кері байланыс жасау












15-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Фотосуретке арналған жақтау (рамка) жасау

Сабақтың мақсаты

Фоторамканы өз қолымен жасауды үйрену

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Ашық менің жүрегім

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнапғ бір жүрер

Достарым көп, білемін!

Қайталау тапсырмасы

1. Бір-бірімен қосылған бөлшек дегеніміз не?
a)серіппелі пластинкасы;
ә) шөлмек; б) тетік.
2. стильдің негізгі неше түрі бар?
А) 5 ә)4 б)3
3) киімнің әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы, бұл?
А) сән ә) силуэт б) пропоция
4) силуэттің неше түрі бар?
А)5 ә)7 б) 6
5. ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?
А) классикалық ә) фольклорлық б) романтикалық
6. «Сәнгер» деген кім?
А)модельер ә) дизайнер б) стилист
7. «Сәнші» деген кім?
А) визажист б) стилист б) Модель
8.келісті, іскерлі, элегантты өзгермейтін стиль?
А) спорттық ә) классикалық б) романтикалық
9.өте ыңғайлы стиль
А) классикалық ә) спорттық б) романтикалық
10.Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін стиль
А) фольклорлық ә) классикалық б) романтикалық

Сабақтың ортасы

2.« Ментальді карта » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Фоторамканың шығу тарихы бойынша қысқаша мағлұмат беру. Фоторамка тарихы суреттер рамкасынан бастау алады. Алғашқы суретке түсірушілер суреттерді сақтауды сурет салушылардан үйренген. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені фотосурет бұл да өнер, соның ішінде сурет өнеріне ең жақыны. Алғашқы рамалар он бесінші ғасырда пайда болып, ерекшеленбеген, эстетикалық тұрғыдан көмкерілген алтын жолақтар арқылы багеттерде , қазіргі заманғы картиналарда пайдаланылған. Он жетінші ғасырға таман бейненің қабылдауын күшейту мақсатында, раманың периметрі ішіне енген сайын баспалдақ тәрізді болып құрастырылды. Барокко дәуірінде рамалар суретен бөлек мүсіндермен, бай жазулармен көмкерілетін болған. Рамкаларда жүзім түрлері, өрілген гүлдер, ер балалардың кішкене мүсіндері бейнеленген. Он тоғызыншы ғасырда кейбір суретшілер рамаларды бөлек туынды ретінде қарап, оларды безендіруге ерекше көңіл бөлген. Жиырмасыншы ғасырда рамалар фотосуреттерді көркемдеуге пайдаланып, әдемілеуге көп көңіл бөлген жоқ. Олардың көбісі тік, қырлы, бұрышты болып келді. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында цифрлық технология белең алып, фотография жасау мерзімі қысқартылып, цифрлік фотография пайда болды. Электронды сақтауға болатын цифрлік рамкалар пайда болды. Цифрлік фоторамкалардан бұрын, цифрлік фотоларды бұрын Джордж Истмен Кодак болашақ Еаstman Kodak компаниясының іргетасын қалады. Фотоапаратсыз қазір өмір сүруді елестету мүмкін емес. Өйткені кез келген адам қолына қалам алып сала алмайды. Ал фото өнер дәуіріне жол салған Джордж Истмен алғаш ленталы фотокамера ойлап тапқан.

ҚБ: « Көңіл күй таразысы » әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Оқушылар қолдарында бар материалдардан фоторамка жасайды.

Ребусты шешіңдер
















Кері байланыс

« Бұл сабақ » әдісі арқылы кері байланыс жасау











16-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының зергерлік өнері. Материал және құрал- жабдықтары

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының жалпы ұлттық қолөнерін танып білуге, соның ішінде зергерлік өнер туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбер

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.


Сабақтың ортасы

2.« Әлемді шарлау » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Қазақ халқының атадан балаға тарап келе жатқан өнерінің бірі-зергерлік.ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зергерлік өнер қолөнердің негізгі бір саласына айналды.Қазақ халқының кейбір зергерлік бұйымдарына тоқталып өтейік. (слайдтар көрсетіледі)
Шолпы- жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген шытыралармен немесе күміс тиындардан екітілген, өрнектелген әшекей.


Сақина - зергерлік әшекей бұйымдардың ішінде әркелкілігімен ерекшеленеді. Жүзік пен сақинаның қасиеттеріне сену шығыс елдерінде кең тараған. Әрбір әйел адамның қолында сақинасы не жүзігі міндетті түрде болу керек, себебі оның жүзігі болмаса дайындаған тағамы таза емес деп есептелген. Сақина үш-төртеуден күнделікті тағатын әшекей болып есептелді. Қазақ халқында осыған байланысты мынадай мақал бар: «Тамақ адал болу үшін, қолда күміс жүзік болу керек».


Шашбау- жасалуына қазақ зергерлері түрлі тәсілдерді қолданған. Ол шаштың түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өрілген. Сонымен қатар ол шаштың сұлулығын және қалыңдылығын байқатады.

Сырға - үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде тағатын болған.
Білезік - әдетте сыңар қолға немесе екі қолға екеуін, кейде бір қолға екеуін бірден тағатын болған. Білезіктің тұтас және құрамды бөліктерден тұратын түрлері де бар

Тұмарша, бойтұмарлар – күмістен жасалғаніші қуысыдыс және ол үшбұрышты, төрт бұрышты, түтікше формасында жасалады. Тұмарлар ішіне қағазға жазылған Құран сүрелерін сақтап жүрген. Оның тіл көзден, пәле–жаладан қорғайтын қасиетіне сенген.
Әйел белдіктері- көбіне мақпал, жібек маталардан жасалған. Ер адамдардың белдіктері сияқты әйел адам белдіктері де металл шытыралармен, сонымен қатар түрлі бағалы тастардан көз қондырып әсемдеген. Хас (нефрит) тасын пайдаланған. Қазақ халқы хаспен (нефритпен) әсемделген киім адамды найзағайдан сақтайды деп есептеген.
Ер адамның белдіктері үш топқа бөлінеді: күнделікті, әскери, салтанатты (7мин)
Тапсырмалар
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көсемше жұрнақтарын қойып жазыңдар.
Ол үлкендердің айтқан әңгімесін тыңда... отырды. Таңертең сол жаққа өзім бар... жатырмын. Айтылған сөзден кейін үндеме...отыр. Олар театрға бар... отыр. Оның уақыты болма... жатыр. Бәйгеде алған жүлдесі туралы айт... берді.

2-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
1. Шеберлер әшекей бұйымның бетіне алтын жалатып, үстін алтын таспен безендірген.
2. Металдан түрлі әшекей бұйымдар дайындауда қазақ шеберлері көп үлгілер қалдырған.

Сабақтың соңы

4. Ребусты шешіңдер






Кері байланыс

« Білім қоржыны » әдісі арқылы кері байланыс жасау





















17-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Сақина жасау

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері ішінде зергерлік өнер жайлы жалпы мағлұматтар беру, жасалу технологиясын үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбер

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге,

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз.

  • Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

  • Оның түрлерін ата.

  • Қолөнер шеберлерін атап бер.


Сабақтың ортасы

2.« Эйлер шеңбері » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Зергерлік өнер - сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптеу (филигрань), буршік, карала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады.

Қазақтың зергерлік өнері - тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол - атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Дәстүрлі зергерлік өнерде шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап пайдаланған. Оларға мыналар жатады: көрік, қышқаш, төс, сым тартқыш. Зергерлердің аса көп жасайтыны - әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан. Бір-біріне үзбелеп бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті алқалардан құралатын салмақты да салтанатты өңіржиектер аса көзтартарлық әсем болады. Қатар-катар тізбектелген тастар қондырылып жасалған тамақ алқа асыл матамен әдіптеледі. Ал інжу-маржан қадалған тамақшалар - қыздар жиі тағатын

бұйымдар. Кеудеге тағылатын әшекейлер қатарына түрлі-түсті, сәнді түйреуіштерді, асыл тасты тұмарларды, небір қымбат тастармен безендірілген таналар мен күмістен соғылған түймелерді, ілгешектерді жатқызуға болады.

Зергерлік өнердің пайда болуы

Қазіргі Қазақстан аумағында техникалық жэне көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашкы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар - таутеке. ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары (б.з.б. 5 — 4 ғ.), сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт-саймандары (Есік қорғаны, б.з.б. 4 ғ.), әйелдің алтын бас киімі (Қарғалы қазынасы, б.з.б. 2 - 6.3.2 ғ.), жарқырауық тас орнатылған сырғалар (Актас-1 қорымы, б.з. 2 - 5 ғ.) табылған. Бұларда бірін-бірі толықтыратын техникалық тәсілдер - бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, сіркелеу, қақтау, әшекейлеу, т.с.с. қолданылған.

IV. Сарамандық жұмыс

Оқушыларға сарамандық жұмыс барысында темір жонғыш станоктан болттың үлгісін жондырту.

V. Бұйымды жасату кезеңдері:

  1. Сақинаның бөлшектерін кесіп дайындау (20 минут)

Б) Сақинаны оюмен өрнектеу (7 минут)

  1. Бұйымды өцдеу, тазалау (5 минут)

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Сабақтың соңы

  • Зергерлік өнердің қандай тәсілдерін білесіңдер?

  • Қазақстанда зергерлік өнер қай дәуірде дамыды?

Кері байланыс

« Ақ желкен » әдісі арқылы кері байланыс жасау





18-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Дизайн және технология негіздері

Сабақтың мақсаты

Қазіргі заманғы технологиялық машина құрылғысын және жұмыс істеу принципін сипаттайды, және оның ішінде конструкциялық өңдеу операциялар бойынша орындайды, табиғи және жасанды материалдар.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.


Сабақтың ортасы

2.« Буклет » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс

Оқушылар тақырып бойынша барлық теориялық материалдарды жан-жақты жинастырады.

ҚБ: « Түймедақ » әдісі

Сабақтың соңы

4 . Ребусты шешіңдер












Кері байланыс

« Екі жұлдыз, бір тілек » әдісі арқылы кері байланыс жасау






19-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Құрылыс материалдардың түрлері

Сабақтың мақсаты

Құрыс материалдарының түрлерімен танысады.

Ағаштың ,араланған материалдардың әртүрлі тұқымдастары,ағаштың қасиеттері,ағаштың текстурасы мен түсін анықтап біледі.Жасанды ағаш материалын өндіру ерекшелігін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.


Сабақтың ортасы

2.« Буклет » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс

Конструкциялық материалдар. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу. Әр түрлі материалдан жасалған күнделікті қолданылатын заттармен таныстырылады. Құрылымдық материалдар және олардың түрлері туралы түсініктеме беру.Композиттік материалдарды таныстыру. Ағаш пен араланған материалдардың әртүрлі тұқымдастарының үлгілерімен таныстыру. Төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесуді бастаймын.

*Ағаш түрлерін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады? *Жиһазды қандай материалдардан жасайды және не себепті? *Ағаштың түрлерінің түсімен және текстурасының сипаттамасымен танысады.

*Фанерді қайда қолданатынын түсіндіру. Тапсырма. Оқушылар материалдардың ерекше белгілерін жазады. Оқушылардың білімін бекіту үшін кестені толтыру. Оқушылар өз беттерінше араланған материалдардың негізгі түрлері және ағаштың физикалық қасиеттеріне арналған мәтінді зерттейді.

Практикалық жұмыс

Ағаш материалдардың текстурасымен танысуға бағытталған

ҚБ: « Түймедақ » әдісі

Сабақтың соңы

Кері байланыс

« Екі жұлдыз, бір тілек » әдісі арқылы кері байланыс жасау



20-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Материалдардың қасиеттерін зерттеу

Сабақтың мақсаты

. Ағаштың ,араланған материалдардың әртүрлі тұқымдастары,ағаштың қасиеттері,ағаштың текстурасы мен түсін анықтап біледі.Жасанды ағаш материалын өндіру ерекшелігін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Достарымның барлығын,

Сыйлап, жақсы көремін.

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін.

Сабақтың ортасы

2.« Эйлер шеңбері» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Ағаш- табиғаттың тамаша туындысы.Ағаш көл өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай өртеуге адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Алғашқы адамдар ағашты тіршілігіне қажет материал (жатақ жайы, еңбек құралы( ретінде пайдаланған. Мәселен, олар аң аулауға қажет құрал-саймандарды, аша таяқ, үшкір ағаш найза, қада, жебе т.б. ағаштан жасады.Қазір ағаш ұсталарының жасайтын-әбдіре, кебеже, жүкаяқ, ағаш төсек т.б. үй жиһаздарын көркем еңбек туындысы десек, қателеспейміз.

Ағаш материалдарын өңдеуүшін оның түр-түсінің, ерекшелектері, тығыздығы, жұмсақ, қаттылығы, жылумен ылғал өткізгіштігі т.б. қасиеттері ескеріледі. Ағаштың негізгі екі тобы көп тараған.

Олар:жапырақты ағаштар мен қылқан жапырақты. Негізінен ағашты көп жерлерге пайдаланады. Мысалға: құрылыс материалдары, үй жиһаздары, музыка аспаптары т.б.

Ағаштың негізгі үш бөлігі

Тамыры Діңі Ұшар басы

Ағаштың қасиеттеріне тоқталатын болсақ, ағаш материалының түсі оның жасы мен қоршаған ортасына байланысты. Жас ағаш түсі ескілеріне қарағанда ақшылдау болады. Ағаштың қабығы түссе, оның түсі тез қарайып, ескере бастайды.

Тығыз ағаштар өте берік болады. Тығыздығы жоғары ағаштарға шамшат, үйенкі, алмұрт жатады.

Ағаштың дымқылдығы ондағы ылғалдың мөлшеріне байланысты. Жаңа кесілген ағашты өңдеу қиын болады. Себебі ол көлемі мен пішінен өзгертіп, жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан өңдеуге қажет ағаш жақсы кебуі тиіс.

Ағаштың біріктігі оған түскен күштің шамасына қарай сипатталады. Егер ағаш сынбаса, шытынамаса ол берік ағаш болғаны. Берік ағаштарға-емен үйенкі, қызыл қарағай жатады. Ағаштың діңі конусқа ұқсас. Құрылыс материалының көпшілігі ағаш діңінен алынады.

1.Ағаш неше түрге бөлінеді?

2.Ағашта ішкі құрылысын ата?

3.Ағашты қандай қасиеттерін білесін?

4.Ағаш неше бөліктен тұрады?

5.Құрылыста ағаштың қай бөлігін көп пайдаланады?

ҚБ: « Смайлик » әдісі

Сабақтың соңы

Сарамандық жұмыстың мақсаты:

Ағаш түрлерін ажырата білуді үйрену, оның жасалатын бұйымға әсерін анықтау және ағаштан бұйымды жинау жолдарын меңгерту.

Сабақты қауіпсіздік ережесін түсіндіруден бастаймыз.

1.Жұмыс құралдарын жұмысқа жарақты болсын.

2.Балғамен, қысқашпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақта.

3.Жұмыс кезінде жұмыс орнының таза болуын, басқа артық заттардың болмауын қадағалау.

Сарамандық жұмысқа қажетті материалдар, құралдар мен жабдықтар:

Ағаш өңдейтін үстел, фанер, рейка, балға, қысқаш пен шеге түрлері т.б. еңбек құралдары.

Сарамандық жұмыстың орындалу реті:

Жәшікті жасау үшін негізінен қолданатын ішкізаттар:

фанер және рейка, жәшік 4 қабырғадан, түбінен және қақпағынан тұрады. Жәшікті жасау үшін фанер, рейка, шеге және түрлі қағаз қажет. Осы дайын бөлшектерден жәшік құрастарып шығару керек

Кері байланыс

« Координата » әдісі арқылы кері байланыс жасау









21-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Құрал- саймандары және жабдықтарымен танысу

Сабақтың мақсаты

Конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

Сабақтың ортасы

2.« Ментальді карта» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жұмыс жасайды

Қазіргі таңда сәндік қолданбалы өнердің басым бөлігін кәдесыйлар, сонымен қатар үйде қолдан жасалатын әртүрлі бұйымдар құрайды.

Мұндай бұйымдарды жасау үшін әртүрлі материалдар қолданылады. Материалды бұйымның түрі мен қолданылуына, оған сай келетін өңдеу әдістеріне байланысты таңдайды. Ең алдымен материалдың механикалық қасиетін, сонымен қатар түсін, реңін ескеру қажет.

Ағаш материалдар аса сұраныспен қолданылады. Бұл материал экологиялық таза, өңдеуге жеңіл беріледі, сыртқы әсерлерге бүлінбестен өзінің бастапқы көрінісі мен көркін ұзақ уақыт сақтай алады.

Ағаш жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар күнделікті тұрмыстық бұйымдарды жасау үшін қолданылады.

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын – қобдишалар, кескіш тақташаларын көркем ою, куйдіру және өрнек салу арқылы безендіреді.

Металдан сатылар, қорғандар, өндірістік сөрелер, арнайы техникалық бұйымдар, зергерлік әшекейлер және басқа да көптеген бұйымдар жасайды.

Саздан ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жасама бұйымдар жасайды.

Былғары киім және аяқ киім жасаудан бастап, кітап түптеуге дейін, сонымен қатар жиһаз қаптамалары мен былғары қабырға жапсырмаларын жасауға қолданылады.

Тас құрылыста, сәулетте, мүсінде, зергерлікте, сәулет өнерінде қолданылады.


ҚБ: « Смайлик » әдісі

Сабақтың соңы

  1. Тоқыма өнер түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

  2. Қолданылатын материалдарында қандай ерекшеліктер бар екендігін байқадыңыз?

  3. Бүгінгі сабақта өзіңізге қажет жаңа мәлімет ала алдыңыз ба?

Кері байланыс

« Бұгін сабақта... » әдісі арқылы кері байланыс жасау









22-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Түрлі материалдардан музыкалық аспаптарды жобалау (дабыл, дауылпаз, тамбурин, асатаяқ)

Сабақтың мақсаты

Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Көңілденіп күленіп,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын,

Мен ақылды баламын.

Сабақтың ортасы

2.« Зерттеушілік карта » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жұмыс жасайды

Оқушыларға қазақтың ұлттық аспаптары беріледі

Осы аспаптарға оқушылар жасалған материалдарына толық сипаттама береді. Оларға интернет көздерінде қолдануға болады.

ҚБ: « Смайлик » әдісі

Сабақтың соңы

Кері байланыс

« Бүгін сабақта... » әдісі арқылы кері байланыс жасау










23-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Сымнан әртүрлі бұйым жасау

(шынжыр, басқатырма)

Сабақтың мақсаты

Сымнан жасалатын бұйымдарды июді, бұйымдарды, бұйымдардың материалдарын, оны жасау құралдарын таныстырып, басқатырмаларды сымнан жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.


Сабақтың ортасы

2.« Зерттеушілік карта » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жұмыс жасайды

Оқушыларға сәндәк бұйымдарды, ойыншықтарды жасау кезіндеаса жіңішкелігімен және өте ұзындығымен ерекшеленетін сымдар туралы мәлімметтерді беремін.

Негізінен сымнан жасалатын қол бұйымдары түрлерімен таныстырамын. Сымнан жасалатын қол бұйымдарының төрт түрі бар.Олар: контурлық қол бұйымдары, мүсіндер, басқатырмалар және шынжырлар.

Контурлық қол мүсін басқатырмалар шынжырлар

бұйымдары



... .....  ...... .........







Әрқандай сымнан бұйымдар жасағанда міндетті түрде өңдеуге арналған құралдары болады. Осы құралдармен оқушыларды таныстырып өтемін.


......... ....... ......


Ұшы домалақ қысқаш -сым сақиналарды бір қалыпты ию жұмыстары жасалады. (шы жазық қысқаштар -әртүрлі бұрыш жасауға арналған.Тістеуік пен бүйіркескіштер-сымды қиюға арналған.

..... 

Егеу сымды кесіп болғаннан кейін ұштары тегіс болмаған жерілн тегістейді.

Металл сызғышпен сымды өлшейміз

Сабақты бекіту кезеңі.

Оқушыларға сабақта үйренгендерін ұғып қалу үшін тест жұмыстарын орындаймыз.

Тістеуік суреті мына құрал қалай аталады?

Мүсін суреті Суреттегі сымнан жасалған бұйым қалай аталады?

Сымның кедір бұдырын қандай құралмен тегістейміз?

Сымды қандай сызғышпен өлшейміз?

Басқатырма суреті . Сымнан жасалған эскиз суретін тап.

Мақал мәтелдер сайысы

Оқушыларға үй туралы мақал мәтелдің жарты сыңарын слайдта жартысы оқылады,жартысын оқушы өздері табу керек.

Шебердің қолы ортақ,( шешеннің тілі ортақ).

Ұстаның бізі сүйкімді,( жақсының сөзі сүйкімді)

Өнерлінің қолы алтын,(өлеңшінің сөзі алтын)

Өнерлі жігіт төрге озар,( өнерсіз жігіт жер соғар).

Шешеннің сөзі мерген, (шебердің көзі мерген).

Ұстаны соққан пышағынан таниды,(өлеңшіні айтқан өлеңнен таниды).

Жігітке жеті өнер аз,(жетпіс өнер көп емес).

Асыл тастан шығады, (өнер жастан шығады)

Ақыл көпке жеткізер,( өнер көкке жеткізер).

ҚБ: « Пайыз» әдісі

Сабақтың соңы

Практикалық бөлімі

Практикалық бөлімде қауіпсіздік ережесі туралы түсіндіремін.

Сымнан бұйым жасап көрейік деп оқушылармен бұйым жасаймыз.

Практикалық бөлімде қағазға басқатырманың сурет үлгісін жасаймыз.Оны тақтайға желімдеп, кима үлгі бойынша бүгілетін жерлеріне шеге қағып аламыз.Солқағылған шеге бойынша контур бойлап сымнан піл контурын жасаймыз. Бөлек сымнан екі сымнан кесінді дайындаймыз.Оның ұшын цилиндрлі сақинаша бөгеміз.Оның бірін П әрпі тәрізді етіп,бүгеміз.Бір бөлегін екіншісіне салып, басқатырма дайындаймыз.

Кері байланыс

« Бұл сабақ... » әдісі арқылы кері байланыс жасау















24-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Роботтардың түрлері. Тарихы

Сабақтың мақсаты

Роботтардың түрлерімен танысып, олардың шығу тарихынан толық мәлімет алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Қуанамыз күлеміз,

Бар әлемде сүйеміз.

Қол ұстасып, қуанып,

Достарымен бір жүреміз.


Сабақтың ортасы

2.« Әлемді шарлау » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жұмыс жасайды

Робототехнология қалай пайда болды? «Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың  пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920  жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты оры стың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга»  деген мағынаға ие. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы  роботты  көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу  мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. “Seiko Epson” деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты құрастырды. Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр. 1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо Да Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған. Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо Да Винчидің 15-ші  ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба нұсқаларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vinci’s robots» деген кітап басып шығарды. Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов, робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады. Айзектің кітабына негізделген «Мен, роботпын» атты фильм де түсірілген. Картина үстіміздегі 2014 жылы Уилл Смиттің басты рөлді сомдауымен түсіріліп шықты. 1-заң: роботтың адамға зақым келтірмеуі керек 2-заң: робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті 3-заң: робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бұрын роботтардың іс әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әр түрлі музыкалық  аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әр қандай тақырыптар бойынша  кеңестер бере алады-мыс. Жыл сайын Жапонияда  инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интеллектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Оның емтихан қорытындысы  бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы  үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүние жүзі тарихы, математика және жапония тарихы.

ҚБ: « Бағдаршам » әдісі

Сабақтың соңы

Кері байланыс

« Бүгінгі сабақ » әдісі арқылы кері байланыс жасау



26-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Көлік түрлері

Сабақтың мақсаты

Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы жалпы мәлімет беру және түсінік қалыптастыру

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Аспан ашық , көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр

Қол ұстасқан біздерді

Тереземнен көріп тұр.


Сабақтың ортасы

2.« ДЖИКСО » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды

- Балалар, көліктердің төрт түрі кездеседі екен. Олар әуеде ұшатын көліктер, суда жүретін көліктер, жерде жүретін көліктер және темір жолмен жүретін көліктер деп бөлінеді. Әуеде ұшатын көліктерді ұшақ деп атаймыз екен.Ұшақ – самолет – аэроплан. Оладың кең қанаты, екі дөңгелегі болады екен, және олар, жүк таситын, адам таситын және әскери деп бөлінеді. Сумен жүретін көліктер кеме, қайық деп аталады. Ал енді темір жолмен жүретін көліктер олар, поезд деп аталады. Поездың бірнеше түрлері бар, олар адам таситын, жүк таситын, метро деп аталатын түрлері бар. Жерде жүретін көліктердің түрлері өте көп. Олар, велосипед, мотоцикл, жеңіл машина, жүк көліктері, автобустар деп бөлінеді.

Балалар кәне шаршаған шығармыз келесі тапсырмаларымызды орйындамас бұрын сергіту жаттығуларын орындап алайық

Жекелей жұмыс.

Көлік түрлерін тиісті орынға жапсыр, әр көлік түрін не үшін пайдаланады?

Иә, балалар, жедел қызметте жұмыс істейтін өрт сөндірушілер мен дәрігерлердің қызметі ауыр болады, олар күн-түн демей адамдарға қызмет етеді, сондықтан олардың жұмысын бағалауымыз керек.

Дидактикалық ойын: « Көлік түрлерін ата» ойыны

Ойынның шарты: Балаларға бірнеше көліктің суреттері бейнеленген слайдтар көрсетіледі. Балалар сол көрсетілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: « Белгілер сөйлейді» әдісі

Сабақтың соңы

«М»-ден бастасаң,

Тағамның бір түрімін.

«М»-ны алып тастасаң,

Түнгі аспанның нұрымын.

(Май-Ай)

Кері байланыс

« Бас бармақ » әдісі арқылы кері байланыс жасау






27-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Көлік моделін жасау

Сабақтың мақсаты

Көлік макеті бөлшектерінің сызбасын сызуды уйрету. Сызба бойынша бөлшектерін дайындау, макетті құрастыру икем-дағдыларын қалыптастыру..

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Көліктің шағын макетін жасау мысалдарының барысы да көрсетіледі.

Жасалынған макет көп уақытқа дейін төзімді, берік етіп жасалынуы қажет.

Көлік құралын орындау барысы бірнеше кезеңдерден тұрады.

- Эскиз бойынша қажетті материалдарды қарастыру, дайындау;

- Материалдарға техникалық суреттері, сызбалары бойынша көлік бөліктерінің пішіндерін өлшеп, пішіп, белгілеп алу;

- Белгіленген дайындамаларды кесіп, ою;

- Дайындамаларды сырлау, әрлеу;

- Бөліктерді қажетті қосылыстарды пайдалана отырып құрастыру;

- Дайын болған көлік үлгісінің беріктігін, қолдануға жарамдығын сынау және ақаулары болса, қалыпқа келтіреді.

Сабақтың ортасы

2.« Буклет » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды

Практикалық жұмыс

1. Бөлшектерді әзірлеу

Оқушылар өздері таңдап алған көліктердің алдын-ала жасаған эскиз-нобайларына, техникалық суреттеріне, сызбаларына сәйкес дайындаған материалдарды пайдаланып бөліктерін жасайды.

Мұғалімоқушылардың атқарған жұмысы барысында еңбек техникасының орындалуының дұрыстығын және операцияның технологиялық реттілігін мұқият қадағалап отырады..

Макет мықты, берік етіп жасалынуы үшін фанера немесе жұқа тақтайша материалын пайдалануға болады.



Мысалға автомобиль көліктерін алып, қарастырайық.

Фанера немесе тақтайша бетіне көліктің корпусын, бөлшектерін эскиздегідей өлшеп түсіреміз..

Контурлары бойынша дайындамалар кесіп аламыз

Алдын ала диаметрі сызбадағы өлшемге сәйкес дайындалған ағаш біліктен автомобиль доңғалақтарын кесіп алып, оны токарьлық станокта өңдеп, ойқылдарын келтіріп, ортасына бұрғылап осьтік тесік жасайды.

Кесіліп алынған дайындамалардың кейбір бұрыштарын, жақтауларын, қырларын егеумен егеп, зімпара қағазымен ысқылайды.

Бөлшектерді сырлау, әрлеу үшін акрил бояуын қолдануға болады. Өйткені, бұл бояу денсаулыққа зиянсыз, жылдам кебеді.

2. Көліктер макетін дайын бөлшектерден құрастыру

Дайын бөлшектерді құрастыруды сызбаларына сәйкес орындаймыз.

Алдымен корпусына негізгі бөлшектерін, содан кейін қосымша бөлшектерін, доңгалақтарын желімдеп жапсырамыз.

Дайын болған ағаштан жасалған өнімді түссіз лакпен әрлеген дұрыс. Лак жағылған ағаш өнімі көпке дейн өз қалпын сақтап, бұзылмайды. Бұндай жағдайда дайындамаларды гуашьпен бояп немесе ешқандай бояусыз, лактың тек өзін жақса да болады.

Оқушылардың жұмыс барысын байқай жүріп, мұғалім жеке оқушыларға көмек көрсетіп, олардыынталандырып отырады..

ҚБ: « Санамақ » әдісі

Сабақтың соңы

Қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Көліктің маңызы қандай?

-жол жүру ережесін не үшін сақтау керек?

-автобустан түскенде не істеу керек?

Кері байланыс

« Арал » әдісі арқылы кері байланыс жасау











28-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Дұрыс тамақтанудың негіздері

Сабақтың мақсаты

Дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау және зерделеп, дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Көңілденіп , күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын

Мен ақылды баламын

Сабақтың ортасы

2.« Әлемді шарлау » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу. Тамақтану – адам өмірін қамтамасыз етудің басты негіздерінің бірі. Дұрыс әрі нәрлі тамақтану- салауатты өмір салтының маңызды бір элементі.Дұрыс тамақтанудың басты қағидаттары бүкіл жанұя үшін бірдей. Әртүрлі дәрумендерге бай ,жаңа піскен көкөністерге аскөк қосып,жиірек салат жасау қажет. Дәрумендер -денсаулық үшін маңызды,ағзаның ауруға қарсыласуын арттырады. Тиімді тамақтану- нәрлі,дұрыс,саналы,өз уақытында тамақтану.Ол «энергетикалық тееп-теңдік» , « тамақтану кестесі» , « әртүрлі ,аралас тамақтану» сияқты түсініктерден тұрады. Топтастыру «Дұрыс тамақтану дегеніміз не?» Сурет арқылы топтарға бөлу. Оқулық,мәтіндер.

Қолдану

Қолдану Дұрыс тамақтанудың негіздері. Топтық жұмысқа арналған ресурс

ҚБ: « Бағдаршам » әдісі

Сабақтың соңы




Ой қорыту. Кесте толтыру


Тамақтану

Пайдасы

Зияны







Оқушылар өз жұмыстарын таныстыруда бір – бірлеріне пікірлер мен жақсарту ұсыныстарын айта отырып бағалайды.

Кері байланыс

« Бас бармақ » әдісі арқылы кері байланыс жасау

Picture 130



















29-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Үйде, қоғамда өзін- өзі ұстау ережелері

Сабақтың мақсаты

Үйде, қоғамда өзін-өзі ұстау ережесін оқып талдап, түсінеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.


Сабақтың ортасы

2.« Джиксо » әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Бірінші ереже. Әңгімелесудің алғашқы 60 секунды Сіз қандай адам екендігіңізді толық көрсетеді.  Жүрісіңіз, сымбатыңыз, танысқан кездегі өзіңізді қалай ұстағандығыңыз, алғашқы айтқан сөздеріңіз, дауысыңыздың тембрі, киіміңіз, шашыңыз...- осының барлығы Сіз жайлы алғашқы пікір қалыптастырады.

Пунктуалдылық, яғни барлығын уақытында істеу.

Уақытты дұрыс жоспарлау, тапсырманы уақытында орындау, кездесудегі пунктуалдылық – осының барлығы іскер адамды жақсы қырынан көрсетеді. Мысалы, маңызды кездесуге кешігіп келгеніңіз – сіздің сенімсіз адам екендігіңізді көрсетіп, кездесу болмауы мүмкін. Кәсіби білікті  адамдар тек өз уақытына ғана емес, сонымен қатар басқа адамның да уақытына құрметпен қарайды.

Тек өзін ғана емес, басқаларды да ойлау, ұжыммен жақсы қарым-қатынаста болу.

Өзімшілдік, басқа пікірді құрметтемеу, шыдамсыздық – осының барлығы бумеранг сияқты сізге қайтып келуі  мүмкін. Кез келген қызметкер, сынға, қоластындағылардың кеңесіне құлақ асуы керек және әріптестерінің тәжірибесін құрметтеген жөн.

Сіздің сөйлеген сөзіңіз, жазған жазуыңыз сауатты болғаны жөн.

Адамның сауатты сөйлей білуі оның кейпіне жалпы ықпал етеді. Сөйлей білгендігіңіз кез келген сұрақты шешуге көмектеседі. Бүгінгі күннің іс адамына жетістікке жету үшін, риторика өнерін игеру керек, яғни сөзге шешен болғаны жөн. Өзіңіздің дикцияңызды, сөзді жеткізуіңізді, интонацияңызды қадағалауыңыз керек. Іскерлік кездесуде ешқашан жаргон сөздерді қолдаңбаңыз, басқа адамдарды тыңдай біліңіз, сізге оны тыңдау қызық екендігін көрсете біліңіз.

 «Тең жағдайда» кім бірінші болып амандасады (жасы, жынысы, қоғамдағы орны)?

Осы сұраққа жауап беру үшін франциялық әскери жарғысын еске түсірген жөн, ол жерде айтылғандай, шендері бірдей офицерлер кездескенде, ең бірінші болып тәрбиелісі амандасады. Шынын айту керек, бұл осы сұрақтағы ең дұрыс шешім болып табылады.

Сізге қол созған адамның қолын ұстамағаныңыз, бұл адамды қорлағаныңыз болып табылады.  Осындай әрекетті тек жауласқан адаммен ғана жасауға болады.

Егер сіз қолғапта болсаңыз, амандасқанда қолғапты шешкеніңіз жөн. Тек әйелдер ғана ер кісілермен амандасқанда қолғапты шешпейді. Әрине осындай жағдайда әйелдің қолынан сүймейді. Әйелдің қолын сүю дәстүрі бізден гөрі көбінесе Батыс елдерінде кең таралған. Ал егер салтанаттарда, марапттауларда әйелдің қолын сүйсе, бұл оған деген құрметтің көрінісі болып табылады. Қолдан сүю тек «символдық» тұрғыда болу керек, яғни ерінді ақырын ғана қолға тигізу. Қатты сүю әдепсіздік болып саналады.

Шиеленіс  жағдайында өзін ұстаудың ережелері.

Есте сақтаңыз, шиеленіс  кезінде, адамда алға сана емес, эмоциялар шығады, бұл аффекте әкеледі.

Көпальтернативті амалын ұстаныңыз, өз ұсынысыңызды жасай отырып, әріптесіңіздің ұсынысын жоққа шығармаңыз.

Шиеленісті шешудің сізге маңызды екендігін түсініңіз.

 Егерде сіз және әріптесіңіз ашуланған, агрессивті жағдайда болсаңыз, ішкі ашуыңызды басыңыз.

Адамдағы жағымды, жақсы қырларына назар аударыңыз, осындай жағдайда ол одан да жақсы болуға әрекеттенеді.

Әріптесіңізге сіздің орыныңызға тұруды ұсыныңыз. Бұл қиын жағдайды шешіп, оны эмоциялық күйден  жағдайды түсіну күйіне  әкеледі.

Өз жетістіктеріңізді өтірік еселетпеңіз. Біреуден жоғары екендігіңізді көрсетпеңіз.

Қалыптасқан жағдай үшін тек өз әріптесіңізді айыптамаңыз.

 Келіспеген жағдайдың нәтижесіне қарамастан қарым-қатынасты бұзбауға тырысыңыз.

ҚБ: « Пайыз » әдісі


Сабақтың соңы

3.Ребусты шешіңдер



Кері байланыс

« Нысана » әдісі арқылы кері байланыс жасау















30-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Электр энергиясы көздері туралы жалпы мәліметтер. Материал және құрал- жабдықтар

Сабақтың мақсаты

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары септік жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп,оған қосымша мән үстеп тұратындығын және алдындағы сөздердің септік жалғауда тұратыны қажет ететінін түсінеді

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері.

Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

Сабақтың ортасы

2. « Көршімнің әңгімесі » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Электрқозғалтқыш- бұл да электргенератор, тек ол керісінше жұмыс істейді.Егер электрқозғалтқыштың статорының сымдарымен ток жүрсе, ротор айналады. Әдетте ротор статордың ішінде орналасады. Электргенераторлар айнымалы токты ғана өндіреді, электрқозғалтқыш айнымалы токпен де, тұрақты токпен де жұмыс істей алады.Айнымалы токты тұрақтыға түрлендіру үшін түзеткіштер қолданылады.Тұрақты токпен жұмыс істейтін әлемдегі бірінші электрқозғалтқышты 1834 жылы орыс ғалымы Б.С.Якоби жасаған. Айнымалы токтың электрқозғалтқышы одан екі жыл бұрын пайда болған, оны америкалық физик Дж.Генри ойлап тапты.Іс жүзінде қолдануға жарамды электргенераторлар 1830-шы жылдары пайда болды.

Электргенераторлар- кез-келген электр станциясының негізі. ХІХ ғасырда электр станцияларын электр энергиясын пайдаланатын орындарға- зауыт пен фабрикаларға мүмкіндігінше жақындатып салған. Электр энергиясын қашық жерлерге беру техникасы жетілгеннен кейін электр станцияларын зауыттарға «байлап» қоймауға жол ашылды.Мұндай электр станцияларын біраз уақыт бойы орталық деп атады.

Волховсктағы ГЭС

Әлемдегі бірінші орталық электр станциясын 1881 жылы Нью-Йоркте Т.А.Эдисон салған, ол жылу электр станциясы болатын. Ең бірінші ГЭС-ті 1880 жылы Ұлыбританияда салды. Әлемдегі бірінші атом электр станциясы 1954 жылы Калугна облысындағы Обнинск қаласында іске қосты.Бұл АЭС 2002 жылға дейін жұмыс істеді.


ҚБ: « Бағдаршам » әдісі

Сабақтың соңы

3.Ребусты шешіңдер
















Кері байланыс

« Үштік » әдісі арқылы кері байланыс жасау










31-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым электр тізбегін құрастыру

Сабақтың мақсаты

Электротехникалық жұмыстар бойынша алған білімдерін тиянақтау, электр арматура қызметтерін ажырата білуге, құрастыра білуге үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері.

Көңілденіп күленіп,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын,

Мен ақылды баламын.

Сабақтың ортасы

2. « Ментальді карта » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

  1. Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады? (Қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұрады. Олар тоқ көзі, ажыратқыш, электр өткізгіш, қабылдағыш).

  2. Электр тізбегін құрастыру неше амалдан тұрады? (1 – сымды ұштау, 2 – электр арматурасына жалғау.

  3. Электр сымдарының ішкі және сыртқы қабатты неден жасалады? (электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен аллюминийлен , сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшалауыштан жасалады.

  4. Электр аспаптырының қатарына нелер жатады? (электр аспаптарының қатарына тістеуіш, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш т.б.)

  5. Өндірісте тоқ көзі ратінде нелер пайдаланылады? (өндірісте тоқ көзі ретінде гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланылады).

  6. Электр материалдарының қатарына не жатады? (электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш таспа, бау т.б. жатады).

  7. Электр тұтынушыларға нелер жатады? (электр тұтынушыларға электр шамы, үтік, телевизор,тоңазытқыш т.б. жатады).

  8. Қандай материалдар ток өткізбейді? (ток өткізбейтін материалдарды оқшалауыш деп атайды. Оларға пластмасса, резеңке, құрғақ ағаш, фарфор жатады).

ҚБ: « Пайыз » әдісі

Сабақтың соңы



















Электр арматурадағы ақауларды түзету, перфокарта толтыру.


№

Ақаулардың түрлері

Түзету жолдары

1.

Бір шамды шырақтың шамы күйген


2.

Шырақтың шамы бос бекітілген


3.

Электр тізбегін тоққа қосқанда шам жанбайды


4.

Электр патрондарының тірек түйіспесі сынған


Кері байланыс

« Бутерброд » әдісі арқылы кері байланыс жасау



32-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал етіп, ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

Сабақтың ортасы

2. « Сөйлейтін қабырға » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Тапсырма:

Тұрмыстағы қарапайым ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу, қол құралдарын қолдану арқылы.,

Мысалы:

Шеге қағу. Тұсқағаз жабыстыру.Кабырғаның жарылған

жерлерін жөндеу


Оқушыларға сұрақ қойыңыз:

Пәтер жөндегенде негізгі қандай жұмыстар атқарылады? Жөндеу жұмыстарын кімдер жасайды? Пәтерді жөндеу үшін, қандай мамандық иелері керек? Өздерің орындай алатын жұмыстар болады ма? Жиһаз бен жиһаз заттарының қандай бөліктері сынуы кездеседі? Жиһаздың қозғалатын бөліктерін ненің көмегімен және қалай біріктіреді?


ҚБ: « Бағдаршам » әдісі

Сабақтың соңы

Алдын ала оқушылардан тәжірбиелік жұмысқа қажетті материалдар мен құралдарды (қарапайым жөндеужұмыстары) дайындауларын сұраңыз.

Келешекте талдау үшін, жиһаз жөндеу бейнематериалдарын қарап шығу.

Мұғалім жиһаз жөндеу материалдары мен құралдарын, олардың фурнитурасы мен міндеттерін көрсетеді.

Тәжірбиелік жұмыс.

Мұғалім фурнитура бекітпелерімен (топса, ілгіш, бұрыштама, жиһаз тұтқалары және т.б.) жұмыс жасау кезеңдерін көрсетеді.

Оқушылар қол құралдарын қолдана отырып, қолда бар фурнитураны АЖП(ағаш- жоңқа плитасы) (ДСП) бөлігіне бұрама шегемен бекітеді.

Жұмыс соңында оқушылар өз жұмыстарын талдап, әлде де дамыту мақсатында өз пікірлерімен бөліседі.

Кері байланыс

« Нысана » әдісі арқылы кері байланыс жасау

















33-сабақ

Мұғалім:

Ай-күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары

Сабақтың мақсаты

Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру.

  1. Шаттық шеңбері.

Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

Сабақтың ортасы

2. « Көршімнің әңгімесі » әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.

«Жеміс дақылдары »туралы бейнежазбалар көру. Бейне жазбаны көру барысында, оқушылар жеміс-жидек дақылдарының түрін анықтау мақсатында топ арасында карталарды жинайды. Оқушылар «Көкөніс дақылдары» және олардың өсуіне жарық пен көлеңкенің әсері» туралы бейне жазбалар көреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай дақылдар көкөністерге жатады?

Көкөніс түрлерінің өсіп-өнуіне қандай талаптар қойылады?

Жарық көп түскен жағдайда өнімді көп алу мүмкін бе?

Өнімді өсіру барысында қажетті шарттардың бірі болмаса (жарық,су....) не болады? Өсімдіктердің дұрыс өсіп-өнуі, жақсы өнім беруі үшін қандай шаралар қолдануға болады? Мұғалім тақтаға оқушылардың жауаптарынан қорытынды жазады су + жарық + жылу + ауа + минералдар + топырақ

ҚБ: « Бағдаршам » әдісі

Сабақтың соңы

Кері байланыс

« Үштік » әдісі арқылы кері байланыс жасау




















Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көркем еңбек оқулығы 5- 6 сынып

2. Оқу жоспары, Көркем еңбек 5- 6 сынып

3. «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журнал № 6, 2014 ж,

№ 1, 2015 ж

4. «Биология және салауаттылық негіздері» ғылыми- педагогикалық журнал

5. Маргулан А.Х «Казахское народное прикладное искусство». Алма- Ата Өнер 1986г

6. К.Кожахметова, С.Ұзақбаева «Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық негіздері» Алматы 1985

7. И.А. Карабанов «Справочник по трудовому обучению», Москва «Просвещение»

8. Э.К Гульянец, И. Я Базик «Что можно сделать из природного материала» Москва «Просвещение» 1984г

9. Профессор Д.И. Трайтак «Сельскохозяйственные уроки» 5- 7 классы, Москва «Просвещение», 1990 г






35


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
1030
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі