жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама. "Жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг"
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Бизнес және сервис колледжі» КМҚК
Маншук Тлеугазыевна Кундукова
Жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг
авторлық бағдарлама
Семей 2018
ӘӨК: 159.9 (072)
К 84
Құрастырушы:
Кундукова Маншук Тлеугазыевна
Жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг /авторлық бағдарлама. – Семей, 2018 жыл, 28 бет.
Тренинг бағдарламасы топтың бірлігін нығайтып, өзара сенімділік, «Мен» бейнесін дұрыс қалыптастыру, тиімді қарым қатынас дағдыларын, өзінің сезімін адекватты көрсете алу қабілітін және басқа адамдардың сезімдерін түсіну қабілетін дамыту, сезімдерін білдіуге дағдыландыру,өз бойындағы қасиеттерін көрсете алуға бағыттау, өмірлік жолын айқындауға көмектесу міндеттері шешуге бағытталған.
Бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептер мен арнайы орта білім беретін оқу мекемелерінің педагог психологтарына арналған.
Рецензент:
Куребаева Г.А. - Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Түсінік хат
Бағдарламаның өзектілігі: Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады. Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.
Психологиялық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады.
Тренинг – жаттықтыру, жаттығу /ағылшын сөзі. Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Ресейлік психолог Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.
Осы пікірлер негізінде тренингті «психологиялық әсер ету» деп негіздеуге болатындығы айтылып жүр. Сондықтан да тренингті студенттің кәсіби үйлесімділігін және ұжымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертуде, білім беруде, тәрбиелеуде, жаттықтыруда көпқырлы әдіс ретінде қолдануға болады.
Болашақ маманды жеке тұлға деп қарастырсақ, ол С.И.Ожегов сөздігінде: «жеке тұлға – адам қандай да бір қасиет, қабілетті тасушы» ретінде көрсетіледі. Жеке тұлға онда екі мағынада қарастырылады: кез келген саналы адам; өзінің психикалық үрдісін, мінез-құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетті адам. Ал, белгілі психолог Қ.Жарықбаектың пікірінше тұлға - өзіне де айналасындағыларға да өзгеріс жасай алатын адам.
Қалыптасу - адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер. Қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамытуға ықпал ету. Осы ықпал етудің көптеген әдістері мен формалары бола тұра соның ішінде тренингтің мүмкіндігінің молдығын атап өтуге болады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг - жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
Бағдарламаның мақсаты: жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуына және жеке бас қасиеттерін дамыту.
Бағадарлама 15-18 жастағы балаларға арналған.
Бағдарламаның міндеттері:
- Топтың бірлігін нығайтып, өзара сенімділік қалыптастыру;
- «Мен» бейнесін дұрыс қалыптастыру;
- Тиімді қарым қатынас дағдыларын дамыту;
- Өзінің сезімін адекватты көрсете алу қабілітін және басқа адамдардың сезімдерін түсіну қабілетін дамыту;
- Сезімдерін білдіуге дағдыландыру;
- Өз бойындағы қасиеттерін көрсете алуға бағыттау;
- Келешекте қатысушылардың өзін-өзі дамуы үшін мотивация құру;
- Өмірлік жолын айқындауға дамыту.
Әдіс- тәсілдер:
- Ойындар;
- Топтық жаттығулар;
- Пікір алмасу;
- Әңгіме-сұхбат;
- Арттерапия элементтері.
Тренинг жұмысының формалары:
Жекелей жұмыс;
Жұппен;
Топтық жұмыс.
Топтық жұмыс ережесі. Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.
- «қазір және мұнда» ережесі;
- шынайы болу ережесі;
- сөзді және әрекетті бағалауға болмайды;
- жауапкершілік ережесі;
- тыңдап ал, содан кейін айт ережесі;
- белсенді болу ережесі.
Кездесу уақыты: айына бір сабақ.
Сабақ ұзақтығы: 45-60 минут
Тақырыптық жоспар
№ |
Сабақ тақырыбы |
Сағат саны |
Құрал- жабдықтар |
1 |
«Топтағы бірлікті нығайту» |
1 сағат |
үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті фигуралар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам т.б. |
2 |
«МЕН бейнесін құра аласыңба?» |
1 сағат |
А4 формат, қалам. |
3 |
«Менің өмірге құлшынысым» |
1 сағат |
карточкалар, үлестірмелі қағаздар, қалам. |
4 |
«Өз-өзіңе сенімді бол!» |
1 сағат |
үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат,қалам. |
5 |
«Мен өмірді сүйемін» |
1 сағат |
А4 формат, қалам, аудиожазба. |
6 |
«Сып сандықты ашайық» |
1 сағат |
қағаз, қалам, ватман, түрлі-түсті бояулар, қарындаш. |
7 |
«Мектеп және Мен» |
1 сағат |
плакат, қағаз, қалам. |
8 |
«Мен кіммін?» |
1 сағат |
қағаз, қалам. |
9 |
«Сезім әлемі»
|
1 сағат |
плакат, сезімдердің аталуы жазылған карточкалар, қалам, фломастер, А4 формат, қарындаштар. |
10 |
Қорытынды сабақ. «Біз әрқашан біргеміз» |
1 сағат |
қағаз, қалам. |
|
10 сағат |
||
№1 сабақ
Тақырыбы: «Топтағы бірлікті нығайту» тренингі
Мақсаты: Ойынның көмегі арқылы, топтағы қарым-қатынасты жақсартып, бірлікті нығайту.
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті фигуралар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам т.б.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
1. «Танысу» жаттығуы
II.Негізгі бөлім
2. «Айна» жаттығуы
3. «Мен кіммін» жаттығуы
4. «Соқыр дене түйісуі» қыздыру жаттығуы
5. «Сөйлемді жалғастыр» пікірлерді жалғастыру
III. Қорытынды
6. «Мен тілеймін...» жаттығуы
Шығу парағы
Тренингті бастамас бұрын барлығымыз ереже қабылдап аламыз!
- «қазір және мұнда» ережесі;
- шынайы болу ережесі;
- сөзді және әрекетті бағалауға болмайды;
- жауапкершілік ережесі;
- тыңдап ал, содан кейін айт ережесі;
- белсенді болу ережесі.
I. Кіріспе
1.«Танысу» жаттығуы
Уақыты: 7 минут
Мазмұны: Топ шеңбер бойымен тізіліп отырады. Таныстыру өзі қалаған оқушыдан басталып, сағат тілімен ары қарай жалғасады.
Танысу шарты төмендегідей:
Бүгінгі тренингте оқушылар өз есімдері мен өздерінің өмірлік ұстанымдарын қосып атайды.
II.Негізгі бөлім
2. «Айна» жаттығуы
Уақыты: 5минут
Мазмұны: «Қазір жұп құрып, белгілі бір қимылдар жасаймыз. Бір-біріңізге қарама-қарсы тұрыңыз (бір-біріңізге жүзіңізді қаратып). Тапсырманы кім бастайды, ал кім жалғастыратындығын келісіп алыңыздар. Қазір тапсырманы бастайтын адам бүкіл денесімен, қолымен, көзімен, аяғымен, саусақтарымен, қаспен, басымен әртүрлі қимылдар жасайды. Ал екінші қатысушы серігінің қимылдарын дәлдікпен қайталауы керек. Біршама уақыттан кейін менің белгім бойынша, серіктестер рөлдерін ауыстырады».
3.«Мен кіммін?» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты : Өз туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту.
Мазмұны: Сендер: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жазыңыз. Оны жылдам, ойыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұрраққа ата-анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз. Үшінші бағанға сенің қасыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді. Парақты жинап аламын да араластырамын, кезекпен дауыстап оқимын, ал топ кім туралы екендігін анықтау керек. Осы берілген мінездеме топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.
4. Қыздыру жаттығуы «Соқыр дене түйісуі»
Уақыты: 15 минут.
Мақсаты: Эмоцианалды қыздыру. Тренинг қатысушылары арасында кері байланыс алу. Басқа адамдарды сезе білу дағдысын дамыту, қатысушылардың көңіл- күйін көтеру.
Мазмұны: Осы тренигке қатысушылардың арасынан өз еркімен бір-қатысушы ортаға шығып, көзі байланады. Сол адам қалған қатысушылардың кезекпен дене бөліктерін ұстап, өз сезімдерін сипаттап, кім екенін табуы қажет. Кейін қатысушылар орнын ауыстырып, арамыздағы таба алмағандарына топ болып анықтаған шарттарды орындайдын болады.
Жүргізуші үшін ескерту: Егер басында өз еркімен шығатындар табылмаса, жүргізуші өзі үлгі көрсетеді.
Қатысушылар сезімдерімен бөліседі.
Рефлексия сұрақтары:
1. Бұл жаттығуды орындауда қандай сезімде болдың?
2. Алдыңызға келген адамның кім екенін табу қиынға соқты ма?
3. Сенде қандай сезім басым болды?
5.«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: өз пікірлерін ашық айтуға шақыру.
Жүргізуші: қазір мен аяқталмаған сөйлемдерді оқимын, жалғасын сендер айтасыңдар.
Аяқталмаған сөйлемдер:
-Мен үшін оқушы болған...
-Маған мынадай адамдар ұнайды...
-Мен бүгін қуаныштымын, себебі...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған көңілсіз, егер...
-Егер, бүгін сабақ болмай қалса, мен...
-Маған осы пәндер ұнайды...
Қатысушылардың сезімдерімен бөлісу.
Рефлексия сұрағы:
Сөйлемді аяқтағанда сендер қандай сезімде болдыңдар?
III. Қорытынды
6. «Мен тілеймін...» жаттығуы
Уақыты: 8 минут
Жүргізуші: Қазір әр оқушы шығып топтағы оқушылар есімдері жазылған карточканы алады және сол оқушы таңдаған басқа оқушының есіміндегі бар әріптерден басталатын тілектерін жазады.
Ескерту: карточканы таңдаған оқушы өз есімі жазылған карточканы таңдамауы тиіс.
Шығу парағы толтырылады.
Әр оқушы бір-екі сөзбен бүгінгі тренинг жайлы өз ойларын білдіреді.
№2 сабақ
Тақырыбы: «МЕН бейнесін құра аласыңба?» тренингі
Мақсаты: өзіне деген сенімділікті жоғарлатып, мен бейнесін дұрыс қалыптастыру.
Қажетті құрал- жабдықтар: А4 формат, қалам.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
II.Негізгі бөлім
2. «Өзіндік қабылдау» жаттығуы
3. «Ассоциация» жаттығуы
4. «Өзіңді презентацияла» жаттығуы
III. Қорытынды
5. «Мен саған сыйлаймын»жаттығуы
Шығу парағы
I. Кіріспе
1.«Сәлемдесу» жаттығуы.
Уақыты: 5 минут
Мақсаты: қатысушыларды алдағы тренингке эмоционалдық бағыттау.
Мазмұны: тренингімізді бастамас бұрын ең алдымен бір-бірімізбен амандасып алайық. Ол үшін жанымыздағы құрбымызбен жұп құрайық. Ең алдымен бір-бірімізге күлімсіреп қарап, қолмен амадмасайық, аяқпен, иықпен, шашпен, мұрынмен, көзбен, қаспен, шынтақпен, тіземен амандасайық.
II.Негізгі бөлім
2.«Өзіндік қабылдау» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: өз қасиетін тану.
Мазмұны: Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «менің кемшіліктерім», оң жағына «менің кемшіліктерім» деп ойларын бүкпей ашық жаздыру. 5 минуттан соң 3-4 баланың өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені есте ұстаған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ «сын айтуға» болмайды.
Қорытынды: тренинг нәтижесі оқушының шыншылдығын, жауаптылығын, алғаш рет өзіне қорытынды жасауын, өзін түсініп, өзгеге сенуін көрсетеді.Тренинг барысында баяу музыка ойнап тұрады. Ол балалардың ашылуына, ойланып айту, әрі сөйлей білуіне әсерін тигізеді.
3. «Ассоциация» жаттығуы
Уақыты: 15 минут
Мақсаты: топ ішінде өзіне жан-жақты қарауына мүмкіндік беру, интуициясын дамыту.
Мазмұны: Қатысуышлардың біреуі жүргізуші болады. Жүргізушіні бөлмеден шығарады. Топта қалған қатысушылар бір баланы жасырады. Жүргізушінің тапсырмасы жасырынған қатысушыны ассоциативті сұрақтар арқылы кімнің жасырынғанын табу.
Осыдан кейін жүргізуші жасырынған қатысушының жақсы көретін заттарына байланысты сұрақтарын қояды, ал қатысушылар ассоциациялап жауап берулері керек.
Мысалы: Егер бұл адам кітап болғанда, ағаш, жиһаз, бірақ қандай?
4.«Өзіңді презентацияла» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: өзін презентациялау, сенімді мінез-құлықты қалыптастыру,«мен» бейнесін дұрыс қалыптастыру, серігін түсінуге деген қабілетін қалыптастыру.
Мазмұны:Әрбір қатысушыға «танысу» газетіне хабарлама жазу ұсыналады. Қатысушылардың хабарламасын шапканың ішіне жинап алады. Содан кейін жүргізуші кезекпен хабарламаларды оқиды. Жаттығудың соңында талдау жүрзіледі.
III. Қорытынды
5. «Мен саған сыйлаймын» жаттығуы
Уақыты:5 минут
Мақсаты: рефлекция, эмоциясын білдіру.
Мазмұны: Қатысушылар жанындағы көршісіне қарап осы жаттығуға қатысқаны үшін рахмет айтып, тілегін білдіреді. Осындай сыйлық жақсы комплемент те болуы мүмкін, бірі-бірінің қолдарын алып және құшақтасады. Сол адамның құрметіне тақпақ немесе өлең айтуға болады.
Шығу парағы толтырылады.
Рефлекция.
Тренингтан қандай әсер алдыңыздар?
Жаттығулар ұнады ма?
Жаттығуды орындау барысында қандай сезімде болдыңдар?
№3 сабақ
Тақырыбы: « Менің өмірге құлшынысым» тренингі
Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.
Қажетті құрал- жабдықтар: карточкалар, үлестірмелі қағаздар, қалам.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I.Кіріспе
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
II.Негізі бөлім
2. «Мен жұлдыз» жаттығуы
III.Қорытынды
3. «Өзіңді таны» жаттығуы
Шығу парағы
I.Кіріспе
1.«Сәлемдесу» жаттығуы.
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: қатысушыларды алдағы тренингке эмоционалдық бағыттау.
Мазмұны: тренингімізді бастамас бұрын ең алдымен бір-бірімізбен амандасып алайық. Ол үшін жанымыздағы құрбымызбен жұп құрайық. Ең алдымен бір-бірімізге күлімсіреп қарап, қолмен амадмасайық, аяқпен, иықпен, шашпен, мұрынмен, көзбен, қаспен, шынтақпен, тіземен амандасайық.
Рефлексия сұрақтары:
Жаттығу ұнады ма?
Жаттығуды орындау барысында қандай сезімде болдыңдар?
II.Негізі бөлім
2. «Мен жұлдыз» жаттығуы
Уақыты: 15 минут
Мақсаты: вербальды емес қарым-қытынасты дамыту.
Мазмұны: Топтағы барлық қатысушылар уақытша «эстрада жұлдызы» болады. Бұл жаттығуда алдын-ала дайындалған карточкалар қажет болады. Карточкалар қатысушыларға жетуі тиіс немесе карточка артық болуы керек. Карточкада топтағы қатысушылардың сүйікті орындаушылары жазылған. Әрбір қатысушы карточканы алып ондағы сөзді ішінен оқиды, ешкімге көрсетпеуі керек.
Қатысушылар топқа бір әншіні жасырады оның іс-әрекеттерін мимика, жест, пантомимика түрінде жеткізеді, әншіні дұрыс тапқан бала жүргізушінің орнына келеді де өзіне келген орындаушыны топқа жасырады. Осылай барлық балалар өзіне келген орындаушыны жасырып шығады.
III.Қорытынды
3. «Өзіңді таны» жаттығуы
Уақыты: 20 минут
Мақсаты: дұрыс сұрақ қоюды дамытып қалыптастыру, жауапты тыңдап, біркелкі бейне құруға үйрету.
Мазмұны: Жүргізуші қатысушылардың арқысына белгілі бір ертегідегі және осы өмірдегі атақты кейіпкерлердің атын қағазға жазып, жапсырып қояды. Сен өзіңнің кім екеніңді табуың керек. Жабық түрдегі 3 сұрақ қоюға рұқсат етіледі (бірақ «иә», «жоқ» деген жауап алыну керек). 3 сұрақты қойып, жауап алғаннан кейін келесі адамға сұрақ қояды (ойыншы өзінің кім екенін анықтауы керек).
Жасырылатын танымал кейіпкерлер: Бауырсақ, Роза Бағланова, Мақта қыз, Аяз ата т.б.
Жаттығу соңында мынадай сұрақтар қойылады:
Өзіңнің кім екеніңді табу қиын болды ма?
Сен өзіңнің кім екеніңді қалай білдің?
Сіз не түсіндіңіз?
Сіз осыдан өзіңізге пайдалы нәрсе ала алдыңыз ба?
Шығу параған толтыру.
Рефлекция.
Тренингтен алған әсерлерің?
№4 сабақ
Тақырыбы: «Өз - өзіңе сенімді бол!» тренингі
Мақсаты: Студенттердің мінез-құлқындағы тепе -теңдігін, сенімділігін дамыту.
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I.Кіріспе
1. «Танысу » жаттығуы
2. «Сиқырлы қол» жаттығуы
II.Негізі бөлім
3. «Кинофильмдерге саяхат » сергіту жаттығуы
4. «Жарнама ролигі» жаттығуы
5. «Даяшы, менің сорпамда шыбын жүр»жағдаяттан шығу жаттығуы
III.Қорытынды
6. «Тілек шамы» жаттығуы
Шығу парағы
I.Кіріспе
1.«Танысу » жаттығуы
Уақыты: 5 минут
Нұсқаулық: Топ мүшелері өз есімдерін атап, өмірлік ұстанымдарын айтады.
2. «Сиқырлы қол» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мазмұны: Әр қатысушы ақ парақтың жоғарғы тұсына өз атын жазады да өзінің қолын парақтың бетіне қойып, қаламмен айналдыра сызып қол суретін салады. Әр саусаққа белгілі бір қасиетін жазып, бояуға да болады. Сонан кейін, «алақандар» шеңбермен басқаларға жалғастырылады да, басқа қатысушылар әрқайсысы осы алаққанның иесіне тән қасиетті жазады. Соңында кері келген парақтан өзі туралы мәлімет алады.
Талдау: өзің туралы қандай жаңалыққа ие болдың? Талдау барысында ерекше тоқталар мәселе: біздің өз өзімізді бағалауымыз бен өзгелердің бізді бағалауында белгілі бір шындыққа жанасатын тұстары бар екеніне мән беру.
II.Негізі бөлім
3. «Кинофильмдерге саяхат » жаттығуы
Уақыты: 15 минут
Мазмұны:
Тренингке қатысушылар екі топқа
бөлінеді.Әр топтың бір мүшесі келіп,
үстел үстіндегі карточкалардың біреуін
таңдайды. Онда кинофильмдердің аты
жазылған. Соны жест, мимика арқылы
көрсетулері керек:1.
Қыз Жібек, 2.
Менің
атым-Қожа,
3.Тақиялы
періште, 4.Жаралы
сезім.
4. «Жарнама ролигі» жаттығуы.
Уақыты: 15 минут
Мазмұны: Біздің барлығымызға жарнама деген не екендігі белгілі. Күнбе- күн теледидар экранынан небір жарнама ролигін бақылаймыз да белгілі бір тауарды қалай ұсынатынын көремиз. Біз тұтынушы болғандықтан, жарнама жасаудың шебері болуымыз да мүмкін. Ал қазір біз жарнама маманы ретінде бір тауарды ұсыну үшін өзіміздің жарнамалық ролигімізді жасау үшін жиналып отырмыз деп елестетейікші. Біздің міндетіміз ұсынысымызды тартымды, қызықтыратындай етіп ұсыну.
Тек бір ерекшелік: біздің ролигіміздің объектісі болып... мына айналамыздағы отырған нақты адамдар болады. Әрқайсымыз қатысып отырған адамның аты жазылған карточкалардың біреуін суырып, оның атын атамай, оны белгілі бір тауар немесе қызмет ретінде жарнамалауға тиіспіз. Кейбіріңе өз атыңыз түсуі мүмкін, ештеңе етпейді! Сіз өз - өзіңізді жарнамалауға тиіссіз. Сіздің таңдап алған адамыңыз адам кейпінде емес, тауар не қызмет көрсету мекемесі не тауар болса, қандай болар еді, мүмкін мұздатқыш па не үй ме? Ол қандай үй болар еді? Бұл жарнамаңызды кімге, қандай адамдар категориясына ұсынасыз, атаңыз. Жарнамалайтын нысанаңыздың ең маңыздысы және шынай қасиеті көрсетіліп, танылатын болуы тиіс. Жарнама бір минуттан аспауы керек. Содан кейін топ бұл жарнаманың топ мүшесінің қайсысына арналып, яғни кімді жарнамалап тұрғанын табуға тиісті. Қажет болса бөлмедегі құралдарды, заттарды пайдалануға не басқа дамдардың қатысуын өтінуге болады.
5. «Даяшы, менің сорпамда шыбын жүр» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мазмұны: Қатысушыларға бір қымбат мейрамханада болған келеңсіз жағдайға қатысуды ұйымдастыру. Әр қатысушыға төмендегі сценарийдің біреуін танысу мақсатында ұсыныңыз. Бұл жаттығу қарым - қатынастың белгілі бір аспектісін көрсететін рөлдік ойын түрінде өтетінін ескеріңіз. Екі - екі қатысушыдан барлығы оларды көре, ести алатындай болып тұруын өтініңіз де ойынды бастаңыз.
А. Рөлі: сіз шет елде саяхатта жүрсіз. Сіз бүгін бір қымбат мейрамханада ас ішіп отырып, сорпаңыздан насеком секілді бірдеңе көріп қалдыңыз. Даяшыға айтып едіңіз, ол бұл насеком емес, арнайы дәмдеуіш, шөп деп болмайды. Сіз оған келіспей, мейрамхана басшысымен сөйлеспек болдыңыз. Міне, басшы сіздің үстеліңізге жақындап келеді...
Б. Рөлі: Сіз ең жақсы мейрамхананың басшысыз. Мейрамханада баға қымбат, бірақ қызмет көрсету мен сапасы бұған лайық. Мейрамхананың беделі жоғары, шетелдік қонақтар көп келеді. Бүгін бір шетелдік қонақ келді, оған даяшыңыздың біреуі сорпа апарып еді, бір шу шықты да даяшы келіп, қонақ сізбен сөйлескісі келеді деді. Сөйтіп, сіз оның үстеліне жақындадыңыз. Рөліңізді ойнаңыз.
Талдау:
«А» шағымданды ма? Берген сұранысын кері қайтарып алды ма? Сорпаға қаша төлеуден бас тарттыма?
«Б» проблеманы ұғынды ма? Екі жақтың түсініспестігін шеше алды ма? Өкінішін шынайы білдіре алды ма? Ізеттілікпен кешірім сұрады ма?
Екі жақ та ойын түсіндіре алды ма? Екі жақ та ортақ шешімге келе алдыма?
«А» өз ойын анық, айқын жеткізді ме?
Рөлдік ойын адам тәртібінің мәдени деңгейін көрсетуге бағытталғаны дұрыс. Мысалы: жігіттер мен қыздар осындай жағдайға байланысты шағымданғанда қандай ерекшелік байқалады.
Аяқтау: Шетелдік қонақтармен қарым қатынаста болған жағдайды былай етіп шешу керек деген дайын әдісті ешкім бермейді. Дегенмен, бұл рөлдік ойын арқылы қатысушыларға үлкен мүмкіндіктердің бар екенін көрсетуге болады.
III.Қорытынды
6.«Тілек шамы» жаттығуы
Уақыты: 5 минут
Мақсаты: Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Мазмұны: «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен бүгінгі «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.
Шығу парағы толтырылады.
Рефлекция.
Осы тренингтен не алдыңыз?
№5 сабақ
Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін» тренингі
Мақсаты: өзіндік бағалауын көтеруге көмектесу, суицидтің алдын алу.
Қажетті құрал- жабдықтар:А4 формат, қалам.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I.Кіріспе
1. « Танысу» жаттығуы
2. « Өмір несімен қызықты!» жаттығуы
II. Негізгі бөлім
3. «Сыйқырлы тағам» жаттығуы
4. «Мені түсін» жаттығуы
5. «Мен гүл бейнесіндемін» жаттығуы
III. Қорытынды
6. «Релаксация» жаттығуы
Шығу парағы
I.Кіріспе
1.«Танысу» жаттығуы
Уақыты: 5минут
Мақсаты: қатысушылармен танысу, жағымды эмоционалдық атмосфера құру.
Мазмұны:Сәлеметсіңдерме! Тренингіміздің тақырыбы «Мен өмірді сүйемін» деп аталады. Ең алдымен барлылығымыз «шаттық шеңберінде» тұрып, есімімізді және өмірінде қатты қуанған сәттерімізді айтайықшы.
Рефлексия сұрақтары:
Қатты қуанған сәтті еске түсіру оңай болды ма?
Қатты қуанған сәттеріңді еске түсіргенде қандай сезімде болдыңдар?
2.«Өмір несімен қызықты?!» жаттығуы
Уақыты: 18 минут
Мақсаты: топтың өмір туралы пікірімен санасуға үйрету.
Мазмұны: мына жеребилерді таңдайық (жеребилерде «бақыт», «достық», «махаббат», «шаттық» деп жазылған). «Бақыт» деп шыққандар бір топ, «Достық» деп шыққандар бір топ, «Махаббат» деп шыққандар бір топ және «Шаттық» деп шыққандар бір топ болып бөлінейік. Енді әрбір топ «Өмір несімен қызықты» атты тақырыпта сурет салып,суреттің астына өмір туралы толғандырып жүрген бір сұрақты жазамыз.(суреттер қорғалып тақтаға ілінеді)
Рефлексия сұрақтары:
Өмірді сурет ретінде бейнелеу оңай болды ма?
Жаттығуды орындауда қандай қиындықтар болды?
II. Негізгі бөлім
3.«Сыйқырлы тағам» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: адам өміріндегі рухани құндылықтардың маңызын түсінулеріне көмектесу.
Нұсқау: Енді өз тобымыздың атын қорғау мақсатында «достық» тобы достық, «бақыт» тобы бақыт, «сүйіспеншілік тобы сүйіспеншілік, «шаттық» тобы шаттық атты тамақ әзірлейміз. Адамдар арасында достық болу үшін, сүйіспеншілік пайда болу үшін, адам бақытты болу үшін және үнемі шаттанып жүру үшін не қажет, соның барлығын тағамымызға қосамыз. (оқушыларға қазан бейнеленген парақ таратылады, қазанның ішінде әрбір топтың аты жазылған).
Рефлекция.
Тамақты әзірлеу барысында қандай сезімде болдыңдар?
Жаттығуды орындауда қандай қиындықтар болды?
4.«Түсін мені» жаттығуы
Уақыты:10 минут
Мақсаты: вербальды емес құралдар арқылы ақпарат беру мен түсіну іскерліктерін дамыту.
Нұсқау: адам қарым-қатынас жасау барысында тек сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар вербальды емес (мимика, жест, пантомимика) құралдар арқылы да ақпарат алмасады. Сендер мына тұрған сөйлемдерді достарыңа қарым-қатынастың вербальды емес құралдары, яғни мимика, жест арқылы түсіндіріп көріңдер. (берілетін сөйлемдер: 1) Өмірге келудің өзі бақыт; 2) Менің көңіл-күйім өте жақсы; 3) Сабаққа кешіксем мұғалім ұрысады; 4) Достарымды киноға шақырғым келеді, бірақ ақшам жоқ; 5) 8 наурызда анама гүл сыйлағым келеді; 6) 1998 жылдың 12 желтоқсанында мен дүниеге келдім.)
Рефлексия сұрақтары:
Жаттығуды орындауда түсіндіру оңай болды ма, әлде түсіну оңай болды ма?
Жаттығуды орындауда қандай қиындықтар болды?
5.«Мен гүл бейнесіндемін» жаттығуы
Уақыты: 5 минут
Мақсаты: қатысушылардың өзіндік бағалауын көтеру
Нұсқау: Біз барлығымыз гүл сияқты әдеміміз, гүл сияқты айналамыздағыларға қуаныш сыйлаймыз. Сондықтан мына гүлдерге бойымыздағы жағымды қасиеттерімізді жазайық. Бұл гүлдерді барлығы көретіндей тақтаға іліп қояйық, жағымды қасиеттерімізбен мақтанып, жағымды қасиеттерімізбен елді қуантайық. Ал мынау арам шөптің жапырағы, бұл жапыраққа бойымыздағы жағымсыз қасиеттерді жазайық. Арам шөптің еш пайдасы жоқ, сол сияқты жағымсыз қасиеттер пайдасыз болғанымен қатар, жақсы өмір сүруімізге кедергі келтіреді. Сондықтан жағымсыз қасиетіміз жазылған арам шөптің жапырағын умаждап, қоқыс жәшігіне тастап, жағымсыз қасиеттерімізден айырылайық.
Рефлексия сұрақтары:
Жағымды қасеттерді жазу оңай болды ма, әлде жағымсыз қасиеттерді жазу оңай болды ма?
Жаттығуды орындауда қандай қиындықтар болды?
III. Қорытынды
6.«Релаксация» жаттығуы
Уақыты:2 минут
Мақсаты: шаршауды басу, босаңсыту.
Нұсқау: ыңғайланып отырып, көзімізді жұмып, мына аудиожазбада берілген нұсқаулықтарды орындайық (релаксациялық жаттығуы бар аудиожазба қосылады).
Рефлексия сұрақтары:
Қандай әсер алдыңдар?
Релаксациялық жаттығуды орындау ұнады ма?
Шығу парағы толтырылады.
Рефлекция.
Бүгінгі тренингіміз ұнады ма?
Қай жаттығу ерекше ұнады?
Қай жаттығу ұнамады?
Қандай тапсырмаларды орындау қиын болды?
Қандай әсер алдыңдар?
№6 сабақ
Тақырыбы: «Сыр сандықты ашайық!» тренингі
Мақсаты: өмірлік мақсаттарын дұрыс құру.
Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам, ватман, түрлі-түсті бояулар, қарындаш.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
1. «Амандасу» жаттығуы
2. «Танысу» жаттығуы
II. Негізгі бөлім
3. «Менің жетістігім» жаттығуы
4. «Біз не үшін жақсы көреміз» жаттығуы
5. «Поезд» сергіту жаттығуы
6. «Ватмандағы саяхат» жаттығуы
III. Қорытынды
7. «Титаник» жаттығуы
Шығу парағы
I. Кіріспе
1. «Амандасу» жаттығуы
Уақыты: 2 минут
Мақсаты: Өзін-өзі жағымды қабылдау, көңіл-күйін көтеру.
Мазмұны: Барлық балалар бір-бірімен амандасып. Топтың жеке мүшесіне жағымды сөз, көңілін көтеретін сөз айту ұсынылады.
2.«Танысу» жаттығуы
Уақыты: 5 минут
Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, бір-бірін жетік таныстыру.
Мазмұны: Қағаздан жасалған қатпар беріледі, ол 4 бөліктен тұрады. Оған есімін, нені білдіреді, кім қойды, өз есімімен нені атағысы келетіндігін жазады. Қасындағы көршісімен сұхбаттасады. Сұхбаттасқаннан кейін өз жұбын таныстырады.
II. Негізгі бөлім
3.«Менің жетістігім» әңгіме-сұхбат жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: Балалардың өмірлік мақсатарын саралау.
Мазмұны: Тренингке қатысушылар «Мен өмірде неге қол жеткізгім келеді?», «Менің өмірлік мақсатым» сұрақтарына ауызша жауап береді.
4.«Біз не үшін жақсы көреміз» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: бірлік қалыптастыру, өзгені тани білу, бір-біріне жылулық сезімдерді дамыту. Мазмұны: Қатысушыларға өзінің көріністері арқылы өте ұнайтын адамды топ ішінен таңдап алады. Сол адамда ерекше ұнайтын 5 асыл қасиетті таңдайды. Адамды көрсетпей сол қасиеттерді ауа-райға, жыл мезгілдеріне, қандай да бір затқа т.с.с теңеп, бейнелейді. Қатысушылар кезекпен мінездемені айтады, қалған қатысушылар осы мінездеме кімге лайық екенін анықтайды.
5.«Поезд» сергіту жаттығуы
Уақыты: 3 минут
Мақсаты: Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру.
Мазмұны: Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Біріншілер – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екіншілер – екі шапалақ, бір тоқылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші жәнет.с.с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі.
6.«Ватмандағы саяхат» жаттығуы
Уақыты: 15 минут
Мақсаты: еркін ойлауға дағдыландыру.
Мазмұны:Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. Әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»
III. Қорытынды
7.«Титаник» ойыны
Уақыты:10 минут
Мақсаты: өмірге деген жағымды көзқарас қалыптастыру.
Мазмұны: «Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»
Шығу парағы толтырылады.
Рефлексия.
Бүгінгі тренингіміз ұнады ма?
Қай жаттығу ерекше ұнады?
Тренингтен алған әсерің қандай?
№7 сабақ
Тақырыбы: «Мектеп және Мен» тренингі
Мақсаты: балалардың шығармашылығын, өздерінің сезімдерін, білім алу қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
Сәлемдесу.
II.Негізгі бөлім
1.«Мектеп жолы» жаттығуы
2. «Мен үшін не маңызды» жаттығуы
III. Қорытынды
3. «Дұрыс бағыттағы қадам» ойыны
Шығу парағы
I. Кіріспе
Уақыты: 5 мин
Қатысушылардың амандасуы.
Өткен сабаққа кері байланыс алу: қатысқушыларға не қызықты болды және не маңызды болғанын білу.
Берілген сабақтың мазмұны мен мақсатын айту.
II.Негізгі бөлім
1.«Мектеп жолы» жаттығуы
Уақыты:10 минут
Мақсаты:ойын ашық айтуды үйрету.
Мазмұны: Тақтада немесе орташа шеңберде «Оқушының жолы» суреті бекітіледі. Онда 1-ші сыныптан 10-шы сыныпқа дейін мектеп жолын бейнелейтін тау суреттелген. Жүргізуші балалармен олардың өткен жолдары және алда не күтіп тұрғандығы туралы әңгіме өткізеді.
2.«Мен үшін не маңызды?» жаттығуы
Уақыты:15 минут
Мақсаты:топта жағымды атмосфера қалыптастыру, өзін-өзі дамыту.
Мазмұны: Балаларға өздерінің ата-аналарымен ұзақ уақытқа каникулға кететіндігін, демалыстарын елсіз аралда өткізетіндіктерін көз алдарына елестетулері қажет. Ата-аналары балаларға тек қана оларға ең маңызды үш затты жол сандығына салу керектігін айтады.
- Сендер нені таңдайсыңдар? Осы заттардың аталуын қағаз бетіне жазыңдар (5 минут).
Одан әрі балалар тізімді оқып, неліктен нақ осы заттарды таңдағандарын айтып берулері қажет.
Талқылау:
- Сен таңдағанды таңдаған біреу бар ма?
- Кімнің жазбалары сені таң қалдырды?
- Сендердің көпшілігіңде қызықты және маңызды заттар бар ма?
- Кім туралы жаңа нәрсе білдің ?
III. Қорытынды
3. «Дұрыс бағыттағы қадам» ойыны
Уақыты:15
Мақсаты: қиялды дамыту.
Мазмұны: Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.).
Рефлексия.
1) Қай жаттығу ерекше ұнады?
2) Қандай тапсырмаларды орындау қиын болды?
3) Осы тренингтан не түйдіңіз?
Қоштасу сәті.
Қатысушылар шеңберге отырады да, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Шығу парағы толтырылады.
№8 сабақ
Тақырыбы: «Мен кіммін?» тренингі
Мақсаты: Оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.
Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
1. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» өзін-өзі талдау жаттығуы
II.Негізгі бөлім
2. «Тасбақалардың жүгірісі» жаттығуы
3. «Қолдағы хат» жаттығуы
III. Қорытынды
4. «Тыныштықты жақсы көретін патша» ойыны
Шығу парағы
I. Кіріспе
Сәлеметсіңдерме! Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы: Мен кіммін?
1.«Мен кіммін? Мен қандаймын?» өзі-өзі талдау жаттығуы
Уақыты: 5 минут
Мақсаты: оқушылардың бойында өзін-өзі тану мотивациясын құру.
Мазмұны: Жазбаша түрде үщ сөйлемді жалғастыру қажет: Мен ойлаймын, мен ...; Басқалары мені .... деп есептейді; Менің .... болғым келеді.
Талқылау.
Тапсырманы орындау барысында қай сөйлемді аяқтау қиын болды?
II.Негізгі бөлім
2.«Тасбақалардың жүгірісі» жаттығуы
Уақыты:10 минут
Мақсаты: Қимыл қозғалысты реттей алу қабілетін дамыту.
Мазмұны: Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
3.«Қолдағы хат» жаттығуы
Уақыты:15 минут
Мақсаты: Талдау іскерлігін дамыту.
Мазмұны: Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін келесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.
III. Қорытынды
4.«Тыныштықты жақсы көретін патша» ойыны
Уақыты:15 минут
Мақсаты: Тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Мазмұны: Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
Талдау. Тапсырманы орындау қиын болдыма? Егер қиын болса не себепті?
Шығу парағы толтырылады.
Рефлекция.
Сендерге жаттығулар ұнады ма?
Не қиындық келтірді?
№ 9 сабақ
Тақырыбы: «Сезім әлемі» тренингі
Мақсаты: Басқа адамдардың сезімін анықтауды үйрету; өзінің сезімдерін басқара алу қабілетін жаттықтыру.
Қажетті құрал- жабдықтар: Плакат, сезімдердің аталуы жазылған карточкалар, қалам, фломастер, А4 формат, қарындаштар.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
1. «Сен не істедің?» жаттығуы
II.Негізгі бөлім
2. «Сезіміңді анықта» ойыны
3. «Сезімдер фигурасы» жаттығуы
4. «Сезіміңді ата» ойыны
III. Қорытынды
5. «Сезіміңді бейнеле» жаттығуы
Шығу парағы
I. Кіріспе
1.«Сен не естідің?» жаттығуы
Уақыты:8 минут
Мақсаты:Сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру.
Мазмұны: Жүргізуші шеңбер бойынша оқушыларға сұрақтар қояды, оқушылардың өмірлік жағдайлары және сезімдері талданады (олар тақтаға жазылады).
II.Негізгі бөлім
2.«Сезімді анықта» ойыны
Уақыты:10 минут
Мақсаты: Басқадай сезімнің туындау факторы туралы түсінікті талдау.
Мазмұны: Сезімдердің ықшамсызбалық көріністері берілген плакаттар ілінеді. Қатысушылар қандай сезімдер берілгендігін табады.
3. «Сезімдер фигурасы» жаттығуы
Уақыты:12 минут
Мақсаты: Өзінің меншікті көңіл-күй жағдайына басшылық ету дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Балалар А4 парағында бес үлкен сурет салады. Содан кейін олардың төртеуінің аттарын жазады (ашу, қуаныш, ыза, қорқыныш), түрлі-түсті қарындаштармен бояап шығады. 5-ші фигураға ат қояды көңіл-күй жағдайына сәйкес келетіндігі бойынша бояайды.
4.«Сезіміңді ата» ойыны
Уақыты:7 минут
Мақсаты: өз сезімдерін анықтауға дағдыландыру.
Мазмұны: Допты шеңбер бойынша бере отыра, қатысушылар сезімдерін атайды. Содан кейін доп екінші жаққа беріледі және қарым-қатынас жасауға көмектесетіндері аталады.
III. Қорытынды
5.«Сезіміңді бейнеле» жаттығуы
Уақыты:13 минут
Мақсаты: топ алдында сезімін жеткізуді қалыптастыру.
Мазмұны: Өз сезіміңізді қимыл-қозғалыстардың көмегімен бейнелеңіз. Тренингтегі барлық қатысушылар орындарынан тұрып кезек-кезек көрсетеді.
Талқылау.
- Сіздің өміріңізде сезімдердің рөлі қандай?
- Сабақта сіз үшін не жаңа болды?
- Сізге не нәрсе белгілі болы?
Шығу парағы толтырылады.
Рефлекция. Қарым-қатынас жасаудың түрлі кезеңдерінде, сіз өз сезімдеріңізді билей ала аласыз ба?
№ 10 сабақ
Тақырыбы: «Біз әрқашан біргеміз» тренингі
Мақсаты: топ арасында ынтымақтастыққа, бірлікке баулу.
Қажетті құрал- жабдықтар: қалам, қағаз.
Тренингке қатысушылар: жасөспірімдер
Уақыты: 1 сағат
Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы
II. Негізгі бөлім
2. «Жұбын табу» ойыны
3. «Өрмек» ойыны
III. Қорытынды
4. «Шеңбер бойынша белгі беру»жаттығуы
Шығу парағы
I. Кіріспе
1.«Топтық сәлемдесу» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
Талдау:
Жаттығу сіздерге ұнады ма?
Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?
Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?
Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?
Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?
Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?
II. Негізгі бөлім
2.«Жұбын табу» ойыны.
Уақыты:10 минут
Мақсаты: Сөзсіз қарым-қатынас тілін пайдалану іскерлігін жаттықтыру.
Мазмұны: Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Үнсіз қарасып, бір-бірін есте сақтаулары керек. Содан соң тарап кетеді. 1 жұптар көздерін жұмған кейіпте бөлме ішіндегі өз жұбын іздейді, ІІ жұптардың көзі ашық болады. Жүргізуші: «Бір сөзде айтпай жұптарыңды табыңдар». Қатысушылар бір-бірін ұстап көріп, өзінің жұбын табуға тырысады. Таптым деп ойласа көзін ашады. Содан кейін жұптарын ауыстырады және әрекетті қайталайды.
Талдау: Жұптарды табуда не көмектесті? Қалай сезілді?
3.«Өрмек» ойыны
Уақыты:15 минут
Мақсаты: Өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын арттыру.
Мазмұны: Жүргізуші жобаға қатысушылардан қайтадан шеңбер құрып жиналуларын сұрайды. Жүргізуші: Келесі ойында біз, өзара бізді байланыстырып тұратын үлкен бір өрмекті құрамыз. Осыдан басқа сендердің әрқайсыларың өздеріңнің сыныптастарыңа деген жақсы ой және сезімдеріңді білдіре аласыңдар.
Жүргізуші түрлі түсті жіптің ұшын өзінің алақанына орайды.Сендер менің не істегінімді көрдіңдер ме? мен өрмекте келесі кім болатындығын таңдаймын, оған мынадай сөздерді айтып: «Сен маған ұнайсың, себебі ...» (мүмкін таңертең сыпайы есік ашқан шығар немесе кеше алгебра пәні бойынша қиын есепті шығаруға көмектестін) жіптің шумағын беремін. Өзіңе айтылған сөзді тыңдап, ойыншы алақанына орап, осындай сөздерді айтып ойынға қатысушы басқа бір балаға айтады «Сен маған ұнайсың, себебі...». Жіптің шумағын бергенде сізге қандай сөз айтылды соны есте сақтауға тырысыңдар.Жіптің шумағын соңында кім алса, сол оны кері бағытта қайта шеше бастайды. Мұның өзінде сіздердің әрқайсыларың өздеріңе айтылған сөзді, сол сөзді айтқан кісіге қайталап айтуларың қажет.
III. Қорытынды
4.«Шеңбер бойынша белгі беру» жаттығуы
Уақыты: 10 минут
Мақсаты: сенімділікті арттыру.
Жүргізуші: - Өте сақ болыңыздар. Уақыт- бұл қозғалыс! Барлығымыз дайын болсақ, белгі беруді тосамыз. Барлық ойынға қатысушылар өздерінің оң қолдарын оң жақтағы көршісінің сол тізесіне қояды, сол қолын – сол жақтағы көршісінің оң тізесіне қояды. Кеме капитаны жүру белгісін береді- әріптесінің аяғын шапалақтап. Белгі шеңбер бойынша айналып, капитанға қайтып келеді. Міне біз Болашаққа түстік, енді Керемет тобымызды өзіміздің құрастыруымыз керек. Ол үшін, ең алдымен Болашақ машина капитаны сенімді болу керек, яғни сіздер бір-бірлеріңізге сенімді командасыздар.
Талдау.
Сендерге жаттығу ұнады ма?
Не қиындық келтірді?
Не сезіндіңдер?
Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?
Шығу парағы толтырылады.
Қоштасу сәті. Барлығы шеңбер құрып тұрады «Қайта кездескенше! Жақсы күн үшін рахмет! Жақсы сағаттар үшін рахмет!» деген сөздерді айтып, бір-бірлерінің қолдарын үш рет қысады.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. - Брест,2010.
2.Большаков В.Ю. Психотренинг: социодинамика. Упражнения. Игры. Спб., 2010.
3.Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга. Психотехники. - О., 2015.
4.Деркач А.А., Ситников А.П. Формирование и развитие профессионального мастерства руководящих кадров: социально-психологический тренинг и прикладные психотехнологии. Вып. 1-2. - М., 2013.
5.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. - М.: Изд-во «Совершенство», 2010.
6.Морозов, А.В. Социальная психология: учебник /А.В. Морозов. - М.: Академический проект; Трикста, 2015. - 334 с.
7.Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения. – М., 2007.
8.Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям. – М., 2003.
9.Мольц М.А. Я-это Я или стать счастливым. – М., 2002.
10.Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. – М., 2004.
11.Прутченков А.С. Видеть человека в другом. – М., 2002.
12.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. – М., 2001.
13.Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. Пер. с нем.- 2-е изд. - М.: Генезис, 2004. - 267с.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген