жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама "Логика әлемі" 3 сынып
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» ММ
ГУ «Школа-лицей № 1 отдела образования акимата города Костаная»
Оқу-әдістемелік құрал
«Логика әлемі»
3 сыныпқа арналған
Құрастырған: Байдильдаева Н.Ч.
Қостанай қ. 2014 жыл
УДК 373
ББК 74.202.5
Л69
Рецензент:
Утегенова Б.М. – ҚМПИ-ның «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының кандидаты, доцент.
Шарипова С.С. –Қостанай қаласы № 1 мектеп-лицей директоры
Баекенова С.А.– №1 мектеп-лицейінің әдістемелік кеңес төрайымы
Оқу-әдістемелік құрал «Логика әлемі» 3 сынып Байдильдаева Н.Ч.
Қостанай, 2014 ж.
ISBN 978-601-303-060-9.
Бұл оқу–әдістемелік құрал математика, әдебиеттік оқу,бейнелеу өнері пәндері бойыша логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,құзіреттіліктерін қалыптастыруға «Логика әлемі» бағдарламасы факультативтік сабақ ретінде 3сынып оқушыларына арналған. Оқу-әдістемелік жинақта логикалық тапсырма түрлеріне байланысты тақырыптар беріліп, әр сағатқа бөлінген. Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық шеберлігін қалыптастыру,елестету,есте сақтау,сұрыптау,ойша тұжырымдама жасау үшін тапсырмалардың кейбір нұсқалары бар. Қостанай каласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 орта мектебі 3 сынып оқушыларың білім,білік дағдыларын жетілдіру үшін мәтіндер мен тапсырмалар және сұрақтар талапқа сай.
-
Қостанай каласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» MM
-
Авторы: Байдильдаева Н.Ч. Қостанай, 2014 ж.
3- сыныпқа арналған «Логика
әлемі» курсының
бағдарламасы.
(Авторлық
бағдарлама)
ТҮСІНІК
ХАТ
«Логика әлемі» пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Ойлау – алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс. Мектепте жақсы жетістіктерге жетудің бірден-бір жолы – оқушылардың логикалық ойлауын, талдай білуін, салыстыруын, топтастыруын, қорытынды шығаруын,ой қорытуын, мағыналық қатынастарды белгілей алуын, жүйелеуін, заңдылықтарды сақтауын,ойша пайымдауын, тапсырмалардың шешу жолдарын таба білуін қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Сондықтан, логикалық тапсырмалардың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған абзал. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Баланың ойынға қызығу арқылы ойлау өрісі және еркін қиялдауы дамиды.
Бағдарлама бойынша құрылған логикалық тапсырмалар «Оқыта отырып ойнату, ойната отырып оқыту принципіне негізделген.
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады. Оқу материалының мазмұны мен құрылымы, тақырыптық жоспарлау үлгісі, оқушыларға арналған тапсырмалар.
Білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан – жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру негізгі міндет болып есептеледі.
Мақсаты:
Жаңа заман талабы бойынша еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында математика ғылымдарын оқыту білім берудің алдыңғы шебіне шығып отырғандығы белгілі. Соған сәйкес «Логика әлемі» пәнінің маңызы зор. Логика адам өмірінің барлық салалары үшін қажетті: ғылыми жұмыста да, оқып, білім алу үшін де, күнделікті тұрмыста дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасауда да керек.
Сондықтан, 3 сыныпта осы курсты оқыту арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру, ойлау мүмкіндігін кеңейту қарастырылып отыр.
Міндеті:
«Логика әлемі» курсы баланың ойын, тілін, дыбыстық есту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымын, танымы мен қарым-қатынас дағдыларын, яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамытады.
Оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде әрекет етуге, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өзі-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
«Логика әлемі» бағдарламасында 3 сынып оқушылары логикалық ойлауын дағдыландыруда өзіндік ерекшелігін айқындай түседі. Бұған қоса бақылай білуі,оның ішінде салыстыра , байланыстыра және заңдылықты таба білуді, сөздер мағынасының дұрыстығына мысалдар арқылы көз жеткізуді меңгереді.Олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі . Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да,жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай танымдық шығармашылық,есте сақтау қабілеттері мен қисынды ойлауын дамытуға арналып жасалынды.
«Логика әлемі» пәнін жүргізуге арнайы бағдарлама ұсынылып отыр. Бағдарлама 3 сынып оқушыларының білім деңгейін арттыру мақсатына бейімделген. Өзара пән байланысын біріктіретін негізгі құрал ретінде қарастырылды. Оқушылар сабақта танымдық тапсырмалар арқылы интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып,бір жүйеге келтіреді. Оқытуға арналған сабақтардың тақырыптық жоспары аптасына 1сағат,жылына 34-сағатты құрайды. Сабаққа 45 минут уақыт бөлінеді.Сабақта орындалатын тапсырмалар баға қоюға емес,оқыту мен дамытуға арналған.Сол себепті логикалық тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.Яғни назар аудару,елестету,есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау.
Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды.Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, шапшаңдыққа, байқағыштыққа, ойын дәлелдеуге де үйретеді,әрі жалықтырмайды.
«Логика әлемі» бағдарламасында жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдер :
Оқу процесінде жасқа байланысты деңгейлік түрде жүргізіледі.Бұл бағдарламада көбіне логикалық ойын түрлері қолданысқа алынады және ертегілер белгілі бір заттарды қимылды ойын түрінде қолдану арқылы жүргізіледі. Ойын –әрқашан ұйымшылдыққа, эмоциялық сезімге және ой қуатына жетелейтін сабақ. Яғни қалай жасау керек,не айту керек, қалай ұту керек екендігін көрсетеді.Оқушылардың білім деңгейін көтеруіндегі бақылау көрсеткіші. Оқытудың мазмұны мен әдістері, бағдарлама талаптарына сай білім алу көзі.
«Логика әлемі» бағдарламасын оқытудағы негізгі дидактикалық принциптер:
-Оқу материалдарының түсініктілігі;
-Материалдардың жүйелілігі;
-Тапсырмалардың деңгейге сай болуы;
Бұл бағдарламаның құндылығы:
1.Оның тақырыптық мазмұнында және мұғалімнің жүйелі жұмыс жоспарын құруында және оқыту барысында бағыт алуға бейімделе алуында.
2.Бөлімдерге бөліну арқылы жұмыс жүйелі түрде күрделенуінде .Бұл оқушылар үшін өте тиімді,шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы , қисынды ойлау сапасын арттыратын нақты бағдарлама.
3.Бір сабақтың үстінде суретпен жұмыс жасауға,сөздік қорын молайтуға , өз бетінше жұмыс жасауға көңіл бөлінген.
Әдістемелік құралдың оқушы дағдысын қалыптастырудағы нәтежиелілігі:
-Оқушының тілі,сөздік қоры молайып,іздемпаздыққа және өзіне сенімді бола білу мүмкіншілігі арта түседі;
-Оқушы танымдық шығармашылығы мен қызығушылығы, ұйымшылдық әрекеті қалыптасады.
Бағдарламаның мазмұны
1.Заттар жайлы талқылау және топтастыру (3 сағат).
Логика әлемі курсының обьектісі талқылау және заттарды топтастыру арнайы және жүйелі дайындық жұмысы жүргізіледі.
2.Шығармашылық ойын «Сиқырлы заттар».(2 сағат)
Оқытып үйретудің маңызды міндеті – сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай заттардың пішіні, көлемі,ортақ белгілері сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Санның атауын оқушылар естиді және айтады, ал цифрды көреді және жазады. Жаңа санды бұрыннан белгілі сандармен салыстыру, ең кіші бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санды анықтау;
3.Құпия әйнекшелер (3сағат)
Оқытудың негізгі нәтижелерін тиянақтап, бекіте түседі және олардың қай деңгейде игерілгендігін анықтауды жүзеге асырады; Санды өрнектер мен әріпті өрнектерді ажырату, есептеуге машықтандыру;
4. Сандар әлемі (4 сағат)
Оқушылардың ой қиялын шығармашылығын дамыту; Өз қиялынан оқиғалар құрастыруға бейімдеу;
5.Ребус шешу (6 сағат)
Ребус арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру; Түрлі қызықты тапсырма түрінде берілген жаттығулар .Сұрақтар қою арқылы сөздердің мағынасын анықтау.Сандарды сөйлету. Суреттерге қарап жадында сақтауды және құрастыра білу шеберлігін шыңдау.
6.Ойлан, тап (2 сағат)
Баланың қызығушылығын, ынтасы мен ықыласын туғызып белсенділігін арттырады; Түрлі санамақтар түрінде ,өлең түрінде берілген тапсырмалар.Сұрақтар қою арқылы сөздердің мағынасын анықтау.
7.Қосу, азайтуға байланысты көңілді есептер (3сағат)
Ойын элементтері мен қызықты ізденіс сәттерін тиімді қолдану қажеттігін туғызу, өзіндік іс - әрекетке, ақыл ойының дамуына түрткі болады;
8.Қисын жаттығуларын шешу. (4 сағат)
Қорытындыны нәтижесі - іс әрекет жасауға жаттығу; Есеп ұғымының бір мәнді белгісін оқушыларға аңғартатын жұмыс түріне жатады. Сурет бойынша әңгіме құрастырып үйренеді;
9.Геометриялық фигуралар сыр шертеді (4 сағат)
Заттың пішінін бағамдау геометриялық фигураларды ажыратуға, бөліктерге бөлу, бөліктерден фигура құрау, топтау көзделінеді;
10.Білімдарлар сайысы (3сағат)
Жұмбақ есептер арқылы қызықтырып, зейінін қалыптастыру; Әр алуан практикалық жұмыстарды орындауға негізделеді; Ауызша қосып, азайтуға машықтандыру; Сөзжұмбақтар мен ребустар шешу.
Тақырыптық жоспар
3 сынып
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Пәнаралықбайланыс. |
Қосымша пайдаланылатын әдебиеттер,материалдар. |
|
1 |
Заттар жайлы талқылау және топтастыру |
3 |
|
Суреттер. |
|
2 |
Шығармашылық ойын «Сиқырлы заттар». |
2 |
|
«Логика» кітабы. |
|
3 |
Құпия әйнекшелер (сөзжұмбақтың оқылуы мен шешілуі). |
3 |
Бейнелеу өнері |
|
|
4 |
Сандар әлемі |
4 |
Әдебиеттік оқу |
Карточкалар. |
|
5 |
Ребус шешу |
6 |
Математика |
Суретті таратпа материалдар. |
|
6 |
Ойлан, тап |
2 |
|
|
|
7 |
Қосу, азайтуға және көбейту,бөлуге байланысты көңілді есептер |
3 |
|
Суретті таратпа материалдар. |
|
8 |
Қисын жаттығуларын шешу. |
4 |
Логика әлемі |
Суреттікарточкалар. |
|
9 |
Геометриялық фигуралар сыр шертеді |
4 |
Әдебиеттік оқу |
Жұмбақкітапшасы. |
|
10 |
Білімдарлар сайысы |
3 |
|
«Логика» кітабы. |
ОҚУ КУРСЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
1 |
Заттарды қасиеттеріне қарай топтастыру |
1 |
|
|
|
2 |
Сәйкес келетін заттар түрлері,олардың ерекшеліктері |
1 |
|
|
|
3 |
Даму деңгейіне арналған тапсырмалар |
1 |
|
|
2 |
4 |
Заңдылықты іздестіру |
1 |
|
|
|
5 |
Шешу алгаритмі (ережені қолдану) |
1 |
|
|
3 |
6 |
Графикалық тапсырмалар |
1 |
|
|
|
7 |
Өрнек құрастыру,есептеу |
1 |
|
|
|
8 |
Сөзжұмбақ тар аралы |
1 |
|
|
4 |
9 |
Сандар құпиясы |
1 |
|
|
|
10 |
Мысал есептер құрастыру |
1 |
|
|
|
11 |
Есептер елдіне саяхат |
1 |
|
|
|
12 |
Ұқсастық пен даралық |
1 |
|
|
5 |
13 |
Математикалық ребустар |
1 |
|
|
|
14 |
Сурет бойыншаесептер шығару |
1 |
|
|
|
15 |
Арифметикалық ребустар |
1 |
|
|
|
16 |
«Кім жүйрік» ойын |
1 |
|
|
|
17 |
Ребус құрастыру шеберлігі |
1 |
|
|
|
18 |
Ребус шешіп,жаңылтпашты жаттайық |
1 |
|
|
6 |
19 |
Метематикалық жұмбақ шешу |
1 |
|
|
|
20 |
Логикалық тапсырмаларды орындау |
1 |
|
|
7 |
21 |
Ойындар арқылы берілген жаттығулар |
1 |
|
|
|
22 |
«Кім жүйрік» деңгейлік тапсырмалар |
1 |
|
|
|
23 |
Сурет бойынша өрнек құрастыру шеберлігі |
1 |
|
|
8 |
24 |
Заңдылықты іздеуге үйрету |
1 |
|
|
|
25 |
Жадында сақтауды жаттықтыру |
1 |
|
|
|
26 |
Қиялды дамыту |
1 |
|
|
|
27 |
Өткенді қайталау |
1 |
|
|
9 |
28 |
Сиқырлы фигуралар әлемі |
1 |
|
|
|
29 |
Көлемді фигуралар қалашығы |
1 |
|
|
|
30 |
Жазық геометриялық фигуралар |
1 |
|
|
|
31 |
Өз қиялыңнан фигуралар арқылы бейне құрастыр |
1 |
|
|
10 |
32 |
Қиял мен қисын қабілеті |
1 |
|
|
|
33 |
Көру және есте сақтау деңгейі |
1 |
|
|
|
34 |
Деңгейлік жаттығулар әлемі |
1 |
|
Пайдаланылғанәдебиеттер.
1. Соколова Ю. А. Логика. Москва, 2004.
2. Развитие логического мышления детей. Л.Ф. Тихомирова, А. В. Басов. Ярославль. «Академия развития» 1998.
3. Логика для младших школьников. Л.Ф. Тихомирова. Ярославль. Академия развития, Академия Холдинг, 2003.
4. Л.Ф. Тихомирова, А. В. Басов. Материалы по оценке готовности к обучению в среднем звене. Ярославль, 1992.
5. С. Елубаев, С. Елубаева. «Дидактикалық ойындар мен логикалық есептер». Алматы, 1995.
6. Агаева Е. Л. Брофман В. В. «Чего на свете не бывает. – М: Просвещение, 1991.
7. Варегина Ф. В. , Смирнова С. В. Дидактические игры и логические задачи на уроках математики в начальных классах. – Тула,1990.
8. Светлова И. Е. Логика. Москва, 2004.
9.Гурская Н.В. Шығармашылық білімнің логикалық ойлаудағы дамуы.
10.Моро М.И., Вапняр Н.Ф. « Математикалық тапсырмалар мен ойындар жазылған карточкалар» Алматы «Мектеп» 1989-115-бет
11. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар орындау технологиясы.
12. Идилова Т. «Логикалық есептер» Алматы: «Алматыкітап» 2000 ж, 143-бет.
13.Өміртаева Р.Қ. «Математикаға арналған дидактикалық материалдар» Алматы «Атамұра» 2000 ж.-163-бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген