Материалдар / Авторлық бағдарлама: ЛОГИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама: ЛОГИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКА

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру үрдісінде қазіргі заман талабы-оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетін кеңейтіп, жалпы өмірлік,кәсіби компетенцияларын дамыту және қалыптастыру үшін математикалық білім беру сапасын арттыру мәселесіне тірелетіні анық. Математикалық білім сапасын арттыру үшін оқушылардың ізденіс жағдайында жұмыс жасауын қамтамасыз ету бағытында.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Абдикаликова Гулпарида

Сулейменова Жанакул





















Shape2

ЛОГИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКА











Shape3

Авторлық бағдарлама































Қазақстан Республикасы Orkeniet ғылыми-әдістемелік орталығы





Рецензент:

«Orkeniet ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері Мұқатаев О.О.



Құрастырған:

Шардара ауданы, Шардара ауылы «М.Горький атындағы жалпы орта мектеп» бастауыш сынып мұғалімдері Абдикаликова Гулпарида Жолдасбековна, Сулейменова Жанакул Сейдалиевна







Білім беру үрдісінде қазіргі заман талабы-оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетін кеңейтіп, жалпы өмірлік,кәсіби компетенцияларын дамыту және қалыптастыру үшін математикалық білім беру сапасын арттыру мәселесіне тірелетіні анық. Математикалық білім сапасын арттыру үшін оқушылардың ізденіс жағдайында жұмыс жасауын қамтамасыз ету бағытында.










УДК 38.0

ББК 74.007

ISBN 981-605-7502-51-2

© Orkeniet ғылыми-әдістемелік орталығы, 2023ж.


Түсінік хат

Қазіргі білім саласында болып жатқан өзгерістердің басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы қалыптасқан, кез елген іске икемді тұлға даярлау. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай, баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға негізделеді. Сондықтан да оқушыларды математикалық есептерді шығаруға үйрету, оларды түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға дағдыландыру сапалы түрде жүргізілген практикалық сабақтардың маңызы зор. Берілген тапсырманы түсініп оқып, белгілі-белгісіз жағдайларды анықтап алу, есептің сұрағы мен шартын зерделеп, өзінің іс-әрекетін жоспарлап барып, іске кірісуге үйрету сабақта көп уақыт талап етері сөзсіз. Бағдарлама сабақтан тыс, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған қосымша факультативтік курс ретінде ұсынылып отыр.

Қазір ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында математика ең қажетті пәнге айналды. Математика - ғылымдар атасы. Өйткені математикасыз ешбір пәнді игеру мүмкін емес. Математиканы әрбір азамат жақсы білуге тиіс. Бұл - өмір талабы. Математика адамның күш – жігерін шыңдап, табандылыққа тәрбиелейді. Математиканы жақсы игерген адам болашақта барлық істе жеңіс биігінен көріне алады.

Оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, білімдерін толықтыру, жаңа білім алу тәсілдерімен жанжақты құралдандыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қолдана білу, ақыл-ой белсенділігін дамыту. Оқушыларды математикалық-логикалық бағыттағы есептерді шешуге үйрету, ғылыми көзқарасын мен белсенділігін , өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру, матема -тикалық білім деңгейін арттыру.

Бағдарламаның басты мақсаты: Оқушылардың ауызша ойлау қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын үйрету және логикалық қабілетін арттыру мақсатында мәтіндік есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру және ойындар ойнау арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Мәтіндік есептер арқылы математикалық білімді игеру;

  •  Мәтіндік есептер арқылы танымдық іс-әрекетке, өздігінен ізденуге бейімдеу;

  • Мәтіндік есептер арықылы пәнге қызығушылығын арттыру;

  • Қисынды ойлауын дамытып, тұлға ретінде    қалыптастыру;

  • Игерілген білімдерін өмірде іс-әрекет барысында   қолдана білуге дайындау;

  • Есептің шығару жолын ауызша талқылау ойлау мен тіл қабілетін дамыту


Бағдарламаның міндеті:

  • Мемлекеттік стандарттан тыс нақты математикалық білімді меңгерту

  • Ақыл ой іс әрекетінің мән мағынасын түсіндіре отырып тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

  • Кеңістік пен уақытты бағдарлай білу біліктерін жетілдіру;

  • Практикалық әрекеттерді орындау машықтарын арттыру;

  • Есептерді шешудің дәстүрлі емес тәсілдерін таба білу, стандарт емес есептерді шешу тәсілдерін таба білу іскерліктерін дамыту;

Күтілетін нәтиже:

  • Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады

  • Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді

  • Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады

  • Мәтіндік есептерді салыстыра білуге үйренеді

  • Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды, іскерлік білімдері мен дағдылары қалыптасады;

  • Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады

  • Проблемалық жағдаятты шеше алады

  • Оқушылардың еркін ойлауына жол ашады;

  • Құрбы-құрдастарымен еркін пікір бөлісетін болады;

  • Енжарлықты жоюға көмектеседі:





Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

Ескерту

Көптаңбалы сандарды құру. Натурал сандар қатары. Көптаңбалы сандардың құрамы. Реттілік

1



Миллиондар класы. Сандарды дөңгелектеу

1



Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау

1



Математика күнделікті өмірде

1



Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту

1



Миллиграмм

1



Кеңістіктік геометриялық фигуралар. Көлемді өлшеу

1



Ар, гектар –ауданның өлшем бірліктері

1



Шамалардың өлшем бірліктерін түрлендіру және оларға амалдар қолдану

2



Уақыт өлшем бірлігінің үлесі

1



Еуро (€), доллар ($). Валютамен орындалатын операциялар

1



Рубль (₽). Валютамен орындалатын операциялар

1



Көптаңбалы сандарды ауызша есептеу

1



Көптаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу

1



2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері

1



10, 100, 1000 сандарына көбейту және бөлу

1



Жиындар арасындағы қатынас

1



Қозғалысқа берілген есептер

1



Есептерді шығаруда жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдану

1



Геометриялық фигуралар: текше, тікбұрышты параллелепипед. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу

1



Есептерді шығаруда шамалар арасындағы тәуелділік

1



Құрама фигуралардың ауданы

1



Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу

1



Нөлдермен аяқталатын сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

1



Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту тәсілдері

1



Көптаңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту

2



Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу

1



Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға бөліндісінде нөл болатындай жазбаша бөлу

1



Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу

1



Үш таңбалы санға көбейту алгоритмі

1



Үш таңбалы санға бөлу алгоритмі

1



Үш таңбалы санға бөлу алгоритмі

1



Өнімділік

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!