Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама "Мақал-мәтелдер жаратылыстану ғылымында" 7--9сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама "Мақал-мәтелдер жаратылыстану ғылымында" Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін орта мектептің 7-9-сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама мақал- мәтелдердің жаратылыстану ғылымымен байланыстырып, мақал- мәтелдерді зерттеп ,есте сақтап, жаңаша көзқараспен салыстыра отырып, өмірде қолдана білуге үйренуге арналған курс. Оқу бағдарламалары жаратылыстану бағытымен оқытылады. Сондықтан мақал- мәтелдермен осы бағытта жұмыс істеп, өзінің функциональдық қабілетін жетілдіре білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда бағдарлама маңызы зор. Авторлық бағдарламада әдістемелік құрал ретінде сабақ жоспарлары берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы




"Ақмола облысы білім басқармасының

Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі

Макинск қаласының мектеп-лицейі" КММ





Рахманова Гулзахира Рахметовна

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Авторлық бағдарлама

Элективті курс



Мақал- мәтелдер жаратылыстану ғылымында





7-9 сынып















2022 жыл






Құрастырған :Рахманова Гулзахира Рахметовна

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

"Ақмола облысы білім басқармасының

Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі

Макинск қаласының мектеп-лицейі" КММ







Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін орта мектептің 7-9-сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама мақал- мәтелдердің жаратылыстану ғылымымен байланыстырып, мақал- мәтелдерді зерттеп ,есте сақтап, жаңаша көзқараспен салыстыра отырып, өмірде қолдана білуге үйренуге арналған курс.

Оқу бағдарламалары жаратылыстану бағытымен оқытылады. Сондықтан мақал- мәтелдермен осы бағытта жұмыс істеп, өзінің функциональдық қабілетін жетілдіре білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда бағдарлама маңызы зор.

Авторлық бағдарламада әдістемелік құрал ретінде сабақ жоспарлары берілген.



















Курс мазмұны:



1.Түсіндірме жазба ......................................................................................3-4 бет

2.Оқу- тақырыптық жоспар..........................................................................5-7 бет

3.Бағдарлама мазмұны ................................................................................. 8 бет

4.Сабақ жоспарлары ..................................................................................... 9-85 бет

5. Әдістемелік қамтамасыз ету ................................................................... 86 бет

































Түсінік хат


«Мақал- мәтелдер жаратылыстану ғылымында» курсы мектеп жаратылыстану бағытында болғандықтан оқушылардың қажеттілігін ескере отырып сөздік қоры мен тіл байлығын, сыни ойлауын дамыту үшін жоспарланды.

Мақал-мәтелдер - философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және ғылыми көзқарастар терең білінетін сөз асылы. Мақал –мәтелдер - сөз өнеріндегі көркемдік қуаты жоғары, философиядағы даналық дүниетанымды даралап көрсететін құдіретті құрал.

Мақал-мәтелдер шығарманың ажарына ғана көркемдікқуат беріп қоймай, әр түрлі ғылымның салаларын қамтиды. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық санаға ұштасады.

Мақал – мәтелдер сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналған.

Өзектілігі:

1.Мақал мен мәтелдерталай ғасыр өткен сайын өз мәнін жаңартып, ұрпақтар жалғастығына үздіксіз қажет екенін білдіреді. Мақал-мәтелдерге терең бойлап, әрқайсысын тұщына білсең, ғылымның барлық салаларын байқайтының анық. Мақал - мәтелдерді дұрыс қолдану заманауи әрі өзекті. Мақал-мәтелдерді үйрене отырып жаратылыстану ғылымдарын да тани алу мүмкіндігін ашуға болады.

2. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушының сыни ойлануына, өз ойын жүйелі әрі тұжырымдап жаза білуге дағдыландыружәне функционалдық сауаттылығын дамыту .

Курс аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа жоспарланған.

Жаңашылдығы :

  • Оқушының тілдік құзыреттілігі артады;

  • Сыни ойлай біледі ;

  • Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал етеді

  • Ғылымды үйренуіне ықпал етеді;


Курстың мақсаты:

Мақал- мәтелдердегі дидактикалық ғылыми философияны айқындап, оны оқушыларға зерделеу арқылы оқу үрдісіне енгізіп, ғылыми философиялық ой-пікірлердің мүмкіндіктерін айқындап, жаңаша өз пікірлерімен көрсетеді.

Курстың міндеттері:

- Мақал –мәтелдердің зерттелуі мен мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдап сипаттау;

- Мақал- мәтелдердегі философиялық ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау;

-Мақал- мәтелдердегіфилософиялық ойларды жүйелеп, педагогика пәндеріне енгізудің маңызын көрсету.

-  Жаратылыстану ғылымына байланысты мақал- мәтелдерге талданым жасап, жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру;

Мақал -мәтелдер дүниетанымдық мазмұнда тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен шектелмеген, онда адамзат тарихы барысында сан түрлі ғылыми мәселелер қамтылған. Сондықтан мақал мен мәтелдер өркениетте өз орны бар келелі мәдени мұра екенін оқушыларға паш етіп, оны өз ойларымен қорытындылай отырып, жаңаша көзқарастарын қалыптастырып зерделеп үйренеді.

Күтілетін нәтиже :

-         Оқушы қызығушылық бағытының , қабілетінің дамуына, кәсіби бейімделуіне жағдай жасайды;

-         Өз жұмысына өзіндік баға беруге үйренеді;

-         Оқушылардың коммуникативтік құзырлылығы дамиды;

-         Іскерлігі мен дағдылары қалыптасады;

-         Ой- өрісінің дамуына мүмкіндік  туады;

- Функционалдық сауаттылығы артады.



































Күнтізбелік - тақырыптық жоспары.

Аптасына - 1 сағат.

Жылына - 34 сағат.


Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Теория

Тәжірибе

Өткізу түрі

Оқушы шығармашылығы

1

Кіріспе сабақ . Курстың мақсат, міндетімен таныстыру.

1

-Әңгіме;

-Талдау;


-Конспект;

- Баяндама;


2

Мақал- мәтелдер туралы

1

-Әңгіме;

-Талдау;

-Теориялық мәлімет;

-Конспект;

- Баяндама;


3

Мақал –мәтелдердің тәрбиелік мәні

1

-Зерттеушілік конференция;


Конспект

Реферат

4

Мақал –мәтелдердің тақырыптары

1

-Кейс-стади;

Баяндама

5

Мақал-мәтелдердің қазақ өміріндегі орны.

1

-Буклет;

конспект

6

Мақал- мәтелдер арқылы ғылым үйрену

1

Шахмат

конспект

7

Мақал- мәтелдердің философиялық мәні

1

-Ақылдының алты ойлау қалпағы;

Баяндама

8

Эссе жазу

1

-Әлемді шарлау

150 сөзден тұратын эссе жазу

9

Мақал- мәтелдерден жаратылыстану ғылымдарын анықтау

1

-Автобус аялдамасы;



Презентация

10

Мақал- мәтелдер тұрмыста

1

-ДЖИКСО;

Презентация

11

Мақал- мәтелдер және табиғат

1

-Фишбоун;

конспект

12

Мақал- мәтелдерден табиғат құбылыстарын үйрену

1

-Үштік;

Зерттеу



13

Математикалық мақал- мәтелдер

1

-Еркін әңгіме;

Реферат

14

Мақал –мәтелдер арқылы өлшеуді үйрену

1

-Бэкроним;

Зерттеу

15

Мақал- мәтелдер мен геометрия

1

-Кинометафора;

баяндама

16

Эссе жазу

1

-Эйлер шеңбері;

-200 сөзден тұратын эссе жазу.

17

Мақал- мәтелдер және физикалық құбылыстар

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2022
1020
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12