Материалдар / Авторлық бағдарлама "Математикалық сауаттылық: Пайызға арналған есептер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Математикалық сауаттылық: Пайызға арналған есептер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда талап етілетін дағдылардың мәні – заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай , оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Сондықтан да қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда терең білім мен іскерліктің болуын, олардың өзіндік ізденісін, жеке шығармашылығын, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондай-ақ заман ағымына сай кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан бастау, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 10 және 11 сынып оқушыларының оқу бағдарламасына енгізуін де айта кетуге болады.Аталмыш пән қолданбалы курс негізімен тығыз байланысты деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2020
1803
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



КММ Смирнов №3 орта мектебі











Баймуканова Асем-Жулдыз Ашкеновна

Математика пәні мұғалімі





«Математикалық сауаттылық: пайызға арналған есептер» қолданбалы курс
















2019жыл




Түсінік хат

Курстың өзектілігі: Бүгінгі таңда талап етілетін дағдылардың мәні –заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай , оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Сондықтан да қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда терең білім мен іскерліктің болуын, олардың өзіндік ізденісін, жеке шығармашылығын, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Қолданбалы курстың бағдарламасы 5-9 сыныптармен пән аралық байланысты сабақтастыра отырып оқушылардың алған білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған. Курстың мазмұны жаңа бағдарлама бойынша мектептегі оқыту тұжырымдамасының негізгі элементтерін жүзеге асыру принциптерін сақтай отырып жазылды. Курс тақырыптары бөлімдерге бөлінген, Әр бөлімнің кейбір тақырыптарына сабақ жоспарлары, жаттығулар, тексеру жұмыстары берілген, оқушыларды тереңдете ойлауға жетелейтін тапсырмалар мен есептер енгізілген. Бағдарлама тақырыптары 5-9 сыныптар курсымен тығыз байланысты , қиындығы жоғары және олимпиадалық деңгей есептерін шығаруды меңгертуге негізделген. Өз бетімен орындауға берілген шығармашылық тапсырмалар оқушыны ізденіске бағыттайды. Бағдарлама құрылымы спиральді, яғни берілген тақырып 5-9 сыныптарда «Мәтін есептерді шешу» тақырыптарында қарастырылады. Бірақ оқушы оқытудың әр кезеңінде бірдей материалды игергенімен, білімнің қиындық деңгейі әр түрлі болады. Сондай-ақ пайыз, концентрация , пайыздық қатынастар тақырыптарын жүйелі оқыту жоғары сыныптарда ҰБТ-ге дайындау,оқытылатын теориялық білімдердің күнделікті тұрмыста да қажеттілігін көрсетеді. Барлық өткізілетін курс сабақтары проблемалық сипаттамалармен оқушының өз бетінше жұмыс істеуін қамтиды. Курс сабақтарын Блум таксономиясы бойынша құрылған, онда оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына , ой толғауына және бағалауына назар аударылады. Курс оқушыларды ғылыми-жаратылыстану, әлеументтік –экономика бағытындағы пайызға байланысты сұрақтарды жүйелі түрде оқуға бейімдейді, пайызға берілген есептерді әр түрлі шығару тәсілдерімен таныстырады және олардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жағдай туғызады. Курстың оқушыларға өздігінен оқуына және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, экономика және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешуіне және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін маңызы зор . Курс 10-11 сынып оқушыларының білім деңгейін тереңдетіп, дайындық жаттығуларын орындау барысында дағдыларын дамытуға арналған. Пайызға, концентрация мен пайыздық қатынасқа берілген есептер, математикалық сауаттылық және математика таңдау пәні тапсырмаларында көп кездеседі. Өкінішке орай мектеп курсында бұл тақырып 5-6 сыныптарда оқытылады, 7-9 сыныптарда берілген тақырыптарға есептер кездеседі, бірақ оларға толық теориялық негіздемелер, шығару тәсілдері қарастырылмайды. Сондықтан пайыз туралы түсініктері ұмытылады. Курс барысында тақырып аясында берілген есептерді шығарудың тиімді тәсілдері, шығару алгоритмдері қарастырылған, ол мұғалімдер үшін де сабақта , сабақтан тыс уақытта пайдалануға болады. Пәнаралық кіріктіру: математика, физика, химия және экономика

Курс мақсаты: 1. Оқушылардың төменгі сұрақтар бойынша білімін тереңдетіп, жүйеге келтіру:

а) пайызға берілген есептерді шешу

б) күрделі пайызға берілген есептерді шешу

в) концентрация мен пайыздық қатынасқа берілген есептер.

2. Алған білімнің қолдану аясының көптігі, күнделікті өмірде қолдануда пайыздың әмбебап екендігін көрсету

3. Оқушылардың меңгерген білімдерінің практикалық дағдыларын дамытып, қалыптастыруға жағдай жасау.

Курс міндеттері:

  1. Пайызға, концентрация мен пайыздық қатынасқа берілген есептерді шешудің тәсілдерін, алгоритмін меңгерту.

  2. Пайыздар қолданылатын жағдайларға математикалық модел құру, зерттеуге үйрету.

  3. Практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау, математикалық тәсілді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту

  4. Өздігінен білім алу және оны қолдану дағдыларын дамыту,өз жұмысына талдау жасай білу біліктіліктерін қалыптастыру.

  5. Қаржы, демографиялық, әлеументтік, бизнес және өміріміздің басқа да салалары бойынша қолданбалы есептерді шығаруды үйрету, экономикалық сауаттылықты жетілдіру.

  6. Оқушыларды ҰБТ –ге дайындау және болашақ мамандық таңдауға бағыт беру, логикалық және шығармашылық ой өрістерін дамыту.

  7. Коммунакативтік дағдыларын , оның ішінде ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен бірге әртүрлі ақпарат көздерінен алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту.Өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, көшбасшылық, табандылық, шыдамдылық, толеранттық сияқты тұлғалық қасиеттерін дамыту

Күтілетін нәтиже:

  1. Пайыз және концентрация мен пайыздық қатынасқа берілген есептерді шығарудың негізгі алгоритмдерін, шығару жолының әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана біледі.

  2. Айналамыздағы пайызға байланысты есептеулерді жүргізе алады, есептеулердің рационал тәсілдерін таңдайды.

  3. Топпен, құрбы-құрдастарымен әлеументтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды

  4. Пікірталасқа қатысып ,нәтижені талдап, ой қорытындысын жасай отыра жұмысының нәтижесін көреді.

Ұйымдастыру формалары:

  • Лекция, әнгіме

  • Жеке, жұптық,топтық

  • Есеп шығару практикумдары

  • Тексеру жұмыстары

  • Сынақ



























Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырып

Сағат саны

Мерзі -мі

Өткізу түрі

1

Кіріспе. Пайыз тарихынан негізгі түсініктер

1


Т/С

І. Пайызға берілген негізгі есептер және олардың шығару жолдары.

( 8 сағат)

2

Берілген санның пайызын табу



Т/С

3

Пайыз бойынша санды табу

1


П/С

4

Сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу



Т/С, П/С

5

Бірнеше пайызға арту немесе кемуге берілген есептер



Т/С

6

Пайызға берілген негізгі есептерді шешу формулалары



П/С

7

Есептерді пропорция құру арқылы шығару.



П/С

8

Бөлім бойынша тексеру жұмысы №1



Т/С

9

Қосымша сағат. Тренажер есептері



П/С

ІІ. Күрделі пайыздар, өмір жағдаяттарындағы есептер (13сағат)

10

Күрделі пайыздардың формулалары

1


Т/С

11

Пайыздық өзгеріс:

1


Т/С

12

Жаппай сатылым, тариф, айыппұл, қосымша құн салығы

1


І/С

13

Қаржы экономикалық мазмұнды есептер

1


П/С

14

Қаржы экономикалық мазмұнды есептерді шығару тәсілдері

1


П/С

15

Банктік операцияларға қатысты есептер

1


І/С

16

Концентрация және пайыздық қатынастар

1


П/С

17

Қоспаларға берілген есептерді шешу тәсілдері

1


П/С

18

Қорытпаларға берілген есептерді шешудің тәсілі

1


І/С

19

Ерітінділерге берілген есептерді шешудің тәсілі

1


Т/С, П/С

20

Булану және кебуге берілген есептерді шешу тәсілі

1


П/С

21

Бөлім бойынша тексеру жұмысы №2

1


Т/С

22

Қосымша сағат. Тренажер есептері

1


П/С

ІІІ. Курс бойынша есептерді шешу (6 сағат)


23-25

Математикалық сауаттылық тест тапсырмаларын шешу

3


П/С

26-27

Мәселе есептер 5-9сынып оқулықтарынан , жинақтан

2


П/С

28

Бөлім бойынша тексеру жұмысы №3



П/С

ІV. Шығармашылық есептер щещу (4 сағат)

29-30

Олимпиадалық есептер

2


Т/С П/С

31-32

Шағын жоба жоспарлау, рәміздеу

2


Т/С

Қорытынды қайталау (2 сағат)


33

Сынақ тапсырмасы (деңгейлік)

1


П/С

34

Курсты жалпы қорытындылау

1


П/С

  • Т /Б теориялық сабақ

  • П/С практикум сабағы

  • Т/С білім деңгейін тексеру сабақтары

  • І/С іскерлік сабақтары.

Курстың мазмұны: Аптасына 1сағат. Барлығы 34 сағат . Теория негіздері, есептерді шешу және оқушылардың өздік тексеру жұмыстары қарастырылған. Курс соңында оқушылар шағын жоба, сынақ тапсырмаларын орындайды.

Кіріспе ( 1сағат) Пайыз тарихынан негізгі түсініктер.Күнделікті өмірде қолданылымы. Бірінші сабақта негізгі теориялық жағдаяттармен курс міндеттерімен таныстыру, келешекке жоба болжау.

І бөлім. Пайызға берілген негізгі есептер және олардың шығару жолдары. ( 8 сағат) Берілген санның пайызын табу.Пайыз бойынша санды табу. Сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу. Бірнеше пайызға арту немесе кемуге берілген есептер. Пайызға берілген негізгі есептерді шешу формулалары. Есептерді пропорция құру арқылы шығару.

ІІ бөлім. Күрделі пайыздар, өмір жағдаяттарындағы есептер (13сағат) Қоспаларға, қорытпаларға және ерітінділерге берілген есептерді шешу. Банктік операциялар. Пайыздық өзгеріс .Бизнестегі, жанұя өміріндегі пайыздар, жаппай сатылым, тариф, айыппұл, қосымша құн салығы туралы есептерді шешуде пайызды қолдану.


ІІІ бөлім. Курс бойынша есептерді шешу (6сағат)

9-сыныптарда оқушылар білімінің сапасын бақылау, оқу жетістіктерін сырттай бағалауға және ҰБТ-ге кездесетін пайызға байланысты есептер.


ІV бөлім. Шығармашылық есептер шешу (4 сағат)

Олимпиада есептері. Нарықтағы ақша операцияларына, бизнес, несие , экономикалық тақырыптарға шағын жобалар

Қорытынды қайталау (2 сағат)




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!