жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама, "Ою ойғанның ойы артық" атты жоспарлама 6- сыныптарға арналған
ОЮ
ОЙҒАННЫҢ ОЙЫ АРТЫҚ
.
ОҚУ-
ӘДІСТЕМЕЛІК
ҚҰРАЛ
НҰР-СҰЛТАН
ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
БІЛІМ БЕРУДІ
ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ
№51 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ
« ОЮ ОЙҒАННЫҢ ОЙЫ АРТЫҚ »
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ.
Көркем еңбек пәнінен барлық сыныптарға арналған
өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған бағдарлама
Нұр-Сұлтан, 2020
Оқу –әдістемелік құралда көркем еңбек сабақтарында қолдануға арналған өзін-өзі танумен интеграцияланған мәліметтер мен жұмыстардың түрлері жинақталған. Мәліметтер мен жұмыс түрлерін көркем еңбек сабақтарында кез келген сыныпта қосымша үйірме сабақтарында қолдануға өте тиімді.
Түсінік хат.
Бүгінгі таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап, адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Қоғамның осындай дер кезіндегі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерді. Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани-адамгершілік құндылықтардың сипаты жан-жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде. Осы орайда, өзін-өзі тану пәнін технология пәнімен интеграциялауды негізге ала отырып, қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі - қазақтың ою – өрнегін қайта жаңғырту үшін « Ою ойғанның ойы артық» тақырыбында авторлық бағдарламамды дайындадым.
Өзін-өзі тану пәнімен интеграциялап дайындағандықтан ұлттық құндылықтар келесі ретте кірістірілді.
«Ақиқат» құндылығы. Тек ақиқат құндылығына байланыстырылған негізделген сабақтар мен әдістер қолданылады. Өмірдегі ақиқатты шынайы қабылдау, өзін өзі жетілдіруге зор мүмкіндік береді.Сондықтан өзін-өзі тану пәні мен өзін- өзітану пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, интеграциялау жоспарланды.
«Сүйіспеншілік» құндылығы деген асыл қасиет барлық сабақтарға кіріктіріліп өткізіледі. Сүйіспеншілік құндылығы өмірге сүйіспеншілікпен қарау, табиғатты ,Отанды сүюге тәрбиелеу.Бұл бөлмеде де өздері интеграцияландыра отырып сабақ өтіледі.
«Дұрыс әрекет» құндылығы. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады.
«Ішкі тыныштық» құндылығы. Әрбір адамның бойында кездесетін іштарлық, көреалмаушылық, менмендік, тәкаппарлық сияқты ішкі тыныштықты бұзатын жат қылықтардан азат етуге жетелейтін бейнетаспалармен жабдықталған, жақсылыққа жетелейтін ресурстармен қамтылған орта болады.
«Қиянат жасамау» құндылығы. Көркем сөздер, үгіт – насихаттар, дініміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға бағытталған қолөнер туындыларымен көркемделеді
Өзін-өзі тану пәнінің осы негізгі құндылықтарын негізге отырып, ала көркем еңбек пәнімен байланыстырып оқушы бойына құндылықтарды бірге дәріптесе нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Қазіргі уақытта түскиіз, бітпес орнына кілем ілініп, сырмақ орнына кілем жайылады. Халықтық педагогика ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ұрпақты жас ерекшеліктеріне қарамай баулыған. Сол себепті мен сәндік қолданбалы өнерге үйретуге өз бағдарламамды дайындауға жөн көрдім.
Ою-өрнек ерекшелігімен эстетикалық ләззәт береді. Сәндік, әсемдік, әдемілікті білдіреді. Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы еліне, жеріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырады деген сенімдемін. Ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын балаларға толық түсіндіру. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар арқылы сәндік қолданбалы өнерге баулу. Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Шебер әр бір жасаған үлгісіне ат қойып отырған және ұғым сыйғызған. Шебер ғана ою-өрнектің тілін білген. Бүгінгі біздер, ұрпақ ою тілін түсінуге тырысуымыз керек.
Ою - өрнектермен танысқан оқушылардың дүниетанымы, өзін қоршаған орта және тұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамиды.
Өз сабағымда жаңа түр, жаңа мазмұн енгізу басты мақсатым.
Авторлық бағдарлама мемлекеттік стандартқа сүйене отырып жазылды.
Осы бағдарлама арқылы оқушылардың әрі қарай дамуына көп ықпал етеді. Қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихын толық меңгеріп,өздері күрделі ою-өрнек элементерін сызып құрастырады.
Мақсаты:
Болашақ ұрпақтарымызды ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі ою-өрнектерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет салаларына енгізе отырып, осы өнерді қайта жаңарту, оған жаңа мазмұн беру.
Міндеті:
Эскиз салу;
Түстердің сәйкестігін айқындау;
Тиімді кестелеу әдісін үйрену;
Композиция құрылымын анықтау;
Шеберлікті арттыру
Әсемдік пен сұлулықты айқындау
Күтілетін нәтиже:
Казіргі кезде халқымыздың қолөнерін, ұлттық салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін бағалап, қызығушылығын арттыру. Оқушыларға өздері оқып үйренген ою-өрнек негіздерін іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп,
арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту мақсатында 6 сыныпқа арналған «Ою ойғанның ойы артық » атты арнайы бағдарлама құрастырылды.
Өрнектерді орындау кезінде қойылатын талаптар.
Қауіпсіздік ережесін мұқият есте сақтау.
Жүргізілетін жұмыстың жеңіл жақтарын қарастыру.
Жасалған жұмыстың өзіне әкелетін пайдасы барлығына көз жеткізу.
Жасайтын жұмыстың қоғамға немесе өзіне әкелетін пайдасы барлығына көз жеткізу.
Қоғамға және өзіне ұнамды , жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.
Ұлттық ою-өрнекті өз нақышына келтіріп орындай білу.
Оқушы нені білу керек?
Ою-өрнектің шығу тарихын
Оның сан –алуан түрлерін.
Қыр-сырын. Жасалу жолдарын.
Ою-өрнек туралы мәліметтерді.
Оқушы нені үйрену керек?
Ою-өрнектің эскизін салу.
Сызбасын түсіру және ою-оюды үйрену
«Ою ойғанның ойы артық» курсының
күнтізбелік – тақырыптық жоспары
6 - сынып
Аптасына - 1 сағат , Барлығы 34 сағат
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат |
күні |
Ою-өрнектер әлемі |
|||
1 |
Ою-өрнек. Оның шығу тарихы |
1 |
|
2 |
Ою-өрнектің ежелгі нұсқаулары мен атаулары |
1 |
|
3 |
Ою-өрнектің теориясы |
1 |
|
4-5 |
Қола дәуірінен қолданыста келе жатқан ою-өрнек түрлері. Суретін салу |
2 |
|
6-7 |
Оюлар әлеміне саяхат |
2 |
|
8 |
«Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгіме |
1 |
|
9 |
Өздігінен өю-өрнек жасау |
1 |
|
Ою-өрнек түрлері |
|||
10-11 |
Ою-өрнек дегеніміз не? |
2 |
|
12-13 |
Ою-өрнек түрлерін топтастыру |
2 |
|
14-15 |
Ою-өрнектердің орындалу тәсілдері, үйрету әдістері |
2 |
|
16-17 |
«Сызба ою» үлгісін қию. |
2 |
|
Шексіздік оюлар түрлері |
|||
18-19 |
«Мүйіз» элементінен ою-өрнек жасау |
2 |
|
20-21 |
«Аққу», «Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасау |
2 |
|
22-23-24 |
Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия. |
3 |
|
25-26 |
Қағазды төрт бүктеп ою, шексіздікке ұластыра ою. Жиек ою. |
2 |
|
27 |
Өздігінен өю-өрнек жасау |
1 |
|
Тұрмыста қолданатын ою-өрнектер |
|||
28-29 |
Шаршы ішіндегі ою |
2 |
|
30-31 |
«Сызба ою» үлгісін қию. |
2 |
|
32-33 |
Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу |
2 |
|
34 |
Қорытынды. Көрме ұйымдастыру. |
1 |
|
Сабақ №1 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Ою-өрнек. Оның шығу тарихы |
Сабақтың мақсаты |
Көне заманнан келе жатқан ою-өрнектің қыр-сырына мән беріп, Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға, үйренеді. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Әуенді сәлем» (Интеграция ) әдісі арқылы әуенмен амандасу. Кез келген көңілді әуен ойнатылады. Мұғалім сырттан амандасу қимылдарын жасап, оқушылардыңу назарын өзіне аударады. Амандасады. Мақсаты: Жұмыс істеуге қолайлы ынтымақтасқан жұмыс ортасын қалыптастыру. 2. «Менің тобым» әдісі арқылы сынып келесі топқа бөлінеді. 3. «Миға шабуыл» әдісі Бастауыш сыныпта көркем еңбек пәнінен қауіпсіздік техника ережесін қайталау ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
«Зерттеушілік конференциясы» әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа кіріспе жасап, бұрын меңгерген ақпараттарымен бөліседі. (Интеграция ) Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып келе жатыр. Ою-өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Көп ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Соның ішінде мүйіз тектес ою көп тараған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Архиологиялық қазба жұмыстарында табылған керамикалық ыдыстардың біразы геометриялық ою-өрнектермен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Ирек-су, дөңгелек-ай, құсқанаты оюы – еркіндік, азаттық, бейбітшілік , қошқар мүйіз оюы-молшылық , байлық - мазмұнын берген. Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу, сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа , сүйекке сала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті. Ою-өрнектер 3 топқа бөлінеді. Өсімдік типтес ою-өрнектер /гүлі, жапрағы, сабағы , дәні/ Зооморфтық ою-өрнектер / жануар, аң-құс, балық/ Космогониялық өрнектер/ дөңгелек, ирек, шимай, торкөз/. Төл өнерімізді зерттеуге Европа ғалымдары еөп үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыда талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанмен , олардың жасаған тұжырымының бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлшттың табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Кезінде белгілі этнограф Садық Қасиманов 200 – дей оюдың атауы мен 50-ге жуық ою-өрнектің мазмұнын ашты.. Белгілі архитектор Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сұлбасын қағазға түсірген. Ал бүгінгі таңда суретші – шебер, оюшы көне ою-өрнекті сабақтастыра отырып, жаңа ою-өрнек түрлерін дамытып келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде Ендігі міндет – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу. ҚБ: « Белгілер сөйлейді» әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. ! - барлығы түсінікті; ? - сұрақтарымыз бар; V - біз үшін жаңалық; |
Сабақтың соңы |
« Көршімнің ақылы» әдісі арқылы алған теориялық мәліметті бекіту негізінде оқушылар жұптық жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді.
Түсіндім Түсінгендеймін Түсінбедім Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бүгінгі сабақ бойынша, оқушылар кері байланыс жасайды.
|
Сабақ №2 |
Мұғалім: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Ою-өрнектің ежелгі нұсқаулары мен атаулары |
||||
Сабақтың мақсаты |
Ою-өрнек оқушының ой-өрісін жан-жақты дамуына, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрімен өнерін үйрету. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру «Ұшқан тілектер» (Интеграция) тренингісін өткізеді. Ұшатын зат жасап, жасалған заттың қанатына тілек жазып, сыныптастарына бүгінгі күнге тілек айтады. Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын орнатып, жағымды жұмыс ортасын орнату. 2. « Ой кестесі » әдісі Оқушылар өткен сабақ бойынша өт кен білімді еске түсіріп, жаңа тақырыпппен байланыстырады
ҚБ: «Смайликтер» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
|
||||
Сабақтың ортасы |
« ФИШБОУН » әдісі арқылы оқушылар шешендік сөздер мәні туралы жалпы талдау жасайды. Мақсаты: Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Қолданылуы: Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады. Қазақ ою-өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та ою-өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқауларында элементтер құстың , гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлмә-дәл түсіруге ұмтылған. Суреттері: /қосымша/ Ою-өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдение шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру. ҚБ: « Жапондық бағалау » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды.
|
||||
Сабақтың соңы |
« Серпілген сауалдар» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс жасайды.
ҚБ: « Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Түсінбедім
Сұрақтарым бар Түсіндім « Дейін, кейін » әдісі арқылы бүгінгі сабақ бойынша, оқушылар кері байланыс жасайды.
|
||||
Сабақ №3 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Ою-өрнектің теориясы |
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне баулу. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Үш қол» тренингісін өткізеді. Үш түсті ұағаздан қолдың пішіні қиылады. Мысалы, көк, қызыл, жасыл. Мұғалім оқушыларды жұппен тұруларын ұсынады. Жұптағы оқушылар мұғалімнің көтерген қолының түсіне байланысты қимылға түсіп амандасады. Көк – оқушылар бір-біріне қол беріп амандасады; Қызыл – қушақтасып амандасады; Жасыл – арқаларымен амандасады; Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын орнатып, жағымды жұмыс ортасын қалыптастыру. 2. « Түйін сөз » әдісі арқылы оқушылар алдымен, Абайдың бірінші қара сөзін таспадан тыңдайды. Таспадан тыңдалған сөзді мұқият тыңдап, бірінші сөзінің мағынасын ашатын түйінді ойды топтастырады.
Ою
түрлері
ҚБ: « Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Түсінбедім Сұрақтарым бар Түсіндім |
Сабақтың ортасы |
«Зерттеушілік конференциясы» әдісі арқылы оқушылар шешен сөйлеудің құпияларын бұрын меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Ұсынылған мәселе бойынша өз елестетулерімен таныстыра біледі. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Оқушының зерттеушілік шеберлігін анықтай отырып сауалнама өткізеді. Қолданылуы: 1-қадам.Тақырып беріледі. 2-қадам.Топтардың тапсырмаларын анықтау. 1.Ұсынылған мәселе бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында жазбаша сауалнама өткізу. 2. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау. А.Берілген тақырыпқа сәйкестігі. В.жинақталған деректердің құндылығы. С.Оқушының зерттеушілік шеберлігі. 4.қадам.Топтардың тапсырманы орындауы. 5.қадам.Топтардың жұмыстарын бағалауы Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр.. «Ою» , «өрнек» сөздері бір мағнаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім кешекке, тұскиізге, т.б. қолөнер кестелеп бейнеленетін бедер, мол сияқты тоқылатын алашаға , басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақ ою-өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме-дәлдігін cақтамай-ақ көзбен мөлшерлеп қиып, ою-өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады., дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Композиция дегеніміз бөлшектерді, яғни ою-өрнектерді матаға біріктіру. Ырғақ дегеніміз – ою-өрнектің ретімен қайталанып отыруы. Ең үлкен рөл атқарушы – бояулары. Өрнектің жай немесе күрделі элементтері бірнеше қайталанса да симметрия заңы берік сақталады.
50%
100%
70%
Түсінбедім Сұрақтарым бар Түсіндім
|
Сабақтың соңы |
«Соңғы сөз» әдісі Композиция дегеніміз не? Ырғақ дегеніміз не? Симметрия дегеніміз не? Бояулардың атқаратын рөлін түсіндір. ҚБ: «Пішіндер» әдісі арқылы бағалау
Кері байланыс «Бүгін сабақта....» әдісі арқылы сабақ бойынша кері байланыс жасайды. 1.Бүгін сабақта біле алдым... 2.Менің ойымша, біз үшін маңызды ... 3.Өзімнің бүгінгі жұмысымды сәтті деп есептеймін, өйткені... 4.Мен үшін қиындық тудырған ...
|
Сабақ №4-5 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Қола дәуірінен қолданыста келе жатқан ою-өрнек түрлері. Суретін салу |
Сабақтың мақсаты |
Қола дәуірі кезінде қолданылған ою өрнек түрлерімен таныстыру |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру «Гүлмен тілек» тренингісін өткізеді. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. Мақсаты: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. 2. « Тізбектелген логикалық шумақ » әдісі арқылы оқушылар алдымен, «Ою-өрнек» тақырыбына 2 сұрақтан дайындайды Қ
Түсінбедім Сұрақтарым бар Түсіндім |
Сабақтың ортасы |
3. «Кейс – стади » әдісі арқылы оқушылар қара сөзге кіріспе жасап, бұрын меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді. Қолданылуы: Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады. Қола дәуірінде өмір сүрген өнер адамдарының әсемдікке деген құштарлығы және олардың танымдық дүниесі жартастарға бейнеленген суреттерден сезіледі Тасқа салынған суреттер ұра отырып салынған. Салынған суреттері заманына сай өмір сүрген адамдартың тіршілігі туралы мағлұмат береді және тасқа салған сурет арқылы өз ойларын жеткізе білген. Қазба жұмыстарында табылған құмыралар отқа күйдірмес бұрын үшкір ағашпен немесе сүйек арқылы түзу сызық, ирек сызык, сынық сызықтарды сызып геометриялық фигуралар салған.Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектерндің магиялық және символдық мәні бар деп сенген. Мысалы : дөңгелек – аспан, ирек – су, құсқанат- еркіндік, қошқар мүйіз-байлықты білдірген. Сол себекпті өз өрнектерінде қолданып отырған. Күн мен түннің теңелген көрінісін бейнелеген «Наурыз» өрнегін дәптерге орындаймыз ҚБ: « Бағдаршам » әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Түсінбедім Сұрақтарым бар Түсіндім
|
Сабақтың соңы |
1.Тасқа салынған суреттер қандай мағлұматтар берген? 2. Көне замандағы ою-өрнек түрлерін ата. 3. Айша-бибі кесенесін құрайтын ою-өрнек түрі неше? 6. Кері байланыс
|
Сабақ № 6-7 |
Мұғалім: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Оюлар әлеміне саяхат.
|
||||
Сабақтың мақсаты |
Көрнекілік ретінде ілінген ою-өрнектің әрқайсысына тоқталып түсінік беру. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру «Заряд алу» тренингісін өткізеді. Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек. Мақсаты: Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді. 2. « Күнделік » әдісі арқылы оқушылар алдымен, осыған дейінгі өткен тақырыптарды салыстырады, талдайды, қорытындылайды.
ҚБ: « Нысан » әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
|
||||
Сабақтың ортасы |
3. « Буклет » әдісі арқылы оқушылар ұлттық шешендік өнер бастауларына кіріспе жасап, бұрын меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады. Қолданылуы: Бұл әдіс топпен жасалады және «Автобус аялдамасы» әдісімен түсіндіріледі. Бүгін біз оюлар әлемәне саяхат жасаймыз. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз Мына суреттерге қарап, көне заман оюларын салыстырсақ неше саты жоғары дамығанына көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын жетіле бергенін байқаймыз, Сонымен өткен сабақта ырғақ, колорит-түс үйлесімділігі, симметрия, композиция ою-өрнекпен жұмыс істеу кезінде зор рөл атқарады.Ою сөзін латынның орнамент, ал өрнек орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады. Мүйіз элементтер Төртқұлақ өрнегің «Шаршы» ою өрнегі Ойма ою «Аққу» ою Тағында басқа ою түрлері, сынық ою, «құсқанаты» оюы Шеберлік қабілетін дамытып, жетілдіру үшін оқушыларға өз бетінше ою-өрнектер үлгісін таңдатып, суретін бір парақ қағазға салдырамын. ҚБ: « Жеміс » әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
|
||||
Сабақтың соңы |
4. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар келесі тақырыптар бойынша құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады. Қолданылуы: Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. 1.Ою-өрнектің латын,орыс тіліндегі баламасы қандай? 2.Колорит дегеніміз не? 3.Қандай ою өрнек түрлерімен таныстыңдар? 4.Көне заман мен қазіргі кез ою-өрнегінің айырмашылығы және даму сатысын түсіндір. 6. Кері байланыс
|
||||
Сабақ № 8 - 9 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Ою-өрнек дегеніміз не?
|
Сабақтың мақсаты |
Жалпы ою-өрнек туралы мәлімет беру |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру «Шаттық шеңбері» тренингісін өткізеді. Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырып, жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Мақсаты: Сабақ басталар алдында қолданылады. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады. 2. « Идеялар себеті » әдісі арқылы оқушылар ою-өрнек туралы негізгі идеяларды стикерге жазып салады.
ҚБ: « Ағаштар » әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Түсінікті Түсінгендеймін Түсінбедім |
Сабақтың ортасы |
4. « Шахмат » әдісі арқылы оқушылар «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» тақырыбына кіріспе жасап, бұрын меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптасады. Қолданылуы: Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға мәтіндегі ойларды кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
Ою дегеніміз не? Әрине, ою-өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек түрлері бүгінге дейін түбегейлі зерттелген жоқ Оюдың әрбір элементінде көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына –мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынған ою бір басқак да жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше болады. Әбден машықтанған оюшы өз қиялынан шығарып , сол сәтте әдемі ою ойып бере алады. ҚБ: « Бас бармақ » әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
|
Сабақтың соңы |
Мақал-мәтелдер мағынасын түсіндіру. 1. Ою-ойғанның ойы ұшқыр. 2. Үлгісі көптің өрнегі көп. 3. Өнер табу, өрге шабу. Үлгі бойынша ою-өрнек жасау. Жасалған ою-өрнектерді салыстыра отырып бағалау
|
Сабақ № 10 -11 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Ою-өрнек түрлерін топтастыру. |
Сабақтың мақсаты |
Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға, үйренуге тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру «Бұзық телефон» тренингісін өткізеді. Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады. Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сергиді. 2. « Бір минуттық әңгіме » әдісі арқылы оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді. Мақсаты: Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді Қолданылуы: Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. ҚБ: « Мадақтау » әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды. Керемет! Тамаша! Ғажап! |
Сабақтың ортасы |
3. « Ақылдының алты ойлау қалпағы » әдісі арқылы оқушылар қара сөзге кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады. Қолданылуы: Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.
Ою өрнек тарихына ой бөліп, көп мағлұмат алдық. Даму кезеңін байқап, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Ғалымдар ғылыми тілде ою-өрнек түрлерін төрт топқа топтастырды. 1.Хайуанаттар 2. Өсімдіктер 3. космогониялық 4.Геометриялық
Енді осыны таратып айтсақ:
Осы ою-өрнектің қай түрін алсақ та, бәріне ортақ элемент-қошқар мүйіз. Мүйіз тектес оюлар- арқар, бұғы мүйіз. Марал мүйіз, сынар мүйіз. Текемет, сырмақ, тұскиіз секілді үй жиһаздарына жиі салынады, ұлттық нақышымыз десек те болады. Ою-өрнектің тілін білетін адам, шебер оюды өз орнымен қолданады.
Қ
Түсінікті Сұрақтарым Түсінбедім |
Сабақтың соңы |
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР! Оқушыларға деңгейлік тапсырма беріп, білімін тексеру . Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.
6. Кері байланыс . « Бес саусақ » әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
|
Сабақ № 12 -13 |
Мұғалім: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Ою-өрнектердің орындалу тәсілдері, үйрету әдістері |
|
Сабақтың мақсаты |
Ою-өрнектің орындалу тәсілдері туралы жалпы түсінік беру. |
|
Сабақтың барысы |
||
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру «Тормоз» тренингісін өткізеді. Шеңберде тұрып, ретімен саналады. Жүргізуші өз санын айтып, санын шапалақтайды, барлығы солай қайталайды. Сосын басқа әріптестің санын айтады, сол кезде сол әріптес әрі қарай жалғастыру керек Мақсаты: Бұл жаттығу арқылы топта ЖАДА қалыптасады, тыңдалым мен зейін дамиды. 2. «Ұшақтағы сұрақтар » әдісі арқылы оқушылар өткенді қайталап, жаңа сабаққа кіріспе жасайды. Осы уақытқа дейін өткен тақырыптар бойынша, оқушылар сұрақтар қояды. ҚБ: « Ауа райы » әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.
|
|
Сабақтың ортасы |
3. « Әлемді шарлау » әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Қолданылуы: Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сынды қабылдап, түзейді. Ою-өрнек ертеден келе жатқан ою-өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою-өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өнер өлмейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп жемістене береді. Ою-өрнектермен танысып, олардың дүние танымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады. Ұсынылып отырған әр түрлі ою-өрнектерді мұқият қарай отырып, үлгі бойынша өзінше жаңа ою-өрнектер жасауға үйрету. Ою-өрнектерді өзінше жаңа түр, жаңа мазмұн ендіру, творчестволық композиция ою-өрнек өнері симметриялық және ритм-ырғақ заңдарыменен әдемі көрінеді. Ал бейнелеу өнері адам портретінің дял ұқсас болуы және оның ішкі дүниесін бояу колорит арқылы бере білу. Қайшыны ұстай білу түрлі-түстегі қағаздарды қия білу, қиылып алынғанды желімдей білу немесе матаға түсіре білу, өздерінің жұмыстарынан әсемдікті көре білулері. Қазір балалар қолдарына түлі түсті қағаздарды алып, түс үйлесімділігі бойынша таңдау жасайды. Жасыл, сары. Үлгі бойынша балалар жұмыс жүргізеді.
ҚБ:
«
100%
70%
30 %
Толық емес! Толықтыру Толық! керек ! |
|
Сабақтың соңы |
Сұрақ арқылы жаңа сабақты меңгеруін анықтау. 6. Кері байланыс . « 3 – 2 – 1 » әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
|
|
Сабақ № 14 -15 |
Мұғалім: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу, қию әдістері.
|
|
Сабақтың мақсаты |
Ою-өрнек үлгілері арқылы ою, сызу, қию әдістерін үйрету.
|
|
Сабақтың барысы |
||
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру «Аудағы доп » тренингісін өткізеді. Шеңберде тұрып, қолдарындағы допты бір-біріне тілек айта отырып лақтырады. Мақсаты: Бұл жаттығу арқылы топта ЖАДА қалыптасады, тыңдалым мен зейін дамиды. 2. « Шеринг » әдісі арқылы оқушылар ою-өрнектер туралы туралы бейнежазба көреді Мақсаты: Тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Қолданылуы: Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек. ҚБ: «Аңдар» әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды.
Түсінікті Толықтыру керек Түсініксіз |
|
Сабақтың ортасы |
3. «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Ол үшін, әр топ бір идеяны бастап, өздері түсініктеме береді, жауаптарын бүктеп жасырып келесі топтың идеясын жалғастырады. Солай жалғасады. Аз уақыт жұмсап тез бітіру үшін түрлі – түсті қағаздар жиынтығы пайдаланылады.. Қима ою-өрнек жасау үшін сурет дәптер, «ТМ» қарындашы, қайшы , ақ жұмсақ өшіргіш, желім болу керек. Түрлі –түсті қағаздан қиып алынған үлгілерді сурет дәптердің бетіне рет-ретімен композициялап желімдеп отырады. Ою-өрнек элементін қағаздан қию үшін қағазды бір бүктеп қошқар мүйізінің жарты көрінісі қаламмен сызылып болған соң қайшымен қалам ізі бойынша қиылады. Күрделі ою-өрнектер жасау үшін қағазды бір, екі және төрт бүктеп, оның бетіне қалам мен күрделі ою-өрнектердің суреті салынады да ұқыпты қиылады.. Қиып алған ою-өрнекті бүктеуін жазып жібергенде әдемі ою алдыңнан шыға келеді. Міне осыдан кейін ою-өрнек дайын. Оны керекті бұйымның бетіне түсіре беруге болады. Қандай ою-өрнек қималарын сурет дәптерінің бетіне желімдеп отырған жөн. Ою-өрнек өнерін қиып, ойып, сызып, жасаудың орындалу тәсілдерінің үлгілері беріліп отыр. Алдымен қағазда қағазда үлгі жасап үйренген соң матаға ою-өрнек түсіру оңайға түседі. Сонымен біз әдемі ,әсем, ғажайып заттарды жасау үшін біз ою-өрнек сызу әдісін үйренуіміз керек екен. ҚБ: «Смайлик » әдісі арқылы бағалайды |
|
Сабақтың соңы |
Сарамандық жұмыс. Қағазды төрт бүктеп, ою-өрнектің ¼ бөлігін сызамыз. Сызық бойымен қиямыз. Ою-өрнектің бүктеуін жазамыз. Дәптер бетіне жабыстырамыз. Оюдың аты жазылады. «Шынжыр» ойыны ойналады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы білімдерін тексереді. Жауап бере алмаған оқушы шынжырды үзеді. 6. Кері байланыс . « Екі жұлдыз, бір тілек » әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
|
|
Сабақ № 16 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Өздігінен өю-өрнек жасау |
Сабақтың мақсаты |
Халықымыздың мәдениетіне, көнеден келе жатқан өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Жасырын тілек » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. « Кувертка » әдісі арқылы оқушылар Әйтеке би туралы бейнежазба көреді. Мақсаты: Идеялар талқыланады, жинақталады Қолданылуы: А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. «ДЖИКСО» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді. Қолданылуы: Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да шағын топтарға бірігіп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
ҚБ: « Пайыз » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Серпілген идея » әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша құнды ой жинақтап, ойды кезек-кезекпен айтады. Ойлар қайталанбауы керек. «Шынжыр » ойынын біз білеміз. Оқушы бір біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз білімдерін тексереді. Білмей қалған оқушы шынжырды үзіп, ойыннан шығады. Өткен сабақта ою-өрнектің шығу тарихы, даму жолы, көне ою-өрнек түрлері, аталуы және қолданылатын терминдермен танысып өттік. Ал енді сол білімімізді еске алып көрейік. Сұрақтар:
|
Сабақ № 17 - 18 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
«Мүйіз» элементінен ою-өрнек жасау |
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға мүйіз тектес ою-өрнектердің элементтерінен қысқаша мәлімет беру үстінде «мүйіз» элементін жасауды түсіндіріп, қағаздан ою-өрнек қидырып, оқушылардың шеберлігін дамыту. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Досымның тілегі » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. « Кластер » әдісі арқылы оқушылар «Бөлтіріктің шешендігі» бейнежазбасын көреді. Мақсаты: Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. Қолданылуы: Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер) ҚБ: «Ағаштар» әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. «Фишбоун» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Қолданылуы: Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады. Қағазды бір бүктеп ою. Төрт бұрышы тең қағазды нүктелі сызық бойымен бір бүктеп, бетіне қарындашпен ою үлгісін сызып аласыңдар да суретте көрсетілгендей қайшымен ойып шығарасыңдар. Сонда мынандай ою пайда болады. Дәл осындай тәсілмен өзге оюларды да ойып көріңдер. Алғашында қиындық туғызып жатса осы үлгілер арқылы матаға түсіру жұмысын бүгіннен бастаймыз. - Балалар қиып алған өрнектеріңді ұқыппен жайып тегістеңдер, мүйіз болып жасалған ою-өрнек үлгілері қара болса, оны ақ, қызыл, сары, көк маталардың бетіне орналастыруға болады. Нәтижесінде біз «мүйіз » элементтен өзгеше, жаңа ою-өрнек үлгісін жасай аламыз. ҚБ: « Жемістер » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Сөйлейтін қабырға » әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша құнды ой жинақтап, ойды кезек-кезекпен қабырғадағы постерге түсіреді. Ойлар қайталанбауы керек. Сарамандық жұмыс. Түрлі –түсті маталарды түс үйлесіміне қарай қолданамыз. Үлгілерді мата бетіне қою арқылы ою-өрнек дайындаймыз. Дайын ою-өрнекті матаның бетіне орналастырамыз (Жасалу жолдары мұғалімнің көмегі арқылы көрсетіледі.)
кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі. Кері байланыс . « Табыс » әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
|
Сабақ № 19-20 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
«Аққу», «Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасау |
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектер өнерін өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта – қабілетін арттырып дамыту. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Көңілді күн » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. «Қар кесегі» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша білгендерін ортаға салады. Мақсаты: Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді. Қолданылуы: Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
|
Сабақтың ортасы |
3. « Еркін әңгіме » әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады.Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасай алады. Шығармашыл тұрғыдан ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Қолданылуы: Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне түсіреді. Эссе жазар алдында міндетті түрде нақты критерийлер беріледі. Соңынан сол критерийге сәйкес екендігі туралы кері байланыс жасауға болады. Оқушыларға ою-өрнектер туралы толық мағлұмат берген соң, қағаз қайшы алып, ою-өрнекті оңай, аз уақыт алатын тәсілмен «құс қанаты» элементін түрлендіріп, басқаша ою-өрнекті қиып көрсетуге болады. Ілулі тұрған үлгіге қарап, көрсетілген әдісті пайдаланып, түрлі-түсті қағаздан қия бастаймыз. Қиып алынған ою-өрнек өз түс үйлесіміне сай қағазға желімделінеді. Осы орындалған жұмыс дұрыс болғангнан кейін ғана матаға ою- түсіреміз.
ҚБ: « Бағдаршам » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Идеялар қорапшасы » әдісі арқылы оқушылар тақырыпты қорытындылап, құнды ой жинақтап, қағазға жазып, қорапшаға салады. Салынған ойды келесі топ оқушыларынан бір-бірден тартып талдап қорытындылайды. 2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.
Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек. Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.
Кері байланыс . « Бес саусақ » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақ № 21-23 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия. |
Сабақтың мақсаты |
Осы заңдылықтардың бәрін қолдана білуге үйрету. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Күннің нұры » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. « Ыстық орындық » әдісі арқылы оқушылар Мөңке би туралы білгендерін ортаға салады. Мақсаты: Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі. Қолданылуы: Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады. ҚБ: « Смайлик » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. « Бэкроним » әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады. Қолданылуы: Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады. Композицияға бірінші тоқталамыз. Ол үшін ою түрлерін бірнеше қылып жасап аламыз. Түрлі - түсті матаға ою-өрнектерді түр үйлесіміне қарай орналастырамыз. Бұл жерде біріктіру композиция деп аталады. Колорит. Түс үйлесімділігіне көп көңіл бөлінеді. Ақ-қара, жасыл - сары, көк-қызыл. Өздерің таңдауларың керек. Ырғақ. Енді түр үйлесіміне қарай біріктірілген жұмыстарды реттеп орналастыру, бөлшектердің қайталанып отыруы. Симметрия. Дайын бөлшектердің табандары тепе-тең болуы керек. Сонда біздің жасаған бұйымымыз әдемі де, сәнді шығады. ҚБ: « Бағдаршам » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Идеялар гүлі » әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша құнды ой жинақтап, гүлдің күлтешесіне жазып, құнды гүл жасап, келесі топқа сыйлайды. Келесі топ оқушылары бір-бірден ойды тартып талдап қорытындылайды. Сарамандық жұмыс. Композиция, колорит, ырғақ, симметрия заңдарын қолданып, жұмысыыс жүргізу.Бірінші бұл жұмысты қағазда орындаймыз. Нәтижесінде әдемі, сәнді шыққан жағдайда ғана матаға орындауға кірісеміз. Көлемі 60х40 см сырмақ жасау
6. Кері байланыс . « Екі жұлдыз, бір тілек » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақ № 24 - 25 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Қағазды төрт бүктеп ою, шексіздікке ұластыра ою. Жиек ою |
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға шексіздікке ұластыра оюдың жасалу жолдарын түсіндіру |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Мен туралы екі жалған, бір шындық » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар Айдабол Тайкелтір би туралы мәліметпен жұмыс жасайды. Мақсаты: Бас бармақ – басты мәселе Балалы үйрек – бірлесу Ортан терек – ойлану Шылдыр шүмек – шынайылық Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы Қолданылуы: Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: 1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен? 5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
ҚБ: « Бас бармақ » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. « Кинометофора » әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Бейнежазба көреді. Мақсаты: Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Қолданылуы: Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. Түскиіз, текемет, сырмақ, кілемдер мен құрақ көрпелерге зер сала қарамсаңдар олардың бетіндегі оюлардың жиегін бір ғана ою элементі көмкергенін аңғарасыңдар. Мұның өзі жіңішкелеу лента іспетті жолақтың ішіне орналасады. Осы жолақтың ішінде бір ғана элемент ондаған, тіпті жүздеген рет қайталануы мүмкін. Сонда қалай ойлайсыңдар, бармақтарынан бал тамған шебер әжелеріміз солардың әрқайсысы жеке – жеке ойып отырғанба? Олай емес. Сонда қандай әдіспен ойды екен? Ойланып көрейік. Ақ қағазды жіңішкелеу етіп қиып аламыз. Ұзындығы өз қалауымызша 30-40 см болса жарап жатыр. Содан кейін бір элементті қанша рет қайталағымыз келсе, әлгі 30 см ұзын қағазымызды соншаға бөлеміз .Өзіміз таңдаған оюды 6 рет қайталағымыз келеді. Ол үшін 30-ды алтыға бөлеміз.. Сонда (30 6-5) «5» саны шығады. Демек жаңағы қағазымызды әрбір 5 см кейін бүктем отырады екенбіз. Дұрыс бүктелгеннен кейін қажетті ою үлгісін бір жақ бетіне сызып аламыз да қайшымен көрсетілген тұсынан бастап қырқып шығамыз. Сонда бір-бірімен жалғасып, шексіздікке ұласқан ою шығады. Алдымен қағазға орындаймыз. Ою дұрыс шыққан жағдайда матаға орындаймыз.
ү жебе бүктеу бағыты
ҚБ: « Жапондық белгі » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Жалғасқан ой » әдісі арқылы оқушылар өлең шумақтарындағы құнды ой жинақтап, бір оқушы басын бастап айтса, келіс оқушы ойды жалғастырады. Үшінші оқушы ойды талдайды. Солай кезек кезекпен жалғаса береді. «Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы сұрақа жауап беріп, сабақты бекіту 6. Кері байланыс . « Мұғалімге хат » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақ № 26 - 27 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Шаршы ішіндегі ою |
Сабақтың мақсаты |
«Шаршы»ою-өрнегін қидырып, олардың эстетикалық талғамдарын жетілдіру , оюларды үйлесімді заттардың бетіне салып безендіру шеберлігін арттыру. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Мен туралы екі жалған, бір шындық » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі арқылы оқушылар білгендерін ортаға салып, Абай Құнанбаевтың өмірбаянын талдайды. Мақсаты: Оқушының өзіне тест құрастыру арқылы уақытты тиімді пайдаланады. Қолданылуы: Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады ҚБ: « Пайыз » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. « Эйлер шеңбері » әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Мақсаты: Идеялар жинақталып, сараланады Қолданылуы: А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады. Оқушылардың назарын ілінген «Шаршы» ою - өрнегіне аударып, оны қалайша тез, әрі оңай жасау тәсілін үйретуге кірісемін 29х20 см қағазды ортасынан тік және көлденең бүктеймін. Қағаз екі рет бүктелгенде төрт қабатталған шаршы формасына ұқсаған қағаздың екі қабатын диагональ бойымен өзіне қарай үшінші рет бүктейді. Сонда тең бүйірлі үшбұрыш шығады. Осы тең бүйірлі үшбұрыш сияқты бүктелген қағаз бетіне шаршы ою-өрнектің жарты көрінісін қарындашпен салады. Ою-өрнек элементтері олпы – солпы болмай жинақы, әдемі көрінуге тиіс. Егер дұрыс сызылмаса өшіргішпен өшіріп, түзеп отыру қажет. «Шаршы оюды қайшымен ұқыпты қию керек. Қиылған ою-өрнекті жайып, оның бүгілген жерлерін тегістейді. Тегістелген ою-өрне әдемі көріну үшін 29х200 см басқа (ақ,сары қағазға желімделеді. Ою дұрыс шыққанда ғана оқушы матаға ою-өрнекті түсіреді және түр үйлесімділігіне көңіл бөледі. Жасалу жолы:
ҚБ: « Жапондық белгі » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. «Ашық микрофон» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады. Қолданылуы: Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. пайдаланылады.
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі. Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады. Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз. Камотекстің бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.
5.«ПОПС»әдісі. Ақынның шешендік өнерін бағалаңдар. 1.Менің ойымша……… 2.Себебі……………….. 3.Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін. 4.Осыған байланысты қорытынды шешімге келдім. 6. Кері байланыс . « Дейін, кейін » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақ № 28 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Өздігінен ою-өрнек жасау |
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
|
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Ұшқан тілектер » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. « Ашық микрофон » әдісі арқылы оқушылар осы уақытқа дейін алған мәліметпен бөліседі. ҚБ: « Ағаштар » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. « Зерттеушілік конференциясы » әдісі арқылы оқушылар Ескелді бидің сөздеріне тоқталып, ақпараттарымен бөліседі. Ою - өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем дүниелер жасауда айнала қоршаған табиғаттан үлгі алған. Ой ниетін ою-өрнек арқылы жеткізген. Енді осы үлгілердің ішінен құстарға байланысты ою-өрнек түрін таңдап, түрлендіріп шығаруларың керек. Аққу оюын таңдап отырмыз. Бүгінгі сабақта «Аққу» оюын әр түрлі тәсілдермен жасап үйренеміз. Аққу құсы ұзын мойынды, ақ қауырсынды, ірі құс. Оның дауысы сыбызғы үні сияқты. Елімізде аққудың үш түрі бар: сұңқылдақ аққу, кіші аққу, сыбырлақ аққу. Аққуды халқымыз киелі құс деп санайды, олар қамыс арасында ұясалады, өсімдікпен көректенеді. Аққудың балапаны көгілдір, сарғыш түсті болып келеді. Аққу құсын сұлулықтың, тазалықтың, таза сезімнің символі деп бағалайды. Көлдің сәні, айдынның еркесі деп ақындар небір өлең жырларын арнаған. Бүгінгі сабақта әр қайсымыз өзіміздің ұнатқан әдісімізбен «Аққу» оюын жасаймыз ҚБ: « Көкөністер » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Кувертка » әдісі арқылы оқушылар Ескелдінің құнды ой жинақтайды. -Аққу құсы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? - Құстарға байланысты қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер? - Аққу қандай құс? 6. Кері байланыс . « Бес саусақ » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақ № 29 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
«Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгіме |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Әуе шары » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. « Миға шабуыл » әдісі арқылы оқушылар сырмақ туралы жан-жақты ақпарат жинақтайды, талдайды. ҚБ: « Көңіл-күй таразысы » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. « Кейс - стади » әдісі арқылы оқушылар жаңа сабаққа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтып беру. Ертеде әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, оймыш, тігін , шекіме, құйма өнерлерін меңгершені сонш, үйлердің іші-сырты, киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары түгеғлдей оюланған әрі өрнектелген әсем де көрікті екен. Және олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушысы – Ою хан аталып кетіпті. Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдет, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай ұмыт бола береді. Бұрынғы өнердің, сол өнерді жасаушы шеберлердің көбі азайып, жоғалуға айналыпты. - Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, - деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны жалық Жою хан деп атапты. Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп- біліп жатады. Бір күні Жою жанның жалғыз ұлы аңға шығады, Жолындағы аң атаулылардың бәрін қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса ажыратып үлгергенше үкі оның екі көзін ойып жібереді. Ешнәрсе көре алмай тентіректеп келе жатып бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі. Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді. - Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын, - деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Жою хан зынданнан шығарып жолға салады. Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал – сайманын алып орманды аралап келе жатып бір тастың астынан: - Жойылсын, Жою хан ! – деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұртышқан жатады. Ою хан дереу аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша жолында кездескен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні дәрілеп: «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды. - Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, бәрін қайта айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені ол жараланғанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде жатыр,-дейді үкі. Болған жайдың барлығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, барлығын сырмақтың бетіне түсіріпті. Ою хан сырмақты Жою ханға әкеле жатқанда аш-жалаңаш халық бірге еріп келеді. Ою хан сырмақты Жою ханның алдына жайып жібереді. Сырмақтың оюы көз жауын алатындай көрікті, бояулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, алдағы оқиғаны іштей тарқатады.
1
2
3
4. Күндіз де, түнде де талмай жүрген екен
10.Балыққа да ұшырасыпты 11. Айдын көлге де түсіпті. 12. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпаныңа негек көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің ? - Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухқа, тәні аруаққа айналды деп тұр ма? Кенет Жою хан атып тұрып; -О, жалған! Менің жалғыз ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!! – деп қылышын суырып алып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның алдында өз айтқанын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, ханның жарлығы өз басын алуға себеп болады. Ал Ою ханды ел-жұрты ақ киізге орап, хан көтеріп, ақ түйе сойып ұлан-асыр той жасапты Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл өнерін қайта жандандыра бастапты. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған болар. Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік,теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттық, зеректік, көңілге шабыт, ептілік, іскерлік, шеберлік, икемділіке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады. ҚБ: « Смайликтер » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Ашық сұрақ » әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөздегі құнды ой жинақтайды.
6. Кері байланыс . « Екі жақты күнделік » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақ № 30 - 31 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
«Сызба ою» үлгісін қию. |
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Әуе шары » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2.« Миға шабуыл » әдісі арқылы оқушылар ою-өрнектер туралы негізгі идеяны анықтайды. ҚБ: « Көңіл-күй таразысы » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. « Кейс - стади » әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты талдап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Сызба ою-өрнегі атынан-ақ көрініп тұрғандай тұтас қағаз бетіне қаламмен немесе тушьпен сызып түсіріледі. Сызылып жасалған ою-өрнек үлгілерін сызба ою деп атайды. Сызба ою кестелеу, зергерлік өнерінде кеңінен қолданылады.
Ж
ү
Б
Б
ҚБ: « Мен саған, сен маған » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Көршімнің пікірі » әдісі арқылы оқушылар шешендік сөздегі құнды ой жинақтайды. 6. Кері байланыс . « Дейін, кейін » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақ № 32 - 33 |
Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы |
Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу |
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру. |
Сабақтың барысы |
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру « Менің күнім » тренингісін өткізеді. Мақсаты: Ынтымақтастық орта орнату. 2. « Қабырғадағы ой » әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырып бойынша негізгі идеяны анықтайды. ҚБ: « Табиғат құбылысы » әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды. |
Сабақтың ортасы |
3. « Шахмат » әдісі арқылы оқушылар тапсырма орындайды, меңгерген ақпараттарымен бөліседі. Ою-өрнектің қолданылуына байланысты жасалынған технологиялық картаны оқушыларға түсіндіріп, таныстырамын. Сарамандық жұмыс. Қазақтың ұлыттық бұйымдарына сапарға шығу. Технологиялық қауіпсіздік ережесін еске түсіру арқылы, қазақтың ұлттық бүйымдарын жасауға кірісемін. «Жастықша» жасау. Жастықша жасау үшін жұмыс түрлерін мына топқа бөлеміз.
Оқушылар зерігіп кетпеуі үшін «Кім тапқыр» ойынын ұйымдастырамын. Қатардағы оқушылар сұраққа тез, жылдам жауап беру керек. Сұраққа жауап берген оқушы қандай зат екеніне мағлұмат береді. 1.Сырмақ............ (Жауабы киізден сырып, ойып жасалынған төсеніш) 2. Сандық...................... 3. Бөстек........................ 4. Киіз............................. ҚБ: « Стикердегі баға » әдісі арқылы бағалайды |
Сабақтың соңы |
4. « Стикердегі пікір » әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша құнды ой жинақтайды. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы сабақты бекіту. Сабақ бойы істеген жұмыстарын бағалау, ерекше шығармашылық жұмыс істеген оқушыларды марапаттау. 6. Кері байланыс . « Бүгінгі күн... » әдісі арқылы кері байланыс жасайды. |
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды. Көрме ұйымдастыру.
Мақсаты: Оқушылардың жыл бойы жасаған шығармашылық
жұмыстарын көрмеге шығару.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ.
Сабағымызда алған білімімізді еске түсіріп, тексеріп , сапақа саламыз. Ол үшін әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындаған өзіндік жұмысын ортаға, яғни көрмеге шығарамыз.
Әр оқушы өзінің көрмеге қойған бұйымдарының қалай жасалғанын, қандай мата қолданғанын, оюдың қандай түрін пайдаланғанын, түр үйлесімділігін айтып, жұмысын қорғайды. Оюға қысқаша мағлұмат береді.
Оқушылардың жасаған жұмыстары көрермен қауымды тамаша бұйымдарымен тамсандырады.
Нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы арта түскені байқалады.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Қосымша:
Қорытынды
Жұмысымды қорытындылай келе, жоғарыда жоспарланған барлық көркем еңбек сабақтары, сабақтарды жүргізу барысында қолданылған барлық әдіс – тәсілдер көркем еңбек пәні мен өзін өзі тану пәнін интеграциялауға негізделгенін байқау қиын емес.
Әрбір ұйымдастырылған сабақтың өзінде өзін-өзі тану пәнінің негізгі құндылықтарын жүзеге асылып жатқанын айтпай-ақ байқауға болады.
Менің әрбір ұйымдастырып отырған көркем еңбек сабағымда ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мен қатар, жаңарту және өзін-өзі тану пәнінің құндылықтары арқылы оқыту ол үлкен жұмыс екені көрініп тұр.
Бір сабағымды алып қарайтын болса, ол сабақта кем дегенде 3-4 құндылықпен интеграцилау жүріп отырады .
Алдағы уақытта, өз кезегінде басқада әріптестер өз пәндерінде өзін өзі тану пәнімен интеграциялай отырып оқытса, құндылықтарды дәріптей отырып, бойларына сіңірсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Өз құндылықтарымызды баланың бойына сіңіре білсек, басқа ұлттың методикасына емес,өз құндылықтарымызға аса мән берсек. Біз келешек ұрпаққа сіңірген еңбегіміз деп білемін.
Қолданылған әдебиеттер:
Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. Өмірбекова Маргарита
Шаяқыновна
2. Ай сайын шығатын республикалық әдістемелік журнал. Мектептегі
технология. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. ЖШС «Педагогика - Пресс»
баспаханасы. Алматы қаласы.
3. «Ою-өрнектің жасалу жолдары» Авторлары: Толенбаев С.
Омирбекова М. Алматы «Қағанат ЛТД» 1993 ж.
4. Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті. Авторы: Кенже Ахметұлы
Сейт «Алматыкітап» ЖШС 2006 ж.
ейбітшілік,
байлық, молшылық қай оюға мағына
береді?
Б:
« Бас бармақ » әдісі
Б:
« Алма » әдісі
үктеу
бағыты

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген