Материалдар / Авторлық бағдарлама Паскаль программалау тілімен жұмыс жасау 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама Паскаль программалау тілімен жұмыс жасау 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен фактордың фундаментальді ролін мойындау болып табылады. Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесі 2 негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі болды: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рольді осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарды: физика, химия, математика т.б.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
739
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Облыс қала




Ғылыми жобаның бағыты:


Ғылыми жобаның секция: Информатика




Авторлық бағдарлама тақырыбы: Паскаль программалау тілімен

жұмыс жасау


Ғылыми жобаның авторы: А

Обл қала

« атындағы орта мектебі» КММ

сынып оқушысы


Ғылыми жобаның жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі



Ғылыми жобаның кеңесшісі: институт аға оқытушысы








Шу қаласы, 2019 жыл




Мазмұны:


Ғылыми жобаның мақсаты, міндеті, өзектілігі___________________1

Аннотация________________________________________________________2

Кіріспе___________________________________________________________3

І. Ғылыми әдебиеттерге шолу

1.1 Турбо Паскаль тілінің шығу тарихы.......................

    1. Турбо Паскальда жұмысты бастау...........................


ІІ . Зерттеу бөлімі

2.1 Graph модулін қолдану ..............................................

2.2 Паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктері ...............

2.3 Graph модуліне мысалдар .........................................


  1. Қорытынды ......................................................................

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................





























1

Жобаның мақсаты:

Турбо Паскаль бағдарламасының қолданылуын анықтап зерттеу.



Жобаның міндеттері:

  1. Турбо Паскаль бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру

  2. Турбо Паскаль бағдарламасының тиімділігін мысалдар көрсету арқылы дәлелдеу;

  3. Турбо Паскаль программалау тілінде графикалық режимде жұмыс жасау





Жобаның өзектілігі:



Паскаль тіліндегі графикалық режимнің барлық операторларының қызметімен таныстырып, салынған суреттерді қозғалта алу мүмкіндіктеріне ие болған. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы – программалау тілін жаңа үйрене бастаған үйренушілер үшін қосылған үлес





















Аннотация


Қазіргі таңда көптеген программалау тілдері бар және олар күннен күнге толып, дамытылып, жарыққа шығып жатыр. Оқушы өзінің ғылыми –зерттеу жұмысында қазіргі таңда информатика саласында кеңінен қолданылып жүрген Турбо Паскаль программалау тілінде графикалық режимде жұмыс жасауды мақсат еткен.

Оқушы бағдарлама жасау арқылы өзінің жұмыстарының нәтижесін компьютерде көрсеткен. Паскаль тіліндегі графикалық режимнің барлық операторларының қызметімен таныстырып, салынған суреттерді қозғалта алу мүмкіндіктеріне ие болған. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы – программалау тілін жаңа үйрене бастаған үйренушілер үшін қосылған үлес.


Аннотация

В нынешнее время есть различные виды программирования и с каждым днём всё развиваются и усовершенствуются. Ученик в своём научно - исследовательской работе поставил перед собой задачу научиться работать в графическом режиме Турбо Паскаля, которая широко известна в сфере информатики.

Ученик, создавая свои программы, получал результаты на компьютере . Он познакомился с функциями каждой операции и научился передвигать изображения в графическом режиме Турбо Паскаля. Это научное изыскание – еще один вклад для тех, кто начинает овладевать языком программирования.


Abstract

At the present time there are different types of programming every day and develop improved. The student in his research - research work on the challenge to learn to work in graphical mode, Turbo Pascal, which is widely known in the field of informatics.

The student, creating their own programs, getting results on the computer. He became acquainted with the functions of each operation, and learned to remove the image in graphical mode Turbo Pascal. It is a scientific research - another contribution for those who are beginning to master a programming lang1uage










Кіріспе



Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен фактордың фундаментальді ролін мойындау болып табылады. Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесі 2 негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі болды: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рольді осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарды: физика, химия, математика т.б.

Бұл жағдайда әлемнің бейнесін жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мысалы: алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес олардың өзара байланысы, өзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталады.

Информатиканың компьютердің көмегімен информация іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдістері тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым екені белгілі.

Қазіргі информацияның өте үлкен ағымын компьютер көмегі арқылы қабылдау, компьютер арқылы оны автоматты түрде өңдеу жүзеге асырылады. Сондықтан да программалау информатиканың негізгі ядросы, ал есептеуіш техникалар компьютердің құрылғылары оның материалдық базасы. Күн санап компьютердің біздің күнделікті өмірден тұрақты орын ала бастауы, тілдің маңызын арттырып жіберді. Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқаша да алгоритм әрекеті әзірленеді, содан соң ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында – программа мәтіні толықтай аяқталған, алгоритмді программалау тілінде сипаттаған күйінде пайда болады.

Программалау тілдері – жасанды тілдер. Олардың табиғи тілден айырмашылығы – мағынасы трансляторға түсінікті болатын, әрі жазу командасының қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Сондықтан болар, соңғы кездері Паскаль тілінің ең алғашқы түп нұсқасын жетілдіру мақсатымен тілдің бірнеше басқа да түрлері, модификациялары пайда бола бастады. Мысал ретінде Турбо Паскальдің бірнеше тармақпен шығуын алуға болады. Сонымен өмірдің өзі тілдің графикалық мүмкіндіктеріне де зор талаптар қоя бастады. Айта кеткеніміз жөн, тілмен қатар жетіле келе, іздене келе компьютерлік графика атты үлкен бір сала пайда болды.

Компьютерлік графика - кез – келген материалдық объектінің бір өлшемді түріне өзгерте алатын мүмкіндіктерін айтады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Паскаль тілінің Турбо Паскаль түріндегі берілуінің GRAPH модулінің графикалық мүмкіндіктерін көрсету.

Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ші бөлімде Турбо Паскаль прграммалау тілімен таныстыру мәселесі қарастырылады.

2-ші бөлімде – Турбо Паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып стандартты фигураларды сызу мәселесі қарастырылады.











І бөлім Ғылыми әдебиеттерге шолу

    1. Турбо Паскаль тілінің шығу тарихы



Паскаль программалау тілі XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.

Блез Паскаль1623 жылы Франция мемлекетінің КлермонShape1 – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан - ақ білімділігімен, алғырлығымен, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды матиматиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол матиматика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы — ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.

Осы жоғарғы программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғарғы политехникалық мектептің оқымысты адамы –Никалаус Вирт (1968-1971).

Паскальтілі жөніндегіалғашқы дерек 1971 жылы пайда болды ,содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып бекітілді. Ол Алго 60 тілінің жетілдірілген түрі болды. 1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа :ISO:7185:1983 болып енгізілді.

Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IMB PS –ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Келесі қатарда оның соңғы (7.0) вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған. Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы вариантыменде үйлесімді жұмыс істейді.

Бейсик тілі сияқты Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, түрлі сандық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп таралған тілдердің бірі.

Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктер бар:

  • Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді ;

  • Тіл алгоритімді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте–бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет ;

  • Деректердің құрлысына қарай сандық, белгілік, және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритімді бағдарлама жасауға қызмет етеді ;

  • Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді ;

  • Жүйелік бағдарламауда кеңінен қолданылуына оның өте тиімді бағдарламау құру мүмкіндігі септігін тигізеді ;



    1. Турбо Паскальда жұмысты бастау


Өрнектерді өңдеуде дәстүрлі Паскаль, Бейсик прогламмалау тілдері жиі пайдаланылады. Басқа жоғары деңгейлі программалау тілдері сияқты, Паскальдің өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы бар.

Алфавит – программада пайдаланылатын түрлі символдар, синтаксис–машинаның іс-әрекетін анықтайтын нұсқауларды , функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері. Олар – машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазылатын үлгілер.

Әдетте Турбо Паскаль Norton Commander жүйесінің С : түбірлік каталогына енгізіліп қойылады.

Турбо Паскальдың интегралдық ортасы пайдаланушының сұраныстарын операциялық жүйесіз-ақ қамтамасыз етеді.

Интегралдық ортаға кіру. DOS-тың командылық қатарында C:\TP\TURBO EXAMPLE1.PAS «ТР-әдеттегі Турбо Паскаль директориясының атауы), деп теріп, Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде Example1.pas жазуы бар Текстік Редактор терезесі пайда болады. Егер программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00.pas – стандартты атауы тұрады.

Редактордың терезеде терілетін программа мәтінін қабылдауға немесе бұрынғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып – өшіп тұратын курсор арқылы білуге болады. Редактордан шықпай-ақ, программаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аламыз

Белсенді терезе. ТР интегралдық ортасы бірнеше тереземен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда біреуі ғана , яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептеледі. Жоғарыдағы әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез–келген терезені белсенді етуге болады.

Белсенді терезеде программа мәтінін көру. Егер терезеге программа мәтіні сыймаса, онда оны PgDn(«алға»), PgUp(«кейін қарай») пернелерін басу арқылы парақтап көруге болады.

Прогамманы сақтау. Терілген (редакцияланған) программа белсенді терезеден F2 пернесін басу арқылы файлға сақталады. Егер файлға атау берілмеген болса, онда ТР файлы атауын енгізуді сұрайды. F2 пернесін әрдайым басып отырған жөн.

Программаны компиляциялау. F9 не ALT+F9 пернесін басылғанда компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса “Compile successful. Press and key” хабарламасы шығады.

Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+F9 пернелер комбинациясымен іске асады. Нәтиже ALT+F5 пернелері арқылы көрінеді (редактор терезесі «ашылады»). Редакторға қайта өту үшін кез–келген литерлік перне шертілуі керек.

Көшірме алу. Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. ALT+F пернелерін шертіп, пайда болған ”File” мәзірінен “save as . . .” қатары таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы a:\Example1.pas деп, теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны көшірмесі дискетке жазылады.


















ІІ бөлім Зерттеу бөлімі

2. Турбо Паскаль тілінде стандартты фигураларды сызу



2.1 Graph модулін қолдану.


Дербес компьютерлерде екі негізді режим қолданданылады , біріншісі – симвлодық(белгілік), екіншісі – графикалық. Қазіргі кездегі 6,7 версияларындағы графикалық режимде жұмыс істеу өте ұқыптылықты, еңбекті талап етеді. Себебі өмірдің талабына сай тілдің графикалық мүмкіндіктері тез дамып компьютерлік графика деген өз алдына үлкен сала пайда болды.

  • Компьютерлік графика кез-келген материалдық объектінің бір өлшемді түрінен көп өлшемді түріне өзгерте алатын мүмкіндіктерін айтады.

Бұл тақырыпта графикалық мүмкідіктермен алғашқы таныстыру қарастырылады

Графикалық режимдегі координаталар системасы текстік режимдегі системамен сәйкес келеді. Текстік режимде экранға 80бағаннан, 25 қатар(80*25) шығады. Графикалық режимде нүктелерді әр түрлі мүмкіндіктермен шығарады, яғни экранның 200 нүктелік қатардан тұратын әрбір кез-келген 320 нүктесін кескіндеуге болады (320*200), (640*480), т.б. Бұл жерде нүкте деп алып отырғанымыз 0,8*1 мм ауданы өте кішкентай тіктөртбұрыш. Әрбір нүкте бүтін сандар жұбымен анықталған, біріншісі – қатардағы реттік саны, екішісі – экрандағы қатардың реттік саны. Нүктенің ең үлкен мүмкін реттік саны 199-ға тең болады.

Жолдар мен бағаналардың нөмірі графикалық тәртіпте нүкте координаттары ретінде қолданылады, демек кординаттар әрдайым бүтін санды болып келеді. Графикалық тәртіпте координат басы экранның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан, х осі – оңға, у осі – төмен бағытталған.

  • Дисплей жұмысын басқару платасы адаптер делінеді. Адаптерде орналасқан видеожад экран образын (беті, парағы )сақтайды. Кеңінен тараған адаптерлер – EGA, VGA, SVGA, т.б.

  • Адаптер арқылы видеожадты қолдануды драйвер программа қамтамасыз етеді.

Турбо Паскаль графикалық режимін іске қосудың мүмкін 80-ге жуқ процедуралары мен функциялары бар. Олар жүйелік программаның GRAPH модулінде жазылып қойылған. Модульді ашу нұсқауы – Uses graph, оны CRT модулін ашу нұсқауымен бірге программаның басына енгізіп қойса болғаны, мысалы:

Uses graph ,crt;

GRAPH модулінің функциялары мен процедураларының параметрлері INTEGER типті болуы тиіс.

Initgraph (GDriver, GMode, Path) – экранды графикалық режимге көшіру. Мұндағы:

GDriver – драйвер номері, компьютерге енгізілген integer типті айнымалы, оған видеоадаптер түрі беріледі. Модульде әр түрлі адаптерлерге тұрақтылар анықталған, олар бізді сандарды жаттаудан құтқарады.

GMode – режим номері, сол сияқты integer типті айнымалы, таңдалған жұмыс істеп тұрған видеоадаптерге тәртіп береді. Әрбір видеоадаптер әр түрлі тәртіпте жұмыс істей алады.

Path – қажетті драйверге жол сілтеу, тармақты параметр. Бұл параметрде драйверлер сақталынатын каталог көрсетіледі. Мысалы, ‘c:\tp\bgi’ (bgi – графикалық драйвердің кеңейтілуі).

Драйвер автоматты түрде анықтау үшін әдетте мәні 0-ге тең Detect ата

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!