400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама. Қазақ тілінен факультативтік сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама. Қазақ тілінен 5 сыныпқа факультативтік сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ

«Лобанов орта мектебі» КММ





Факультатив сабағы «Қызықты грамматика»______



Сыныпбы:____5 «А»_______

Мұғалімі:__Жукушева Культай Амангельдиновна

20 18/2019 оқу жылына сағат саны 34

Барлығы: І жартыжылдыққа_16_; ІI жартыжылдыққа18_; аптасына__1__сағат

  • Жоспарлау ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жасалды.




1. Түсінік хат

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

  2. Бағдарлама негізгі орта мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді.

  3. Білім мазмұны оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша түзілді.

  4. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді, тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға мүмкіндік туғызады.

  5. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.

Пәнді оқыту мақсаты:

оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.

Пәнді оқыту міндеттері:

  1. тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;

  2. тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;

  3. тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;

  4. тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;

  5. мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;

  6. тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;

  7. тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;

  8. дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;

  9. оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;

  10. оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  11. әдеби тіл нормаларын меңгерту;

  12. тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

  13. оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

  14. шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;

  15. мәтін табиғатына талдау жасай білу.


Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді:

  1. «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты. Тіл – әдебиеттің бірінші элементі. Қазақ тілін оқытып үйретуде кез келген көркем туынды, әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады; көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу. Әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру. Әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету;

  2. «Қазақстан тарихымен»: тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

  3. Жаратылыстану циклі пәндерімен:

тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады. Бұл пәндермен, әсіресе, биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;

тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты.

Оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;



Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Пәнді оқытуға аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат берілген.

Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

  1. «Кіріспе»: Ана тілінің қызметі (1 сағат).

  2. «Әдеби тіл және мәтін» (8 сағат):

    1. қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдебиет» деген сөздің негізінде жасалып, қалыптасқандығы. Әдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екендігі, халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келетіндігі. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: ауызша және жазбаша тіл;

    2. «Мәтін». Мәтіннің «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіруі. Мәтіндер бойынша жазба әдеби тіл мен ауызша әдеби тілдің ерекшеліктерін аңғарту. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары, сөйлем құрау жүйесі. Мәтіннің құрылысы;

    3. «Жазбаша мәтіндер». Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т.б. Мәтіннің құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің байланысы. Әр абзацтағы, әр сөйлемдегі тірек сөздер.

  3. «Лексика» (10 сағат).

  1. «Сөз және оның мағынасы»:

сөз мағыналары мен тіл байлығы – лексиканың қарастыратын мәселелері. Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны болатындығы. Сөздің негізі мағынасы – лексикалық мағына;

  1. «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы». Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы. Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы;

  2. «Ауыспалы мағына» деген ұғымның екі түрлі ұғынылатындығы: жүре келе пайда болған кейінгі атауыш мағынаны да білдіретіндігі және сөздің көркемдеп қолданудан сөйлеу үстінде туатын «жаңа» мағынасын да білдіретіндігі;

  3. «Сөздің ауыспалы мағынасы». Сөздің ауыспалы мағынасыда қолданылуы көп мағыналы сөздердің тууына себепші болатындығы;

  4. «Көп мағыналық». Тіліміздегі байырғы сөздер жаңа мағыналар жасауға ұйтқы болатындығы. Олар бұрынғы тура мағынаның үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие екендігі. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың бір сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы;

  5. «Сөздердің мағыналық топтары. Омонимдер». Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әртүрлі сөз табынан да болатындығы. Омонимдер сөздігі;

  6. «Синонимдер». Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап, саралап қолданудың мәні. Синонимдік қатарлардың әр сөз табының құрамында кездесуі. Синонимдер сөздігі;

  7. «Антонимдер». Антонимдердің жұпталған қарсы мәндес сөздерден тұратындығы. Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы екендігі.Антонимдер сөздігі;

  8. «Табу». Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты кейбір зат-құбылыстардың атауын тура айтуға тыйым салынған сөздер екендігі. Қазақ тіліндегі табу сөздердің туу себептері;

  9. «Эвфемизмдер мен дисфемизмдер». Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі екендігі. Эвфемизмнің табу сөздерден айырмашылығы, қолданылу жағдайлары. Дисфемизмнің анықтамасы, оның эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге жатпайтындығы. Дисфемизмдердің көркем шығармада ұнамсыз кейіпкерлердің тілінде ұшырасуы;

  10. «Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер)». Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы. Фразеологиялық сөздік;

  11. «Мақал-мәтелдер». Мақал-мәтелдердің халықтық рухани қазына екендігі, тіл байлығының көрсеткіші болатындығы. Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсастығы.

  1. «Тілдің сөздік құрамы» (1 сағат):

  1. «Сөздік қор және сөздік құрам». Қазақ тілінің сөздік құрамы байырғы сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздерден тұратындығы. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив (жиі қолданылатын сөздер) және пассив (сирек қолданылатын сөздер) болып бөлінетіндігі;

  2. «Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер». Тілдің негізгі сөздік қорын байырғы сөздер құрайтындығы, оның тіл дамуының қайнар көзі екендігі;

  3. «Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары (сол қалпында және дыбыстық өзгеріске ұшырап енуі)». Олардың сөздік құрамнан алатын орны. Басқа тілден енген сөздердің емлесі, орфоэпиялық нормасы;

  4. «Көнерген сөздер мен жаңа сөздер». Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір көнерген сөздердің «жаңғыру» үрдісі, этнолингвистикалық атаулардың қайта жандануы;

  5. «Жаңа сөздердің жасалуы». Жаңа сөздердің тууының себептері. Қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздердің пайда болуы. Жаңа сөздердің емлесі;

  6. «Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері». Жалпылама лексика. Жалпылама лексикаға жататын сөздердің жалпы халыққа түсініктілігімен, анықтығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленетіндігі. Жалпы халықтық лексикаға қолданылу жағынан шек қойылмайтындығы, барлық стильге бірдей ортақ қызмет атқаратындығы. Жалпылама лексика әдеби тілдің негізгі қоры болып табылатындығы;

  7. «Диалект сөздер». Диалект сөздердің өзіндік белгілері. Диалектінің аймақтық ерекшеліктермен байланысы. Диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысы. Диалект сөздердің қолданылу өрісі. Диалект сөздердің әдеби тілде баламаларының болуы. Диалект сөздердің әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық сипат алатындығы. Диалектологиялық сөздік;

  8. «Кәсіби сөздер және терминдер». Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке байланысты қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Кәсіби сөздердің екі үлкен салаға бөлінетіндігі: қолөнер кәсібіне, ауыл шаруашылығына байланыстылығы. Кәсіби сөздердің термин сөздерге ұқсастығы. Диалект сөздерден айырмашылығы;

  9. «Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы». Терминнің қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі. Терминдердің жасалу жолдары. Басқа тілден қазақ тіліне аударылған терминдердің төл терминдер деп аталатындығы. Басқа тілден өзгертілмей, сол қалпында алынған терминдердің интернационалдық терминдер деп аталатындығы. Терминдер сөздігі.

  1. «Фонетика» (9 сағат):

  1. «Фонетика». Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары;

  2. «Қазақ әліпбиі». Қазақ әліпбиінің құрамы және әріптер ретін білудің мәні. Әліпбидегі әріптер атауының тілдік жүйеге сәйкес аталу ерекшелігі (әріп атауы – ты, сы, ый, ұу, ыл және т.б.);

  3. «Дауысты дыбыстар». Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы. Орфоэпиясы бойынша бір сөздің ішінде дауысты дыбыстардың қатар тұра алмайтындығы;

  4. «Дауысты дыбыстардың жіктелуі». Дауысты дыбыстардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай жіктелуі: а) тіл қатынасына қарай: жуан, жіңішке; ә) ерін қатынасы қарай: еріндік, езулік; б) жақ қатынасы қарай: ашық, қысаң болып бөлінетіндігі.

  5. «Дауыссыз дыбыстар». Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, дербес тұрып буын құрай алмайтындығы. Дауыссыз дыбыстардағы үн мен салдыр мөлшерінің қатынасына қарай жіктелуі: а) қатаң дауыссыз дыбыстар (тек салдырдан тұратыны); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар (салдыр басым, үн аз қатысатыны); б) үнді дауыссыз дыбыстар (үн басым, салдыр аз қатысатыны);

  6. «Дауыссыз дыбыстардың емлесі». Қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың қолданысы, сөздің басы мен соңында қолданылу ерекшеліктері;

  7. «Басқа тілден енген сөздердің жазылуы». б, в, г, д әріптерінің емлесі; қосарлы дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздердің емлесі;

  8. «Үндестік заңы». Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингармонизм заңының қазақ тілінің халықтық сипатын танытатындығы. Қазақ сөздерінде буын үндестігінің сақталуы тілдік заңдылық екендігі. Тіл және ерін үндестігінің орфоэпиялық нормаларды сақтаудағы маңызы;

  9. басқа тілден енген сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың аралас келе беретіндігі, буын үндестігінің сақталмайтындығы. Кейбір кірме сөздердің айтылуы бойынша буын үндестігіне бағынатындығы;

  10. буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі;

  11. «Дыбыс үндестігі». Дыбыс үндестігі – қазақ тілінің тұрақты сипаты. Сөз қолданысындағы дауыссыз дыбыстардың өзара үндесетіндігі, дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстарға әсер ететіндігі;

  12. «Ілгерінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;

  13. «Кейінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;

  14. «Тоғыспалы ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;

  15. сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін сақтап айтудың тіл мәдениетімен байланысы;

  16. «Орфоэпия және орфография». Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы бөлшектерін дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары. Олардың тіл мәдениетіне қатысы, қолданылатын орындары. Орфоэпиялық және орфографиялық нормалардың арнаулы сөздіктерде берілуі. Оларды пайдалану тетіктері;

  17. «Буын». Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын;

  18. «Тасымал». Сөздерді тасымалдау тәсілдері;

  19. «Екпін». Қазақ тіліндегі екпіннің тиянақтылығы. Екпіннің түрлері: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін және олардың қолданылатын орындары;

  20. «Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні». Олардың тілдік этикетпен байланысты болатындығы;

  21. «Интонация және оның құрамдас бөліктері». Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембрі, қарқын, кідіріс. Сөйлеу мәнері.

  1. «Сөзжасам» (3 сағат):

  1. Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен жасалатындығы. Жұрнақ арқылы, мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы жасалуы;

  2. «Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы». Сөздердің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы. Сөздердің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы;

  3. қазақ тіліндегі негізгі сөздер түбір сөз және туынды сөз болып бөлінетіндігі;

  4. түбір күйінде тұрып жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер. Олардың көп мағыналық пен омонимге қатыстылығы;

  5. «Туынды сөздер». Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер. Туынды сөздер заттың атын, сынын, қимыл-қозғалысын білдіретін сөздер табына қатыстылығы;

  6. «Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер». Бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздердің де туынды сөздердің қатарына жататындығы: мағыналық тұтастығы, сұрақтары, қолданылуы.

  1. «Тіл мәдениеті» (2 сағат):

  1. тіл мәдениеті екі үлкен саланы ­­– ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы, осы екі бағытқа дағдыландыратын жұмыстар жүргізу;

  2. ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату. Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру.

  3. сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу;

  4. жазба жұмыстарында терминдердің, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атауларының, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атауларының, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;

  5. жыл бойы өткен тілдік тақырыптар мен пайдаланған оқу материалдары бойынша әртүрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытында мәтіндер құрату.

5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:

    1. лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

    2. сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін;

    3. сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын;

    4. омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ерекшеліктерін;

    5. тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің өзіндік белгілерін;

    6. қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын;

    7. сөйлемге лексикалық талдау жасай алуы;

    8. лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана, т.б. білуі;

    9. фонетиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

    10. фонетикалық ұғымдардың мәнін;

    11. сөз құрамындағы дыбыстардың түрлерін және олардың жіктелуін;

    12. үндестік заңы туралы ұғымдарды;

    13. буын мен екпіннің түрлерін;

    14. орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды;

    15. қазақ әліпбиінің құрамын, ретін;

    16. сөйлемге фонетикалық талдау жасай білуі;

    17. сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

    18. сөздердің жасалу тәсілдерін және олардың жасалу жолына қарай жіктелуін;

    19. мәтіннің құрылымын ажыратып, мәтіннің жанрлық белгілерін анықтай білуі;

    20. оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айта білуі;

    21. тақырыпқа сәйкес жоспар жасап, мәтін құрай білуі тиіс.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5-сынып


Р/с

Р/с

Тақырыптар

Сағат

саны

Өтілетін күні

Ескерту





1

1

Ана тілінің қызметі

1




Әдеби тіл және мәтін -8 сағат



2

2

Ауызша

1



3

3

Жазбаша тіл

1



4

4

Мәтін туралы түсінік.

1



5

5

Жазбаша мәтіндер. Қатемен жұмыс.

1



6

6

Мәтіннің құрылысы.

1



7

7

Абзац.

1



8

8

Сөйлем.

1



9

9

Сөйлемдердің байланысы

1




Лексика -10 сағат



10

10

Лексика туралы түсінік

1



11

11

Сөз бен мағына

1



12

12

Омонимдер

1



13

13

Синонимдер

1



14

14

Антонимдер

1




15

15

Табу

1



16

16

Эвфемизм

1



17

17

Дисфемизм

1



18

18

Тұрақты теңеулер сөздігі

1



19

19

Мақал-мәтелдер.

1





Тілдің сөздік құрамы-1 сағат




20

20

Жаңа сөздер

1





Фонетика -9 сағат



21

21

Фонетика туралы түсінік. Қатемен жұмыс.

1



22

22

Қазақ әліпбиі

1



23

23

Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке

1



24

24

Ашық және қысаң дыбыстар

1



25

25

Еріндік және езулік дыбыстар

1



26

26

Дауыстылардың жазылуы

1



27

27

Дауыссыз дыбыстар, қатаң дауыссыз

1



28

28

Үнді дауыссыздар

1



29

29

Ұяң дауыссыздар

1




Сөзжасам туралы түсінік -3 сағат



30

30

Сөзжасам туралы түсінік.

1



31

31

Сөздердің жасалу жолдары

1



32

32

Туынды сөздер

1




Тіл мәдениеті -2 сағат



33

33

Тіл мәдениеті.

1



34

34

Мақал-мәтелдер

1





БАРЛЫҒЫ

34 сағат




Оқушылармен өткізілетін жаттығу түрлерінен үлгі мысалдар.

Фонетика тарауы бойынша тапсырмалар:

1 – тапсырма.Қызықты грамматика

Ойна да, ойла

Бірінші буыны – жіңішке езулік,

Екінші буыны – есімдік.

Тұтасынан алғанда,

Ол – ағаш, тым берік.

Бұл қай сөз?

Көп қолданылатын жазу құралы –

Егер ол сөз р-ға бітсе;

Білдіреді ол малдың түсін –

Р-ға бітпей, з – ға бітсе.


2 – тапсырма. Орфографиялық жұмбақтар


Қосымшалар жалғанса,

Соңғы сыңары түсіп қалады.

Ал түбір күйінде тұрғанда,

Өзгеріссіз қалады.

Олар қандай дыбыстар,

Кім тез таба алады?


- Мені табыңдаршы? – депті бір әріп Асхатқа былай деп:

«Жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса,

Бұлт етіп түсіп қаламын.

Егер қосымша дауыссыздан басталса,

Тапжылмай орнымда тұрып қаламын»

Ол қай әріп, балалар? Соны тауып дәлелдеңдерші.


3 – тапсырма. Әзіл – жұмбақтар


Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас:

Бірі – айтылады да, естіледі,

Екіншісі – жазылады да көрінеді.

* * * * *

Тауда жоқ, сайда бар,

Атта жоқ, тайда бар,

Биеде жоқ, түйеде бар,

Қозыда жоқ, қойда бар,

Жиында жоқ, тойда бар,

Осындай тағы қайда бар?


* * * * *

Ж – дан басталса – жыл мезгілі,

Қ – дан басталса – құс белгілі.

Ол қай сөздер?



4 – тапсырма. Фонетика патшалығына саяхат

Фонетика тарауы бойынша суретте берілген сарайда «Фонетика патшасы» тұрады. Ендеше, патшаның өзімен кездесейік . . . (Әрі қарай жалғастыр).


- Балалар, патшаның неше басы бар?

- Екеу

- Неге олай екен?

- Дауысты және дауыссыздар

- Қайсысы дауысты?

- Кішкенесі. Себебі дауыстылар дауыссыздан аз. Әр үш ноқаттар екіге бөлінген. Яғни, тілдің, еріннің жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан, жіңішке, езулік, еріндік; ашық, қысаң болып бөлінетіндігінен.

- Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысуына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.

- Кеудесі нені білдіреді?

- Үндестік заңын

- Сол кеудеден шыққан екі қолы ше?

- Буын және дыбыс үндестігі

- Қай қол дыбыс үндестігі?

Екі саусағы бар қолы. Өйткені дыбыс үндестігі кейінді және ілгерінді ықпал болып екіге бөлінеді.

- Аяқ жағы не деп ойлайсыңдар, неге төрт аяғы бар?

- Екпін. Ал екпіннің төрт түрі бар. (дыбыс, тіркес, ой, сөз екпіні)


5 – тапсырма. «Адасқан әріптер»


Төмендегі мысалдарда қарамен жазылған сөздердегі дыбыстың орны ауыстырылып берілген дыбыстарды тап. Бір сөздегі бір дыбыстың ауысып келуі сөйлем мағынасына қандай әсер ете алады екен?


1. Күз түсті,

Тырмалар жылы жаққа ұшты.

2. Ешкі егіз бақ тапты,

Балалар оны күтіп бақты.

3. Марат мектептен келіп жемалды,

Мамасы берген тарақты

Тойғанынша жеп алды.

4. Қыздар сынып бөлмесін ақтады, малалар еден жуды.

5. Мақаш мақтаға есеп шығарды. Бадиша партаны қабырғаға іліп, басты өзендері көрсетті.

6. Күлай кеспе тігіп, Құрбанбүбі құлақ құрып отыр.

7. Малды ауылда қой қоздап, қозылар жамырап жатыр. Егесін таппаған қозылар қаңырап тұр.


6 – тапсырма. «Ойлан, тап!» ойыны

Мақсаты: Бұл ойын арқылы берілген буындар бойынша сөз ойлатып, оқушының сөздік қорын молайту.

1. «А» буынды сөз ойла:

Үлгі: а) Бас киім: малақай

ә) өсімдік а а а

б) құс а а а

в) жазба еңбек а а а

г) ағаш а а а

д) өте ұсақ зат а а а

2. «Ға» буынымен аяқталатын бірнеше сөз ойла:

Үлгі: Бал ға


Ға

Ға

Ға

Ға

Ға

2. «ғақ» буынына аяқталатын сөз ойла:

Үлгі: Тар ғақ

Ғақ


Ғақ


7 – тапсырма. Берілген сөздердің басқы дыбыстарын алмастыру арқылы бірнеше сөз жасаңдар.

А) бал, тал, ... .

ә) қала, дала ... .

б) шана, дана ... .

в) тақ, сақ, ... .


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
42 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі