400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама: шахмат әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
шахмат әлемі тақырыбындағы авторлық бағдарлама үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

  Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойлдарын шоғырландыруына, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Астанада өткен тез шахмат пен блиц чемпионатының ашылу салтанатында «Шахмат адамдарды тез ойлатады, шешім қабылдатады және қадам жасатады. Мен бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген балаларының спорттың осы түрімен айналысатынына қуаныштымын» деген болатын. Сонымен қатар мектептердің оқу жоспарларына шахмат сабақтары енгізіліп отыр.

     Шахмат – екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат ойнаушының үнемі жетілуінен, жүйелі түрде дайындық сағаттарын жүргізуден кейін нәтиже күтуге болады. Сонымен қатар шахматты үйретудегі жаттықтырушының шығармашылық деңгейінің жоғары болуы қажет.    Бағдарлама 7-14 жас аралығындағы балаларға арналған. Оқыту мерзімі 1 жыл.

Бағдарламаның тиімділігі – уақыт талабымен сәйкес. Жеке тұлғаны жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, шахматты үйретудің құрылымы мен мазмұны мақсатқа бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Сабақтан тыс білім беру жүйесінде шахматты үйрету жүйесі оқушылардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып оның тұлға ретінде жалпы жетілуі мен тәрбиесіне бағытталады  

 Бағдарламаның ерекшелігі балаға даралап білім беруге бағытталғандығында. Ол бағдарламаға енгізілген және екі негізгі бағыт алады. Алдымен әр шахмат ойнаушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеуде, екіншіден әр тәрбиеленушінің өмірге көзқарасы, жағдаяттарды шеше білуі есепке алынады. Баланың жеке қасиеттерін табиғи, физикалық және психологиялық қасиеттерін білуді талап етеді.  Бағдарламаның жаңалығы мұғалімнің сабақтарда қолданатын, балалардың жеке және жалпы логикалық ерекшеліктерін жетілдіретін дидактикалық материалдарын (карточкалар, шахматтық этюдтар және тапсырмалар) әзірлеуінде, зерттеу әдісін қолдануында (шахматтың шығу тарихы туралы рефераттар мен баяндамалар жазуында), мектептің материалдық жағдайын ескере отырып оқу-тақырыптық жоспарын құруда.

Бағдарламаның мақсаты : шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.

Бағдарламаның міндеттері:

Білім беру:

·          Шахматтың шығу тарихымен таныстыру;

·          Ойын ережелерін үйрету;

·          Оқушыларға шахмат ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру.

Жетілдіру:

·          Тұлғаның логикалық ойлауын, есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды қасиеттерін жетілдіру;

·          Төзімділігін, өз өзіне және қарсыласына сынмен қарауын;

·          Логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту;

Тәрбиелік:

·          Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; ·          Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу;

·         Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.  

Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.

Оқушылардың пәндік құзырлылығы: 1.Техникалық, оқушылардың * Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуында; * Ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу барысында қалыптасатын іс әрекеттері. 2. Интеллектуалдық, оқушылардың  *Ойынға сараптама жасауымен;  

* Арнайы әдебиеттерді оқуымен;  

* Үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері. 

Оқушылардың білім біліктілігіне қойылатын талаптар.

Бірінші жылды аяқтағаннан кейін оқушы білу керек:

·            шахматы ойнау ережесін;

·            ойнаушының құқы мен міндеттерін;

·            шахматтың шығу тарихын:

·            ойын тактикасы туралы негізгі түсінік.

Орындай білуі керек:

·            алған білімдерін практикада қолдана білу;

·            назарларын, ойларын шоғырландырып, уақытты үнемдеу;

·            шахматы құштарлықпен ойнау.



Оқу жоспары. 34 сағат.

№

Сабақтың тақырыбы

Сағ. саны

уақыты

Жұмыс түрі

1

Кіріспе. Ұйымдастыру сағаты.

1


Шахмат ойыны жайлы алғашқы түсінік беру.

2

Шахмат- спорт, ғылым, өнер.

2


Спорт әлеміндегі шахматтың орны жайлы түсінік беру

3

Шахмат ойнау ережелері, шахмат күресінің ерекшеліктері.

1.Шахмат тақтасы, ойын алаңы, ойыншылар.






2


Шахмат тақтасы, ойын алаңы, ойыншылар, олардың орны, шахмат тастарының аттары мен ойын алаңында орналасуы жайлы түсінік беру



2. Тастардың жүрісі

2


Алдыңғы қатарда пешкалар орналасқан, олардың артында: екі шетте екі тура (қамал), олардан кейін екі ат, сосын екі піл немесе офицер, бір уәзір мен бір патша.  Кез келген елдің бір ғана басшысы болады (президент, патша, король, шах жәнетб.).

4

Шахматта жүру принципі


6


Барлық тастарды жеу, «аузыңа» түсіп тұрған тасты жемеуге болмайтын болса, шахмат ойынында жеу де жемеу де өз қалауың. Бұл жерде басты мақсат «Мат» қою,  яғни басшыны өлтіру.


1. Қарсыластың тасын жеу

2



Шахмат ойынында жеу де жемеу де өзқалауың.


2.«Мат» қою

2


Басты мақсат «Мат» қою,  яғни басшыны өлтіру.


3. Қорғаныс


2


Ең алдымен патшаның қорғанысын қамтамасыз ету керек. Содан соң тастар басқан қадамдарында бір-бірін демеп тұрулары жөн.

5

Шахмат бастаушыларға арналған

10 кеңес

20






  1. Ферзямен партия басында шыққан тиімді емес

2


Ферзямен партия басында шыққан тиімді емес


  1. Ойын ат немесе пілмен басталғаны жақсы.


2


Ойын ат немесе пілмен басталғаны жақсы. Ат жақсы. Себебі ол – шапқыншы.


  1. Бір ат , піл, ладья, ферзяның құны.


2


Бір ат пен бір піл үш пешкаға тең. Ладья 5 пешкаға, ал бір ферзяның құны 9 пешка екен.


  1. Піл аттан мықты

2


Пілдің құны аттан артық екенін ұқтыру


  1. Аз арал тиімді.


2


Ойын алаңында аралдар неғұрлым аз болса, солғұрлым жақсы


  1. Гамбит деген не?


2


Гамбит дегеніміз немістің аяқтан шалу дегенінен шығыпты.


  1. Эншпель деген не?


2


Партияның соңғы кезеңі


  1. Морфий комбинациясы

2


Шахмат ойынындағы ең әдемі комбинация


  1. Бір фигура неше рет жүреді?

2


Бір фигурамен екі-үш рет жүрмеген жақсы


  1. Ойланбастан тез-тез жүру.

  2. Қорытынды сағат


2


Жаңадан пайда болған ойын комбинацияларды дереу байқауға үйрету.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Абубакирова Эльмира Силықбекқызы.Оқушыларды өмірге бейімдеуде шахмат ойынының негіздерін оқытудың тиімділігі Әлемді мойындатқан қаршадай қазақ қызы – Диана Асаубаева.

  2. Жансая Әбдімәлік: «Әлемдегі ең мықты шахматшы Юдит Полгар...

  3. «Ресейлік 30 жастағы танымал шахматшы Эльмира Мирзоевамен болған ой» unesco.kz›cgi-bin/library…

4«Эрудит» балалар шығармашылық бірлестігі

http://45minut.kz/

5.Шахмат ойынының өрісі кең | «Қазақстан» РТРК АҚ

6. «4 жасымнан бастап шахмат ойнаймым. Маған спорттың бұл түрі өте қатты ұнайды. Ой-сананы дамытуға үлкен септігі бар ойын. …»,«Өркениет»

7. «Қазақ Шахматы - ХХІ ғасыр ойыны»

8. «Қазақтың өнертапқыш азаматы Азат Нұрдәулетұлы шахматтың төрт кісілік жаңа түрін ойлап тапты. Бұл жаңалық осыдан үш жыл бұрын елімізде патент алған...».

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
30 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
3527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі