жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама "Сөзжасамдық норма"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Берікқара орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
_______________Мамырбаев Н.С.
«Сөзжасамдық норма» таңдау курсының
бағдарламасы.
Сынып: 6
Бағдарлама авторы: Берікқара орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері
Абдыкалыкова Назгүл Галымқызы, Қалиева Жансая Беркінқызы.
Аймантөбе ауылы-2014 жыл
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Берікқара орта мектебінің педагогикалық кеңесінің 2014 жылдың
13 сәуіріндегі №6 хаттамасының шешімімен бекітілген.
Бұл бағдарлама 6- сыныпқа таңдау пәніне арналған оқу-әдістемелік құрал. Оқу-әдістемелік құралда берілген тақырыптарда тіл салаларының бір-бірімен байланыстылығын ашып көрсетілген. Әр оқушының қазақ тіліне танымдық-шығармашылық ізденісін тиімді ұйымдастыруға, жеке ерекшелігін ескеріп, білім беру нәтижелері түрінде құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған.
Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақ тілінің» сөзжасам саласы бойынша «Сөзжасамдық норма» таңдау курсына арналған оқу құралы болып табылады. Қазақ тіл білімінде сөзжасам саласы кейінгі жылдарда жеке сала ретінде қарастырыла бастады. Морфология мен лексикология салаларынан жігі ажырап, жеке сала түрінде таныла бастады. Сөзжасам тарау оқулыққа жаңадан енгізіліп отыр. Бұл бағдарламаны оқытудың мақсаты- тіліміздегі сөздердің барлығы түбір күйінде жұмсалмайтындығы, көпшілігі жұрнақ жалғану арқылы жаңа мағынаға ие болатындығы, енді біразы түбірлердің бірігуі, қосарлану тіркесу арқылы жаңа сөз болып қолданысқа түсетіндігі жайында білгізу. Сөзжасамның салалық теориясы мен оны оқыту әдістемесінде жетіспейтін тұстар баршылық. Теориялық базасында қайшылықты тұжырымдар мен пікірлерді айтпағанның өзінде, оған қатысты оқу құралдарының саны аз.
6-сыныпқа арналған «Сөзжасамдық норма» таңдау курсының әдістемелік құралында жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері, оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетіледі. Сондай- ақ оқу-әдістемелік құралында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара, жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдары айқындалады. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.
Сондықтан жаңа бағдарламада оқушының тілдік білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік дағдыға айналдыру көзделді.
«Сөзжасамдық норма» таңдау курсының мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты:
Оқыту барысында СТО әдісін қолдана отырып, сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалатынын білу, мысалдар келтіру, жұрнақ арқылы жасалған сөздерді тану, синтаксистік жолмен біріге, қосарлана, тіркесе жасалған сөздерді меңгеру.
Міндеттері:
-
Оқушыларды сөз мағынасын түсіне білу біліктілігімен қаруландыру;
-
Оқушыларды жан-жақты дамытып, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
-
Дауыс ырғағына қарап , сөйлем түрлерін ажырата білу;
-
Танымдықдық белсенділіктерін арттыртып, қорытынды жасай алуға баулу;
-
Меңгерген білімдерін нақты жағдайда қолдана білумен байланысты ажырату;
-
Алдына мақсат қоя білуге дағдыландыру;
-
Ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу;
-
Сөйлемге дұрыс талдау жасай білуге дағдыландыру;
-
Бүгінгі өмір талабына сай сөйлеу мәдениетін дамыту.
Күтілетін нәтиже :
-
Сөз тіркесі, сөйлем түрін меңгеруге барлық оқушы ат салысады;
-
Күтілетін нәтиже топтағы бірлескен жұмысқа тәуелді болады;
-
Шығармашылық белсенділігі артады;
-
Әрбір оқушы нәтижеге қосқан өз үлесін бағалай отырып, басқаларды да бағалауға дағдыланады.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:
Оқушылар білуі тиіс:
-
Сөзжасам тілдегі сөзжасам жүйесін, сөздердің жасалуын ;
-
Сөзжасамдық ұғымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін ;
-
Теориялық білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдану;
-
Қорытынды ой жасау;
-
Пікірталасқа қатысу, өз қызметінің нәтижесін көре білу;
-
Түбір бен қосымшалардың бір-бірімен фонетикалық, лексикалық, морфологиялық заңдылықтарға сүйене отырып байланысып тіркесетінін түйсіну.
Оқушылар меңгеруі тиіс:
-
Сөзжасамның тіл білімі саласы ретіндегі өзіндік орнын білу;
-
Сөзжасамның басқа салаларымен өзара байланысын тану;
-
Сөздердің жасалуының тілдік тәсілдерін білу, оларды дәйектей білу;
-
Сөз жасаудағы морфологиялық жолдарды игеру;
-
Пікірталасқа қатысып, өз қызметінің нәтижесін болжау;
-
Өз қызметіне анализ жасап, жұмыс нәтижесін бағалай алу.
-
Деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;
Оқу курсының тақырыптарының мазмұны
Сөзжасамдық ұғымдар (9 сағат)
Негізгі морфема мен көмекші морфема. Туынды сөз бен негізгі сөздің мағыналық байланысы. Сөзжасамның сөз құрамымен байланысы. Сөзжасам тәсілдері. Лексикалық жолмен жасалған жаңа сөздер. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздер.
Сөз таптарының сөзжасамы (21 сағат)
Зат мағыналы сөздердің сөзжасамы. Сын мағыналы сөздердің сөзжасамы.Заттанған сын есімдердің қызметі. Заттанған сан есімдердің өзіндік сипаты.Есiмдi орынбасар сөздердiң сөзжасамы.Қимыл мағыналы сөздердің сөзжасамы. Есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар. Үстеу сөздердің сөзжасамы. Бірігу жолымен жасалған күрделі үстеулер. Тіркесу жолымен жасалған күрделі үстеулер. Қосарлану жолымен жасалған күрделі үстеулер.Тұрақты тіркесті жолымен жасалған күрделі үстеулер. Көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар. Еліктеуіш сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар. Етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер. Есімшенің жасалуы. Көсемшенің жасалуы. Тұйық етістіктің жасалуы.
Қорытынды сабақ (4 сабақ)
Деңгейлік тапсырмалар. Сөзжасамдық талдау үлгісі. Практикалық сабақ. Сынақ тапсырмалары.
Оқу курсының мазмұны
І. Сөзжасамдық ұғымдар - 9 сағат
Қазақ сөздерінің аналитикалық және синтетикалық жолмен жасалатынынан мәлімет беріп, қазақ тілінің табиғаты туралы түсінік қалыптастыру. Қазақ тілінің жалғамалы тілдер табына енетіндігіне баса назар аудартып, олардың әр түрлі тілдердің ішкі заңдылықтарын таныту жұмыстары жүргізіледі.
Жалаң сөздердің түбір және туынды болып бөлінетіндігіне, туынды сөздердің жұрнақ арқылы жасалатындығына, олардың бір сөз табынан екіншісіне алмасуы жөніндегі мәлімет нақты жаттығулар арқылы қайталанады. Сөздердің жасалуының негізгі үш тәсілінің болатыны (лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) туралы білімдері жаңғыртылады.
ІІ. Сөз таптарының сөзжасамы – 21 сағат
Бұл тарауда жаттығулар мен тапсырмалар сөзжасамның жалпы мәселелерi (сөзжасамдық ұғымдар, сөзжасамның сөз құрамымен байланысы, сөзжасам тәсiлдерi) және әр түрлi мағыналы сөздердiң жасалуы (зат мағыналы, сын мағыналы, есiм мағыналы орынбасар, қимыл мағыналы, үстеу мағыналы) сынды тақырыптарына сәйкес жүйеленіп берiледі.
ІІІ. Қорытынды сабақ - 4 сағат
Деңгейлік тапсырмалар. Сөзжасамдық талдау үлгісі. Практикалық сабақ. Сынақ тапсырмалары
Курстың оқу – тақырыптық жоспары
( барлығы – 34 сағат)
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Сөзжасамдық ұғымдар |
1 |
|
|
2 |
Негізгі морфема мен көмекші морфема |
1 |
|
|
3 |
Туынды сөз бен негізгі сөздің мағыналық байланысы |
1 |
|
|
4 |
Сөзжасамның сөз құрамымен байланысы |
1 |
|
|
5 |
Сөзжасам тәсілдері |
1 |
|
|
6 |
Лексикалық жолмен жасалған жаңа сөздер |
1 |
|
|
7 |
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздер |
1 |
|
|
8 |
Сөз таптарының сөзжасамы |
1 |
|
|
9 |
Зат мағыналы сөздердің сөзжасамы |
1 |
|
|
10 |
Сын мағыналы сөздердің сөзжасамы |
1 |
|
|
11 |
Заттанған сын есімдердің қызметі |
1 |
|
|
12 |
Заттанған сан есімдердің өзіндік сипаты |
1 |
|
|
13 |
Есiмдi орынбасар сөздердiң сөзжасамы |
1 |
|
|
14 |
Қимыл мағыналы сөздердің сөзжасамы |
1 |
|
|
15 |
Есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар |
1 |
|
|
16 |
Есімше тұлғалы сөздердің сөзжасамы |
1 |
|
|
17 |
Көсемше тұлғалы сөздердің сөзжасамы |
1 |
|
|
18 |
Тұйық етістіктікті тұлғалы сөздердің сөзжасамы |
2 |
|
|
19 |
Үстеу сөздердің сөзжасамы |
1 |
|
|
20 |
Бірігу жолымен жасалған күрделі үстеулер |
1 |
|
|
21 |
Қосарлану жолымен жасалған күрделі үстеулер |
1 |
|
|
22 |
Тіркесу жолымен жасалған күрделі үстеулер |
1 |
|
|
23 |
Көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар |
1 |
|
|
24 |
Тұрақты тіркесті жолымен жасалған күрделі үстеулер |
1 |
|
|
25 |
Еліктеуіш сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар |
1 |
|
|
26 |
Етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер |
1 |
|
|
27 |
Деңгейлік тапсырмалар |
1 |
|
|
28 |
Сөзжасамдық талдау үлгісі |
3 |
|
|
29 |
Практикалық сабақ |
1 |
|
|
30 |
Сынақ тапсырмалары |
2 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бектұров Ш.Қ. « Қазақ тілі», Атамұра, 2006 ж.
2. Мұхамади Қ.Т. «Қазақ тілінен пысықтау жаттығулары», Алматты, 2004ж.
3. Дәулетбекова Ш. « Қазақ тілінің оқыту әдістемесі», Атамұра, 2006 ж.
4. Құрманалиева С. «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту», Алматы, 2001 ж.
5.Аманжолов С, Аманжолов А, Қосымова Г. «Қазақ тілі», Алматы, 2001 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген