Авторлық бағдарлама "Тіл дамыту" 4-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама "Тіл дамыту" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған тіл үйренушілерге арналған бағдарлама.Қазір қоғамымыздағы басты мәселелердің бірі – басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту. Қазіргі күні мектеп бағдарламасында мұғалім балаға білім, білік,дағды беріп қана қоймай, ақыл – ойын, қабілетін дамытуға, оқи алуға, тілін дамытуға үйрету керек деген міндеттер қояды. Тіл мамандарына оқу процесінде оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көңіл қою қажет. Себебі, тілі жетік оқушы барлық гуманитарлық пәндерден нәтиже көрсете алады.Ал тілі дамымаған шәкірт біліп тұрған білімін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамытқан жөн. Осы мақсатпен тіл дамыту курсында оқушылар еркін тақырып аясында ауызекі мәтіндер құрастыруға, ертегі, әңгіме құрастыруға үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Авторлық бағдарлама "Тіл дамыту"

Категориясы: Шығармашылық

Алматы облысы Алакөл ауданы М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

Курманбекова Баян Жунисканкызы

07.02.1979 жыл.

Менің авторлық бағдарламам 2 сыныпқа арналған

«Тіл дамыту»



Түсініктеме

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған тіл үйренушілерге арналған бағдарлама.Қазір қоғамымыздағы басты мәселелердің бірі – басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту. Қазіргі күні мектеп бағдарламасында мұғалім балаға білім, білік,дағды беріп қана қоймай, ақыл – ойын, қабілетін дамытуға, оқи алуға, тілін дамытуға үйрету керек деген міндеттер қояды. Тіл мамандарына оқу процесінде оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көңіл қою қажет. Себебі, тілі жетік оқушы барлық гуманитарлық пәндерден нәтиже көрсете алады.Ал тілі дамымаған шәкірт біліп тұрған білімін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамытқан жөн. Осы мақсатпен тіл дамыту курсында оқушылар еркін тақырып аясында ауызекі мәтіндер құрастыруға, ертегі, әңгіме құрастыруға үйренеді.Сөйлеу арқылы ауызша тілі дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала,эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылыжазба тілді дамытуға болады. «Тіл дамыту» сабағында оқыту және сөйлесуді үйрету әдістері оқытудың мақсаты мен мазмұнына, оқыту кезеңдеріне сай жүргізіледі. Оқушылардың ойлау қабілетіндамытуға бағытталған тапсырмалар оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырады.Сүйеніш сызбаларға сүйене отырып, сөйлесуге дағдыланып үйренеді. Мысалы: бұйрық рай, тәуелдік, жіктік жалғаулары – сөйлеуге ең қажетті тақырыптар.Бағдарламаны құрастырудағы басты мақсат – оқушыларға қазақша сөйлеуді үйрету, өмірдің барлық саласында – мектепте,үйде, қоғамдық орындарда қазақша тілдесуге жағдай жасау. «Тіл дамыту» сабағы барысында қазақ тілінде сөйлей білу, шығармашылыққа баулу, өзіндік жұмысты мәнді де сауатты жүргізілуіне мән беру арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін әдеби норма бойынша қалыптастыру көзделген.

Бағдарламада қолданылатын оқытудың белсенді формалары:

1. Оқыта үйрету ойындары: «Қарлы кесек», «Брейн ринг», «Саяхат», «Бақытты сәт» т.б.

2. Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары

3. Жеке – топтық жұмыс.

4. Өзара оқыту сабағы қолданылады.

Тілдік материалдың аз ғана бөлігі оқушыға таныс болмауы мүмкін; Оқушыға аса көп сөйлеу және жазу мүмкіндіктерін жасау керек;

Оқушылар төмендегідей білік дағдыларын меңгеруге тиіс:

  • Көркем шығарманы мазмұндап, көркемдеп баяндау;

  • Оқиға, кейіпкер жөнінде ауызша ой қорыта білу;

  • Кез келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізе алу; - мәтін құруда әдеби тілді пайдалана білу; - еркін тақырып аясында фактілерді іздеу арқылы танымдық белсенділікті арттыру;

  • Өлең талдай білу.

Бұл бағдарламада мынадай іс – әрекеттер қамтылады:

  • Жұптық сөйлеу

  • Біреуге әңгіме айту

  • Күнделік жазу

  • Мақала жазу

  • Жұрт алдында сөйлеу

  • Жазбаша ой толғау

  • Оқыған әңгімені мазмұндау

  • Топпен әңгімелесу

  • Суреттеу

  • Баяндау

  • Пікірсайыс

  • Диспут

  • Жеке жұмыс

  • Практикалық сабақ







































Мақсаты:

Қызықты тапсырмаларды орындау арқылы логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алубіліктерін қалыптастыру. Логикалық математика пәні арқылы оқушыларға білім бере отырып, оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру. Балалардың жалпы ақыл – ой және математикалық қабілетін дамыту. Оқушылардың пәнге деген ынтасын ояту, құштарлығын, қызығушылығын арттыру, дүниетанымын байыту.

Міндеттері:

  • Танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып ізденімпаздылыққа баулу;

  • Логикалық тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту және қалыптастыру;

  • Сызба, кесте, сурет бойынша есеп құрастыра отырып, оқушылардың іскерліктерін, тапқырлықтарын шыңдау;

  • Есептеу тәсілдерін, арифметикалық ойындарлы, ауызша орындайтын тапсырмаларды пайдалану арқылы білімділік, кеңістік ұғымды дамыту;

  • Геометриялық фигураларды бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету;

  • Математикалық басқатырғыштар, ребус, сөзжұмбақтарды шеше отырып, оқушылардың ұшқыр қиялдарын, сөздік қорларын дамыту.

  • Көңілді жаттығуларды, логикалық амалдарды қалыптастыруға, анықтамаларды жүйелеуге арналған тапсырмаларды дұрыс және шапшаң орындауға үйрету.

















Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат

2-сынып



Тақырыптың аты

Сағат саны


Өткізілу түрі

Білімдік қазынасы

барлығы

Лекция

практика

1

Кіріспе сабақ

1

1


баяндама


2

Кел , балалар , оқылық!

1


1

Жұптық жұмыс


3

Күз


1


Аралас сабақ

Ойтолғау

4

Табиғат тамашасы

1


1

Саяхат сабағы

Эссе

5

Мектеп

1


1

«Қарлы кесек»

Суреттеу

6

Біздің сыныпта

1

1


Лексия


7

Кітап дүкенінде

1


1

Ойын сабағы


8

Ән көңілдің ажары

1



аралас сабақ


9

Менің досым

1


1

Аралас сабақ

шығарма

10

Отаным, атамекенім

1

1


Топтық жұмыс

әңгіме

11

Өнер, білім бар жұрттар

1


1

Сұрақ-жауап

Сұқбаттасу

12

Менің Қазақстаным

1


1



13

Сөз сиқырын ұғайық

1

1


Топтық жұмыс


14

Қысқы табиғат тамашасы

1


1

суреттеу

Пейзаждық әңгіме

15

Кімнің мекені жақсы?

1


1

Ойын сабағы


16

Жаңа жыл

1



Сұрақ-жауап


17

Ән айтайық

1


1

Аралас сабақ


18

Сурет бойынша әңгіме

1



Бақылау сабағы


19

Менің отбасым

1

1


Жаңа сабақ


20

Атам мен әжем

1


1

Топтық жұмыс


21

Менің сүйікті ісім

1


1

Аралас сабақ

шығарма

22

Кел,санайық

1


1

Ойын сабағы


23

Үй жануарлары

1


1

Жұптық

әңгіме

24

Табиғат тамашасы

1


1

Саяхат сабақ


25

Еліміздің экологиясы

1

1


Аралас сабақ


26

Құстар біздің досымыз

1


1

Жұптық жұмыс


27

Мұхтар мен Абай

1


1

Интервью

әңгіме

28

Әдепті бала – арлы бала

1

1


Саяхат сабақ


29

Жыл мезгілдері

1


1

Аралас сабақ


30

Алғыс. Тілек . Бата

1


1

Топтық жұмыс


31

Кітап оқудың пайдасы көп

1


1

Сұрақ-жауап


32

Жазғы демалыс

1


1

«Брейн-ринг»

Ойтолғау

33

Тест

1


1

Бақылау сабағы


34

Қорытынды

1


1

Қорытынды сабағы






Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң актілері

2.Қ.Р «Білім туралы» Заңы, «Тіл туралы» Заң

3.Қ.Р мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (негізгі ереже) 4.Қазақ тілі бағдарламалары

5.А.Ш.Бектұров,Ш.К.Бектұрова «Казахский язык для всех»

6.Республикалық «Қазақ тілі әдістеме» журналы № 1. 2009 жыл

7.М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде»

8.С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті» Әдістемелік нұсқау.

9.Ж.У.Кобдикова «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» нәтижеге бағытталған білім берудің тиімді механизмі.

10. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №2. 2012 ж
11 «Тіл дамыту» Алматы кітап ААҚ 2004 жыл Авторы: Ә. С. Әмірова, Қ. А. Анартаева
2. «Тіл тағылымы» Алматы: Ана тілі 1992 жыл Авторы: А. Байтұрсынұлы
3. «Тіл дамытудың ғажайып әлемі» 
Авторы: Д. З. Жүсіпова, Ф. Қ. Исхақова, Т. Ж. Омарғалиева, Б. Ж. Ноғайбекова 
4 «Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту» Алматы 1972 жыл
Авторы : С. Рахметова
5. «Көркем әдебиет» 
Авторы: Д. З. Жүсіпова, С. Ж. Аңдабекова
6. «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқыту технологияларын тәжірибеге енгізудің
жолдары» Алматы 2010 жыл
7. «Әдебиеттік оқу. Әдістемелік нұсқау» 2009 жыл
Авторы: П. Қ. Жаманқұлов, А. Т. Мадиева, Н. Н Орынбаева
8. «Мазмұндама, шығарма жинағы»
9. Бастауыш сынып журналдары» 2010-2014 жыл
10. «Тіл дамыту» Б.Баймұратов Аматы «Рауан»1991

Қосымша әдебиеттер 


1. «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» Арман –ПВ баспасы 2003 жыл

Авторы: Р. Б. Нұтазина, А. Д. Сейсенова
2. « 777-жұмбқ» Авторы: Ә. Ысқақов
3. «Мақал – мәтелдер жинағы»
4. «Жұмбақ»Авторы: М Әбуова. Р.Сатаева
5. «Балдырған» журналы 2008 жыл
6. «Қуырмаш» журналы 2011 жыл
7. «Мөлдір бұлақ» журналы 2012-2014 жыл















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі