400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама. Ұлы даланың жеті қыры

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған ашық сабақ. кез-келген мұғалмге дайын ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ұлы даланың жеті қыры»
Оқу әдістемелік жинақ













Ш.Қалдаяқов ауылы

2019 жыл

Түркістан облысы

Отырар ауданы

Абай атындағы жалпы орта мектебі







«Ұлы даланың жеті қыры»
Оқу әдістемелік жинақ







Тарих пәнінің мұғалімі: Досимова Гүлайхан.











2019 жыл

Алғы  сөз

«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» дегеніміз осы. Нұрсұлтан Назарбаев

Осыған сәкес жас өспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін ұлы даланың тарихын оқыту, үйрету,  жүзеге асыру- педагогикалық ұжымның басты міндеті. Тарих арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Сондықтан ұстаз ретінде, осы қоғамның жанашыр бір мүшесі ретінде ұрпақ білімін дамытудың жолын іздестіріп өз жинағымды ұсынамын.

Жинақтың     тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»

Менің  өзекті  тақырыбым:

«Тарих пәнің оқи отырып, ұлы даланың құнды жәдігерлерғнің тарихымен етене таныстыру. Өткені мен бүгінін, келешегін жақсы білетін тұлғаға тәрбиелеу.»

Педагогикалық  ұстанымым:

Жеке  тұлғаны  табу, оған  жетекшілік  ету. Тарихты үйрету, ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, өз елінің патриоты бола білетін, тарихын қастерлейтін, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін   Азамат тәрбиелеу.

Мақсатым:

Өзінің  және  қоғамның  мүддесінде  өзін-өзі  белсенді  етуге  дайын,  өзгермелі  даму  үстіндегі  ортада  өмір  сүруге  бейім, бәсекеге  қабілетті және  құзіретті, шығармашыл, білімді  тұлғаны  дамыту  және  қалыптастыру.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ .

  2. ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ .

  3. АҢ СТИЛІ .

  4. АЛТЫН АДАМ .

  5. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ .

  6. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ.

  7. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ .

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



































КІРІСПЕ

Қазақ  халқының  тәрбие  тағылымы,  ізет  пен  әдептен  және  инабат  пен   парасаттылықтан  басталатыны  белгілі.  Бала  тәрбиесі – білімі ана  сүтінен  басталып,  біреудің  біреуге  ықпалы  арқылы  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі  құбылыс.  Білімніңең  алғашқы  бастамасын  отбасында алса, жалғасы  мектеппен  байланысады.

Мектеп – халықтың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан білім нәрімен сусындататын, адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше, егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттік жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру мен тәрбие жүйесін құру керек.

Білім  беру  ісінде  ұстаз   басты  әрі  шешуші  тұлға.  Ұстаздың  білімділігі,   абырой – беделі  оның  шәкіртінен  көрінеді.  “Шәкірттің  жақсы  болмағы,  ұстазынан”  деп  халық  тегін  айтпаған.  Ұстаз  ұғымы – мағынасы  кең, мәні  тереі,  тарихи  ұғым. Адамзат  баласының  дамуында  білімнің  қажеттілігі  сол  білімді  таратушы, жеткізуші  ұстаздың  қажеттілігімен  бірдей  маңызға  ие  болған.

Ұстаз  өз  шәкіртінен  саналы  да  білімді,  парасатты  тұлға  жасайды.  Белгілі   ағартушы,  қазақ  әдебиетінің  ірі  өкілі  Жүсіпбек  Аймауытов  ұстаз  қызметін былай  сипаттайды: “ Балаларға  сабақ  берумен,  білім  үйретумен  мұғалімнің  қызметін  үгіттеуге  міндетті,  басқаша  айтқанда,  мұғалім  қарапайым  қызметкер  емес,  ол – шәкірттерінің  ата-анасы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «әлемнің жеті кереметі» деген секілді, қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті кереметін атап көрсетті.Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ



  1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ .

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.  

Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлардың терісімен қапталған және ортасына ошақ орнатылған. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен. Сондай-ақ бұланның, еліктің, аюдың, иттің, қабанның және т.б. сүйектері де кездеседі.

Энеолит дәуірінде Қазақстан территориясында жылқыны қолға үйрету және топтап бағу жүзеге асқан, бұл Солтүстік Қазақстан территориясындағы археологиялық қазбалардан белгілі (Ботай мәдениеті). Ботайлықтар-Еуразия өніріндегі алғашқы жылқы өсірушілер. Жайық-Ертіс арасындағы энеолиттік қоныстардан орасан көп жылқы сүйектері табылды.

  1. ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ .

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

  1. АҢ СТИЛІ .

Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.

  1. АЛТЫН АДАМ .

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.





  1. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ .

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.





  1. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ.

Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік имерияларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.



  1. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ .

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.





Бағдарлама  негізінде  күтілетін  нәтижелер:

  1. Өз елінің төл тарихын біледі.

  2. Ұлы даланың керемет тарихи орындарымен танысады.

  3. Өзіндік  пікір, сигналды  ойдың  қалыптасуы.

  4. Ұлы даланың ашылмаған сырларымен танысып, білімінің  жоғары деңгейде  болуы.

  5. Оқушының  дүниетанымының, сахналық  шеберлігінің  артуы.

  6. Оқушының  сапалы  білімнің, саналы  тәрбиенің  қажеттілігін  сезінуі.

  7. Қоғамды  танып  білудің, сыртқы  ортамен  байланысының  алға  басуы.

  8. Ең  бастысы – өзіне  деген  сенімнің  артуы, Абай  тілімен  айтқанда,  «болмаса  да  ұқсап  бағуға  тырысу»





«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы

«АТАЖҰРТ» интеллектуалдық – тарихи танымдық сайыс

Мақсаты:1. Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілік: «Ұлы даланың жеті қыры» атты жазуы бар плакат, қаттама, Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары.

Қатысушы: 8 сынып оқушылары.

Топтың аттары: «……………………….», «………………………….» тобы.

Жоспары:

1 КЕЗЕҢ: «Қанат қақты »кезеңінің тақырыбы «Алтын адам» деп аталады.

1минут, 10 сұраққа жауап.

2 КЕЗЕҢ: «Самғау» кезеңінің тақырыбы «Аң стилі» деп аталады. ұпайы көп команда бастайды. 5 минут сұрақ беріледі.

3 КЕЗЕҢ: «Шарықтау» кезеңінің тақырыбы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деп аталады. 5 сұрақ.

4. КЕЗЕҢ: «Шырқау» кезеңінің тақырыбы «Түркі әлемінің бесігі» деп аталады.

5. КЕЗЕҢ: «Серпілу» кезеңінің тақырыбы «Атқа міну мәдениеті» деп аталады.

6. КЕЗЕҢ: «Жер ұйық» кезеңінің тақырыбы «Ұлы Жібек жолы» деп аталады.

7. КЕЗЕҢ: «Үй жұмысы» кезеңінің тақырыбы «Қазақстан алма мен қызалдақтың отаны» деп аталады. Топ мүшелері үйде отындап келген постерлерін қорғайды.

Ойын қортындысын шығару.



Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.

Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.

Ойынға 8 сынып оқушылары қатысады.

«Ал іске сәт» дей отырып, ойынымызды бастайық.

«Тарихи ескерткіштерді жаңғырту жұмысы ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл құбылыс емес ғылыми жұмыс... Н.Ә.Назарбаев.

Ұлы даланың заманалар керуенінің белін қайыстырған ұлық өркениетіне зер салған жан баласы адамзат тарихының біз шеше алмаған жұмбақтары әлі де көп екеніне шүбә келтірмес. Соның бірі «Алтын адам» бейнесі. Қазақ топырағының төрт тарабынан да Алтын адамның табылуы –тарихи сананың бетбұрыс жасар тұсы болса керек.

1 КЕЗЕҢ «ҚАНАТ ҚАҚТЫ ». Бұл кезеңінің тақырыбы «Алтын адам» деп аталады.

10 сұраққа жауап.

Команда капитандар сайысы ..............................1мин 10 сұраққа жауап береді.

1. Алғашқы алтын адам қай жылдары өмір сүрген дерек бар. (б.з.д Ү-ІҮ ғ. өмір сүрген)

2. Алғашқы Алтын адамның киімінде не бейнеленген? (Әшекейлер барыс,бұлан,таутеке, арқар, ат, түрлі құс)

3. Екінші Алтын Адам қай жылы қай жерден табылды табылды? (1999 жылы, Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымында табылды.))

4. Екінші Алтын Адамды зерттеген археолог ? (Зерттеушісі археолог З.Самашев 1999 жылы)

5. Үшінші «Алтын адам» кім- (сақ патшасы)

6. Үшінші Алтын адамды кім зерттеген? (археолог-этнолог,профессор, тарих ғылымының доктры Әбдеш Төлеубаев бастаған)

7. Үшінші Алтын адам қай ғасырға жатады?. (Шілікті патша қорғанынан табылған. Алтын адам Б. Д. Д. ҮІІІ ғ. аяғы мен ҮІІ ғ. басындағы жәдігерлердің бірі. Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі)

8. Үшінші Алтын адамның табылған жерінің тарихтағы атауы? Бұл жәдігер тарихқа Бәйгетөбе деген атаумен енді.

9. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адам кім? –Сақ жауынгері.

10. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамның жанынан не табылды? Қазба жұмыстары барысында жүзге жуық белдіктің әшекейі, сегіз арыстан бейнесі, жиырмаға тарта құйма алтын, түрлі формадағы әшекейлер, айдаһар пішіні сомдалған алтындалған зат, секіруге бейімделген қабан)



...........................тобының басшысы.

1. Алғашқы Алтын Адам қай жылықай жерден табылды? (1969 ж, Алғашқы алтын адам Қазақстанның қай жерінен табылды? Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған.)

2. Есік қорғанынан табылған алтын адамды кім зерттеген? Тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев

3. Есік обасына жерленген адам кім? Жерленген адам- 17-18 жас шамасындағы темір дәуірінен сақталған сақ ханзадасы.

4. Екінші Алтын адам кім? ( Аралтөбеден табылған сақ көсемі.)

5. Есік қорғанынан қанша әшекей табылған ( Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлер мен безендірілген.)

6. Үшінші алтын адам қашан қайдан табылды? Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының Шілікті жазығынан табылған.

7. Төртінші Алтын Адам қайдан табылды? Қарағанды облысына қарасты Талды-2 қорымындағы қазба жұмыстары кезінде табылған

8. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды зерттеген кім? Зерттеуші, археолог Арман Бейсенов.

9. Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық санықанша? (4303 данадан тұрады.)

10. Тарихшылар төртінші алтын адам табылған аймақты қалай атайды? Қорымды Патшалар даласы деп атады.

1-ші турдың Ұпай санын белгілеу .

Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар»- құнды жәдігерлер. «Алтын киімді адамдар»- мәдени -тарихи мұралар. «Алтын киімді адамдар»- тарихи құндылықтар. «Алтын киімді адамдар»- тарихи деректер. «Алтын киімді адамдар»- тұнып тұрған көне тарихи шежіре. «Алтын киімді адамдар»- өз дәуірінің лауазымды тарихи тұлғасы. Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар»- қилы тарихымыздың даңқын алысқа жеткізген асыл сүйекті бабаларымыз.

.........................................................................................................................................

2. «САМҒАУ» кезеңінің тақырыбы «Аң стилі» деп аталады. ұпайы көп команда бастайды. 5 минут сұрақ беріледі.

Әр командаға 5 сурақ беріледі. Жауап таңдауға 1минут, жауап берілмеген жағдайда қарсы топ жауап береді.

...........................тобы.

  1. «Аң стилі» қай ғасырда пайда болды? Б.з.б. 7 ғасырда.

  2. Сақтар «Аң стилімен» қайда таныс болды? Алдыңғы Азияға жасаған жорығында

  3. «Аң стилі» қай ғасырда жойылды? Біздің заманымызбың басында жойылды.



...........................тобы.

  1. «Аң стилінің» негізгі тақырыбы не болды? Аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу.

  2. Сақтар алдыңғы Азияға жасаған жорығында нені меңгерді? Сақтар «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесін меңгерді.

  3. «Аң стилі» немен жалғасты? Тотемизммен.

.........................................................................................................................................

3 КЕЗЕҢ: «ШАРЫҚТАУ» кезеңінің тақырыбы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деп аталады. Мәтін беріледі. Соны құрастырып оқу керек.

...........................тобы.

  1. Б.з.б. ІІ мың жылдықта Қазақстан территориясында қола дайындау технологиясы дайндалды. Өндіріске металл құралдарының енуі: еңбек өнімділігін арттырды, дөңгелекті ойлап табуға сеп болды. Адамдар табиғи мысты балқытып, оған қалайы қосты. Солай қола өндіруді үйренді. Қола – тастай қатты, әрі сары түсті әдемі болды. Одан жасалған бұйымдар тас пен мыстан жасалған еңбек құралдарынығыстыра бастады. Тарихта бұл кезең қалай аталады? Қола дәуірі.

...........................тобы.

Мыс өндіру әдісі былай орындалған: кен орнының алдында от жаққан, кен қызғаннан кейін оған су құйған. Оның нәтижесінде тас шытынап, уытылған, сөйтіп біршама босаған. Бұдан соң тас және қола қайланың немесе ағаш сынаның көмегімен кенді опырып, тас балғамен ұсақтаған. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын орналасты. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Көне заманда 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Шығыс Қазақстанда Нарын мен Қалба кен орнында 1100 тонна шығарылғанын жазған ғалым? Қ.И.Сатбаев.

.........................................................................................................................................

4. КЕЗЕҢ: «ШЫРҚАУ» кезеңінің тақырыбы «Түркі әлемінің бесігі» деп аталады. Бұл кезеңде оқушыларға кесте беріледі, кестені бағандар бойынша толтырады.

...........................тобы.

қ\с

Мемлекет аты

Өмір сүрген жылдары

Негізін салушы

Территориясы

1

Түрік қағанаты

522-603жж.

Бумын

Шығыста-Алтайға,

Батыста-Каспийге дейін.

2

Батыс түрік қағанаты

603-704жж

Шегу, Тон.

Үйсін жері.

3

Түргеш қағанаты

704-756жж.

Үшлік

Ташкент, Шығ.Түркістан, Бесбалық, Турфан қалалары

4

Оғыз мемлекеті

9ғ соңы-11ғ басы

Шахмәлік

Баатыс Жетісу мен Сырдария аумағы



...........................тобы.

қ\с

Ғалымдар

Өмір сүрген жылдары

Туған жері

Шығармасы

1

Әбу Насыр Әл-Фараби

870-950жж

Отырар

Трактаттар

2

Махмұт Қашқари

1030-1090жж

Қашқар

Түркі елдерінің сөздігі

3

Жүсіп Баласағұн

1021-1075жж.

Баласағұн

Құт негізі - білік

4

Қожа Ахмет Йассауи

1103-1167

Йассы

Диуани хикмет., Даналық кітабы.



.........................................................................................................................................

  1. КЕЗЕҢ: «СЕРПІЛУ» кезеңінің тақырыбы «Атқа міну мәдениеті» деп аталады

...........................тобы.

  1. Көшпелілер жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалығы? Үзеңгі мен ауыздық

  2. Жылқы тұңғыш рет Қазақстанның қай аймағында қолға үйретілді? Солт. Қаз. Ботай тұрағы.

  3. Жылқы малы қа ймемлекеттің тұсында байлықтың негізгі көрсеткіші болды? Қыпшақ хандығында

...........................тобы.

  1. Үзеңгі мен ауыздықты алғаш жасаған тайпа? Ғұндар

  2. Қыпшақтардың жылқылары 100 динардан 500 динарға дейін қа ймемлекеттерде сатылды? Иран, Ауған, Египет, Үнді.

  3. Шілікті жеріндегі үлкен обадан мәйіт және қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шыққан. Бұл қай оба? Берел қорымы.

  4. 6. КЕЗЕҢ: «Жер ұйық» кезеңінің тақырыбы «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. 5 сұрақ.

...........................тобы.

  1. Ұлы жібек жолы қашан қалыптасты? Б.з.б. 2 ғ.

  2. Оңтүстік-батыс тармағын атап бер: Испиджабтан- Шаш- Самарқан-Бұқара қалалары арқылы Батысқа өтіп кетеді.

  3. Ұлы жібек жолының алғашқы тауары? Лазурит пен нефрит тасудан

  4. Ұлы жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған қалаларды ата? Испиджаб, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн.

  5. Ұлы жібек жолын әлемдік мұралар тізіміне енгізген халықаралық ұйым? ЮНЕСКО





...........................тобы.

  1. Ұлы жібек жолы қайдан бастау алды? Қытайдан

  2. Отырардан шыққан жолдар: Отырар- Сырдария арқылы- Васидж-Сырдан жоғары - Сүткент- Шаш - төмен қарай Жент қаласы.

  3. Ұлы жібек жолының басты тауары? Жібек

  4. 7 ғасырда Қытайдың жол көрсеткіш кітапшасында «Ақ өзендегі қала» деп қай қаланы атады? Испиджаб-Сайрам

  5. Ұлы жібек жолының жалғасы, елбасының бастамасымен жүзеге асқан жол? Батыс Еуропа-Батыс Қытай

....................................................................................................................................

7. КЕЗЕҢ: «Үй жұмысы» кезеңінің тақырыбы «Қазақстан алма мен қызалдақтың отаны» деп аталады. Топ мүшелері үйде отындап келген постерлерін қорғайды.

Ойын қортындысын шығару.

«Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту- еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтты.

















Сабақтың тақырыбы:

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Мұғалімнің аты-жөні: Досимова Г.

Күні: ...........................

СЫНЫП: 7

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.4.2.2 – Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Бағалау критерийі

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы рөлін анықтау.

Жiбек жолының Қазақстан жерiндегi қалалардың дамуындағы рөлін анықтау.

Тілдік құзіреттілік

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қыпшақ хандығы


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.


Сәлемдесу


Жаңа білім

10 минут





Білу және түсіну

«Кім көп біледі?» әдісі

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы толық әңгімелеп береді.

Ұлы Жібек жолы.

Қытай жазба деректерінде Б. З. Б II-Iғ Үйсін мемлекеті Қытаймен араласты.

Б. З. Б I ғ. ортасы алғашқы рет Қытай елінен батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шықты.

Б. З. Б II ғ орта халықаралық дипломатикалық қатынастар дамыды.

Қытай императоры У Ди 138 ж. батысқа елшілік жібереді.

13 жылдан соң елге оралады. Иран шахына Қытай императорынан жібектен жасалған киімдер жіберген.

VI ғ. бастап Еуразияға, Түрік қағанатына белгілі болды.



Дискриптор:

  1. Ұлы Жібек жолының шығу кезеңін біледі.

  2. Ұлы Жібек жолының қай жерден басталғанын біледі.

  3. Ұлы Жібек жолының қай елдермен дипломатиялық қатынас жасағанын біледі.




Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.


Сансыз қымбат жүк тиелген, Мыңдаған алып түйелер, келе жатыр бай керуен. Жүз сары нарға дирхем артса, Қырық нарға динар артқан. Ең керемет мускус пен алойыны, Ғажап жібек маталарды, Иран мен Мысыр керуені артқан- Тағы бар отыз түйесі.


Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы


Дәйек сөз:

Өз еліңді әрбір ұсақ-түйегіне дейін ерекше де өте қымбат, сүйкімді сезінбесең-адамдық мінез де жоқ. Бұл сезім риясыз және біздің жан-дүниемізді барлық нәрсеге деген ұлы ынта-ықыласқа толтырады. К.Г.Паустовский


Жоспар:

1. Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.

2. Оңтүстік Қазақстан - Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.

3. Қазақстандағы Қазақстан - Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.


Байырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Бұрынғы кезде сауда жасау үшін түйемен ғана жүрген .Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктерген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған.


Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Ең негізгі сауда жолы Тянь – Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қара теңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр.


Ұлы жолының бойымен таныстыру және тірек-сызбамен жұмыс


Оқушыларды топқа бөлу.


1-Ұлы тобы, 2-Жібек тобы, 3-Жолаушылар тобы.

Әр топтар өз жұмыстарын қорғап шығады.


Жоспар бойынша әр тақырыпты топтарға бөліп беру және оқып шығу үшін 5 минут уақыт беру. Уақыт өткеннен кейін әр топқа парақша үлестіріп оқып шыққандарын парақшаға Ұлы Жібек жолының тармақтарын осы парақшаға салып шығу.

1-топ. Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.

2-топ. Оңтүстік Қазақстан - Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.

3-топ. Қазақстандағы Қазақстан - Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.


Жеке жұмыс.

"Тарихи домино"ойыны

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген әсері

Тиісті орнына қой

1. Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар .......................................қаласынан табылған.

----------------Талғар

----------------Тараз

----------------Түркістан

2. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы ................................... .........................................................сияқты ортағасырлық қалалардан табылған.

----------------Тараз, Испиджаб, Отырар

----------------Талғар, Тараз, Отырар

----------------Талғар, Испиджаб, Отырар

3. Ұлы Жібек жолының .............................................................. сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт–медреселердің орындары табылған.

----------------Тараз, Баласағұн, Испиджаб

----------------Отырар, Тараз, Испиджаб

----------------Тараз, Испиджаб, Талғар

Дискриптор:

  1. Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылғанын біледі.

  2. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған ыдыстардың қайдан табылғанын біледі.

  3. Қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт–медреселердің орындары қайдан табылғанын біледі


"Көш керуен" ойыны. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Жібек жолы қайдан басталады?

2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?

3. ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?

4. Жібек жолының Жапониядағы сілемі?

5.

6. Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?

7. Б. з. б. ІІ ғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император?

8. Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?

9. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?

10. Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты?

Дискриптор:

  1. Жібек жолы қайдан басталғанын біледі.

  2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекелес болғанын біледі.

  3. Жібек жол арқылы таралған діндер туралы біледі.

Картамен жұмыс:


Дискриптор:

  1. Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының сілемдерін көрсете алады.


Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


































Экраннан Жібек жолының картасы көрсетіледі

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут












Бағалау


5 минут


Жаңа тақырыпты бекіту сұрағы:

«Иә –Жоқ»ойыны .


1 Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан (Жоқ)

2 Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. (Иә)

3 Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. (Жоқ)

4 Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б. з. б. V-II ғасыр аралығы (Иә)

5 VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. (Жоқ)

6 Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа (жоқ)

7 Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. (Иә)

8 Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. (Иә)

9 Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала (жоқ)

10 Батыс елдеріне алғаш керуендер б. з. б. ІІ ғ. Ортасында жолға шықты (иә).

Дискриптор:

  1. ҰлыЖібек жолы сөзінің шығу тарихын біледі.

  2. ҰлыЖібек жолындағы сауда-саттық туралы біледі.

  3. ҰлыЖібек жолымен жүріп өткен саяхатшыларды атайды.

  4. ҰлыЖібек жолының шығатын қақпаларын біледі.


БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді












Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.






Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс



Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəненеліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Алтын адам»


Сынып: 5

Сабақ

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:


Сабаққа қатыспаған оқушы саны:

Оқу сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Алтын адам туралы тереңірек түсіндіру,тарихи шындыққа қысқаша шолу жасауға мүмкіндік беру.


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Алтын адам жайлы айта алады

Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

Әшекей,бедерленген,құйма алтын,құмыра,алқа

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Алтын адам Қазақстанның қай өңірінде табылды?

2.Алтын адамның бас киімінің ұзындығы қанша болды?

3.Алтын адамның бейнесін көргенде естеріңе не түседі?

Ресурстар

Видеоролик,мультимедиялық слайдтар.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



Сабақтың басы










Тірек сөздер бойынша топтарға бөлемін.

Оқушылар сөздер қиындыларын алып, топтарға сол сөздер бойынша бөлінеді.


Оқушыларға тақтадан Алтын адамның суретін көрсетемін



«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларды сөйлету.


1.Мына сурет таныс па? Ол туралы не білесіңдер?

2.Қазақстан жерінен осындай мұраның нешеуі табылған?

Кіріспе сөз:Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды.











Сабақтың ортасы







Сөздікпен жұмыс. Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын.

1.әшекей-украшение

2.бедерленген-орнаментированный

3.құйма алтын-слиток золота

4.құмыра-кувшин

5.алқа-кулон


2. Мәтінмен жұмыс.

А) Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыдағаннан кейін оқушылар оқып шығады. Мәтіннің әр ой бөлігіндегі ақпаратты талдайды. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрады.


3. Мәтінмен жұмыс.

Топтық жұмыс. «Оймоншақ» Топқа бөліп,мәтіннің ішіндегі есімдіктерді табады.


«Қарлы кесек» мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ құрастырады.


Жұптық жұмыс. Алтын адам туралы жұппен диалог құрастырады.


«Алтын адам кім» ? деген сұраққа жауап беру,оны сызба түрінде жаз.

Shape1 Shape2 Shape3


Shape4

Алтын адам





Shape5

Алтын

Shape8 Shape6 Shape7






Сабақты бекіту: Барлық сабақта айтылған мәліметтерді қайталап айту.Бір біріне сұрақтар арқылы қаншалықты сабақты түсінгендерін дәлелдеу.























Сабақтың соңы.





Формативті бағалау. Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Үйге тапсырма: Жаңа сөздерді жаттау.Досыма хат Алтын адам туралы жазу.





ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта алғанда, Қазақстанның болашақта отыз елдің қатарына енуі үшін әлемдік нарыққа шығу және оны жүйелі жүргізіп, дамытудың ғылыми да, өмірлік те маңызы өте зор. Яғни, елімізде аймақтық және құрлықтағы нарықты игерудің тарихи негізі ерте заманнан қалыптасқан. Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал Қазақ халқымыздың сан ғасырлық тарихы сонау тереңде жатыр. XXI ғасырға қандай дәрежеде аяқ ала бастағанымызды білу әр перзенттің міндеті. Әлемдегі әр түрлі халық өз мәдениетін, салт-санасын жоғарғы дәрежеге қояды. Қазіргі таңдағы жеткен жетістіктеріміз ата –бабаларымыздың ерең еңбегі мен қажымас қайратының арқасында.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтыңайтуы бойынша: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.» Қазақ халқымыз бай халықтардың бірі. Кең байтақ жеріміздің жеті қырын айтып өту өте маңызды. Тарихтың сонау терең сахынасына үңілсек, халқымыздың киелі саналатын төрт түліктің бірі жылқының адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланады. Бұл түлік адманың жан серігі айырылмас досы. Атқа міну салтын да негізін қалаған біздің халық.Этнографиямызға шолу жасасақ халқымыздың қаншалықты бай екенін анық байқай аламыз. Салт дәстүріміздің ерекшелігін, ұлттық аспабымыз домбыра, қобыз үнін естігенде тебіренбейтін жан жоқ, сірә!? Халқымыздың тілі өте бай. Оның бірден бір дәлелі: М. Әуезвтың «Абай жолы» роман эпопеясы. Ұлы жазушы бұл туындысында бір сөзді екінші рет қайталамай жазуының өзі тіліміздің бай екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл туындыда халқымызың әдет- ғұрпы, салт- дәстүрі айқын көрсетілген.Сан алуан халық өз әлеменің кереметімен мақтан тұтады, ал мен үшін әлемдегі ең бай халыңтардың бірі- қазақ халқы. Еліміздің одан әрі көркейуіне әр адамзат баласы ат салысса біз одан әрі жоғары белестерді бағындыра аламыз. Биік шыңдарды бағындырамыз.  «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар» дегендей тәрбие мен оқу қатар жүріп, дамып, өрбіп отыратын процесс. Тәрбиесіз берілген білім ертеңгі ұрпақтың үлкен қайғысы. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жариялық жағдайында білім мен тәрбиенің ұлтымыздың озық дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделуіне айырықша ден қойылуы тиіс. Себебі: жаңашыл (инновация) мектептерде, педагогикалық білім берудің мақсат, міндеттерін толық анықтау, білім мазмұнын жаңалау, оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңа  мазмұндағы  оқу, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жасау жұмыстары Республика ғылымдары  мен көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының назарында. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды  ұйымдастыруда  мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн.

“Біз өзіміздің  болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді,  осыны айқындап алатын уақыт жетті”, – деп көрсетілген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық  бағдарламасында. Ендеше еліміздің  ұлттық қоғамды кемелдендіру үшін ел болашағы- жас ұрпақты ұлттық тағылым қағидалар негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру шарт.

Ал   ұстаздар  қауымына  ең  бастысы, оқушылар өзінің Отаны Қазақстан патриоты  болуды, азаматтық белсенділігін көрсетуді, саяси  жүйені түсінуді, болып жатқан  әлеуметтік жағдайларға баға  бере білуді  қалыптастыру  бағытында  еңбектенуді қажет  етеді.



















Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы әдістемелік журналы.2017 жыл №2,

  2. 2018 жыл №1-12, 2019 жыл №1

  3. Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 класс оқулық.Авторлары: Ж.О.Артықбаев,Ә.Ә. Сабданбекова, Е.А.Әбіл.Алматы. «Атамұра» 2015жыл

  4. 3.Ежелгі дүние тарихы 6 класс оқулық. Авторлары:Т.Төлебаев,Р.Құсайынова,М.Дәкенов .Алматы «Атамұра» 2011 жыл

  5. Әдістемелік құрал .Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпаратық технологиялар институты.Баспаға дайындаған -Р.Ө.Мәрсәлі.

Қызылода 2003 жыл.

  1. Толығырақ: https://egemen.kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-uly-dalanynh-zheti-qyry

  2. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті Ұлы даланың жеті қыры мақаласынан.

  3. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

  4. Акишев А. К. «Костюм „Золотого Человека“ и проблема катафрактария»

  5. https://elana.kz/

  6. Акишев К. А., Акишев А. К. «Происхождение и семантика иссыкского головного убора». — («Археологические исследования в Казахстане». Алма-Ата, 1979. деген кітабінда.) ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

  7. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

  8. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

  9. "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

  10. https://adebiportal.kz/kz/news/view/20947













Глоссарий



Әкімдер - Қарахан мемлекетіндегі отырықшы егіншілікпен айналысатын аудандарды басқаратын адамдар лауазымы.

Жабғу - оғыз тайпасының ерте ортағасырлық феодалдық мемлекетінің билеушісінің лауазымы.

 Құрылтай - түркі халықтарында хандар саулауын өткізу немесе басқа да ірі мәселелерді шешу үшін өткізілетін жиналыс.

Манап - қырғыздардың ру шонжарлары..

Үлес - Қарахан мемлекетінде ірілі-ұсақты өңірлерге бөлінген феодалдық жер иеліктері.

Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Тоныкөк тас жахуы - VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Ұлы Жібек жолы – сауда – керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.д. ІІ ғасырдан XVI ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырыды.

«Шығыснама» - Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған шежіре.

Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу

Этникалық қауымдасық – адамдардың әлеуметтік тұрықты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт, т.б. түрінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.

Арыстан-баб кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған.

Ахмет Йассауи кесенесі – қарахан дәуірінде(ХІІғ), кейін оның қираған іргесіне Әмір Темір бұйрығымен XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.

Күлтөбе – жазба деректерде «Жылан-Қарауыл» атанатын ХІІІ-XVІІІғасырлардағы бекініс. Шымкент облысы, Созақ ауданында рналысқан.

Қостөбе – Отырар алқабындағы ерте ортағасырлық қала (І – VІІғ.). Арыс өзенінің сол жағалауында, Шәуілдір кентінен оңтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан.

Отырар – ортағасырлық қала. Сырдарияның орта алқабында, темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Түркістан (Йасы) – ортағасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстік батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жақ аңғарында орналасқан. XІІ-ХІV ғасырларда қала Йассы атанды.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
29 тамыз
2624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі