жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық жоба."Оқу үдерісін жаңарту аясында мұғалімдермен жүргізілетін ағарту жұмыстарының тиімділігі"
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
«Қызылдала» жалпы орта мектебі
Жобаның тақырыбы:
«Оқу үдерісін жаңарту аясында мұғалімдермен жүргізілетін психологиялық ағарту жұмыстарының тиімділігі»
Бағыты: «Психологиялық сандықша»
Автор: Орынбаева Айымгуль Турсыновна
Қызметі: педагог-психолог
Мекен-жайы: Қызылдала ауылы, Ж.Молдағалив №7
Байланыс телефоны: 8775 150 80 74
(72539 34-1-22) e-mail: mektep – kizildala @ mail.ru
А в т о р т у р а л ы м ә л і м е т

Аты-жөні: Орынбаева Айымгуль Турсыновна
Білімі: жоғары, ОҚПУ
Қызметі: педагог-психолог
Біліктілік санаты: І
Педагогикалық еңбек өтілі : 17,1 жыл
Наградалары:
Облыстық білім басқармасының «Алғыс» хаты 2017 ж Аудандық білім бөлімі «Алғыс» хаты 2013 ж Аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хаты 2014 жыл Аудандық салалық білім мен ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «Алғыс» хаты 2015 жыл . Аудандық білім бөлімінің «Құрмет Грамотасы» 2015 жыл ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру бойынша Сертификат 2016 жыл
Аннотация
Педагог-психолог Орынбаева Айымгуль Тұрсынқызының «Оқу үдерісін жаңарту аясында мұғалімдермен жүргізілетін психологиялық ағарту жұмыстарының тиімділігі» тақырыбында жазылған авторлық жобасы оқытудың озық технологиялары мен әдістемелерін жетілдіруге, мұғалім мамандығының дәрежесін өсіруге, қазіргі заман талаптарына сай «мінсіз оқушы» яғни білім,білік, дағдылары қалыптасқан функционалды сауатты тұлғаны дайындауға бағытталған.
Бұл жоба кіріспе, зерттеу бөлімі мен қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспеде мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары, міндеттері және оны жүзеге асыру формалары баяндалған. Зерттеу бөлімінде жыл бойы мұғалімдермен жүргізілген шебер сынып сабақтарының жобасы көрсетілген. Қорытынды бөлімінде шебер сыныптарды жүргізудің тиімділігі мен нәтижесі сарапталған.
Аннотация
Авторский проект написанное педагогом-психологом Орынбаевой Айымгуль Турсыновны по теме «Эффективность психологической работы с педагогами в контексте обновление учебной программы» направленное на совершенствование передовых технологий и технологий обучения, повысить степень прфессии учителя, соответствовать современным требованием, «идеальный ученик» то есть формируются знание и навыки обучению функционального персонала.
Этот проект состоит из вводной, иследовательской и заключительной части. В вводной части изложены направление психологической работы в школе, обязанности и его формы реализации.В исследовательском разделе показаны уроки мастер-классов проведенные учителями круглый год. В заключительном разделе анализируется результат эффективности проведения мастер-классов.
«Жаңадан жаңаны табуға ұмтылу –
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесінің талабы»
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кездері үлкен назар аударылуда, себебі мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, мұғалімдер мен ата-аналардың көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге сұраныс туындауда. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған елеулі мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінде Елбасымыздың алға қойған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасы – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Соның ішінде 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектепте оқытудың стандарттарын жаңғырту, білікті педагог кадрлар дайындау кеңінен қарастырылуда.
Педагог-психологтың негізгі міндеттерінің бірі - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы орта тудыру болып табылады.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындауды көздейді. Осы мақсатта мұғалімдерге психологиялық ағарту жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуі керек. Бұл деген мектептің білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мәнмәтін аясында өрістелуі тиіс.
Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.
Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, психологиялық қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қиындықтары мен шешілмеген мәселелері өте көп. Психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері іріктелуде. Сондықтан психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда үйлестіре ұйымдастыра білуі қажет.
Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері және оны жүзеге асыру формалары
1.Психологиялық диагностика — оқушының, ата – ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті – педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет.
2.Психологиялық ағарту – мұғалім, ата-ана, оқушыны психологиялық біліммен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру. Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу.
3.Психологиялық алдын алу (профилактика) – мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары. Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.
4.Психотүзету (психокоррекция) және дамыту — түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.
5.Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу – диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
Менің бүгінгі ұсынып отырған жобамда оқу үдерісін жаңарту аясында әріптестер тәжірибесіне өзгеріс енгізу, кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру көзделіп отыр. Жоба психологиялық ағарту бағыты бойынша жоспарланған.
П
сихологиялық
ағарту жұмыстары (мұғалім, ата-ана, оқушыны
психологиялық біліммен қамтамасыз ету, жаңалықтарды
жеткізу)
Оқушылармен Мұғалімдермен Ата-аналармен

Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі
Пажаре
с
Педагогикалық ұжымда ынтымақтастық атмосферасын құру
Э.Харгривздің 4 моделін қарастыра отырып, педагогикалық ұжымды зерттеу және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
1.Дарашылдық – мұғалімнің мектепке келіп, өз кабинетінде жұмыс жасауы.
Мұғалімдермен мейлінше аз сөйлесіп, аз қарым-қатынаста болуы.
2.Билік күші – жоғарыдағы билік күшімен ынтымақтастықта жұмыс жасау, іс-
әрекеттің жасанды формасы.
3.Мұғалімдерді топтарға бөліп қарастыру. (Балканизация) – мұғалімдер
көзқарастарына және жас ерекшеліктеріне қарай топтасады.
4.Ынтымақтастық мәдениеті – бұл мұғалімдердің бастамасымен, солардың
қолдауымен болады, олар көмектерін өздері ұсынады. Ынтымақтастық
формасы дегеніміз - осы

Бағдарламаның мақсаты: әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында мұғалімдердің алатын орнын нақтылау,кәсіби дамуын жетілдіру, психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
-
Әріптестерге оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы нақты түсінік қалыптастырып, оларды іске асыру үшін қажетті дағдыларды меңгеру жолдарын көрсету.
-
мұғалімдерді оқыту саласына қатысты зерттеулермен таныстырып, талдау жасауды, қарастырылған зерттеулерді қажеттілігіне орай өз тәжірибесінде пайдалануға үйрету.
-
Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті мұғалім бейнесін қалыптастыру;
-
Мұғалімнің өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы кәсіби дамуына қолайлы жағдай туғызу;
-
Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып, мұғалімдердің таным-ізденушілік қаблеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру.
-
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау.
Түйінді идеялар: оқыту үдерісінде мұғалімдермен жүргізілетін психология- лық ағарту жұмыстарының тиімділігін арттыру. Күтілетін нәтиже:
-
Табысты оқытуға қол жеткізу үшін мұғалімдер заманауи оқытудың әдістері мен тәсілдерін, инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады.
-
Сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін арттыру жолдарымен танысады, сол арқылы балалардың қызығушылығы мен бейімін анықтай алады; дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс әдістерімен таныс болады.
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Мақсаты |
Сағ саны |
Өтілу мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
Оқыту мен оқудағы кедергілер және шығу жолдары |
Оқудағы кедергілерді анықтау және шығу жолдарын түсіндіру |
1 |
20.01 |
П.Мырзаева |
|
2 |
Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта диалогтік оқытудың маңызы |
Мұғалімдерге диалог түрінде оқыту туралы түсінік беріп, әңгімелесудің үш түріне сипаттама жасау. |
1 |
27.01 |
С.Ағманова |
|
3 |
Выготский ЖАДА барысындағы тапсырмалардың орындалу деңгейі.Көпіршелер және олардың ЖАДА-ға қатынасы. |
ЖАДА барысындағы тапсырмалардың орындалу деңгейін анықтау |
1
|
03.02 |
Э.Жаңабай |
|
4 |
Тәжірибені түрлендіру.Қуатты педагогикалық құралдар:метатану және қалай оқу керектігін үйрену. |
Оқушыларды метатану арқылы оқуға бағыттау |
1 |
10.02 |
Ж.Жаназарова |
|
5 |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы табысты оқытуға қол жеткізу |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы табысты оқытуға қол жеткізудің жолдарын үйрету. |
1 |
17.02 |
Б.Өтеева |
|
6 |
Мінсіз мұғалімнің қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу. Пажарестің «оқыту сызбасы» |
Сұрақ қоюдың маңыздылығын түсіндіру. |
1 |
24.02 |
Ж.Мырзабекова |
|
7 |
Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу |
Жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалардың берілуін саралау |
1 |
03.03 |
Ж.Кушерова |
|
8 |
Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары |
АКТ-ны қолданудың тиімділігін үйрету |
1 |
10.03 |
Қ.Қадырбаев |
|
9 |
Оқу үшін бағалаудың маңызы.Интерпрет. |
ОүБ-дың маңыздылығын түсіндіру |
1 |
17.03 |
Р.Оңалбаева |
|
10 |
Тәжірибені түрлендіру.Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар қоюдың маңызы. |
Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылату, зерттеу, тәжірибе алмасуға бағыттау. |
1
|
24.03 |
Б.Саутова |
|
11 |
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім.Шульманның «үш көмекші» қағидасын сабақта тиімді қолдану |
Шульманның «үш көмекші» қағидасын сабақта тиімді қолданужолда рын үйрету |
1 |
31.03 |
Н.Сазекова |
|
12 |
Оқыту үдерісін жақсарту үшін кері байланысты тиімді қолдану. |
Мұғалімдерге кері байланыстың классификация сы мен әдістерін ұғындыру. |
1 |
07.04 |
Г.Әміреқұлова |
|
13 |
Сыныпты басқару және көшбасшылық |
Сыныпты басқару және көшбасшылық ты дамыту жолдарын үйрету. |
1 |
14.04 |
А.Лесбаева |
|
14 |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сабақ барысында Б.Блум таксономиясын жүйелі қолдану жолдарын үйрету. |
Сын тұрғысынан ойлаудың негізгі түсініктері мен әдіс-тәсілдерін істәжірибеде қолдану. |
1
|
21.04 |
А.Үркімбаев |
|
15 |
Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу. |
Орта және қысқа мерзімді жоспарлау түзуді жүйелеу. |
1
|
28.04 |
Ж.Мамаева |
|
16 |
Критерий арқылы бағалауды сабақта тиімді жүргізу. |
Критерий арқылы оқытудың тиімділігін анықтау, критериалды оқыту тәсілдеріне дағдыландыру. |
1
|
05.05 |
Ж.Қадырбаева |
|
17 |
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. |
Диалог арқылы сыни ойлаға жетелеудің маңыздылығы |
1
|
12.05 |
П.Көпбаев |
|
18 |
Оқушылардың метатану қабілеттерін дамыту жолдары |
Оқушыларға ақпарат бере отырып, метатану қабілет. дамыту |
1
|
19.05 |
Ж.Үркімбаев |
Сіздердің пікіріңізге сәйкес келетін кесте тұстарына
жауап беруіңізді сұраймыз.
|
|
Пайымдау |
иә |
жоқ |
Қолдаймын себебі, |
Қолдамай- мын себебі, |
Жауап беруге қинала мын |
|
1 |
Соңғы кезде сабақ жоспарын жазу, сабақ беру стиліңіз өзгерді ме? |
|
|
|
|
|
|
2 |
Деңгейлік курстарды бітірген әріптестеріңіздің түсіндірмелерін толық түсінесіз бе? |
|
|
|
|
|
|
3 |
Жаңаша білім беру сізге ұнай ма? |
|
|
|
|
|
|
4 |
Топтық жұмысқа деген көзқарасыңыз қандай? |
|
|
|
|
|
|
5 |
«Ұстаз – жаңалықтың жаршысы» дегенді қолдайсыз ба? |
|
|
|
|
|
|
6 |
Көпшілікпен бірге жұмыс істеуге үлгересіз бе? |
|
|
|
|
|
|
7 |
Дәстүрлі әдіспен жұмыс жасауды ұнатасың ба? |
|
|
|
|
|
|
8 |
Әріптестеріңізге жаңа технология бойынша жәрдемдесесің бе? |
|
|
|
|
|
|
9 |
Әріптестеріңізден кім сізге жәрдемдеседі? |
|
|
|
|
|
|
10 |
Мектепте кейінге кезде орын алған ахуал сізге ұнай ма? |
|
|
|
|
|
|
11 |
Мәселеңізді әріптестері-ңізбен талқылауды ұната-сыз ба? |
|
|
|
|
|
|
12 |
Кейінгі кездегі оқушы-ларды бағалаумен келісесіз бе? |
|
|
|
|
|
|
13 |
Өзіңе және басқалардың іс-әрекетіне сын көзбен қарауды үйрендіңіз бе? |
|
|
|
|
|
|
14 |
Ұстаз құзіреттілігін арттыру үшін не қажет деп ойлайсыз? |
|
|
|
|
|
Мұғалімдермен жүргізілген «Б.Блум таксономиясын таксономиясын сабақта жүйелі қолдану» тақырыбындағы сабақтан көрініс




«Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта диалогтік оқытудың маңызы»



Қорыта келгенде, қазіргі заман талабына сай ұстаз алдына қойылатын талаптар да өзгеше.Сондықтан мұғалім әр уақыт ізденіп, өзінің білімін жетілдіріп, жаңалыққа әуес болуы тиіс. «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір педагогтің өзі тәрбиелі болу керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді.
Осы жобаның негізгі міндеті – мектеп мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.Жоба барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Бұдан кейінгі оқуға арналған материалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Мұғалімдер, сондай-ақ, қажетті әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады.
Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсерi түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады: олар тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен білім берудің жақсартылған әдiстерi болып табылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген