15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Авторлық мақала "Еңбектен тапқан бақытын"
Еңбектен тапқан бақытын
/Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы №21 орта мектептің тәрбие ісінің орынбасары Үшкемпірова Динара Садыққызы жайлы бір үзік сыр/
Өн- бойынан тектілік пен адалдық аңғарылып тұратын адамдар болады. Үшкемпірова Динара Садыққызын солардың қатарына жатқызсақ, сірә, қателеспейміз. Ол- ұлағатты жолды таңдаған ұстаз. Арманы болған мамандықтың қыр-сырын жете меңгеріп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді.
Мен бүгін бақытын еңбектен тапқан жанның жетістігін айтпақпын. Әрине, еңбектен тапқан бақыт қашанда баянды болмақ. Динара Садыққызының жақсы қасиеті- еңбексүйгіштігі мен төзімділігі. Онымен етене араласпасаң да тындырымды тірлігіне қуанып, сүйсінесің. Онымен жақын таныса отырып ой бөліскің, сырласқың келеді.
-Жүгі ауыр, жауапкершілігі жоғары жұмысыма бармасам, біртүрлі қымбат нәрсемді жоғалтқандай боламын. Мүмкін, мұның бәрі еңбекке ерте араласқанымнан шығар?... Әкем Садық қарапайым жылқышы болған адам. Ал анам он баланы өмірге әкеп, бар ғұмырын солардың тәлім- тәрбиесіне арнаған ғажап адам болған деседі. Сол қымбат, жанашыр адамдарымнан, әкеммен екі жаста, анамнан тоғыз жаста қалыппын. Содан болар ерте есейіп, еңбекке араласқаным... Қандай іс болмасын ешқашан шаршаған емеспін. Керісінше, жұмыс істеуден тынығып, ләззат аламын,- дейді ол.
Динара Садыққызы- Жамбыл ауданы, Бесмойнақ ауылының тумасы. Осы ауылдағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектепті үздік аттестатпен бітірген. Алған білімін Қыздар педагогика институтында жалғастыра түсті. Дамыған қоғам білікті маманнан басталады. Ұстаз еңбегі жаспен, деңгеймен, мәртебемен өлшенбейді. Жас маман жүрегімен қалаған мамандықты табандылықпен атқаруға бар күш- жігерін жұмсады. Шәкірт жүрегіне үлкен із салып, тіл мен әдебиет пәніне құштарлығын оятқанына да он жылдың жүзі болыпты. Ол осы уақытта бала тәрбиесінің сан қырын терең меңгеріп те үлгерді. Даралығымен, мол тәжірибесімен әріптестері арасында үлкен беделге ие, ата- аналардың арасында абыройы асқақ.
Әр іске ерекше мығым, тыңғылықты ұстаз мақсатқа жету жолында алға ұмтылып келеді. Атақты ойшыл Эзоп «Адамға қажет нағыз байлық- еңбек ете білу» деген екен. Ол бәріне шыдай білді, төзімділік танытты, қанатын қомдаған қырандай тек алға ұмтылды. Соның арқасында жан қуанышы шабытқа бөлеп шалқытады. Халықта «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» - деген сөз бар. 2016- 2017 оқу жылында бітірткен шәкірттері Мұрат Бота мен Мирзакулов Тимур «Алтын белгі» иегері атанып, мектеп абыройын тасытты. Оқытқан шәкірттері ҰБТ қорытындысында жоғары білім сапасын көрсетті. «Дарын» бағытында да жүлделі орын алып жүрген оқушылары аз емес. Жұмысы жемісті Динара Садыққызы жанам деген жүрекке от беріп, шәкіртіне қолдау көрсеткеннен еш қажыған, талған емес. Айтар ойы айқын, білімін жан- жақты жетілдіруден шаршамайтын маман биік белестерден көрініп келеді. Республика, облыс, аудан көлемінде өткен шаралардан жүлделі оралып жүр. Ерінбей еңбек қылғанның жүзі жарқын болатынның айқын дәлеліндей.
Білімді де білікті маман аз ғана уақыттың ішінде биік белестерді бағындырып, оқушыларды алға жетелеп, мектеп атын жақсы жағынан шығаруға сүбелі үлес қосып келеді. Өз ісінің білгірі, білімді ұстаздың директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалғанына көп бола қойған жоқ. Айналасы екі-үш жылдың ішінде іскерлігі мен ұйымдастырушылық зор қабілеті үйлесім тапқан ол талай қиындыққа қарамастан, ісін дөңгелетіп отыр.Осы жылдың өзінде көптеген әдеби, мәдени, рухани шараларды ұйымдастырғанына куә болдым. «Ғасырдың үздік ақыны» Мұхтар Шахановпен өткізген кездесу кеші көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Сондай-ақ «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында мектеп мұғалімдерімен ұйымдастырған «Салт- дәстүрлер- асыл қазынамыз» шарасы әлі күнге ел аузында...
Иә, бақытқа жету жолы бір күндік шаруа емес. Ол да шынайы еңбекті қажет ететінін баршамыз білеміз.Тынымсыз еңбектің нәтижесінде көптеген шәкіртке білім мен мол тәрбие беріп, жол нұсқап, бағдаршам бола білген Үшкемпірова Динара Садыққызы бақытын еңбектен тапты. Заманның қай кезеңі болмасын әйел көтеретін жүк ешқашан жеңіл болған емес. Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері де сондай жүкті арқалап жүрген асыл жан. Оның өзіне тіреуі де, сүйеуі де бола білетін адамы бар. Оған бар қиындықты ұмыттыратын, жанына нұр құятын - қызғалдақтай құлпырып келе жатқан АЯЛАСЫ. Ендеше, осындай еңбегімен елеулі бола білген жанның абыройы асқақтай берсін делік...
Талғар ауданы №21 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сембаева Алтынкул Сатымбайқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген