Материалдар / Ауа Ауаның қасиеттері

Ауа Ауаның қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауа Ауаның қасиеттері
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні: 28.02.2025ж.

Білім беру саласы; «Әлеуметтік эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру»

Бөлімі; «Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы; «Ауа. Ауаның қасиеттері»

(зерттеу әдісі бойынша)

Мақсаты;Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру,тәжірибе арқылы ауаны, біздің айналамыздағы қоршап тұрғанына көз жеткізу. Қоршаған ортада және адам ағзасындағы ауа туралымаңыздылығын ұғындыру және оның ерекшелігімен қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру. Ауаны табудың бірқатар тәсілдерін игертуге жағдай жасау.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар; Слайд суреттер, бала санына қарай полиэтиленді қапшық,су құйылған стакандар, түтікшелер, бор, таяқша, пластмастан жасалған ойыншық,

Әдіс-тәсілдері; Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауаптар, нәтиже шығару.

Ұйымдастырушылық кезеңі;

Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі оқу қызметін мына өлең жолдарымен бастағым келіп тұр. Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Балалар, бұл өлең шумақтары не жайлы кім айтады? Бізді қоршап тұрған ортамыз жайлы яғни табиғат жайлы екен. Табиғат дегеніміз не? Бізді қоршап тұрған ортамыз. Оған тау, тас, құм,ағаш, су, өсімдіктер, жан-жануарлар жатады. Осыған орай біз табиғатты нешеге бөлеміз? (екіге) Өлі табиғат және тірі табиғат. Өлі табиғатқа; тау, тас, су, құм,ж.б жатады. Тірі табиғатқа; адам, ағаш, өсімдіктер, жан-жануарлар жатады. Ал балалар сендер неге машинаны, үйлерді айтпадыңдар? Яғни олардың барлығын адамдар қолдан жасайды екен.

Негізгі бөлім:

Балалар бізге бейне қоңырау шалып жатыр, бұл кімнен болды екен? Сәлем достар! Сендердің маған көмектерің керек болып тұр. Табиғат ананың екіге бөлінетінін білмеппін. Соның ішінде ауа өлі табиғатқа жатады екен, сондықтан ауа туралы толығырақ білгім келеді, Ал балалар, Шыңғысқа көмектесе аламыз ба? Иә. Ол үшін не істесек болады екен? Кім айтады? Олай болса, Шыңғыс сен бізге кел. Біз саған көмектесуге әзірміз. Шыңғыс; мен сендерге құр қол келген жоқпын, мен сендерге мына шарларды алып келдім. Олай болса шарларды достарыңа бере ғой. Ал балалар мен шарлармен қызық ойын білемін, ойнаймыз ба? Ал ендеше «Жұлдызқұрт» ойынын ойнайық. Кәне балалар екі топқа бөлінейікші. Әуен ырғағымен билейміз. Бір-бірімізге шарларымызды тигізіп әуен ырғағымен билейтін боламыз. Шыңғыс саған ойын ұнадыма? Олай болса, біз саған балалармен зерттеу алаңына бару үшін қолымыздағы шарлардың түстеріне қарай топтасайық. Балалар біз тәжірибе алаңына келдік. Олай болса балалар тәжірибе алаңында нені білу керек? Тәжірибе алаңында тыныштық сақтау керек және кедергілер келтірмеу керек. Жұмбақ; көзге көрінбейді, ұстасаң білінбейді. (ауа) Ал енді Шыңғыс досымызға кішкене ауа туралы мағлумат берейік. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, оңға, солға қараңдар ауаны көріп тұрсыңдарма? (Жоқ) Сонда ауа қандай екен? Көзге көрінбейді, түсі жоқ, кәне дем алып көрейікші ауаның исі бармекен.(жоқ) ауа иіссіз екен. Ал енді қолдарыңа полителин қалтаны алып көріңдерші,қандай екен? (жұмсақ, жұқа) Осы полиэтелин қалтаның көмегімен ауаны ұстап алып көреміз бе? Олай болса төменнен жоғары қарай ауаны ұстап аламыз. Полиэтелин қалтамыз неге ұқсап қалды? (қалтаға,мысыққа т.б) Ал енді тарелкаға қарасаңдар мынандай таяқша бар, осы таяқшаның көмегімен жай ғана тесіп көрейікші және беттеріңе тигізіңдер. Ал не байқадыңдар? Ауа суық болып және жел болып тиіп жатыр. Олай болса қалтадағы ауаны тобымызға жіберейік, Үстеліміздің үстінде стакан бар және ішінде су бар,жанында түтікше тұр. Осы түтікшені алып стакандағы суды үрлеп көрейікші. Балалар не байқадыңдар? Кім айтады? Біздің ішімізден шыққан ауа үрлеген кезде судың бетіне көпіршік болып шықты. Себебі ауа судан жеңіл. Тарелкамызда бор бар екен, сол борды стаканға салайықшы.Ал енді мұқият қараңдар. Балалардың жауаптары: борды стаканға салған кезде одан кішкентай-кішкентай көпіршіктер шықты. Ал енді балалар тәжірибе жасап көрейікші! Бұл жерде стакан, салфетка және су бар. Стаканға салфетканы саламыз бірнешеуін нығыздап, одан кейін суға стаканды саламыз. Сол кезде стакандағы салфетка су болмайды. Себебі; оны ауа итеріп тұр (суға тимеуіне көмектеседі екен)

Үстелдің үстінде пластмассадан жасалған ойыншық бар. Осы ойыншықты суға салсақ батпайды екен. Ал енді стаканмен түсірсек батты. Не себепті ойыншық батты? Өйткені ауа оны итеріп жіберді. Ал енді не туралы тәжірибе жасадық? Ауа туралы біз Шыңғысқа мәліметтерді зерттеу арқылы көрсеттік. Ауа, өлі табиғатқа да тірі табиғатқа да қажет екен. Ауа түссіз, көзге көрінбейді екен. Шыңғыс; маған қатты ұнады, рахмет сендерге, енді мен өз тобыма барып достарыма қайталайтын боламын. Сау болыңыздар! Ал енді балалар біздерде өз тобымызға оралайық. Ендеше балалар қызық ойын ойнағыларың келе ме? Ойынымыз «Тірі табиғат және өлі табиғат» деп аталады. Тірі табиғат болса қолымызды соғамыз, өлі табиғат болса аяқтарымызды тебеміз. Музыкамен билейміз.





Қорытынды:

Ал балалар сендерге оқу қызметі ұнадыма? Біз ауа туралы мәліметтер алдық,оны зерттедік. Сонымен ауа қандай екен? Кімге көмектестік? Балалардың жауаптары; Балалар сендер өздеріңді тәртіпті, білімді етіп көрсеткендерің үшін мен сендерге «Жас зерттеушілер» деген алқа таққым келіп отыр. Кәне өз-өзімізге үлкен от шашу жасап жіберейікші. Жарайсыңдар. Сау болыңыздар!

ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Давлетова Алия
02 Сәуір 2025
138
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі